Kz $$$umkd name$пэоәК атауы


$$

Kz $$$umkd name$пэоәК атауы

3-000-000.3 Практикалық сабақтар


жүктеу 0,52 Mb.
бет4/4
Дата28.12.2019
өлшемі0,52 Mb.
#25287
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4

$$$003-000-000$3.3 Практикалық сабақтар

&&&


$$$003-001-000$3.3.1 Практикалық сабақ №1 Мал фермасымен танысу.

Жұмысты орындау тәртібі.Механикаландыру кабинетінде немесе базалық шаруашылықтың фермасына экскурсияға шыққан кезде кәсіпорынның бас жоспары мен өнім өңдірудің машиналық технологиясымен танысыңдар.Малды сумен қамтамасыз етудің және суарудың,жемшөп әзірлеу мен таратудың; сиыр судың; сүтті алғашқы өндеу, сақтау және тасымалдау; қи шығару,өңдеу және сақтаудың технологиялық процесстердің қарап алыңдар.

Жұмыс туралы есеп. Базалық және мал фермсының жалпы сипаттамасын жасандар.Негізгі өндірістік көрсеткіштерді таблицаға түсіріндер.


Ферма(комплекс)



Жобалық қуаты,мал саны

Бағымдағы сиырдың жыл бойғы орташа саны

Бағымдағы әр сиырдан сауылатын сүт,кг

Жалпы сауылатын сүт,т

&&&


$$$003-001-002$3.3.1.2 №1 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

1. Мал фермасы,комплекстері деген не?

2. Мал фермаларының, комплекстерінің типтік көлемін айтындар.

3. Мал комплекстерінің фермалардан айырмашылығы неде?


&&&

$$$003-002-000$3.3.2 Практикалық сабақ №2 Үш тактілі «Волга» сауу аппаратының құрылысы мен және жұмыс істеу принципін үйрену.

Үш тактілі «Волга» сауу аппаратының құрылысы мен және жұмыс істеу принципін үйрену.

Жабдықтар.Қолданылып жүрген сауу қондырғылары, үш тактілі «Волга» сауу аппараты, гайка кілттері, бұрауыштар,қайшылар,сызғыш, резинкелі келте түтікті шығаратын құралдар,плакаттар, оқу құралдары.

Жұмысты орындау тәртібі. Оқу құралдары: Үш тактілі «Волга» сауу аппараты, гайка кілттері, бұрауыштар,қайшылар,сызғыш, резинкелі келте түтікті шығаратын құралдар,плакаттар құрылысын және жұмыс істеу принципін оқып үйрену.


&&&

$$$003-002-002$3.3.2.2 №2 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

1. Үш тактілі «Волга» сауу аппаратының құрылысы және жұмыс істеу принципі туралы айтып беріндер.

2. Екі тактілі ДА-2 «Майга» сауу аппаратының құрылысы және жұмыс істеу принципі туралы айтып беріндер.

3. Екі тактілі М-66 «Импульс» сауу аппаратының құрылысы және жұмыс істеу принципі туралы айтып беріндер.
&&&

$$$003-003-000$3.3.3 Практикалық сабақ №3 Сумен қамтамасыз ету жүйесімен және су тарататын құрылғылармен танысу.

Сумен қамтамасыз ету жүйесімен және су тарататын құрылғылармен танысу.

Жұмысты орындау тәртібі.Әуелі механикаландыру кабинетіне макеттер,плакаттар,оқу құралдары бойынша сумен қамтамасыз етудің, машиналар мен жабдықтардың принципті схемаларын үйреніндер.
&&&

$$$003-003-002$3.3.3.2 №3 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары


1. Су құбыры қандай элементтерден тұрады?

2. Су сапасының негізгі көрсеткіштері қандай?

3. Сумен қамтамасыз ету көздерін атандар?

4. Су алатын құрылыс типтерін атандар?


&&&

$$$003-004-000$3.3.4 Практикалық сабақ №4 ОСБ-1000 сепараторының әрекет ету принципін, құрылысын және тетігін реттеуді үйрену.

ОСБ-1000 сепараторының әрекет ету принципін, құрылысын және тетігін реттеуді үйрену.

Жабдықтар. ОСБ-1000 сепараторы, слесарьлық аспап жиынтығы, плакаттар, оқу құралы.

Жұмысты орындау тәртібі.Сепаратордың әрекет ету принципін схема және нақты өзі бойынша оқып үйреніңдер, кілегей мен көк сүттің жүретін жолдарына зер салындар.


&&&

$$$003-004-001$3.3.4.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №4

Сепаратордың жұмыс істеу принципін және құрылысын сипаттап жазындар.Негізгі техникалық деректерін келтіріндер.Сепаратордың технологиялық реттеулерін атаңдар.
&&&

$$$003-004-002$3.3.4.2 №4 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары



  1. Сүтті механикалық өңдейтін машиналар мен жабдықтарды атаңдар.

  2. Сүтті тарту не үшін жүргізіледі?

  3. Сепаратордың құрылысы және әрекет етуі қалай?

  4. Сепаратордың қандай типтерін білесіңдер?

&&&


$$$003-005-000$3.3.5 Практикалық сабақ №5 Жемшөпке қойылатын талаптар оны әзірлеу әдістері.

Жемшөп әзірлеудің технологиялық процесстерін механикаландырудың мәні мен мүмкіндіктері жем-шөп сапасын жақсартуды, сондай-ақ жем-шөп және тұтастай мал шаруашылығының белігіл бір өлшеміне кететін еңбек шығының кемітуде болып саналады.


&&&

$$$003-005-001$3.3.5.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №5

&&&

$$$003-005-002$3.3.5.2 №5 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары



  1. Малға азықты әзірлеуді механикаландырудың қаншалықты маңызы бар?

  2. Жемшөп қалай және қандай түрлерге бөлінеді?

  3. Жемшөп әзірлеу әдісін қалай жіктейді?

  4. Жемшөп әзірлейтін жабдықтарды қандай белгілері бойынша жіктейді?

&&&


$$$003-006-000$3.3.6 Практикалық сабақ №6 Мал суаруды механикаландыратын және автоматтандыратын машиналар мен жабдықтар.

Фермалар мен комлпекстердегі су құбырының желісі айдауыш және тартқыш түтіктерден тұрады,айдауыш түтік насос станциясын су – арын мұнарасымен,таратқыш түтік су-арын мұнарасын тұтынатын орындармен жалғастырады. Тарату желісі сыртқы және ішкі болып бөлінеді.


&&&

$$$003-006-001$3.3.6.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №6

Жұмыстың мақсаты. Дербес автосуарғыштардың құрылысын және әрекет ету принципін үйрену.

Жабдықтар. Қоладынылып жүрген автосуарғыштар,аспаптар жинытығы,плакаттар, оқу құралы.

Жұмысты орындау тәртібі. Суарғыштың құрылысымен және әрекете ету принципімен танысыңдар.Суарғышты ішінара бөлшектендер,детальдарының техникалық күйін бағаландар және құрастырыңдар.
&&&

$$$003-006-002$3.3.6.2 №6 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары



  1. Су құбыры торабына қандай компоненттер жатады?

  2. Жауып-реттегіш, сақтандырғыш және су алатын арматуларға жататындары қайсы?

  3. Дербес автосуарғыштардың құрылысы қандай?

  4. Автосуарғыштың әрекет ету принципі қандай?

&&&


$$$003-007-000$3.3.7 Практикалық сабақ №7 Жемшөпті малға беруді әзірлеу.

Мал азығы – өсімдік,жануар немесе минерал тектес өсімдіктер, олардың қоректілік құны негізінен алғанда құрамындағы протеинмен,минералдық заттармен және витаминдермен анықталады.


&&&

$$$003-007-001$3.3.7.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №7

Жұмыстың мақсаты. КДУ-2,0 «Укринка» ұнтақтағышының әрекет ету принципін,құрылысын және реттелуін үйрену.

Жабдықтар. КДУ-2,0 «Украинка» ұнтақтағышы,слесарьлық аспап жиынтығы, плакаттар,оқу құралы.

Жұмысты орындау тәртібі. Ұнтақтағыштың құрастыру бірліткерін технологиялық ретімен үйреніңдер;престеуші және қоректендеруші транспортерлер,кескіш барабан, ұнтақтағыш камера,желдеткіш,шлюзді қақпағы мен пневмоөткізгіші бар циклон,шаңтұтқыш, жетек және беріліс механизмдері.

&&&


$$$003-007-002$3.3.7.2 №7 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

  1. Малға азықты әзірлеуді механикаландырудың қаншалықты маңызы бар?

  2. Жемшөп қалай және қандай түрлерге бөлінеді?

  3. Жемшөп әзірлеу әдісін қалай жіктейді?

  4. Жемшөп әзірлейтін жабдықтарды қандай белгілері бойынша жіктейді?

  5. КДУ-2,0 «Украинка» әмбебап роторлы азық ұнтақтағыштың мақсатын,әрекет ету принципін және құрылысын түсіндіріндер.

  6. Азықтың ұнтақталу дәрежесін қалай анықтайды?

&&&


$$$003-008-000$3.3.8 Практикалық сабақ №8 Малға беретін жемшөпті механикаландыратын машиналар мен жабдықтар.

Азықты турап ұсақтайтын машиналар мен жабдықтар. «Волгарь -5» азық ұсақтағыш балауса және ірі азықтарды,сондай-ақ тамыр түйнек жемістерді турауға арналған. Негізгі құрастыру бірліктері: қоректендіру және престеу транспортерлері, бірінщі (кескіш барабан) және екінші торау аппараттары. Ұсақтағыш ременьді және тізбекті беріліс, сондай-ақ редуктор арқылы электр двигателімен жұмыс істейді.


&&&

$$$003-008-001$3.3.8.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №8

Жұмыстың мақсаты. «Волгарь – 5» ұсақтағыштың әрекет ету принципін құрылысын және реттелуін үйрену.

Жабдықтар. «Волгарь -5» ұсақтағышы,слесарьлық аспаптар жиынтығы, плакаттар, оқу құралы.

Жұмысты орындау тәртібі. Ұсақтағыштың құрастыру бірлігін әрекет ету принципі мен құрылысын технологиялық бірізділігі бойынша үйреніндер.
&&&

$$$003-008-002$3.3.8.2 №8 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары



  1. Азық ұсақтайтын машинаның материалдарды турау түрлдерін және кескіш аспаптардың жіктелуін атаңдар.

  2. Материалдарды сырғанатып тураудың мәні түсініндер.

  3. «Волгарь – 5» ұсақтағышының мақсаты,әрекет ету принципі және құрылысы қандай?

  4. Тамыртүйнек жесістілерді тураудың мәнін және оларды ұсақтаудың зоотехникалық талаптарын түсіндіріндер

&&&


$$$003-009-000$3.3.9 Практикалық сабақ №9 Малға азық таратуды механикаландыратын машиналар мен жабдықтар.

Азық таратқыштарға қойылатын ең басты талаптар дың бірі – оттықтарға жемшөпті біркелі тарату, мұндайда таратын жемшөптің ысырабы 1%- тен аспауы тиіс. Азық тарататын құрылғының өнімділігі әр басқа берілетін жемшөптің ең аз және ең көп нормасы бойынша реттелуі,ал азық тарату ұзақтығы – жылжымалы таратқыштарды пайдаланғанда 30 минуттан және бір орында жұмыс істейтін азық тартқыштарды пайдаланғанда 20 минуттан аспауы тиіс.


&&&

$$$003-009-001$3.3.9.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №9

Жұмыстың мақсаты. КУТ – 3,0А тартқышының қозғалу принципін, құрылысын және реттеліун үйрену.

Жабдықтар. КУТ – 3,0А азық таратқышы,слесарьлық жабдық жиынтығы, плакаттар, оқу құралы.

Жұмысты орындау тәртібі. Жекелеген құрастыру бірліктерінің және тұтастай азық таратқыштың қозғалу принципін,құрылысын мынадай ретпен оқып үйреніндер: бункер,қырғышты транспортер,түсіру қорабы, тарату құрылғысы, жүріс бөлігі.
&&&

$$$003-009-002$3.3.9.2 №9 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары



  1. Өздерің білетін жылжымалы азық таратқыштарды атаңдар.

  2. КТУ- 10 азық таратқышының құрылысы қандай және қалай қозғалады?

  3. КТУ – 10 А, РСП-10, ЗСК-10, КС- 1,5, КС – 0,4, КС-55 машиналары қандай мақсатта қолданылады?

&&&


$$$003-010-000$3.3.10 Практикалық сабақ №10 Қи жинайтын және шығаратын машиналар мен жабдықтар.

Мал шаруашылығы өнімдерін өнеркәсіптік негізде өңдіру қи шығару жұмыстарына ерекше зоотехникалық талап қояды. Өйткені комплексте мал өте көп ұсталатындықтан қи да мол жиналады. Оның сақталуы мен пайдалануы дұрыс болмаған жағдайда айналаны ластауы, малға ауру таратуы мүмкін.


&&&

$$$003-010-001$3.3.10.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №10

Сабақтың мақсаты. Қи шығару әдістерін үйрену.

Жұмысты орындау тәртібі. Плакаттар мен оқу құралдары бойынша мал қорасынан қи шыарудың негізгі әдістерін үйрену керек.Базалық шаруашылықта экскурсияға шыққан кезде қиды шығарудың және өңдеп пайдалнудың қабылданған әдістері мен танысындар.

Жұмыс туралы есеп. Базалық шаруашылықтың мал қорасында қи шығарудың технологиялық схемасын қысқаша сипаттап жазындар.
&&&

$$$003-010-002$3.3.10.2 №10 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары



  1. Қи шығару әдістері қалай жіктеледі?

  2. Қи шығаратын машиналар мен жабдықтарға қандай талаптар қойылады?

  3. Қи шығарудың гидравликалық әдісі туралды айтындар.

&&&


$$$003-011-000$3.3.11 Практикалық сабақ №11 Механикаландырылған қи қоймасы және қи тиеуіштері мен тасымал құралдары.

НПК -30 шөмішті қи тиеуіш жиналған қиды тасымал құралдарына тиеуге арнлаған. Оның негізгі бөлшектері: рама,жетекші және кергіш білік, шөмішті шынжыр, электр двигательды жетек және асқыш.Скипті қи тиуеіш жинайтын транспортерден қиды қабылдауға және оны транспорт құралына тиеуге арналған. Ол, әдетте, қораның шетіне орналастырады. Қи тиеуіш эстокададан, шөміштен және жетек станциясынан тұрады.


&&&

$$$003-011-001$3.3.11.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №11

Жұмыстың мақсаты. Қи тиеуіштің және қи шашқыштың құрылысын оқып үйрену.

Жабдықтар.Қи тиеуіш пен қи шашқыш, плакаттар, оқу құралдары.

Жұмысты орындау тәртібі. Қи тиуеішпен қи шашқыштың құрылысын оқып үйрену. Қи тасымал құралдарына механикалық тиеуді атқаруға қатысыңдар.

Жұмыс туралы есеп. Базалық шаруашылықта қиды тиеуге және тасымалдауға қандай құралдар пайдаланылатының , олардың құрылысын және қимылы қандай екенін сипаттап жазыңдар.


&&&

$$$003-011-002$3.3.11.2 №11 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары



  1. Қи тасымалдауға қандай құралдар қолданылады?

  2. Тыңайтқыш енгізуге қандай машиналар пайдалынлады?

&&&


$$$003-012-000$3.3.12 Практикалық сабақ №12 Қолайлы микроклимат жасап, оны сақтап тұруға арналған машиналар мен жабдықтар.

Микроклимат деп тұтас алғанда мал организміне комплексті әсер ететін ауа кеңістігін негізгі физикалық және химиялық факторларын (температурасы, ылғалдылығы,химиялық құрамы,ауа қозғалысының жылдамдылығы, шаңдануы, иондануы т.с.с.) айтады.


&&&

$$$003-012-001$3.3.12.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №12

Ауа алмасу- реттелетін микроклиматтың ең маңызды факторы. Ауа алмасуы жеткіліксіздігі салдарынан қорада улы газдар жиналады және конденсат күшейеді,температурасы артады.
&&&

$$$003-012-002$3.3.12.2 №12 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары



  1. Микроклимат деп нені түсінеміз?

  2. Малдың өнімділігіне сыртқы ортаның қандай негізгі параметрлері қалай әсер етеді?

  3. Мал қорасындағы ауаның энергетикалық күйі қалай сипатталады?

  4. Мал қорасындағы жылу және ылғалдылық баланстары төмендеуін түсіндіріп жазыңдар.Олар қандай құрамнан тұрады?

  5. Желдетуді есептеген кезде қандай параметрлерді ескеру қажет?

&&&


$$$003-013-000$3.3.13 Практикалық сабақ №13 Малды жылытудың және оларға сәулемен әсер етуге арналған жабдықтар.

УО-4 механикаландырған сәулелендіргіш қондырғы малды тұрақты жағдайда сәулемен әсер етуге арналған.Жеке станциясынан,басқару шкафынан, ДРТ-400 шамы бар төрт сәулелендіргіштен, сәулелендіргіш кабельдерді асуға және жылжытуға арналған құрылғыдан тұрады.


&&&

$$$003-013-001$3.3.13.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №13

Жұмыстың мақсаты УО -4 механикаландырған қондырғымен құрылысымен танысу.

Жабдықтар.УО -4 механикаландырған сәулелендіргіш қондырғы, плакаттар, оқу құралы.

Жұмысты орындау тәртібі. Механикаландырған қондырғының құрылысының танысындар.Оның принциптік электр схемасын зерттендер.

&&&


$$$003-013-002$3.3.13.2 №13 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

  1. Сендерге сәуле шығарудың қандай көздері белгілі? Олардың техникалық деректерің келтіріндер.

  2. Сынап-кварцты және эритемдік шамдар қалай құрылған?

  3. Бактерия жойғыш шамның атқаратын қызметі мен құрылысы қандай?

  4. Малдың сәулелендіруге арналған негізгі модельдермен құрылғылардың атқаратын қызметі мен құрылысын баяндар.

&&&


$$$003-014-000$3.3.14 Практикалық сабақ №14 . Мал дәрігерлік-санитарлық шараларды механикаландыруға арналған машиналар мен жабдықтар.

Әрбір сүт фермасы жабық кәсіпорын принципі бойынша жұмыс істейді.Транспорттың кіру мен шығу санитарлық бақылау пункті арқылы жүргізіледі. Жұмыс істейтін адамдар комплекске санитарлық бақылау пункті арқылы кіруге міндетті.Қорамен комплекс территориясын санитарлық күндері айына бір рет ДУК-2 немесе ЛСД-2 автодезинфекция қондырғылармен дезинфекциялайды, ал дезинфекция аптасына бір рет жүргізіледі.

&&&

$$$003-014-001$3.3.14.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №14



{Сабақтын мақсаты, практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, есептеулер мен есептер мысалдары}
&&&

$$$003-014-002$3.3.14.2 №14 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары



  1. Мал дәрігерлік –санитарлық шаруалар жүйесі деп нені айтады?

  2. Мал дәрігерлік-санитарлық бақылау пункті қалай құрылған?

  3. Жуу – дезинфекциялау құрылғысы қалай құрылған және ол қалай жұмыс істейді?

&&&


$$$003-015-000$3.3.15 Практикалық сабақ №15 Мал шаруашылығындағы электр жетегі.

Мал шаруашылығында пайдалынылатын электр жабдығы мен электр қондырғыларының үлкен мөлшері әсіресе өнім өндірудің өнеркәсіптік әдісіне көшкен кезде, олардың сенімді және қауіпсіз жұмыс істеуін қажет етеді. Электр жабдықтары мен электр қондырғыларының сенімді, үнемді және кауіпсыз жұмысы оларды жобалау, салу және пайдалану кезеңдерінде жүзеге асырылатын ұйымдастыру және техникалық шаралардың комплексімен қамтамасыз етіледі.Айнымалы тоқтың электр тізбегінің үш фазалы жүйесі деп үш электр тізбегінен тұратын жүйені атайды.

&&&

$$$003-015-001$3.3.15.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №15



{Сабақтын мақсаты, практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, есептеулер мен есептер мысалдары}
&&&

$$$003-015-002$3.3.15.2 №15 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары



  1. Айнымалы тоқтың үш фазалы тізбегі дегеніміз не?

  2. Үш фазалы генератор қалай орналасқан?

  3. Үш фазалы генератордың орамдарын жалғастырудың қандай түрлері сендерге белгілі?

&&&


$$$006-000-000$3.6 Курс жұмысы
&&&

$$$006-001-000$3.6.1 Оқу-әдістемелік нұсқаулар

а) Пәнді оқу барысында қажетті уақытты ұйымдастыру және жоспарлау бойынша кеңестер:

Семестрдегі оқу жүктемесін біркелкі үлестіру керек және әрбір студент міндетті түрде орындайтындай, тапсырмалар жиынтығын беру керек және олардың орындалуын қатаң бақылау керек. Бұл үшін кафедрада бақылаудың әртүрлі формасы бар. Әрбір пән бойынша өздік жұмысының сағат санын анықтау, оқу тапсырмаларын регламенттеу нақтылыққа, анықтылыққа әкеледі, басқа сабақтардың есебінен СӨЖ дің көбейіп кетпеуін қамтамасыз етеді. Бұл қорытынды студенттердің пікірімен нақтыланады. Пәнді оқу барысында сұрақтардың бір бөлігін студент өздігінен оқу керектігін білу қажет.



Біздің кеңес: өз уақытыңыздың шығынын талдау керек. Өз уақытыңды есепте және бақылау жаса, оған ұқыпты қара.

б) студенттің іс-әрекеті немесе пәнді оқудың сценариі.  

1. Оқу материалын дұрыс орналастыру және пәннің өткен материалдарын  және басқа пәндерді байланыстыру.

2. Тақырыпқа байланысты сабақты өткізудің түрлері мен әдістері анықталады. Пәннің көптеген сұрақтарын нақты мысалдарын және зертхана жұмыстарынан меңгеруге болады.

3. теориялық курс зертханалық-тәжірибелік жұмыстармен және тәжірибеден өту барысында, оның ішінде диплом алды тәжірибеден өту барысында бекітіледі.

Зертханалық сабақтар тақырып дәрістері оқылғаннан кейін жүргізіледі.

Сөзсіз, бұндай сабақтарда ойлау, талдай білу қабілеттері дамиды. Пәнаралық байланыс студенттердің ғылым негізін терең меңгеруге қажет. Олар ойкеңістігінің кеңеюіне, білуге деген қызығушылықтың дамуына, жаңа ғылымды өздігінен игеруге және оларды тәжірибеде қолданудың белсенділігін жоғарылатады.

Пәнаралық байланыстың негізінде бір пәнмен келесісінің арасын жалғастыруға болады, оқу материалдарын көшіруді болдырмау керек. Оқу процесінде бұндай байланыстар туындауы мүмкін, оларды алдын ала анықтап және де оларды жұмыс бағдарламасына жоспарына кіргізу керек.

в) оқу-әдістемелік кешенінің материалдарын қолдану бойынша ұсыныстар.

ПЭОӘК енгізілген оқу-әдістемелік материалда дамыған ғылымның жетілдірілген деңгейін көрсетуі керек, оқу материалының логикалық мазмұнын қарастыру керек, студенттердің оқу материалын терең меңгеру үшін және оны тәжірибеде пайдалану үшін жетілген әдістер мен техникалық тәсілдер қолдану керек.

Кредиттік оқу жүйесінде СӨЖ-дің үлесі өсіп, мәні жоғарылайды, ал бұл өз кезегінде студенттің жұмысын өзгертеді, оның іс-әрекетіне талап жоғарылайды.

г) әдебиеттермен жұмыс істеу бойынша ұсыныстар: оқырманның мақсатын білмей, қандай әдебиет көздерімен жұмыс жасау керек екенін, қандай көлемде әдебиет қолдану керек екенін айту қиын. Студент оқу бағытын жоспарлай білу керек, табылған әдебиет көзіне тез және дәл есеп беріп, содан кейін оны кез-келген уақытта оңай табылатындай етіп қою керек. Өйтпеген жағдайда үлкен әдебиет қорын белсенді пайдалану мүмкін емес.

Пән бойынша арнайы әдебиетпен жұмыс істеудің негізгі мақсаты келесідей болып бекітіледі: үлкен көлемдегі материалдан өзіне керекті негізгі мәліметтерді, болашақ мамандарға қажетті материалдарды таңдап алу керек.

д) Емтиханға дайындалу бойынша кеңестер. Жазғы және қысқы сессия-ең қиын жұмыс кезеңдері. Қысқы сессия уақытында, семестр бойына жүйесіз жұмыс істеу нәтижесінде меңгеруге мүмкін емес үлкен материалдарды еске түсіруге тура келеді. Сессия уақытында материалдарды тек қайталап, бір жүйеге келтіріп және түсініксіз сұрақтар бойынша кеңестер алуға болады.

Сессияға дайындықты алғашқы, ынтамен тындалған дәрістерден және толық орындалған зертхана-тәжірибелік, семинар сабақтарынан бастау керек. Бұл сіздің табысыңыздың негізі.

Есте сақтаңыздар-түнгі дайындық сабақтары аз өнімділік береді. Олар ойдың жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуіне әкеледі. Уақытты жоспарлау кезінде, қандай емтихан сізге қиын болады және қайсысына уақыт қорын көп қолдану керек екенін ескеру керек.

Өзіндік дайындық үшін кафедра  берген бақылау сұрақтарын және бағдарламаларын ұтымды пайдалану керек.

Семестрдегі ұқыпты жұмыстарыңыз және емтиханға деген екпінді дайындығыңыз сізге сенімділік туғызады және біліміңізге сай бағаны аласыз.    


&&&


$$$006-001-001$3.6.2 Курс жұмысының тақырыптары

{Тақырыпты таңдауға арналған кілті көрсетілген тізім}

&&&

$$$007-000-000$3.7 Білімді бақылау бөлімі
&&&

$$$007-001-000$3.7.1 1-модуль бойынша тапсырма



  1. Мал кешендерінің фермалардан айырмашылығы неде?

  2. Фермалар мен комплекстерде сауу агрегаттарымен қондырғылардың қандай типтері қолданылады?

  3. Топтық автосуарғыштың дербес автосуарғыштан қандай айырмашылығы бар?

  4. Сүтті алғашқы өңдеудің мәні неде?

  5. Сумен қамтамасыз ету көздерін атандар.

&&&


$$$007-001-001$3.7.2 2-модуль бойынша тапсырма

  1. Малға азықты әзірлеуді механикаландырудың қаншалықты маңызы бар?

  2. Жемшөп әзірлеу әдісін қалай жіктейді?

  3. Тамыртүйнек жемістілерді тураудың мәнін және оларды ұсақтаудың зоотехникалық талаптарын түсіндіріңдер.

  4. Азық таратқыштар қалай жіктеледі?

  5. Қи шығаратын машиналар мен жабдықтарға қандай талаптар қойылады?

&&&


$$$007-001-002$3.7.3 3-модуль бойынша тапсырма

  1. Қи тасымалдауға қандай құралдар қолданылады?

  2. Малдың өнімділігіне сыртқы ортанын қандай негізгі параметрлері қалай әсер етеді?

  3. Малға ультракүлгін сәулемен әсер ету және инфрақызыл сәулемен қыздырудың мақсаты қандай?

  4. Мал дәрігерлік-санитарлық шаралар жүйесі деп нені айтады?

  5. Айнымалы тоқтың үш фазалы тізбегі дегеніміз не?

&&&


$$$007-001-004$3.7.5 1-межелік бақылау тестілері
1.Өнеркәсіптік негізге көшірілген фермалар мен комплекстерде сиырлар тәулігіне неше рет суылады?

А)1


В) 2

С)3


D)4

Е)2-4


2.Сүт сақтауға арналған ыдыстардың сыйымдылығы? (саны),литр?

А)1; 500

В)2; 700

С) 1; 800

D)2-4; 600

Е)5-10; 100

3.Бір сауын машинасында қанша сиыр сауылуы керек?

А)100-500

В) 100-200

С)300-400

D)250-300

Е)100-150

4.Сауын сиырларды жыл бойы қорада ұстап, күтіп бағатын болса, оларды қанша қашықтыққа серуендету керек?

А) 1 км


В)3 км

С)5 км


D)8 км

Е)10 км


5. Фермаларда азық таратып беру процесті механикаландырған жағдайда еңбек шығынын қанша процентке азайтуға болады?

А)15-18


В)19-25

С)25-40


D) 18-21

Е)20-30


6. Азық таратқыш цистернаның сыйымдылығы қанша(м)?

А)30


В) 25

С)20


D)15

Е)10


7. Біздің елімізде қай жылы екі камералы станоктар арқылы жұмыс істейтін үш тактылы сауу машиналары қолданылды?

А)1929


В)1988

С)1955


D) 1937

Е)1800


8. Сауыншы сиырды сауарда сиыр желінін қандай температурадағы сумен жуады?

А)15-30


В)16-32

С) 40-50


D)30-35

Е)22-35


9. Май түйіршіктерінің гранулометриялық құрамын біркелкі ету үшін гомогенизациялау және жасанды сүт шығарудағы эмульсиялау қандай процестерге жатады?

А) механикалық

В)техникалық

С)жылыту

D)сату

Е)сепаратырдан өткізу



10. Машинамен сауылатын сиырлардың сүт беру жылдамдығы қанша болу керек?

А) 0,80 л/с

В)0,15 л/с

С)20,5 л/с

D)15,8 л/с

Е)10,8 л/с

11. Сүт фермаларында сүт құбырларымен жабдықталған сауу қондырғысы қанша сиыр саууға есептелген?

А)500


В) 120

С)250


D)150

Е)100


12. Жер асты сулары жер бетінен қанша метр қашықтықта орналасады?

А)20-30метр

В) 50-100метр

С)100-150метр

D)50-70метр

Е)80-100метр

13. Ортадан тепкіш насостар су айдаған кезде неше түрге бөлінеді?

А) 3


В)5

С)2


D)4

Е)7


14. Насостың жұмыс істеуіне кететін энергия шығыны қанша ваттан аспауы керек?

А)100 ваттан

В)150 ваттан

С)200 ваттан

D) 250 ваттан

Е)300 ваттан

15. Азықтың ірі болуын қандай белгілер арқылы реттеуге болады?

А)көлемі


В)метрі

С) диаметрі

D)көрсеткіші

Е)дұрыс жауап жоқ

16. Қи мен құрылыс материалдарын тасымалдауға пайдаланылатын трактор маркасы:

А) 2ПТС-6-8526

В)Т36-30

С)ТТП-3


D)Т-70

Е)МВ-80


17. Мал шаруашылығы фермаларында азықты дайындау кезінде немесе оларды тасымалдау үшін қолданылатын құрылғы:

А)азық таратқыштар

В)стационарлы азық таратқыштар

С) транспортерлер

D)жылжымалы тасымалдау құралдары

Е)А,С жауаптары дұрыс

18. Әр түрлі жемшөпті тасымалдау және оларды қора ішіндегі,сондай-ақ ашық алаңдағы ақырларға тарату үшін қандай таратқышы қолданылады?

А) ПТУ-10К

В)КТУ-10А

С)РММ-5,0

D)КСП-10

Е)АРС-10


19. ТВК-80А таратқыш транспортері ұзындығы 76,2 метрден аспайтын қандай мал шаруашылықтарында орнатылады?

А)шошқа


В)ұсақ мал

С)ірі қара

D) сиыр

Е)жылқы


20. Универсальды КТУ-10А азық таратқышы қандай транспортердің жетілдірілген түрі болып табылады?

А) ПТУ-10К

В)КУТ-3,0БМ

С)ТК-3


D)СТ-2

Е)ПТС-4


21. Мал шаруашылығында кешенді механикаландыру деген не?

А)нәжісті тазалауды механикаландыру;

В)азықты тазалауды механикаландыру;

С)сиырды саууды механикаландыру;

D)азықты дайындауды механикаландыру;

Е) мал тұратын кешенде барлық жұмыс процесстерін механикаландыру

22. «Волга» атты сауын аппаратпен сүтті қайда сауады ?

А)сүт құбырына

В) сауын шелекке

С)сүт флягына

D)сүт танкісіне

Е)сүт құбырына немесе сүт флягына

23. «Майга» сауын аппараты неше тактілі жұмыс істейді ?

А)1 тактілі

В)2 тактілі

С) 3 тактілі

D)4 тактілі

Е)5 тактілі

24. Ленталы су котергішті кандай терендіктен су котеруге пайцдаланады.

А) 10-20 м

В)20-25 м

С)15-30 м

D)45-70 м

С)25-55 м

25. Ауыл шаруашылығында қандай насосардың түрлері қолданылады?

А)ЦВ


В)КДУ

С)МА


D) ЭЦВ

Е)ЛД


26. Насостың жұмыс істеуіне кететін энергия шығыны?

А)350 Вт


В)300 Вт

С)150 Вт


D) 250 Вт

Е)400 Вт


27. Транспортерлер не үшін қолданылады?

А)қораны желдету үшін

В)ауаны алмастыру үшін

С) қорадан қиды шығару үшін

D)қораны тазалау үшін

E)қораны қоршау үшін

28. Сауын аппаратының маркасын ата?

А) ДА-3


В)КО-5

С)ДЗ-6


D)ТШ-2

E)ММ-6


29. Жылу генераторларының техникалық маркалары?

А)НВ-85, НВ-2, НВ-151, НВ-3,5, НВ-400

В) ТГ-75, ТГ-1,ТГ-150, ТГ-2,5, ТГ-350, ТГ-500

С)ТШ-65,ТШ-3, ТШ-152, ТШ-4,5, ТШ-4-300

D)КО-95, КО-4, КО- 153, КО-5,5, КО-600

E)БС-55, БС-5, ЮС-154, БС-6,5, БС-200

30. Сүттің температурасын неше градусқа дейін салқындатады?

A)2-5


B)2-10

C)2-15


D)2-18

E) 2-8
&&&

$$$007-001-005$3.7.6 2-межелік бақылау тестілері

1. Қазақстанда барлығы қанша мал жайылымы комплексі бар?

A)4

B)7


C) 9

D)15


E)13

2. УДА – 8 сүт сауу қондырғысында 1 сауыншы неше сиырға қызмет көрсете алады?

A)300 - 350

B) 200 - 400

C)400 - 450

D)500 - 560

E)350 – 450

3. Мал фермаларын механикаландыру атты еңбекті жазған, көп еңбек үлесін қосқандар?

А)Малшыбаев, Кенесарина, Кекев

В)Рамазанов, Петров, Владеслав, Рысымбетов

С)Маженов, Абдильманов, Әскербек,

D)Мызбеков, Тахкенова, Жұмажанов, Павлов, Марденов

Е) Алиев, Қорғасбаев, Медетбеков, Тынбаев

4. Сүт фермаларында сүт құбырларымен жабдықталған сауу қондырғысы қанша сиыр саууға есептелген?

А)500

В) 120


С)250

D)150


Е)100
5. Машинамен сауылатын сиырлардың сүт беру жылдамдығы қанша болу керек?

А) 0,80 л/с

В)0,15 л/с

С)20,5 л/с

D)15,8 л/с

Е)10,8 л/с

6. Жоғары өнімді сиырларға жатады?

А) 4%; 4-5,5 мың кг

В)2,5%; 2-5 мың кг

С)2%; 2-2,3 мың кг

D)1%; 1,2 мың кг

Е)1,5%; 5-5,5 мың кг

7. Талапқа сай емшектердің ұзындығы?

А) 50-70 мм

В)80-100 мм

С)30-50 мм

D)55-60 мм

Е)45-90 мм

8. Сауын сиырлардың саны 1200-ден асатын, ал құнажындардын саны 3000-нан асатын болса, бағып күтетін өндірістік типтегі кешендердің арақашықтығы қанша болу керек?

А)1400 метр

В)1500 метр

С)2500 метр

D)3000 метр

Е) 1000 метр

9. Жайылым фермадан қандай қашықтықта жазғы мезгілде лагерь ұйымдастырылады?

А)2 км


В)60 км

С) 3 км


D)40 км

Е)25 км


10. Бір топтағы жас малдардың тірі салмағының айырмасы қанша проценттен ауыспауы керек?

А)10%


В) 15%

С)20%


D)30%

Е)35%


11. Бұзауларды туғаннан кейін қанша күн профилакторияда ұстайды?

А) 10-20


В)20-30

С)30-40


D)40-50

Е)50-60


12. Тайынша-торпақтарды өсіру, жетілдіру және семіртудің жалпы уақыт ұзықтығы қанша күнге созылады?

А)265


В)358

С)259


D) 392

Е)150


13. Кешеннің ішінде мал азығын тарататын жолдың ені қанша болғаны жөн?

А) 2,2


В)2

С)2,5


D)3

Е)3,5


14. Азық компрессор жетегінің қуаты қанша?

А) 20,7 кВт

В)2,8 кВт

С)30,20 кВт

D)30,8 кВт

Е)35,8 кВт

15. Бірінші кезеңдегі бұзауларды қанша күн бойы генерацияланған сүтпен қоректендіреді және жем жеуге үйретеді?

А)20


В)30

С)45


D) 65

Е)60


16. Бұзауларды қанша күннен кейін екінші кезеңдегі бордақылайтын қораға ауыстырады?

А)100


В) 130

С)300


D)250

Е)150


17. Сиырлардың сүт берудегі рефлекторлық дәрежесін зерттеуді және одан әрі өркендету ісіне сауын аппараттарының конструкциясын жасаған және олардан өтетін жұмыс процесін зерттеп талдағандар?

А)Менген, Великий

В)Королев, Кэпис,

С)Карташов, Краснов

D)Скот, Шлейден

Е) В және С жауабы дұрыс

18. Сиырдың сүт бездері неше бөліктен тұрады?

А)6


В)2

С) 4


D)1

Е)12


19. Альвеолалардың белсенді жыйырылуы сауу кезінде қанша минутқа созылады?

А)2-9


В)5-10

С) 3-4


D)10-15

Е)1-2


20. Сиыр емшектеріндегі сфинктерінің каналы арқылы бір минутта қанша кг сүт сауылады?

А)5-10


В)10-20

С)5-6


D) 2-3

Е)7-9


21. Әр сауыншы бір сағатта үздіксіз жұмыс істегенде тәжірибе бойынша неше сиырды сауады?

А) 16-18


В)20-15

С)14-19


D)5-10

Е)10-12


22. Желіннің көлемі қанша пайыз сүтке толғанда альвеолалары өте қатты керіледі?

А)50-60


В)60-70

С)70-80


D) 80-90

Е)90-100


23. Сиырларды бұзаулағаннан соң неше күннен кейін машинамен саууға болады?

А) 8-10


В)16

С)10-12


D)5-8

Е)20


24. Автоматтандырылған церкуляциялық жуу жүйесі неше контурдан тұрады?

А)5


В)4

С) 2


D)3

Е)1


25. Қозылы қойға келетін еденнің ауданы норма бойынша қанша шаршы метр болу қажет?

А)2,5


В)2

С)1,80


D)1,5

Е) 1,65


26. Қойларды қоздату топтастырылып қай мезгілдерде жүргізіледі?

А) Қыста және ерте көктемде

В)Күзде және ерте қыста

С)Жаз және көктем айларында

D)Тамыз және қыркүйек айларында

Е)Қаңтар және ақпан айларында

27. Етке өткізілетін қойларды неше ай бұрын қырқу керек?

А)1-2


В) 1,5-2

С)2,5-3


D)75 -90күн

Е)25-30 күн

28. Қойларды қырқар алдында қанша сағат бұрын жаюға және суаруға болмайды?

А)20-24


В)5-10

С)5-6


D) 10-14

Е)20


29. Бір маусымда бір адам қанша қой қырқа алады орта есеппен?

А)500


В)900

С)2000


D)1500

Е) 1000


30. Тұздалып қатарланып жиылған терілер неше күн тұрады?

А)5


В) 6-8

С)10-15


D)20-25

Е)30-35



&&&

$$$007-001-007$3.7.7 Емтихан сұрақтары немесе тестілер үлгілері



  1. Мал фермасы,комплекстері деген не?

  2. Мал фермаларының, комплекстерінің типтік көлемін айтындар.

  3. Мал комплекстерінің фермалардан айырмашылығы неде?

  4. Машиналар жүйесі деген не?

  5. Малды азықтандырғанда және сауғанда қолданылатын машиналар мен жабдықтарды атандар?

  6. Қиды шығару қандай құралдардың көмегімен атқарылады?

  7. Автоматика деген не?

  8. Датчиктер не үшін қызмет етеді?

  9. Автоматика құралдары не үшін қолданылады?

  10. Үш тактілі «Волга» сауу аппаратының құрылысы және жұмыс істеу принципі туралы айтып беріндер.

  11. Екі тактілі ДА-2 «Майга» сауу аппаратының құрылысы және жұмыс істеу принципі туралы айтып беріндер.

  12. Екі тактілі М-66 «Импульс» сауу аппаратының құрылысы және жұмыс істеу принципі туралы айтып беріндер.

  13. Фермалар мен комплекстерде сауу агрегаттарымен қондырғылардың қандай типтері қолданылады?

  14. Сиырды тұрған жерінде тасымал шелекпен саууға қандай қондырғылар арналған?

  15. Сиырды сүт түтігімен сауға пайдаланылатын қондырғыларды атандар.Олардың құрылысы қандай?

  16. Әмбебап сауу станциясы қайда қолданылады?

  17. УДТ-6 әмбебап сауу қондырғысы қалай жұмыс істейді?

  18. УДЕ-8 қондырғысының қандай ерекшелігі бар?

  19. Су құбыры қандай элементтерден тұрады?

  20. Су сапасының негізгі көрсеткіштері қандай?

  21. Сумен қамтамасыз ету көздерін атандар?

  22. Су алатын құрылыс типтерін атандар?

  23. Су ағызатын қондырғының әрекет ету принципі қандай?

  24. Су ағызатын қондырғыны ретке келтірудің тәртібі қандай?

  25. Топтық автосуарғыштың дербес автосуарғыштан қандай айырмашылығы бар?

  26. Топтық автосуарғыштың құрылысы қандай?

  27. Топтық автосуарғыштың әрекет ету принципі қандай?

  28. Сүтте қандай қоректік заттар кездеседі?

  29. Бактерицидтік фаза дегеніміз не?

  30. Сүтті алғашқы өңдеудің мәні неде?

  31. Сүт бөгде қоспалардан қалай тазартылады?

  32. Салқындатқыштар не үшін қолданылады және қалай жіктеледі?

  33. Сүт тазартқыштар мен тоңазытқыштардың құрылысы қандай және қалай әрекет етеді?

  34. Сүт қалай сақтайды?

  35. Сүт сақтайтын резервуарға қандай талаптар қойылады?

  36. Сүт тасымалдаған кезде өзіндік құны неге байланысты?

  37. Суат пункттерін жайылымдарда қалай орналастырады?

  38. Малды сумен қамтамасыз ету үшін жайылымда қандай қондырғылар қолданылады?

  39. Ортадан тепкіш насостың әрекет ету принципі қандай?

  40. Топтық автосуарғыштың дербес автосуарғыштан қандай айырмашылығы бар?

  41. Топтық автосуарғыштың құрылыс қандай?

  42. Топтық автосуарғыштың әрекет ету принципі қандай?

  43. Малға азықты әзірлеуді механикаландырудың қаншалықты маңызы бар?

  44. Жемшөп қалай және қандай түрлерге бөлінеді?

  45. Жемшөп әзірлеу әдісін қалай жіктейді?

  46. Жемшөп цехтары не үшін қажет?

  47. Жемшөп цехтарын пйдалану не береді, оларды кай жерде салған тиімді?

  48. Жемшөп цехтарының қандай негізгі линиялары бар?

  49. Материалды ұнтақтау түрлерін және осы принциппен істейтін машиналардың жұмыс органдарын атаңдар.

  50. Азықтың ұнтақталу дәрежесін қалай анықтайды?

  51. Азық ұсақтайтын машинаның материалдарды турау түрлерін және кескіш аппаратардың жіктеліун атандар?

  52. Тамыртүйнек жемістілерді тураудың мәнін және оларды ұсақтаудың зоотехникалық талаптарын түсіндіріңдер.

  53. Өнімді бақылау процесінің мәнін түсіндіріңдер және азықты жылумен өңдеудің зоотехникалық талаптарын атандар.

  54. Малға азық тарату не себепті еңбетң көп қажет ететін процестерге жатады?

  55. Азықтаратқыштарды қандай негізгі белгілері бойынша жіктейді?

  56. Жылжымалы және бір орында жұмыс істейтін азық таратқыштарыдың тиімді және тиімсіз жақтарын атандар?

  57. Өздерін білетін жылжымалы азықтаратқыштарды атандар?

  58. КТУ-10 азықтаратқышының құрылысы қандай және қалай козғалады?

  59. КТУ-10 А, РСП-10,ЗСК-10, КС1,5, КС0,4, КСА-55 машиналары қандай мақсатта қолданылады?

  60. Азық таратқыштар қалай жіктеледі?

  61. Жылжымалы азықтаратқыштарға қарағанда бір орында азық таратқыштардың қандай артықшылығы бар?

  62. ТВК-80 А, РКА -1000, КЛО-75,РК-50, КШ 0,5 азықтаратқыштарының қолданылуын және құрылысын сипаттандар.

  63. ПУС типтес азықтаратқыштарының құрылысы мен қозғалуы қандай?

  64. Қи шығару әдістері қалай жіктеледі?

  65. Қи шығаратын машиналар мен жабдықтарға қандай талаптар қойылады?

  66. Қи шығарудың гидравликалық әдісі туралы айтыңдар.

  67. Қырғышты транспортерлер қалай жұмыс істейді?

  68. ТСН 3,0 Б транспортерлерінің ТШ 30 А дан қандай айырмашылығы бар?

  69. ТШ 30 А, УН 3, УС 15, УС 10 қондырғыларының құрылысы қандай және не үшін қолданылады?

  70. Қи қоймасында өндірістік процесстерді механикаландыру неден тұрады?

  71. Қи садырасы тартып шығаруға және жинауға қандай қондырғылар пайдалынылады?

  72. Қи массасын не үшін залалсыздандырады?

  73. Қиды тасымалдауға қандай құралдар қолданылады?

  74. Тыңайтқыш енгізуге қандай машиналар пайдалынылады?

  75. Мал қорасындағы ауаның энергетикалық күйі қалай сипатталады?

  76. Мал қорасындағы жылу және ылғалдық баланстары теңдеуін түсіндіріп жазындар?

  77. Микроклимат деп нені түсінеміз?

  78. Малдың өнімділігіне сыртқы ортанын қандай негізгі параметрлері қалай әсер етеді?

  79. Малға ультракүлгін сәулемен әсер ету және инфрақызыл сәулемен қыздырудың мақсаты қандай?

  80. Ультракүлгін радиация көздерін қалай таңдап алады?

  81. Сәулелендіргіш пен суәлеленгіш қондырғыны таңдап алғанда қандай талаптарды ескерген жөн.

  82. Сендерге сәуле шығарудың қандай көздері белгілі? Олардың техникалық деректерін келтіріндер?.

  83. Сынап-кварцты және эритемдік шамдар қалай құрылған?

  84. Бактерия жойғыш шамнын атқаратын қызметі мен құрылысы қандай?

  85. Малды сәулелендіруге арналған негізгі модельдер мен құрылғылардың атқаратын қызметі мен құрылысын баяндар.

  86. Мал дәрігерлік-санитарлық шаралар жүйесі деп нені айтады?

  87. Мал дәрігерлік-санитарлық бақылау пункті қалай құрылған?

  88. Жуу – дезинфекциялау құрылғысы қалай құрылған және ол қалай жұмыс істейді?

  89. Базалық шаруашылықта мал-дәрігерлік мақсатқа арналған қандай жабдықтар қолданылады? Оларды сипаттандар?

  90. УДП,УДС, СВП, ДУК,ЛСД қондырғыларының міндетін және қызмет істеу принципін баяндандар.

  91. Айнымалы тоқтың үш фазалы тізбегі дегеніміз не?

  92. Үш фазалы генератор қалай орналасқан?

  93. Үш фазалы генератор орамдарын жалғастырудың қандай түрлері сендерге белігілі?

  94. Орамдарды «Жұлдызшалап» және «ұшбұрыштап» жалғастырудың мәнін түсіндіріндер?

  95. «Жұлдызшалап» және «ұшбұрыштап» жалғастырған кезде линиялық,фазалық кернеулердің және тоқ күштерінің арасында қандай байланыстар бар?


жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау