Kz $$$umkd name$пэоәК атауы


Жұмыс оқу жоспарынан көшірме



жүктеу 0,52 Mb.
бет3/4
Дата28.12.2019
өлшемі0,52 Mb.
#25287
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4

Жұмыс оқу жоспарынан көшірме


1 кесте

Курс

Семестр

Кредиттер

Аудиториялық жұмыс

СӨЖ

(сағ)


Барлығы

(сағ)


Қорытынды бақылау түрі

АС (сағ)

ҚК (сағ)

2

3

3

4

5

126

135

емтихан

2.3.1 Пәннің қысқаша мазмұны.

Мал шаруашылығын интенсивтендіру проблемаларын шешуде өндірістік процестерді комплекті механикаландырудың, электрлендірудің және автоматтандырудың мәні барған сайын арта түсуде.Мал фермасы – ауыл шаруашылығы кәсіпорын бөлімшесі. Мал комплексі – ауыл шаруашылығы өндірінсінің кәсіпорны, ол комплексті механикаландыру,электрлендіру, автоматтандыру, технологиялық процестерді тасқынды ұйымдастыру негізінде өнеркәсіптік технологияны, еңбекті ғылыми ұйымдастыру, өндірісті жоғары деңгейде шоғырландыруды және мамандыруды қолдану негізінде жоғары сапалы мал өнімдерін біркелкі әр жыл бойы өндіруге арналған

Мал шаруашылығын интенсивтендіру бағытыныдағы маңызды шаралардың ішінен мыналарды атап көрсетуге болады: жоғары өнімді жаңа машиналар мен жабдықтар жасау; жекелеген процестерді механикаландырудан тасқынды технологиялық линиялар негізінде атқаратын бүкіл жұмысты комплексті механикаландыруға және автоматтандыруға көшіру,технологиялық процестерде тікелей электр энергиясын кеңінен қолдану; малды күтіп-бағу және жемдеу әдістерін жетілдіру; жемшөптің, жемшөп рациондарының т.б. жаңа типтерін енгізу

2.3.2 Курстың негізгі мақсаты- студенттерді мал фермалары мен кешендерде өндрістік процестерді кешенді механикаландыру және автоматтандыру үшін пайдаланатын машиналармен механизімдердің жұмыс істеу тәртібі бойынша толық мағұлматпен білім алу.

2.3.3 Пәнді оқытудың негізгі міндеттері – мал фермалары мен кешендерінде пайдаланылатын машиналар мен механизімдердің толық құрлысын меңгеру қажет.

2.3.4 Пәнді оқу нәтижесінде студенттер:


  • Мал шаруашылығында қандай өндірістік процестерді механикаландыруды білуі;

  • Осы пән бойынша алған білімге ие болуы;

  • Мал шаруашылығында атқарылатын жұмыстарды дұрыстап игеруі;

  • Мал шаруашылығында пайдаланылатын машиналарды істей білуі;

  • Мал шаруашылығында пайдаланылатын машиналардын құрамын жетік түсінуі;

  • Барлық оқу және өндірістік тәжірибеде толық болуы;

  • Мал шаруашылығында барлық өндірістік процестерді үйренуі тиіс.

2.3.5 Курс пререквизиттері:

Биология, зоология, биохимия, физика, химия, математика, генетика

2.3.6 Курс постреквизиттері:

Ауыл шаруашылық малдарын өсіру,азықтандыру,асыл тұқымдандыру.
&&&

###002-004#2.4 Әдебиеттер және қорлар

2.4.1 Негізгі әдебиет және қорлар

2.4.1.1 Карташов Л.П., Козлов В.Т.,Аверкиев А.А. Механизация и электрификация животноводства, М., «Колос», 1979

2.4.1.2 Белянчиков Н.Н., Смирнов А.И. Механизация животноводства, М. «Колос», 1977

2.4.1.3 Белехов И.П., Лесников В.А. Мал фермалары мен комплекстерін механикаландыру және автоматтандыру Алматы, «Қайнар», 1985

2.4.1.4 Микрюков В.Н., Сылкин М.И., Кротов Л.Д. Малшы – оператор. Алматы, «Қайнар», 1977

2.4.2 Қосымша әдебиет және қорлар

2.4.2.1 Меркурьева Е.К. Биометрия в селекции и генетике сельскохозяйственных животных, М., «Колос», 1970

2.4.2.2 Карташов Л.П., Куранов Ю.Ф. Машинное доения коров. М. «Высшая школа», 1975
&&&

###002-005#2.5 Пәннің мазмұны және пәннің модульдік бөлінуі

Модульдар бойынша пән мазмұны

2 кесте


Модуль атауы

Тақырып атауы

Мазмұны

Әдебиет

1

2

3

8

Модуль 1
Кіріспе. Мал фермалары мен комплекстерінде өндірістік процестерді комплексті механикаландыру және автоматтандыру. Сиыр саууды механикаландыратын және автоматтандыратын қондырғылар мен аппараттар. Фермалар мен комплекстерде сумен қамтамасыз ететін және мал суаруды механикаландыратын және автоматтандыратын машиналар мен жабдықтар. Cүтті алғашқы өңдейтін, сақтайтын және тасымалдайтын машиналар мен жабдықтар. Фермалар мен комплекстерді сумен қамтамасыз ету.

Мал шаруашылығынын интенсивтендіру. Мал фермалары мен комплекстері.

Мал фермалары мен комплекстеріне арналаған машиналар мен жабдықтар.

Мал шаруашылығындағы өндірістік процестерді механикаландыру және автоматтандыру. Сиырды машинамен сауудың физиологиясы.Сауу аппараттары.Сауу агрегаттары мен қондырғылары


Мал шаруашылығын интенсивтендіру бағытыныдағы маңызды шаралардың ішінен мыналарды атап көрсетуге болады: жоғары өнімді жаңа машиналар мен жабдықтар жасау; жекелеген процестерді механикаландырудан тасқынды технологиялық линиялар негізінде атқаратын бүкіл жұмысты комплексті механикаландыруға және автоматтандыруға көшіру. Мал фермасы – ауыл шаруашылығы кәсіпорын бөлімшесі. Мал комплексі – ауыл шаруашылығы өндірінсінің кәсіпорны, ол комплексті механикаландыру,электрлендіру, автоматтандыру, технологиялық процестерді тасқынды ұйымдастыру негізінде өнеркәсіптік технологияны, еңбекті ғылыми ұйымдастыру, өндірісті жоғары деңгейде шоғырландыруды және мамандыруды қолдану негізінде жоғары сапалы мал өнімдерін біркелкі әр жыл бойы өндіруге арналған.

Карташов Л.П., Козлов В.Т.,Аверкиев А.А., Механизация и электрификация животноводства, М., «Колос», 1979

Карташов Л.П., Куранов Ю.Ф., Машинное доения коров. М. «Высшая школа», 1975 Белехов И.П., Лесников В.А. Мал фермалары мен комплекстерін механикаландыру және автоматтандыру Алматы, «Қайнар», 1985



Сумен қамтамасыз етуді механикаландырудың мәні.

Су көтеретін жабдықтар.

Су құбыры желісі және мал суғаратын жабдықтар


Мал фермалары мен комплекстері - суды өте көп тұтынатын орындар.Мал ішетін су жоғары сапалы,жеткілікті мөлшерде,әр тәуліктің кез келген уақытында болуы тиіс. Сонымен қоса, суды технологиялық,гигиеналық,шаруашылық және өртке қарсы мақсатта қолданылады.

Карташов Л.П., Козлов В.Т.,Аверкиев А.А. Механизация и электрификация животноводства, М., «Колос», 1979 Белехов И.П., Лесников В.А. Мал фермалары мен комплекстерін механикаландыру және автоматтандыру Алматы, «Қайнар», 1985

Сүтті алғашқы өңдеудің маңызы және технологиялық схемасы.Сүтті тазартатын және салқындататын машиналар мен жабдықтар.Сүтті сақтайтын және тасымалдайтын машиналар мен жабдықтар.Сумен қамтамасыз етуді механикаландырудың мәні.Лагерь мен жайылымды сумен қамтамасыз ету

Сиыр сүтінде көптеген қоректік заттар (майлар,белоктар,углеводтар,витаминдер,минералдық заттар,барлығы жүзге жуық компоненттер) бар. Сондықтан да сүттің қоректілік,тіпті емдік қасиеті өте жоғары.Жаңа сауылған сүттің температурасы 36-37 С және бактерицидтік қасиеті болады,яғни оған түскен микроорганизмдердің өсіп-жетілуі тежеледі.Сондықтан да фермалар мен комплекстерде сүт алғашқы өңдеуден өткізіліп, шөп –шаламы тазартылады және салқындатылады. Мал фермалары мен комплекстері – суды өте көп тұтынатын орындар. Мал ішетін су жоғары сапалы, жеткілікті мөлшерде, әрі тәуліктің кез келген уақытында болуы тиіс. Сонымен қоса, суды технологиялық, гигиеналық, шаруашылық және өртке қарсы мақсатта қолданылады. Сумен қаматамасыз етуді дұрыс ұйымдастырудың фермалар мен комплекстердің жұмысын тиімді жұмыс істеуде айырқша маңызы бар, өйткені оның өзі өндірістік-зоотехникалық процестердің қалыпты өтіун қамтамасыз етеді, малды күтіп-бағу жағдайын жақсартады


Белехов И.П., Лесников В.А. Мал фермалары мен комплекстерін механикаландыру және автоматтандыру Алматы, «Қайнар», 1985 Микрюков В.Н., Сылкин М.И., Кротов Л.Д. Малшы – оператор. Алматы, «Қайнар», 1977

Модуль 2
Мал суаруды механикаландыратын және автоматтандыратын машиналар мен жабдықтар. Жемшөпті малға беруді әзірлеу. Малға беретін жемшөпті механикаландыратын машиналар мен жабдықтар. Малға азық таратуды механикаландыратын машиналар мен жабдықтар. Қи жинайтын және шығаратын машиналар мен жабдықтар.

Су көтеретін жабдықтар.Су құбыры желісі және мал суғаратын жабдықтар. Жемшөпке қойылатын талап және оны әзірлеу әдістері. Жемшөп әзірлейтін цехтар. Азық ұнтақтайтын машиналар мен жабдықтар.

Азықты турап ұсақтайтын машиналар мен жабдықтар.Азықты жылумен өңдейтін машиналар мен жабдықтар.



Сумен қамтамасыз ететін көздердегі суды су-арын құрылыстарына немесе тікелей тұтынатын орындарға беру үшін насостарды, су ағызатын қондырғыларды және басқа да жабдықтарды пайдаланады.Насостар – оны ашық су көздерінен, шахталы және түтікті құдықтардан су алу үшін пайдаланады.Конструкциясы бойынша насостар горизонтальды, вертикальды, бір, екі және көп сатылы, бір жақты және екі жақты әсер ететіндер болып бөлінеді. Сумен қамтамасыз ететін көздердегі суды су-арын құрылыстарына немесе тікелей тұтынатын орындарға беру үшін насостарды, су ағызатын қондырғыларды және басқа да жабдықтарды пайдаланады.Насостар – оны ашық су көздерінен, шахталы және түтікті құдықтардан су алу үшін пайдаланады.Конструкциясы бойынша насостар горизонтальды, вертикальды, бір, екі және көп сатылы, бір жақты және екі жақты әсер ететіндер болып бөлінеді.


Белехов И.П., Лесников В.А. Мал фермалары мен комплекстерін механикаландыру және автоматтандыру Алматы, «Қайнар», 1985

Азық таратқыштарға қойылатын талаптар мен олардың жіктелуі.Жылжымалы азық таратқыштар.

Бір орнында азық таратқыштар. Қидың зоотехникалық талаптары және шығу әдістері.

Қи шығаратын механикалық құралдар.



Мал азығы – өсімдік,жануар немесе минерал тектес өнімдер, олардың қоректілік құны негізінен алғанда құрамындағы протеинмен, минералдық заттармен және витаминдермен анықталады.Әр түрлі азықтарды малдың жеуіне әзірлеп берудің мәні мынада.Мұндайда механикалық операциялар (жуу,турау,булау және басқалары) азықтың мал организміне сіңуін арттырады. Азықты ұнтақтау зоотехникалық талапқа орай жүргізіледі.Мәселен, жылқы мен ірі қара үшін дәннің қауызы талқандалған кейін ұнтақ мөлшері 3 мм-ден, шошқа мен құсқа 1 мм-ден аспауы тиіс. Дәннің және дән құрамының физикалық-механикалық қасиеті дән шамасымен, үйіндінің салмағымен, тығыздылығымен, қуыстығылымен, сусымдылығымен және ылғалдылығымен сипатталады.

Микрюков В.Н., Сылкин М.И., Кротов Л.Д. Малшы – оператор. Алматы, «Қайнар», 1977

Модуль 3
Механикаландырылған қи қоймасы және қи тиеуіштері мен тасымал құралдары. Қолайлы микроклимат жасап, оны сақтап тұруға арналған машиналар мен жабдықтар. Малды жылытудың және оларға сәулемен әсер етуге арналған жабдықтар. Мал дәрігерлік-санитарлық шараларды механикаландыруға арналған машиналар мен жабдықтар. Мал шаруашылығындағы электр жетегі.

Механикаландырылған қи коймасы

2.Қи тиеуіштер және тасымал құралдары Мал қорасында қолайлы микроклимат сақтаудың маңызы.

2.Қолайлы микроклиматтың қажетті параметрлерін жасау. .Малды жылытудың және оларға сәулемен әсер етудің мәні.

2.Сәуле шығаратын көздер.



Қи қоймасының сыймдылығы мал санына және табын құрылымыдарына, қолда бағу кезеңінің ұзақтылығына, қиды сақтау ұзақтығы мен оның түруне, органикалық тыңайтқышты әзурлеу технологиясына қарай белгіленеді. Қи қоймасының орнын құрамында медимциналық және мал дәругерлік қадағаушылыар бар арнайы комиссия белгілейді. Жер бетіне орналасқан ашық қи қоймасының құрылысы қарапайым, ол құрғақ қиды жинауға арналған. Қи жиналатын алаң топырағы қатты жерге салынып, ол сәл шұнқырланады (0,5 м) және қи садырасы жиналатын жақа қарай аздап еніс етіледі.

Белехов И.П., Лесников В.А. Мал фермалары мен комплекстерін механикаландыру және автоматтандыру Алматы, «Қайнар», 1985

Мал дәрігерлік-санитарлық шаралардың жүйесі.Мал дәрігерлік қызмтеке арналған жабдықтар.Электр энергиясын ауыл шаруашылығында қолдану.Электр жетегі туралы түсінік.Айнымалы тоқтың үш фазалы жүйесі.


Малды аурудан қорғау – барлық мал шаруашылығы қызметкерлерінің негізгі міндеттерінін бірі. Осы мақсат үшін мал дәрігерлік-санитарлық шаралар жүйесі қызмет атқарады.Сменалық-тасқынды жүйедегі мал дәрігерлік қызметтің мәні барған сайын өсіп келеді.Оның бірінші кезектегі міндетіне комплекске сау малдың түсуін қамтамасыз ету, жаңадан түскен малдың карантиндеу мерзімін және дәрілеу ережелерін сақтау жатады. Мал шаруашылығында технологиялық процесстерді электрмен механикаландыру өнім өндіру экономикасындағы маңызды буын болып саналады. Ауыл шаруашылығында орнатылған электр двиагтельдерінің жалпы қуатының 50%-тейі мал шаруашыдығында пайдаланылады.Мал шаруашылығында жүргізіп жіберу және қорғау аппаратурасының тиісті мөлшері бар электр двигательдерінен басқа жарықтандырғыш,сәулелендіргіш және электр- жылу қондырғылары, ішкі жарықтандыру және күш электр өткізгіштері, автомматандыру құралдары т.б. қолданылады.

Белехов И.П., Лесников В.А. Мал фермалары мен комплекстерін механикаландыру және автоматтандыру Алматы, «Қайнар», 1985 Микрюков В.Н., Сылкин М.И., Кротов Л.Д. Малшы – оператор. Алматы, «Қайнар», 1977



&&&


###002-006#2.6 СӨЖ тақырыптары тізімі және мазмұны
СӨЖ тақырыптары мен мазмұны

3 кесте


№ р/б

СӨЖ тақырыбы

СӨЖ мазмұны

Өткізу мерзімі

(апта)


Қойылатын баллдар

1

2

3

4

5

1

Мал фермалары мен комплекстерінде өндірістік процестерді комплексті механикаландыру және автоматтандыру.

Мал фермасы – ауыл шаруашылығы кәсіпорын бөлімшесі. Мал комплексі – ауыл шаруашылығы өндірінсінің кәсіпорны, ол комплексті механикаландыру,электрлендіру, автоматтандыру, технологиялық процестерді тасқынды ұйымдастыру негізінде өнеркәсіптік технологияны, еңбекті ғылыми ұйымдастыру, өндірісті жоғары деңгейде шоғырландыруды және мамандыруды қолдану негізінде жоғары сапалы мал өнімдерін біркелкі әр жыл бойы өндіруге арналған.

8

10

2

Жемшөпті малға беруді әзірлеу. Малға беретін жемшөпті механикаландыратын машиналар мен жабдықтар. Қи жинайтын және шығаратын машиналар мен жабдықтар.

Мал азығы – өсімдік,жануар немесе минерал тектес өнімдер, олардың қоректілік құны негізінен алғанда құрамындағы протеинмен, минералдық заттармен және витаминдермен анықталады.Әр түрлі азықтарды малдың жеуіне әзірлеп берудің мәні мынада.Мұндайда механикалық операциялар (жуу,турау,булау және басқалары) азықтың мал организміне сіңуін арттырады. Қи қоймасының сыймдылығы мал санына және табын құрылымыдарына, қолда бағу кезеңінің ұзақтылығына, қиды сақтау ұзақтығы мен оның түруне, органикалық тыңайтқышты әзурлеу технологиясына қарай белгіленеді

10

10

3

Cүтті алғашқы өңдейтін, сақтайтын және тасымалдайтын машиналар.

Сиыр сүтінде көптеген қоректік заттар (майлар,белоктар,углеводтар,витаминдер,минералдық заттар,барлығы жүзге жуық компоненттер) бар. Сондықтан да сүттің қоректілік,тіпті емдік қасиеті өте жоғары.Жаңа сауылған сүттің температурасы 36-37 С және бактерицидтік қасиеті болады,яғни оған түскен микроорганизмдердің өсіп-жетілуі тежеледі.Сондықтан да фермалар мен комплекстерде сүт алғашқы өңдеуден өткізіліп, шөп –шаламы тазартылады және салқындатылады.

12

10

&&&


###002-007#2.7 Пәнді оқу бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар

  • {пәнді оқуға қажетті уақытты жоспарлау мен ұйымдастыру бойынша кеңестер;

  • студент әрекеттерінің ретін сипаттау;

  • ПЭОӘК материалдарын пайдалану бойынша ұсыныстар;

  • әдебиетпен жұмыс істеу бойынша ұсыныстар;

  • емтиханға дайындық бойынша кеңестер және т.б.}

&&&

###002-008#2.8 Курс форматы

Аудиториялық сабақтар курсты оқу бойынша әдістемелік ұсыныстарға сәйкес жүргізіледі. Әрбір тақырыпты оқу кезінде жұмыс дәптерінде зерттелген тақырыптың мақсаты, тапсырмасы, шешімі және қорытындысы көрсетілуі керек. Сабақтың бағасы сабаққа келуі бойынша 1 балл, жауап беруі және қатысуы бойынша 1-ден 3 баллға дейін есептеледі. СОӨЖ аудиториялық және аудиториядан тыс деп бөлінеді.

Аудиториялық толық өңделген бақылау жұмысы түрінде жұмыс дәптерінде және реферат түрінде орындалады.

&&&

###002-009#2.9 Курс саясаты



Сабаққа қатысу: дәріс және тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде қатысу керек. Дәріс кезінде түсінбеген материалдарды оқытушыдан қосымша түсіндіруін сұрауға болады. Егер студент белгілі бір себептермен сабаққа қатыса алмаса, барлық өткен материалдар бойынша жауап беруі тиіс.

Үй жұмысы: үй жұмысы өткен материалдарды бекіту үшін және міндетті түрде орындау үшін арнайы жасалған. График бойынша әр тақырыптың соңында тапсырылуы керек.

Межелік бақылау: межелік бақылау қорытындысы студенттің сабаққа қатысуын, өздік жұмысты уақытында орындауын, сабақта ауызша және жазбаша түрде жауап беруін ескере отырып қойылады. СӨЖ және СОӨЖ орындалып, өткізілуі кестеге сәйкес жүреді. Көшіріп алу және плагиат: кез-келген көшіріп алу және плагиат (дайын басылымдарды, басқа студенттердің жұмыстарын пайдалану, көшірп алу) үшін қатаң жазалап, аудиториядан шығарумен қоса, жалпы курс үшін «Ғ» бағасын қоюмен қамтылады.

Емтихан: қорытындыс бойынша бағалық баллдар қойылады. Емтиханда сіздің дәрістік жазбаларыңызды және кітаптарда пайдалануға болмайды.

Тәртіп: сабақ үстінде үнемі тәртіп бұзған студент аудиториядан шығарылып, жіберіледі және барлық курс бойынша «қанағаттанарлықсыз» бағасы қойылады. Сабаққа кешігіп келуге болмайды, сабаққа кешікен студент дәрісханаға кірмейді. Сабақ кезінде ұялы иелефондар өшірілуі тиіс.

Ұсыныстар: оқу процесіне белсенді қатысу керек, барлық тапсырмаларды талпынып орындау керек, ұжымдық жұмыстарға қатусы керек. Пунктуальды, сабырлы болу керек
&&&

###002-010#2.10 Баға қою саясаты

Әрбір студент пән бойынша жеткілікті рейтинг алуы үшін белгілі балл санын жинуы тиіс. Баллдардың максималды саны:

1-рейтинг нәтижесі бойынша 1-8 апталарда – 300 балл,

2-рейтинг нәтижесі бойынша 9-15 апталарда – 300 балл.

Пән бойынша семестрде максималды балл саны – 600.

Баллдар келесі жұмыс түрлері үшін қойылады:

1. Модульдар бойынша тапсырманы орындағаны үшін (1 және 3 модуль бойынша максимум 150 балл, 2-модуль бойынша – максимум 120 балл)

2. Он-лайн семинарға қатысқаны және белсенділігі үшін (қатысу үшін – 20 балл, белсенділігі үшін максимум 100 балл)

3. Межелік тестілерді орындағаны үшін (максимум 30 баллдан)

Курстық жұмыс жеке бағаланады.

Пән бойынша баллдардың бөлінуі төменде 5-кестеде берілген.

Бақылау мерзімдері 8-аптаның соңы және 15-аптаның соңы. Уақытында өткізілмеген тапсырма мен тестерді 15-аптада тапсыруға болады, бірақ егер студент себепсіз уақытында орындамаса, оларға айыппұл салынып, баллдың 60% ғана қойылады.

&&&


###002-011#2.11 Студент білімін бақылау

Студенттің білімін бақылау келесі түрде жүргізіледі:



  • ағымдағы бақылау (әр модуль соңында жүргізіледі)

  • межелік бақылау тестілеу түрінде (8 және 15 апталарда)

  • қорытынды бақылау – семестр соңында бір рет жүргізіледі (емтихан және курстық жұмысты (жобаны) қорғау, мамандықтың МЖМБС-на сәйкес).

Студент пән бойынша емтиханға жіберілуі үшін оның семестрдегі жиынтық рейтингілік бағасы 50% тең немесе артық болуы тиіс. Қорытынды баға 1 және 2 рейтинг пен емтихан нәтижесі бойынша есептеледі: 1-рейтинг нәтижесінің 30% + 2-рейтинг нәтижесінің 30% + емтихан нәтижесінің 40% қосындысына тең.

Пән бойынша қорытынды баға келесі шкала бойынша анықталады (4 кесте).

Әріптік, баллдық және пайыздық эквиваленттегі бағалар шкаласы

4 кесте


Әріптік жүйедегі баға

Баллдың цифрлық эквиваленті

Пайыздық мөлшері

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95 – 100

Өте жақсы

А–

3,67

90 – 94

В+

3,33

85 – 89

Жақсы


В

3,0

80 – 84

В–

2,67

75 – 79

С+

2,33

70 – 74

Қанағаттанарлық




С

2,0

65 – 69

С–

1,67

60 – 64

D+

1.33

55 – 59

D

1,0

50 – 54

F

0

0 – 49

Қанағаттанарсыз

I

NA

-

Аяқталмаған

P

-

өтті

Пәнді өтті

&&&


###002-012#2.12 Қашықтықтан кеңестер беру және оқу үдерісінің күнтізбелік графигі
5 кесте

№ р/б

Апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

Жиыны

1-рейтинг

1

Бақылау түрі










ТМ1







ТМ2

МБ1

300

балл

2

Баллдар










150







120

30

3

Кеңестер

OF

OL

OL

OF

OF

OL

OF

OF

№ р/б

Апталар

9

10

11

12

13

14

15

Жиыны

2-рейтинг




1

Бақылау түрі







ОС







ТМ3

МБ2

300

балл


2

Баллдар







120







150

30

3

Кеңестер

OL

OL

OF

OF

OL

OF

OF

Белгілеулер: ТМ-модуль бойынша тапсырма; ОС-он-лайн семинар; МБ-межелік бақылау;

OL – он-лайн кеңес; OF- офф-лайн кеңес


&&&

$$$002-000-000$3.2 Дәрістер
&&&

$$$002-001-000$3.2.1 Дәріс №1. Кіріспе. Мал фермалары мен комплекстерінде өндірістік процестерді комплексті механикаландыру және автоматтандыру.

1:Мал шаруашылығынын интенсивтендіру. Мал фермалары мен комплекстері.

2:Мал фермалары мен комплекстеріне арналаған машиналар мен жабдықтар.

3:Мал шаруашылығындағы өндірістік процестерді механикаландыру және автоматтандыру.


&&&

$$$002-001-001$3.2.1.1 1 Мал шаруашылығын интенсивтендіру. Мал фермалары мен комплекстері.

Мал шаруашылығын интенсивтендіру бағытыныдағы маңызды шаралардың ішінен мыналарды атап көрсетуге болады: жоғары өнімді жаңа машиналар мен жабдықтар жасау; жекелеген процестерді механикаландырудан тасқынды технологиялық линиялар негізінде атқаратын бүкіл жұмысты комплексті механикаландыруға және автоматтандыруға көшіру,технологиялық процестерде тікелей электр энергиясын кеңінен қолдану; малды күтіп-бағу және жемдеу әдістерін жетілдіру; жемшөптің, жемшөп рациондарының т.б. жаңа типтерін енгізу. Мал шаруашылығын интенсивтендіру проблемаларын шешуде өндірістік процестерді комплекті механикаландырудың, электрлендірудің және автоматтандырудың мәні барған сайын арта түсуде.Мал фермасы – ауыл шаруашылығы кәсіпорын бөлімшесі. Мал комплексі – ауыл шаруашылығы өндірінсінің кәсіпорны, ол комплексті механикаландыру,электрлендіру, автоматтандыру, технологиялық процестерді тасқынды ұйымдастыру негізінде өнеркәсіптік технологияны, еңбекті ғылыми ұйымдастыру, өндірісті жоғары деңгейде шоғырландыруды және мамандыруды қолдану негізінде жоғары сапалы мал өнімдерін біркелкі әр жыл бойы өндіруге арналған.
&&&

$$$002-001-002$3.2.1.2 2 Мал фермалары мен комплекстеріне арналаған машиналар мен жабдықтар.

Өнеркәсіптік типтегі мал фермалары мен комплекстерін машиналармен және жабдықтармен жарақтандыру арнайы жасалатын машиналар жүйесіне сәйкес белгілі бір кезеңде жүзеге асырылады.Машиналар жүйесіне қойылатын негізгі талаптың бірі - қол еңбегі шығынын барынша кеміту және фермаларды жұмыс жағдайын жақсарту.Машиналардың қазіргіге қарағанда жаңа жүйесі толық жүзеге асырылғанда мал өнімін өндірудің технолгиялық еңбекті қажетсінуді 25-тен 35 % -ке дейін, жұмсалатын қаражатты 20-25 % -ке дейін кемітуге мүмкіндік береді.
&&&

$$$002-001-003$3.2.1.3 3 Мал шаруашылығындағы өндірістік процестерді механикаландыру және автоматтандыру.

Мал шаруашылығындағы процестерді комплексті механикаландыру – қазіргі кезеңдегі ғылыми – техникалық прогресс саласының басты бағыттарының бірі.Осы технология бойынша автоматтандырудың өзі еңбек өнімділігің 1\3-1\5 есе артуын қамтамасыз етеді. Мұның өзі басқару аппаратын қысқарту, қолымен атқарылатын жұмыстарды автоматтандыру,технологиялық процестерді интенсивтендіру және жабдықтардың өнімділігін арттыру арқылы жүзеге асырылады. Автоматика құралдары фермалар мен комплекстерде су мен жылу беруге және таратуға, жемшөп әзірлеуге және үйлестіруге,өнім алуға және оны алғашқы өңдеуге, оның сапасын бақылауға,микроклиматты реттеуге,қалдықтарды жинауға және өңдеп пайдалануға қолданылады.
&&&

$$$002-001-100$ Дәріс №1.Өзін-өзі тексеру сұрақтары



  1. Мал фермасы,комплекстері деген не?

  2. Мал фермаларының, комплекстерінің типтік көлемін айтындар.

  3. Мал комплекстерінің фермалардан айырмашылығы неде?

  4. Машиналар жүйесі деген не?

  5. Малды азықтандырғанда және сауғанда қолданылатын машиналар мен жабдықтарды атандар?

  6. Қиды шығару қандай құралдардың көмегімен атқарылады?

  7. Автоматика деген не?

  8. Датчиктер не үшін қызмет етеді?

  9. Автоматика құралдары не үшін қолданылады?

&&&


$$$002-002-000$3.2.2 Дәріс №2. Сиыр саууды механикаландыратын және автоматтандыратын қондырғылар мен аппараттар.

1.Сиырды машинамен сауудың физиологиясы.

2.Сауу аппараттары.

3.Сауу агрегаттары мен қондырғылары.


&&&

$$$002-002-001$3.2.2.1 1 Сиырды машинамен сауудың физиологиясы.

Машинамен сауу – сүт фермалары мен комплекстерін жан-жақты механикаландырудың негізі, өйткені қолмен сауу ең ауыр процестерді бірі. Машинамен сауу еңбек өнімділігін арттыруды қамтамасыз етіп,адам жұмысын жеңілдетеді,жоғары сапалы өнім алуға мүмкіндік береді.Мұндай жұмысты сауу қондырғысының бір бөлігі болып саналатын арнайы сауу аппараттарымен жүзеге асырады.Сауу аппаратының жұмыс принципі аэро және гидродинамика заңдарына негізделген.
&&&

$$$002-002-002$3.2.2.2 2 Сауу аппараттары.

Еліміздің фермаларында отандық «Волга», ДА-2, ДА2М, «Майга» және ГДР-де шығарылатын М-66 «Импульс» аппараттары қолданылады.Сауу аппаратының жұмыс режимі сауу жылдамдығымен,пульс жиілігімен, вакуум шамасымен, жұмыс циклі тактілерінің ұзақтылығымен т.б. сипатталады.
&&&

$$$002-002-003$3.2.2.3 3 Сауу агрегаттары мен қондырғылары.

Сиырды машинамен саууды ұйымдастыру жүйесіне және малды күтіп-бағу әдісіне қарай сауу агрегаттары мен қондырғыларының бір орында жұмыс істейтін (стационарлы) және жылжымалы түрлері бар. Бір орында жұмыс істейтін агрегаттар сиырды тұрған жерінде сауып,сүтті сүт құбырына жинау үшін қолданылады. Жылжымалы агрегаттар сиырды жайылымда сауу үшін пайдаланылады.
&&&

$$$002-002-100$ Дәріс №2.Өзін-өзі тексеру сұрақтары



  1. Үш тактілі «Волга» сауу аппаратының құрылысы және жұмыс істеу принципі туралы айтып беріндер.

  2. Екі тактілі ДА-2 «Майга» сауу аппаратының құрылысы және жұмыс істеу принципі туралы айтып беріндер.

  3. Екі тактілі М-66 «Импульс» сауу аппаратының құрылысы және жұмыс істеу принципі туралы айтып беріндер.

  4. Фермалар мен комплекстерде сауу агрегаттарымен қондырғылардың қандай типтері қолданылады?

  5. Сиырды тұрған жерінде тасымал шелекпен саууға қандай қондырғылар арналған?

  6. Сиырды сүт түтігімен сауға пайдаланылатын қондырғыларды атандар.Олардың құрылысы қандай?

  7. Әмбебап сауу станциясы қайда қолданылады?

  8. УДТ-6 әмбебап сауу қондырғысы қалай жұмыс істейді?

  9. УДЕ-8 қондырғысының қандай ерекшелігі бар?

&&&


$$$002-003-000$3.2.3 Дәріс №3. Фермалар мен комплекстерде сумен қамтамасыз ететін және мал суаруды механикаландыратын және автоматтандыратын машиналар мен жабдықтар.

1.Сумен қамтамасыз етуді механикаландырудың мәні.

2.Су көтеретін жабдықтар.

3.Су құбыры желісі және мал суғаратын жабдықтар.

&&&

$$$002-003-001$3.2.3.1 1 Сумен қамтамасыз етуді механикаландырудың мәні.



Мал фермалары мен комплекстері - суды өте көп тұтынатын орындар.Мал ішетін су жоғары сапалы,жеткілікті мөлшерде,әр тәуліктің кез келген уақытында болуы тиіс. Сонымен қоса, суды технологиялық,гигиеналық,шаруашылық және өртке қарсы мақсатта қолданылады.Сумен қамтамасыз етуді дұрыс ұйымдастырудың фермалар мен комплекстердің жұмысын тиімді жұмыс істеуде айрықша маңызы бар,өйткені оның өзі өндірістік –зоотехникалық процестердің қалыпты өтуін қамтамасыз етеді, малды күтіп-бағу жағдайын жақсартады, жұмыс істейтін адамдардың еңбек өнімділігімен мәдениетін, өнім сапасын жақсартады,өнімнің өзіндік құнын кемітеді.Сумен үздіксіз қамтамасыз ету сиырдың сүттілігін 10-14% және бордақыдағы малдың салмақ қосуын 10-15 % арттырады.
&&&

$$$002-003-002$3.2.3.2 2 Су көтеретін жабдықтар.

Сумен қамтамасыз ететін көздердегі суды су - арын құрылыстарына немесе тікелей тұтынатын орындарға беру үшін насостарды су ағызатын қондырғыларды және басқа да жабдықтарды пайдаланылады.Конструкциясы бойынша насостар горизонтальды,вертикальды, бір,екі және көп сатылы,бір жақты және екі жақты әсер ететіндер болып бөлінеді.Ортадан тепкіш насос, ВУ типтес автоматты су көтергіш қондырғылар бар.

&&&


$$$002-003-003$3.2.3.3 3 Су құбыры желісі және мал суғаратын жабдықтар.

Фермалармен комплекстеріндегі су құбырының желісі айдауыш және таратқыш түтіктерден тұрады,айдауыш түтік насос станциясын су – арын мұнарасымен, таратқыш түтік су – арын мұнарасынан тұтынатын орындармен жалғастырады. Тарату желісі сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Топтық немесе жергілікті су құбыры желісін сақиналы,тұйық немесе құрамды типте орнатады.Мал фермаларында жайылымдағы суат пункттерінде бір орында жұмыс істейтін және жылжымалы автосуарғыштар қолданылады. Ірі қараны байлап ұстаған жағдайда ПА1, ПА1А, АП-1,АП-1А, суарғыштарын, байламай ұстағанда АГК-4, АГК-4А топтық суарғыштарды,ал жайылымда ВР-3М және ПАП-10А су таратқыштарды пайдаланады.


&&&

$$$002-003-100$ Дәріс №3.Өзін-өзі тексеру сұрақтары



  1. Су құбыры қандай элементтерден тұрады?

  2. Су сапасының негізгі көрсеткіштері қандай?

  3. Сумен қамтамасыз ету көздерін атандар?

  4. Су алатын құрылыс типтерін атандар?

  5. Су ағызатын қондырғының әрекет ету принципі қандай?

  6. Су ағызатын қондырғыны ретке келтірудің тәртібі қандай?

  7. Топтық автосуарғыштың дербес автосуарғыштан қандай айырмашылығы бар?

  8. Топтық автосуарғыштың құрылысы қандай?

  9. Топтық автосуарғыштың әрекет ету принципі қандай?

&&&


$$$002-004-000$3.2.4 Дәріс №4. Cүтті алғашқы өңдейтін, сақтайтын және тасымалдайтын машиналар мен жабдықтар.

1.Сүтті алғашқы өңдеудің маңызы және технологиялық схемасы.

2.Сүтті тазартатын және салқындататын машиналар мен жабдықтар.

3.Сүтті сақтайтын және тасымалдайтын машиналар мен жабдықтар.


&&&

$$$002-004-001$3.2.4.1 1 Сүтті алғашқы өңдеудің маңызы және технологиялық схемасы.

Сиыр сүтінде көптеген қоректік заттар (майлар,белоктар,углеводтар,витаминдер,минералдық заттар,барлығы жүзге жуық компоненттер) бар. Сондықтан да сүттің қоректілік,тіпті емдік қасиеті өте жоғары.Жаңа сауылған сүттің температурасы 36-37 С және бактерицидтік қасиеті болады,яғни оған түскен микроорганизмдердің өсіп-жетілуі тежеледі.Сондықтан да фермалар мен комплекстерде сүт алғашқы өңдеуден өткізіліп, шөп –шаламы тазартылады және салқындатылады.
&&&

$$$002-004-002$3.2.4.2 2 Сүтті тазартатын және салқындататын машиналар мен жабдықтар.

Сүттегі ірі қоқымдарды іркіп алу үшін сүтті торлы элементі бар сүзгіден өткізеді.Сауу қондырғыларында АДМ типтес сүзгі қолданылады.Оның сүт түтігінің жолында орнатады.Сүзгі элемент каркастан – тордан және ауыстырмалы лавсан не фланел материалдан тұрады. Сүтті тазартудың ең прогрессивті әдісі - ортадан тепкіш сүт тазартқыш, оның ең басты бөлімі – шапшаң айналатын барабан. Ортадан тепкіш күштің әсерінен лас қоқымдар барабан кенересіне соғылып, бірте-бірте сонда жиналады.
&&&

$$$002-004-003$3.2.4.3 3 Сүтті сақтайтын және тасымалдайтын машиналар мен жабдықтар.

10 С-тен төмен температурада салқындатылған сүт жылу өткізбейтін тысы мен қорғаныщ болат құндағы бар резервуар термостарда сақталады. Резервуар горизонтальды (В2-ОМВ) болуы мүмкін.Олардың сыйымдылығы 2000 литрге дейін. Сүтті тасымалдау – оның сапасын сақтау және өзіндік құның кеміту проблемасы шешілетін маңызды учаске.Сүтті тасымалдаудың ең жетілдірген құралы,әсіресе алысқа тасығанда (300 км-ге дейін) сүт автоцистерналары,оған сүт вакуум әсерімен сорылады, немесе насос арқылы айдалады да өз ағынымен құйылады.
&&&

$$$002-004-100$ Дәріс №4.Өзін-өзі тексеру сұрақтары



  1. Сүтте қандай қоректік заттар кездеседі?

  2. Бактерицидтік фаза дегеніміз не?

  3. Сүтті алғашқы өңдеудің мәні неде?

  4. Сүт бөгде қоспалардан қалай тазартылады?

  5. Салқындатқыштар не үшін қолданылады және қалай жіктеледі?

  6. Сүт тазартқыштар мен тоңазытқыштардың құрылысы қандай және қалай әрекет етеді?

  7. Сүт қалай сақтайды?

  8. Сүт сақтайтын резервуарға қандай талаптар қойылады?

  9. Сүт тасымалдаған кезде өзіндік құны неге байланысты?

&&&


$$$002-005-000$3.2.5 Дәріс №5. Фермалар мен комплекстерді сумен қамтамасыз ету.

1.Сумен қамтамасыз етуді механикаландырудың мәні.

2.Лагерь мен жайылымды сумен қамтамасыз ету.
&&&

$$$002-005-001$3.2.5.1 1 Сумен қамтамасыз етуді механикаландырудың мәні.

Мал фермалары мен комплекстері – суды өте көп тұтынатын орындар. Мал ішетін су жоғары сапалы, жеткілікті мөлшерде, әрі тәуліктің кез келген уақытында болуы тиіс. Сонымен қоса, суды технологиялық, гигиеналық, шаруашылық және өртке қарсы мақсатта қолданылады. Сумен қаматамасыз етуді дұрыс ұйымдастырудың фермалар мен комплекстердің жұмысын тиімді жұмыс істеуде айырқша маңызы бар, өйткені оның өзі өндірістік-зоотехникалық процестердің қалыпты өтіун қамтамасыз етеді, малды күтіп-бағу жағдайын жақсартады.
&&&

$$$002-005-002$3.2.5.2 2 Лагерь мен жайылымды сумен қамтамасыз ету.

Еліміздің орталық алқабындағы ұланғайыр территорияда жазда мал жайылатын мол өріс бар.Оңтүстік аймақтың шаруашылықтары арнайы қоршалған лагерь жасап, көк шөп конвейері принципі бойынша сол жерге ұдайы балауса азық жеткізіп отырады. Мұнда жергілікті жердің жағдайына қарай су көздері, су алатын және су көтеретін жабдықтар, запас және реттеуші резервуарлар, суды тазартатын, залалсыздандыратын және тұщыландыратын құрылыстар, суару науалары мен алаңдары болады.
&&&

$$$002-005-100$ Дәріс №5.Өзін-өзі тексеру сұрақтары



  1. Су құбыры қандай элементтерден тұрады?

  2. Су сапасының негізгі көрсеткіштері қандай?

  3. Сумен қамтамасыз ету көздерін атандар.

  4. Су алатын құрылыс типтерін атандар.

  5. Суат пункттерін жайылымдарда қалай орналастырады?

  6. Малды сумен қамтамасыз ету үшін жайылымда қандай қондырғылар қолданылады?

&&&


$$$002-006-000$3.2.6 Дәріс №6. Мал суаруды механикаландыратын және автоматтандыратын машиналар мен жабдықтар.

1.Су көтеретін жабдықтар.

2.Су құбыры желісі және мал суғаратын жабдықтар.
&&&

$$$002-006-001$3.2.6.1 1 Су көтеретін жабдықтар.

Сумен қамтамасыз ететін көздердегі суды су-арын құрылыстарына немесе тікелей тұтынатын орындарға беру үшін насостарды, су ағызатын қондырғыларды және басқа да жабдықтарды пайдаланады.Насостар – оны ашық су көздерінен, шахталы және түтікті құдықтардан су алу үшін пайдаланады.Конструкциясы бойынша насостар горизонтальды, вертикальды, бір, екі және көп сатылы, бір жақты және екі жақты әсер ететіндер болып бөлінеді.
&&&

$$$002-006-002$3.2.6.2 2 Су құбыры желісі және мал суғаратын жабдықтар.

Фермалар мен комплекстердегі су құбырының желісі айдауыш және таратқыш түтіктерден тұрады, айдауыш түтік насос станциясын су- арын мұнарасымен, таратқыш түтік су-арын мұнарасын тұтынатын орындармен жалғастырады.Мал фермаларында, жайылымдағы суат пунттерінде бір орында жұмыс істейтін және жылжымалы автосуарғыштар қолданылады.Ірі қараны байлап ұстаған жағдайда ПА 1, ПА 1А, АП-1, АП-1А суарғыштарын, байламай ұстағанда АГК-4, АГК-4А,топтық суарғыштарды, ал жайылымда ВР 3М және ПАП-10А су таратқыштарды пайдаланылады.

&&&


$$$002-006-100$Дәріс №6.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Су ағызатын қондырғының әрекет ету принципі қандай?

  2. Су ағызатын қондырғыны ретке келтірудің тәртібі қандай?

  3. Ортадан тепкіш насостың әрекет ету принципі қандай?

  4. Топтық автосуарғыштың дербес автосуарғыштан қандай айырмашылығы бар?

  5. Топтық автосуарғыштың құрылыс қандай?

  6. Топтық автосуарғыштың әрекет ету принципі қандай?

&&&


$$$002-007-000$3.2.7 Дәріс №7. Жемшөпті малға беруді әзірлеу.

1.Жемшөпке қойылатын талап және оны әзірлеу әдістері.

2.Жемшөп әзірлейтін цехтар.
&&&

$$$002-007-001$3.2.7.1 1 Жемшөпке қойылатын талап және оны әзірлеу әдістері.

Мал азығы – өсімдік,жануар немесе минерал тектес өнімдер, олардың қоректілік құны негізінен алғанда құрамындағы протеинмен, минералдық заттармен және витаминдермен анықталады.Әр түрлі азықтарды малдың жеуіне әзірлеп берудің мәні мынада.Мұндайда механикалық операциялар (жуу,турау,булау және басқалары) азықтың мал организміне сіңуін арттырады.
&&&

$$$002-007-002$3.2.7.2 2 Жемшөп әзірлейтін цехтар.

Көп малға жемшөп әзірлеу үшін фермада өзара үйлестіріліп, негізгі және қосалқы операциялары толық механикаландырылған бірнеше тасқынды технологиялық линия болуы тиіс. Сондықтан да жемшөп әзірлейтін технологиялық жабдықтарды орналастыру үшін фермалар мен комплекстерде арнайы бөлімдерді – жемшөп цехтарын салып, сонда әр түрлі азықтардың ондаған тоннасы күнделікті өңделеді.
&&&

$$$002-007-100$Дәріс №7.Өзін-өзі тексеру сұрақтары



  1. Малға азықты әзірлеуді механикаландырудың қаншалықты маңызы бар?

  2. Жемшөп қалай және қандай түрлерге бөлінеді?

  3. Жемшөп әзірлеу әдісін қалай жіктейді?

  4. Жемшөп цехтары не үшін қажет?

  5. Жемшөп цехтарын пйдалану не береді, оларды кай жерде салған тиімді?

  6. Жемшөп цехтарының қандай негізгі линиялары бар?

&&&


$$$002-008-000$3.2.8 Дәріс №8. Малға беретін жемшөпті механикаландыратын машиналар мен жабдықтар.

1.Азық ұнтақтайтын машиналар мен жабдықтар.

2.Азықты турап ұсақтайтын машиналар мен жабдықтар.

3.Азықты жылумен өңдейтін машиналар мен жабдықтар.


&&&

$$$002-008-001$3.2.8.1 1 Азық ұнтақтайтын машиналар мен жабдықтар.

Азықты ұнтақтау зоотехникалық талапқа орай жүргізіледі.Мәселен, жылқы мен ірі қара үшін дәннің қауызы талқандалған кейін ұнтақ мөлшері 3 мм-ден, шошқа мен құсқа 1 мм-ден аспауы тиіс. Дәннің және дән құрамының физикалық-механикалық қасиеті дән шамасымен, үйіндінің салмағымен, тығыздылығымен, қуыстығылымен, сусымдылығымен және ылғалдылығымен сипатталады.
&&&

$$$002-008-002$3.2.8.2 2 Азықты турап ұсақтайтын машиналар мен жабдықтар.

Машиналарда азықты ұсақтау үшін тураудың екі түрі қолданылады: пышақпен және сынамен турау. Пышақпен балауса және ірі азықтарды, сынамен - тамыртүйнек жемістілерді (балғын азықтарды) турайды. Ірі немесе балауса азықтарды пышақпен ұсақтаған жағдайда пышақтың жоғары екі қырлы бұрышымен турайды, ал оның бүйір қырларын фаска деп атайды. Тамыртүйнек жемістілер горизонталь немесе вертикаль пышақтармен ұсақталады.
&&&

$$$002-008-003$3.2.8.3 3 Азықты жылумен өңдейтін машиналар мен жабдықтар.

Көптеген азық түрлерін әзірлеу технологиясында, оның малға жақсы сіңуі үшін жылумен өңдеу көзделген. Тамыртүйнек жемістілер (шошқа мен құсқа) мен ірі азықтарды (ірі қараға ) малға берер алдында булауға және жем қосып дәмдендіруге болады, ал тамақ қалдықтарын (шошқаға), ондағы ауру тудыратын микроорганизмдерді құрту мақсатында міндетті түрде булайды және стерильдейді.

&&&


$$$002-008-100$Дәріс №8.Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер

  1. Материалды ұнтақтау түрлерін және осы принциппен істейтін машиналардың жұмыс органдарын атаңдар.

  2. Азықтың ұнтақталу дәрежесін қалай анықтайды?

  3. Азық ұсақтайтын машинаның материалдарды турау түрлерін және кескіш аппаратардың жіктеліун атандар?

  4. Тамыртүйнек жемістілерді тураудың мәнін және оларды ұсақтаудың зоотехникалық талаптарын түсіндіріңдер.

  5. Өнімді бақылау процесінің мәнін түсіндіріңдер және азықты жылумен өңдеудің зоотехникалық талаптарын атандар.

&&&


$$$002-009-000$3.2.9 Дәріс №9. Малға азық таратуды механикаландыратын машиналар мен жабдықтар.

1.Азық таратқыштарға қойылатын талаптар мен олардың жіктелуі.

2.Жылжымалы азық таратқыштар.

3.Бір орнында азық таратқыштар.


&&&

$$$002-009-001$3.2.9.1 1 Азық таратқыштарға қойылатын талаптар мен олардың жіктелуі.

Малға азық тарату- еңбекті көп қажет ететін өндірістік процестердің бірі.Фермаларда өңдірісті механикаландыру деңгейі 50-60%-ке жеткізіліп,оның үлесіне мал мен құсты күтудегі жалпы еңбек шығының 30-40 %-і келеді. Жемшөп тарату процесі малды азықтандырудағы комплексті жұмыстармен аяқталады әрі мұның өзі ең маңызды буын болып саналады, өйткені күллі зоотехникалық және техникалық болып бөлінеді. Жемшөп тарату процесі малды азықтандырудағы комплексті жұмыстармен аяқталады әрі мұның өзі ең маңызды буын болып саналады,өйткені күллі зоотехникалық шаралардың нәтижелігі көбінесе соған байланысты.
&&&

$$$002-009-002$3.2.9.2 2 Жылжымалы азық таратқыштар.

Туралған ірі,балауса, құрғақ жем,сұйық азықтар мен сүрлемді тарату үшін өнеркәсіп жылжымалы агрегаттардың бірнеше типін шығарады.КУТ-3,0 А азық таратқышының жүк көтерімділігі 3т. Ол жем азықтарды, балауса, шөпті, сүрлемді, туралған тамыртүйнек жемістерді және азық қоспасын таратуға арналған.
&&&

$$$002-009-003$3.2.9.3 3 Бір орнында азық таратқыштар.

Бір орында азық таратқыштар өте көп қолданылады, ал құс фермаларында олар азық тарататын негізгі құрал болып саналады. Бір орында азық таратқыштарға металл аз жұмсалады, жылжымалы азық таратқыштарға жемді сиырдың сүттілігіне қарай үлестірдуің қамтамасыз ете тұрса да,одан бір қатар артықшылығы бар. Әйсе де , бір орында азықтаратқыштардың пайдалануы онша сенімді емес, әрі техникалық қызмет көрсету жұымыстары едәір күрделі.
&&&

$$$002-009-100$Дәріс №9.Өзін-өзі тексеру сұрақтары



  1. Малға азық тарату не себепті еңбекті көп қажет ететін процестерге жатады?

  2. Азықтаратқыштарды қандай негізгі белгілері бойынша жіктейді?

  3. Жылжымалы және бір орында жұмыс істейтін азық таратқыштарыдың тиімді және тиімсіз жақтарын атандар?

  4. Өздерін білетін жылжымалы азықтаратқыштарды атандар?

  5. КТУ-10 азықтаратқышының құрылысы қандай және қалай козғалады?

  6. КТУ-10 А, РСП-10,ЗСК-10, КС1,5, КС0,4, КСА-55 машиналары қандай мақсатта қолданылады?

  7. Азық таратқыштар қалай жіктеледі?

  8. Жылжымалы азықтаратқыштарға қарағанда бір орында азық таратқыштардың қандай артықшылығы бар?

  9. ТВК-80 А, РКА -1000, КЛО-75,РК-50, КШ 0,5 азықтаратқыштарының қолданылуын және құрылысын сипаттандар.

  10. ПУС типтес азықтаратқыштарының құрылысы мен қозғалуы қандай?

&&&


$$$002-010-000$3.2.10 Дәріс №10. Қи жинайтын және шығаратын машиналар мен жабдықтар.

1.Қидың зоотехникалық талаптары және шығу әдістері.

2.Қи шығаратын механикалық құралдар.
&&&

$$$002-010-001$3.2.10.1 1 Қидың зоотехникалық талаптары және шығу әдістері.

Мал шаруашылығы өнімдерін өнеркәсіптік негізде өңдіру қи шығару жұмыстарына ерекше зоотехникалық талап қояды. Өйткені комплекстегі мал көп ұсталатындықтан қи да мол жиналады. Оның сақталу мен пайдалануы дұрыс болмаған жағдайда айналасы ласталу,малға ауру таратуы мүмкін. Қи шығару жүйесі инжнерелік констркуциялар мен құрылыс комплекстерінен техникалық құрал-жабдықтардан , сондай-ақ санитарлық шаралардан тұрады.Малдың түріне,күтіп-бағу технологиясына, пайдалыналытын төсенішке және қидың физикалық-техникалық қасиетіне байланысты мал қорасындағы қиды механикалық,гидавликалық немесе пневаматикалық әдістерімен шығарады.
&&&

$$$002-010-002$3.2.10.2 2 Қи шығаратын механикалық құралдар.

Малды байлап баққан кезде қи шығару үшін негізінен қырғышты транспортерлер қолданылады. Ол өзінің қолданылу мақсатына сай келеді,қораны жақсы тазартуды қамтамасыз етеді,қидың қаттысында, сұйығын да шығарып, түсіре алады,жасалуы мен пайдалануы қарапайым.Жұмыс кезінде қиды науға қолмен лақтырады, сонда оны горизонталь конвейердің қырғыштары іліп алып, көлбеу конвейердің қабылдау бөліміне жектізеді, көлбеу конвейер қиды жоғары көтереді, траспорт құралдарына лақтырады.

&&&


$$$002-010-100$Дәріс №10.Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер

  1. Қи шығару әдістері қалай жіктеледі?

  2. Қи шығаратын машиналар мен жабдықтарға қандай талаптар қойылады?

  3. Қи шығарудың гидравликалық әдісі туралы айтыңдар.

  4. Қырғышты транспортерлер қалай жұмыс істейді?

  5. ТСН 3,0 Б транспортерлерінің ТШ 30 А дан қандай айырмашылығы бар?

  6. ТШ 30 А, УН 3, УС 15, УС 10 қондырғыларының құрылысы қандай және не үшін қолданылады?

&&&


$$$002-011-000$3.2.11 Дәріс №11. Механикаландырылған қи қоймасы және қи тиеуіштері мен тасымал құралдары.

1.Механикаландырылған қи коймасы

2.Қи тиеуіштер және тасымал құралдары.
&&&

$$$002-011-001$3.2.11.1 1 Механикаландырылған қи қоймасы.

Қи қоймасының сыймдылығы мал санына және табын құрылымыдарына, қолда бағу кезеңінің ұзақтылығына, қиды сақтау ұзақтығы мен оның түруне, органикалық тыңайтқышты әзурлеу технологиясына қарай белгіленеді. Қи қоймасының орнын құрамында медимциналық және мал дәругерлік қадағаушылыар бар арнайы комиссия белгілейді. Жер бетіне орналасқан ашық қи қоймасының құрылысы қарапайым, ол құрғақ қиды жинауға арналған. Қи жиналатын алаң топырағы қатты жерге салынып, ол сәл шұнқырланады (0,5 м) және қи садырасы жиналатын жақа қарай аздап еніс етіледі.
&&&

$$$002-011-002$3.2.11.2 2 Қи тиеуіштер және тасымал құралдары.

НПК-30 шөмішті қи тиеуіш жиналған қиды тасымал құралдарына тиеуге. Оның негізгі бөлшектері: рама, жетекші және кергіш білік, шөмішті шынжыр, электр двигательді жетек және асқыш.Раманың жоғарғы шетінде жетекші біліктің подшибниктерін бекітетін кроншейтндер,тергіш жұлдызшалар және редукторлы электр двигателі, ал төменгі шетінде кергіш білікті орантатын таяныш пен ойық болады. Тиеуіш шынжырын роликке бос орнатылған кергіш білікті жылжыту арқылы кереді.
&&&

$$$002-011-100$Дәріс №11.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Қи қоймасында өндірістік процесстерді механикаландыру неден тұрады?

2. Қи садырасы тартып шығаруға және жинауға қандай қондырғылар пайдалынылады?

3. Қи массасын не үшін залалсыздандырады?

4. Қиды тасымалдауға қандай құралдар қолданылады?

5. Тыңайтқыш енгізуге қандай машиналар пайдалынылады?

&&&


$$$002-012-000$3.2.12 Дәріс №12. Қолайлы микроклимат жасап, оны сақтап тұруға арналған машиналар мен жабдықтар.

1.Мал қорасында қолайлы микроклимат сақтаудың маңызы.

2.Қолайлы микроклиматтың қажетті параметрлерін жасау.
&&&

$$$002-012-001$3.2.12.1 1 Мал қорасында қолайлы микроклимат сақтаудың маңызы.

Мал шаруашылығының интенсивтендіру және соған орай фермаларда мал басының көптен шоғырлануы бұл саладағы қызметкерлердің алдына малдың денсаулығын сақтау мен өнімділігін арттыру тарапында аса күрделі міндеттер жүктейді. Малды әсіресе жас төлді күтіп бағу тәртібі бұзылған жағдайда әр түрлі аурулар жиі байқалады, төлдегіштігі мен өнімділігі төмендейді, өнім өндруге жұмсалатын азық шығыны арта түседі.Қора микроклиматы қолайсыз болғагн жағдайда өнімділігі 20-30%- ке кеміп, малды пайдалану мерзімі қысқарады және қораны пайдалану мерзімі азаяды.
&&&

$$$002-012-002$3.2.12.2 2 Қолайлы микроклиматтың қажетті параметрлерін жасау.

Микроклиматтың нормаланатын параметрлерін қамтамасыз етумен байланысты болатын міндеттерді шешкен кезде мал қорасын жылыту, желдету және оны қоршау конструкцияның жылу техникасын ескере отырып, бір тұтас энергетикалық жүйе ретінде қарастыру керек. Мал қораларындағы жылу және ылғал алмасу процестерінің схемасын қарастырайық.Ауа ортасының энергетикалық күйі негізінен 3 жүйенін өзара әсерімен, мал организмдердегі энергетикалық алмасумен; қоршау констркуцияларда (жабулар,қабырғалар,терезелер,едендер) болатын жылу және ылғал алмасу процесстерімен; жылыту-желдету жүйесінің әсерінен болатын энергетикалық процесстерімен сипатталады.

&&&


$$$002-012-100$Дәріс №12.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Мал қорасындағы ауаның энергетикалық күйі қалай сипатталады?

  2. Мал қорасындағы жылу және ылғалдық баланстары теңдеуін түсіндіріп жазындар?

  3. Микроклимат деп нені түсінеміз?

  4. Малдың өнімділігіне сыртқы ортанын қандай негізгі параметрлері қалай әсер етеді?

&&&


$$$002-013-000$3.2.13 Дәріс №13. Малды жылытудың және оларға сәулемен әсер етуге арналған жабдықтар.

1.Малды жылытудың және оларға сәулемен әсер етудің мәні.

2.Сәуле шығаратын көздер.

&&&


$$$002-013-001$3.2.13.1 1 Малды жылытудың және оларға сәулемен әсер етудің мәні.

Жоғары өнімді мал өсірген кезде оларды организмы мен қоршаған ортаны біртұтас деп қарастырған жөн. Мал басын көптеген шоғырландыру арқылы мал шаруашылығың өнеркәсіптік негізге көшіру әрі оларды жабық қорада күтіп-бағу қолайлы микроклимат жасауды,сырттқы ортаны қалыпты етуді қажет етеді. Соның ішіндегі ең маңыздысы сәуле энергиясы болып саналады.Ультракүлгін сәулемен әсер ету малдың өсіп-жетілуіне, зат алмасу және төлдеу функцияларына жақсы әсер етеді.


&&&

$$$002-013-002$3.2.13.2 2 Сәуле шығаратын көздер.

Ауыл шаруашылығы өндірісіне қолданылатын қондырғылардың ультракулгін сәуле шығаратын көз ретінде әсіресе практикалық маңыздылыары мыналар: ЛЭ типіндегі эритемдік люминиесценттік имек сынап шамы; ДК типті бактерия жойғыш имек сынапты шам; ДРТ типті жоғары қысымды имек сынапты түтікті шам; ПРК типті сынапты кварцты шам(сынапты-кварцты түзу); ЭУВ типті эритендік люминесценстік шам(эритемдік увиолды); БУВ типті бактерия жойғыш шам (бактерия жойғыш увиолды).
&&&

$$$002-013-100$Дәріс №13.Өзін-өзі тексеру сұрақтары



  1. Малға ультракүлгін сәулемен әсер ету және инфрақызыл сәулемен қыздырудың мақсаты қандай?

  2. Ультракүлгін радиация көздерін қалай таңдап алады?

  3. Сәулелендіргіш пен суәлеленгіш қондырғыны таңдап алғанда қандай талаптарды ескерген жөн.

  4. Сендерге сәуле шығарудың қандай көздері белгілі? Олардың техникалық деректерін келтіріндер?.

  5. Сынап-кварцты және эритемдік шамдар қалай құрылған?

  6. Бактерия жойғыш шамнын атқаратын қызметі мен құрылысы қандай?

  7. Малды сәулелендіруге арналған негізгі модельдер мен құрылғылардың атқаратын қызметі мен құрылысын баяндар.

&&&


$$$002-014-000$3.2.14 Дәріс №14. Мал дәрігерлік-санитарлық шараларды механикаландыруға арналған машиналар мен жабдықтар.

1.Мал дәрігерлік-санитарлық шаралардың жүйесі.

2.Мал дәрігерлік қызмтеке арналған жабдықтар.

&&&


$$$002-014-001$3.2.14.1 1 Мал дәрігерлік-санитарлық шаралардың жүйесі.

Малды аурудан қорғау – барлық мал шаруашылығы қызметкерлерінің негізгі міндеттерінін бірі. Осы мақсат үшін мал дәрігерлік-санитарлық шаралар жүйесі қызмет атқарады.Сменалық-тасқынды жүйедегі мал дәрігерлік қызметтің мәні барған сайын өсіп келеді.Оның бірінші кезектегі міндетіне комплекске сау малдың түсуін қамтамасыз ету, жаңадан түскен малдың карантиндеу мерзімін және дәрілеу ережелерін сақтау жатады.


&&&

$$$002-014-002$3.2.14.2 2 Мал дәрігерлік қызмтеке арналған жабдықтар.

Жылжымалы УДП дезинфекциялық қондырғысы мал қораларын дезинфекциялауға арналған.Ол 3 доңғалақты тележкаға (алдынғы доңғалағы маневрлі) орнатылған; қысым шлангасымен, дезинфекциялау әрі сумен тазалауға арналған әмбебап және шүмекті тозаңдатқыштармен (екі данадан) жабдықталған. Габариттік өлшемі; 1,89х0,81х1,15 ; резервуар сыйымдылығы 200 литр; дезинфекциялау кезеңіндегі өнімділігі 85 л\мин; сумен тазалау кезіндегі өнімділігі 20 л\мин.
&&&

$$$002-014-100$Дәріс №14.Өзін-өзі тексеру сұрақтары



  1. Мал дәрігерлік-санитарлық шаралар жүйесі деп нені айтады?

  2. Мал дәрігерлік-санитарлық бақылау пункті қалай құрылған?

  3. Жуу – дезинфекциялау құрылғысы қалай құрылған және ол қалай жұмыс істейді?

  4. Базалық шаруашылықта мал-дәрігерлік мақсатқа арналған қандай жабдықтар қолданылады? Оларды сипаттандар?

  5. УДП,УДС, СВП, ДУК,ЛСД қондырғыларының міндетін және қызмет істеу принципін баяндандар.

&&&


$$$002-015-000$3.2.15 Дәріс №15. Мал шаруашылығындағы электр жетегі.

1.Электр энергиясын ауыл шаруашылығында қолдану.Электр жетегі туралы түсінік.

2.Айнымалы тоқтың үш фазалы жүйесі.
&&&

$$$002-015-001$3.2.15.1 1 Электр энергиясын ауыл шаруашылығында қолдану.Электр жетегі туралы түсінік.

Мал шаруашылығында технологиялық процесстерді электрмен механикаландыру өнім өндіру экономикасындағы маңызды буын болып саналады. Ауыл шаруашылығында орнатылған электр двиагтельдерінің жалпы қуатының 50%-тейі мал шаруашыдығында пайдаланылады.Мал шаруашылығында жүргізіп жіберу және қорғау аппаратурасының тиісті мөлшері бар электр двигательдерінен басқа жарықтандырғыш,сәулелендіргіш және электр- жылу қондырғылары, ішкі жарықтандыру және күш электр өткізгіштері, автомматандыру құралдары т.б. қолданылады.
&&&

$$$002-015-002$3.2.15.2 2 Айнымалы тоқтың үш фазалы жүйесі.

Айнымалы тоқтың электр тізбегінің үш фазалы жүйесі деп үш электр тізбегінен тұратын жүйені атайды,оларды бір-біріне қатысы 1\3 периодқа ( 120 бұрыш) жылжытылған және энергияның бір көзінде индуктивтелген жиелігі мен амплитуадсы синусоидальдық кернеу әрекетте болады.Бұл жүйе бүкіл дүние жүзінде кең қолданылады,өйткені бір фазалы тізбекпен салыстырғанда энергия үнемді белдіреді,электр двигателіндегі айнымалы магнит өрісін біршама қарапайым алу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі т.б. Сонымен қоса, үш фазалы жүйе конструкциялық және пайдалану қасиеттері бойынша ең жетілген генераторларды, электр двигательдерді және трансформаторларды пайдалануға мүмкіндік береді.
&&&

$$$002-015-100$Дәріс №015.Өзін-өзі тексеру сұрақтары



  1. Айнымалы тоқтың үш фазалы тізбегі дегеніміз не?

  2. Үш фазалы генератор қалай орналасқан?

  3. Үш фазалы генератор орамдарын жалғастырудың қандай түрлері сендерге белігілі?

  4. Орамдарды «Жұлдызшалап» және «ұшбұрыштап» жалғастырудың мәнін түсіндіріндер?

  5. «Жұлдызшалап» және «ұшбұрыштап» жалғастырған кезде линиялық,фазалық кернеулердің және тоқ күштерінің арасында қандай байланыстар бар?

&&&


жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау