Меншiк иесiнiң мiндеттемелерi бойынша мүлiктен ақы өндiрiп алу. Бұл ретте, мүлік меншік иесінің еркінен тыс жəне оған ешбір өтемақы төленбестен алынады. Меншiк иесiнiң мiндеттемелерi бойынша мүлiктен ақы өндiрiп алу, егер шартта өзгеше көзделмесе, сот тəртiбiмен жүргiзiледi.
Заң құжаттарына сəйкес өзiне тиесiлi бола алмайтын мүлiкке адамның меншiк құқығының тоқтатылуы. Егер заң құжаттарымен жол берiлетiн негiздер бойынша заң құжаттарына сəйкес адамның өзiне тиесiлi бола алмайтын мүлiк оның меншiгiнде болып шықса, бұл мүлiктi меншiк иесi, осы мүлiкке меншiк құқығы пайда болған кезден бастап бiр жыл iшiнде иелiктен айыруға тиiс. Егер меншiк иесi мүлiктi көрсетiлген мерзiмде иелiктен айырмаса, ол сот шешiмiмен иелiктен ықтиярсыз айырылуға тиiс, бұл орайда меншiк иесiне мүлiктi иелiктен айыру жөнiндегi шығындары шегерiлiп, оның құны өтеледi.
Достарыңызбен бөлісу: |