ҰЛАҒат қараша



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет5/29
Дата24.05.2018
өлшемі0,85 Mb.
#16814
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

16

17

3. А.Сейдімбек. Қазақтың күй өнері. Астана, 2002.



4.  А.Мұхамбетова,  Б.Аманов.  Генезис  и  эволюция 

казахского кюя// Казахская традиционная музыка и ХХ 

век. А., «Дайк Пресс», 2002.

5.  Т.Бекхожина.  Кюи-легенды//  Народная  музыка  в 

Казахстане. А., 1966.

6. 


Т.Сарыбаев. 

Функция 


синкретического 

музицирования  в  дореволюционном  Казахстане. 

Известия Ан КазССР. 1968. №1.

Мөлдір ЗАХАРОВА,

№52 орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті 

пәнінің мұғалімі.

Қызылорда облысы,

Жаңақорған ауданы,

Сүттіқұдық ауылы.



ҚАЗАҚ ОТБАСЫНДАҒЫ 

ТӘРБИЕНІң КЕЙБІР ҚЫРЛАРЫ

Қазақ 


халқының 

данышпан 

жазушысы                  

М.Әуезовтың  «Ұлт  болам  десең  бесігіңді  түзе»  деген 

сөзі отбасы тәрбиесінің маңызын айқындап тұрғандай.

Қазақ отбасында бала тәрбиесіне ерекше мән берген. 

«Адамның  бір  қызығы  бала  деген»,-  деп  ұлы  Абай 

айтқандай, бала өмірдің қызығы екені даусыз.

Ата-бабалар  дәстүрінде  дүниеге  жас  нәресте 

келгенде азан шақырып, атын қойып, ата-анасы туған-

туысқандарын,  көрші-қолаңдарын,  жора-жолдастарын 

шақырып,  «шілдехана»  жасайды.  Шілдеханада  балаға 

арнап  көптеген  ақ  тілектер,  ән  айтылып,  ойын-сауық 

ұйымдастырылады.  Отбасы  тәрбиесінің  құдіретінің 

бірі Абай айтқандай, «Туғанда дүние есігін ашады өлең, 

өлеңмен жер қойнына кірер денең». Сәби өмірге келген 

күннен-ақ алғашқы әлдиін естиді.

Әлди-әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем.

Жылама, балам, жылама,

Жілік шағып берейін,

Байқұтанның құйрығын

Жіпке тағып берейін.

Әлди-әлди, аппағым,

Қойдың жүні қалпағым,

Жұртқа жаман болса да,

Өзім сүйген аппағым. 

Баланы  бесікке  салар  тойына  да  халық  үлкен  мән 

берген. Халқымыз бесікке салуды ауылдағы көп балалы, 

парасатты  анаға  тапсырған.  Бесікке  салу  рәсімінде 

арнаулы дәм дайындалған: құрт, ірімшік, жент, талқан, 

тары. Бұл тағамдарды бесіктің түбек тұратын тесігінен 

өткізеді.  Бесіктің  астына  қолын  тосқан  әйелдер, 

балалар,  жастар  дәмнен  ауыз  тиеді.  Әдетте  бесіктің 

үстіне жақсы заттар қойылады: қамшы, көйлек, жүген, 

тон,  көрпе,  шапан,  т.б.  Бұл  заттарды  қойғаны  –  ата-

анасы  баласының  жақсы  адам  болуын,  халық  қамын 

ойлайтын адам болып өсуін тілек етеді.

Отбасы  мүшелерінің  қарым-қатынасының  бала 

тәрбиесіндегі  алатын  орнын  ерекше  айтуымыз  керек, 

себебі  жас  ұрпақтың  тәрбиесі  –  ерлі-зайыптыларға, 

ата-әжелерге ортақ, жауапты міндет. Бұл жерде ғылыми 

педагогикалық отбасы тәрбиесінің мазмұны мен кейбір 



18

19

әдістері,  қазақ  балаларын  тәрбиелеуде  ұтымды  бола 



бермейтінін  айтып  кеткен  жөн.  Қазақ  отбасында  көп 

жағдайда  ерлі-зайыптылар  әке-шешелерімен,  аға-

інілерімен,  қарындастарымен,  ата-әжелерімен  бірге 

тұрады,  сондықтан  олардың  бәрі  балаға  тікелей,  иә 

болмаса жанама ықпалын тигізеді.

Қазақ  халқында  отбасындағы  бала  тәрбиесінде  ата 

мен  әженің  орны  ерекше.  Жас  жұбайлар  тұңғышын 

атасы  мен  әжесінің  бауырына  салады.  Олар  өмірден 

түйгенін  ұрпағына  үйретіп,  жақсы  қасиеттерге 

баулиды. Бүгінгі таңдағы ата-әжелердің көпшілігі білім 

алған,  ғылыми  педагогика  мен  психологиядан  хабары 

бар жандар, сондықтан олар тәрбиеде ұлттық дәстүрді 

де  ұтымды  пайдаланып      отыруы      абзал.      Педагог-

ғалым   Ә.Меңжанованың   ойынша,   ата   мен   әже 

жас  жұбайлардың  бала  тәрбиесіндегі  өмірдің  жаңа 

серпілісін  қуаттап,  оларға  жақындай  түссе,  ал  жастар 

өз тарапынан олардың мол тәжірибесіне, өмірден алған 

даналығына  құлақ  асып,  үлгі  алып  отырса  нұр  үстіне 

нұр болар еді. Отбасындағы бала тәрбиесінде қазақтың 

мақал-мәтелдерінің,  шешендік  сөздерінің,  аңыз-

әңгімелерінің  орны  ерекше  десек  артық  айтқандық 

болмас.  Ата-аналар  «Жақсыдан  шарапат,  жаманнан 

кесапат»,  «Жақсымен  жолдас  болсаң  –  жетерсің 

мұратқа,  жаманмен  жолдас  болсаң  –  қаларсың  ұятқа» 

деген мақалдарды пайдалану арқылы өз балаларының 

жақсы адам болуы үшін, ең алдымен, жолдасын, досын 

таңдай  білуге  үйреткен.  «Үлкеннен  ұлағат  –  кішіге 

кеңес»,  «Ел  ағасыз  болмас,  тон  жағасыз  болмас», 

«Жеріне  лайықты  ері  туады»,  «Ер  бесіктен  танылар» 

деп, балаларды жастайынан үлкеннің ақылын алуға, ел 

қамын ойлайтын азамат болуға баулып отырған.

Қазақ  халқының  отбасында  бала  тәрбиесінде 

қолданатын  құралдарының  бірі  –  ырымдар  мен 

тыйым  сөздер.  Бұл  құралдар  ғылыми  педагогикада 

оқушылардың  мінез-құлқын  жаттықтыру  әдістері  деп 

аталады.  «Үлкеннің  алдын  кеспе»,  «Кемтар  адамға 

күлме»,  «Аманатқа  қиянат  жасама»,  «Өтірік  куәлік 

жасама», «Көп ішінде қатты күлме», «Үлкеннің бетінен 

алма»,  «Әйелге  күш  көрсетпе»,  «Үлкеннен  бұрын 

сөйлеме», «Аққуды атпа», «Шақырмаған жерге барма», 

«Жалғыз ағашты кеспе», «Кісіге қарап керілме», т.б.

Белгілі  ғалым  Ә.Қоңыратбаевтың  айтуынша, 

ырымдар,  тыйым  сөздер  халқымыздың  айналасын 

қоршаған  орта,  табиғат,  өзара  қарым-қатынас  туралы, 

өмірдің  өзінен  түйіндеген  пайымдаулары  мен 

қағидалары, әлеуметтік және мәдени көрсеткіші болып 

табылады.  Ғалымның  құнды  пікірін  қолдай  отырып, 

ырым  мен  тыйым  сөздерді  халқымыздың  ғасырлар 

бойы мысқалдап жинаған этикасы дегім келеді.

Қазақ  отбасында  тамақ  ішіліп  болғаннан  кейін 

бата  беру  салты  да  тәрбие  құралы  болып  есептелген. 

Батаны  көбінесе  келген  қонақ,  үйдің  үлкен  атасы, 

анасы  беріп  отырады:  «Отбасының  берекесін 

берсін, 


балаларыңыздың 

қызығын 


көріңіздер, 

дастархандарыңыз  әрдайым  жақсылыққа,  тойға 

жайылсын,  балаларың  жақсы  азамат  болып  өссін, 

өмірлері ұзақ болсын» деген тілектер айтылады. Міне, 

жоғарыда айтылған тәрбие құралдары арқылы балалар 

өсе  келе  отбасының  ізгілік  ұстанымдарын  игеріп, 

отбасылық қатынастардағы өз міндетін түсінеді.

Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелерінің бірі – 

ол жас ұрпақтың жеті атасын білуі, балалардың өзінің 

шығу  тегін,  ата-бабаларының  кім  болғанын,  қандай 

кәсіппен айналысқанын білуі шарт. Бұл жөнінде қазақ 



жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау