ҰЛАҒат қараша



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет4/29
Дата24.05.2018
өлшемі0,85 Mb.
#16814
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

12

13

дегеніміз  –  оқушы  мен  оқытушының  тікелей  қарым-



қатынасы  арқылы  жүзеге  асатын,  белгілі  бір  тілде 

сөйлеу  мәнерін  қалыптастыратын,  тілдік  қатынас 

пен  әдістемелік  категорияларына  тән  басты  белгілер 

мен  қағидалардың  жүйесінен  тұратын,  тіл  үйретудің 

тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас 

құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі» [3, 56].

Осылайша мұғалімнің оқудағы құзіреттілікке бағыт-

бағдар  беруі,  білім  алушының  ой-қорытынды  жаса-

уына,  өз  ойын  айта  білуіне,  оны  күнделікті  өмірде 

пайдалана білуіне көмегін тигізеді.

Модульдік оқыту технологиясы нәтижелілігінің бірі  

–  қатысымдық  құзіреттің  сапалы  қалыптасуы.  Яғни, 

мемлекеттік тілді студенттер  меңгере отырып, болашақ 

мамандықтарын  жан-жақты  игерген  құзіретті  маман 

болып, еңбекке араласқан кезеңде  оқу орнынан алған  

теориялық білімдерін тәжірибеге қоса білген болса, онда 

ол  оқу  жүйесіндегі  қолданылған  технологиялардың 

тиімділігін танытады.  



Пайдаланылған әдебиеттер:

1.  Н.Ә.Назарбаев.  Қазақстан  –  2030:  барлық 

қазақстандықтардың  өсіп-өркендеуі,  қауіпсіздігі  және 

әл-ауқатының  артуы.  Ел  Президентінің  Қазақстан 

халқына Жолдауы. А., «Білім», 1997, 176-б.

2. 


К.С.Құдайбергенова. 

Құзырлылық 

білім 

сапасының  критерийі:  әдіснамасы  және  ғылыми-



теориялық негізі. А., 2008. 328-б.

3.  Ф.Ш.Оразбаева.  Тілдік  қатынас:  теориясы  мен 

әдістемесі. А., 2000.

Ұлттық ұлағат

Ахат ӘБІШЕВ,

Ақтөбе гуманитарлық  

колледжінің ұстазы. 

ДӘСТүРЛІ МУЗЫКАДАҒЫ                 

АңЫЗ-ӘңГІМЕЛЕРДІң МӘНІ

Көптеген  аңыз-әңгімелер,  қазақтың  музыкалық 

аспаптары  мен  аспаптық  музыкасы  халық  өмірінде  

үлкен рөл атқарады. Қазақ халқының рухани өмірінде 

аңыз-әңгімелер  өте  көп,  оның  ішінде  музыкалық 

аспаптарға  қатысты  және  күй  аңыздары  ежелгі  атам 

заманнан  бері  атадан-балаға  жетіп  және  осы  уақытқа 

дейін сақталып келеді. Соған қарамастан, қазіргі таңда 

күй аңыздары этномузыкатанушылар мен орындаушы-

күйшілер  тарапынан  жеткіліксіз  зерттеліп,  айтылмай 

келеді.  Әйтсе  де,  күй  аңыздары  туралы  А.Жұбанов, 

Р.Бердібаев, 

Т.Бекхожина, 

Е.Тұрсынов 

сияқты 

ғалымдардың  еңбегінен  күй  аңыздарына  музыка 



зерттеушілерден гөрі әдебиеттанушы ғалымдар көбірек 

көңіл аударған және олар бұл жанрды жеке фольклорлық 

туынды  ретінде  қарастырғанын  байқаймыз  [1;2]. 

Қазақтың ежелгі күй аңыздары тотем, магия, бақсыларға 

деген  сенім-нанымнан  туған.  Күй  аңыздарына  алғаш 

рет арнайы көңіл аударып, оларға жанрлық сипаттама 

беріп,  аңыздарға  ғылыми  талдау  жасай  отырып,  күй- 

аңыздарын тарихи кезеңдерге бөлген әйгілі зерттеуші, 

ғалым Ақселеу Сейдімбек [3,141].

Домбыра  аспабының    керемет  сакралды  қасиеті 

–    тілсіз  сөйлеу.    Аспап  күй  арқылы  иесінің  барлық 

ішкі шерін, ойын жеткізе біледі. Сондықтан да күйдің 




14

15

шығу  тарихы,  аңызы    күй  өнерімен  бірге  туып,  бірге 



келе жатқан тіпті оның айырылмас сыңарындай. Халық 

арасында  шебер  орындаушымен  қатар,  сөзге  шебер 

күйшілер  де  тараған.  Соған  байланысты,  күй  тартар 

алдында  айтылатын  аңыз-әңгімелерді  айту  дәстүрі 

қалыптасқан.  Әр  күйдің  шығу  тарихы,  көркемдік 

маңызы  сол  күйге  байланысты  ауызша  айтылатын 

әңгімелерге тікелей тәуелді және күй сазының өзіндік 

бітім-болмысы  да  оның  мәтіндік  мағынасына  орай 

құрылады. Музыка мен сөздің бірлігі мағынасы жағынан 

әрі  композициялық  жағынан  біртұтастығы  –  күйдің 

синкретті  жанрға  жататынын  белгілі  музыкатанушы-

ғалым  А.Мұхамбетова  жазған  болатын  [4,  120]. 

Ғалым  күйлерді  екі  түрге  бөлген.  Біріншісі  –  аралас: 

әңгіме  барысы  музыкалық  үзіндімен  толықтырылып, 

немесе толық күйге аспаптық эпизодтарды кіргізумен  

жеткізіледі, яғни, күйдегі басты кейіпкерлердің тікелей 

сөзі  немесе  қимылдары  музыкамен  толықтырылады 

(аңыздағы күй, күй-аңыз). Мысалы, «Таңсаңшы ойбай, 

таңсаңшы», Құрманғазы «Не кричи, не шуми». Сонымен 

қатар,  кейіпкерлердің  іс-әрекетін  музыкалық  үзінді 

аңызда,  салт  туралы  айтылғанда      толықтырылады, 

мысалы,  «Ақсақ  құлан»  күйінде  жоқтау,  естірту 

салты бар. Бұл топқа көбінесе ежелгі күйлер жатады. 

Сөз  фольклорлық  шығармаларына,  яғни,  ертегі, 

әңгіме, аңыздарға аспаптық қана емес, сонымен бірге 

әндік  эпизодтар  да  енгізілген.  Бұл  туралы  ғалым 

Т.Бекхожинаның еңбегінде жазылған [5,132]. Екіншісі 

– жеке: Аңыз-әңгіме айтылып болғаннан кейін ғана күй 

орындалады, яғни, әңгіме арқылы тыңдаушыға күйдің 

музыкалық,  эмоциялық,  эстетикалық  мәні  барынша 

түсінікті  болады,  содан  кейін  күй  орындалады.  Бұл 

топқа  авторлық  күйлер  жатады,  яғни,  күйдің  өзі  де, 

аңызы  да  сол  күйді  шығарушының  өмірімен  тікелей 

байланысты дүниеге келеді. Мысалы, Құрманғазының 

«Ақсақ киік» күйі, Құрманғазының аңға деген аяныш 

сезімі, аңшылардың әрбіреуінің және аңның  қимылы 

айтылады. 

Күй аңызы тек тыңдаушыны ғана емес, таратушыны 

да ерекше шабытқа бөлеп, күйді беріле тартуына себеп 

болады.  Аңыздар  халқымыздың  тарихи  ахуалынан 

хабар  беретін  ең  мол  шежіре  екенін  пайымдатады. 

Осыған байланысты музыка зерттеуші Т.Сарыбаев «Күй 

аңызы – белгілі бір күйді басқа күйлермен шатастырып 

алуға  жол  бермейтін  «паспорт»  қана  емес,  оның  мәні 

әлдеқайда  зор,  ол  белгілі  бір  күйді  тудырған  жағдай 

туралы бағалы ақпарат беріп қана қоймайды. Байыптап 

ден қойғанда, күй аңызының ақпараттық ауқымы мен 

бітім-қасиеті  «паспорттық»  деректен  әлдеқайда  өрелі 

екенін айқын аңғартады» деген құнды пікір қалдырған 

[6].


Өкінішке  орай,  күй  аңыздарының  осы  аталып 

отырған  айтылу,  қолдану  дәстүрі  құрып  бара  жатыр.  

Күй  бір  бөлек,  орындаушысы  бір  бөлек,  аңызы  бір 

бөлек  бола  алмайды.  Сондықтан  да,  бұл  синкретті 

жанрды біртұтас дамыту үшін,  арнаулы музыкалық оқу 

орындарында  болашақ күйші мамандардың мамандық 

пәні  сабақтарында  да  арнайы  бағдарламамен  күй 

аңыздарын оқыту керек деп ойлаймын.  Сонымен қатар, 

келешек    этномузыкатанушы,  зерттеуші  ғалымдар 

да күйдің өзін нотаға түсіріп қана қоймай, аңызын да 

зерттеп, насихаттай отырып, ұлттық құндылығымызды 

сақтауда барынша зер салғандары жөн. 



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. А.Жұбанов. Ғасырлар пернесі. А., 1975. 

2. Р.Бердібаев.  Эпос – ел мұраты. А., 1995.



жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау