2. Жарыстағы жалпы, арнайы әдістік дайындық құралдарын жоспарлау
Жалпы дене дайындығы құралдарын пайдалануда, яғни жаттығу қызметінің әрқилы түрлеріндегі жалпы төзімділікті дайындаудан таңдаған спорт түріндегі негізгі дайындық құралдары арқылы арнайы және күштік төзімділікті дамыту; спортшының денсаулық деңгейін нығайтатын және қозғалыс сапаларын дамытатын құралдарды кең ауқымда қолданудан, - жоғары спорттық нәтижелерге жетуде шешуші рөль атқаратын белгілі бір қозғалыс сапаларын жетілдіруге басым акценттелген таңдаған спорт түрі үшін негізгі (ерекше) болып саналатын жаттығуларды орындау.
Арнайы дене дайындығы құралдарын жоспарлау кезінде арнайы төзімділіктен қозғалыс, қозғалыс шапшаңдығы мен қарқынының жылдамдығын арттыруға (бұлшық ет жұмысында тез күштену және тез босаңсыту) жылдам қозғалысты бақылауға дейін (максимальды жылдамдыққа жету үшін қадамның қарқыны мен ұзындығын үйлестіру); елеулі күштенумен үлкен қозғалыс амплитудасымен басты бұлшық ет топтарын зерттеуден жұмыс амплитудасы кезіндегі күш жиынтығы мен қозғалыс траекториясындағы қозғалыс қуаттылығын арттыруға дейін (жарыстық қызметтің параметрлеріне сәйкес); таңдап алған спорт түрінің арнайы және негізгі жаттығуларында (секіру, лақтыру, комбинациялар және т.б.) жеңілдетілген жағдайдан күрделіленгенге, жекелеген қозғалыс элементтерінде, комбинацияларында және бүтіндей жарыстық және жарыстықтан басымыраққа дейін.
Басты әдістемелік жағдайлардың бірі барлық компоненттері бойынша жаттығу жүктемесінің вариативтілігін жоспарлау болып табылады, яғни қайталаудың саны және қарқыны, қозғалыс еркіндігі мен амплитудасы, жаттығуды орындау ұзақтығы мен өнімділігін, ауырлық және кедергі мөлшері, сабақ өтілетін орынның ауысуы (зал, манеж, стадион, орман немесе су алабы, демалыс орындары аймағы, арнайы жүгіруге арналған трассалар, жағалау және т.б.), уақыт (таң ертеңгі асқа дейін, күндіз, кешке), сабақтың созылу ұзақтығы мен саны, музыкалық, жорықпен, шумен және т.б. сабақтың сүйемелденуі, сонымен бірге спортшының ағза жүйесіне қажетті бейімделуге жету үшін аса маңызды дайындықты маңызды сезім күйіне келтіру үшін оларды өткізуді ұйымдастырудың әртүрлілігі.
Кешенді бақылау – спортшының дайындық деңгейін анықтау мақсатында жаттығу циклындағы әртүрлі көрсеткіштерді өлшеу және бағалау (педагогикалық, психологиялық, биологиялық, социометрлік, спорт – медициналық және басқа әдістер мен тестілер пайдаланылады).
Бақылаудың кешенділігі көрсеткіштердің үш тобы тіркелгенде ғана іске асырылады:
1) жаттығу және жарыстық ықпал ету көрсеткіштері;
2) стандартты жағдайда тіркелген спортшының дайындығы мен қызмет жағдайының көрсеткіштері;
3) сыртқы орта жағдайының көрсеткіштері.
Кешенді бақылау көп жағдайда тест (тест-латынша - мақсат, міндет, сынау) алу барысында немесе тесттегі нәтижелерді өлшеу процедурасында іске асырылады.
Тесттің үш тобын бөліп қарайды:
Достарыңызбен бөлісу: |