Лекция 1 Кіріспе. Қазақстанның мұнай-газ саласы. Мұнай өңдеу өнеркәсібінің даму болашағы. ҚР және тмд отын энергетикалық балансы



жүктеу 6,39 Mb.
бет21/93
Дата13.04.2023
өлшемі6,39 Mb.
#42139
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   93
Октан саны деп детонациялық тұрақтылықты өлшеудің келісілген мәнін айтады, бұл изооктанның (2,2,4-үшметилпентанның) гептанмен қоспасындағы оның көлемдік үлесі (%-пен) сан жағынан бірдей, детонациялық тұрақтылығы жағынан, сынаудың стандартты жағдайында, эквивалентті өлшем. Изооктанның октан саны 100, сыналушы бензин, стандартты жағдайда, қоспаны сынауда мысалы, 70 изооктаннан және 30 гептаннан тұратындай эквивалентті көрсетсе, онда оның октан саны 70-ке тең. Октан саны – автомобильь бензиндерінің кедей қоспасында және үрлеуді үдетуді қолданбай жұмыс істегендегі детонациялық тұрақтылықты да көрсетеді.
Ұшақ бензиндерінің детонациялық тұрақтылығын (ДТ) бағалау үшін, қозғалтқыштың бай қоспаларында жұмыс істегенінде және үрлеуді үдетуді қолданғанда, отынның нормаланатын көрсеткіші сорттығы болады.
Отынның бай қоспадағы сорттығы – қозғалтқыштың қуатын (%-пен) сынаушы отында жұмыс істегендегі қозғалтқыштың қуатын сорттығы 100 тең деп алынатын эталонды изооктандағы қуатпен салыстырмалы мәнін көрсетеді.
Октан сандары арнайы сынау қондырғыларында қатал стандартты жағдайда анықталынады. Сынаудың екі стандартты әдісі бар: қозғалтқыш және зерттеу. Қозғалтқыш әдісі бойынша сынау жағдайы қатаңдау (айналу жиілігі 900 айналу/минутына, карбюратордан кейінгі жұмыс қоспасының температурасы 1490С). Сондықтан, ол қысу дәрежесі аз қозғалтқыштарға арналған отын ДТ бағалауға дәл әкеледі.
Отындардың детонациялық тұрақтылықтын көтерудің бірден-бір жолы ұшқыннан от алатын қозғалтқыштар үшін, детонацияға қарсы компоненттер қолдану болып саналады. Бұл заттарды бензиндерге, 0,5%-тен көп емес мөлшерде, детонацияға қарсы қасиеттерді едәуір жақсарту мақсатында қосады.
Барлық елдерде төртэтилқорғасын (ТЭҚ) Pb(С 2Н5)4 жоғары тиімділікпен пайдалануда, ТЭҚ 200-2500С-та ақ қорғасынға және бос радикалдарға (этил) жеңіл ыдырайды да олар отын – ауа ортасында жалындау алдындағы кезеңде асқын тотықтың түзілуін баяулатады.
ТЭҚ таза күйінде қолдануға болмайды, себебі цилиндрдің қақпақтарында, оталушы білтесінде және қабырғаларында қорғасын мен қорғасын тотығы жиналады, бұл әрине, қозғалтқыштың жұмысын бұзады. Қорғасын қағын кетіру үшін ТЭҚ-да қорғасынды шығарушы деп аталатындарды қосады. Шығарушы есебінде екібромэтан, бромды этил, α -бірхлорнафталин, екібромпропан қолданады. ТЭҚ, шығарушының және бояғыштың қоспасын этил сұйықтығы деп атайды.
ТЭҚ сонымен қабат, этил сұйықтығы да өте улы: олармен жұмыс істегенде және құрамында олар бар этилденген бензиндермен жұмыс істегенде арнайы сақтық ережелерін сақтау қажет. Этилденген бензиндерді басқа бензиннен айыру үшін, оларды аздап бояйды: А-76 марканы сары түске, АИ-93 – қызғыл-қызыл түске, АИ-98- көк түске.

жүктеу 6,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   93




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау