3-жаттығу. Проводник программасының көмегімен навигациялау.
Пуск батырмасын шертіңіз, Негізгі меню ашылады. Программы →Проводник командасын орындаңыз, Проводник программасының терезесі ашылады. Бұл программаның терезесі екі панельден тұрады. Осы панельде бумалар таңдалады және ашылады.
Оң жақ панель – буманың ішкі мазмұны. Бұл панельде таңдалынған буманың ішкі мазмұны көрінеді.
4-жаттығу. Жаңа бума құру.
Проводник терезесінің сол жақ панелінде СТУДЕНТ бумасын оның белгісіне екі рет шерту арқылы ашыңыз.
Студент тересінің ашық жерінде тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз. Пайда болған контекстік менюде Создать пунктін таңдап, пайда болған ішкі менюден Папка командасын орындаңыз. Студент бумасында жаңа бума ашылуға тиісті Новая папка аты бар жаңа бума ашылады.
Новая папка атын өзгерту үшін ат беріп, Enter пернесін басу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |