Kz $$$umkd name$пэоәК атауы Қр экологиялық қауіпсіздігі


Бейсебаев Шәріп Төлежанұлы



жүктеу 2,06 Mb.
бет3/5
Дата24.11.2018
өлшемі2,06 Mb.
#24518
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5

Бейсебаев Шәріп Төлежанұлы

Академиялық дәрежесі:

Жоғарғы білімді

Қызметі:

Экология және қоршаған ортаны қорғау кафедра-сының аға оқытушысы

Мамандандыруы:

Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау. Еңбек қорғау

Байланыс мәліметтері:

Жұмыс телефоны:

+7 (7222 53,-19-70, 51-84-08

Электрондық пошта:

жоқ

Skype:

жоқ

Жалпы мәліметтер:

. 2010жылы Қазақстан-Ресей университетінің 72 сағат көлеміндегі «Қашықтықтан оқыту технологиялалары» біліктілікті жоғарылату курстарын тамамдады.



&&&

###002-000#2 Жұмыс бағдарламасы

Қолдану саласы

2. Нормативті сілтемелер

3. Жалпы ережелер

4. Әдебиет және қорлар

5. Пән мазмұны, пәннің модульдік бөлінуі

6. СӨЖ тақырыптары мен мазмұны

7. Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар

8. Курс форматы

9. Курс саясаты

10. Баға қою саясаты

11. Студенттер білімін бақылау

12. Оқу үдерісінің және қашықтық кеңестердің графигі

&&&

###002-001#2.1 Қолдану саласы

«_ҚР Экологиялық қауіпсіздігі __» пәнінің электрондық оқу-әдістемелік кешені қашықтықтан оқыту технологиялалары (ҚОТ) бойынша оқитын «5В060800» – «Экология» мамандығының студенттеріне арналған. ПЭОӘК студенттерді курс мазмұнымен, өзектілігімен, қажеттілігімен, саясатымен және студенттің оқу үдерісінде қандай дағдылар мен іскерлікті үйренетінімен таныстырады.

Пәнді ҚОТ бойынша оқу кезінде ПЭОӘК негізгі құрал болып табылады.


&&&

###002-002#2.2 Нормативтік сілтемелер

Осы «ҚР Экологиялық қауіпсіздігі» пәнінің электрондық оқу-әдістемелік кешені (ПЭОӘК) берілген пән бойынша оқу үдерісін ҚОТ пайдалана ұйымдастыру ретін анықтайды және келесі құжаттардың талаптары мен ұсыныстарына сәйкес әзірленген:

«5В060800» – «Экология» мамандығы бойынша элективті пәндер катологі, 22.09.2012 ж. бекітілген.

«Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің оқу үрдісіне қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану туралы ережесі»
&&&

###002-003#2.3 Жалпы ережелер




  • Оқытушының тегі, аты, жөні – Бейсебаев Шәріп Төлежанұлы ______________________, ғылыми дәрежесі, атағы;

  • Кафедра – __ Экология және қоршаған ортаны қорғау ____________________________________________;

  • Хабарласу ақпараты – тел: 53-19-70, Оқу ғимараты № 8г, кабинет № 114; e-mail: xxx@xxx

  • Контактілі сабақтардың өткізілу орны – аудитория № 114;

  • Пән атауы – «ҚР Экологиялық қауіпсіздігі»;

  • Кредит саны – 2;

Жұмыс оқу жоспарынан көшірме


1 кесте

Курс

Семестр

Кредиттер

Аудиториялық жұмыс

СӨЖ

(сағ)


Барлығы

(сағ)


Қорытынды бақылау түрі

АС (сағ)

ҚК (сағ)

4

7

2

8

Кесте бойынша

82

90

емтихан


2.3.1 Пәннің қысқаша мазмұны
Қазіргі замандағы ғылыми-техникалық прогрестің алға басуы адамзат өмірін жақсартуға тікелей игі ықпал етумен қатар, қоршаған ортаға, табиғатқа орны толмас орасан зиян да тигізіп келеді. Осыған байланысты қоршаған ортаны қорғау және оны табиғи қалпында сақтау мәселелері бүкіл дүниежүзі елдерінің алдында тұрған ең маңызды міндеттердің бірі. Қазақстан Егемендік алғаннан кейінгі жылдар мемлекеттік экологиялық қауіпсіздік жүйесінің қайта жаңару, өсу жылдары болды. Қазастанның ұлттық экономикасының өзгеруіне байланысты, табиғи ресурстарды пайдалану, өндіріс зияндылықтарымен күресу, қоршаған ортаға әсерді мөлшерлеу мәселелері де үнемі жетілдіру үстінде
2.3.2 Курстың мақсаты : Болашақ мамандарды Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарда қабылданған экологиялық қауіпсіздік бағдарламасымен таныстыру. Студенттер ғаламдық, ұлттық және жергілікті экологиялық мәселелерді біліп, қоршаған ортаға антропогендік әсердің түрлерін, сипаты мен көлемін және осы әсерлердің тигізер зардаптары, атмосфера, су және жер ресурстарының ластану жағдайларын бағалаудың әдістерін, табиғат байлықтары мен ресурстарын қорғау саласындағы ұлттық және халықаралық заңдарының құқықтық нормаларымен танысып, қоршаған ортаның қауіпсіздігін, халықтың денсаулығын қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйені меңгерулеріне жағдай туғызу.

2.3.3 Пәнді оқытудың негізгі міндеттері

2.3.3.1 Пәнді оқытудағы міндет: Айтылған мақсатқа жету үшін студенттер төмендегі міндеттерді меңгерулері қажет:

- Ғаламдық климаттың жердің озон қабатының өзгеруіне әсер тететін антропогендік факторларды азайту мәселелерін;

- Биоәртүрлілікті сақтау, жердің куәндануы мен бүлінуі мәселелерін;

- Каспий теңізінің ластануы, су ресурстарының шектелуі мен лас-тануының алдын-алу;

- Экологиялық апат, әскери, космостық полигондар аумақтарын қалпына келтіру;

- Қазастандағы және шекаралас мемлекеттер аумағындағы радио-активті, бактериологиялық, химиялық ластану мәселелерін шешу жолдарын;

- Өндірістік және тұрмыстық қалдықтардың көлемін азайту мәсе-лелерін шешу;

- Табиғи және техногенді төтенше жағдайлардығ алдын-алу мәсе-лелерін.

2.3.4 Пәнді оқу нәтижесінде студенттер:


  • Табиғат қорғаудың ғылыми және заңдылық негізін білуі;

  • Экологиялық сараптау әдістерін дұрыс таңдау және табиғатты пайдалануды ғылыми түрде ұйымдастыруға ие болуы;

  • Экологиялық қауіпті сараптай білуді игеруі;

  • Қоршаған ортаның негізгі зияндылықтарымен күресе білуі;

  • Қазахстан Республикасындағы негізгі экологиялық проблемаларды оқып білуі;

  • Республикадағы негізгі экологиялық проблемаларды оқып білу ;

  • ҚР Экологиялық концепциясының орындалуының негізгі шешімдерін білу.


2.3.5 Курс пререквизиттері:

  • Экология және тұрақты даму

  • Қоршаған ортаны бақылау әдістері мен құралдары

2.3.6 Курс постреквизиттері:

  • Өндірістік тәжірибе

  • Диплом жұмысының бөлімдері

&&&

###002-004#2.4 Әдебиеттер және қорлар

1. Негізгі әдебиеттер

1.1. «ҚР-ң Экологиялық кодексі» 6.01.2007ж.

1.2. «Қазақстан Республикасының 2004-2015ж. Экологиялық қауіпсіздігі концепция-сы»/3.12.2003

1.3. Г.С. Оспанова Г.Т. Бозшатаева. Экология,Алматы.2002ж

1.4. А.Ж.Акбасова. Г.Ә.Саинова «Экология»Алматы,2003ж.


.2. Қосымша әдебиеттер.

2.1. Ю.Л.Хотунцев.Экология и экологическая безопасность

2.2. Габов.Ю.А.,Кист.В.Э, Борисенко.А.В, Серых.В.И, Узбеков.В.А, Кудеринов.Т.К. Экологическая безопасность Казахстана(мифы и реальность).Алматы. Эверо,2014-544 стр.

2.3. Под редакцией Л.А. Муравья. Экология и безопасность жизнедеятельности . М.2000г.

2.4. Ю.П. Пивоварем и др. Радиоционная экология

М. Академия 2004 ж.стр.

&&&

###002-005#2.5 Пәннің мазмұны және пәннің модульдік бөлінуі

Модульдар бойынша пән мазмұны

2-кесте


Модульдің аталуы

Тақырыптың аталуы

Мазмұны

Әдебиеттер

1

2

3

4

1 модуль. Қазақстандағы эколо-гиялық қауіпсіз-діктің қазіргі жағдайы мен мәселе-лері

1-тақырып.Кіріспе дәріс Пәннің мақсаты, міндеті. Жалпы түсі-ніктер

1.1 Экологиялық қауіп; эколо-гиялық қауіпсіздік жүйесі.

1.2 Экологиялық қауіпсіздік критерилері.


Курстың мазмұны, міндеттерімен танысу. Табиғатты қорғаудың заңдылық және теориялық негіздері .

1.1;1.21.3;1.4
2.1; 2.2.

2-тақырып. 2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республика-сының қауіпсіздік концепциясы.

2.1 Қазақстандағы экологиялық қауіпсіздіктің қазіргі жағдайы мен мәселелері

2.2Экологиялық қауіпсіздік кон-цепциясының мақсатымен мәселелері

2.3Экологиялық қауіпсіздік кон-цепциясын іске асырудағы күтілетін нәтижелер



1.Қазақстандағы эко-логиялық қауіпсіздік-тің қазіргі жағдайы мен мәселелері
2.Экологиялық қауіп-сіздік концепциясын іске асырудағы күтіле-тін нәтижелер.

1.1;1.21.3;1.4


2.2; 2.3.

3-тақырып. Жаһандық эколо-гиялық мәселелер

3.1 Ауа райы өзгерісі

3.2 Озон мәселесі

4-тақырып. Жаһандық эколо-гиялық мәселелер

3.3Биологиялық алуантүрлікті сақтау.

3.4 Жердің шөлденуі және бүлінуі


Ауа райының жылынуы

Озон мәселесі

Жердің шөлденуі және бүлінуі



1.2;1.3;1.4
2.1; 2.2;

2.3;


5-тақырып. Ұлттық экологиялық мәселелер.

4.1Экологиялық апат аймақтары.

4.2 Байырғы ластанулар


Арал теңізі,әскери полигондар, кешендер,Семей сынақ полигоны.

1.2;1.3;1.4

2.2; 2.4.






6-тақырып. Ұлттық экология-лық мәселелер.

4.3.Трансшекаралық экологиялық мәселелер.

4.4. Әскери-космостық полигондар, кешендер





7-тақырып. Су ресурстарының ластану мәселесі.

6.1 Қазақстандағы суды пайда-лану және ластау мәселесі



8-тақырып. Каспий шелфін қарқынды пайдаланудан туындағын мәселелер

Қазақстандағы суды пайдалану және ластау мәселесі.

Каспий шелфін қар-қынды пайдаланудан туындағын мәселелер



1.1;1.21.3;1.4
2.1; 2.2.

Модуль 2


Қазақстан Республикасының экология-лық қауіпсіз-дік мәселе-лерін шешу жолдары.


9-тақырып.Қазақстан Республикасының ауа бассейнінің ластану мәселесі.

Қазақстан Республика-сының ауа бассейнінің ластану мәселесі.

1.1;1.21.3;1.4

2.1; 2.3.



10-тақырып.

1 Қазақстандағы су ресурстарының маңызы.

2 Суды қорғау белдемі.

11-тақырып.

Ақаба суды топтастыру және оларды тазалау әдістері.



Суды қорғау белдемі,

су ресурстарының маңызы.

Ақаба суды топтасты-ру және оларды таза-лау.


1.1;1.21.3;1.4
2.1; 2.2.


12-тақырып. Қазақстан жерле-рінің радиоактивті, химиялық, бактериологиялық ластану мәсе-лелері. Техногендік және табиғи төтенше жағдайлар кезіндегі ластану

Қазақстан жерлерінің радиоактивті, химия-лық, бактериология-лық ластану мәселе-лері. Техногендік және та-биғи ТЖ кезіндегі ластану

1.1;1.21.3;1.4
2.1; 2.2;

2.4.


13-тақырып. Литосфераға антро-погенді әсердің ықпалы

1.Топырақтағы зиянды заттек-терді нормалау.

2.Топырақтың бүлінуі.

14-тақырып.

Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды орналастыру және өңдеу мәселелері


Топырақтың бүлінуі.

Өндірістік және тұр-мыстық қалдықтарды орналастыру және өңдеу мәселелері


1.1;1.21.3;1.4
2.1; 2.2.

15-тақырып. Қоғамды экология-ландыру.

1 Қазақстан Республикасының заңдарын экологизациялау

2 Экологиялық білім және тәрбие

3 Халықаралық байланысты дамыту



1.Қазақстан Республи-касының заңдарын экологизациялау

2. Экологиялық білім және тәрбие




1.1;1.21.3;1.4
2.1; 2.2.

Практикалық сабақтар




Тақырыптың аталуы

Мазмұны

Әдебиеттер

1 модуль. Қазақстандағы эколо-гиялық қауіпсіз-діктің қазіргі жағдайы мен мәселе-лері

1-ші Тақырып. Қазақстан Республика-сының «Экологиялық кодексі» заңымен танысу .


Қ Р «Экологиялық кодексінің» мазмұны,негізгі ұғымдар,мем-лекеттік органдар қызметкер-лерінің, мекеме басшылары-ның құқықтары мен міндет-тері.

1.1;1.21.3;1.4
2.1; 2.2.

2-ші тақырып. Экологиялық зиянды заттар мен әсер ету факторларын анықтау


Тұрмыста қолданатын анағұр-лым қауіпті заттардың қауіпі-не баға беру және олардан қорғану әдістерін анықтау.

Өздеріңіздің өміріңізді эколо-гиялық қауіпті заттар мен орта факторларының әсері тұрғы-сынан анализдеңіз.



1.2;1.3;1.4
2.2; 2.3.

Модуль 2 Қазақстан Республикасының экология-лық қауіпсіз-дік мәсе-лелерін шешу жолдары.




3-ші тақырып.

Автотранспорттың ауаға шығаратын зиянды заттарының мөлшерін есептеу




Автотранспорттың ауаға шығаратын зиянды затта-рының мөлшерін есептік әдіспен бағалау.Ауаға шыға-рылатын зиянды заттардың мөлшерін азайту әдістерін оқып білу.

1.1;1.21.3;1.4
2.1; 2.2.

4-ші тақырып.
Ғаламдық экологиялық мәселелердің үлгілерін жасау (модельдеу) және зерттеу.

Ғалымдық экологиялық мәсе-лелердің пайда болу меха-низмдерін осы процестерді модельдеу арқылы зерттеу.

1 – тапсырма. Атмосфералық жауын-шашындардың қыш-қылдығын зерттеу.

2-тапсырма. «Парниктік эф-фект» механизмін модельдеу.

1.2;1.3;1.4

2.1; 2.2;

2.4.




&&&

###002-006#2.6 СӨЖ тақырыптары тізімі және мазмұны
СӨЖ тақырыптары мен мазмұны

3 кесте




СӨЖ тақырыптары

СӨЖ мазмұны

Тапсыру мерзімі

(апта)


Қойылатын баллдар

1

1.1 Парниктік эф-фект. Оны кеміту жолдары

1.2 Озон қабаты-ның бұзылуының салдары



Парниктік эффект. Озон мәселелері. Олардың туындау себептері .Зиянды әсерлерін кеміту жолдары

7 апта

3,67

2

1. Қалдықтардың түрлері.

Қалдықтарды қауіпсіз жою мәселесі

2.Аз қалдықты өндірістік про-цестер


Улы химиялық затт-арды(қалықтарды) анықтау тәсілі және онымен байланысты мәселелер.

Радиоактивтік қалдықтарды оқшаулау мәселесі.



15 апта

3,67



&&&

###002-007#2.7 Пәнді оқу бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар


Курс барысы: 15 тақырып «ҚР Экологиялық қауіпсіздігі» курсының барлық мазмұнын қамтиды. Оқу жоспары бойынша пәнді оқытуға 8 аудиторлық сағат, сонымен қатар кестеге сәйкес қашықтан кеңес беру, 82 сағат студенттің өздік жұмысына қарастырылған.

«ҚР Экологиялық қауіпсіздігі» курсын берілген бағдарлама бойынша реттелген түрде оқу керек. Нәтижелердің логикалық жолдарын ұғынып, анықтамалар мен негізгі түсініктерді ажырата білу қажет. Теориялық материалдарды оқу кезінде міндетті түрде өндірістік жағдайды қауіпсіз ұйымдастыруды өту кезіндегі құбылыстардың мағынасына көңіл аудару қажет. Студенттер пәнді оқып-үйренуге арналған әдістемелік нұсқаулармен танысып пәнді толық меңгерулері керек. Әдістемелік нұсқау пәннің студенттермен жұмыс жасау ретінде жүргізіледі.

Әдістемелік нұсқаулар құрамына:


  1. Пәнді оқуда қажетті жоспарлау, уақытты ұйымдастыру (орындау уақыты);

  2. Оқу-әдістемелік кешенін қолдану нұсқасы;

  3. Әдебиеттер мен оқулықтарды қолдана білу;

  4. Емтиханға даярлану үшін берілетін кеңестер кіреді.

Пәнді оқыту барысында дәрістерде студенттерге «ҚР Экологиялық қауіпсіздігі» курсының негізгі терминдар мен түсініктері,оның ғылыми жұмыстары мен заңдылық негіздері бойынша, ауа бассейнінің ,гидросфераның ,литосфера қауіпсіздігі сұрақтары бойынша жоспар құруды, қорытынды жасап, оны мекемелердегі қоршаған ортаны қорғау жағдайларын жақсарту үшін қолдана білуді оқытады, бағытталған шара-лардың ұйымдастырылуын, жоспарлануын және орындалуы жан-жақты оқытылады.



Дәріс – берілген пәннің теориялық сұрақтарын қарастыру мақсаты болып табылатын оқу сабағының нысаны. Дәрістің негізгі бағыты барлық оқу сабақтарының, сонымен қатар студенттердің өздік жұмыстарының негізгі мазмұны мен сипатын, негізгі бағыттарын анықтай отырып, білім негізін салу.
Студенттер тәжірибе сабақтары мен СӨЖ кезінде тақырып бойынша экологиялық және қоршаған ортаның қауіпсіздік бойынша ақпараттарды іздеу, жинау, өңдеу, оның ерекшеліктерін, әдістерін пайдалану және қолдануды оқып талдайды.

СӨЖ - Экологиялық қауіпсіздік бойынша тақырыптар берілген. СӨЖ- ұйымдастырудың мақсаты:

СӨЖ орындауға әдістемелік нұсқаулар: «ҚР Экологиялық қауіп-сіздігі» курсы бойынша қашықтан оқыту технологиясы студенттерімен СӨЖ компьютерде Интернет жүйесі арқылы орындалады. СӨЖ орындауға кіріскенде студенттер берілген тақырыптардың сұрақтарын жан-жақты зерттеуі керек. Сонымен қатар ұсынылған әдебиеттер мен инструктивтік материалдарды қолдануға болады. Жұмыс Microsoft Word мәтіндік редакторінде, Timеs New Roman шрифімен, 14 мөлшермен, жартылай жоларалық интервалмен, А4 стандартты парағында орындалады. Жұмысты орындау барысында келесідей өлшемдерді сақтау қажет: сол жағынан - 25-30 мм, оң жағынан – 10 мм, жоғарғы және төменгі жағынан – 20 мм. Қызыл жол бес белгіге немесе 15-17 мм-ге тең. Жұмыстың жалпы көлемі 5 беттен кем болмауы тиіс. Жұмыстың әрбір тарауы жаңа беттен басталады, ал бөлімдер жолдың ортасынан мәтіннен бір жол қалдырғаннан кейін жазыла береді.

Сессияға жіберу, 1-ші және 2-ші рейтингтің қорытындысы және сабаққа қатысуы бойынша емтихандық сессия уақытында, Академиялық календарьда белгіленгендей жүргізіледі. Барлық пәндер бойынша қорытынды бақылау – емтихан жүргізіледі. Емтихандарды жүргізу түрлері (форма) – жазба емтиханы. Жазбаша және ауызша емтихандары әр пәннен бөлек билет бойынша жүргізіледі. Билеттегі сұрақтар түсінікті және ықшамды (қысқа) болуы керек, қысқа, бірақ мазмұнды жауап ұйғарылуы керек. Пән бойынша емтиханның қорытынды бағасын қою кезінде, емтиханнан алған және семестр ішіндегі бірінші және екінші рейтинг жүргізудегі қорытындысының ағымды үлгерімінің орташа балы есептелінеді. Емтиханның қорытынды бағасының өлшемдік үлесімі келесідегідей қабылданған: емтиханнан алған нәтижесі 60% және ағымды үлгерімінің нәтижесі 40% құрайды.


&&&

###002-008#2.8 Курс форматы

Пән бойынша офф-лайн және он-лайн сабақтар жүреді. Офф-лайн сабақта студенттер материалды дербес оқып игереді, практикалық сабақтарды, модульдар бойынша бақылау тапсырмаларын орындайды, межелік тестілеу өтеді. Топтық он-лайн семинарларда ең маңызды тақырыптар талқыланады. Әрбір он-лайн семинардың күні мен уақыты, тақырыбы мен тапсырмалары алдын ала хабарланады. Осы семинарларға белсенді қатысу керек. Сонымен қоса, пән бойынша он-лайн кеңестер жүргізіледі, олардың кестесі курс ішінде жазылады. Офф-лайн кеңес алу үшін оқытушыға хат жазып, жауап алуыңызға болады.

&&&

###002-009#2.9 Курс саясаты

Пәнді студент дербес жүйелі түрде оқуы тиіс, қажет болғанда оқытушыдан кеңес алуға болады. Порталға үнемі кіріп, оқыңыздыр, оқытушының жұмыс бағдарламасында немесе практикалық сабақтарда берген әдістемелік нұсқауларын мұқият оқыңыздар. Тек дәрістер материалымен шектелмей, курс ішінде көрсетілген электрондық қорларды, әдебиетті оқыңыздар. Алдымен бір модульды оқып, игеріп, тапсырмасын орындаңыздар, сонан соң ғана келесі модульға көшу керек. Бақылау тапсырмаларын уақытында орындап, тексеруге жіберу қажет, межелік тестілерді де мерзімінде өту керек. Бақылау мерзімдері: 1-7 апталардағы тапсырмалар мен тестілер үшін – 7-аптаның соңы, қалғандары үшін 15-аптаның соңы.
&&&

###002-010#2.10 Баға қою саясаты


Әрбір студент пән бойынша жеткілікті рейтинг алуы үшін белгілі балл санын жинуы тиіс. Баллдардың максималды саны:

1-рейтинг нәтижесі бойынша 1-8 апталарда – 300 балл,

2-рейтинг нәтижесі бойынша 9-15 апталарда – 300 балл.

Пән бойынша семестрде максималды балл саны – 600.

Баллдар келесі жұмыс түрлері үшін қойылады:

1. Модульдар бойынша тапсырманы орындағаны үшін (1 және 3 модуль бойынша максимум 150 балл, 2-модуль бойынша – максимум 120 балл)

2. Он-лайн семинарға қатысқаны және белсенділігі үшін (қатысу үшін – 20 балл, белсенділігі үшін максимум 100 балл)

3. Межелік тестілерді орындағаны үшін (максимум 30 баллдан)

Курстық жұмыс жеке бағаланады.

Пән бойынша баллдардың бөлінуі төменде 5-кестеде берілген.

Бақылау мерзімдері 8-аптаның соңы және 15-аптаның соңы. Уақытында өткізілмеген тапсырма мен тестерді 15-аптада тапсыруға болады, бірақ егер студент себепсіз уақытында орындамаса, оларға айыппұл салынып, баллдың 60% ғана қойылады.
&&&

###002-011#2.11 Студент білімін бақылау


Студенттің білімін бақылау келесі түрде жүргізіледі:

  • ағымдағы бақылау (әр модуль соңында жүргізіледі)

  • межелік бақылау тестілеу түрінде (7 және 15 апталарда)

  • қорытынды бақылау – семестр соңында бір рет жүргізіледі (емтихан және курстық жұмысты (жобаны) қорғау, мамандықтың МЖМБС-на сәйкес).

Студент пән бойынша емтиханға жіберілуі үшін оның семестрдегі жиынтық рейтингілік бағасы 50% тең немесе артық болуы тиіс. Қорытынды баға 1 және 2 рейтинг пен емтихан нәтижесі бойынша есептеледі: 1-рейтинг нәтижесінің 30% + 2-рейтинг нәтижесінің 30% + емтихан нәтижесінің 40% қосындысына тең.

Пән бойынша қорытынды баға келесі шкала бойынша анықталады (4 кесте).

Әріптік, баллдық және пайыздық эквиваленттегі бағалар шкаласы
4 кесте


Әріптік жүйедегі баға

Баллдың цифрлық эквиваленті

Пайыздық мөлшері

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95 – 100

Өте жақсы

А–

3,67

90 – 94

В+

3,33

85 – 89

Жақсы


В

3,0

80 – 84

В–

2,67

75 – 79

С+

2,33

70 – 74

Қанағаттанарлық




С

2,0

65 – 69

С–

1,67

60 – 64

D+

1.33

55 – 59

D

1,0

50 – 54

F

0

0 – 49

Қанағаттанарсыз

I

NA

-

Аяқталмаған

P

-

өтті

Пәнді өтті


&&&

###002-012#2.12 Қашықтықтан кеңестер беру және оқу үдерісінің күнтізбелік графигі



5 кесте

№ р/б

Апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

Жиыны

1-рейтинг

1

Бақылау түрі










ТМ1

СРСП







МБ1

300

балл

2

Баллдар










150

40







30

3

Кеңестер

OF

OL

OL

OF

OF

OL

OF

OF

№ р/б

Апталар

9

10

11

12

13

14

15

Жиыны

2-рейтинг




1

Бақылау түрі




ТМ2










ТМ3

МБ2

300

балл


2

Баллдар




120










150

30

3

Кеңестер

OL

OL

OF

OF

OL

OF

OF

Белгілеулер: ТМ-модуль бойынша тапсырма; ОС-он-лайн семинар; МБ-межелік бақылау;

OL – он-лайн кеңес; OF- офф-лайн кеңес


&&&

$$$002-000-000$3.2 Дәрістер
Глоссарий.
«Қазахстан Республикасының Экологиялық қауіпсіздігі» пәнін меңгеру барысында пайдаланатын негізгі ұғымдар:

     1) биологиялық әртүрлiлiк - бiр түр аясында, түрлер арасындағы және экологиялық жүйелердегi жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi объектiлерiнiң әртүрлiлiгi;


     2) ең озық қолжетiмдi технологиялар - пайдаланылатын және жоспар-ланатын салалық технологиялар, шаруашылық қызметтiң қоршаған ортаға терiс әсерiнiң деңгейiн қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi қамтамасыз етiлетiндей деңгейге дейiн азайтуға бағытталған, ұйымдастыру және басқару шараларын қамтамасыз ететiн техника және жабдық
     3) инерттi қалдықтар - елеулi физикалық, химиялық немесе биологиялық өзгерiстерге ұшырамайтын әрi қоршаған ортаға және адамның денсаулығына қолайсыз әсер етпейтiн қалдықтар;      

  4) қалдықтарды жою - қалдықтарды көму және жою жөнiндегi операциялар;


    5) қалдықтарды залалсыздандыру - механикалық, физикалық-химиялық немесе биологиялық өңдеу жолымен қалдықтардың қауiптi қасиеттерiн азайту немесе жою;

     6) қалдықтарды сыныптау - қалдықтардың қоршаған ортаға және адам денсаулығына қауiптiлiгiне сәйкес оларды жiктеуге жатқызу тәртiбi;


     7) қауiптi қалдықтар - құрамында қауiптi қасиеттерi (уыттылығы, жарылыс қаупi, радиоактивтiлiгi, өрт қаупi, жоғары реакциялық қабiлетi) бар зиянды заттар болатын, дербес немесе басқа заттармен байланысқа түскен кезде қоршаған ортаға және адам денсаулығына тiкелей немесе ықтимал қауiп төндiретiн қалдықтар;
    8) қауiптi емес қалдықтар - қауiптi және инерттi қалдықтарға жатпайтын қалдықтар;
     9) қолайлы қоршаған орта - жай-күйi экологиялық қауiпсiздiктi және халықтың денсаулығын сақтауды, биоәртүрлiлiктi сақтауды, ластануды болғызбауды, экологиялық жүйелердiң тұрақты жұмыс iстеуiн, табиғи ресурстарды молықтыруды және тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ететiн қоршаған орта;
      10) қоршаған ортаға келтiрiлетiн залал - табиғи ресурстардың жұтаң-дауы мен сарқылуын немесе тiрi организмдердiң қырылуын туындатып немесе туындататындай етiп қоршаған ортаны ластау немесе табиғи ресурстарды белгiленген нормативтерден артық алу;
    11) қоршаған ортаға эмиссиялар - ластағыш заттардың шығарынды-лары, төгiндiлерi, қоршаған ортада өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, зиянды физикалық әсер ету;
      12) қоршаған орта сапасының нормативтерi - қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қолайлы жай-күйiн сипаттайтын көрсеткiштер;
13) қоршаған ортаны қорғау - қоршаған ортаны сақтау мен қалпына келтiруге, шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған ортаға терiс әсерiн болғызбауға және оның зардаптарын жоюға бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық шаралар жүйесi;
     14) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган - қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен iске асыру мәселелерi бойынша басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ оның аумақтық органдары;

     15) қоршаған ортаны ластау - қоршаған ортаға ластағыш заттардың, радиоактивтi материалдардың, өндiрiс және тұтыну қалдықтарының түсуi, сондай-ақ шудың, тербелiстердiң, магнит өрiстерiнiң және өзге де зиянды физикалық әсерлердiң қоршаған ортаға ықпалы;


16) қоршаған ортаның сапасы - қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттерiнiң сипаттамасы;
     17) мемлекеттiк экологиялық бақылау - қоршаған ортаны қорғау сала-сындағы уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының, қоршаған орта сапасы нормативтерiнiң және экологиялық талаптардың сақталуын бақылау жөнiндегi қызметi;
    18) радиоактивтi қалдықтар - мөлшерi мен шоғырлануы Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану туралы заңнамасында белгiленген радиоактивтi заттар үшiн регламенттелген мәндерден асатын радиоактивтi заттары бар қалдықтар;
      19) сарқынды сулар - адамның шаруашылық қызметi нәтижесiнде немесе ластанған аумақта пайда болатын, табиғи немесе жасанды су объектiлерiне немесе жергiлiктi жер рельефiне ағызылатын сулар;
      20) сұйық қалдықтар - сарқынды суларды қоспағанда, сұйық түрдегi кез келген қалдықтар;
      21) табиғи ресурстарды қорғау - табиғи ресурстардың әрбiр түрiн олардың тұтыну қасиеттерiн жоғалтуға әкеп соғатын тиiмсiз пайдаланудан, құрып кетуден, жұтаңдаудан қорғауға бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық шаралар жүйесi;
     22) экологиялық жүйе (экожүйе) - бiрыңғай функционалдық тұтастық ретiнде өзара әрекетте болатын организмдердiң және солар мекендейтiн жансыз ортаның өзара байланысты жиынтығы;
     23) экологиялық қауiп - антропогендiк және табиғи әсерлер ықпалынан, соның iшiнде дүлей зiлзалаларды қоса алғанда, зiлзалалар мен апаттар салдарынан қоршаған ортаның жай-күйi бұзылуының, өзгеруiнiң болуымен немесе ықтималдығымен сипатталатын, жеке адам мен қоғамның өмiрлiк маңызы бар мүдделерiне қауiп төндiретiн жай-күй;
     24) экологиялық қауiпсiздiк - жеке адамның, қоғамның және мемле-кеттiң өмiрлiк маңызды мүдделерi мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендiк және табиғи әсер ету нәтижесiнде туындайтын қатерлерден қорғалуының жай-күйi;
     25) экологиялық қауiптi объект - салынуы және қызметi адамдар денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсерiн тигiзуi мүмкiн немесе зиянды әсерiн тигiзетiн шаруашылық объектiсi және өзге де объект;
     26) экологиялық қауiптi технологиялар - өндiрiс процесiнде жүзеге асырылатын және қоршаған ортаға қауiп төндiретiн шикiзатты, материалды немесе жартылай фабрикатты өңдеу, жасау, олардың жай-күйiн, қасиеттерiн, нысанын өзгерту әдiстерiнiң жиынтығы;
     27) экологиялық қауiптi техника мен жабдық - шаруашылық немесе өзге де қызметте пайдаланылатын және қоршаған ортаға қауiп төндiретiн механизмдер, машиналар, құрылғылар, аспаптар;
қамтиды;

28) экологиялық нормалау - ережелердiң (нормалардың) және олардағы қоршаған орта жай-күйiнiң және оған әсер ету дәрежесiнiң сандық және сапалық көрсеткiштердiң (нормативтердiң) жүйесi;


      29) экологиялық рұқсат - жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру құқығын куәландыратын құжат;          

30)экологиялық талаптар - осы Кодексте, Қазақстан Республи-касының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi мен нормативтiк-техникалық құжаттарында қамтылған, қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына терiс ықпал жасайтын шаруашылық және өзге де қызметтi шектеу және оларға тыйым салу;


     31) экологиялық тәуекел - белгiлi бiр факторлардың ықпалы салдарынан қоршаған орта және (немесе) табиғи объектiлер жай-күйiнiң қолайсыз өзгерiстерге ұшырау ықтималдығы;

&&&

$$$002-001-000$3.2.1 Дәріс №1
Кіріспе дәріс. Пәнінің негізгі міндеттері.құрылымы, негізгі анықтамалары.

{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}

  1. «Қазақстан Республикасының Экологиялық қауіпсіздігі» пәнінің негізгі міндеттері.

2. «Қ.Р Экологиялық қауіпсіздігі» пәнінің құрылымы, негізгі атаулары мен анық-тамалары.

1.1 Пәнді оқытудағы мақсат

Пәнді оқытудағы негізгі мақсат болашақ мамандарды Қазақстан Республикасы-ның 2004-2015 жылдарда қабылданған экологиялық қауіпсіздік бағдарламасымен таныстыру. Студенттер ғаламдық, ұлттық және жергілікті экологиялық мәселелерді біліп, қоршаған ортаға антропогендік әсердің түрлерін, сипаты мен көлемін және осы әсерлердің тигізер зардаптары, атмосфера, су және жер ресурстарының ластану жағдайларын бағалаудың әдістерін, таби-ғат байлықтары мен ресурстарын қорғау саласындағы ұлттық және халық-аралық заңдарының құқықтық нормаларымен танысып, қоршаған ортаның қауіпсіздігін, халықтың денсаулығын қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйені меңгерулеріне жағдай туғызу.


1.2 Пәнді оқытудағы міндеттер:

Айтылған мақсатқа жету үшін студенттер төмендегі міндеттерді меңгеру-лері қажет:

- ғаламдық климаттың, жердің, озон қабатының өзгеруіне әсер ететін антропогендік факторларды азайту мәселелерін;

- биоәртүрлілікті сақтау, жердің қуаңдануы мен бүлінуі мәселелерін;

- Каспий теңізінің ластануы, су ресурстарының шектелуі мен ластануы-ның алдын-алу;

- экологиялық апат, әскери, космостық полигондар аумақтарын қалпына келтіру;

- Қазастандағы және шекаралас мемлекеттер аумағындағы радиоак-тивті, бактериологиялық, химиялық ластану мәселелерін шешу жолдарын;

- өндірістік және тұрмыстық қалдықтардың көлемін азайту мәселелерін шешу;

- табиғи және техногенді экологиялық төтенше жағдайлардың алдын-алу немесе оның салдарын жою мәселелерін шеше білулері қажет.


    1. Оқыту нәтижесі:

Пәнді оқу нәтижесінде студент:

білуі керек:

  • экологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес өндірістік процестерді ұйым-дастыру принциптерін;өндірістік жабдықтарда пайдаланылатын табиғатты қорғау құралдарының түрлері мен пайдалану мақсаттарын; ғылыми- техникалық ақпаратты пайдаланудың немесе оның жаңа экологиялық қауіпсіз жолын табудың тиімді әдістерін;

төмендегі істерді атқара білулері керек:

  • потенциалды қауіпті өндірістік технологиялардың экологиялық қауіпсіз-дік дәрежесіне баға беру; өндірістің қоршаған ортаға зиянды әсерін азай-татын экобиоқорғау құрылғыларының түрлерін біліп, олардың экология-лық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін түрлерін таңдай білулері керек.

белгілі дәрежеде нақты дағдыларды игерулері қажет:

- ауа,су,топырақты ластаушы заттардың қауіпті көрсеткіштерін анықтау әдісатерін меңгеру;

  • экобиоқорғау жабдықтарды пайдалану кезінде олардың тиімділік дәреже-сін болжай алып, аварияға әкеліп соғатын себебтерін анықтай білуді;

  • өндірістік жабдықтар мен қорғау жүйелерінің қоршаған ортаға қауіпсіз режимдерін таңдай білуді;

  • өндірістік технологиялардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар мен техникалық шешімдерді ойлап табу және іске асыра білуді;

төмендегі сұрақтарды шешуге құзіретті болулары керек:

  • экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған нормативтік – құ-қықтық сұрақтарды меңгеру бойынша;

  • қоршаған ортаны қорғау мен адамға қолайлы тіршілік қауіпсіздігін қамта-масыз ететін өндірістік процестерді жобалау мен сараптау сұрақтары бойынша;

  • қоршаған ортаны қорғау әрекеттерін белгілі сәйкестік дәрежеге жеткізуді мүмкін болдыратын экобиотехникалық құралдар мен тәсілдерді қолдану сұрақтарында;

  • потенциалды қауіпті өндірістік процестер мен өндірістік технология-лардың экологиялық қауіп деңгейіне баға беру сұрақтарында.

&&&

$$$002-001-100$ Дәріс №1 Өзін-өзі тексеру сұрақтары

{Өзін-өзі тексеру сұрақтар тізімі немесе тесттер}

1. «Қ.Р Экологиялық қауіпсіздігі» пәнін оқытудағы негізгі мақсат қандай?.

2. «Қ.Р Экологиялық қауіпсіздігі» пәнінің заңдылық негіздерін атап көрсетіңіз?




&&&

$$$002-002-000$3.2.2 Дәріс №2. 2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының қауіпсіздік концепциясы

{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}

2.1. Қазақстандағы экологиялық қауіпсіздіктің қазіргі жағдайы мен мәселелері



2. 2.Экологиялық қауіпсіздік концепциясын іске асырудағы күтілетін нәтижелер
&&&

$$$002-002-001$3.2.2.1 Сұрақ атауы 1. Қазақстан Республикасының экологиялық қауiпсiздiгiнiң жай-күйі мен проблемалары
Қазақстандағы тәуелсiздiк жылдары экологиялық қауiпсiздiктi қамтама-сыз етудiң мүлде жаңа мемлекеттiк жүйесiнiң құрылуының және қалыпта-суының, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органдардың жақсы ұйымдастырылған және аумақтық таралған жүйесiн - қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқарудың жылдары болды. Бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды және дәйектi iске асыруды қамтамасыз еттi.
Алайда, Қазақстанда көптеген онжылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше жоғары техногендiк салмақ түсiретiн, табиғат пайдаланудың көбiнесе шикi-зат жүйесi қалыптасты. Сондықтан әзiрге экологиялық жағдайдың түбегейлi жақсаруы әзiр бола қойған жоқ әрi ол бұрынғысынша биосфераның тұрақ-сыздануына, оның қоғамның тiршiлiк әрекетi үшiн қажеттi қоршаған орта-ның сапасын оның қолдау қабiлетiн жоғалтуына апаратын табиғи жүйелердiң тозуымен сипатталады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiздерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 30 сәуiрдегi өкiмiмен мақұлданған экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасына енгiзiлiп, онда өтпелi кезеңнiң экологиялық басымдықтары, атап айтқанда, жекешелендi-рудiң экологиялық проблемалары, табиғат қорғау заңнамасының, мемлекет-тiк бақылау және сараптаманың, табиғат пайдаланудың экономикалық тетiктерiнiң, қоршаған орта мониторингiнiң жүйесiн құру қажеттiлiгiнiң мәселелерi қарастырылған болатын.
Ұлттық экономиканың барлық салаларын реформалау табиғи ресурстар-ды пайдалануға көзқарастардың өзгеруiне, қоршаған ортаны сақтауды ескере отырып, әлеуметтiк-экономикалық дамуды жүзеге асыруға негiз болды.
Аталған Тұжырымдаманы қабылдаған сәттен бастап Қазақстан Республика-сында қоғамдық дамуда елеулi өзгерiстер болды. Мемлекет дамуының стра-тегиялық құжаттары әзiрлендi, табиғат қорғау заңнамасының негiзi құрылды, қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша бiрқатар халықаралық конвен-цияларға қол қойылды, табиғат қорғау қызметiн басқару жүйесі құрылды.
Мысалы, 1997 жылы "Қоршаған ортаны қорғау туралы" , "Ерекше қорғала-тын табиғи аумақтар туралы", "Экологиялық сараптама туралы ", 1998 жылы - "Радиациялық қауiпсiздiк туралы " Заңдар, ал 2002 жылы "Атмосфералық ауаны қорғау туралы " Заң қабылданды. Табиғатты ұтымды пайдалану сала-сында Президенттiң "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" (1996 жыл) және "Мұнай туралы " (1995 жыл) заң күшi бар Жарлықтары, 2003 жылы - Орман, Су және Жер кодекстерi қабылданды. Заңға тәуелдi қа-жеттi нормативтiк құқықтық актiлердiң көпшiлiгi әзiрленiп, бекiтiлдi.
Заңнаманы жетiлдiру мақсатында республикада оны дамыған елдердiң заңна-масына жақындатуға және халықаралық стандарттарды енгiзу бағыты алын-ды. Қазақстан Республикасы 19 халықаралық конвенцияға қол қойды және оларды іске асыру жөнiндегi iс-қимылды ұлттық жоспарлары әзiрледi. Экологиялық сараптау жүйесi, рұқсат ету және бақылау-инспекциялық жұ-мыс жолға қойылды.
Тұжырымдаманың мiндеттерiн орындау нәтижесiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды күшейту және мiндеттi эколо-гиялық сараптаманы енгiзу есебiнен 90 жылдардың басымен салыстырғанда қоршаған ортаны ластаудың қарқыны едәуiр төмендедi. Алайда, мемлекеттiң экологиялық осал аумақ және шешiлмеген экологиялық проблемалар мәрте-бесi сол күйiнде қалып отыр.
Жоғарыда аталғандармен байланысты елдiң стратегиялық басымдықта-рына сәйкес қазiргi жағдайдағы экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң мiндеттерiн түбегейлi қайта қарау, нақтылау және кеңейту көзделуде. Жаңа Тұжырымдамада iске асырылмаған мiндеттердi шешу ұсынылады. Олардың iшiнде: экологиялық қауiпсiздiк пен табиғат пайдаланудың аса маңызды про-блемалары бойынша зерттеулердiң, оның iшiнде iргелi ғылыми зерттеулердiң iлгерiлемелi дамуын қамтамасыз ету; қоршаған ортаның жай-күйiне монито-рингтiң бiрыңғай жүйесiн енгiзу; Қазақстан Республикасының аумағын эко-логиялық аудандарға бөлу және арнаулы картографиялау ұсынылады

&&&

$$$002-002-002$3.2.2.2 Сұрақ атауы 2

Экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасын iске асырудан күтiлетін нәтижелер
Осы құжаттың ережелерiн iске асыру республикалық деңгейде iс-шаралар жоспарын әзiрлеудi, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мен ұтымды табиғат пайдалану сала-сында мемлекеттiк қолдау және реттеу шараларын әзiрлеудi және iске асыруды көз-дейдi.
Осы құжаттың ережелерiн қоғам мен мемлекет қызметiнiң жекелеген салаларына және экология саласындағы мемлекеттiк саясатты жүргiзу ерекшелiктерiне қатысты нақты-лау Қазақстан Республикасының мемлекеттiк, өңiрлiк және салалық бағдарламаларын әзiрлеу кезiнде жүзеге асырылуы мүмкiн.
Бiрiншi кезеңде (2004-2007 жылдар) Қоршаған ортаны қорғаудың 2005-2007 жыл-дарға арналған бағдарламасы қабылданып, iске асырылатын, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық сақтандыру, өндiрiс және тұтыну қалдықтары, экологиялық аудит туралы мәселелердi реттеуге бағытталған заң aктілері әзiрленетiн, қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бірыңғай жүйесі құрылатын болады.
Бұдан басқа келесi бағдарламалар:
төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдың мемлекеттiк жүйесiн дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған;
2015 жылға дейiн Қазақстан Республикасында қызған газдардың шығарындыларын азайту жөнiндегi;
cу үнемдеу жөнiндегi;
шөлейттенумен күрес жөнiндегi iс-қимылдар;
халықтың iшкi көшi-қоны және экологиялық апат аймақтарының аумақтарын шаруашылық мақсатқа пайдалану;
байырғы ластануларды жою жөнiндегi;
өнеркәсiп және тұрмыстық қалдықтарды басқаруды жетiлдiру жөнiндегi;
әскери-ғарыш және сынақ кешендерi полигондары аумағының экологиялық жай-күйiнiң мониторингi жөнiндегi бағдарламаларды iске асыру жоспарлануда.
Мұның бәрi бiрiншi кезеңде қоршаған ортаға төгiндiлер мен шығарындыларды тұрақты деңгейде сақтауға және өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын жинақтауға мүмкiндiк бередi.
Екiншi кезеңде (2008-2010 жылдар) қоршаған ортаны қорғаудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жолымен тұрақты даму қағидаттарына сәйкес келетiн және қоршаған ортаның жай-күйiн сапалы жақсартудың үшiншi кезеңiнiң басталуын қамтамасыз ететiн қоршаған ортаны қорғаудың жүйесiн құру процесi толық аяқталуы тиiс.

Yшінші кезеңде (2011 - 2015 жылдар) барлық белгiленген бағдарламаларды аяқтау нәтижесiнде қоршаған орта объектiлерi сапасының нормативтiк көрсеткiштерi және қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейiне қол жеткiзiлуi, қоршаған ортаға әсердi азайту қамтамасыз етiлуi, қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесiнiң қалыптастырылуы тиiс


&&&

$$$002-002-100$Дәріс №2 Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1 Қ.Р-ның экологиялық қауiпсiздiгiнiң жай-күйі мен проблемалары қандай?

2. Экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасын iске асырудан күтiлетін нәтижелер қандай?

&&&

$$$002-003-000$3.2.3 Дәріс №3 Жаһандық экологиялық мәселелер

{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}

3.1 Ауа райы өзгерісі



3.2 Озон мәселесі

&&&

$$$002-003-001$3.2.3. Сұрақ атауы 1 Ауа райы өзгерісі
... Климаттың өзгеруi
"Қызу әсерiнiң" салдарынан болатын климаттың өзгеруi жалпы әлемдiк көлемдегi проблема болып табылады және қоршаған ортаның жай-күйiне барынша ықтимал қатер төндiредi.
Қазақстан 1995 жылы Климаттың өзгеруi жөнiндегi БҰҰ Yлгiлiк конвенциясын бекiттi, ал 1999 жылы осы Конвенцияға Киото хаттамасына қол қойды.
Аталған хаттаманы бекiткен және ол күшiне енген жағдайда Қазақстан қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөнiндегi сандық мiндеттемелердi өзiне жүктей отырып, I қосымшаның Тарапы болады.
Қазақстанның Киoтo хаттамасын бекiтуiнiң мақсатқа сайлығын айқындау үшiн 2004 жыл барысында қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөнiндегi сандық мiндеттемелердiң Қазақстанның экономикасына әсерi мәселелерi бойынша зерттеулер жүргiзу қажет.
Талассыз экологиялық тиiмдiлiгiнен басқа, Киото хаттамасын бекiту бiздiң ел үшiн халықаралық инвестицияларды тарту, басқа елдердiң экономикасына активтердi орналастыру мүмкiндiгiмен инвестор рөлiндегi бiрлескен жүзеге асыру жобаларына және "таза даму" процестерiне қатысу, өндiрiстiң энерготиiмдiлiгiн арттыру үшiн жаңа технологияларды қолдану, сыртқы энергетикалық рынокта елдiң экономикалық мүдделерiн қорғау үшiн көмiртегi кредиттерiн шоғырландыру, қызған газдардың шығарындыларына квоталар сату жөнiндегi перспективаларды ашады.
Киото хаттамасын бекiткеннен кейiн нақты жобалар мен iс-шараларды iске асыруды көздейтiн Қазақстан Республикасында қызған газдардың шығарындыларын азайту жөнiндегi 2015 жылға дейiнгi бағдарлама әзiрленетiн болады.

&&&

$$$002-003-002$3.2.3.2 Сұрақ атауы 2 Озон мәселесі

Озон қабатының бұзылуы
Жердiң озон қабатының бұзылуы адам, жануарлар, өсiмдiктер мен микроорганизмдер тiршiлiгi үшiн ықтимал қатер болып табылады.
1973 жылдан бергi байқаулар Қазақстанның үстiндегi озон қабатының қалыңдығы 5-7%-кe азайғанын көрсеттi.
Монреаль хаттамасына сәйкес қабылданған, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалануды реттеу жөнiндегi шаралар әлемде 1986 жылдың деңгейiмен салыстырғанда оның 10 eceгe азаюына ықпал еттi.
Бiздiң ел озон қабатын сақтау туралы халықаралық келiсiмдерге 1998 жылы қосылды. Қазiргi уақытта Қазақстанда озон бұзғыш заттарды (ОБЗ) пайдалануды қысқарту және оларды айналымнан алып қою, озон қабатын бұзбайтын заттарды қолданумен жаңа технологияларды енгiзу жөнiндегi жұмыстар жүргізілуде.
Озон қабатын бұзу қатерiн жоюдың негiзгi жолдары мыналар болып табылады: ОБЗ пайдаланудан жедел бас тартуды және оларды қауiпсiз жоюды қамтамасыз ету, ОБЗ-дың заңсыз айналымының алдын алу және қолға алынған күш-жiгердiң табыстылығына көз жеткiзу үшiн тропосферада оның жиналуының тұрақты мониторингін жүргізу.
Сондай-ақ 2004 жылдың барысында ОБЗ пайдаланатын кәсiпорындардың қызметiн лицензиялау жөнiндегi қажеттi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау, ОБЗ пайдалану қызметiмен айналысатын мамандарды оқытуды және Қазақстанның үстiндегi озон қабатының жай-күйiн зерделеу жөнiнде iргелi ғылыми зерттеулер жүргiзудi бастау, сондай-ақ жаңа технологияларды енгiзу жолымен ОБЗ пайдалануды қысқарту және қолданыстан алу жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру қажет болады.
Осы iс-шараларды жүргiзу нәтижесiнде ОБЗ шығарындысы қысқарып, ол Жердiң озон қабатын сақтауға септiгiн тигiзетiн болды .
&&&

$$$002-003-100$ Дәріс №3.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

{Өзін-өзі тексеру сұрақтар тізімі немесе тестер}

1. Ауа райы өзгерісі қандай жағдайлар әсерінен туындайды?

2. Озон мәселесі қандай себептерден шығып отыр?



&&&

$$$002-003-000$3.2.4 Дәріс №4 Жаһандық экологиялық мәселелер

{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}

4.1 Биологиялық алуантүрлікті сақтау.



4.2 Жердің шөлденуі және бүлінуі

&&&

$$$002-003-003$3.2.4. Сұрақ атауы 1 Биологиялық алуантүрлікті сақтау.
Қазақстанның экожүйесi Орталық Азияда және тұтастай алғанда континентте биологиялық әртүрлiлiк бiрегейлiгiмен ерекшелiнедi.
Өсiмдiктер мен жануарлар түрлерiнiң жоғалуы генетикалық деңгейдегi әртүрлiлiктi жоғалтуға және экожүйелердегi тиiстi өзгерiстерге әкеледi. Биоәртүрлiлiктi ic жүзiнде жоғалтудың негiзгi себебi өмiр сүру ортасының жойылуы және тозуы, ең бастысы, ормандарды жою, топырақтың эрозиясы, iшкi және теңiз су айдындарының ластануы, өсiмдiктер мен жануарлар түрлерiн тым көп тұтыну болып табылады. Таяуда ғана өсiмдiктер мен жануарлардың бөгде түрлердiң жерсiнуi де биоәртүрлiлiктi жоғалтудың алаңдатар жәйi деп танылды.
Биоәртүрлiлiктi сақтау үшiн Қазақстан Республикасы 1994 жылы Биоәртүрлiлiк жөнiндегi конвенцияны бекiттi, биологиялық әртүрлiлiктi сақтау және теңгермелi пайдалану жөнiндегi ұлттық стратегия мен iс-қимыл жоспарын әзiрледi.
Биоәртүрлiлiктi сақтаудың неғұрлым тиiмдi шарасы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру болып табылады. Республиканың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының ауданы 13,5 млн. гектарды немесе барлық аумақтың 4,9%-iн құрайды, бұл биологиялық әртүрлiлiктiң экологиялық теңгерiмiн сақтау үшiн тым жеткiлiксiз және 10%-тi құрайтын әлемдiк стандарттардан төмен.
Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын дамыту мен орналастыру тұжырымдамасына сәйкес 2030 жылға дейiн олардың алаңын 17,5 млн. гектарға дейiн ұлғайту көзделген, бұл республика аумағының 6,4%-iн құрайды.
Қазақстанда биологиялық әртүрлiлiктi сақтау мақсатында биоәртүрлiлiк объектiлерiнiң жай-күйiн бағалау және түгендеу, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желiсiн ұлғайту және қазiргi табиғи және антропогендiк процестердi ескере отырып, оларды жасанды молықтыру және бұзылған аумақтарда қалпына келтiру жолымен табиғи популяциялардың сирек түрлерiн сақтау, елдiң ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзiлiк табиғи және мәдени мұрасы және "Адам және биосфера" бағдарламасы шеңберiндегi биосфералық аумақтар тiзiмiне енгiзу жөнiндегi шараларды iске асыру қажет.
Республика аумағының небәрi 4,2%-iн алатын Қазақстанның барлық ормандарының ерекше экологиялық, ғылыми, рекреациялық, эстетикалық және мәдени мәнiн, сондай-ақ биологиялық әртүрлiлiктiң табиғи резерваттары ретiндегi олардың орасан рөлiн ескере отырып, оларды ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесiне көшiру жөнiндегi шұғыл шаралар қабылдау қажет. Бұл үшiн 2006 жылға дейiн мемлекеттiк биосфералық резерваттардың желiсiн қалыптастыру бағдарламасын әзiрлеу қажет.
Соңғы уақытта, әлемде кең таралған генетикалық өзгерген организмдер мен өнiмдердi әкелу Қазақстан үшiн елеулi сыртқы қатер болып отыр. Бүкiл әлем бойынша генетикалық өзгерген организмдер мен өнiмдердiң кең таралу қауiптiлiгiн ескере отырып, Биоәртүрлiлiк жөнiндегi конвенцияның Биоқауiпсiздiк жөнiндегi Картахена хаттамасы қол қоюға алынды. Қазақстанның Картахена хаттамасына қол қоюы өзге елдердiң бiздiң елiмiздiң аумағында генетикалық өзгерген организмдер мен өнiмдердi трансшекаралық өткiзуiмен байланысты қызметтi жүзеге асырудағы жауапкершiлiктерiн арттыруға, оларды елге әкелуге жол бермеу жөнiнде шаралар қабылдауға, зерттеулер мен ғылыми-техникалық әзiрлемелер iсiнде өзара көмектi, сондай-ақ биотехнологиялар саласындағы ақпарат алмасуды қоса, халықаралық тығыз ынтымақтастықты қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Осы Тұжырымдаманың айтылған ережелерiн iске асыру қоршаған орта объектiлерiн сақтауды, оны белгiлi бiр тұрақтылық деңгейiнде ұстап тұруды, өзiн-өзi реттеу қабiлетi мен жанды және жансыз табиғат түрлерiнiң, оның ішінде жойылу қаупі төнген тіpi организмдер геноқорының көптүрлілігін сақтауды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.

. &&&



$$$002-003-003$3.2.4. Сұрақ атауы 2. Жердiң шөлейттенуi және тозуы
Қазақстанның көп бөлiгi қуаң аймақта орналасқан және оның аумағының шамамен 66%-i түрлi деңгейде шөлейттену процестерiне бейiм. Алдын ала есептер бойынша жайылымның тозуынан залал, егiстiк эрозиясынан, қайталама тұзданудан және басқа да себептен алынбаған кiрiс шамамен 300 миллиард теңгенi құрайды.
Қазақстан үшiн елеулi iшкi қатердi бiлдiретiн жердiң шөлейттенуi мен тозу проблемасы шаң-тұз дауылының пайда болуы және ауа массаларының ластаушы заттарды алыс қашықтыққа жеткiзуi нәтижесiнде бiртiндеп трансшекаралық проблемаға айналуы мүмкiн.
2004 жылдың барысында шөлейттенудiң көлемi мен құрғақшылықтың терiс әсерiнiң алдын алуға және қысқартуға, тозған жерлердi және топырақтың құнарлылығын қалпына келтiруге, ресурстық базаны сақтауды және/немесе қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн, халықтың экологиялық қауiпсiздiгiн нығайтатын тұрақты жер пайдаланудың экономикалық тетiктерiн әзiрлеу мен енгiзуге, сондай-ақ шөлейттенумен күрес процесiнде халықтың кең қауымының хабардар болуы мен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған шөлейттенумен күрес жөнiнде бағдарлама әзiрлеу және бекiту қажет.
Бағдарламаның негiзгi нәтижелерi шөлейттену процестерiн болдырмау және жердiң тозу ауқымын қысқарту, шөлейттенумен күрестiң экономикалық тетiктерiн енгiзу, ауыл шаруашылығы жерлерiнiң өнiмдiлiгiн арттыру болмақ.
&&&

$$$002-004-100$ Дәріс №4.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

{Өзін-өзі тексеру сұрақтары}

1. Биологиялық алуантүрлікті сақтау не үшін керек?

2. Жердің шөлденуі және бүлінуі себептерін атап көрсет ?



&&&

$$$002-004-000$3.2.5 Дәріс №5 Ұлттық экологиялық проблемалар

{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}

5.1Экологиялық апат аймақтары.

5.2 Байырғы ластанулар

&&&

$$$002-004-001$3.2.5.1 Сұрақ атауы 1 Экологиялық апат аймақтары

{Дәріс конспектері}


Табиғи экологиялық жүйелердiң бұзылуы, флора мен фаунаның тозуы орын алған және қолайсыз экологиялық ахуал салдарынан халықтың денсаулығына елеулi зиян келтiрiлген Арал және Семей өңiрлерi экологиялық апат аймақтары болып жарияланды. Экологиялық апат аймақтары елдiң iшкi қауiпсiздiгiне нақтылы қатер болып табылады.
Қазiргi уақытта бұрынғы Семей полигонына шектес аудандарда (71,9 мың халқы бар 85 елдi мекен) онкологиялық аурулардың және адамдар өлiмiнiң, қан айналымы жүйесi ауруларының, жаңа туған сәбилер арасындағы кеселдердiң және ерте қартаю көрiнiсiнiң жоғары деңгейi байқалуда.
Арал өңiрi экологиялық апат аймағында (186,3 мың халқы бар 178 елдi мекен) әсiресе әйелдер және балалар арасында асқазан-iшек аурулары мен қан аздығы, балалардың шетiнеуi мен туа бiткен патологияның жоғары деңгейi байқалуда.
Елдiң ішкі қауiпсiздiгіне қатерді жою мақсатында экологиялық апат аймақтарында халықтың тұруының әлеуметтiк-экономикалық және экологиялық жағдайын кешендi талдау жөнiнде iс-шаралар жүргiзу, оның сапалы ауыз сумен қамтамасыз етiлуiне баға беру, экологиялық талаптарды әзiрлеу және аумақтарды экологиялық бағалау мен ядролық сынақтар және өзге де факторлардың халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға әсерiнiң салдарларын ескере отырып, сауықтыру-оңалту iс-шараларын жүзеге асыру қажет. 2007 жылға дейiн Халықтың iшкi көшi-қоны және экологиялық апат аймақтарының аумақтарын шаруашылыққа пайдалану бағдарламасы әзiрленуi қажет.
Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонын және Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеудi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2003 жылғы 22 тамыздағы N 182-ө Өкiмiмен құрылған ведомствоаралық жұмыс тобы жүзеге асырады

&&&

$$$002-004-002$3.2.5.2 Сұрақ атауы 2 Байырғы ластанулар

{Дәріс конспекті}


Ластанудың "байырғы" көздерiне қазiргi кезде иесiз тұрған объектiлер: мұнайгаз және гидрогеологиялық ұңғымалар, шахталар, кеніштер (оның ішiнде радиоактивтiк қалдықты), елдiң экологиялық қауiпсiздiгiне нақты қатер болып табылатын қалдықсақтағыштар мен ағынды сулар жинақтауыштар жатады.
Қазiргi кезде Уран өндiру өнеркәсiбiнiң радиоактивтiк үйiндiлерiн жою жөнiндегi бағдарлама мен Иесiз мұнай ұңғымалары мен өздiгiнен төгiлетiн гидрогеологиялық ұңғымаларды жою жөнiндегi бағдарлама iске асырылуда. Алайда, бұл бағдарламалар байырғы ластанулардың барлық түрлерiн толық қамтымайды. Сондықтан, байырғы ластануларды жою жөнiнде бағдарлама әзiрлеудiң қажеттiлiгi тұр. Бұл бағдарламада 2006 жылға дейiн қоршаған ортаға олардың әсерiн бағалай отырып, кезең-кезеңмен байырғы ластанулардың барлық объектiлерiне толық түгендеу жүргiзу, ал 2010 жылдан бастап мұндай объектiлердi жою жөнiндегi жұмысты бастау көзделуде.
Жаңа ластанулардың туындауына жол бермеу мақсатында олардың пайда болуын болдырмайтын құқықтық, экономикалық және өзге де тетiктердi әзiрлеу және енгiзу қажет.

&&&

$$$002-005-100$ Дәріс №5.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

{Өзін-өзі тексеру сұрақтар тізімі немесе тестер}

1.Қазақстандағы Экологиялық апат аймақтарын атап көрсет?

2. Байырғы ластануларға қандай нысандарды жатқызамыз ?




&&&

$$$002-006-000$3.2.6 Дәріс № 6. Ұлттық экологиялық мәселелер

{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}

6.1.Трансшекаралық экологиялық мәселелер.

6.2. Әскери-космостық полигондар, кешендер

&&&

$$$002-005-001$3.2.6.1 Сұрақ атауы 1. Трансшекаралық экологиялық мәселелер.

Трансшекаралық экологиялық проблемаларға су бөлу, трансшекаралық су объектiлерiн, атмосфералық ауа мен топырақты ластау, қауiптi технологияларды, заттар мен қалдықтарды өткiзу, пайдалы қазбалардың шектес жатқан кен орындарын игеру, бiрегей табиғи кешендердi сақтау мәселелерi жатады.


Трансшекаралық экологиялық проблемалар елдiң экологиялық қауiпсiздiгiне нақтылы сыртқы қатер болып табылады, оларды шешу халықаралық шарттар шеңберiнде көршiлес мемлекеттердiң бiрлескен iс-қимылдарымен қамтамасыз етiледi.
2003 жылдың басында Қазақстан Қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау мен оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына қосылды, бұл қауiптi қалдықтарды декларациялау жөнiндегi жаңа кеден ережелерiн белгiлеуге және кейiннен олардың қайталама шикiзат пен өнiм түрiнде республика аумағына олардың қайтадан түсуiн болдырмауға мүмкiндiк бередi.
Қазақстан трансшекаралық өзендердi ұтымды пайдалану және қорғау проблемасын шешуге бiрыңғай құқықтық тәсiлдердi қалыптастыруға мүмкiндiк беретiн Трансшекаралық ағын сулар мен халықаралық өзендердi қорғау мен пайдалану жөнiндегi Хельсинки конвенциясына қосылды. Алайда, Орталық Азия өңiрiнiң қалған елдерi бұл конвенцияға қосылмағандықтан, трансшекаралық ағын сулар ағыны дұрыс та әдiл пайдалануды қамтамасыз ету, қауiптi заттардың құйылуынан ықтимал трансшекаралық әсердiң алдын алу, "ластаушы төлейдi" қағидатын орындау жөнiнде шаралар қолданған жоқ.
Трансшекаралық сипаттағы экологиялық қатерлердiң алдын алу және жою үшін:
2005 - 2007 жылдары Қазақстан мен iргелес мемлекеттердiң шекаралас аудандарын экологиялық бағалау жөнiндегi бiрлескен зерттеулер жүргiзу;
Орталық Азия мемлекеттерiнiң Хельсинки конвенциясына қосылуы жөнiндегi Қазақстанның бастамасын өткiзу арқылы трансшекаралық су проблемаларын шешу;
бiрегей табиғи кешендердi сақтау мақсатында 2005 - 2006 жылдар барысында iшiнде Батыс Тянь-Шань мен Алтай-Саян өңiрiнде трансшекаралық биосфералық аумақтар құру қажет.
Қабылданған шаралардың нәтижелерi ықтимал трансшекаралық экологиялық қатерлердi анықтауға, азайтуға және жоюға жәрдемдесетiн болады.

&&&

$$$002-005-001$3.2.6.2 Сұрақ атауы 2. Әскери-космостық полигондар, кешендер

Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасының аумағында төрт әскери сынақ поли-гоны және "Байқоңыр" кешенi жұмыс iстейдi. Зымырандардың жерге түскен және құ-лайтын бөлiктерi, аса улы отынның төгiлуi және қоршаған орта мен тiкелей жақын жерде тұратын халыққа қолайсыз әсер ететiн басқа да факторлар нақты экологиялық қауiп төндiредi.


"Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымыран тасығыштарды ұшыру бөлiнетiн бөлшектер құлайтын жалпы ауданы 12,24 млн. гектар аудандармен қамтамасыз етiлген. Осы жағдайларда қоршаған ортаның жай-күйiн бағалау ғарыш құралдарын, әскери техниканы және әскери объектiлердi шығару, сынау, сақтау және пайдалану орындарында, сондай-ақ өнеркәсiп ұйымдары орналасқан, зымыран-ғарыш қызметiн жүзеге асыратын әскери бөлiмшелер мен құрылымдар тұрған орындарда техногендiк ықпалдың алдын алу мен оны жою проблемасын шешуде маңызды орын алады.
Қазiргi уақытта "Қазақстан Республикасы аумағының зымыран-ғарыш қызметiмен байланысты учаскелерiнiң экологиялық жай-күйiнiң мониторингi" бюджеттiк бағдарламасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргiзiлуде.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1449 қаулысымен бекiтiлген Елдiң минеральдық-шикiзаттық кешенi ресурстық базасын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберiнде әскери-сынақ полигондарының аумақтарын кешендi гидрогеологиялық және геоэкологиялық зерттеулер басталды.
Бiрқатар мiндеттердi шешуде ғарыш құралдарына балама жоқ болғандықтан, зымыран-ғарыш қызметiнiң қоршаған орта мен халықтың денсаулығына әсерiн азайту, зымыран-ғарыш кешендерiнiң экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету барған сайын өзектi болуда.
Осыған байланысты 2005 жылы полигон аумақтарының экологиялық жай-күйiнiң мониторингi жөнiнде бағдарлама әзiрлеу қажет.
Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:

1.2;1.3;2.2;2.4.



&&&

$$$002-006-100$ Дәріс №6.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

{Өзін-өзі тексеру сұрақтар тізімі немесе тестер}

1. Қандай трансшекаралық экологиялық мәселелерді білесің ?

2. Әскери-космостық полигондар, кешендер мәселелері қандай?



&&&

$$$002-007-000$3.2.7 Дәріс №7 Су ресурстарының ластану мәселесі

{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}

1. Қазақстандағы суды пайдалану және ластау мәселесі.



&&&

$$$002-006-001$3.2.7.1 Сұрақ атауы 1

Су ресурстарының сарқылуы және ластануы
Қазақстан су ресурстарының үлкен жетiспеушiлiгi елдерiнiң санатына жатады. Қазiргi уақытта су объектiлерiн тау-кен өндiру, металлургия және химия өнеркәсiбi кәсiпорындары, қалалардың коммуналдық қызметтерi қарқынды ластауда және ол нақты экологиялық қатер төндiредi. Ертiс, Нұра, Сырдария, Iле өзендерi, Балқаш көлi неғұрлым ластанған. Халықты ауыз сумен қамтамасыз етудiң негiзгi көзi болып табылатын жер асты сулары да ластануға ұшыраған.
Су объектiлерiне антропогендiк салмақ пен олардың қалпына келу қабiлетiнiң арасындағы теңгерiмсiздiк экологиялық қолайсыздықты iс-жүзiнде барлық iрi өзен бассейндерiне тән еттi, ал су шаруашылығының мұқтаждарын жеткiлiктi қаржыландырмау су шаруашылық объектiлерiнiң барынша қанағаттанғысыз (кей жерде апаттық) техникалық жай-күйiне және халықты ауыз сумен қамтамасыз ету проблемаларының тым шиеленiсуiне себеп болды.
Бұл проблемаларды шешу үшiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 21 қаңтардағы N 71 қаулысымен су ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану проблемаларын шешудiң негiзгi жолдары айқындалған Экономиканың су секторын дамытудың және Қазақстан Республикасы су шаруашылығы саясатының 2010 жылға дейiнгi тұжырымдамасы қабылданды. Сондай-ақ халықты жеткiлiктi көлемде және кепiлдi сападағы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 93 қаулысымен"Ауыз су" салалық бағдарламасы бекiтiлдi, Қазақстан Республикасының Су кодексi және "Cу пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативтерi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, 2005 - 2010 жылдары негiзгi су бассейндерiнiң су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғаудың схемаларын әзiрлеу жөнiндегi жұмыстар жүргізiлетiн болады.
Қабылданған бағдарламалық құжаттардың щеңберiнде 2005 жылы iске асырылуы суды қажет ететiн өндiрiстер дамуының қарқыны мен көлемiн шектeугe, су үнемдейтiн технологияларды, су пайдаланудың айналымды және тұйық жүйелерiн жаппай енгiзуге, өнiм бiрлiгiне және пайдалану шығындарына жекелей су пайдалануды азайтуға, су шаруашылық жүйелерiн есепке алу мен реттеудiң қазiргi заманғы құралдарымен жарақтандыруға мүмкiндiк беретiн сумен қамтамасыз ету жөнiндегi республикалық мақсатты бағдарлама әзiрлеу қажет. Бағдарлама су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемнiң қолданыстағы ставкаларын саралау, су шаруашылық объектiлерiн ұстау мен жөндеу жөнiндегi шығыстарды өзiн-өзi ақтауға кезең-кезеңмен көшiре отырып, су пайдаланушыларға су жеткiзу жөнiндегi қызмет үшiн баға белгiлеудi оңтайландыру жөнiндегi iс-шараларды да қамтуы тиiс.
Өзен экожүйелерiне ауыртпалықты азайту мақсатында және олардың ластануы мен қоқыстануының алдын алу үшiн 2005 - 2010 жылдар барысында пайдаланылатын барлық су объектiлерi үшiн су қорғау аймақтары мен жолақтарының жобалары әзiрленетiн болады, 2005 - 2006 зиянды әсердiң мүмкiн болатын шектi нормативтерiн және судың жай-күйiнiң мақсатты көрсеткiштерiн әзiрлеу жөнiндегi ғылыми-қолданбалы зерттеулердiң кешенi жүргiзiледi, ол су объектiлерiне ластаушы заттар төгiндiлерiн таңбалыдан жиынтық нормалауға кезең-кезеңмен көшiрудi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi. Осының бәрi ағынды суларды тазартатын құрылыстарды салу мен қайта жаңғырту кезiнде жаңа технологияларды енгiзудi жеделдетедi.
Қолда бар су ресурстарының санын ұлғайту мен сапасын жақсарту үшiн су жетiспеушiлiгiн тартып отырған өңiрлерде өзен ағынын реттеу жөнiндегi, оның iшiнде бассейн аралық қайта бөлу, сондай-ақ жер асты ауыз суларын пайдалануды жеделдету жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру қажет.

&&&

$$$002-007-100$ Дәріс №7.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

{Өзін-өзі тексеру сұрақтар тізімі}

1.Қазақстандағы Су ресурстары жағдайы?

2. Су көздерін ластаушы негізгі заттардың түрлері,сипаттамасы ?



&&&

$$$002-008-000$3.2.8 Дәріс №8. Каспий шелфін қарқынды пайдалану мәселелері.

{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}

1. Каспий шелфін қарқынды пайдаланудан туындағын мәселелер

2. Каспий аймағының экологиялық жағдайы.

&&&

$$$002-008-002$3.2.8.1 Сұрақ атауы 1. Каспий теңiзi қайраңының ресурстарын қарқынды игерумен байланысты проблемалар

Каспий теңiзi бассейнi мемлекеттерiнiң көмiрсутегi ресурстарын кеңiнен игеруi теңiз және жағалау маңы экожүйелерiне терiс әсер ауқымын ұлғайтады. Теңiз мәрте-бесiнiң айқындалмаған жағдайында трансшекаралық сипаттағы сыртқы экологиялық қатерлер елеулi мәнге ие болады.


Теңiздiң қазақстандық секторында көмiрсутегi шикiзатын алдағы кезде баса игеру елдiң экологиялық қауiпсiздiгiне ықтимал қатер төндiредi.
Каспий теңiзiнiң қоршаған теңiз ортасын қорғау жөнiндегi үлгiлiк конвенциясы және басымдық iс-қимылдардың өңiрлiк стратегиясы Каспий теңiзiнiң коммерциялық ресурстарын пайдалану және Каспий маңы елдерiнiң Каспийдiң экожүйесiн қорғау жөнiндегi алдағы iс-шараларға қатысты өзара ортақ iс-қимылы бойынша негiзгi бағыт-тарын айқындайды.
Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттiк бағдарламасында 2005 жылдың аяғына дейiн теңiз және жағалау маңы экожүйелерiне залал келтiрместен көмiрсутегiн өндiрудiң мүмкiн болатын шекті деңгейiн айқындау жөнiндегi арнаулы зерттеулерді жүргізу, геодинамикалық мониторингтi iске асыру, иесiз мұнай ұңғымаларын және басқа да байырғы ластануларды жою, iлеспе газды алауларда жағуды және мұнай құбырлары мен радиоактивтi ластанған жабдықтарды рұқсат алынбай көмудi тоқтату жөнiнде шаралар қабылдау көзделедi.
Зерттеулер нәтижесi Каспий қорық аймағын аймақтарға бөлудi қоса алғанда, теңiздегi экологиялық қауiпсiз шаруашылық қызметiн қамтамасыз ететiн нақты нормативтiк экологиялық талаптар әзiрлеу болуы тиiс.

&&&

$$$002-009-002$3.2.8.2 Сұрақ атауы 2. Каспий аймағының экологиялық жағдайы. Бұл ауданның экологиялық жағдайы Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуіне және жағалаулық теңіз экожүйесінің антропогендік әсерге ұшырауына байланысты болады. Ғалымдардың болжамдары бойынша теңіз деңгйінің көтерілуі жағалаулық сызықтың 2400-2300 км ұзарып, су астында қалған жерлерге тағы да 1,2-2,2 млн. Га қосылуына әкелуі мүмкін.

Су астында қалу қаупі әсіресе Каспийдің Солтүстік және Солтүстік-Шығыс жағалауындағы мұнай кен орындарына төніп отыр. Су астында қалу қаупі төніп отырған 43 мұнай кен орындарының 32-сі Атырау, ал 11-і Маңғыстау облысында орналасқан.

Каспий теңізі дүние жүзіндегі бекіре тәрізді балықтардың ең ірі мекен ету ортасы болып табылады. Сондықтан Каспий мәселесі тек мемлекетаралық қана емес, ғаламдық мәселе болып табылады. Каспийдің биологиялық алуантүрлігін сақтау бүкіл әлемдік қауымдастықтың жұмысы. 1115 жылы Тегеранда Каспий маңындағы мемлекеттердің өкілдерінің кездесуі өтті. Бұл кездесудің мақсаты Каспий аймағының экологиялық тұрақтылығы мен оның ресурстарынын пайдалануды басқару концепциясын жасау болып табылады. Бірақ кез келген экологиялық бағдарламаның іс жүзіне асуына, оның ірі мұнай-газды аймақ ретінде маңызының артуы күрделендіреді.

...

&&&

$$$002-008-100$ Дәріс №8 Өзін-өзі тексеру сұрақтары

{Өзін-өзі тексеру сұрақтары}



1.Каспий теңiзi қайраңының ресурстарының мәселелері қандай?

2. Каспий аймағының экологиялық жағдайы қандай?


...

&&&

$$$002-009-000$3.2.9 Дәріс №9 Жергiлiктi экологиялық проблемалар

{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}
1. Әуе бассейнiнiң ластануы

&&&

$$$002-009-002$3.2.9.1 Сұрақ атауы 1. Әуе бассейнiнiң ластануы
Атмосфераның негiзгi ластануы түстi металлургия, жылу энергетикасы, қара металлургия, мұнай-газ кешенi кәсiпорындары мен көлiк шығарындыларымен байланысты. Атмосфералық ауаның ластануынан қатердiң нақтылығы халық денсаулығының нашарлауына да және қоршаған ортаның тозуына әсер етедi.
Атмосфералық ауаның ластану проблемасы негiзiнен республика халқының жартысына жуығы өмiр сүретiн iрi қалалар мен өнеркәсiптiк агломераттарға тән.
Барынша ластанғандар қатарына 10 қала, оның iшiнде 8 қала ауасы жоғары деңгейде ластанған қалаға жатқызылады. Қалаларда ауа ластануының жоғары деңгейiнiң себебi - өндiрiстiң ескiрген технологиялары, тиiмсiз тазартқыш құрылыстар, қолданылатын отынның төмен сапасы, қуаттың жаңғыртылатын және дәстүрлi емес көздерiнiң аз пайдаланылуы болып табылады. Кәсiпорындардың 20%-тен астамының нормативтiк санитарлық-қорғау аймағының болмауы себептi өндiрiс орталықтары халқының басым бөлiгi зиянды шығарындылардың әсерi жоғары аймақта тұрып жатыр.
Автомобиль санының күрт көбеюi iрi қалаларда (Алматы, Өскемен, Шымкент) көмiртегi оксидi мен азот диоксидi жиналуын ұлғайтады, мұндай заттардың орташа жылдық шоғырлануы бұл қалаларда шектi мөлшерден асып түседi.
Ауа бассейнiнiң ластануы, сондай-ақ көмiрсутегi шикiзатының бұрынғы кен орындарын дамытумен және жаңа кен орындарын игерумен де байланысты, бұл атмосфераның күкiртсутегiмен, меркаптандармен ластануын ұлғайта түседi. Алауларда iлеспе газдың жағылуы қызған газдардың, күкiрт пен азот оксидтердiң едәуiр көлемiн атмосфераға шығарумен қатар жүредi, кен орындарының төңiрегiнде жоғары жылу аясы қалыптасады.
1993 жылдан 2000 жылға дейiн зиянды заттардың атмосфераға шығарылуы негiзiнен өндiрiс құлдырауының есебiнен 5,1 млн. тоннадан 3,2 млн. тоннаға дейiн кемiдi. Соңғы жылдары экономиканың өрлеу жағдайларының өзiнде атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын 3,2 - 3,4 млн. тонна деңгейiнде тұрақтандыруға мiндеттi мемлекеттiк экологиялық сараптаманың жаппай енгiзудiң және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау жүргiзудiң нәтижесiнде қол жеткiзiлдi. Мұндай тетiктердi одан әрi жетiлдiру 2010 жылдан кейiн қоршаған ортаны мөлшерден тыс ластайтын кәсiпорындарға қойылатын экологиялық талаптарды күшейту арқылы шығарындыларды жоспарлы түрде төмендетуге кiрiсуге мүмкiндiк бередi.
Aуa бассейнi ластануының жоғарылау қаупiн болдырмау жөнiндегi қажеттi шаралар қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi қысқа мерзiмдi бағдарламаларда көзделетiн болады.

&&&

$$$002-009-002$3.2.8.2 Сұрақ атауы 2 Атмосфераның жасанды ластануы.

Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энертетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы және т.б. жатады . Тек өндірістік кәсіпорындардың ғана қоршаған ортаға әсер етіп ластауын мынадай негізгі түрлерге белуге болады: шикізат, материалдар, құрал-жабдықтар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар

Атмосфераны ластаушылардың ең негiзгiлерi транспорт түрлерi, əсiресе автомобильдердiң жанармайларының жану өнiмдерi болып табылады. Француз ғалымы Ж. Детридiң есептеулерi бойынша, автомобильдерден бөлiнген газдардың құрамында көмiрқышқыл газы — 1%, көмiртек оксидi -4%, көмiрсутектер — 0,5%, оттек — 4%, сутек -2%, альдегидтер — 0,004, азот оксидтерi — 0,02%, күкiрт оксидтерi — 0,002% барлығы 200 ге жақын компоненттер бар екенiн анықтады. Қоршаған ортаға көмiртек, күкiрт жəне азот оксидтерiмен бiрге бензиннiң құрамына кiретiн канцерогендi заттар, мысалы 3,4-бензопирен мен қорғасын өте зиянды əсер етедi. Атмосфераға транспорттардан бөлiнген газдардың құрамында 25-23% қорғасын болатыны анықталған. Жəне оның 40% диаметрi 5 мкм ге дейiн болатындықтан ауада ұзақ уақыт сақталып, онымен бiрге адам организмiне түсетiндiгi белгiлi болды. Қазiргi кезде бүкiл əлемде шамамен 500 млн аса автомобиль жүрiп тұрса, үлкен қалалардағы атмосфералық ауаның тазалығын сақтау адамзат үшiн қаншалықты маңызды екенi түсiнiктi. Мысалы, Лос-Анджелес қаласының ауасын үнемi 2,5 млн автомобиль, Парижде — 100 мың, т.с.с. ластайды. Ал əрбiр мың автомобильден күнiне ауаға 3000 кг көмiртек оксидтерi, т.с.с отынның толық емес жану өнiмдерi бөлiнедi. Бұл физико-химиялық қоспалар тыныс алу кезiнде адам мен жануарларға аса зиянды болып табылады.

&&&

$$$002-009-100$ Дәріс №9.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.Әуе бассейнін ластайтын көздерге нелер жатады ?

2. Әуе бассейні қандай заттармен ластанады?
...

&&&

$$$002-010-000$3.2.10 Дәріс №10. Қазақстан Республикасының су ресурс - тарының маңызы.

{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}

1. Қазақстанның су ресурстарының жағдайы.

2. Арал теңізінің экологиялық мәселелері.

&&&

$$$002-010-001$3.2.10.1 Сұрақ атауы 1 . Қазақстанның су ресурстарының жағдайы.

Қазақстанның су артериялары шамамен 45 мың өзендерден құралған. Ең ірі су көздеріне; Ертіс, Есіл, Іле, Сырдария,Жайық, Шу, Талас, Асса өзендері жатады. Соңғы жылдары бірқатар көлдер жүйесінің кебуі байқалып отыр. Бұл өзендер ағысының шектен тыс реттелуі мен олардың деңгейінің табиғи ауытқуларына байланысты болып отыр. Экологиялық жағынан ең қолайсыз жағдайда Қазақстанның басты су артериясы- Ертіс өзені қалып отыр. Оның сулары жоғары дәрежеде ауыр металдармен ластанңан. Негізгі ластаушы заттар- мыс, шайынды сулармен бірге келіп түседі.

Өзен экожүйелерiне ауыртпалықты азайту мақсатында және олардың ластануы мен қоқыстануының алдын алу үшiн 2005 - 2010 жылдар барысында пайдаланылатын барлық су объектiлерi үшiн су қорғау аймақтары мен жолақтарының жобалары әзiрленетiн болады, 2005 - 2006 зиянды әсердiң мүмкiн болатын шектi нормативтерiн және судың жай-күйiнiң мақсатты көрсеткiштерiн әзiрлеу жөнiндегi ғылыми-қолданбалы зерттеулердiң кешенi жүргiзiледi, ол су объектiлерiне ластаушы заттар төгiндiлерiн таңбалыдан жиынтық нормалауға кезең-кезеңмен көшiрудi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi. Осының бәрi ағынды суларды тазартатын құрылыстарды салу мен қайта жаңғырту кезiнде жаңа технологияларды енгiзудi жеделдетедi.
Қолда бар су ресурстарының санын ұлғайту мен сапасын жақсарту үшiн су жетiспеушiлiгiн тартып отырған өңiрлерде өзен ағынын реттеу жөнiндегi, оның iшiнде бассейн аралық қайта бөлу, сондай-ақ жер асты ауыз суларын пайдалануды жеделдету жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру қажет

Су қоймалары мен бассейннің су ағыстарына түсетін негізгі ластаушыларға иондық ағыс (24 мың тоннадан астам 1114 және 1115 ж. Шамамен 23 мың тоннаға жуық), азотты органикалық қосылыстар (1,4 мың тоннаға жуық), фосфор қосылыстары (1114 жылы 123 мы4 тоннадан астам, 1115 жылы 400 тонна), цинк (42,2 және 24,1 т 1115) жатады.

Табиғи суларды ластайтын негізгі химиялық элементтердің барлығы дерлік су ортасына өнеркәсіп орындарының шайынды суларымен келіп түседі.

&&&

$$$002-010-002$3.2.10.2 Сұрақ атауы 2. Арал теңізінің эклогиялық мәселелері.

20-жылдардан бастап Арал теңізінің ауданы кеми бастайды. Суды ауыл шаруашылық дақылдарын суару үшін қолдану Тянь-Шань таулары мен ағып келетін табиғи су ағысын 10%-дан астам қысқартып жібереді. Теңіз ауданы 2,2 млн. Га-ға кеміп, өзінің 20% көлемін жоғалтты. Судың деңгейі 12-ден 2 м-ге дейін түсіп кетті, тұздылығы 2 еседен астам артты. Күн сайын 200 тонна тұз бен құм желмен 300 км ара қашықтыққа таралады. Шөлдену, топырақтың тұздануы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің кедейленуі, климаттың өзгеруі одан әрі жалғасуда. Халықтың денсаулығы күрт төмендеп кетті.

Арал аймағының экологиялық жағдайы экономиканың дәстүрлі бағыттарының дамуының мүмкін болмауына әкеліп, бірқатар әлеуметтік және саяси мәселелерді туғызады.

Қоршаған ортаны бұза отырып,кез келген қазіргі заманғы қоғам өзінің болашағын жояды. Болашақ ұрпақтардың дамуы үшін экологиялық тұрақтылықты сақтап қалу қажет. Экологиялық тұрақтылық болашақты сақтау үшін табиғи ортаның жағдайын бақылап, өнеркәсіптік қалдықтарды нормалау мен алдын алу, қалдықсыз және ресурстарды тиімді пайдаланатын технологияларды жасап, іске қосу керек.

Арал теңізі Орта Азияның шөлді белдеуінде орналасқан. Қарақұм және Қызылқұм шөлдері Аралды оңтүстік және шығыс жағынан қоршап жатыр.

Судың сапасының нашарлауы мен оның жетіспеуі өсімдіктер жабынына ерекше әсер етті. Бағалы орман, қамыс, өнімді жайылымдар мен шалғындықтар жойыла бастады. Олар сортаң жерлерге айналған. 50 көл кеуіп кеткен. Сырдария грунт суларының деңгейі төмендеп кеткен.



&&&

$$$002-010-100$ Дәріс №10.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

{Өзін-өзі тексеру сұрақтары}

1. Қазақстанның су ресурстарының құрамы қандай?

2. Арал теңізінің эклогиялық мәселелері туралы не білеміз?




&&&

$$$002-011-000$3.2.11 Дәріс №11. Ақаба суларды топтастыру және оларды тазарту әдістері.

{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}

1.Ақаба сулардың жіктелуі және сипаттамалары.

2.Ақаба суларды тазарту әдістері.

&&&

$$$002-011-001$3.2.11.1 Сұрақ атауы 1. Ақаба сулардың жіктелуі және сипаттамалары

1) Ақаба су  бұрын өндірісте, тұрмыста немесе ауыл шаруашылығында пайдаланылған, сондай-ақ қандай да бір ластанған аймақ, соның ішінде (өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, коммуналдық-тұрмыстық, нөсер, т.б ағынды-лары) елді мекен арқылы өткен су;

2) Адамның тұрмыста және өндірістік іс-әрекетінде пайдаланылғаннан кейінгі су.

Ақаба су шаруашылық тұрмыстық, өндірістік және атмосфералық болып бөлінеді. Ақаба судың шаруашылық-тұрмыстық ластағыш түріне байланыс-ты физиологиялық қоқыстармен және шаруашылық ағындыларымен ластан-ған түрлері ажыратылады. Өндірістік ақаба су кұрамы ақаба су түзілетін технологиялық процестермен, сондай-ақ материал мен шикізаттың химиялық қасиеттерімен анықталады. Ластанған және нормативті таза (яғни, тазалауды қажет ететін) өндірістік ақаба су болып ажыратылады. Атмосфералық ақаба су нөсер (жаңбыр) және қар суы болып бөлінеді. Ақаба судың әрбір текше метрі таза судың 60 м3-ін ластайды.



Ақаба су тұнбасы — ақаба сулардың зауытта, сүзілу алаңында жиналатын, оның түбіне шөгетін әртүрлі тұнбалы заттар мен химиялық элементтердің жиынтығы. Ақаба су тұнбасы арнайы өңдеуден өткеннен кейін егістік жерлерді тыңайту үшін тыңайтқыш ретінде пайдаланылады.

Ақаба судың түрлері: 1) суы ағып жатқан арық-атызбен тоғанды байлағанда қалған сарқынды су. Ақаба суын арық арқылы ағызып, аумағы шағын егістіктерді суарады. Егер бұл суды дер кезінде пайдаланбаса, жерге сіңіп, буланып зая кетеді немесе борсып шалшыққа айналады. Бұл атау Қазақстанның суармалы егіншілікпен айналысатын Қызылорда, Онтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында қолданылады;

2) тұрмыстық қоқыстар мен өндірістік қалдықтармен ластанып, елді мекендер аумағынан арнайы канал жүйелері арқылы сыртқа шығарылатын сулар. Ол тұрмыстық (аурухана, асхана, монша, жеке пәтерлерден және т.б. шығарылған сулар), өндірістік (кен казбаларын өндіру кезінде жер астынан айдап шығарылған, жылу агрегаттарын суыту кезінде пайдаланылған және т.б. сулар) және атмосфералық (жаңбыр және қар мен мұздан еріген, т.б. сулар) болып бөлінеді. Бұл атауға Алматы қалалық конгломератынан шыққан ақаба су жиналатын Сорбұлақ бөгені толық мысал болады.



&&&

$$$002-011-002$3.2.11.2 Сұрақ атауы 2 Ақаба суларды тазарту әдістері.

Ақаба суды тазалау — ақаба судағы адам денсаулығына және табиғат-қа қолайсыз әсер ететін организмдерді, салынды және еріген заттектерді жою.

Ақаба суды тазалау әдістері — табиғатты және қоршаған ортаны лас-танудан қорғаудың маңызды шараларының бірі.

Ақаба суды механикалық (тұндыру, сүзу, флотация), физикалық-химиялық (ірілендіру, бейтараптау, хлорменөндеу, т.б.) және биологиялық (суармалау танаптарында, биологиялық бассейнде, биосүзгіште) әдістермен тазалайды.



Ақаба суды тұндыру (Осветление сточных вод) — өнеркәсіптік және тұрмыстық ақаба суды механикалық қоспалардан тұндыру, сүзу, коагуляциялау және т.б. әдістер арқылы тазалау.

Ақаба суды биологиялық тазалау- заттектерді минералды немесе одан да қарапайым органикалық қосылыстарға дейін ыдырататын микроорга-низмдерді өсіру арқылы ақаба суды ластағыш негізгі органикалық заттек-терден тазалау.

Ақаба суды биосүзгімен тазалау— ақаба суды активтелген тұнба қабаты немесе ластағыштарды тұтып, ұшырататын арнайы егілген су өсімдіктері (қалың өскен қамыс) арқылы өткізіп тазалау.

Ақаба суды жасанды тазалау— арнайы технологиялық құрал-жаб-дықтар аркылы ақаба судың кез келген түрін тазалау. Ақаба суды жасанды тазалау судың өздігінен табиғи тазалануынан тезірек жүзеге асады.

Ақаба суды залалсыздандыру— ақаба судың құрамындағы патоген-дік және санитариялық көрсеткіш микроорганизмдерді жою үшін өндеу.

Ақаба суды иіссіздендіру (дезодорация)иісті кетіру және сонымен қа-тар ақаба су жинақталып қалған кезде, сондай-ақ оларды биологиялық жол-мен тазалау барысында, өндірістік процесстер кезінде (жанғыш газдар, т.б. алу), жағымсыз иісі болатын материалдар мен шикізаттардан буланғанда түзілетін газдың зиянды құрамды бөліктерін жою.

Ақаба суды механикалық тазалау — тез тұнатын және қалқып шыға-тын заттектерді техникалық құрылғылар мен және әдістермен жою. Көбіне ірі түйірлі және ұсақ түйірлі (малта тас құм тас) сүзгіш арқылы іске асыры-лады.

Ақаба суды мұқият тазалау — бірін-бірі толықтыратын механикалық, биологиялық, химиялық тазалау, электродиализ, кейде дистилляция жолымен іске асырылатын шаралар арқылы ақаба суды ластағыштардан толық тазалау.

Ақаба суды пайдалану (утилизация)— тұрмыстық, нөсер немесе өнді-рістік ақаба су құрамындағы пайдалы құрамды бөліктерді пайдалану немесе бұл суды тазартқан соң егістікті немесе ормандағы екпе ағаштарды суаруға, т.б. қолдану.

Ақаба суды табиғи тазалау — судың өздігінен тазаруы барысында не-месе суармалау танабының, сүзу танабының, топырақ асты суармалау үческілерінің, аэробты және анаэробты биологиялық тоғандар мен тотықтыр-ғыш каналдардың көмегімен ластағыштарды ыдырату.

Ақаба суды физикалық-химиялық тазалау (Физикохимическая очистка сточных вод) — ағындыларды ластағыштардан физикалық-химиялық әдістермен тазалау. Бұған реагенттік не электролиттік ірілендіру, қышқылдар мен және сілтілермен бейтараптау, шайғындау, су буымен айдау, сорбция, суды ультрадыбыспен өндеу, электр химиялық тотықтыру және т.б. жатады.

Ақаба суды химиялық тазалау (Химическая очистка сточных вод) — ластағыштарды химиялық агенттер аркылы және заттектердің физикалық-химиялық қасиеттерін пайдаланып жою. Ақаба суды химиялық тазалауға қалқып жүрген және коллоидты заттектерден, фосфордан ірілендіру арқылы тазарту, еріген органикалық заттектерден абсорбция арқылы тазалау және тірі организмдерді жою — суды зарарсыздандыру, яғни хлорлау жатады.

&&&

$$$002-011-100$ Дәріс №11 Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Ақаба сулар қалай жіктеледі?

1.Ақаба судың құрамындағы патогендік микроорганизмдерді жою үшін өндеу қалай аталады?

2. Ақаба суды табиғи тазалау дегеніміз не?

3.Арнайы технологиялық құрал-жабдықтар арқылы ақаба судың кез келген түрін тазалау қалай аталады?

...

&&&

$$$002-012-000$3.2.12 Дәріс №12. Қазақстан жерлерінің радиоактивті, химиялық, бактериологиялық ластану мәселелері.

{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}

1. Қазақстан жерлерінің радиоактивті ластануы.

2. Қазақстан жерлерінің бактериологиялық ластануы.

3. Қазақстан жерлерінің химиялық ластануы.



&&&

$$$002-012-001$3.2.12.1 Сұрақ атауы 1 Радиоактивтi ластану
Радиоактивтi ластану Қазақстанның экологиялық қауiпсiздiгiне елеулi нақтылы қатер төндiредi, олардың көздерi мынадай негiзгi төрт топқа бөлiнедi:
жұмыс iстемей тұрған уран өндiрушi және уран өңдеушi кәсiпорындардың қалдықтары (уран кен орындардың үйiндiлерi, өздiгiнен төгiлетiн ұңғымалар, қалдық қоймалары, технологиялық желiлердiң бөлшектелген жабдығы);
ядролық қаруды сынау нәтижесiнде ластанған аумақтар;
мұнай өндiру өнеркәсiбi мен мұнай жабдығының қалдықтары;
ядролық реакторлардың жұмыс iстеуi нәтижесiнде пайда болған қалдықтар мен радиоизотоптық өнiм (иондаушы сәулеленудiң пайдаланудан шыққан көздерi).
Қазақстанда табиғи радиактивтiлiктiң жоғары деңгейiн беретiн уран берушi алты iрi геологиялық өңiр, көптеген шағын кен орындары мен уран байқалатын кенiштер, уран өндiрушi кәсiпорындар мен ядролық жарылыстар жасалған жерлерде шоғырланған қалдықтар бар.
Қазақстан аумағының 30%-iнде адам денсаулығына айтарлықтай қауiп төндiретiн табиғи радиактивтi газ - радонның жоғары бөлiнуiнiң ықтимал мүмкiндiгi орын алған. Радионуклидтермен ластанған суды ауыз су мен шаруашылық мұқтаждықтар үшiн пайдалану қауiптi болып табылады.
Қазақстанның кәсiпорындарында иондаушы сәулелердiң пайдаланудан қалған 50 мыңнан астам көздерi бар және радиациялық зерттеу барысында 16-сы адам үшiн аса қауiптi болған 700-ден астам бақылаусыз көздер анықталып, жойылды.
Халықтың радиоактивтi улануын және қоршаған ортаның ластану қаупiнiң алдын алу үшiн: радиоактивтi ластану көздерiн түгендеу жөнiндегi жұмысты аяқтау және 2005 жылға дейiн табиғи радиактивтiлiктiң халықтың денсаулығына терiс әсерiн зерттеудi қамтитын бағдарлама әзiрлеу, сондай-ақ құрылысқа арналған алаңдарды таңдау мен табиғи құрылыс материалдарын пайдалану кезiнде шектеу шараларын қабылдау; ауыз судың табиғи көздерiнiң радиоактивтi ластануына бақылау жүргiзу және Мұнай ұңғымалары мен өздiгiнен төгiлетiн және өздiгiнен ағатын гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және консервациялау бағдарламасының шеңберiнде радионуклидтердiң жоғары құрамы бар гидрогеологиялық ұңғымаларды жою; жоғары радиациялық сәуле алу қаупi туралы халықты уақытылы хабардар ету жөнiнде шаралар әзiрлеу; 2005 жылға қарай Уран өндiру өнеркәсiбiнiң радиоактивтi үйiндiлерiн түгендеу және олардың қоршаған орта мен халықтың денсаулығына әсерiн айқындау жөнiндегi жұмысты аяқтау қажет.
Проблеманың кешендi шешiлуi радиоактивтi қалдықтарды ұқсату мен көму жөнiнде мамандандырылған ұйым құруды көзделуi тиiс.
Аталған iс-шараларды жүргiзудiң нәтижесi халықтың сәуле алуы мен қоршаған ортаның радиоактивтiк ластануын төмендету болмақ.

&&&

$$$002-012-002$3.2.12.2 Сұрақ атауы 2. Бактериологиялық ластану

Бактериологиялық ластану. Бактериологиялық жұқтырудың ықтимал қаупiн Арал теңiзiндегi Возрождение аралындағы биологиялық полигонның қызметi төндiредi. Кейбiр биологиялық агенттердiң қоршаған орта объектiлерiнде және жануарлардың организмiнде ұзақ уақыт сақталатынын ескере отырып, олардың республика мен басқа да шектес мемлекеттер аумағына таралуының нақты қатерi бар. Возрождение аралында оба, күйiк және туляремия сияқты өте қауiптi жұқпалы аурулардың табиғи-ошақ аймақтары болуы мүмкiн.


Бактериологиялық ластанудың алдын алу үшiн Возрождение аралының аумағындағы қоршаған орта объектiлерi мен фаунаның тұрақты эпидемиологиялық және эпизоотологиялық мониторингiн жүргiзу қажет.
Осы мақсатта 2004 жылы жұқпалы ауруларды қозғыштардың ұзақ сақталуы мүмкiндiгi тұрғысынан Возрождение аралының әртүрлi белiгiне бағалау жүргiзудi, арал аумағының қазақстандық бөлiгiн зерттеудi, оң нәтижелер табылған жағдайда Возрождение аралындағы биологиялық полигон қызметiнiң зардаптарын жоюды аяқтау қажет. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және обаға қарсы мемлекеттiк ұйымдар республика аумағындағы аса қауiптi жұқпалы аурулардың қоздырғыштары штаммдарының қозғалысына тоқсан сайынғы мониторинг жүргiзедi. Барлық облыстардан бөлiнген барлық штаммдар аса қауiптi жұқпалы аурулар қозғыштарының депозитарийi болып табылатын Қазақ карантиндiк және зооноздық жұқпалы аурулар ғылыми орталығына ғана келiп түседi, онда қатаң есепке алу қамтамасыз етiлген және режим бойынша барлық талаптар сақталған.
Қазiргi уақытта АҚШ-пен бiрлесiп мақсаты аса қауiптi жұқпалы аурулардың қоздырғыштарынан халықты қорғау және елдiң биологиялық қауiпсiздiгiн құру болып табылатын "Қазақстан Республикасындағы белсендi эпидемиологиялық мониторингтiң ықпалдасқан жүйесiн құру" бағдарламасы бойынша жұмыстар басталды.

&&&

$$$002-012-003$3.2.12.3 Сұрақ атауы 3 Химиялық ластану
Химиялық ластану. Химиялық заттардың арасында Қазақстанда ерекше қауiптi тұрақты органикалық ластағыштар (бұдан әрi - ТОЛ) тудырады. 2001 жылдың мамырында Қазақстан Республикасының Yкiметi Тұрақты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясына қол қойды.
Тұрақты органикалық ластағыштар - уытты қасиеттерге ие, ыдырауға тұрақтылық танытатын, биожинақтағыштығымен сипатталатын химиялық заттардың әртүрлi тобы. Бұл топтың химиялық құрамалары мен қоспасы ауамен, сумен және көшетiн түрлерi бойынша трансшекаралық таралу объектiсi болып табылады, сондай-ақ құрлық экожүйелерi мен су экожүйелерiнде жинақталып, өздерiнiң шығарынды көздерiнен алыс қашықтықта шөгедi.
Белгiлi бiр органдарды зақымдайтын уларға қарағанда, бұл заттар iшкi реттеу жүйесiн бұзады. Аз мөлшерiнiң өзiнде ТОЛ қалыпты биологиялық функцияларды бұзуы, кейiнгi ұрпаққа берiлуi және адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға нақты қатер төндiруi мүмкiн.
Қазақстандағы ТОЛ-дың едәуiр бөлiгiн пестицидтер құрайды. Өсiмдiктердi қорғаудың жаңа құралдарының сан түрлiлiгiне қарамастан, әлi күнге талдау жасалатын үлгiлерде 1950-1960 жылдардың пестицидтерi табылуда.
Өнеркәсiптiк ТОЛ-дар энергетика, мұнай өңдеу және химия өнеркәсiбi кәсiпорындарында құралады және пайдаланылады.
ТОЛ-дың табиғи ортаны ластауының объективтi бағалауы жоқ, өйткенi мониторингтiң қазiргi жүйесi топырақтағы және тамақ өнiмдерiндегi пестицидтердiң қалдық санын ғана айқындайды.
Табиғи ортаға қауiптi әсерiн және генетикалық деңгейде қайтымсыз процестерге әкелiп соқтыру мүмкiндiгiн ескере отырып, 2005-2006 жылдар барысында ТОЛ-ды бақылаудың, мониторингiнiң және басқарудың бағдарламасын әзiрлеу қажет.
&&&

$$$002-012-100$Дәріс №12.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.Қазақстандағы радиоактивтi ластау көздеріне нелер жатады?

2. Арал теңiзiндегi Возрождение аралындағы биологиялық полигонның әсері қандай?

3. Химиялық заттардың арасында Қазақстанда ерекше қауiптiлеріне қайсылары жатады?



...

&&&

жүктеу 2,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау