Жылжыту әдісі
Жылжыту көмегімен объектілер жылжытылады. Объектіні алып бару үшін (мысалы, Менің компьютерім белгісін) тышқан көрсеткішін қажет объектіге орналастырып, тышқанның сол жақ батырмасын жібермей басып тұрып, объектіні қажетті жерге жылжытады. Жылжыту көмегімен тек объектілерді ғана емес, терезелерді де жылжытуға болады.
Менің компьютерім терезесін екі рет шерту көмегімен оның белгісіне шертіңдер. Тышқан көрсеткішін тақырып жолына апарып, сол жақ батырмасын басулы күйінде ұстап, терезені жаңа орынға жылжытыңыздар.
|