Лекция 1 Кіріспе. Қазақстанның мұнай-газ саласы. Мұнай өңдеу өнеркәсібінің даму болашағы. ҚР және тмд отын энергетикалық балансы


Шаң тәрізді катализаторы бар каталитикалық крекинг орнату



жүктеу 6,39 Mb.
бет62/93
Дата13.04.2023
өлшемі6,39 Mb.
#42139
түріЛекция
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   93
Шаң тәрізді катализаторы бар каталитикалық крекинг орнату

Шарикті катализаторы бар қондырғыларда сияқты шаң тәрізді катализаторы бар крекинг реакциясы реакторда, ал коксты күйдіру регенераторда жүзеге асырылады (сурет.20.2). Қондырғылардың айрықша ерекшелігі-шаң тәрізді немесе микросфериялық катализаторды қолдану, оны тасымалдау тәсілі және реактор мен регенераторда қайнаған қабаттың болуы. Катализатор ұсақ шариктер (20-80 мкм) немесе 10-20 мкм өлшемдегі дұрыс емес пішінді бөлшектер түрінде жасалады.


Қайнаған қабаты бар қондырғылар үшін қозғалатын шарикті катализаторы бар қондырғылар үшін шикізат қолданылады. Алынатын өнімдердің сапасы катализатордың қозғалмалы қабаты бар қондырғылардан өнімдердің сапасына сәйкес келеді.

1 - Регенерация секциясы; 2- реактор; 3-сорап;4- жылуалмастырғыш; 5- көпсекциялы пеш; 6-компрессор; 7- жоғары қысымды газдысеператор; 8- төменгі қысымды газды сеператор; 9- тұрақтандыру колоннасы; 10- тоңазытқыш; 11- сеператор; 12- құбырлы пеш; I – шикізат; II – ауа; III – түтінді газдар; IV – циркулденетін газ; V – су; VI – сутек; VII – газтәрізді көмірсутектер; VIII – тұрақсыз фракция; IX – отынды газ; X – тұрақты катализат.


Сурет 20.2 - Қозғалмалы катализатор қабаты бар риформинг қондырғысының сызба-нұсқасы
Шикізат (I) циркулденетін сутекқұрамды газбен араласады. Реакцияласушы қоспа (4) жылуалмастырғышта және (5) пеште қыздырылып, реактордың жоғарғы бөлігіне келіп түседі. Реактордың төменгі бөлігінен шыққан өнім (8) газды сеператорға келіп түседі. Газды сеператордан шыққан газ компрессорда 1,5 МПа дейін сығылып, (8) газды сеператордан берілетін сұйық фазамен араласады. Қоспаны жоғары қысымды (7) газды сеператорда бөледі. Мұндай сеперациялану жүйесі реакциялық зонадағы қысымның төмендігінен сутекқұрамды газбен бензиннің ілесіп кетуін және сутектің мөлшерін жоғарылатады. (9) колоннада катализат 0,8-0,9 МПа қысыда тұрақтандырылады. Колоннаның жоғарығы бөліген газ ГФҚ жіберіліп, төменгі бөлігінен катализат алынады.
Стационарлы катализаторда жоғары октанды бензин алуға арналған риформинг қондырғысы 4 блоктан тұрады:
- Шикізатты гидротазалау блогі - бензин фракциясының құрамындағы күкірт мөлшері 1мг/кг аспауы қажет.
- Қыздырғыш реакторлы блок;
- Өнім қоспасын сеперациялау болгі;
- Риформатты тұрақтандыру блогі.
(4) колоннада тұрақтанған гидротазаланған шикізат сутек құрамды газ қоспасымен бірге қыздырғыш-реакторлы блокқа келіп түседі. Реактор бойындағы конверсия теңдігін қамтамасыз ету және дезактивтелген катализатор мөлшерін төмендету мақсатында 3 реакторға катализатор 1:2:4 қатынасында салынады. Реакторға келіп түсетін шикізат алдымен 3 секциялы пештің 1 секциясында қыздырылады. Реакторлардағы температура 490-510°С. Катализаторлардың кокстелу дәрежесіне қарай температураны біртіндеп арттыру арқылы конверсия деңгейін қалыпты күйде ұстап тұрады.
Негізгі дигидрлену және дегидроциклдену реакциялары үшін қысымның төмен болуы тиімді болып келеді. Ал полимерлену және конденсирлену реакцияларын басу мақсатында қысымды жоғарылатылады.
Биметалдар қатысындағы процесс қысымы 1,8-2,0 МПа, платина катализаторлар қатысындағы қысым 3,0-3,5 МПа. Шикізатты беру жылдамдығы 1,3-2,0 сағ-1. Сутек құрамды газдардың циркуляциялану реті 6-10 моль/моль деңгейінде (1 м3 шикізатқа шаққандағы сутекқұрамды газдардың құрамы 900-1500 м3) ұсталады.
Рециркуляциялану реттінің жоғары болуы жүйеде сутектің жоғары парциалды қысымын ұстап тұруға мүмкіндік береді. Осылайша тығыздалуға әкелетін қосымша реакциялардың жүруі тежеледі.
Бұл қондырғы реакциялық секциядағы 2,6 МПа қысымда жеңіл мұнай шикізаты негізінде бензин алуға арналған. Алынатын риформинг бензинінің октан саны 97.

1 – құбырлы пеш; 2- гидротазалау реакторы; 3 – колоннаның сеперациялық ыдысы; 4,8 – ректификациялық колонна; 5-7 риформинг реакторы; 9 – салқындатқыш; 10 – газды тазалау секциясы; 11 – сорап; 12 –жоғары қысымды сеператор; 13 – жылуалмастырғыш; 14 – компрессор; 15 – абсорбер.



жүктеу 6,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   93




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау