![]() Kz $$$umkd name$пэоәК атауы Қр экологиялық қауіпсіздігі$$ |
жүктеу 2,06 Mb.
|
$$$003-002-000$3.3.2 Модуль 1. Практикалық сабақтың №2Тақырыбы: Экологиялық зиянды заттар мен әсер ету факторларын анықтау. Кіріспе. Қазіргі кездегі қоғамда күнделікті жүздеген мың химиялық заттар қолданылады. Бұл заттар арасындағы көптеген химиялық реакцияларды, олардың жеке және бірлескен улылық эффектілерін бақылау мүмкін емес? Аса қауіпті он заттар мен әсер ету факторларынан ауыр металдарды (Zn, Cu, Mn, Hg, Co, Mo, Pb, Cd, As), үшқыш органикалық қосылыстар, формальдегид, пестицидтер, жанудың жанама өнімдері (СО2, СО2, NO2 SO2), щаң, асбест, бактериалар, күн сәулесінің жетіспеуі, радиацианы атауға болады. Болашақта қалдықты аз шығаратын жаңа технологияларды енгізу, бұл – заттар-дың қоршаған ортаның тіршілігі мен адам денсаулығы үшін қауіпті әсерін кемітуге мүмкіндік береді. Бірақ қазірдің өзінде өздеріңіздің денсаулығыңызды сақтауда жартылай болса да қаупін төмендете аласыздар.
Ақпараттық кесте (15-кесте) Жұмысты орындау барысы15 және 16-кестелердің мазмұнын оқыңыздар. 16-кестенің соңғы қатарын қауіпті заттардан қорғану үшін қандай нұсқаулар беруге болады. (толтырыңыздар). Өздеріңіздің өміріңізді экологиялық қауіпті заттар мен орта факторларының әсері тұрғысынан анализдеңіз. Өзіңізді және жақындарыңызды ортаның қолайсыз факторларынан қорғау үшін қандай шараларды іс-жүзінде жасауға болады? Экологиялық императив тұрғысынан тұрмыстағы өзіңіздің мінез-құлқыңызды сараптаңыз: қоршаған ортадан денсаулыққа зиянды факторларды атаңыздар: денсаулық жағдайын жақсарту үшін ең алдымен не істеу керектігін отбасы мүшелерімен талқылаңыздар.
15 – кесте
Үйлеріңіздегі экологиялық жағдайды жақсарту жолдары 16 – кесте
Шығармашылық тапсырмаТірішілікке қолайлы экологиялық жағдайлар және салған идеалды тұрғын үй (жеке пәтер, үй немесе шағын аудан) жобасын ұсыныңыздар. Жоба іс-жүзінде іске асарлықтай және мүмкіндігінше тиімді ,экономды болсын. Тексеру сұрақтарыЭкологиялық тұрғыдан аса қауіпті заттардын қандай топтарын білесіздер? Адамның мекен ету ортасының ластануын кемітудің қандай негізгі өндірістерін білесіздер? Үй жағдайларында қауіпті заттармен ластану деңгейін төмендету үшін қандай іс-шаралар жүргізу керек? &&& $$$003-003-000$3.3.3 Практикалық сабақ №3 Модуль 2. Автотранспорт-тың ауаға шығаратын зиянды заттарының мөлшерін есептеу. &&& $$$003-003-001$3.3.3.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №3 Жұмыстың мақсаты: Автотранспорттың ауаға шығаратын зиянды затта-рының мөлшерін есептік әдіспен бағалау. Оқу құрал жабдықтары: 1. Методикалық нұсқау 2.Оқулық,қалам,қағаз. 3.Микрокалькулятор. Кіріспе. Автотранспорт – атмосфераны азот оксидтерімен ( N0 және N02 азот оксидтерінің қоспасы), көміртегі (11) оксидтері (С0), негізгі ластаушы-лардың бірі. Ауаның транспорттық ластану үлесі осы бойынша жалпы ласта-нуының СО 60 %, N0х 50 % астам үлесін құрайды. Автотранспорттың зиянды заттарға бөлінген қалдықтары белгілі уақыт аралығында атмосфераға шығарлатын газдардың мөлшерімен сипатталады. Шығарылатын зиянды заттарға көміртегі оксидтері (концентрациясы 0,3 – 10 %), көмірсутектер – жанбай қалған отын (3 %) және азот оксидтері (0,8 %), күйе жатады. Автотранспорттың атмосфераға бөліп шығаратын зиянды заттарының мөлшері есепке әдіспен бағалауға болады. Шығарылатын қалдықтардың мөлшерін есептеудегі бастапқы мәліметтерге мыналар жатады. автотранспорттың отындық шығынының нормасы автотрассаның белгілі бір бөлігінен уақыт бірлігінде жүріп өткен әр түрлі типті автотранспорттың саны; автотранспорттың отындық шығынының нормасы (қала жағдайында автотранспорт қозғалып кележатқандағы отынның орташа шығынының мөлшері). 7-кесте
Жанармай түріне байланысты автотранспорттын бөліп шығаратын зиянды заттарын анықтайтын импирикалық коэффициенттерінің мәні 8-кестеде берілген 8 – кесте
К коэффициентінің шамасы сандық жағынан 1 км жол жүруге қажет (яғни меншікті шығын), отын мөлшері жанған кездегі берілген компоненттің (литрмен) бөлінген зиянды заттардың шамасына тең. Мақсаты: қоршаған ортаның антропогенді ластаушыларвның негізгі түрлерімен және оларды жедел сараптамалау әдістерімен танысу.
тапсырма. Автотранспорттың ауаға шығаратын зиянды заттарының мөлшерін есептеу. Құрал – жабдықтар: қалам, қағаз, микрокалькулятор. Жұмысты орындау барысыОқу орнына (тұратын жерде) жақын терезеден жақсы көрінетін автотрассаның 0,5-1 км бөлігін тандап алыңыздар. Қадамыңызды орташа ұзындығын алдын ала анықтап, тандап алынған жолдың ұзындығын өлшеп шығыңыздар (L М) 20 минут ішінде жолмен жүріп өткен автотранспорттын санын анықтаңыздар. 9 –кестені толтырыңыздар (мысал үшін «Жеңіл автомобильдерь» қатары толтырылған): 9-кесте
сағаттағы автокөлік санын есептеу үшін 20 минутта алынған санды 3-ке көбейту қажет. Мына формула бойынша, әр түрлі автомобилдердің 1 сағатта жүріп өткен жалпы жолын (L, км) есептеңіздер: L1 = N1 х 1 Мұндағы N1 – 1 сағаттағы әр түрлі автомобильдердің саны 1 – автокөлік түрінің белгісі 1 – тандап алынған жолдың ұзындығы, Алынған нәтижелерді кестеге жазыңыздар.
Әр түрлі автомашина дивигательдерінің жағатын жанармайының мөлшерін (Q1,л) есептеңіздер: Q1 = L1 х Y1 L1 мәнін 9 – кестеден алыңыздар. Алынған нәтижелерді – кестеге толтырыңыздар. Әр түрдің автокөдіктер қолданған жанармайының жалпы мөлшерін (ΣQ) анықтап, нәтижелерді 10 – кестеге толтырыңыздар. 10 – кесте
Қалыпты жағдайда жанармайдың әр түріне және барлығы үшін бөлініп шыққан зиянды заттардың (литрмен) мөлшерін есептеңіздер. Нәтижелерді 11-кестеге толтырыңыздар. 11- кесте
Нәтижелерді өндеу мен қорытындыларЕсептеңіздер: мына формула бойынша бөлініп шыққан зиянды заттардың массасын (m, г) m =V х М /22,4 қоршаған ортаның санитарлық рұқсат етілетін жағдайын қамтамасыз ету үшін бөлініп шыққан зиянды заттарды сүйылту үшін қажет таза ауаның мөлшерін. Нәтижелерді 12 – кестеге жазыңыздар. 12 – кесте
Рұқсат етілетін шекті концентрациялар мәні анықтамаларда берілген. Автомагистралға тұрғын үйлер мен ғимараттардың жақындығын есепке ала отырып, өздеріңіздің зерттеген территорияның экологиялық жағдайы туралы қорытынды жазыңыздар. Жұмыс реті : - Тұратын жеріңізге жақын терезеден жақсы көрінетін автотрассаның 0,5-1км бөлігін таңдап алыңыздар; - Таңдап алған жолдың ұзындығын өлшеп шығыңыздар(L,M); - 20 минут ішінде жолмен жүріп өткен автотранспорттың санын анықтап, 9-шы кестені толтырыңыздар; - Әр түрлі автомашиналардың жаққан жағар майларының мөлшерін есептеңіздер.
1.Берілген формула бойынша автомашиналардан бөлініп шыққан зиянды заттардың массасын есептеп шығырыңыздар(m,г). 2.Зерттеген территорияның экологиялық жағдайы туралы қорытынды жасау керек.
2. Автомашиналардан жағар май жанғанда қандай газдар бөлінеді? 3.Жеңіл және жүк машиналарының 100 км-ға отынының орташа шығыны қандай?
$$$003-004-000$3.3.4 Практикалық сабақ №4 Модуль 2.Тақырыбы: Ғылымдық экологиялық мәселелердің үлгілерін жасау (модельдеу) және зерттеу. Кіріспе. Ғалымдық (глобалды) Экология терминнің жалпы биосфераны зерттейтін, комплексті ғылым үшін 1977 ж. академик М.И. Будько ұсынды. Академик С.С. Шварц «Соңғы кезде адам мен табиғаттың өзара әсерінің ғалымдық мәселелер комплексін анықтау тәжірбиесі, ал бұл мәселені зерттейтін ғылымдар жиынтығын – ғалымдық экология деп атайды» деді. Ғаламдық экологиялық мәселелерге озон қабатының бұзылуы, «парниктік эффект» мәселесі, қышқылдық жауын мәселесі, биологиялық көптүрліліктің кемуі және т.б. жатады. Модельдеу – қандай да бір құбылыс, процесс немесе объектіні олардың модельдерін жасап, қарастыру жолымен зерттеу. Модель (латын тілінен «moduIus» - өлшем, үлгі) – қандай да бір процесс немесе құбылыстың негізгі қасиеттерін қайталайтын аналогы. Ғаламдық экологиялық модельдеудің негізін салушы американ ғалымы Джей Форрестер. Ол процестерді ЭЕМ-да қайталаған.
1.Методикалық нұсқау 2. Плакаттар 3.Өлшегіш цилиндр, ертіндінің рН анықтауға арналған реактивтер. Жұмысты орындау барысы Өлшегіш цилиндрді ашық аспан астына қойыңыздар. Жауын-шашыннан соң алынған су үлгісінің рН-ын анықтаңыздар. Осы бақылауларды белгілі бір уақыт аралығында (апта, айлар) жүр-гізіңіздер. Алынған нәтижелерді 13-кесте түрінде толтырыңыздар. 13-кесте
Нәтижелерді өндеу мен қортындылар Жауын-шашынның қышқылдығы топырақ пен су қоймалары ағзаларының тірішілік қызметіне мүмкін болатын әсері туралы қортынды жасаңыздар 2-тапсырма. «Парниктік эффект» механизмін модельдеу. Қажетті құрал-жабдықтар. Мөлдір пластмасса қорап немес е аквариум, құм (топырақ), суы бар пульверизатор, термометр, қыздырғыш шам. Жұмыс орындау барысы 1.Мөлдір пластмасса қорап немесе кішкене аквариумеың түбіне 2-3 см қанындықта қара топырақ немесе құм төсеңіздер. Құм немесе топырақты пульверизатордағы сумен ылғалдаңыздар. 2.Термометрді картон қойып, дөңгелек басымен жоғары қаратып, грунтқа орналастырыңыздар. Қорапты мөлдір қақпақпен жабыңыздар. Лампаны ыдыстан 20-30 см қашықтықта, жарық термометр шаригіне түсетіндей етіп орналастырыңыздар. Лампаны өшіріп, температураның бөлме температурасының деңгейінде болуын қамтамасыз етіңіздер. Бөлме температурасын жазып алыңыздар. Қақпақты ыдысқа қалдырып, лампаны қосып, термометрдегі температура қөрсеткіштерін әр минут сайыфн 20 минут бойы бақылаңыздар. 3.Лампаны өшіріп, температура бөлме температурасына дейін түскенше күтіңіздер. Топырақты (грунтты) тағы да сумен ылғандандырып, экспериментті қақпақсыз қайталаңыздар. Жұмыстың барлық кезендерін, қара топырақты ашық түсті топырақпен ауыстырып, қайталаңыздар.
Эксперимент нәтижелерін 14 – кестеге толтырып «Температура – уақыт» координаталарында график (2-сурет) жасаңыздар. 14 –кесте
Т, t, мин 2 – сурет Алынған нәтижелер негізінде қорытынды жасаңыздар. ...
Тексеру сұрақтары Қандай экологиялық мәселелер ғалымдық мәселелерге жатады? «Парниктік эффект», қышқылдық жауындар, озон қабатының бұзылуының механизмдері қандай? Ғалымдық экологиялық мәселелерді модельдеу әдісіне сипаттама беріңіздер. &&& $$$003-004-000$3.3.4 Практикалық сабақ №5 Модуль 2.Тақырыбы: &&& $$$003-004-001$3.3.4.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №5 Жұмыс мақсаты: Ғалымдық экологиялық мәселелердің пайда болу механизмдерін осы процестерді модельдеу арқылы зерттеу. Оқу құрал жабдықтары: &&& $$$003-005-002$3.3.5.2 №5 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары &&& $$$003-006-000$3.3.6 Практикалық сабақ №6 Модуль 3 &&& $$$003-006-001$3.3.6.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар &&& $$$003-005-002$3.3.5.2 №6 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары ...
&&& $$$004-000-000$3.4 Зертханалық практикум &&& $$$004-001-000$3.4.1 Зертханалық сабақтың тақырыбы №1 ...
$$$004-001-001$3.4.1.1 №1 зертханалық сабаққа әдістемелік нұсқаулар {Сабақтын мақсаттары, зертханалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар} ...
{Тапсырмалар немесе тестілік сұрақтар(керек жағдайларда варианты таңдау кілті көрсету керек)} ...
...
$$$004-015-001$3.4.15.1 №15 зертханалық сабаққа әдістемелік нұсқаулар {Сабақтын мақсаттары, зертханалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар} ... &&& $$$004-015-002$3.4.15.2 №15 сабақта орындайтын тапсырмалар {Тапсырмалар немесе тестілік сұрақтар(керек жағдайларда вариантты таңдау кілтін көрсету керек)} ... &&& $$$006-000-000$3.6 Курс жұмысы ...
$$$006-001-000$3.6.1 Оқу-әдістемелік нұсқаулар ... &&& $$$006-001-001$3.6.2 Курс жұмысының тақырыптары {Тақырыпты таңдауға арналған кілті көрсетілген тізім} &&& $$$007-000-000$3.7 Білімді бақылау бөлімі ... &&& $$$007-001-000$3.7.1 1-модуль бойынша тапсырма Модуль 1 бойынша тапсырма (оқу үрдісінің 7 аптасында):
Осы тапсырманы жазбаша орындап Өздік жұмысты сайтқа жіберу керек. &&& $$$007-001-001$3.7.2 2-модуль бойынша тапсырма Модуль 2 бойынша тапсырма (оқу үрдісінің 15 аптасында):
Осы тапсырманы жазбаша орындап Өздік жұмысты сайтқа жіберу керек. &&& $$$007-001-003$3.7.4 4-модуль бойынша тапсырма {Әдістемелік нұсқаулар және тапсырма} …
$$$007-001-004$3.7.5 1-межелік бақылау тестілері &&& $$$007-001-005$3.7.6 2-межелік бақылау тестілері &&& $$$007-001-007$3.7.7 Емтихан тестілер үлгілері &&& (…) – бөлім мазмұнымен ауыстыру қажет. жүктеу 2,06 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |