Мұғалім
Оқушы
Мұғалім
Педагогикалық процестің
құрылымы
Сурет-12. Педагогикалық процестің құрылымы
Педагогикалық процестің субъектісі – тəрбиеленуші жəне тəрбиелеушілер. Педагогикалық процесс атқаратын қызметтер түрі:
ақпараттық – тəрбиеленушіні сауаттандыру;
тəрбиелік – тəрбиеленушінің тұлғалық өзгеріске келуі;
дамытушылық – тəрбиеленушінің жан-жақты кемелденуі;
аксиологиялық – тəрбиеленушінің құндылық сезіну бағдары, заттар мен құбылыстарға болған қатынастарын қалыптастыру;
əлеуметендіру – тəрбиеленушіні нақты өмір жағдайларына бейімдеу (13-сурет).
Ақпараттық
Тәрбиелік
Педагогикалық
процестің
атқаратын
қызметтері
Дамытушылық
Аксиологиялық
Әлеуметтік бейімдеу
Сурет-13. Педагогикалық процестің қызметтері
Педагогикалық процесс – бірнеше элементтен құралатын жүйе. Педагогикалық процестің 3 құрылымы болады: педагогикалық; әдістемелік; психологиялық. Педагогикалық процестің педагогикалық құрылымы: мақсат – принциптер – мазмұн - әдістер – құралдар – форма.
Мақсат – ұстаз бен шәкірт арасындағы педагогикалық қатынастардың нәтижесі. Принциптер – мақсатқа жету жолдарын анықтайды. Мазмұн – мақсатқа жету жолында оқушыларға берілетін тұлғалар тәжірибесінің бөлігі. Әдістер – мұғалім мен оқушының мазмұнды жетілдіру-қабылдауға арналған іс-әрекеттері. Құралдар – мазмұнмен жұмыс жасайтын материалдық тәсілдер мен әдістер ( 14-сурет).
Сурет-14. Педагогикалық процесс компоненттерінің өзара байланысы
Педагогикалық процесс өзіндік ерекшеліктерінен айқындалады: белсенділік пен қатынастың бірлігі, процеске қатысушылардың барлық субъектілерінің ұйымдастырылған, бірлескен, дербес іс-әрекеттері; әртүрлі сатыдағы жүйелердің қызметінің арнайы мамандануы; субъектілердің өзара әрекеттері нәтижесінде пайда болатын әртүрлі қарым-қатынастарының жиынтығы.
Тұтас педагогикалық процестің ерекшеліктері:
педагогикалық процесс әлеуеті оның өмір сүруі, қызмет істеуі оған қатысушылардың арасындағы іс-әрекеттердің алмасуымен анықталады;
ынтымақтастық: оқушы үшін әртүрлі іс-әрекеттердің тәсілдерін тезірек меңгерудің, яғни педагогикалық процестегі іс-әрекет субъектісінің қалыптасуына жағдайы болады;
«мұғалім-оқушы» жүйесінің біртұтастығы педагогикалық процесс ішіндегі әртүрлі деңгейдегі жүйелердің өзара әрекеттері барысында мақсат пен нәтижелердің бірлігімен анықталады;
педагогикалық процестің негізгі интерактивтік қасиеттерін әртүрлі тетіктерінің бірлігі деп есептеу керек, ондағы үздіксіз өзара байланысқан жүйедегі оқушы «тұлғасын» қалыптасуына әсері іс-әрекет субъектілерінің (мұғалім мен оқушылардың) қайта құру белсенділігімен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |