2-жаттығу. «Мой компьютер» белгісінің көмегімен навигациялау.
«Мой компьютер» белгісіне екі рет шерткенде, «Мой компьютер» терезесі ашылады. Осы терезе компьютерде орнатылған дисковод және қатты дискілер белгілері орналасқан.
С: қатты дискісінде не бар екенін көру үшін осы белгіде екі рет шерту керек, сонда терезе ашылады. С: дискісіндегі түпкі буманың мазмұны көрінеді. Қалған іштестірілген бумаларды ашу да осылай жүргізіледі. Дискілер мазмұны және компьютер бумалары бойынша жүру файлдың құрылымы бойынша жұмыс жасау болып табылады.
Терезелердің оң жақ бұрышында орналасқан батырмасына шертсе, тапсырманы орындау нәтижесінде ашылған барлық терезелер жабылады.
Достарыңызбен бөлісу: |