Заем шартының нысанасы. Заем шартының пəнi болып тектiк беогiлермен анықталатын ақша немесе заттар табылады. Мүлiктiк құқықтар заем шартының нысанасы бола алмайды. Қазақстан Республикасының “Төлемдер жəне ақша аударулары туралы” заңы “қолмақол емес ақша қаражаттары”1 түсiнiгiн кеңiнен пайдаланады, олар азаматтық құқықтың дербес объектiсi болып табылмайды, өйткенi олар банктен ақша (ақша бiрлiктерiн) алуға мiндеттемелiк құқықты ғана сипаттайды. Сондықтан қолмақол жəне қолмақол емес ақшаларды шарттардың объектiсi ретiнде бөлiп қарастырудың ешқандай тəжiрибелiк маңызы жоқ. Заем шартының нысанасы ретiнде толық көлемде шетел валютасы бола алмайды, өйткенi ол Қазақстан Республикасының “Валюталық реттеу туралы” заңының 1бабымен валюта құндылықтарына (валюталық реттеу объектiсiне) жатқызылған, ал валюталық құндылықтарға меншiк құқығы мен өзге де құқықтардың өтуiмен байланысты мəмiлелер валюта операцияларына жатқызылған.
Достарыңызбен бөлісу: |