Лабораторная работа №1 Создание классификационных справочник основных средств, готовой продукции, товарно-материальных ценностей



жүктеу 1,09 Mb.
бет3/10
Дата23.11.2018
өлшемі1,09 Mb.
#24406
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

СТАВКА (НОРМА) функциясы тұрақты жарналар арқылы берілген мерзім ішінде нақты сомманы алуға қажетті бір период үшін проценттік мөлшерлемені есептейді. Берілген функцияның сұхбат терезесі 6-суретте көрсетілген.

6-сурет – СТАВКА (НОРМА) функциясының сұхбат терезесі
Синтаксис: СТАВКА(кпер; плт; нз;. бз; тип; предположение).

Берілген функцияның аргументтерінің барлық мәндері жоғарыдағы қаржылық функциялардың мәндерімен сәйкес келеді. «Предположение» аргументі («нач_прибл») – мөлшердің мүмкін боларлық шамасы. Егер «предположение» тастап кетілсе, онда ол 10% тең деп алынады. Егер СТАВКА функциясы жинақталмаса, онда «нач_прибл»-дың түрлі мәндерін қолданып көру керек. Егер «нач_прибл»-дың мәні 0 мен 1 арасында болса, онда СТАВКА функциясы жинақталады.



СТАВКА функциясы проценттік мөлшерлемені итераций тәсілімен есептегендіктен, шешім табыла алмауы да мүмкін. Егер 20 итерацийден кейін мөлшерлеме анықталуының қателігі 0,0000001-ден асса, онда СТАВКА функциясы #ЧИСЛО! қатесінің мәнін қайтарады.

СТАВКА функциясының қолданылу мысалын қарастырайық. Айлық төлем 200 теңге құрайтын 8000 теңге шамасындағы төртжылдық қарыз үшін проценттік мөлшерлемені анықтау үшін келесі формуланы қолдануға болады:

=СТАВКА(4*12;-200;8000).



Қорытындысында мынаны аламыз: айлық ( период айға тең болғандықтан) проценттік мөлшерлеме 0,77 % тең.

БЗРАСПИС қаржылық функциясы айнымалы проценттік мөлшерлеме барысында күрделі проценттерді есеп аударғаннан кейінгі инвестициялардың болашақ мәндерін есептейді. Берілген функцияның сұхбат терезесі 7-суретте көрсетілген.

7-сурет – БЗРАСПИС функциясының сұхбат терезесі
Синтаксис: БЗРАСПИС (первичное; план).

Аргументтер:



  • первичное – салымның (инвестицияның) ағымдағы мәні

  • план – қолданылатын проценттік мөлшерлемелердің массиві.

Егер берілген функция қол жеткізбейтін жағдайда болса немесе #ИМЯ? қатесін қайтаратын болса, онда «Пакет анализа» (меню СервисНадстройкиПакет анализа) надстройкасын орнату және жүктеу қажет. “Надстройки” сұхбат терезесі 8-суретте көрсетілген.

8- сурет “Надстройки” сұхбат терезесі
БЗРАСПИС қаржылық функциясының қолданылу мысалын қарастырайық. 6 жылға басып шығарылған номиналы 100 мың теңге облигациясы бойынша есеп аударудың келесі реті қарастырылған: 1 жылда – 10 %, 2, 3 - 20 %-тен, 4, 5, 6 – 25 %-тен. Күрделі проценттік мөлшерлеме бойынша облигацияның болашақ (өсірілген) құнын есептеу.

Берілген есепті шығару үшін барлық проценттік мөлшерлемелерді 8-суретте көрсетілгендей жұмыс парағына енгізу керек. Бұдан кейін «первичное» графасына облигацияның номиналды құны енгізіледі, ал «план» графасына - В1:В6 диапазонынан проценттік мөлшерлемелердің массиві.


8-сурет – БЗРАСПИС функциясының қолданылу мысалы


Алты жылдан кейін облигацияның болашақ құны 309375 теңгені құрайды.

9-суретте көрсетілген ВНДОХ_(ВСД'>ВНДОХ (ВСД) функциясы ақша қаражаттарының легі үшін айналымның ішкі жылдамдығын қайтарады. Рента кезіндегідей операция көлемі жиілікті болуы тиісті емес. Айналымның ішкі жылдамдығы – бұл жиілікті уақыт периодында болатын төлем (сол мәндер) және түсімдерден ( оң мәндер) құралатын инвестициялардан алынған табыстың проценттік мөлшерлемесі.



9-сурет – ВНДОХ (ВСД) функциясының сұхбат терезесі
Синтаксис: ВНДОХ (значения; предположение).

Аргументтер:



  • значения – сандық шамалар үшін құрал айналымының ішкі жылдамдығы есептелінетін, осы сандық шамаларды қамтитын массив немесе ұяшықтарға сілтеме. Айналымның шікі жылдамдығын есептеу мүмкіндігі болу үшін мәндер кем дегенде бір оң және бір сол мәнді өз ішінде қамту керек. ВНДОХ функциясы түсімдер немесе ақшалай төлемдер ретін интерпретациялау үшін мәндер ретін қолданады, сондықтан төлем мен түсімдердің мәндері дұрыс ретпен енгізілуін қадағалау керек;

  • предположение – ВНДОХ қорытындысына жақын деп саналатын шама

ВНДОХ-ты есептеу үшін Excel итераций тәсілін қолданады. 0,00001 дәлдігімен қорытынды алмағанша дейін прогнрз мәнінен бастап ВНДОХ функциясы циклдық есептеулерді орындайды. Егер ВНДОХ функциясы 20 тырысудан кейін қорытындыны ала алмаса, онда #ЧИСЛО! қатесінің мәні қайтарылады

Көп жағдайда ВНДОХ функциясы көмегімен есептеу үшін “предположение”-ні тапсыру қажет емес. Егер “предположение” тастап кетілсе, онда ол 0,1 (10%) тең деп саналады.



Егер ВНДОХ #ЧИСЛО! қатесінің мәнін берсе немесе қорытынды күтілетіннен алшақ болса, онда есептеуді қайтадан орындауды болады, бірақ басқа “предположение”-ні қолдана отырып.

ВНДОХ функциясының қолданылу мысалын қарастырайық. Сіз айырбас пунктін ашуды ойлап отырсыз деп шамалайық. Сіз бизнесті ұйымдастыру үшін 50 мың доллар шамасында алғашқы сомманы енгізесіз және 5 жыл ішінде келесі шамаларда таза табыс табуды күтесіз: 1-жылы – 12; 2-жылы – 13; 3-жылы – 15; 4-жылы – 17; 5-жылы – 18 мың доллар. Екі, үш, төрт, бес жылдан кейін инвестициялар айналымының (салынған капиталдан табыстың проценттік мөлшерлемесі) ішкі жылдамдығын есептеу керек. Берілген есептің шешімі 10-суретте көрсетілген.

10-сурет – ВНДОХ функциясының қолданылу мысалы
Екі, үш, төрт, бес жылдан кейін инвестициялар айналымының ішкі жылдамдығы сәйкесінше 36%, 10%, 5%, 14% құрайды.

ППЛАТ'>ППЛАТ (ПЛТ) функциясы тұрақты проценттік мөлшерлеме кезінде рентаның тұрақты периодтық төлемін (мысалы, қарыз бойынша үнемді төлемдер) есептейді. Берілген функцияның сұхбат терезесі 11-суретте көрсетілген.

Синтаксис: ППЛАТ (қойылым; кпер; нз; бз; тип).



ППЛАТ қаржылық функция аргументінің барлық мәндері алдында болған функция аргументтің мәндерімен сәйкес келеді.

Интервал төлемімен төленіп келе жатқан жалпы сомманы табу үшін, ППЛАТ қайтару функциясының мәнін «кпер» шамасына көбейту керек.





11-сурет – ППЛАТ (ПЛТ) функциясының сұхбат терезесі
Тұрақты пайыздық қойылымдар мен тұрақты төлемдер периодтық түр негізінде берілген период төлемінің шамасын ОСНПЛАТ (ОСПЛТ) функциясы қайтарады. Берілген функциясының сұхбаттасу терезесі 12-суретте көрсетілген.

12-сурет – ОСНПЛАТ (ОСПЛТ) функциясының сұхбат терезесі
Синтаксис: ОСНПЛАТ(қойылым; период; кпер; нз; бз; тип)

13 суретте көрсетілген ПЛПРОЦ (ПРПЛТ) функциясы, тұрақты пайыздық қойылымдар мен тұрақты төлемдер периодтық түр негізінде берілген периодта пайыз бойынша төлемдерді қайтару.



Синтаксис: ПЛПРОЦ(ставка; период; кпер; нз; бз; тип).

ПЛПРОЦ пен ОСНПЛАТ функцияларының аргументтері:

  • қойылым - период үшін пайыздық қойылым;

  • период – пайда табу керек ететін период (1ден «кпер»- ге дейінгі интервалында жату керек);

  • кпер – периодталған төлемдердің жалпы саны;

  • нз – ағымды мән, яғни келешек төлемдерді құрайтын жалпы соммасы;


Сурет 13 – ПЛПРОЦ (ПРПЛТ) функциясының сұхбат терезесі


  • бз – болашақ құн мен қолма-қол балансі, яғни ақырғы төлемнен кейін жету керек. Егер «бз» аргументі төмендетілген болса, онда ол 0-ге тең болады (мысалы, алатын ақшаның келешек құны 0-ге тең);

  • тип - 0 немесе 1 саны, қашан төлем төленуі керек екені белгілейді. Егер тип 0-ге тең немесе төмендетілген болса, онда төлем ақырғы периодта төленеді.

Негізгі төлемдерді есептеу мысалын қарастырайық, пайыз бойынша төлемдер, жалпы жылдық төлемдер мен қарыздың қалдығы мысалда ссуданың мөлшері 100000 тенге 2 % жылдық қойылым 5 жылдық мерзімге. 14 суретте көрсетілген несие сөну схемасын таблица түрінде көруге болады.

Сурет 14 – Несие қайтаруының схемасы

Есепті шығару үшін ең алдымен ұяшықтарға В1, В2 және В3 1, B2 и B3 «Мерзім», «Пайыз» бени «Несиенің соммасы» есімдерін беру керек. Есім –бұл сөз немесе символдар терімі, ұяшықты, ұяшық диапазонын, формуланы немесе тұрақтыны көрсететін. Берілген мысалда кредиттің мерзімі, пайыздық қойылым және сомма өзгермейтін тұрақтылар ролінде болады. Сондықтан, мысалы, «Пайыз» есімі 2 % мәніне ие болған, пайыздарды есептеу үшін барлық жерлерде қолдануға болады. Формуладағы анықталған есім міндеттің ұғымын оңайлатады.

Есімдер ұяшыққа абсолюттік сілтемелер болып келеді. Ұяшықтың абсолюттік адресі – бұл формуланың бөлігі, ұяшықтың адресі болып келетін және ұяшық формуламен тұрған орнына қарамай берілген ұяшыққа сілтейді. Ұяшықтың абсолюттік адресі $A$1 форматына ие болады. Егер берілген ұяшыққа есім берілсе, онда ұяшықтың адресінің орнына формула болады.

Есімдегі бірінші белгі әріппен немесе сызылған белгі болу керек. Есімдегі қалған белгілер болуы мүмкін: әріптермен, сандармен, нүктелермен және сызылған белгілермен. Бос орындар болмауы керек.

Ұяшыққа есім берілуі Вставка Имя Присвоить команда көмегімен анықталады.

В5 ұяшығында бірінші жылдың басындағы несиенің соммасы – 100000 тенге қойылады.



С5 ұяшығында бір жылдың төлемнің жалпы соммасын есептеу керек. Сол үшін ПЛТ (ППЛАТ) функциясы шақырылады және 15 суретте көрсетілгендей толтырылады.

Сурет 15 – ПЛТ функциясының толтырылуы
Бірінші жылдың пайыз бойынша төлемдер D5 ұяшығында 16 суретте көрсетілгендей ПРПЛТ (ПЛПРОЦ) қаржылық функциясымен есептеледі.

«Период» графасында А5 ұяшығына ағымдағы периодтағы номерімен сілтеме қойылады және де берілген сілтеме салыстырмалы болып келеді, яғни ол формуланың тұрған орнынан өзгеруге болады.

Бірінші жылдың төлемнің негізгі соммасы Е5 ұяшығында 17 суретте көрсетілгендей ОСПЛТ (ОСНПЛАТ) функциясының көмегімен есептеледі.

Бірінші жылдың аяғындағы несиенің соммасы бірінші жылдың басындағы несиенің соммасынан бірінші жылдың төлемнің негізгі соммасының айырмасындай анықталады.



Сурет 16 –Пайыз бойынша сомманың төлемдерін анықтау


Сурет 17 – Сомманы негізгі төлемнен есептеу
Екінші жылдың басындағы несиенің соммасы бірінші жылдың аяғындағы несиенің соммасына тең. Сондықтан В6 ұяшығында F5 ұяшығына сілтеме бағытталады. Қалған жылдарда несиенің соммасы баған бойынша төмен F5 ұяшығын толтыру маркер өткізу жолымен анықталады.

Төлемдердің жалпы соммасы, пайыз бойынша төлемдер, негізгі төлемнің соммасы және несиенің соммасы қалған периодтың аяғына баған бойынша төмен C5:F5 белгіленген диапазонды маркер өткізу жолымен толтырылады.

18 суретте көрсетілгендей барлық есептеулер нәтижесінде несиенің сөну схемасы былай көрінеді.


жүктеу 1,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау