Дебай – Онзагер ілімі.
Электр өткізгіштіктің концентрацияға тәуелді өзгерісін Дебай–Онзагер иондардың қозғалыс жылдамдығымен байланыстырады. Күшті электролитер ілімі тұрғысынан, ерітінілерді түзілетін иондық атмосфера, олардың электр өрісінде қозғалысына ерекше әсер етеді.
Электролиттердің электр өткізгіштігінің концентрацияға тәуелділігін сипаттайтын өрнекте, ион қозғалыштығына баса назар аударылады.Сұйық ерітінділерде иондардың өзара әсерлесуі мардымсыз болады да, концентрация артуына сәйкес иондар санының артуы электр өткізгіштікті жоғарылатады. Концентрацияның белгілі бір мәнінде иондардың өзара әсерлесуі олардың қозғалыштығына ықпал етіп, кеміте бастайды. Осының нәтижесінде электр өткізгіштік шамасы концентрация артқанда максимум мәнінен өтеді. Ал, иондардың қозғалыштыққа тигізер ықпалы электрофореттік және релаксация әсерлерінің нәтижесі деп қабылданылады.
19 Лекция. Ерітінділердің иондық күші. Релаксациялық және электрофоретикалық эффект. Дебай-Гюккель теориясы.Активтілік және оның коэффициенті.
Достарыңызбен бөлісу: |