Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері.
Арамшөптердің барлық жерге тарауы және олармен қарсы күресудің қиыншылығы, олардың тірі қалуы мен таралуына мүмкіндік беретін биологиялық ерекшеліктеріне байланысты.
Арамшөптерге тән қасиет олардың жоғарғы өсімталдығы. Мысалы, жусанжапырақ тұқымдары бір өсімдіктен 5000 дана, алабұта 200 мың, қызылша гүлтәжі 500 мың, сарықурай 730 мың тұқым бере алады. Астық тұқымдас ауылшаруашылық дақылдардың бір өсімдігі әрі кетсе 2000 дана дән береді. Яғни арамшөптердің олармен салыстарғанда 2,5 еседен 37 есеге дейін өсімталдығы анықталған.
Көптеген арамшөптер тұқымдарын жан-жаққа тез тарата алатын қабілеті бар. Мысалы, күрделі гүлді арамшөптердің ұшпа ұрықтары, кәдімгі кәріқыздың, тікенді сарысояудың-тікендері мен ілгешектері. Қарасұлының бұратылған иінді қылтанағы дымқылданғанда жазылады да, құрғағанда бұралып шиырланады, сонымен дәннің орын ауыстыруына, жылжуына жағдай туады. Мұндай елеусіз орын ауыстыру тұқымның жарықшақтарға, топырақ түйіршігінің астына түсуіне мүмкіндік береді. Арамшөптердің басты ерекшелігі тұқымдардың біркелкі еместігі, шұбалаңқы көктеуі. Сондықтан да егісті себу алдында, тіпті парды өңдеу кезінде де арамшөп көктері толығынан жойылмайды.
№18 Дәріс
Тақырыбы: Топырақты өңдеу.
Егістік танаптарының топырақтарын ойдағыдай өңдеу-егшіншілік мәдениетін көтерудің басты шартының бірі болып саналады.
Сапалы өңделген топырақта дақылдардың өсіп-дамуына қажетті жағдайлардың бәрі жасалады. Дұрыс бапталған топырақ қабатында ылғал мол жиналып, ұзақ сақталады, сонымен қатар қар мен жауын суы және ауа тез сіңеді.
Топырақты өңделген құрылымы төмендеген беткі қабаттың орнына органикалық қалдықтарға бай, қоректік заттар қоры анағұрлым көп төменгі қабат ауысып түседі. Мұндай жағдайда аэробты микроорганизмдердің белсенділігі артып, органикалық заттардың минералдануы күшейеді. Сонымен топырақты өңдеу арқылы оның қабаттарына ылғал, ауа және қажетті заттардың қорын молайтуға болады.
Топырақты өңдеудің мақсаты. Егілетін дақылға қолайлы жағдай туғызу үшін машиналар мен өңдегіш құралдары арқылы топырақта механикалық әсер етуді топырақты өңдеу деп атайды.
Топырақты өңдеуде органикалық және минералды тыңайтқыштарды ендіруге, көпжылдық шөп пен сабан түптерін, сондай-ақ топырақтың жоғарғы қабатында, аңызда, арамшөптерде болатын зиянкестер мен өсімдік ауруларының тұқымдарын жауып, әрі тұншықтырады.
Егіншіліктің ұзақ жылғы тарихында өңдеу тәсілдері мен құралдары қарапайым түрінен бастап, осы заманғы топырақты өңдейтін құралдар мен машиналарға дейін үлкен өзгерістерден өтті.
Өңдеу жұмысы ең алдымен топырақта өтетін физикалық, химиялық және биологиялық процестердің жоғары қарқынды жүруіне әсер етеді және олардың топырақтағы өзгерістері мәдени өсімдіктер үшін қолайлы жағдайларды жасайды. Яғни су және қоректік заттар өсімдікке тікелей топырақ арқылы бірігіп әсер етеді.
Өңдеудің көмегімен ылғалы мол аудандардағы артық ылғалды кемітуге, ал құрғақшылық аудандарда ылғалды жинауға болады. Армшөптермен күресуде топырақты өңдеудің роліне баға жетпейді.
Танапқа себілетін тұқымдық дән топырақтағы барлық керекті факторларды тиімді түрде бойына сіңіре отырып, көктеп шығатындай жәнетолысып өсетіндей етіп өңдеу қажет.
Топырақты өңдеудің міндеттері. Топырақты өңдеуде мынадай міндеттерді орындайды:
Мәдени өсімдіктерге қолайлы факторлдармен қамтамасыз ету үшін топырақтың өңделетін қабатына оптималды түйіршіктер, қолайлы құрылым дайындау.
Арамшөптерді жою.
Танап топырағына органикалық, минералдық тыңайтқыштарды, химиялық мелиоранттардың, улы химикаттарды енгізу.
Ылғалды тапшы жағдайда жинап әрі сақтау, ылғалы мол жағдайда танап топырағынан артық ылғалды оптималды түрге келтіру.
Топырақ қабатындағы микробиологиялық процестерге қарқынды әсер етумен қоректік заттардың жиналуын, сақталуын жақсарту.
Өсімдік шаруашылығындағы дақылдарды зақымдайтын зиянкестер мен ауру қоздырғыштарды жою.
Танап топырағының оптималды тереңдігіне мәдени дақылдардың тұқымдарын себу.
Топырақтың су эрозиясы мен дефляцияға тұрақтылығын арттыру.
Шымтопырақты, тың, тыңайтылған танаптағы болмаса қыртысты топырақта өскен көпжылдық шөптер тіршілігін жою.
№19 дәріс
Тақырып:Негізгі ауыл шаруашылық дақылдарын егу және жинау.
Сортты тұқымдардың маңызы.
Ауыл шаруашылық дақылдарынан жоғары өнім алу үшін тек аудандастырылған, жергілікті жердің ауа-райына бейімделген сорттарды себу керек. Аудандастырылған сорт өнімді басқа сорттарға қарағанда әр гектардан 2-3 артық береді. Бұл жағдайда ешқандай қосымша шығынсыз өнім мөлшері артады.Мысалы, атақты селекционер, Социалистік Еңбек Ері П.П. Лукьяненконың көпке мәлім «Безостая-1» деген күздік бидай сорты бұрын себіліп жүрген сорттардан түсімді әр гектардан 4-10 центнерден артық берген. Сонғы кезде біздің республикамыздың ғалымдары да өнімді көп беретін, жергілікті ауа райына жақсы бейімделген, дәнінің сапасы жоғары, құрамында белогы, клейковинасы мол сорттар шығарды. Көп жағдайларда ол сорттар бұрын аудандастырылған атақты «Безостая-1» және « Мироновская-808» сорттарынан басым түсіп отыр.
Казіргі кезде жаңа сорттарды шығару және сорттарды жақсарту жалғыз селекционердің міндеті болудан қалды. Олар сорттардың сапасын, түрлі ауруларға, зиянкес жәндіктерге төзімділігін, тыңайтқыштарға, басқа да ауыл шаруашылығында қолданылытынулы химиялық заттардың әсеріне түсімнің қалай өзгеретінін зерттейді. Осылайша сорт жан-жақты тексерліп, барлық жағынан жақсы баға алғанда ғана сорттарды сынайтын мемлекеттік станцияларға беріледі. Сол сында бұрын аудандыстырылған басқа сорттардан озып шыққан уақытта ғана аудандастырылуы мүмкін. Қазақстанда күні бүгінге дейін ауыл шаруашылық дақылдарының 9300-ден астам сорты, оның ішінде республика селекционерлері шығарған 830-дан астам сорты сынаудан өткізілді. Тек соңғы 12 жыл ішінде 37 дақылдың 127 сорты аудандастырылды. Яғни сынауға түскен 60-70 сорттың біреуі ғана аудандастырылады екен. Ғылымдар жаңа сорттар шығару үшін әр түрлі сорттарды будандастырады, содан кейін сұрыптайды. Тек қана сұрыптау арқылы шығарылған халықтық селекция нәтижесінде келген сорттар көп.
Жақсы жаңа сорттарды өндіріске енгізудің маңызы өте зор екенін мынадай мысалдардан көруге болады. Индия, Мексика т.б. халқы көп мемлекеттер ашаршылықтан тек жаңа сорттардың арқасында ғана кұтылды. Бұл мемлекеттер казіргі жағдайда астықпен өздерін ғана қамтамасыз етіп қоймай, шет елдерге де сата бастады. Қазақстан ғалымдары суармалы жерлерде жақсы өнім беретін сорттар шығарды. Күздік бидайдың «Прогресс» сорты 1984 жылдан бастап Украинада, Алматы облысында аудандастырылды. «Алма-Атинская полукарликовая», «Қарлығаш» деген сорттар Алматы, Жамбыл, Шымкент облыстарының суармалы жерлерінде аудандастырылды.
Себілетін тұқымның сапасы.
Сапалы тұқым себілгенде ғана жақсы өнім күтуге болатыны айтпаса да түсінікті. Тұқым сапасына мынадай талаптар қойылады: оның таза болуы, басқа дақылдардың, арамшөптер тұқымдарының араласпауы керек. Өнгіштігі жақсы болуы, дәннің толықтығы, үлкендігі ойдағыдай, көлемі жағынан біркелкі болуы керек. Тұқымның ішінде әр түрлі зиянкестер мен аурулар болмауы қажет.
Себілетін тұқымның сапасын аудан орталығында орналасқан арнаулы инспекция, тексеріп отырады. Тұқымды тексеріп, куәлік алу үшін арнаулы методика бойынша тұқымның әр партиясынан орташа нұсқалар алынады. Тұқымның сапасы ойдағыдай болса, инспекция тексерілген тұқым партиясына арнаулы куәлік береді. Ондай куәліксіз ол тұқымды себуге болмайды.
Орташа нұсқаның мөлшері дақылдар тұқымының ірілі-ұсақтығына байланысты 50 грамнан бір килограмға дейін болады.
Тұқымның әр партиясынан тексеруге арнап екі нұсқа алынады, біріншісін шағын дорбаға салдады, екіншісін ылғалдығын, ауруын анықтау үшін шөлмек сияқты аузы тығыз тығындалатын ыдысқа салып алып барады. Бұл нұсқалар сұрыптау актісімен бірге тұқым тексері лабораториясына жеткізіледі. Тексерудің нәтижесінде тұқым белгіленген талапқа тура келмей қалса, ол тұқым партиясы қайтадан тазартылады.
Тұқымның тазалығын анықтау үшін дәні өте ірі бұршақ, жүгері сияқты дақылдардан нұсқа ретінде 200г, бидай, арпа сияқты астық дақылдарынан 50г, пияз, жоңышқа сияқты тұқымы ұсақ келетін дақылдардың тұқымынан 4-5 грамнан алады. Тексеруді жеделдету үшін алынған нұсқаны арнаулы бөлгіштермен, не қағаздардың үстіне жайып, содан соң оны айқыштап тең төрт бөлікке бөліп, соның бір не екі бөлігін алады.
Тұқымның ылғалдылығы дегеніміз процентпен көрсетілген тұқымдағы ылғал мөлшері. Тұқымның ылғалдылығын ыдысқа салынған тұқым нұсқасынан екі тәуліктен кешіктірмей анықтайды. Ылғалды арнаулы электр ылғал өлшегішпен, не арнаулы кептіргіш шкафта 100-1300 С температура аралығында 40-60 минут құрғату арқылы анықтайды. Кептіруге дейінгі және кептіруден кейінгі салмақтың айырмасын 100-ге көбейтіп, тұқымның абсолютті құрғақ массасына бөліп, тұқымның ылғалдығын табады. Тұқымның ылғалдығыәр дақылға белгіленген шектен аспағаны жөн.
Дақылдың егу мөлшерін дәл анықтау, тұқмның ірілігін сипаттау үшін 1000 дәнніңмассасын анықтайды.Бұл үшін таза тұқым бөлігінде іріктемей 500 дәннен екі рет санап алады. Әр бөлікті таразыға бөлек тартып, орта массасын табады да, мыңға шағады.
Тұқымды себуге дайындау.
Тұқымды себер алдында мұқият дайындаудың маңызы зор. Тұқымды себуге дайындауда оны тазалап кондицияға жеткізуден басқа, сұрыптап ірілерін бөлектеу, ауруларға, зиянкестерге қарсы жүргізілетін дәрілеу, көктегіштігін күшейтетін күнге қақтап жылыту сияқты жұмыстар жатады.
Тазарту және сорттау. Тұқымға арналған танаптағы егінді ерекше күтімге алады. Ол танапқа жақсы тазаланған, жоғары репродукциясы бар тұқым себіледі. Егін өсу кезінде ерекше жағдай жасалады, үстемелеп тыңайтқыштармен қоректендіріледі, арамшөптері гербицидтермен жойылады.
Ал күні бұрын тұқымға деп арналған танап болмаса, онда өнімді ең көп беріп тұрған танаптан алынған астықтың дәні әдетте толық, ірі болады. Ірі дәнде қорктік зат көп болады да, ол келешекте жақсы өркен береді. Сөйтіп, алдағы жоғары алынатын өнімнің негізі салынады.
Жақсы тазаланып, іріктелген тұқымды сепкен жағдайда әр гектардан алынатын астық өнімі 2-3 центнерге, кейде одан да жоғары болатындығын ғылым да, тәжірибе де көрсетіп отыр.
Жүгері, мақта және қант қызылшасының тұқымдары арнаулы заводтарда тазаланып, іріктеліп, дәріленеді.
Залалсыздандыру (дәрілеу)-Көптеген аурулар, зиянкестер тұқымға арналған дәннің беткі қабығына жабысады, не дәннің ішінде болады. Мысалы, каоакүйе ауруын алсақ оның спорлары бидайдын қабығына, не айдарына жабысады, бидай қоймада жатқанда оның тұқымға ешқандай зияны жоқ , зиянкестер дән себіліп өсе бастағанда зиян келтіре бастайды. Қаракүйе өне бастаған дәннің ішіне еніп алып оны ауруға айналдырады, кейін астық піскен кезде масақта дәннің орнына іші қап-қара спораға толы қауыздар пайда болады.
Қаракүйе ауруымен барлық дәнді-масақты дақылдар ауырады. Өсіп-өну тәсілі және дәнге ауру жұқтыру жағынан қаракүйе негізінен екі типке бөлінеді.
Тұқымның үстінде (сызаттарының, айдарының, ішінде) жататын қаракүйелер, оларға бидай мен қарабидайдың қатты қаракүйесі, арпаның дымқыл қаракүйесі, тарының тозанды қаракүйесі, жүгерінің тозанды және көпірме қаракүйесі жатады. Кесел тудыратын саңырауқұлақтың спорасы ашық жатқандықтан, оларды құрту үшін әр түрлі химиялық препараттар қолданылады.
Дәннің ішінде ұрық байлайтын қаракүйа түрлері.Оларға бидай мен арпаның тозаңды қаракүйесі жатады.Ауру дәннің ішінде болғандықтан олармен күресу қиындау, әуресі көп. Ол үшін тұқымға арналған дәнді термикалық өндеуден өткізеді, яғни қыздырады. Дақыл дәндері жоғары температураға зиянкес ұрығынан гөрі төзімділеу келеді де, қыздырған кезде зиянкес ұрығы өледі де, дақыл дәні аман қалады.
Бұршақ тұқымдас дақылдарың, зығырдың асхохитоз, бакториоз, фузариоз т.б саңырауқұлақ және бактериялар қоздыратын ауруларды да тұқымды қыздыру арқылы жояды.
Кейбір дақылдардың себілген тұқымы топырақта тіршілік ететін насекомдарға жем болады. Тұқымды ол зиянкестерден сақтау үшін дәнді себу алдында әр түрлі химикаттармен араластырады. Мысалы, себілген жүгері дәнін сымқұрттар жемес үшін тұқымды гексахлоранмен өңдейді.
Дәнді дақылдар.
Астық өндірудің көлемін және өнімін көбейту еліміздің тың және тыңайған жерлерін игеруге көбірек байланысты. Мұның өзі дәнді дақылдар егілетін егіс аумағын едәуір ұлғайтуға мүмкіндік берді және астық өндіруді арттыруда ірі табыстарға қол жеткізді. Халық үшін дәнді дақылдар тағамдық өнімнің көзі және мал шаруашылығы үшін жемшөп ретінде маңызы зор.
Адам баласы небір таңғажайып нәрселерді ойлап тапқан, бірақ солардың ішіндегі ең құқдіреттісі-нан.
Астық өндіруді арттырудың басты көзінің бірі-егіншілік мәдениетін арттыру, егісті сапалы сортты тұқыммен қамтамасыз ету және ауыл шаруашылық ғылымының қарқынды технологиясының жетістіктері мен озат тәжірибені кеңінен енгізу негізінде еліміздің барлық аудандарында дақылдардың өнімділігін арттыру.
Дәнді дақылдарды топтастыру.
Негізгі дәнді дақылдарға дәнді астық, дәнді бұршақ және қарақұмық жатады. Дәнді дақылдарды екі топқа бөледі: бірінші астық тобы немесе қарапайым астық-бидай, қара бидай, арпа, сұлы және екінші астық тобы немесе тары тұқымдас астық-жүгері, тары, күріш, қонақтары және құмай. Бірінші топтың дәнінде ұзыннан созылатын ойпаң сызық, өніп келе жатқан көптеген тамыршалар болады. Бұл дақылдар тары секілді дақылдарға қарағанда ұзақ күндік, суыққа төзімді және ылғал сүйгіш болады.
Екінші топқа дәнінде ойпаң сызық болмайды, тек бір тамыршамен өнеді. Гүл шоғыры шашақ басты және собық басты болады. Бұлар бірінші топ дақылдарына қарағанда жаздық, қысқа күнді, жылу сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді болады.
Дәнід дақылдар: күздік және ерте, әрі кеш пісетін жаздық дақылдар болып бюөлінеді. Күздік дақылдар-бидай, қара бидай, арпа. Ерте пісетіні күздік арпа, қара бидай және бидай. Ерте пісетін жаздық дақылдар-бидай, қара бидай, арпа, сұлы сорттары. Кеш пісетін дақылдар-тары, жүгері, құмай, күріш. Бұлар суыққа төзімсіз, тұқымы көктеу үшін жылылық керек. Сондықтан оларды ерте пісетін жаздық дақылдардан кешірек себеді.
Бидайдың түрлері:
Бидайдың ботаникалық 22 түрі белгілі, соның ішінде Совет Одағында және дүние жүзінің басқа мемлекеттерінде 2 түрі тараған: жұмсақ бидай және қатты бидай. Қалған 20 түрінің кейбіреуі Совет Одағында таралған, мысалы құнарлы бидай, оның ішінде бұтақты масақ түрі бар. Республиканың оңтүстік шығыс аймақтарында аласа бидай сирек кездеседі, бірақ ол көбіне аралас өседі. Масағының құрылысы және биологиялық қасиеттері жағынан аласа бидай жұмсақ бидайға өте ұқсаса келеді, тек масағының қысқалығы мен тығыздығы жағынан айырмашылығы бар.
Жұмсақ немесе қарапайым бидай шет елдерде және біздің елімізде көп тараған. Бұлардың ішінде күзді, жартылай күздік және жаздық түрі кездеседі. Жұмсақ бидайдың тартқан ұнын көпшілік жағдайда нан пісіруге қолданылады.
№20 Тақырып:Дәнді дақылдардың құрылысы._Өсіру технологиясы
Астық тұқымдастардың бәрі бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Барлық дәнді дақыл тұқымдастардың түрлері әр алуан болуына қарамастан, көптеген ботаникалық ұқсаса белгілері бар.
Тамыр жүйесі топырақтың өңделген қабатына таралған шашақ тамырлардан тұрады. Негізгі тамыр жүйесінің көпшілік бөлігі 20 см тереңдікке жатады. Тамырдың таралу тереңдігі жаздық бидайда-103, сұлыда-110, қара бидайда-118, арпада-120, тарыда-105 және жүгеріде 113-200 см болп келеді. Астық дақылдарының тамыры шығу тегіне, топырақ қабатына сабақ буындарының шығуына қарай алғашқы немесе ұрықтық және екінші немесе буындық деп бөлінеді. Жүгері мен құмайда топырақ бетіндегі сабақ буындарынан тірек тамырлары пайда болады. Астық тұқымдастың тамыр жүйесі бұршақ тұқымдастарына қарағанда әлдеқайда ұзын болады.
Тамыр жүйесінің таралу тереңдігі негізінен оның биологиялық қасиетіне және өніп-өсу ортасына, ауа райы мен топырақ жағдайына байланысты.
Сабақ. Астық тұқымдас өсімдіктердің топырақ бетіндегі сабағы терең-сабан. Ол жұмыр, іші қуыс, буындармен бөлінген, кейбіреулері буын аралықтарын жұмсақ ұлпа толтырып тұрады. Буын аралықтары 5-6, кейде одан да көп болады. Биік сабақты, кеш пісетін жүгерінің сорттарында 17-18 және одан да көп болады. Сабақтардың жуандығы мен ұзындығы түрліше келеді.
Жапырақ. Сабаққа кезектесіп орналасқан жапырақтары жіңішке таспа, кейбіреулерінде қандауыр тәрізді, оның өзі жапырақты берік ететін қынаптан және жапырақ тақтасынан тұрады.
Гүл шоғыры дәнді дақылдарға түрліше болып келеді. Мысалы, қара бидайдың, арпаның, бидайдың гүл шоғы масақ, ал сұлы, құмай, тарны, күріштікі шашақ басты.
Жарма дақылдар.
Жарма дақылдарға немесе астықтың екінші тобына жүгері, тары, күріш, құмай және қонақтары жатады. Ең көп тараған жүгері, одан кейін тары, күріш және құмай. Ал қонақтары болса аз тараған және оны біржылдық және оны біржылдық шөп ретінде жемшөп үшін өсіреді.
Жүгері.
Жүгері-азық-түліктік және жемшөптік бағалы дақыл. Оны дән, көк балауса, сүрлем алу үшін өсіреді. Жүгерінің дәнінен ұн, жарма жасайды және крахмал, глюкоза, сірне, сусын, сироп өндіреді. Жүгері ұнын бидай ұнымен аралстырап нан пісіреді және әр түрлі кондитерлік заттар шығарады.
Жүгерінің пісіп жетілу кезеңіне байланысты оның 100 кг собықсыз сүрлемінде 16..19 азық өлшемі, собығымен жиналған сүрлемінде 17-23 азық өлшемі болады. Жүгеріні бұршақ дақылдарымен араластырып еккенде ондағы қорытылатын протеиннің мөлшері артып, қоректілігі жоғарылайды. Қазақстанда жүгері егісі Алматы, Талдықорған, Жамбыл және Шымкент облыстарында азық-түлік және жемшөп үшін өндіріледі, ал солтүстік облыстарында тек жемшөп, сүрлем үшін себеді. Бұл орайда алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың көрсеткіштері айтарлықтай. Мысалы, Шымкент облысының Қызыдқұм және Түркістан аудандарында, әр гектар жерден 57-ден 67 центнерге дейін жүгері дәнін алған озат механизаторлар көп.
Жүгері-жылылықты ұнататын дақыл және астық тұқымдастарына жататын біржылдық өсімдік, сабағының биіктігі 0,5...6м, жуандығы 2 см-ден 7 см-ге дейін жетеді. Жапырағы жалпақ, таспа тәрізді. Дара жынысты, айқас тозаңданады. Аталық гүлі сабақтың ұшындағы шашаққа, ал аналық гүлі собыққа орналасқан. Жемісі-дән. Жүгерінің басқа дақылдардан ерекшелігінің бірі-ол өсіп даму кезеңінің бірінші жартысына дейін баяу өседі де, ал оның екінші жартысынан толық пісуіне дейін құрғақ заттарды жинайды.
Жүгерінің түрлері, түр тармақтары, будандары және сорттары.
Дәннің сыртқы түрі мен ішкі құрылысына қарай жүгері сегіз түр тармаққа бөлінеді. Олардың ішіндегі ең маңыздылары мыналар: тіс тәрізді жүгері, кремнийлі, крахмалды, қантты, крахмалды-қантты, бадырауық, балауыз тәрізді, үлпілдек жүгері.
Қазақстанда көп тараған түр тармақтары тіс тәрізді және кремнийлі жүгері. Кейінгі кезде тамақ өнеркәсібінде көп қажет етуіне байланысты таралып жүрген бадырауық жүгері.
Республикамызда өсірілетін жүгерінің сорттары мен будандары өсіп-даму кезеңінің ұзақтығына қарай төмендегідей топтарға бөлінеді:
Ең ерте пісетін-негізгі сабағында 10-12 жапырақ болады, өсіп-даму кезхеңі 95...105 тәулікке созылады.
Ерте пісетін-12...14 жапырақ, өсіп даму кезеңі 100-110 тәулік.
Орташа ерте пісетін -14...16 жапырақ өсіп-даму кезеңі 120 тәулікке дейін.
Орташа кеш пісетін-16...18 жапырақ, өсіп даму кезеңі 120...125 тәулік.
Кеш пісетін 18...20 жапырақ, өсіп-даму кезеңі 140 тәуліктен астам.
Сорттары мен гибридтері. Жүгерінің төмендегідей гибридтерін индустриалды технология бойынша өңдеп, Қазақстанда сүрлем және тұқым алу үшін аудандастырылған. Гибрид Қазақстанский 5ТВ, гибрид Одесский 80 Мв, гибрид Днепровский 247 МВ, гибрид Днепровский П 25 ТВ, гибрид Қазақстанский 5 ТВ, Южный-3 ТВ, гибрид Қазақстанский 43 Тв, 587 ТВ Каз НИИЗ 74, гибрид Коллективный 210 АТВ Гибрид Молдавский 215 СВ 257 СВ, гибрид Краснодарский 613 АТВ, гибрид ЗПСК т.б.
Тары.
Аса бағалы азықтық дақылдың бірі тарыны өндіруді арттыра түсу елімізде астық молшылығын жасаудың жолы.
Тары жарма, сөкүшін өсіріледі. Сөктің түсімі сортына, жыл жағдайына және өсірілетін облысына байланысты дән салмағының 70-87 процент шамасында ауытқып отырады. Сөкте орта есеппен: крахмал-81, белок-12, май-3,5, күл-1,45, клетчатка-1,04 және қант-0,15 процент болады. Кеш егілуіне байланысты тарыны қыстан нашар шыққан күздік бидайға немесе ерте егілген жаздық астықтардың ауа райына байланысты қайта себу үшін «сақтық қоры» ретінде пайдаланады. Тарының өңделгеннен кейінгі қалған қалдығы мал үшін таптырмайтын азық. Тарының сабаны және топаны өзінің сапасы жағынан шалғындық пішенмен қарайлас.
тарының көптеген түр тармағы болады, олар бір тектес бес түрдің ішіне кіреді: шашыранды, сопақ, тармақты, тығыз, жұмбазды. Тарының дүние жүзінде 71 туыстасы, 1400 түрі бар. Бізде оның 31 түрі тараған. Тараның сабағы тік, қалың болып өседі, гүлденген кезде шашақ тастайды, ал тамыр жүйесі тарам-тарам шашақты болып келеді де өсіп шығатын түбірі тек біреу ғана болады.Тара тамыры жан-жағына 1м-ден астам, ал тереңдігі 1,5м-ге дейін тарайды, бірінші жылы өте баяу өседі, сондықтан арамшөппен жақсы күресе алмайды.Тарының тамыры түптенгенге дейін тәулігіне 2 см, ал түптеуден бас жарғанға дейін 3 см өсіп отырады. Ал гүлдену кезеңінде тамыры өсуді тоқтады.Көп жағдайды құрғақшылыққа байланысты өсімдіктің негізгі тамырының пайда болуы тоқтап қалады да, соның салдарынан түптелу буындары мен тамыр мойны тірек таба алмай, көбіне топырақ бетіне шығып, жалғыз түбірге ілініп тұрып қалады.Тары көктеп шыққаннан кейін түптену басталады.Топырақтың температурасы 15-20 градус болса, түптену қарқыны жақсарады. Тары жапырағының ұзындығы 18-25 см, ені 1,2-4 см-ге дейін болады. Тарының гүл шоқтарының ұзындығы 10-60 см болады. Шашақтану-өсімдіктің түптенуінен 20-28 күн өткеннен соң басталады.
Тары шашағының түріне қарап, қандай түрге жататынын жіктеуге болады. Сонымен, тарыны мынадай түр- тармаққа жатқызуға болады: жайма бұтақты, есілмелі, жартылай түйіршікті.Тарының масағы жалаң, жұмыртқа тәрізді әрі домалақ, арқасы кусырылған қылтанақсыз келеді.
Тары ыстыққа өте тқзімді дақыл, ол38-400 дейінгі температураға төтеп береді және солмайды.Тарының арамшөптен тазарған, топырақ құрылысы жақсы, кұнарлы егінжайға сепкенде жақсы өнім алады.Тары қысқа күндік өсімдік, оның көпшілік сорттарының өсіп-даму кезеңі шамамен 90-120 күн болады.Өсіп өну кезіндегі ортатәулік температурының қосындысы 22000С болады.
Сорттары- Ауа райы және топырақ жағдайына байланысиы аудандастырылған сортты себу-болашақ мол өнімнің кепілі.Қазақстанда таралған тары сорттары мыналар: Саратовское 853, Долинское 86, Саратовское 3, 6, Старт, Уральское 109, Саратовское-6.
Топырақты өңдеу және себу-Тары үшін ең қолайлы алғы дақыл дәнді бұршақ, күздік бидай, жүгері, көпжылдық шөп.Негізгі астықты аймақта тары пардан кейін екінші немесе үшінші дақыл болып егіледі.
Тарыны өңдеу. Тарыны себу үшін топырақты өндегенде негізгі ескеретін жағдай арамшөптің толық құртылуы, топырақта ылғал сақталуы, топырақ беті тегіс болуы, тұқымы қажетті тереңдікке сіңірілуі тиіс.Арамшөптен таза танапқа жел эрозиясы бар аймақтарда топырақты жырту тереңдігі қабатына дейін сыдыра жыртқышпен өндейді.Негізгі өндеу алдында көң және толық минералдық тыңайтқыштың мөлшерін беру керек.Суармалы жерге бірінші және екінші суару алдында үстеп қоректендіреді.
Тарының ерекшелігі масағының дәні біркелкі пісіп жетілмейді.Мысалы, тары масағының бас жағы пісіп жетіліп тұрса, ал төменгі жағы әлі пісіп жетілмеген болады.Сондықтан оны жинағанда бөлектеп жинау әдісімен орады.Ору мерзімі тарының гүл шашағынан ортаңғы жағындағы дәні балауыз болып піскенде бастайды.Ал 4-5 күн өткеннен кейін жинап оны бастырады.Екі фазалы немесе бөлектеп жинауды балауыданып дән піскенде 3-4 күн ішінде бітіру керек.Ал бір фазалы жинау тәсілін дән өте пісіп кеткен кезде пайдаланады.
№21 дәріс
Тақырып:Дәнді-Бұршақты Дақылдар
Дәнді-Бұршақ Дақылдары бұршақ тұқымдастарына жатады.Биологиялық өсуі және алынатын өнімнің сапасы жағынан бұлардың жалпы ұқсастықтары көп.Бұршақ, жемшөптік атбас бұршақтар, соя, лобия, жасымық чина, нут, сиыржоңышқа, люпин және басқа белокқа бай бұршақ тұқымдастарына жататын өсімдіктер адам үшін тамақ, мал шаруашылығы үшін жемшөп ретінде өсіріледі.Басқа дақылдарға қарағанда өзінің құрамындағы белок мөлшерінің көптігімен ерекшеленеді, яғни бұл дақылдардың дәндерінде 25-30% белок бар, бұл астық тұқымды дақылдарға карағанда 2-3 есе көп деген сөз. Бұршақ өсімдіктерінің белок үлесінің басым көпшілігін атмосферадағы азотты сіңіру нәтижесінде жинайтынын атап өтудің маңызы зор. Белок заттары жеңіл, әрі тез ериді, сондықтан адам мен малдың организмі оны тез сіңіреді.
Дәнді бұршақтардың агротехникалық маңызы да үлкен.Тамырларында тіршілік ететін түйнек бактерияларының азот жинаушы әрекетіне байланысты топырақтың органикалық затпен және биологиялық азотпен баюы күшейе түседі.Топырақтың тек жыртылатын жоғарғы қабатында ғана (20см) дәнді-бұршақтардың 20-25 центнерге жуық тамыр және аңыз қалдықтары қалады, ал топырақта қалатын азоттың мөлшері гектарына 50 килограмға дейін жетеді, 10-15 т жақсы көнде де осындай азот болады.Сондықтан барлық бұршақтылар жаздық және күздік астық дақылдары, сондай-ақ техникалық дақылдар үшін ең жақсы алғы дақыл болып табылады.
Асбұршақ.Егістік асбұршақ еліміздегі негізгі дәнді-бұршақ дақылы.Оның азық-түліктік, мал азығындық және агротехникалық маңызы өте зор.Бұршақ-белок мөлшері жоғары, бағалы дән бұршақты дақыл.Бұршақ дәнінде орта есеппен 28% белок, 50% тен астам крахмал, көптеген витаминдер (А,В1,В2,С) болады.Тамақ үшін пайданалатын бұршақ тұтас және ұсатылған күйінде әр түрлі тағамдар, консервілер дайындауға кеңіне пайдаланады.Бұршақтың мал азықтық та зор маңызы бар.Бұршақ тұқымының 1килограмында орта есеппен 195-240-қа, дейін сіңімді протеин және 1-17 азық өлшемі, 1кг көк балаусасында 0,23 азық өлшемі және 31г белок болады.
Биологиялық және ботаникалық ерекшілігі-Асбұршақ бір жылдық жаздық дақылдарға жатады, бірақ қыс жылы болғанда оңтүстік аудандарда қысқа төзімді сорттарын күзде де егуге болады.Шаруашылықта асбұршақтың екі түрі қолданылады: кәдімгі асбұршақ гүлі ақ және дәні бір түсті келеді (ақшыл, қызғылт, көкшіл) және бозбұршақ гүлі қызғылт, көкшіл дәні, қоныр, кейде сепкіл түсті болады.Бозбұршақтың жанама жапырағының қуысында, сабағының айналасында, өсімдіктің жастау кезінде жақсы көрінетін қызғылт сақина болады. Бұршақтың бұл түрінің жемазықтық маңызы зор.Бұл құрғақшылық аудандарда мол өнім береді және топырағы құнарсыз жерлерге де егуге болады.Тамыр жүйесі-кіндік тамырлы болады.Сабағы жатып қалғыш келеді.Жапырағы қосқанатты,күрделі,тармақталған мұртшалары болады.Гүл шоғы-шашақ түкті, жемісі-8-ден 10-ға дейін.Егістік бозбұршақ мал азығы үшін егіледі.Оны құнары шамалы құмды топырақта егуге болады, тез піседі және суыққа төзімді.
Орта мерзімде пісетін сорттарға әсер ететін жылылықтың жалпы мөлшері 1200-14000С.Өсіп-жетілу кезеңінің орташа ұзақтығы 70-тен 140 күнге дейін.Асбұршақ ылғалды өте көп қажет етеді.Оның дәні бөрткен кезде бойына өзінің салмағынан да көбірек ылғал сіңіреді.Бөртуі үшін өз салмағының 60% мөлшеріне дейін ылғал қажет ететін сорттары бар.Өсімдік әсіресе шашақтану-гүлдену ылғалды көбірек тілейді.Бұл кезеңде бұршеқ өнімді желдете құрады,бұл тұста ылғалдың тапшы болуы өсімдіктің дамуына кері әсер етеді,өнімін кемітеді.
Агротехникасының ерекшелігі. Асбұршақты ауыспалы егіске күздік және жаздық масақты дақылдардан, жүгеріден, отамалы дақылдардан кейін егеді. Асбұршақ дәнді дақылдардың өздеріне де жақсы алғы дақыл.
Сорттары. Қазақстанда кең тараған сорттар:
Рамонский 77-орташа мерзімде піседі., Шымкент, Жамбыл, Жезқазған, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында аудандастырылған.
Зерногородский неосыпаюшийся-Алматы облысына аудандастырылған.
Уладовский 208-кеш пісетін сорт, Солтүстік Қазақстанда аудандастырылған.
Чишминский 210-орташа мерзімде піседі, Қостанай облысында аудандастырылған.
Кормовой 24-кеш пісетін сорт, Солтүстік Қазақстанда аудандастырылған.
Кан Қостанай, Орал облыстарында аудандастырылған;
Неосыпающийся 1-Қазақстанның барлық жерлерінде аудандастырылған.
Фуга т.б. сорттар.
Соя-әр жақты пайдаланылатын дақыл.Оның себебі сояда қаректік заттар құрамының көптігі.Оның тұқымыеда 35-50%белок және 19-25%-ке жуық азотсыз заттар,негізінен қант пен крахмал және 19-25% май болады.Белоктардың құрамында тіршілікке қажетті барлық амин қышқылдары кіреді, бұл оның азық-түліктік, техникалық және мал азықтық қасиеттері мол екенін анықтайды. Сояны азық-түліктік үшін көбірек пайдаланылады: одан май, маргарин, соя ірімшігін, сүт, ұн, кондитер тағамдары, консерві және т.б. азық-түлік алады. Мал азығы үшін жасалған күнжара, шрот және соя ұнының маңызы зор. Сояның шротында 40% белок,1,4% май және шамамен 30% азотсыз экстративті заттар болады.Сояның көк шөбінің 100 кг-да 21 азық өлшемі және 3,5кг белок,ал 100 кг сабағында 32 азық өлшемі және 3,5 кг белок бар.Сондықтан ол мал жақсы жейтін шөп.Сояның отаны-оңтүстік-шығыс Азия.
Ботаникалық сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері.
Соя-біржылдық өсімдік. Бұтағы қатты, тік тұратын, жақсы сабақтанатын, биіктігі 1,5 м-дей болатын дақыл. Үш жапырақты жинау кезінде толық түсіп үлгіреді. Гүлдері майда, ақ немесе ашық күлгін, жапырақ түбіне шашақша болып орналасқан. Соя өздігінен тозаңданады. Бұршақ қыны әр түрлі формалы және әр түсті, әрқайсысында 1-ден 5-ке дейін дәні болады. Соя сортының сары, жасыл, қоңыр және қара түсіне байланысты тұқымы домалақ және сопақ формалы болуы мүмкін.
Соя тұқымы көктерде және гүлдегенде ылғалды көп керек етеді. Басқа уақытта құрғақшылыққа жақсы төзеді. Ол қара, сұр және қоңыр топырақта жақсы өседі, құрамында қоректік заттары мол жерлерде өсіру өнімін жоғарылатады. Сояны сортаң, құмды және аса нығыздылған топырақтарға себуге болмайды. Соя үшін топырақтың рН-6, 5-7 дейінгі реакциясы дұрыс болады. Соя-жарық сүйгіш, қысқа күнді өсімдік. Өсіп-даму кезеңдерінің ұзақтығы: ерте пісетін сорттары 81-90 күн, орта ерте пісетін сорттары 111-120, орта пісетіні 120-130, кеш пісетін сорттары 151-160, кейде 170 күнге дейін барады.
Қазақстанда негізгі көп тараған сояның сорттары. Мутантная 359, Казахстанская 200, Казахстанская 688, Высокостебельная 2, Скынтея, Букурия, Эврика, аврора, Гибридная 670, Мерит.
Агротехникасының ерекшелігі. Сояны көбінесе арамшөптерден тазартылған және өзінен соң азотты аз қалдыратын дақылдардан кейін себу пайдалы. Мұндай алғы дақылға-күздік бидай, қант қызылшасы және жүгері жатады. Соя үшін топырақты негізгі өңдегенде терең етіп сүдігерге жырту пайдалы. Ал жыртылу қабаты тайыз топырақтарды терең қопсытқыш құралдармен немесе қайырмасыз плугпен өңдейді.
Сояны масақты дәнді дақылдардан кейін орналастырғанда, ал дақылдардың өнімін жинап алғаннан кейін іле-шала топырақты сыдыра өңдейді, тыңайтқыштар енгізеді. 12-15 күннен кейін топырақты шолақ түренді соқамен жыртады. Кеш жиналатын отама дақылдардан кейін топырақты бірден жырту қажет. Соя кеш себілетін дақыл болғандықтан, көктемде топырақтың физикалық-механикңалық қасиетін жақсартып, ылғал сақтау және арамшөптерді толық жою үшін егін сепкенше бірнеше рет культиватормен өңдейді.
Соядан мол өнім жинауда тұқымды қүрамында түйнек бактериялар бар нитраген препараттарымен өңдеу нәтижелі. Нитрагеннің әсерінен жапырақ құрамында хлорофил көбейеді, фотосинтез жақсы жүреді, тамыр жүйелері тез жетіледі.
Тұқымды себер алдында микротыңатқыштармен, әсіресе молибденмен өңдеу қажет. Ол түйнек бактерияларының қызметін күшейтеді, сояның түрлі ауруларға беріктігін арттырады.
Сояны кең қатарлап және ленталы әдіспен себеді. Сояны не үшін пайдалануына байланысты әр түрлі себу әдісі қолданылады және тұқымды себу мөлшері де 400-600 мың/га өнімді дән болуы мүмкін. Тұқымды егу тереңдігі ылғалды топырақ үшін 5 см, ал ылғалды аз топыраққа 6-7 см тереңдікке сіңіріледі.
Соя тұқымының көктеуіне ылғалды көп қажет ететіндіктен тұқымды сепкеннен кейін топырақты таптау керек, сонда тұқым тез өніп шығады. Соя өніп шыққанша арамшөптер қаулап өседі және жауын-шашыннан кейін топырақ бетінде қалың қабыршақ пайда болуы мүмкін, сондықтан егісті жеңіл немесе орташа салмақты тырма мен қабыршақты бұзу және арамшөпті құрту үшін кесе көлденең тырмалайды. Егісті суарған сайын және жауын-шашыннан кейін міндетті түрде қопсытады. Қопсыту жұмыстарын дер кезінде жүргізу арқылы арамшөптерді 2-3 есе азайтады.
Нұт немесе қой бұршақ.
Нұт-азық-түліктік және жемшөптік дақыл болып саналады. Ол құрғақшылыққа ең төзімді болғандықтан оны ерте мерзімде егуге болады. Оның дәнінде 22-31 процент белок, 4,1-7,2 процент май және 47-60 процент азотсыз экстрактивті зат болады. Нұт тұқымынан ең жоғары өнімді ССРО бойынша Саратов облысының Пугачев сорт учаскесінде гектарынан 1980 ж. 32 ц/га, ал Қазақстанда Көкшетау облысы Рузаев тұқым учаскесінде әр гектарынан 21,7 центнерден алды. Солтүстік Қазақстанда аудандастырылған нұт сорттараның дәнінде 24-27 процент белок болады. Нұт сабағын жауып тұратын талшықтарда сүт және қымыздың қышқылдарының салдарынан оның көк балаусасын малға тікелей жемшөп ретінде пайдалана алмайды, тек ұсақталған немесе сүрлем күйінде пайдалануға болады. Өнімділігі мен құрғақшылыққа төзімділігі жөнінен нұт тек ноғаттықтан басқа дәнді-бұршақты дақылдардың бәрін де басып озады.
Нұттың тұқымы 2-50 С температурада өсе бастайды, ал көктеуі 110 С суықтыққа шыдайды. Қазақстанда себілетін сорттары: Кинельский 17, Краснокутский 195, Юбелейный.
Агротехникасының ерекшелігі.Нұтты күздік бидайдан және отамылы дақылдардан кейін себеді. Нуттан кейін жаздық бидай,мақта,жүгері жақсы өседі.Топырақты өңдеу асбұрщақ үшін топырақты өңдеумен бірдей.Көп жағдайда сеьу әдістері жаппай қатарлы,кең қатарлы болап келеді. Егу мөлшері гектарына 0,7-0,9 млн өнгіш тұқым.Егер екі қатарлап (45 см) егетін болса,онда егу мөлшері 0,6-0,7 млн/га өнгіш тұқым. Себу тереңдігі-5-7 см.
Сепкеннен кейін катокпен таптайды,ал арамшөп көріген жағдайда көктеуге дейін тырмалайды. Кейде көктеу болмай тұрып прометринмен өңдейді.(3 кг/га препарат дозасы).Арамшөп аз жағдайда нутты бірден коибайынмен орады,ал арамщөп көп болса екі кезеңде бастырып орады.
№22 дәріс
Тақырып:Талшықты дақылдар. Майлы дақылдар.
Талшықты өсімдіктер-тоқыма өнеркәсібінде тұқымы, жемісі, сабағы, жапырағы, талшығы пайдаланылатын біржылдық немесе көпжылдық өсімдіктер. Жер жүзінде көбінесе мақта, джут, сора, зығыр, кенеп егіледі. ССРО-да мақта, зығыр, сора өсіріледі.
Мақта.
Талшықты дақылдар ішінде мақта бірінші орын алады. Мақта тоқыма өнеркәсібінің негізгі шикізаты. Мақтаның дәнінде 20-дан 27%-ке дейін май болады, ал одан маргарин, олиф, стеарин, глицерин, фитин және сабын алу үшін пайдаланылады. Мақта күнжарасы мал үшін таптырмайтын азық. Онда 40% белок болады. Бірақ малды қоректендіргенде оны аздап беру керек, себебі оның құрамында улы зат-госсипол болады. Оның қабағынан әр түрлі спирт, қант және азықтық белок алады. Ал бұтағы мен қауашағын сірке қышқылын алады. Біздің заманымыздан 3000 жыл бұрын Қытай мен Индияда егілген. Негізінен мақта Египетте, Иранда және Орта Азияда кеңінен таралған дақыл.
Аудандасуы, егіс көлемі, өнімі. Дүние жүзіндегі мақтаның егіс көлемі 33-34 млн гектар, ал алынатын жалпы өнім 42-45млн т.
Кәзіргі кезде негізгі мақта егетін мемлекеттер: ССРО, АҚШ, Қытай, Үндістан, Пакистан, Бразилия, Мексика, Египет және Түркия. Орта Азия мен Қазақстанда Шымкент облысы, Закавказьеде Азербайжан республикасы.
Ботаникалық сипаттамасы және биологиялық ерекшелігі.
Мақта құлқайыр тұқымдастарына жатады. Мақта көпжылдық өсімдік, ал біздің ауа райы жағдайында оны біржылдық өсімдік ретінде өсіреді. Мақта өсімдігі бұтасының биіктігі 90-нан 130 см-ге дейін болады, ал одан тараған бүйір сабақтары 7-15 см-ге дейін және тамыр жүйесінің терендігі 2-2,5 м-ге дейін барады. Тамырдың басым көпшілігі топырақтың жоғарғы қабатында 30-40 см тереңдікте жатады.Тамыр жүйесі тез өсіп, тез тарайды, екі жетіде негізгі кіндік тамыры 40-50 см өседі. Жапырағы жүрек формалы, 3-7 ескіштен тұрады. Мақтаның екі типті өсу және жеміс беру бұтақтары болады, олар бітеугүл, одан кейін гүл мен қауашақ шығарады, қауашақ ішінде талшық, ал талшық ортасында мақта тұқымы болады. Үшінші және бесінші жапырақтың ішінен бірінші болып өсу бұтақтары, олардан сабақтары біраз доғалданып жеміс бұтақтары тарайды, бұл бұтақтарда жеміс бүршіктері пайда болады. Бірінші жемісті бұршақ неғұрлым ерте шықса, соғұрлым мақта ерте гүлдеп, ерте піседі. Гүлдің үлкен күлтесі болады, ол негізінен бірге өскен бес жапырақшадан тұрады. Жапырақшаның түсі сортына қарай ақ, сары және ақсары түсті болады.
Мақтаның түрі және сорттары. Республикада мақтаның қарапайым немесе мексикалық және перуандық немесе египеттік түрі өсіріледі. Бұл ақ талщықты мақта, ұзындығы 30-35 мм, ал шығымы 35-38 пайыз. Оңтүстікте көп тараған мақта перуандық немесе египеттік. Бұл мақтаның талшығы жіңішке қарағанда кеш пісуімен, жылуды көп керек ететіндігімен ерекшеленеді. Бізде негізгі өсірілетін сорттар: С-4727, 108ф және Ташкент 6, Киргизский 3.
Пайдаланылатын тыңайтқыштар. Минералдық тыңайтқыштардың мөлшері олардың арақатынасына топырақтың типтері мен ауыспалы егістеріндегі мақтаның орнына қарай әртүрлі болады. Минералдық тыңайтқыштардың тиімділігін арттыру тәсілдерінің бірі –оларды органикалық тыңайтқыштармен әсіресе көңмен бірге енгізу. Көңді ең алдымен бұрын жыртылған мақта егісіне және күрделі тегістеу жүргізіліп жатқан танапқа, ал ауыспалы егісте айдалғаннан кейін төртінші және бесінші жылы енгізу керек. Мақта даму кезеңіне қарай қоректік заттарды әртүрлі қажет етеді: көктем кезінде-қоректік ерітінді түріндегі барлық элементтерінде фосфор мол болу керек, екі-төрт жапырақша шығуы және шанақтау кезінде азоттың маңызы артады, гүлдену-өнім пайда болу кезеңінде азот және фосфор, ал калий аз топырақтарда калий мен көбірек қоректенеді. Ойдағыдай өңделген мақтаның азотты пайдалану коэффициенті орта есеппен 60-70 пайыз, ал фосфорды пайдалануы 25-30 пайыз, калийді пайдалануы 50-60 пайыз болады.
Мақта беде өсірілген танапқа өсірілгенде және алмастырылғанда азот тыңайтқыштары орташа мөлшерде (1 га 60-90 кг), ал фосфор тыңайтқыштары жоғары мөлшерде шашылады. Мақта біраз жылдан бері егіліп жүрген топыраққа азот тыңайтқыштарының мөлшерін арттырып, ал фосфор тыңайтқыштарының мөлшерін кеміту керек. Калий тыңайтқыштарын 1га-ға 30-40 кг мөлшерінде шашады.
Топырақты өңдеу. Топырақ өңдеудің басты мақсаты ылғал жинау, тұқым себуді қолайлы мерзімде өткізу және мақтаның біркелкі, сапалы бітік өсуін қамтамасыз ету.
Арамшөптен таза танаптарда мақта егу үшін 30-35 см, ал зиянды арамшөптерді көп егістікті 35-40 см тереңдікте жыртады. Бұлай өңдеу мақтаны қоза паяларын жақсы өңдеп жабады. Көпжылдық шөптен кейін егін жыртуға екі аптадай қалған кезде түренмен сыдыра жыртады. Бұл көпжылдық шөптердің тамырмойын дегелігін қырқып, қайта өсуіне мүмкіндік бермейді.көп жағдайда қабатты жыртудың артықшылығы мол.
Мақта егісін суару. Мақтаны суарудың екі түрлі жолы бар: бірінші дымқылдап суару және өсіп-даму кезеңінде суару. Дымқылдап суару негізі күз-қыс кезеңдерінде ыза суы терең жатқан жағдайда гектарына 1500-3000м3 су беру арқылы жүзеге асырылады. Мақтаны гүлдегенше, гүлденгеннен кейін піскенде және шанақтардың піскен кезінде суарады. Бірінші суаруды 3-5 жапырағы шыққан кезде бастайды. Суару борозда арқылы жүргізіледі, ал жаңбырлата суарудың мақта үшін маңызы өте зор. Берілетін судың мөлшері бір суғаруда оның суғару санына және топырақтың механикалық құрамына байланысты. Ауыр топырақты суғарған кезде суару санын азайтып суарады, ал жеңіл топырақ болса оны аз сумен жиі суарып тұрады.
Шырпу. Бұл өсімдіктің пісуін тездетуіне, оның бойындағы қоректік заттарды реттеуге және мақта өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін маңызды агротехникалық шаралардың бірі. Механикаландырылған шырпуды культиваторлармен немесе суару бороздаларын тілумен бір мезгілде өткізу қажет.
№23 Тақырып:Майлы дақылдар көктеуі және дамуы.
Күнбағыс. ССРО-дағы негізгі майлы дақыл. Аудандастырылған майлы сорттарда 50-52 процентке дейін май болады. Күнбағыстың майы жоғары сапалы, дәмді қасиеттері бар таза май болады. Күнбағыс майы маргарин, әр түрлі бояулар, сабын, стеарин тағы басқаларды жасау сияқты өндірістің түрліше салаларында қолданылады.
Биологиялық және ботаникалық ерекшеліктері. Күнбағыс күрделі гүлділер тұқымдастарына жатады. Бір жылдық айқас тозаңданатын өсімдік. Насекомдардың көмегімен тозаңданады. Тамыры-кіндік тамырлы, 2-4 м-ге дейін тереңдікке енеді, ал жан-жағына 100-120 см-ге дейін таралады. Сабағы-тік тұратын, ағаш сияқты, ортаңғы өзегі ұлпа, бұтақтанбайтын, биіктігі 0,7-ден 2,5 м-ге дейін өседі.
Жапырағы-ұзын, сабақты, үлкен, сопақ жүрек тәрізді үшкірленген және шеттері сияқты болып келеді. Төменгі жапырағы 3-5 жұптан, ал қалғандары кезекпе-кезек орналасқан. Ерте пісетін сорттарында 15-25-ке дейін, ал кеш пісетін сорттарында -30-35-тен астам жапырақ болады. Гүл шоғыры екі түрлі болады: шеткісі-тілшік, ұрықсыз және ортасындағы түтік, қосжынысты, барлық гүл кіндігін жауып тұрады. Жемісі-тұқымша, жұмыртқа формалы, ол ядродан, жұқа тұқым қабығы мен қапталған және тері сияқты ұрықтан тұрады. Күнбағыстың кәрзеңкесінде жақсы өніп өсуіне жағдай жасалған жағдайда 1000-1200-ге дейін тұқым пайда болады. 1000 тұқымның массасы 75-80г болады.
Күнбағыстың өсіп-даму кезеңдері сортына және егілетін аймағына байланысты 90-100-ден 100-125 күнге созылады. Күнбағыстың өсуі 4-60С басталады. Жалпы белсенді температураның қосындысы егуден көктеуге дейін 140-1600С болады.
Күнбағыстың ерекшелігі-ол кейбір көп өсімдіктер пайдалана алмайтын, терең қабаттардағы ылғалды жақсы пайдалануы. Ылғалды біркелкі пайдаланбайды: көктеу кезінен кәрзеңке пайда болғанша-23 процент, кәрзеңке пайда болғаннан гүлдеуге дейін -60 процент және гүлденуден піскенге дейін-17 процент. Алғашқы кезде кәрзеңке пайда болғанша ол ылғалды беткі қабатынан пайдаланады, ал одан кейін көпшілік жағдайда 50 см-ден төмен тереңдіктен пайдаланады. Көп азотты ол пайда бола бастағанынан гүлдеуге дейін, фосфорды көктеуден гүлдеуге дейін, калийді-кәрзеңке құрғаннан піскенге дейін пайдаланады.
Қазақстанда пайдаланатын негізгі сорттары.
Армавирский 3497, Армавир тәжірибе станциясы.
Восход-Белгород тәжірибе станциясы; авторлары: Прохоров К.И. Сергиенко Н.Я.
Маяк-майлы дақылдардың Дондағы тәжірибе станциясы; авторлары: Жданов А.А. пен Яйлова А.А.
Переводник улучшенный-ВНИИМК; авторлары: Пустовойт Г.В., Чупчина В.Ф., Миронов Е.К., Суровикин В.Н., Губин И.А., Илатовский В.П.
ВНИИМК 8981 жақсартылған. Авторлар Пустовойт В.С., Илатовский В.П., Чупчина В.Ф. және басқалар.
Агротехникасының ерекшелігі. Күнбағысқа жақсы алғы дақыл ретінде дәнді дақылдарды пайдаланады. Күнбағыс тереңге кететін тамыр жүйесі арқылы 100-200 см-ге дейінгі тереңдіктен ылғалды пайдаланады. Сондықтан оны топырақ ылғалын көп азайтатын дақылдардан кейін егуді қажет етпейді. Күнбағысты бұл дақылдар егілген жерге 3-4 жылдан кейін егуге болады да, одан кейін ол жерге оны 8-10 жылдан кейін қайта егуге болады. Ал күнбағыстың өзі жаздық бидайға, сұлыға, арпаға және басқа жаздық дақылдарға жақсы алғы дақыл бола алады.
Тыңайтқыш. Сүдігер жыртқанда негізгі тыңайтқыш ретінде 2,5-3 ц суперфосфат шашудың нәтижесінде 1 гектардан алынатын өнім 2,2-3,1 центнерге асты. Бұл жағдайда күзде 15-20 ц/га көң төгіледі. Күнбағыстың 1 гектардан алатын өнімі органикалық және минералдық тыңайтқышты бірге қосып енгізгенде артады. Тыңайтқышты 1-РМГ-4 агрегатын, МТЗ-80 немесе ЮМЗ-6 АЛ тракторымен пайдаланып шашу арқылы береді. Топыраққа түйіршікті суперфосфат шашу арқылы береді. Топыраққа түйіршікті егу кезінде 6-10 см аралықта қатарға 10-12 см тереңдікке екі немесе бір ленталы енгізіледі.
Топырақты өңдеу. Ауа райы және топырақ жағдайына байланысты: қарапайым сүдігер, жартылай пар, жақсартылған сүдігер қолданылады. Қарапайым сүдігерге аңызды сыдыра жыртып, одан кейін сүдігер жыртады.
Жартылай пардың ерекшелігі ерте жыртқан топырақты қара пар сияқты өңдейді, бұл кем дегенде бір айдан артық өңдеуге мүмкіндік бар танапта жүргізіледі. Егу алдында топырақта өңдеу негізгі өңдеудің сапасына байланысты. Саз топырақты және қыстайтын арамшөптің қалдықтары бар жерді ерте көктемде тырмалаудан кейін 1-2 культивациямен бірге тырмалайды. Бір жылдық арамшөптермен күресу үшін күнбағыс егісінде прометрин гербицидін 2,5-3 кг/га мөлшерінде ауыр және орташа механикалық құрылысты топырақта және жеңіл толпырақта 1,5-2 кг/га қолданылады.
Күнбағысты күту. Көктеуіне 4-5 күн қалғанда, топырақ майдалау үшін тырма жүргізеді. Көгі пайда болған кезде екінші рет тырмалайды. Бұдан кейін 2-3 рет культивация жүргізеді. Кулдьтивацияны күнбағыстың биіктіге 6070 см болғанда тоқтатады. Суармалы егіншілікке күнбағыс үшін ылғалдық және вегетациялық суару пайдаланылады. Кемінде үш рет суарады: біріншісі-гүлденге дейін, екіншісі-гүлдеу басыеда, үшіншісі-жаппай гүлдеген кезде. Суару мөлшері 600-800 м3/га болады.
Күнбағысты жинау. Күнбағысты ору пісу мерзімінде зембіл гүлдерінің 90 проценті қоңыр тартып, құрғақтағанда және дәннің ылғалдылығы 12-14 процент болғанда бастайды. Ору алдында оны кептіру үшін десикация жүргізеді. Десикацияны хлорлы магниймен немесе реглонмен гүлдеуінен кейін 40-45 күн өткенде жүргізеді, ол кезде дәннің ылғалдылығы 30-35 процент болуы керек. Күнбағысты дәнді астықты оратын комбайндармен жинайды.
№24 дәріс
Тақырыбы: Көкініс және жеміс шаруашылығы.Картоп.
Биологиялық ерекшеліктері. Картоп- қалыпты өсуі мен дамуы үшін топырақтың және ауаның жоғары температурадаболуын көп қажетсінбейді. Түйнектердің көктеуі 6-80 температурасы шамасында басталады, ал олар 17...200 С шамасында неғұрлым қарқынды өсіп-өнеді және дамиды. Ауаның минимальды температурасы сақталғанда егілген өскіндер 36, кейде 50 күн дегенде 18-190 шамасында сақталғанда 19-20 күнде күнде пайда болады. Сабағының өсуі мен дамуының оптимальды температурасы 20-250 С болып табылады. Бұдан жоғары температура картоптың өсуі мен дамуына кері ықпал тигізеді.
Картоп сабағы суыққа төзімсіз-0,50 С температурадағы суық пәлектің бір бөлігін зақымдайды, ал 1-20 С температураға төмендегенде оның толық зақымдалуына әкеп соғады.
Картоп су, ауа және жылуды жақсы өткізетін терең қопсырақтың оптимальды ылғалдылығы оның толық далалық су сыйымдылығының 60-80 проценті болады. Максимальды суды қажетсінуі шанақтану, гүлдену және түйнек салу кезінде арта түседі.
Картоп қоректі, минералдық элементтерді көп қажетсінетін дақыл болып саналады. Ол минералдық және органикалық тыңайтқыштарды жақсы қабылдайды. Сондай-ақ картоптың дамуына бор, марганец, мыс, мырыш және басқа микроэлементтер айтарлықтай ықпал етеді.Дегенмен картоптың микроэлементтерді сіңіруі көп болмаса да оның жетіспеушілігі өсуі мен дамуын тоқтатады.
Картоптың Қазақстанда аудандастырылған сорттары: Зауральский, Лорх, Рекорд, Ульяновский.
Ракқа төзімді картоптың сорттары: Алатау, Весна . Гатчинский, Мурманский, Невский, Огонек, Полет, Прикульский ранний, Столовый 19, Шортандинский т.б.
Ауыспалы егістегі орны: Картоптың алғы дақылдарына, оларды жинағаннан кейін жеткілікті мөлшерде сіңімді қоректік заттар қалдыратын, арамшөптерден арылатын және топырақтағы картоп үшін арнайы зиянкестер мен аурулардың жоқ болуын айқындайтын көпжылдық шөптер-дәнді және дәнді бұршақты дақылдар жатады. Картоп үшін төмендегі ауыспалы егіс жүйелерін ұсынуға болады.
І. Алты танапты ауыспалы егісте картоптың үлес салмағы 33 процент, 1-2 танаптар көпжылдық шөп, 3-танап картоп, 4-танап бидай, 5-танап картоп, 6-танап көпжылдық шөп араласқан арпа.
ІІ. Жеті танапты ауыспалы егіске картоптың үлес салмағы-29 процент. 1-2 танаптар-көпжылдық шөп, 3-танап-картоп, 4-5-танап-бидай, 6-танап-картоп, 7-танап-көпжылдық шөп араласқан арпа.
ІІІ. Сегіз танапты ауыспалы егісте картоптың үлес салмағы 37,5 процент. 1-танап көпжэылдық шөп араласқан арпа, 2-3 танап-көпжылдық шөп, 4-танап-картоп, 5-танап-бидай, 6-танап-картоп, 7-танап-арпа, 8-танап-картоп.
Топырақ өңдеу. Негізгі өңдеу жұмыстары алғы дақылдардың жиын-теріні аяқталған кезде топырақ қабатын 28-30 см тереңдігінде өңдеу арқылы жүргізіледі.
Егіс алдындағы топырақ өңдеу тісті тырмалармен танаптарды кесе көлденең екі ізбен қатар жүргізу арқылы атқарылады. Картопты отырғызудан бұрын көктеп келе жатқан арамшөптерді құртып, картоп түйнегін отырғызуды жеңілдететін қопсытылған қабат жасауға, 20-22 см тереңдікте сүдігерді қайта жырту жүргізіледі.
Тыңайтқыштарды қолдану. Органикалық тыңайтқыштар топырақтың физикалық қасиеттерін-су, ауа және топырақтың жылу режимін жақсартады. Тыңайтқыштар дозасы әр шаруашылықтардағы агрохимиялық картограммалар мен жоспарлы түсімге үйлестіріліп анықталады.
Азот тыңайтқышы егіс алдындағы өңдеу кезінде енгізіледі. Әсіресе азот тыңайтқышымен үстеп қоректендіруге болмайды, азот картоптың вегетациялық дәуірін ұзартып, сабақтарының шамадан тыс күшті өсуі мен түйнектерінің өнімділігіне зиянын тигізеді. Түйнектерді егумен бірге қатараралықтарға аммофос енгізіледі.
Картоп егу. Картоп отырғазуды топырақтың 10см дейінгі қабатының жылуы 6-80 С температураға көтерілгенде бастайды. Тұқым егуде «Беларусь» тракторы мен Курган тракторы мен КСМ-6 картоп егетін машиналары пайдаланылады. Түйнектерді 6-8 см тереңдікке отырғызады. Жал түсіру егуден 4-7 күн бұрын КОН-4,2,КОН-5,4 немесе КОН-2 және ВПМ культиваторларымен жүргізіледі. Түйіндердің отырғызылу жиілігі шын мәнінде алқаптағы агрегаттардың алғашқы жүріп өткен ізінен соң тексеріліп анықталады.
№25 Тақырып:Жеміс және жүзім шаруашылығы.
Қазақстанда жеміс дақылдары мен жүзімнің өсу ерекшелігіне қарай төмендегідей табиғат-экономикалық аймақтарға бөлінеді: Қаратау аймағы, таулы аймақ, тау етегіндегі аймақ, орталық аймақ және оңтүстік аймақ. Климаты континентальды тұрақты және салыстырмалы түрде жұмсақ, қысы жылы, көктемі ыстық жазға ұласады. Ауаның орташа жылдық температурасы +12,5, +12,80, өсіп-өну кезеңіндегітиімді температуралар қосындысы +4200 +46000С, аязсыз кезең 185-200 күн, жауын-шашын мөлшері 175-270мм, жазы құрғақ, топырақ-климат жағдайы жүзімнің асханалық және техникалық бағыттағы өнеркәсіптік сорттарын, сондай-ақ алманың ерте пісетін жаздық және күзгі, қысқы сорттарын өсіуге қолайлы. Соңғы жылдары дәнекті жеміс көшеттері аз өсірілуде. Қазақстанда жеміс ағаштарының ұрықтары мен дәнектері, әдетте күзде ұласушыалу мақсатында егіледі. Алманың, алмұрттың ұласушысы алдымен екпе бөлімінде өсіріліп, күзде қазып алынады да, көктемде питомник бөліміне қайта отырғызылады, ал дәнекті жеміс ағаштарының көшеттері сол орнында ұластырылады, күтім жасалады.
Ұрықтар толық өнім шығуы үшін оның өзінің тыныштық дәуірінен өтуі қажет. Ол үшін ұрықтар ылғалды ортада, төменгі қолайлы температурада ұсталады. Дәнді тұқымды жеміс ағаштары-алма, алмұрт, беке ұрықтары күзде себіледі де, ол табиғи жағдайда тыныштық дәуірін өткізеді, ал дәнекті жеміс тұқымдарының тыныштық дәуірі ұзақ уақытты талап етеді. сондықтан әдейі агротехникалық дайындықтан өтуі тиіс. Ол үшін шаруашылықтарда жасанды түрдестратификация жүргізіледі. Шаруашылықтарды таза құмды 1/3 бөлігіндей етіп ұрықпен араластырады, бұл субстратты подвалда, траншеяда, қараңғыланған салқын жерлерде ұстау керек. Дәнекті жеміс ұрықтарының стратификациялық дәуірі 100-120 күнге дейін барады.
№26 Тақырып:Көктеу және дамуы:Өсіру технологиясы
Жеміс-жүзім шаруашылығы-ауылшаруашылығының негізгі саласының бірі.оның мақсаты-жеміспен жидек өндіру.адам баласы жеміс пен жидекті таза және қайта өндіру күйіндеде пайдаланады.Тәтті дәмді бола отыра олар адам баласына пайдалы қоректік
заттарды,витаминдерді ұстайды.Қазіргі кезде 40-тан астам жеміс ағаштары мен сорттары бар.Ботаникалық тип көбінесе жеміс тұқымы немесе культурасы деп атайды.Өзінің биологиялық қасиеттеріне байланысты жеміс-жидектер келесі топқа бөлінеді(кесте )
Кесте
Тұқым
|
Биологиялық түрі
|
Өмір мерзімі
|
Жеміс беру жылы
|
Жеміс пісу уақыты
|
Алма
Алмұрт
Шие
Қызыл шие
Алхоры
Өрік
Шабдалы
Бүлдірген
Таңқурай
Қарақат
Карлыған
Жүзім
|
Ағаш
Ағаш
Ағаш
Ағаш
Ағаш
Ағаш
Ағаш
Шөп түрінде
Жартыбұта
Бұта
Бұта
Бұта-лиана
|
40-100
40-100
20-30
25-30
20-30
30-50
15-30
4-8
10-20
10-25
15-25
30-50
|
3-10
8-10
4-5
3-4
4-5
3-4
3-4
2
2-3
3
3
4-5
|
Шілде-қараша
Шілде-қараша
Маусым/тамыз
Мамыр/маусым
Шілде/қазан
Шілде/тамыз
Шілде/тамыз
Маусым/шілде
Шілде
Маусым/шілде
Шілде/тамыз
Тамыз/желтоқсан
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |