Kz $$$umkd name$пэоәК атауы Қр экологиялық қауіпсіздігі


$$

Kz $$$umkd name$пэоәК атауы Қр экологиялық қауіпсіздігі

2-013-000.2.13 Дәріс №13. Литосфера және оны тиімді пайдалану мен қорғау


жүктеу 2,06 Mb.
бет4/5
Дата24.11.2018
өлшемі2,06 Mb.
#24518
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5

$$$002-013-000$3.2.13 Дәріс №13. Литосфера және оны тиімді пайдалану мен қорғау


{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}

1 Литосфера және оны тиімді пайдалану мен қорғау



2. Жел және су эрозиясы,топырақты эрозиядан қорғау

3. Топырақтың ластануы

&&&

$$$002-013-001$3.2.13.1 Сұрақ атауы 1 Литосфера және оны тиімді пайдалану мен қорғау

Топырақ ресурстарының маңызы. Литосфера — (грекше — Lithos — тас + sphak — шар) — жердің қабығы, құрамы силикатты, қалыңдығы 30-40 км бола­тын жер шарының сыртқы қатты тас қабықшасы. Литосферада тірі организмдер 3 км дейінгі тереңдікте тіршілік етеді.

Топырақ ресурстары Жер бетіндегі тіршілікке қажетті ен маңызды алғы шарт-тардың бірі болып табылады. Алайда оның шын мәніндегі маңызы мен ролін өз дәрежесінде бағалай алмай келеміз. Топырақтың табиғи дене ретіндегі негізгі функциясы атмосфералық жауын-шашынды жинақтау мен су балансын реттеу, өсімдіктерге қажетті қоректік элементтерді жинақтау, жер асты суларын түзумен тазалығын қамтамасыз ету, ластаушы заттарды тасымалдау.

Топырақ — барлық элементтердің аккумуляторы: ол оларды өзінде жинақтап, сумен шайылып кетуден сақтайды. Өзінің қалыптасқан зат алмасу процесі бар, тұрақты динамикалық жүйе болғандықтан топырақ табиғи факторлар (су тасқы-ны,эрозия, құрғақшылық, т.б.) әсеріне қарсы тұра алады. Бірақ топырақ көптеген антропогендік факторлардың (жер жырту, мал жаю, техниканы қолдану, т.с.с.) ұзақ уақытқа созылатын әсеріне сезімтал келеді.

Топырақ ешнәрсеге айырбасталмайтын табиғи ресурс. Қазіргі таңда, ғылым әлі күнге дейін табиғи топырақтың орнын баса алатын жасанды материал таба алған жоқ. Өсімдіктерді топырақсыз өсірудің кез келген әдісі (гидропонды, пластопонды, аэропонды) топырақтың ролін дәл өз мәнінде орындай алмайды.Топырақ — биосфераның басқа элементтерімен үздіксіз алмасып отыратын, олармен тығыз байланысты және биосфераның кейбір элементтеріне (атмосфералық ауа, жер бетілік және жер астылық сулар) өзі де әсер ете алатын өте күрделі ашық система. Топырақ үнемі климат пен ауа райы компоненттері, флора мен фауна, әсіресе соңғы кезде түрлі антропогендік зиянды әсерлерге ұшырап отыр. Топырақта эрозиялық процестер көбейіп, өздігінен тазару қабілеті нашарлап, құнарлылығы кемуде.

Топырақтың деградациялануының (латын тілінен аударғанда — "төмендеу", "артқа кету" ) негізгі факторлары:эрозия, минералдық тыңайтқыштар мен пестицидтерді шамадан тыс көп қолдану, т.с.с.

Топырақтың қорғау мен бақылау объектісі ретінде қоршаған ортаның басқа объектілерімен салыстырғанда бірқатар өз ерекшеліктері бар. Ең алдымен топырақ атмосфералық ауа мен жер бетілік суларға қарағанда әлдеқайда қозғалыссыз орта, соған байланысты басқа орталарға тән аса қуатты табиғи өздігінен тазару қасиеті жоқ. Топыраққа түскен антропогендік ластаушылар онда жинақталып, көбейе береді.

&&&

$$$002-013-002$3.2.13.2 Сұрақ атауы 2 Жел және суэрозиясы, топырақты эрозиядан қорғау

Жел және су эрозиясы

"Эрозия" термині латынның erodere — бұзу деген сөзінен алынған.эрозия дегеніміз топырақ жабынының су, не желмен шайылуы, бұзылуы. Бұл кезде топырақтың ең құнарлы қабаты бұзылады: топырақ түзілу процесінің жүру жылдамдығы ша­мамен 0,5-2,0 см/100жыл болғанда қалыңдығы шамамен 14 см болатын осы қабаттың табиғи жолмен түзілуіне 1400-3000 жыл қажет болған болар еді, бұл қабаттың жойылуы кейде 20-30 жыл, тіпті кейде бір ғана қатты жауған жаңбыр, не шаңды дауыл нәти-жесінде болуы мүмкін.

Эрозиялық процестердің байқалу сипатына қарай қалыпты, не геологиялық және жылдам, не антропогендік эрозия болып бөлінеді.

Жел эрозиясы, не дефляция — топырақтың жоғарғы құрғақ, құнарлы қабатының бөлшектерінің желмен ұшуы.

Ирригациялық эрозия — суармалы егін шаруашылығымен айналысатын аудандарда байқалып, топыраққа көп мөлшердегі су массасының берілуіне байланысты болады. Бұл су топыраққа сіңіп үлгірмейді де, топырақ бетімен ағады. Су жіберілетін егістік жер аз ғана болса да тегіс болмаса топырақтың қарашірігі сумен бірге төменге қарай жуылып, ағып кетеді. Ирригациялық эрозия кезінде бір уақытта эрозия да, топырақтың сортаңдануы да жүреді.

Өндірістік эрозия — пайдалы қазбаларды өндіру кезінде, әсіресе, ашық әдіспен өндіруде, тұрғын үй, өндіріс орындарының құрылысын, жолдар, газ және мұнай трубопроводтарын салу кезінде байқалады.

Абразия кезінде (өзендер, басқа да су көздерінің жағалауларының құлауы) жырты-латын және мал жайылатын жерлердің ауданы кемиді.

Шамадан тыс көп мал жаю кезінде жайылымдық эрозия байқалады.

Механикалық эрозия ауылшаруашылық техникалардың ауыр түрлерін топырақтың өздігінен қалпына келу қабілетін ескермей пайдаланған жағдайларда қалыптасады.

Егіс далалары, әсіресе, жылына екі рет өнім жинайтын аудандарда ауыр техникалардың әсерінен топырақ тығыздалып, ауылшаруашылық дақылдарының өнімі төмендейді. Бұл зардаптарды болдырмаудың тиімді жолы — топырақты минималды өңдеу, топырақ өңдеуші және басқа да машиналардың өнімділігін олардың алатын ауқымын ұлғайту арқылы арттыру.



Топырақты эрозиядан қорғау

Топырақтың эрозиясымен күресу — егін шаруашылығындағы ең негізгі мәселелердің бірі.

Эрозияға қарсы күрес шараларының ең негізгілерінің бірі — шаруашылық-ұйымдастыру жұмыстары. Бұл — территорияны дұрыс ұйымдастыру. Шаруашылық-тарда жерлерді су және жел эрозиясына ұшырау деңгейлеріне байланысты топырақ-Эрозиялық жоспарлар жасалынып, топырақтарға сәйкес эрозияға қарсы іс-шараларын жүргізеді.

Эрозиямен күресу жолдары:

1.Айтарлықтай үлкен территорияларда өсімдіктер жабынын жоюға әкелетін табиғи экожүйелерге тигізетін әсерді шектеу. Эрозияға қарсы күрес шараларының ішінде орман-мелиорация жұмыстарын жүргізу де үлкен роль атқарады.

2.Жайылымдарда эрозиялық процестер көбінесе шектен тыс мал жаюмен байланысты. Үлкен территорияларда шөптесін өсімдіктер жабынының зақымдануы кезінде, әсіресе топырағы жеңіл жерлерде су және жел эрозиясы болуы мүмкін. Таулы аудандарда шөптесін өсімдіктердің болмашы зақымдануының өзінде (мысалы, жалғыз аяқ жол) су эрозиясының пайда болу ошағы орын алады. Мұндай қолайсыз құбылыстарды болдырмаудың енгізгі жолы мал жаю ережелерін сақтау мен рекреациялық қысымды төмендету болып саналады.

3. Егістік жерлерді қорғау шаралары:

—   ауыспалы егістерді дұрыс пайдалану;

—   топырақты бекітетін тамырлары бар шөптер қоспасымен алмастыру;

—   жиектік жырту (рельефтің горизонттарымен);

—   өңдеуден бұрын бұзылатын құмды және құмдақ топырақтарды шығару;

—   шағын егіс танаптарын табиғи ландшафттармен кезектестіру;

—   танап қорғайтын орман белдеулерін жасау;

—топыраққа әсер ететін қысымды кемітетін техниканы пайдалану.

Топырақты тұздану мен батпақтанудан корғау

Топырақтың тұздануына себеп болатын факторлар түрліше. Олардың бірі — құрғаған теңіздерден пайда болған тұздың жел арқылы таралуы. Суда еріген тұздар атмосфералық жауыншашын арқылы да таралады.

Көбінесе топырақтың тұздануы грунт суларының құрамында болатын тұздар есебінен жүретіндігі жиі байқалады. Климат неғүрлым құрғақ және топырақтың механикалық құрамы ауыр болса, соғұрлым бұл процесс қарқынды жүреді.

Тұзды топырақтарды натрийдің тұздарын гипстеу арқылы тазартады.

Кейбір жағдайда химиялық әдіс те жақсы нәтиже береді. Мысалы, топырақ бетінде жиналған зиянды тұздарды нейтралдау үшін гипстеу жүргізіледі. Бірақ бұл әдіс қымбат және қоршаған ортаның тазалығы үшін тиімсіздеу.

Жер ресурстарына үлкен зиян келтіретін үшінші бір фактор — жердің азуы. Оның орын алу себептері — өніммен бірге қоректік заттардың топырақтан әкетілуі. Өніммен бірге әкетілетін қоректік заттарды топыраққа қайтарудың ең тиімді әдісі органикалық тыңайтқыштарды (көң, компост, және т.б.) қолдану, шөп себу, пар жүйесі арқылы топырақты тынықтыру. Топырақтың азуы ең алдымен органикалық заттардың, оның ішінде негізгісі қарашіріктің кемуімен байланысты.



&&&

$$$002-013-003$3.2.13.3 Сұрақ атауы 3 Топырақтың ластануы,

Табиғатты қорғаудың түрлі аспектілерін ескермей жүргізген адамның шаруашы-лық іс-әрекеттері қоршаған ортаның, соның ішінде топырақтың да ластануына әкеп соғады. Нәтижесінде топырақ өндірістік, құрылыстардың қалдықтарымен, жылу электр станцияларының күлімен, пайдалы қазбалар мен құрылыс материалдарын өндіру кезіндегі жердің бетіне шығарылып тасталған жыныстар тау-тау болып үйілген, мұнай өнімдері жиналған, т.б. "индустриялық далалар" пайда болады.

Айта кететін бір жай, топырақтың ластануы тек қана адамның индустриялық қызметтерінен емес, сонымен бірге ауыл- шаруашылық өндірістің ңәтижесінде де жүреді.

Топырақты (сол сияқты ауа мен суды да) едәуір ластаушы көздер мал шаруашы-лығы комплекстері. Көбінесе сұйық көң дұрыс сақталмаған жағдайда суларды ластайды. Мысалы, 100 мың бас өсіретін шошқа комплексі немесе 35 мың бас ірі қара өсіретін комплекстің қоршаған ортаны ластау дәрежесі 400­500 мың халқы бар үлкен өндірістік орталықпен бірдей дәрежеде болады. Сондықтан фермаларда тазартқыш қондырғыларды салу өте қажетті шаралардың бірі.

Сонымен қатар көп жағдайда жанар-жағар майларды сақтау мен тасымалдау дұрыс, талапқа сай орындалмайды. Олар топыраққа түскенде топырақтың биология-лық белсенділігін нашарлатады. Мұнай өндіру және барлау жұмыстары топырақтың түрлі жуғыш заттармен ластануына себеп болады. Нәтижесінде мұнай төгіліп, топырақтың бетінде битумды заттардың түзілуіне әкеп соғады. Бұрғылау жұмыстары кезіндегі қолданылатын жуғыш заттар (каустикалық сода, натрий хлориді, дизель майы, битум) топырақтың тұздануына себеп болады. Әдетте, бұндай жерлерде өсімдіктер өспейді.

Көптеген жерлер тұрмыстық және өндірістік қалдықтар жиналған қалдық үйінділерімен ластанады. Бұл үйінділерде тұрғын үйлер, мекемелерден шыққан қалдықтар, әртүрлі синтетикалық материалдардан жасалған тұрмысқа қажетті заттардың қалдықтары, моншалар мен кір жуатын орындардан шыққан ағызынды сулар, жаңбыр мен қар сулары, т.б толып жатқан қалдықтардың барлығы топырақты қатты ластайды.

Топырақ бұлардан басқа пестицидтерді дұрыс пайдаланбаған жағдайда да біршама ластанады. Олардың химиялық тұрақты түрлері топырақта жинақталып, топырақ биотасының қырылып қалуына себеп болады. Сондықтан шаруашылықтарда пести-цидтерді пайдаланудың ережелерін қатаң сақтаулары қажет. Ал тыңайтқыштарды қолданғанда ғылыми-зерттеу мекемелерінің ұсыныстарын басшылыққа алу керек. Табиғи аймақты, топырақтың түрі мен типін, тыңайтқыш берілетін дақылдың ерекшеліктерін ескермеу топырақтың қышқылдануына, не сілтіленуіне әкеліп, қоректік элементтердің антогонизмін туғызады, олардың топырақ ерітіндісіне шығып қалуына жағдай жасайды.

Топырақта бұлардан басқа гельминтті инвазиялар, патогенді микроорганизм-дермен ластаушылар фекалды массалар, өндірістік қалдықтар, топырақтан шайылған су, не жануарлардың өліктері, т.б. болуы мүмкін. Топырақтың гельминттермен өте қатты ластануы тұрғын үйлер маңындағы огородтарда жиі байқалған.



Жердї рекультивациялау

Әлемнің көптеген мемлекеттерінде бұрын мәдени дақылдар өсіріліп келген құнарлы жерлер орман, мал жайылымы, т.б. үшін пайдаланылып келген. Адамның шаруашылық іс-әрекеттерінің нәтижесінде өсімдіктері жойылған, гидрологиялық режимі мен рельефі өзгерген, топырақ жабыны бұзылып, ластанған жерлер бұзылған жерлер деп аталады.

Пайдалы қазбаларды ашық әдіспен өндіру ауылшаруашылығында пайдалануға жарамды жерлерге біршама зиян келтіреді. Бұл жұмыстар кезінде тереңдігі 400­500 м болатын шұңқырлар түзіледі.

Осындай жерлерді қайтадан шаруашылық мақсаттарға пайдалану үшін оларды қалпына келтіру қажет. Бұзылған жерлерді қайта қалпына келтіру процестері рекультивация деп аталады.

Бұзылған жерлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары тау-кен, инженерлік-құрылыс, мелиоративтік, орман шаруашылықтық, ауылшаруашылықтық іс-шаралар комплексін құрайды.

Жерді рекультивациялаудың екі негізгі этапы бар : тау- техникалық және биологиялық. Тау-техникалық рекультивациялаудың мақсаты — территорияны жөн-деуге дайындау. Ал биологиялық рекультивациялауда топырақ құнарлылығын қал- пына келтіруге бағытталған жұмыстар жүзеге асырылады.

Жерді рекультивациялау жұмыстары бойынша Чехослова­кия мен ГДР мемлекет-терінде бұзылған жерлерге жүгері егіледі.

Жерді рекультивациялау — өте күрделі мәселе. Ол көп жағдайда бұзылған территориялардың нақты экологиялық жағдайларына байланысты. Пайдалы қазбаларды ашық әдіспен өндіру, мал шаруашылығы комплекстерін, суғару орындарын салу, т.б. топырақ жабынының бұзылуына себеп болатын жұмыстар кезінде рекультивацияланатын жерге жоғарғы қарашірікті топырақ қабатын ауыстыру, орналастыруда барлық тиісті ережелерді қатаң сақтау қажет.



&&&

$$$002-013-100$Дәріс №13.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Топырақтың деградациялануы дегеніміз не?

2. Топырақты эрозиядан қорғау әдістерін атап көрсет?

3. Топырақты ластау көздері болып нелер саналады?



4. Жерді рекультивациялау деген не?

&&&

$$$002-014-000$3.2.14 Дәріс№14 Өндірістік және тұрмыстық қалдық-тарды орналастыру және өңдеу мәселелері

{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}

  1. Өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтар мәселелері.

  2. Өндірістік және тұрмыстық қалдықтардың түрлері.

3. Қалдықтарды өңдеу мәселелері

&&&

$$$002-014-001$3.2.14.1 Сұрақ атауы 1 . Өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтар мәселелері
Республикада өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтардың мониторин-гiн, оларды сақтауды, ұқсатуды және кәдеге жаратуды қамтитын қалдықтар-ды басқарудың мемлекеттiк жүйесi жоқ. Қазақстанның аумағында өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының 20 млрд. тоннадан астамы, оның iшiнде 6,7 млрд. тонна улы заттар жинақталған, әрi олардың ұлғаю үрдiсi байқалуда.
Бұл ескiрген технологияларды қолданумен, сапасыз шикiзатпен және отын-мен, кәсiпорындардың өндiрiс қалдықтарын кәдеге жарату мен қайта құнар-ландыруға қаражат салуға құлықсыздығымен түсiндiрiледi. Уытты қалдық-тарды қоса алғанда, өндiрiс қалдықтары әлi күнге, көбiнесе тиiстi экология-лық нормалар мен талаптарды сақтамастан, түрлi жинақтағыштарда қойы-лып, сақталады. Осының нәтижесiнде көптеген өңiрлердiң топырағы, жер асты және жер үстi сулары қарқынды ластануға ұшыраған. Қойылатын қалдықтардың үнемi ұлғайып отырған көлемi жаңа техногендiк ландшафтар қалыптастырады. Yйiндiлер мен террикондар биiктiгi өскен сайын олар шаң құраудың неғұрлым қарқынды көздерiне айналады.
Қатты тұрмыстық қалдықтардың негiзгi массасы құрауыштарға бөлшек-тенбестен шығарылып, ашық күресiндерге тасылады және қойылады, оның 97%-i Қазақстан Республикасының табиғат қорғау және санитарлық заңнама-сы талаптарына сай емес. Оларды орналастыру және жайғастыру жобасыз және қоршаған ортаға әсерi бағаланбастан жүргiзiлген. Республикада қатты тұрмыстық қалдықтардың шамамен тек 5%-i ғана кәдеге жаратылады немесе жағылады.
Өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарға байланысты проблемаларды шешу үшiн өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды басқаруды жетiлдiру жөнiндегi салалық және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу қажет. Осы бағдар-ламалар шеңберiнде қатты қалдықтарды басқару жүйесiнiң әзiрленуi, қал-дықтарды басқару құрылымын реформалау, қалдықтардың жинақталуын кемiтуге бағытталған нормативтiк құжаттарды әзiрлеу және енгiзу, қалдық-тарды басқарудың есебiн жүргiзу және бақылау жүйесiн ұйымдастыру, қалдықтарды ұқсату және қайталама пайдалану жөнiндегі үлгiлiк бағдарла-маны әзiрлеу, неғұрлым таза өндiрiстi енгiзу жөнiндегi ғылыми зерттеулердi жүргiзу, қалдықтарды ұқсату жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын шаруашы-лық жүргiзушi субъектiлерге ақпараттық қолдау көрсету, қалдықтарды басқарудың үдемелi жүйелерiне мамандарды оқытуды ұйымдастыру, өндiрiс-тiк қалдықтарды көму мен өнеркәсiптiк және басқа да ағынды суларды жерге төгу шарттары бойынша республика аумағын аудандарға бөлу көзделуi тиiс.

&&&

  1. $$$002-014-002$3.2.14.2 Сұрақ атауы 2 Өндірістік және тұрмыстық қалдықтардың түрлері.

Өндірістік қалдықтар өнімді дайындағанда толық немесе жартылай өзінің тұтыну қасиетін жоғалтқан шикізат, материал және жартылай фабри-каттардың қалдығы, сонымен бірге шикізатты физико-химиялық немесе механикалық қайта өңдегендегі өнім, олар сәйкес өңдеуден өткеннен кейін халық шаруашылығында пайдалануы мүмкін. Тұтыну қалдықтарына әртүр-лі себептерге байланыты ары қарай қолданылмайтын бұйымдар, детальдар жатқызылады. Бұл қалдықтарда өндірістік және тұрмыстық болып бөлінеді. Өндірістік қалдықтарға жабдықтардан, металдардан, резенкелерден, пласт-массалардан, шынылардан шыққан қалдықтар. Тұрмыстық қалдықтарына азықтық қалдықтар, тұрмыстық бұйымдарға арналған аяқ киім, киім-кешек тұрмыстық ақаба сулар жатады.

Қалдықтардың жіктелуі :

Қалдықтардың жіктелуі өнеркәсіптің салаларына, агрегаттық күйіне, токсинділігіне негізделген. Әрбір жағдайда аспектісіне сәйкес қарастырамыз: тазалануы, қайта өңдеуі, қалдықты көмуі, токсинді әсерінің алдын алу. Қал-дықтардың жіктелуі әртүрлі көрсеткішке байланысты ең негізгі адам ден-саулығына қауіптілігі, зиянды қалдықтар, мысалы: инфекциялық, токсинді, радиоактивті болып бөлінеді. Зиянды заттар жіктелуі және жалпы қауіптілік талаптары стандартына сәйкес, барлық өндірістік қалдықтар 4 қауіптілік кла-сына бөлінеді.

Кластар заттар сипаты:

Бірінші төтенше қауіпті

Екінші жоғарғы қауіпті

Үшінші орташа қауіпті

Төртінші аз қауіпті.

Қалдықтардың химиялық құрамына байланысты оның қай қауіптілік класына жататынын летальды дозасына ЛДО, сонымен бірге ШРК на байла-нысты анықтайды.

Қалдықтар күйіне байланысты қатты, сұйық және газ тәрізді болып бөлінеді. Қалдықтар шығатын жеріне байланысты тұрмыстық, өндірістік ауылшаруашылықтық болып бөлінеді. Құрамына байланысты негізгі көрсеткіші қалдықтың шығуы болып есептеледі – органикалық, бейоргани-калық, сонымен қатар жанатын немесе жанбайтын қалдықтар болып бөліне-ді. Негізгі топқа энергия түріндегі қалдықтар энергетикалық деп аталады.

Тұрмыстық және өндірістік қалдықтардың барлық түрлерін қатты және сұйық деп бөледі.

Қатты қалдықтар бұл металл, ағаш, пластмассалар, және басқа мате-риалдардың қалдықтары жатады, минералды және органикалық қалдықтар жатады. Өндірістік кәсіпорындардың тазарту жүйелерінен шыққан газдар және әртүрлі органикалық және минералды заттардан тұратын өндірістік қоқыс.

Сұйық қалдықтарға өңдеуден кейінгі қалдықтардағы сулар және газ-дарды дымқыл тазарту жүйесінде пайда болған минералды немесе органика-лық шаңдар жатады.

Өндірістік және қолданған қалдықтардың түрлерін пайдалану мүмкін-ділігіне байланысты материалды ресуртарға, ал екінші жағынан экономика-лық даму сатысында өңдеу тиімсіз болатын қалдықтарға бөлуге болады. Өңделетін қалдықтар пайда болатын жеріне немесе арнайы жабдықталған басқа кәсіпорындарда қайтадан өңдеуден өтеді. Кейбір өндірістік қалдықтар пайдалану қасиетінен айырылған соң қазіргі кезде өз орындарын таба алмай келеді. Бұл қалдықтар қоршаған ортаға зияны болмаса көміледі. Санитарлық гигиена жағынан қауіптілік тудырса, қалдықтарды алдын ала қауіпсізден-дірлегеннен кейін көмеді. Қалдықтардың формасы және түріне байланысты 13 топқа бөледі:

1. Гальваношламдар және тұнбалар. Химиялық реактивтердің және реагендер қалдықтары; құрамында хром, никель, мыс, кобальт, мырш, қорғасын болатын химреактивтерді және реагендерді;

2. Су құбырларының және канализациялардың қалдық сулары, құрамында мұнай бар өндірістік тұнбалар;

3. Салқындатқыш сұйытқыштар, лак бояу, өндірістердің қалдықтары, мұнай қалдықтары, оңай жантын сұйықтар.

4. Платмассалар, полимерлер, синтетикалық талшықтар, мата немесе синтетикалық материалдар қалдықтары.

5. Резина техникалық бұйымдар, вулканизаторлар қалдықтары.

6. Ағаш қалдықтары.

7. Қағаз қалдықтары

8. Қара және түсті металдардың, темір қалдықтары.

9. Шлактар, күлдер шаңдар қалдықтары.

10. Тамақ қалдықтары.

11. Жеңіл өнеркәсіп қалдықтары.

12. Әйнек қалдықтары.

13. Құрлыс индустриясының қалдықтары.

Қалдықтарды екіншілік шикізат ретінде толық пайдалану үшін олар-дың өндірістік жіктелуі жасалған. Мысалы: металдардың бөлшектері және қалдықтардың физикалық қаиеттеріне байланысты кластарға, химиялық құрамына байланысты сұрыптарға бөлінеді. Екіншілік материалдық реурс-тардың екі көрсеткіші бойынша жіктеген ыңғайлы. Олар пайда болу көзі және пайдалану бағыты қарастырылған.

&&&

$$$002-014-002$3.2.14.3 Сұрақ атауы 3 Қалдықтарды өңдеу мәселелері

Қатты қалдықтарды өңдеу үшін бөлшектеу мен ұнтақтау, классифика-циялау мен сұрыптау, қатты ортада байыту, магнитті тұндыру және электр-лі сепарациялық кептеру және грануляция, термохимиялық күйдіру, экстрак-ция және т.б процестер қолдану.

Қатты қалдықтарды механикалық өңдеу. Химиялық реагенттердің әсерініз өртеу, бірақ қолданылмайтын өнеркәсіптік қалдықтар үшін, механи-калық өңдеудің екі түрі қолданылады: ұнтақтау мен топтастыру (престеу). Бұл органикалық және бейорганикалық қалдықтарға қатысты. Ұнтақтаған-нан соң, фракциялау болуы мүмкін, қалдықтарды қолдануға болатын өнімдерге айналдыруға болады. Қатты материалдарды керек көлемге дейін жаншу, соғу, сындыру, кесу, тілу сияқты әдістермен жеткізуге болады.

Жару арқылы жою. Бөлшектегі материал бөлшегіне қысым көрсету. Жару әдісін көмір, асбест, темір, ағаш сияқты материалдарды жою үшін қолданады.

Себу және класқа бөлу.

Қатты қалдықтарды бөлшектеуде, матеиалдарды ұнтақтау дәрежесі әртүрлі, ол қалдықтардың қаттылығына және формаларына байланысты.

Бөлшекті және ұнтақ материалдарды бөлшектеуге бөлу үшін әр әдістер қолданылады:

-себу немесе елеу;

-гравитационды-инерциялық күштің әсерімен бөлу;

-гравитационды орталық күштің әсерімен бөлу;

Құрғақ ұнтақтауда көбінесе ауа, сирек түтінді немесе инертті газдар, ал дымқылда су қолданылады.

Престеу және қалдықтарды жинақтау.

Қатты қалдықтарды престеу мен жинақтау оларды көліктермен тасмалдау негізінде олардың көлемін азайту транспорттық шығындарды азайтады, табиғатты қорғау технологияларының тиімділігі артады.

Қатты қалдықтарды байыту нәтижесінде бірнеше өнімдер алынады: концентраттау, аралық өнімдер, құйрықтар.

Концентраттар –байыту компоненттері, онда пайдалы компоненттер жоғары ал зиянды қоспалар төмен.

Құйрықтар – зиянды қоспалармен қалдықтардың пайдалы компоненттеріне кіретін байыту өнімдері. Құйрықтар белгілі бір технологиялық циклдің қалдығы ретінде өндірістің басқа саласында артық шикізат ретінде қолданылуы мүмкін.

Аралық өнімдердің негізгі компоненттеріне, концентратқа қарағанда аз мөлшерде болады. Химиялық және термиялық әдістер шектеулі қолданылады және механикалық әдіспен бірлесіп орналасқан.

&&&

$$$002-014-100$Дәріс №14.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

Бақылау сұрақтары:

1.Өндірістік және тұрмыстық қалдықтардың анықтамасы қандай ?

2. Өндірістік және тұрмыстық қалдықтар қалай жіктеледі?

3.Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды орналастыру жолдары.?

4.Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды өңдеу әдістері қандай?




&&&

$$$002-015-000$3.2.15 Дәріс №15. Қоғамды экологияландыру.

{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}

1 Қазақстан Республикасының заңдарын экологизациялау

2 Экологиялық білім және тәрбие

3 Халықаралық байланысты дамыту



&&&

$$$002-015-001$3.2.15.1 Сұрақ атауы1. Қазақстан Республикасының заңнамасын экологияландыру

Қоғамды экологияландыру - бұл адамның табиғатпен үйлесiмдiлiгiне қол жет-кiзуге бағытталған қоғам көзқарасының жүйесiн қалыптастыру процесi. Оны жүзеге асыру экологиялық бiлiм беру мен тәрбиелеудi дамыту, ғылыми қамтамасыз ету, экологиялық үгiт-насихат және жұртшылықтың қатысуы жолымен жүргiзiледi. Қазақстан Республикасының заңнамасын экологияландыру қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудегi экожүйе қағидатын ескеру болып табылады және оған Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру және жүйеге келтiру жолымен қол жеткiзiледi.



Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру
Қазақстан құрамына 10 шақты заң мен 200-ден астам заңға тәуелдi нормативтiк құжаттар кiретiн дамыған экологиялық заңнамаға ие. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын жетiлдiру саласында ең алдымен, дамыған елдердiң экологиялық заңнамасына жақындату және халықаралық стандарттарды енгiзу бағыты алынған.
Бiрiншi кезеңде, пәрменi қоршаған ортаның жай-күйiне әсер етуi мүмкiн Қазақстан Республикасының барлық басқа да заң актiлерiне табиғат қорғау нормаларын енгiзу қажет.
2004 жылы мiндеттi экологиялық сақтандыруды енгiзу жөнiндегi және өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының мәселелерi жөнiндегi заң актiлерi дайындалады, ал 2006 жылға дейiн экологиялық аудиттi енгiзу қамтамасыз етiлетiн болады. Сақтандыру ұйымдарының қаражатты жинауы қызметтiң экологиялық қауіпті түрлерiн жүзеге асыру кезiнде елеулi авариялар мен апаттар жағдайында да қоршаған ортаға зиянды өтеуге кепiлдiк беруi тиiс.
Экологиялық аудит өз кезегiнде кәсiпорындар мен ұйымдарға қоршаған ортаны ластаудың нормативтік көрсеткіштеріне экономикалық тұрғыдан ұтымды әдiстерiмен қол жеткiзуге көмектесуi тиiс.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жүйеге келтiру
Қазақстан Республикасы заңнамасының дамығандығы мен әртараптылығы оны пайдалануда белгiлi қиындықтарды да тудырады. Көптеген экологиялық заңдар өзара байланысты және бiрiн өзгерту басқаларын өзгертудi талап етедi, ол елеулi еңбек шығындарымен қатар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының жалпы жүйесiн бұзады, заңдар мен заңға тәуелдi актiлердiң қайшылықтарын тудырады.
Мұнымен қатар, аталған заңдарды iске асыру үшiн заңға тәуелдi көптеген нормативтiк құжаттар қажет болады.
Осымен байланысты, Қазақстан Республикасының заңнамасын одан әрi реформалауды экологиялық заңнама нормаларын ұлғайтуға емес, оларды жүйеге келтiру мен пәрмендiлiгiн арттыруға бағыттау қажет. Нақ осы мiндеттi Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын жинақтау қоршаған орта мен табиғи ресурстарды сақтау жөнiндегi нормаларын қорытындылау, жүйеге келтiру және нақтылау шеше алады.
Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық құжаттарға сiлтемесiз, тiкелей әрекеттi ережелердiң көпшiлiгiн қоршаған ортаны қорғау туралы кодексте көрсету жоспарлануда.
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасын жинақтау процесi 2006 жылдың аяғына дейiн аяқталуы тиiс.

&&&

$$$002-015-002$3.2.15.2 Сұрақ атауы 2. Экологиялық бiлiм беру және тәрбие
Қоғамның экологиялық мәдениетiн қалыптастырудың негiзi ретiнде экологиялық бiлiм берудi дамыту үшiн:
бiлiм берудiң барлық деңгейiндегi оқу бағдарламаларына экология және тұрақты даму мәселелерiн енгiзу жолымен үздiксiз экологиялық бiлiм берудiң жүйесiн қалыптастыру;
мiндеттi және қосымша бiлiм беру жүйесiнiң барлық деңгейi үшiн экология саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру;
экологиялық бiлiм берудi мемлекеттiк қолдау қажет;
табиғи жүйелердiң экологиялық сыйымдылығы мен олардың тұрақтылық шектерiн айқындау;
экологиялық таза және pecуpc үнемдейтiн технологияларды, өндiрiстердi, шикiзаттың түрлерiн, материалдарды, өнiм мен жабдықты, оның iшiнде ауыл шаруашылығында, әзiрлеу;
биологиялық әртүрлiлiктi, биоқауiпсiздiктiң ғылыми негiздерiн сақтау проблемасын зерделеу;
климаттың ықтимал жаhандық және өңiрлiк өзгерiстерiн және табиғи орта үшiн оның салдарларын зерттеу;
экологиялық қатерлердi айқындаудың ғылыми негiздерiн әзiрлеу;
ластанулардың алдын алу мен жоюдың, қоршаған ортаны оңалту және қауiптi қалдықтарды кәдеге жаратудың құралдары мен әдiстерiн әзiрлеу;
адамдардың аурулары мен қоршаған орта сапасы өзгерiстерiнiң арасындағы байланысты зерделеу;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы жинақталған бiлiмдi жүйелеу және ғылыми зерттеулердi үйлестiру.
Экологиялық қауiпсiздiк саласындағы ғылыми зерттеулердi бюджеттiк бағдарламалар және халықаралық гранттар арқылы мемлекеттiк тапсырыс бойынша ғылыми мекемелер жүргiзедi.

Әкологиялық білім беруге деген қажеттілік адамның өміріне қажет қолайлы ортаны қамтамасыз етумен байланысты. Қоршаған ортаның сапасы адамның негізгі құңығының бірі — денсаулықты және дамудың негізгі мақсатын анықтайды. Экологиялық білім беру табиғатқа адамгершілік қатынасты қалыптастыру, табиғатты өзгертудің шекті мөлшерін анықтау үшін адамның одан әрі өмір сүруі мен дамуына мүмкіндік беретін мінез-құлқының арнайы әлеуметтік табиғи заңдылықтарын мөңгеру үшін қажет.

Оқушыларда, студенттерде, сондай-ақ, жалпы халықта табиғатқа деген тутынушылық қатынас басым; экологиялық мәселелердің әр адамның жеке басы үшін маңызды екенін қабылдау деңгейі төмен; адамды қоршағанн ортаны зерттеу мен сауықтыруға арналған жұмыстарға іс жүзінде қатысуға деген қажеттілік дамымаған.



Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты — табиғатқа деген жауамкершілік қатынасты қамтамасыз ету. Экологиялың білім беру дегенде әрбір адам-ның жалпы экологиялық мәдениеттілігін қалыптастыруға бағытталған үздіксіз білім тәрбие беру және даму процетерін түсінеміз.

Экодогиялық жауапкершілік адамның мына қасиеттерімен байланысты өз іс-әрекетін бақылау, табиғи ортадағы өзінің іс-әрекетінің жақын кезеңдегі және болашақтағы нәтижелерін болжай білу, өзіне жене басқаларға сын көзбен қарай білу және т.б.

Қызметі табиғи ортаға және адамың денсаулы-ғына зиянды өсер етуімен байланысты адамдардың барлығының қажетті деңгейде Экологиялы дайындыгы міндетті түрде болуы керек. Оны қызметке тағайындау кезіндегі аттестациялауда есепке алу қажет. Жоғарыда айтылғандарға байланысты педагогтардың халықаралың экологиялық қозғалысы қоршаған орта саласындағы білім беруді (экологиялық білім беру) жалпы білім беру жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты деп есептейді.

Бір бірімен байланысты экологиялың білім беру мен білім беру жүйесін экологизациялауды бөліп көрсетуге болады.

Экологиялық білім беру дегеніміз әр түрлі деңгейдегі экологиялық білімдерді меңгеру. Экологиялық білім берудің екі негізгі бағыты бар: қоршаған ортаны қорғаудың жалпы ілімі негізінде тәрбиелеу және табиғат мен антроиогенді экожүйелердің өзара қатынасыныц жалпы заңдылықтары туралы арнайы білім беру.

Ал білім беру жүйесін экологизациялауэкологиялың ойлардың, ұғымдар, иринциптер мен көзқарастардың басқа пәндерге енгізу және экологиялық білімді әр түрлі салалардың мамандарын дайындау.


&&&

$$$002-015-003$3.2.15.3 Сұрақ атауы 3. Халықаралық ынтымақтас-тықты кеңейту.
БҰҰ-ның толыққанды мүшесi бола отырып, Қазақстан жаhандық серiктестiктiң негiзiнде мемлекеттiк экологиялық саясатты тиiмдi жүргiзудiң кiлтi ретiнде халықаралық ынтымақтастықты пайдалануы тиiс.
Қазақстанның әлемдiк қоғамдастыққа барған сайын таныла түскенiн ескере отырып, 1992 жылы Рио-де-Жанейрода негiзi салынған және 2002 жылы Йоханнесбургте өткен Дүниежүзiлiк саммитте расталған тұрақты даму қағидаттары халықаралық қатынастардағы ынтымақтастық пен серiктестiк саясатының негiзi болуы тиiс.
Осы саясаттың негiзгi бағыттары:
халықаралық келiсiмдердiң ережелерiн практикалық iске асыру;
қоршаған ортаның сапасын бағалаудың және жай-күйiн бақылаудың жалпы тәсiлдерiн, әдiстерiн, өлшемдерi мен рәсiмдерiн әзiрлеу;
үйлестiрiлген iргелi және қолданбалы экологиялық зерттеулердi жүргiзу;
экологиялық қауiпсiздiк проблемасын шешуде халықаралық тәжiрибенi пайдалану;
қоршаған ортаны қорғау мен елдiң тұрақты дамуы саласындағы нақты бағдарламалар мен жобаларды шешуге халықаралық ұйымдардың қаражатын тартуды жандандыру.
Мұндай саясатты практикалық iске асыру Қазақстанның дамуы мен қоғамдық құрылымының дамыған демократиялық мемлекеттермен үйлесiмдiлiгi үшiн оған прогрессивтiк қолдау табуға ықпал етуi тиiс.
Маңызды халықаралық экологиялық конвенцияларға және халықаралық деңгейде табиғат қорғау қызметiне республиканың неғұрлым кеңiрек қатысуын қамтамасыз ету үшiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы барлық әзiрленетiн бағдарламаларда халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтары және оларды iске асыру жөнiндегi тиiстi iс-шаралар белгiленуi тиiс.
Техникалық және өзге де көмектi алу оны тиiмдi пайдалануды талдаумен жүргiзiлуi тиiс. Тек қана ақпараттың жеткiлiктi көлемiн қамтамасыз ету және жергiлiктi жағдайларды неғұрлым тереңiрек түсiну үшiн ғана емес, сонымен бiрге, олар табиғат қорғау қызметiн басқару жөнiндегi дағдыларды игеруi үшiн бiрлескен жобаларға қатысуға жергiлiктi сарапшылар мен мекемелердi тарту қажет.
&&&

$$$002-015-100$Дәріс №15.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстан Республикасының заңнамасын экологияландыру дегеніміз не?

2. Экологиялық бiлiм беру және тәрбие неүшін қажет?

3. Халықаралық ынтымақтастықтың маңызы неде ?



&&&

$$$003-000-000$3.3 Практикалық сабақтар

&&&

$$$003-001-000$3.3.1 Практикалық сабақтың тақырыбы №1 Қазақстан Республикасының «Экологиялық кодексі» заңымен танысу .
&&&

$$$003-001-001$3.3.1.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №1

Жұмыс мақсаты: Методикалық жұмыста берiлген Қ Р «Экологиялық кодексі » заңымен танысу. Кодекстың мазмұнын бiлiп, ондағы негізгі ұғымдар мен құрам бөліктерінің баптарымен танысып,жеке тұлғаның,заңды тұлғалардың,мемлекеттік лауазым иелерінің экологиялық қодекске байланысты құқықтары мен міндеттерін оқып-бiлу.

Оқу құрал жабдықтары:

  1. Методикалық нұсқау

  2. Қ Р «Экологиялық кодексі» (Заңның электронды нұсқасы)

  3. Оқулықтар.

Жұмыс ретi:

Тақырыпқа байланысты дәрістік материалдарды және Қ Р «Экологиялық кодексі» заңымен танысу.Берілген төмендегі материалдардан мына ретке сәйкес орындау:

- Заңның қабылданған уақыты мен мазмұнын білу;

- Заңдағы негізгі ұғымдарды оқып, анықтамаларын есте сақтау ;

- Осы заңға байланысты азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарымен, міндеттерін оқып танысу;

- Заңның орындалуын қадағалайтын Мемлекетті органдардың құзіретімен міндеттерімен танысу;


Бақылау сұрақтары

1. Қ Р «Экологиялық кодексі» заңы неше бөлім ,тарау ,баптан тұрады?

2. Экологиялық қауіпсіздік дегеніміз не?

3. ҚР азаматтарының Экологиялық қауіпсіздікке байланысты қандай құқықтары,міндеттері бар?

4. Заңды тұлғалардың қоршаған ортаны қорғауға байланысты қандай құқықтары,міндеттері бар?

5. Заңның орындалуын кiмдер қадағалайды?




&&&

жүктеу 2,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау