Тақырыбы: Жедел іздестіру іс – шараларының түсінігі.
(1 – сағат)
Жоспар:
1. Жедел іздестіру кызметін жүзеге асырушы органдар, жедел іздестіру шараларын жүргізу.
2. Шұғыл іздестіру қызметін жүргізу іс –шаралары.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі.
ҚР Конституциялық құқығы 30 тамыз 1995ж.
ҚР “Шұғыл іздестіру құқық теориясы” туралы заңы 15.12.1994ж.
ҚР Қылмыстық Кодексі 2000ж.
ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы 2000ж.
Я. Гинзбург, В. И. Григореьв, С. Ю. Алесковскии “Основы оперативно розысной деятельности”. Алматы 1998 г. Учебник практическое пособие.
В. Плетнев, “ОРД курс лекции” А- А 2001 г.
Рушайло “Основы ОРД” Санк- Петербург 2000 г.
Б.Қ. Төлеубекова “ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы” және Алматы 2000ж.
Лекцияның мәтіні:
Жедел - іздестіру қызметі жүзеге асырушы органның іс-әрекеті жөнінде жоғары тұрған органға, не прокуратураға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкін. Қылмысты әзірледі немесе жасады деген кінәні заңмен белгіленген тәртіпте дәлелденбеген адам жедел іздестіру кызметін жүргізуші органнан немесе мемлекеттік немесе басқа да заңмен қорғалатын құпияны жария етуге жол бермейтін шекте өзін тексеру үшін негіз болған және өзіне қатысы бар хабарламалардың сипаты туралы мағлұматтарды талап етуге құқылы.
Жедел - іздестіру қызметін жүзеге асырушы органның арызданушыға қажетті мағлұматтарды беруден бас тартуы туралы шешім негізсіз деп танылған ретте, судья өзінің дәлелді үйғарымымен, ал прокурор ескертуімен аталған органды осы баптың 3 тармағында көзделген мағлұматтарды арызданушыға беруге міндеттей алады.
Шағымды толық және жан-жақты карауды қамтамасыз ету мақсатында прокурордың немесе судьяның талап етуі бойынша жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдармен құпия негізде қызмет атқарушы немесе қызмет атқарған азаматтардың жеке басы туралы мағлұматтардан басқа барлық жедел-іздестіру қызметтік құжаттар беріледі.
Жедел-іздестіру қызметінің осы заңмен белгіленген міндеттерін орындау кезінде оны жүзеге асыруға мүмкіндік берілген органдар өздерінің қарауындағы қылмыстық істер бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізу жөнінде тергеушінің жазбаша тапсырмаларын, прокурордың нұсқауын, сондай-ақ соттың үйғарымын орындауға міндетті.
Жедел іздестіру шараларын жүргізу үшін өздерінің қарауындағы қылмыстық істер бойынша тергеушінің жазбаша тапсырмалары және прокурордың нүсқаулары, сондай-ак соттың үйғарымдары негіз болады.
Ал енді жедел - іздестіру шарттарына келсек, заңмен қорғалатын хат жазысу, телефонмен сөйлесу, телеграф хабарлары мен почта жөнелімдері кұпиясын, сондай-ак түрғын үйді қол сұғудан корғау құқығын козғайтын жедел - іздестіру шаралары тек ауыр және ерекше ауыр кылмыстарды. Сондай - ақ қылмысты топтар әзірлеп жатқан және жасаған кылмыстарды анықтау, алдын алу және ашу үшін прокурордың мақсатымен гана жүзеге асырылады.
Мұндай шараларды жүргізуге рүқсатты жедел іздестіру қызметін жүргізуші органдардың қаулысы бойынша Қазакстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасардары, республиканың әскери прокуроры, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар береді.
Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, шет мемлекеттер мен шетел үйымдарының арнаулы кызметтерінің барлау -бүлдіру мақсатында қол сүғушылықтан анықтау, алдын алу және болдырмау мақсатында тек кана барлау хабарламасын алу үшін осы баптың 4 тармағында көрсетілген жедел - іздестіру шаралары Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісілген тәртіппен жүзеге асырылуы мүмкін.
Жекелеген адамдардың өміріне, денсаулыгына, меншігіне қауіп төнген жағдайда, олардың өтініші немесе жазбаша келісімі бойынша жедел іздестіру кызметін жүргізуші орган басшысы бекіткен қаулы негізінде, жиырма төрт сағаттың ішінде міндетті түрде прокурорды хабардар ете отырып, олардың телефондарынан немесе баска да сөйлесу қүралдарынан жүргізілген сөйлесулерді тыңдауға рүқсат етіледі.
Кейінге қалдыруға болмайтын және террорлық әрекет, бүлдіру және басқа да ауыр қылмыстар жасауға әкеліп соғуы мүмкін жағдайларда жедел - іздестіру кызметін жүргізуші тиісті орган басшыларының бірінің дәлелді қаулысы негізінде прокурорды хабардар ету және соңынан жиырма төрт сагаттың ішінде рүксат алу аркылы осы баптың 4 тармағында көрсетілген жедел - іздестіру шараларын жүргізуге жол беріледі.
Осы баптың 4 тармағында көрсетілген жедел - іздестіру шараларын жүргізуге рүқсат алу кезінде прокурорға жедел - іздестіру кызметін жүзеге асырушы органдармен құпия негізде қызмет жасаушы немесе кызмет жасаған азаматтардың жеке басы туралы маглұматтар құпиясын ашуға мүмкіндік бермейтін нысанда және мазмұнда оларды жүргізуге негізделген материалдар тапсырылады.
Жедел-іздестіру шараларын тоқтату негіздеріне келсек, жедел іздестіру қызметін жүргізу арқылы шешу көзделген міндеттер орындалған ретте:
- алға қойылған міндеттердің шешілуі объективті түрде мүмкін
еместігін растайтын жағдайлар аныкталған ретте;
- тексерілген адамда Қазақстан Республикасының заңдарында
көзделген негіздер бойынша жауапқа тартуға болмайтын жағдайлар
анықталған кезде тоқтатылады.
Жедел - іздестіру шаралары жедел - іздестіру кызметін жүзеге асырушы органдардың калыптық құжаттарында көзделген мерзімде Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімімен жүзеге асырылады, тоқтата түрады, тоқтатылады.
Жедел - іздестіру қызметі қадағалауда, жедел - іздестіру қызметінде заңдардың орындалуын қадағалауды Қазакстан Республикасының Бас Прокурорының және оған бағынатын прокурорлар жүзеге асырады.
Лекция № 3
Тақырыбы: Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар, олардың мiндеттерi мен құқықтары.
(1 – сағат)
Жоспар:
Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар.
Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың міңдеттері.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі.
ҚР Конституциялық құқығы 30 тамыз 1995ж
ҚР “Шұғыл іздестіру құқық теориясы” туралы заңы 15.12.1994ж
ҚР Қылмыстық Кодексі 2000ж
ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы 2000ж
Я. Гинзбург, В. И. Григореьв, С. Ю. Алесковскии “Основы оперативно розысной деятельности”. Алматы 1998 г. Учебник практическое пособие.
В. Плетнев, “ОРД курс лекции” А- А 2001 г
Рушайло “Основы ОРД” Санк- Петербург 200г
Б.Қ. Төлеубекова “ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы” және Алматы 2000ж
Лекцияның мәтіні:
1. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар Қазақстан Республикасы аумағында жедел-iздестiру қызметiн:
а) Iшкi iстер органдары;
б) Ұлттық қауiпсiздiк органдары;
в) Қорғаныс министрлiгiнiң әскери барлау органдары;
г) қаржы полициясының органдары;
д) Қазақстан Республикасы Президентiнiң күзет қызметi;
ж) Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдары;
з) кеден органдары жүзеге асырады.
Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру органдарының тiзбесi тек қана заңмен өзгертiлуi немесе толықтырылуы мүмкiн.
2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың мiндеттерi:
Жедел-iздестiру қызметiнiң осы Заңмен белгiленген мiндеттерiн орындау кезiнде оны жүзеге асыруға уәкiлдiк берiлген органдар;
а) жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерiн, меншiктi, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қорғау, оның экономикалық және қорғаныс әлуетiн нығайту үшiн өз құзыретiне сәйкес қажеттi шараларды қолдануға;
б) жедел-iздестiру шараларын жүзеге асыру арқылы қылмыстарды анықтауды, олардың алдын алуды, оларды болдырмауды және ашуды, қылмыстық процесте пайдалану үшiн олардың нәтижелерiн орнықтыруды қамтамасыз етуге, өздерiнiң қарауындағы қылмыстық iстер бойынша жедел-iздестiру шараларын жүргiзу жөнiнде тергеушiнiң жазбаша тапсырмаларын, прокурордың нұсқауын, сондай-ақ соттың ұйғарымын орындауға;
в) қоғам мен мемлекет қауiпсiздiгiне қатер төнгенiн дәлелдейтiн өздерiне белгiлi болған жәйттер мен деректердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарына дер кезiнде хабарлауға;
г) құқықтық көмек туралы шарттар (келiсiмдер) негiзiнде тиiстi халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының тiлектерiн орындауға;
д) жедел-iздестiру шараларын жүргiзу кезiнде, сондай-ақ қылмыстық процесте пайдалану үшiн жүргiзiлген жедел-iздестiру шараларының нәтижелерiн бейнелейтiн материалдарды беру кезiнде асыратын жағдайда қамтамасыз ету және хабарлама көздерi құпиясының ашылуына жол бермеу жөнiндегi қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi.
Лекция № 4
Тақырыбы: Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар, олардың мiндеттерi мен құқықтары.
(1 – сағат)
Жоспар:
1. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың құқықтары.
2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгi.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі.
ҚР Конституциялық құқығы 30 тамыз 1995ж
ҚР “Шұғыл іздестіру құқық теориясы” туралы заңы 15.12.1994ж
ҚР Қылмыстық Кодексі 2000ж
ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы 2000ж
Я. Гинзбург, В. И. Григореьв, С. Ю. Алесковскии “Основы оперативно розысной деятельности”. Алматы 1998 г. Учебник практическое пособие.
В. Плетнев, “ОРД курс лекции” А- А 2001 г
Рушайло “Основы ОРД” Санк- Петербург 200г
Б.Қ. Төлеубекова “ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы” және Алматы 2000ж
Лекцияның мәтіні:
1. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың құқықтары.
Жедел-iздестiру қызметi мiндеттерiн орындау кезiнде оны жүзеге асыруға уәкiлдiк берiлген органдар:
а) өз құзыретi шегiнде «Жедел-iздестiру қызметiнiң» заңның 11-бабында көрсетiлген жедел-iздестiру шараларын жария және жасырын жүргiзуге;
б) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарға құпия көмек көрсетуге келiсiм берген адамдармен тегiн немесе ақылы негiзде ынтымақтастық қатынас орнатуға;
в) жедел-iздестiру қызметiнiң мiндеттерiн шешудi қамтамасыз ететiн жедел есептер және хабарлама жүйелерiн құруға және пайдалануға;
г) жедел-iздестiру шаралары барысында жазбаша немесе ауызша шарт бойынша кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың, әскер бөлiмдерiнiң қызмет жайларын, көлiк және өзге техникалық құралдарын, мүлiктерiн, сондай-ақ залал келтiрiлген жағдайда, осы залалды, шығындарын да жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар есебiнен иелерiне өтей отырып, азаматтардың тұрғын және тұрғын емес үй-жайларын, көлiк құралдары мен өзге де мүлiктерiн пайдалануға;
д) астыртын кәсiпорындар мен ұйымдар құруға, осы мақсатпен лауазымды адамдарды, бөлiмшелердiң, ұйымдардың ведомстволық бағыныстылығын, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың үй-жайлары мен көлiк құралдарын, сондай-ақ осы органдармен құпия негiзде қызмет iстейтiн азаматтардың жеке басын құпияландыратын құжаттарды пайдалануға;
е) қажеттi ғылыми-техникалық немесе өзге де арнаулы таным-бiлiмi бар лауазымды адамдар мен мамандардың көмегiн пайдалануға;
ж) меншiк нысандарына қарамастан басқа министрлiктердiң, ведомстволардың, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың жедел-iздестiру қызметiнiң мiндеттерiн шешу үшiн мәнi бар хабарламаларын, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып тегiн алуға және пайдалануға;
з) Қазақстан Республикасы аумағында жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға құқығы бар басқа органдармен келiсе отырып жекелеген шараларды жүргiзу үшiн осы органдардың күшi мен қаражатын тартуға;
и) осы заңның 11-бабында көзделген жедел-iздестiру шараларын жүргiзу мақсатымен ғана тәулiктiң кез-келген уақытында кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың аумақтарына және үй-жайларына (меншiк нысандарына қарамастан), ал әскер бөлiмшелерiнiң және басқа режимдiк объектiлердiң аумақтарына олардың басшыларының келiсiмi бойынша кедергiсiз кiруге;
к) қылмысты топқа жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органның қызметкерiн немесе, жеке өздерiне қатысты шынайы деректердi құпия сақтай отырып онымен ынтымақтастық жасап жүрген адамды енгiзуге;
л) қылмысы iс-әрекетке елiктей мiнез-құлық үлгiсiн қолдануға;
м) қылмыстарды, сондай-ақ оған қатысты адамдарды табу, қылмыстардың алдын алу және оларды болдырмау мақсатында қылмысты әрекеттерде қолданылатын және Қазақстан Республикасы аумағында тасуға, шетке тасуға немесе шеттен тасып әкелуге арналған тауарлардың, заттардың және өзге де материалдық құндылықтардың жеткiзiлуiне жедел бақылау жасауға;
н) қылмыстық процесте пайдалану үшiн жедел-iздестiру шараларын жүргiзудiң нәтижелерiн бейнелейтiн материалдарды беруге құқылы.
Ведомстволардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың (меншiк нысандарына қарамастан), әскер бөлiмдерi мен құрамалары лауазымды адамдарының «Жедел-iздестiру қызметiнiң туралы» Заңыңда көрсетiлген органдарға өздерiнiң құзыретi шегiнде жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруына кедергi жасауға құқығы жоқ.
2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгi.
Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу кезiнде құқыққа қарсы әрекеттерге жол берген қызметкерлер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауапты болады.
Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар iс-әрекеттерiмен келтiрген залалды өздерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өтейдi.
Достарыңызбен бөлісу: |