Лекция: 30 сағат Семинар: 15 сағат СӨЖ: 45сағат


Лекция № 7 Тақырыбы: Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу



жүктеу 1,92 Mb.
бет5/11
Дата14.05.2018
өлшемі1,92 Mb.
#13039
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Лекция № 7

Тақырыбы: Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу.


(1 – сағат)

Жоспар:

1. Жедел-iздестiру қызметiнiң нәтижелерiн пайдалану.

2. Жедел-iздестiру қызметiндегi шектеулер.

3. Жедел-iздестiру шараларын тоқтату негiздерi.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі.

1. ҚР Конституциялық құқығы 30 тамыз 1995ж.



  1. ҚР “Шұғыл іздестіру құқық теориясы” туралы заңы 15.12.1994ж

  2. ҚР Қылмыстық Кодексі 2000ж

  3. ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы 2000ж

  4. Я. Гинзбург, В. И. Григореьв, С. Ю. Алесковскии “Основы оперативно розысной деятельности”. Алматы 1998 г. Учебник практическое пособие.

  5. В. Плетнев, “ОРД курс лекции” А- А 2001 г

  6. Рушайло “Основы ОРД” Санк- Петербург 200г

  7. Б.Қ. Төлеубекова “ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы” және Алматы 2000ж


Лекцияның мәтіні:

1. Жедел-iздестiру қызметiнiң нәтижелерiн пайдалану.

Жедел-iздестiру қызметi үрдiсiнде алынған материалдар тергеу жұмыстарын әзiрлеу және жүзеге асыру, қылмыстардың алдын алу, оларды болдырмау және ашу жөнiндегi жедел-iздестiру шараларын жүргiзу үшiн, сондай-ақ қылмыстық iс жүргiзу заңдарына сәйкес олар тексерiлгеннен кейiн қылмыстық iс бойынша айғақтар ретiнде пайдаланылуы мүмкiн.

Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу нәтижесiнде алынған материалдар оларға қылмыстық iс жүргiзу заңында көзделген сипат бергенге дейiн, не оларды қылмыс процесiне енгiзуге мүмкiндiк болмаған жағдайда ешқандай құқықтық зардаптарға әкелiп соқпайды және жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн шектеу үшiн негiз бола алмайды.

Жедел-iздестiру қызметiн ұйымдастыру, нақты жедел-iздестiру шаралары, хабарламаларды алу көздерi мен тәсiлдерi туралы мемлекеттiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мағлұматтар заңдарда көзделген реттерден басқа жағдайда, сондай-ақ азаматтардың жеке өмiрiне, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiне қатысты мағлұматтар, жария етiлмейдi.

Кәсiби мiндеттерiн орындау нәтижесiнде жедел-iздестiру қызметi туралы өзiне мәлiм болған мағлұматтарды жария еткен адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жауапты болады.

2. Жедел-iздестiру қызметiндегi шектеулер.

Жедел-iздестiру қызметiн жүргiзу кезiнде:

- аса қажет және қорғаныс қажет болған жағдайда басқа реттерде азаматтардың өмiрiне, денсаулығы мен мүлкiне нақты қатер төндiретiн iс-әрекеттер жасауға;

- қандай да бiр саяси партияның, сондай-ақ қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң мүддесi үшiн әрекет етуге;

- азаматтарды құқық бұзушылыққа итермелеуге және арандатуға;

- азаматтар мен лауазымды адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн шектейтiн зорлық-зомбылық жасауға, қатер төндiруге, бопсалауға және өзге де заңсыз әрекеттер жасауға;

- жедел-iздестiру материалдарын бұрмалауға, сол сияқты көрiнеу күмәндi не жалған мағлұматтарды пайдалануға тыйым салынады.

3. Жедел-iздестiру шараларын тоқтату негiздерi.

Жедел-iздестiру шаралары:

- жедел-iздестiру қызметiн жүргiзу арқылы шешу көзделген

мiндеттер орындалған ретте;

- алға қойылған мiндеттердiң шешiлуi объективтi түрде мүмкiн еместiгiн растайтын жағдайлар анықталған ретте;

- тексерiлетiн адамды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша жауапқа тартуға болмайтын жағдайлар анықталған кезде тоқтатылады.

Жедел-iздестiру шаралары жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың қалыптық құжаттарында көзделген мерзiмде Қазақстан Республикасы Бас прокурорының келiсiмiмен жүзеге асырылады, тоқтатыла тұрады, тоқтатылады.

Лекция № 8

Тақырыбы: Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың өзара iс-қимылы.

(1 – сағат)
Жоспар:

1. Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарының өзара iс-қимылы.

2. Басқа мемлекеттердiң органдарымен өзара iс-қимыл.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі.

1. ҚР Конституциялық құқығы 30 тамыз 1995ж


2. ҚР “Шұғыл іздестіру құқық теориясы” туралы заңы 15.12.1994ж

3. ҚР Қылмыстық Кодексі 2000ж

4. ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы 2000ж

5. Я. Гинзбург, В. И. Григореьв, С. Ю. Алесковскии “Основы оперативно розысной деятельности”. Алматы 1998 г. Учебник практическое пособие.

6. В. Плетнев, “ОРД курс лекции” А- А 2001 г

7. Рушайло “Основы ОРД” Санк- Петербург 200г

8. Б.Қ. Төлеубекова “ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы” және Алматы 2000ж
Лекцияның мәтіні:

1. Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарының өзара iс-қимылы.

Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдары:

- өздерiнiң алдарында тұрған мiндеттердi дербес, бiр-бiрiмен өзара iс-қимыл жасап, мемлекеттiк, қоғамдық және өзге ұйымдардың мүмкiндiгiн, сондай-ақ азаматтардың жәрдемiн пайдалана отырып шешедi;

- осы органдардың құзыретiне қатысты қылмыстық әрекеттердiң мәлiм болған деректерi туралы бiрiн-бiрi хабардар етiп отыруды қамтамасыз етедi және өзара қажеттi көмектi көрсетедi.



2. Басқа мемлекеттердiң органдарымен өзара iс-қимыл.

Басқа мемлекеттердiң жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға құқық берiлген органдары Қазақстан Республикасы аумағында өзара iс-қимылды және жедел-iздестiру шараларын осы заңда және тиiстi шарттар мен келiсiмдерде белгiленген тәртiп пен шекте жүргiзедi.

Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдары басқа мемлекеттердiң аумақтарында өзара iс-қимылды және жедел-iздестiру шараларын осы Заңда, сондай-ақ тиiстi шарттар мен келiсiмдер негiзiнде сол мемлекеттердiң заңдарымен белгiленген тәртiп пен шекте жүргiзедi.

Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен өзара iс-қимылы.

Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен өзара iс-қимылы құқықтық көмек туралы шарттарға (келiсiмдерге) сәйкес және осы Заңда белгiленген қалыптар шегiнде жүзеге асырылады.

Лекция № 9

Тақырыбы: Жедел-iздестiру қызметiнiң субъектiлерiн әлеуметтiк және құқықтық қорғау

(1 – сағат)
Жоспар:

1. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар қызметкерлерiн әлеуметтiк және құқықтық қорғау.

2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарға жәрдемдесушi азаматтарды әлеуметтiк және құқықтық қорғау.

3. Жедел-iздестiру қызметiн қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі.

1. ҚР Конституциялық құқығы 30 тамыз 1995ж

2. ҚР “Шұғыл іздестіру құқық теориясы” туралы заңы 15.12.1994ж

3. ҚР Қылмыстық Кодексі 2000ж

4. ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы 2000ж

5. Я. Гинзбург, В. И. Григореьв, С. Ю. Алесковскии “Основы оперативно розысной деятельности”. Алматы 1998 г. Учебник практическое пособие.

6. В. Плетнев, “ОРД курс лекции” А- А 2001 г

7. Рушайло “Основы ОРД” Санк- Петербург 200г

8. Б.Қ. Төлеубекова “ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы” және Алматы 2000ж
Лекцияның мәтіні:

1. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар қызметкерлерiн әлеуметтiк және құқықтық қорғау.

Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде өкiмет өкiлдерi болып саналады және мемлекет қорғауында болады. Оларға өздерi штатына кiретiн министрлiктер мен ведомстволар қызметкерлерiнiң құқықтық және әлеуметтiк қорғау кепiлдiктерi қолданылады. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар қызметкерлерiнiң жұмыс ерекшелiктерi ескерiле отырып оларға қосымша жеңiлдiктер берiлуi мүмкiн.

Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың қызметкерлерi өздерiнiң қызмет бабында заң талаптарын басшылыққа алады әрi саяси партиялардың және саяси мақсаттарды көздейтiн бұқаралық қоғамдық қозғалыстардың шешiмдерiне байланысты болмайды.

Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы қызметкерлер мен органдардың заңды iс-қимылына заңмен тiкелей уәкiлдiк берiлген адамнан басқа ешкiмнiң араласуына құқығы жоқ. Қолданылып жүрген заңдарға қайшы келетiн бұйрық немесе нұсқау алған кезде олар заңды басшылыққа алуға мiндеттi.

Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың басшылары өз қызметкерлерiнiң, олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының жеке басының қауiпсiздiгiн, мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың қызметкерлерiне қызмет мiндеттерiн лайықты орындау мақсатында арнаулы кәсiби даярлықтан өтуiне, бiлiктiлiгiн көтеруге және медициналық қызмет көрсетiлуi үшiн қажеттi жағдайлар жасалады.



2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарға жәрдемдесушi азаматтарды әлеуметтiк және құқықтық қорғау.

Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарға жәрдемдесетiн азаматтар мемлекет қорғауында болады.

Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарға жәрдемдесуге келiсiм бiлдiрген азаматтарға мемлекет осы Заңға, Қазақстан Республикасының басқа заңдарына және қалыптық құжаттарына сәйкес олардың құқықтарын қамтамасыз етуге және мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк бередi.

Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдарға жәрдемдесуiне байланысты азаматтардың өмiрiне, сондай-ақ олардың отбасы мен жақын туыстарының денсаулығына немесе мүлкiне, заңға қайшы қол сұғушылықтың анық қаупi төнген кезде, бұл органдар құқыққа қарсы әрекеттi болдырмау, айыптыларды анықтап, оларды жауапқа тарту, сондай-ақ қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен оларды қорғау жөнiнде арнаулы жұмыстар жүргiзу үшiн барлық қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi.

Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдармен құпия негiзде қызмет iстейтiн немесе қызмет iстеген азаматтар туралы мағлұматтар мемлекеттiк құпия болып табылады және олардың жазбаша келiсiмiмен ғана жария етiлуi мүмкiн.

Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдармен қызмет iстейтiн азаматтар сыйақы алуға құқылы.

Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдармен азаматтардың айналысатын қызметiнiң негiзгi түрi ретiнде ақылы негiзде келiсiм-шарт бойынша ынтымақтасып қызмет iстеу кезеңi олардың жалпы еңбек стажына кiредi. Олар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес және Үкiметi белгiлеген тәртiппен зейнетақымен қамтамасыз етiлуге, қаза болған ретте олардың отбасылары мен асырауындағы адамдар асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы алуға құқылы.

Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдармен ынтымақтасып қызмет iстеген азамат жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге қатысуына байланысты қаза болған жағдайда оның отбасына және асырауындағы адамдарға:

- ақылы негiзде ынтымақтасып қызмет iстеп, қаза болған адамның он жылдық ақшалай ақысы мөлшерiнде;

- ақысыз негiзде ынтымақтасып қызмет iстеген адам үшiн он жылдық ең төменгi жалақы сомасы мөлшерiнде бiр жолғы жәрдемақы төленедi.

Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдармен ынтымақтасып қызмет iстеген азамат өзiнiң қатысуымен болған жедел-iздестiру шараларын жүргiзген кезде мертiккен не денсаулығына өзге де зақым келген кезде оған:

- ақылы негiзде ынтымақтасып қызмет iстеген адамдар үшiн бес жылдық ақшалай ақысы мөлшерiнде;

- ақысыз негiзде ынтымақтасып қызмет iстеген адамдар үшiн бес жылдық ең төменгi жалақы сомасы мөлшерiнде бiр жолғы жәрдемақы төленедi.

Жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге қатысуға байланысты қаза болуға, мертiгуге не денсаулықтың өзгедей зақымдануына орай келтiрiлген залалдың орнын толтыру Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген тәртiппен жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органның қаржысы есебiнен жүргiзiледi.



3. Жедел-iздестiру қызметiн қаржылай қамтамасыз ету.

Жедел-iздестiру қызметiн қаржыландыру жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарды ұстауға ұлттық валюта түрiнде де, шетел валютасы түрiнде де бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

Жедел-iздестiру қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету .

Жедел-iздестiру қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.




Лекция № 10

Тақырыбы: Жедел-iздестiру қызметiн бақылау және қадағалау.

(1 – сағат)
Жоспар:

1. Ведомстволық бақылау.

2. Жедел-iздестiру қызметiн қадағалау.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі.

1. ҚР Конституциялық құқығы 30 тамыз 1995ж

2. ҚР “Шұғыл іздестіру құқық теориясы” туралы заңы 15.12.1994ж

3. ҚР Қылмыстық Кодексі 2000ж

4. ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы 2000ж

5. Я. Гинзбург, В. И. Григореьв, С. Ю. Алесковскии “Основы оперативно розысной деятельности”. Алматы 1998 г. Учебник практическое пособие.

6. В. Плетнев, “ОРД курс лекции” А- А 2001 г

7. Рушайло “Основы ОРД” Санк- Петербург 200г

8. Б.Қ. Төлеубекова “ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы” және Алматы 2000ж
Лекцияның мәтіні:

1. Ведомстволық бақылау.

      Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру, жедел-iздестiру шараларын жүргiзу барысында адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы, сондай-ақ жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға өкiлеттi органдар мен лауазымды адамдардың актiлерi мен iс-әрекеттерiнiң заңдылығы қадағалаудың мәнi болып табылады.

Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың басшылары жедел-iздестiру шараларын ұйымдастыру мен жүргiзу кезiнде заңдылықтың сақталуына бақылауды қамтамасыз етедi.

Жоғары тұрған ведомстволық органдар өздерiне бағынысты органдардың жедел-iздестiру қызметiне бақылау жасауды қамтамасыз етедi.



2. Жедел-iздестiру қызметiн қадағалау

Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру кезiндегi заңдылықтың сақталуын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оған бағынысты прокурорлар жүзеге асырады.

Жедел-iздестiру қызметiн қадағалауды жүзеге асыру кезiнде прокурор:

1) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдармен жасырын негiзде қызмет ететiн немесе қызмет еткен азаматтардың жеке басы туралы мәлiметтердi қоспағанда, жедел-iздестiрудi жүргiзу iстерiн, жедел-iздестiру қызметiнiң барысы туралы материалдарды, құжаттар мен басқа да қажеттi мәлiметтердi алады;

2) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың арнаулы жедел-iздестiру шараларын жүргiзуiнiң заңдылығын тексередi;

3) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру кезiнде заңды, адам мен азамат құқықтарын бұзушылық анықталған жағдайда өз қаулысымен жедел-iздестiру шараларын тоқтатады;

4) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне шағымдар мен арыздарды қарайды;

5) Конституцияға, заңдар мен Республика Президентiнiң актiлерiне қайшы келетiн, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар шығаратын жедел-iздестiру шараларын ұйымдастыру мен жүргiзу тактикасын регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерге наразылық келтiредi;

6) жедел-iздестiру шараларын жүргiзу кезiнде құқыққа қарсы iс-әрекеттерге жол берген қызметкерлерге қатысты қылмыстық iс қозғау, тәртiптiк iс жүргiзу туралы қаулылар шығарады;

7) жедел-iздестiру қызметiнiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру кезiнде анықталған тәртiп бұзушылық фактiлерi бойынша прокурорлық қадағалаудың басқа да актiлерiн шығарады;

8) заңсыз ұсталған адамдарды өзiнiң дәлелдi қаулысымен босатады не адамдарды ұстау туралы заңсыз қаулылардың күшiн жояды;

9) қажет болған жағдайда жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың басшыларынан өздерiне бағынышты органдарда заң бұзушылықты жою мақсатында тексеру жүргiзудi талап етедi;

10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге санкция бередi.

      Жедел-iздестiру қызметiнiң заңдылығына қадағалауды Республиканың Бас Прокуроры және өзге прокурорлар заңдарда белгiленген құзыретi шегiнде жүзеге асырады. Z944000

Бас Прокурор өз құзыретi шегiнде, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың орындауы үшiн мiндеттi, жедел-iздестiру қызметi туралы Қазақстан Республикасы заңдары нормаларының қолданылу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды.

Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар тарапынан заңдылықтың бұзылуын анықтау мақсатында прокурор арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, прокуратура органдарының мамандары мен өзге де мамандарды тартуға құқылы.



Лекция № 11

Тақырыбы: Жедел-iздестiру қызметiн бақылау және қадағалау.

(1 – сағат)
Жоспар:

1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Жедел іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау департаменті туралы ереже.

2. Департаменттің мақсаттары және міндеттері.

3. Департаменттің функциялары.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі.

1. ҚР Конституциялық құқығы 30 тамыз 1995ж

2. ҚР “Шұғыл іздестіру құқық теориясы” туралы заңы 15.12.1994ж

3. ҚР Қылмыстық Кодексі 2000ж

4. ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы 2000ж

5. Я. Гинзбург, В. И. Григореьв, С. Ю. Алесковскии “Основы оперативно розысной деятельности”. Алматы 1998 г. Учебник практическое пособие.

6. В. Плетнев, “ОРД курс лекции” А- А 2001 г

7. Рушайло “Основы ОРД” Санк- Петербург 200г

8. Б.Қ. Төлеубекова “ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы” және Алматы 2000ж
Лекцияның мәтіні:

1. Жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау департаменті

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Жедел іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау департаменті туралы ереже.

Осы Ереже Жедел іздестіру қызметінің заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы нұсқаулықты орындау үшін әзірленген және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Жедел іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау департаментінің (одан әрі Департамент) жұмысын, оның мақсатын, міндетін және оның құрылымдық бөлімшелерінің функцияларын анықтау үшін бейімделген.

Жедел іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау департаменті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, ҚР «Прокуратура туралы», «Жедел іздестіру қызметі туралы» Заңдарын, қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларын, Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрықтарын, нұсқауларын, нұсқаулықтарын, Қазақстан Республикасында құпиялық режимді қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты және осы Ережені басшылыққа алады.

Департаменттің жұмысы өз құзыретіне байланысты алдына қойылған мақсаттар мен міндеттердің шегінде Бас прокуратураның, Бас әскери прокуратураның аппаратының басқа құрылымдық бөлімшелерімен, облыстық, Астана, Алматы қалалық және оларға теңестірілген прокурорлармен, сондай-ақ құқық қорғау органдарымен өзара әрекет жасау арқылы жүзеге асырылады.

Департамент жедел іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары-на тікелей бағынышты.

Департаменттің іс-қағаз өндірісі Бас Прокурор Аппаратаның Азаматтардың өтініштерін қарау туралы заңдардың қолданылуын және іс жүргізуді қадағалау басқармасымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрықтарымен регламенттелген өзге жағдайларда Бас прокуратураның Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімімен жүзеге асырылады.



2. Департаменттің мақсаттары және міндеттері.

Департаменттің негізгі мақсаттары және міндеттері:


- жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын (ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі агенттігі, ҚР Әділет министрлігінің ҚАЖК және ҚР Қаржы министрлігінің Кеден бақылау комитеті – одан әрі ЖІҚ жүзеге асыратын органдар) органдардың қызметінің заңдылығын, «Жедел іздестіру қызметі туралы» Заңының дәлме-дәл және бірыңғай қолданылуын қадағалау;

- осы органдармен жедел іздестіру қызметін жүзеге асыру кезінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалау;

- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеу және оларды қалпына келтіру, келтірілген залалды өтеу бойынша дер кезінде шаралар қабылдау;

- осы жұмысты жақсарту үшін іздену, әзірлеу және ұсыныстар енгізу болып табылады.

Департаменттің құрылымы:

- Департаментті бастық басқарады. Департаментте Басқарма бастығы, ҚР Бас Прокурорының көмекшісі, Басқарманың аға прокурорлары және прокурорлары, бас мамандар лауазымдары бар.

- Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қадағалаудың осы саласына жетекшілік ететін Бас Прокурордың орынбасарының келісімімен бастықтың ұсынымы бойынша Департаменттің құрылымы мен штатын белгілейді және бекітеді.

3. Департаменттің функциялары.

Департамент өз өкілеттіктерінің шектерінде және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мына функцияларды жүзеге асырады:

- Қазақстан Республикасы «Жедел іздестіру қызметі туралы» Заңының қолданылу саласында заңдылықты қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

- ЖІҚ субъектілері жедел іздестіру және арнайы іс-шараларды (одан әрі ЖІШ АЖІШ) жүзеге асырған кезде заңдылықты қадағалауды қамтамасыз ету:


а) ауыр және аса ауыр қылмыстарды, соның ішінде ұйымдасқан нысандағы және сыбайлас жемқорлық бағытындағы қылмыстарды ашу жөнінде;

б) экономикалық және қаржы қылмыстарды ашу жөнінде;

в) қылмыскерлерді, соның ішінде халықаралық іздестіру жарияланғандарды, сондай-ақ хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адамдарды іздестіру жөнінде;

- ЖІҚ субъектілерімен жасырын қызмет істейтін немесе қызмет еткен азаматтардың тұлғасы туралы мәліметтерден басқа, өзге материалдарды, оперативтік есептің істерін, статистикалық және басқа деректерді зерделеумен қатар өкілетті органдардың жедел іздестіру қызметін реттейтінзаңнаманың қолданылуына тексерістер жүргізу;

- прокуратура органдарының мамандарын, өзге мамандарды тартумен қатар арнайы техниканы қолдану арқылы өз бетінше немесе ұлттық қауіпсіздік органдарының бөлімшелерімен бірлесіп, ЖІҚ субъектілерінің заңсыз ЖІШ ашу және оған жол бермеу жөнінде тексерістер жүргізу;

- жедел есеп істердің басталуының, қысқартылуының және іске асырылуының негізділігі, сондай-ақ соның шегінде жедел іздестіру және арнайы іс-шараларды жүргізудің заңдылығы жөнінде осы істердің материалдарын зерделеу;

- жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне және шешімдеріне шағымдалған азаматтардың, жеке және заң тұлғаларының шағымдары мен өтініштерін қарау және шешу;

- жергілікті орындардан келіп түсетін есептерді, статистикалық деректерді,жұмыс жоспарларын, прокурорлық шара қолдану актілерінің көшірмелерін және басқа құжаттарды зерттеу және олар бойынша ұсыныстар енгізу;

- ЖІҚ субъектілерінің жедел іздестіру қызметінің заңдылығына прокурорлық қадағалау практикасын талдау және қорыту, нұқсаулар әзірлеу, төмен тұрған прокурорларға ЖІҚ заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруда практикалық және әдістемелік көмек көрсету;

- төмен тұрған прокуратураларда ЖІҚ заңдылығын қадағалауда басшылық ету және оны ұйымдастыруды бақылау, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрықтары мен нұсқауларының орындалуын тексеру, озық тәжірибелерді тарату жөнінде жұмыс жүргізу;

- жедел іздестіру қызметін реттейтін заңдарды бұзушылықтарды жою және заңға тәуелді актілерге наразылық келтіру бойынша заңда көзделген шараларды қабылдау;

- өз құзыретінің шегінде Бас прокуратура басшылығының баяндамаларына, өкіметтің заң шығарушы және өкілдік органдарына ақпараттар үшін, Бас прокуратураның алқа мәжілістеріне және шұғыл кеңестерге материалдар дайындау;

- заң шығармашылық жұмысына және оны жетілдіру жөнінде, соның ішінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жолы арқылы оған қатысу;

- мемлекеттік және қызметтік құпияға, сондай-ақ өзге жедел қызметтік ақпаратқа жататын мәліметтердің тарап кету фактілерін ашу және жол бермеу.

Департамент қызметінің ұйымдастырушылық негіздері және оның қызметкерлерінің функционалдық міндеттері.

ЖІҚ заңдылығын қадағалау департамент қызметкерлерінің қызметі аймақтық-нысандық қағидат бойынша және функционалдық міндеттеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Департамент қызметкерлерінің функционалдық міндеттері Міндеттерді бөлу туралы өкіммен регламенттеледі.

Департаменттің барлық оперативтік қызметкерлерінде міндетті түрде құпия және ерекше құпия сипаттағы мәліметтермен жұмыс істеу үшін белгіленген нысанда тиісті рұқсаттары болуы, мемлекеттік және қызметтік құпияны сақтауы, құпия және ерекше құпия сипатты материалдар мен құжаттарды қабылдау, қарау, сақтау және жолдау кезінде құпия режимінің талаптарын мүлтіксіз сақтауы тиіс. ЖІҚ зерттеудің нәтижелері бойынша олар дайындайтын қорытындыларының заңдылығы мен негізділігі үшін, ақпараттардың, прокурорлық қадағалау актілерінің және басқа құжаттардың, азаматтар мен заң тұлғаларының өтініштерін қарау материалдарының шүбасыздығы үшін, олардың дер кезінде және сапалы орындалуына, сондай-ақ құпия режимін бұзушылық үшін жеке жауап береді.



жүктеу 1,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау