ҰЛАҒат қараша



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет3/29
Дата24.05.2018
өлшемі0,85 Mb.
#16814
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

8

9

тық  сипатта  емес,  өнімді  қызмет  формасы  түрінде 



байқалады;

ә)  дағдыдан  айырмасы  –  оқыған  материалды 

топтастыра, құбылыстарды, заңдылықтарды шығарма-

шылықпен пайдалана отырып, өзгерте алатын саналы 

қызмет;

б) біліктіліктен айырмасы – дағдыға автоматты түрде 



жету  немесе  алмастыру  емес,  керісінше,  бірнеше  пән 

дағдыларын кіріктіру, жалпы қызмет негіздерін сезіну.

Сондықтан  да  құзырды  әр  түрлі  кенеттен  болған 

жағдайларда  мәселелерді  шешу  үшін  қажетті  білімді 

немесе әрекетті көрсете білу қабілеті білім мен өмірлік 

жағдай  арасындағы  байланысты  орнату  мүмкіндігі 

ретінде, ал құзырлылықты адамның өзіндік деңгейіне, 

даралық  қасиеттеріне  тікелей  байланысты,  тұлғалық, 

теориялық,  практикалық  өлшеу  дәрежесі  жоғары 

деңгейде  кіріктірілген  құрылым  ретінде  қарастыру 

ұсынылады»  [2, 127-б.].

«Құзірет»  –  білім  беру  үрдісі  нәтижесінде  білім 

алушының мінез-құлқына, әрекетіне қойылатын талап 

ретінде оның өз тіліндегі, өз деңгейіндегі жатық сөздер, 

жатық  іс-әрекеттер  арқылы  анықталатын  ұғым,  ал 

құзіретті адам нақты бір аймақта негізді шешім шығару, 

тиімді әрекет жасауға мүмкіндік туғызатын білім мен 

қабілеттерді  қамтиды.  Аталмыш  ұғымдарды  түйінді 

сөздермен жинақтайтын болсақ, құзіреттілік – 

-  тұлғаның  адамзат  мәдениетімен  теңдес  келетін 

қабілеті;

- тұлға қасиеті;

- тұлға сапасы, тұлғалық сипаттамасы;

-  даралығы  мен  кәсіби  тұлғалық  бейнесінің 

тұрақтануы;

- білім мен тәжірибесіне негізделген жалпы қабілеті 

мен тұлғаның қызметке дайындығы;

-  адамның  жаңа  заман  қажеттіліктерінің,  жаңа 

экономиканың  адами  ресурстарға  деген  жаңа 

көзқарастарының салдары;

- шешім қабылдау құқы;

- тәжірибе өлшемі.

Құзірет –           

-  құндылыққа  бағытталуына  негізделген  жалпы 

қабілет;

- сапалы, өнімді қызмет ету үшін қажетті тұлғаның 

бір-бірімен тығыз байланыстағы сапалары;

- қызмет тәсілдерін пайдалану дайындығы;

- қойылатын талаптарға жеке бас қасиеттерінің сай 

келу дәрежесі,

- таным тәжірибесі;

-  адамның  өзінің  рефлексиясына,  шешім  қабыл-

даудағы жауапкершілігіне бағытталуы. 

Құзіреттіліктің  негізгі  белгілері  ретінде  төмен-

дегідей ерекшеліктер ұсынылады:

- тұлғааралық, еңбектегі байланыс мәдениеті;

-  практикалық  кәсіби  тапсырмаларды  орындаудағы 

дайындық мүмкіндігі;

- тиімді шешім қабылдау  қабілеті;

- нақты болып жатқан құбылыстарды түсіндірудегі, 

танып  білудегі,  жаңа  технологияны  меңгерудегі 

ерекшеліктерді; әр түрлі жағдаяттан шығу біліктілігін 

жатқызуға болады.

Бүгінгі күні ғылыми еңбектерде  жиырмадан астам 

құзіреттілік  жөнінде  пікірлер  қалыптасқан.  Мысалы, 

әлеуметтік,  когнитивті,  қатысымдық,  ақпараттық-

технологиялық  және  т.б.  құзіреттіліктер.  Жоғары  оқу 

орындары  студенттерінің  қатысымдық  құзіреттілігін 




10

11

қалыптастыруда  студенттердің  басқа  да  құзіретті-



ліктері  қатар  қалыптасады.  Бұл  құзіреттіліктер  өзара 

тығыз  байланысты,  өзара  сабақтасып  жатқандығын 

көрсетеді.    

Қатысымдық  құзіреттілік  –  лингводидактикада 

кейінгі  жылдарда  ғана  сөз  болып  жатқан  мәселе. 

Әдіскер-ғалымдардың  еңбектерінде  бұл  терминді 

екінші  тілді  үйренуші  оқушыларға  тілдің  заңдылық-

тарын жаттанды үйретпей, сол тілді тілдік қатынаста, 

өмірде,  кәсіпорындарда      тілдік  және  қатысымдық 

тәсілдерді орынды қолданумен байланыстырады. 

Жоғары оқу орындарындағы студенттердің қазақша 

қатысымдық құзіреттілігін қалыптастыру мәселесі   –

тілдің  қатысымдық  және  когнитивтік  салаларының 

өзара ортақ бағыттары мен ұстанымдарынан туындаған 

жаңа  бағыт.  Бұл  бағыт  бойынша  студенттердің  қазақ  

тілін меңгеруде сөз мағынасын қабылдауда, пайымдауда, 

түсінуде  танымдық  ерекшеліктерін  ескеру,  олардың 

түрлі  өмірлік  жағдаяттарда  өз  ойын,  пікірін  жеткізу, 

коммуникативтік  міндеттерді  шешу,  қатысымдық 

мақсатты  іске  асыруда    тілдің  заңдылықтары  мен 

нормаларын  орынды  пайдалана  білу  дағдыларын 

қалыптастыру мәселелері алдыңғы орынға шығады. 

Қатысымдық  құзыреттілігі  қалыптасқан  студент 

екінші  адаммен  белгілі  бір  ақпаратты  жеткізіп  қана 

қоймайды,  сонымен  қатар  екінші  адамға  немесе 

ортаға  өз  ойын  түсіндіреді,  олардың  пікірін  ұғады, 

студенттердің  екінші  адамға  өз  ойын  ұғындыруы, 

онымен түсінісуі оның әлеуметтенуіне, өзін қоғамның 

мүшесі ретінде   сезінуіне әкеледі. 

Сондықтан  да  бұл  терминнің  мән-мағынасына 

түсініктеме  бергенде,  ең  алдымен,  қатысымдық 

құзіреттілік    өз  пікірін  дәлелдейтін,  тілдік  қарым-

қатынаста қатысымдық мақсатты орындайтын, өзіндік 

пікірі  бар  жеке  тұлғаның  бойында  қалыптасатын 

қабілет екендігіне назар аударған жөн. 

Қатысымдық құзіреттілікке  жоғары оқу орындары 

студенттерінің  қазақ  тілінде  тілдік  қатынас  жасауы, 

ұғынысуы,  түсінісуі,  өмірлік  түрлі  жағдайларда  сөй-

лесім әрекеті арқылы өз ойын жеткізуі жатқызылады.

Қатысымдық  құзіреттілік  арқылы  студенттер 

сөйлесім  әрекетінің  барлық  түрлерін  меңгеруі  тиіс. 

Студенттер  тыңдалым,  айтылым,  оқылым,  жазылым, 

тілдесім үдерістері бойынша  айтылған ақпараттардың 

мазмұнын, кез келген ортада өзінің пікірін еркін айтуға 

дағдыланып,  мәтіндегі  ақпараттарды  толық  түсініп          

оқи алуы тиіс.

Қатысымдық  құзыреттілік  жеке  тұлғаның  рухани 

өсуін  қалыптастырады,  адамдарды  түсіне  білуіне 

көмектеседі. Сондықтан оқу орыны алдына мақсат қоя 

білетін, анық та дұрыс сөйлей білетін, өз ойын жарыққа 

еркін  шығара  алатын,  түсіне  және  түсіндіре  білетін 

білікті маманды еңбекке аттандырады. Білім алушының 

қатысымдық құзыреттілігін дамыту үшін сұрақ-жауап, 

диалог, қатысым жүзеге асырылады.

Жазылым – коммуникативтік  құзіреттіліктің алғаш-

қы  баспалдағы  болып  есептеледі.  Бұл  жұмыс  түрлері 

барлық сабақта мүмкіндігінше қолданылады.

Қатысымдық құзіреттілікті дамыту үшін жүргізіле-

тін  жұмыс  түрлері  білім  алушының  қатысым  және 

жазылым  қарым-қатынасын  қалыптастыруға,  сөйлеу 

тілін  дұрыс  меңгеруге,  жеке  тұлғаның  құзіреттілік 

қатысымдылығын жүзеге асыруға ерекше ықпал етеді. 

Осыған  байланысты  әдіскер-ғалым  Ф.Ш.Оразбаева 

қатысымдық әдістің өзіндік белгілерін көрсете отырып, 

оған  мынадай  анықтама  береді:  «Қатысымдық  әдіс 



жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау