Кїшті јсер ететін улы заттар жјне химиялыќ ќауіпті объектілерде апат болєан жаєдайдаєы јрекеттер



жүктеу 71,5 Kb.
Дата22.11.2018
өлшемі71,5 Kb.
#23471


Химиялық, биологиялық және санитарлық – эпидемиологиялық қауіпсіздікке төнген қатермен байланысты төтенше жағдайлар кезінде халықтың жүріс - тұрыс тәртібі туралы
Химиялық, мұнай өңдейтін, мұнайхимиялық, азық - түліктік, ет - сүт, тоқыма, қағаз өндіретін және өнеркәсіптің басқа да салаларында күшті әсер ететін улы заттар қалдық заттар немесе зиянды өнімдер болып табылады.

Қазіргі таңда адам өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында мыңдаған түрлі химиялық қосылыстарды пайдаланады және әр жыл сайын бұның саны артып келеді.

Өнеркәсіпте, ауылшаруашылықта және тұрмыста қолданылатын химиялық заттардың ассортименті ұдайы өсіп келеді. Мұның барлығы төтенше жағдайлардың жиі болып тұруына әкеп соғады.

Биологиялық қауіптілік көздері біршама қауіп төндіреді: адамдардың инфекциялық аурулары (эпидемия, пандемия), жануарлардың инфекциялық аурулары (эпизоотия, панзоотия) өсімдіктердің немесе олардың зиянкестерінің инфекциялық аурулары.



Эпидемия – бұл аурушаңдықтың қалыпты деңгейін арттырып, белгілі бір аумақ шегінде жаппай және үдемелі тарайтын инфекциялық ауру.

Эпизоотия – белгілі бір өңір шегінде жануарлардың бір немесе көптеген түрлерінің көп саны арасында таралатын инфекция.

Эпифитотия – ауылшаруашылығы өсімдіктерінің жаппай, үдемелі инфекциялық ауруы және ауыл шаруашылығы дақылдарының жаппай қырылуына әкеп соқтыратын өсімдік зиянкестері санының кенеттен көбеюі,

Биологиялық авария – адам өмірі мен денсаулығына, ауылшаруашылығы малдары мен өсімдіктеріне қауіп тудыратын, қоршаған табиғи ортаның шығынына алып келетін мөлшердегі қауіпті биологиялық заттардың таралуынан болатын авария.

Күшті әсер ететін улы заттар – ауада булану немесе ағу арқылы шекті мөлшерден артатын және адамдарға зақымданудың түрлі дәрежесін тудыратын зиянды әсерін тигізетін концентрация бөлетін зат.

Химиялық зат - құйғанда немесе төккенде концентарция бөлу арқылы ауаның ластайтын, өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында қолданылатын зат.

Химиялық және биологиялық заттардың адамдар үшін қауіптілігі - оның салыстырмалы түрде аз мөлшерде тыныс алу мүшелері арқылы ағзаға еніп, оның қалыпты өмір тіршілігін, бұзып, түрлі аурушаңдық жағдай туғызатын, ал кей жағдайда адам өліміне алып келетін ерекшелігінде. Адамдар зақымдану ошағына тікелей жақын тұрған кезде оның тері жамылғысы зақымдануы мүмкін.

Инфекциялық аурудың ерекшелігі оның зақымданғаннан кейін бірден көрінбей, жасырын (инкубациялық) кезеңнен өткен соң көрінуінде. Жасырын (инкубациялық) кезең бірнеше күнге, аптаға, кейде тіпті айларға ұзауы мүмкін. Инфекциялық аурудың қоздырғыштарын зерттеудің арнайы зертханалық әдістердің көмегімен және іріктеп алынған сынамаларды талдау жолымен анықтауға болады.

Химиялық қауіпті объектілердегі авариялар кезінде адам терісіне негізгі әсер етуші факторлар: күшті әсер ететін улы заттардың ауаны ластайтын концентарциясы, заттардың сұйық фазасы және өрт кезінде жылулық сәулелену.

Егер күшті әсер ететін улы заттар авариялық жағдайда төгілгенде тұрғын аудандардағы (қала) және жұмыс поселкелеріндегі немесе елді мекендердегі (қала сыртындағы аймақтар) халық үшін қауіп тудыратын химиялық ластану ошағы пайда болып, адамдардың жаппай зақымдануы мүмкін. Мұндағы басты зақымдаушы фактор – ол атмосфераның жердің үстіңгі қабатын химиялық зақымдауы. Сонымен қатар су көздерінің, топырақтың, өсімдіктердің және т.б. зақымдану мүмкіндігі.

Химиялық зақымдану ошағы деп токсиндік өнім төгілген жерді, сондай –ақ осы төгілген жердің (зақымдау ошағының) жел жақ бетін атайды. Токсиндік заттарды тастағанда (төккенде) химиялық қауіпті объектілерді маңайындағы аумақты шартты түрде зақымдану факторының деңгейі бойынша үш химиялық зақымдану аймағына бөлуге болады.



Химиялық зақымдану аймағы – сол немесе содан кейінгі уақыт ішінде адамдардың өмірі мен денсаулығына, ауылшаруашылығы малдары мен өсімдіктеріне қауіп төндіретін мөлшердегі және концентрациядағы химиялық қауіпті заттар таралған (немесе әкелінген) шегіндегі аумақ.

Бірінші аумақ – күшті әсер ететін улы заттардың концентрациясы жоғары болғандықтан, өрттің ашық жалыны әсерінің және сұйық фазамен байланысу мүмкіндігі бар, ең қауіпті аумақ. Ол зақымдану ошағынан шамамен 250 м қашықтыққа таралады.

Екінші аумақ – қауіптілігі аздау, күшті әсер ететін улы заттардың концентрациясы бұл жерде жоғарғы мөлшерден 2-3 мөлшерге азырақ, сұйық фаза мен өрттің пайда болу мүмкіндігі аз аумақ. Зақымдану ошағынан 250-ден 1000 м-ге дейінгі қашықтыққа таралады.

Үшінші аумақ – күшті әсер ететін улы заттардың концентрациясы бұл жерде жоғарғы мөлшерден 4-5 мөлшерге төмен. Зақымдану ошағынан 1000 м және одан көп қашықтыққа таралады.

Жарылыстың, өрттің немесе технологиялық құрал – жабдықтардың, көлік ыдыстарының немесе құбырлардың сынықтарының нәтижесінде туындаған, жоюға келмейтін улы химиялық заттарды төккенде орын алатын авариялар ең қауіпті авариялар.

Мұндай авариялар кезінде токсиндік өнімдер атмосфераға газ, бу немесе аэрозоль бөліп, ластанған ауада бұлт түзеді және ол үлкен қашықтыққа таралуы мүмкін.

Күшті әсер ететін улы және биологиялық заттардың төгілуінен болған авариялар кезінде қауіпсіз жүріс - тұрыс қағидасы

Химиялық қауіпті объектілердегі авариялар туралы халықты құлақтандыру үшін зуылдақ, сирена және басқа да дабыл құралдарымен «Баршаңыздың назарына!» сигналын береді. Осы сигналды естігенде теледидар немесе радио қабылдағыштарды қосып, болған жағдай туралы және халықтың іс – қимыл тәртібі туралы ақпаратты тыңдау керек.

Химиялық объектідегі авариялар туралы хабарламалардың үлгі нұсқасы:

Баршаңыздың назарына! Төтенше жағдайлар департаменті сөйлеп тұр (облыс, қала). Азаматтар! Химиялық объектіде хлордың төгілуінен авария орын алды. Ластанған ауада түзілген бұлт ......... және .......... аудандарының бағытына қарай таралуда. .......... көшелер толығымен химиялық зақымдану аумағына жатады. ........ ауданының халқы тез арада ........... елді мекендерден кетулеріңіз қажет.

Одан әрі Төтенше жағдайлар департаментінің (қала, аудан) және жергілікті атқарушы органның нұсқауларына сәйкес әрекет ету қажет. Тұрғылықты жерге қайта оралу мүмкіндігі туралы авария зардаптары жойылғаннан кейін қосымша хабарланатын болады.

Авария туралы ақпаратты естіген соң, химиялық зақымдану аймағынан желге перпендикуляр бағытқа қарай шығу керек.

Көлікпен эвакуациялау кезінде көлікке отыратын орынды және уақытты нақтылау керек. Кешікпеңіз және белгіленген уақыттан ерте келмеңіз. Көршілеріңізге жол жүретіндігіңіз туралы ескертіңіз.

Егер жеке қорғаныс құралы болмаса, жақын маңайда панахана болмаса және авария болған ауданнан шығып кету мүмкін болмаған жағдайда, тұрғын жайда қалыңыз да, радионы қосыңыз және Төтенше жағдайлар департаментінің (қала, аудан) және жергілікті атқарушы органның хабарламасын күтіңіз. Ғимаратқа герметизация жасаңыз. Тұрғынжайды дұрыс герметизациялау оған күшті әсер ететін улы заттың кіру мүмкіндігін азайтады.

Күшті әсер ететін улы заттардың төгілуінен болған авариялар туралы құлақтандырылған кезде не істеу керек:

тыныс алу мүшелері мен теріні қорғайтын құралдарды кию;

терезелер мен форточкаларды жабу;

электр құралдарын ток көзінен ажырату (жылытқыштар, қыздырғыш құралдар)

газды жабу;

құжаттарды алу;

бағалы заттарды және қажеттілігіне қарай маусымдық киімдер мен тамақ алу (үш күнге жететін бұзылмайтын тамақ);

көршілерге ескерту;

үрей тудырмай, тез арада үйден не ғимараттан шығу және авария болған ауданнан кету.

Зақымдалған жердегі қозғалыс кезінде келесі ережелерді сақтаңыз:


  • жылдам қозғалыңыз, бірақ жүгірмеңіз және шаңдатпаңыз;

  • ғимараттарға сүйенбеңіздер және айналадағы заттарға тиіспеңіз;

  • жолыңызда кездескен сұйықтық тамшыларын немесе белгісіз заттардың ұнтақтарын баспаңыз;

  • жеке қорғаныш құралдарын шешпеңіз;

  • өзіңіздің теріде, киімде, аяқ киімде жеке қорғаныш құралдарында күшті әсер ететін улы заттардың тамшыларын көрсеңіз, қағаздан жасалған тампонмен, шүберекпен немесе қол орамалмен сүртіңіз, мүмкіндігінше зақымдалған жерді сумен жуыңыз;

  • зардап шеккендерге, қарттар мен балаларға, өздігінен қозғала алмайтын жандарға көмектесіңіз;

  • тамақ, су ішпеңіз.

Химиялық қауіпті объектілерде болжанбаған және кенеттен болған авариялар, ластанған ауада бұлттың жоғары жылдамдықта түзілуі және таралуы халықты қорғау бойынша жедел шараларды қабылдауды талап етеді.

Дегенмен токсиндік заттармен улану жағдайы орын алса, асқазанды зонд арқылы жуу шұғыл және міндетті түрде шара болып табылады. Асқазанды жуу үшін бөлме температурасында (18-20 °С) 300-500 мл су порциясымен 12-15 литр су пайдаланылады. Асқазанды жуып болған соң 100 - 150 мл 30 % натрий сульфатының ерітіндісін немесе вазелин майын іш жүргізетін дәрі ретінде егеді. Ас қорыту жүйесіндегі токсиндік заттарға адсорбция жасау үшін активтенген көмірді сумен араластырып қолданады (бір ас қасыққа езіп жуу алдында және жуғанна кейін қабылдайды).



Күшті әсер ететін улы заттардан халықты қорғаудың негізгі тәсілдері:

тыныс алу органдарының жеке қорғаныш құралдарын пайдалану;

қорғаныс ғимараттарын пайдалану (химиялық қауіпті объектінің жұмысшыларына);

тұрғын және өндірістік ғимараттарда халықтың уақытша паналайтын жерін дайындау;

зақымдануы мүмкін аумақтан халықты қауіпсіз жерге көшіру;

Тыныс алу органдарының құралдарын пайдалану – күшті әсер ететін улы заттардың қоршаған ортаны зақымдайтын нақты жағдайында газқағарларды, респираторлар мен өзін - өзі құтқарғыштарды пайдалану халықты қорғаудың ең тиімді тәсілі болып табылады.

Ғимараттың ішінде болған адамдарды күшті әсер ететін улы заттардан қорғау үшін қолда бар тұрмыстық құралдарды пайдаланып, қосымша герметизация істеу керек.



Ғимаратты герметизациялауды мынадай реттілікпен жүргізу керек:

  • кіретін есіктерді, терезелерді жабу (бірінші кезекте жел жақ бетті);

  • жел соғатын тесіктерге тығыз материал немесе қағаз жапсыру керек;

  • есіктерді ылғал материалмен бітеу (ылғал ақжаймамен, көрпемен);

  • терезенің ойықтарын ішінен жабысқақ лентамен (пластырь), қағазбен желімдеп тастау немесе қолда бар материалдармен нығыздау (мақтамен, поролонмен, жұмсақ баумен).

Күшті әсер ететін улы заттардың концентрациясы көпқабатты ғимараттарда, әсіресе қыста әр қабатта әртүрлі болады. Ғимараттың бірінші қабатында ластанған ауа көбірек болады. Жоғары қабаттар қорғануды мейілінше сенімді қамтамасыз етеді. Жаз кезінде ауадан жеңіл күшті әсер ететін улы заттардың (аммиак, күкіртті сутек, формальдегид, хлорлы метил) концентрациясы жоғарғы қабатта көбірек болады. Ауыр күшті әсер ететін улы заттар негізінен төменгі қабаттарда болады.

Халықты эвакуациялауды ықтимал химиялық жағдайды болжау негізінде арнайы (эвакуациялық, эвакоқабылдау) комиссиялар ұйымдастырады. Оны автокөліктер арқылы немесе жаяу жүру тәртібін пайдалана отырып жүргізеді. Метеорологиялық жағдайларды, жердің ерекшеліктерін және басқа да факторларды ескере отырып, эвакуациялау маршрутын анықтайды.

Халық инфекциялық аурудың шыққаны туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы құлақтандырылады. Карантин немесе обсервация жариялануы мүмкін. Бұл кезеңде халық қауіпсіздіктің ерекше шараларын қабылдауы қажет:

Олардың ішіндегі негізгілері:



  • арнайы рұқсатсыз тұрғылықты жерді қалдыруға болмайды (кейбір ерекше қауіпті ауруларға қатысты);

  • аса қажеттілік болмаса үйден шығуға болмайды;

  • өзінің және отбасы мүшелерінің дене қызуын тәулігіне екі мәрте (таңертең және кешкісін) өлшеу керек. Дене қызуы көтерілгенде және өзін нашар сезінгенде өзін қоршаған ортадан оқшалау керек, жеке бөлмеде отыру керек немесе ширмамен өзін оқшаулау керек;

  • медициналық мекемеге ауруы туралы хабарлауы керек немесе дәрігерді шақырту керек;

  • аузын, мұрнын дәкеден жасалған маскамен таңу керек;

  • міндетті түрде күн сайын үй - жайды залалсыздандырғыш ерітіндіні пайдаланып отырып, ылғалды тазарту;

  • жеке бас гигиенасының ережесін қатаң сақтау керек, әсіресе тамақ ішер алдында қолды мұқият жуу керек;

  • тек қайнаған су ішу керек, көкөністер мен жемістерді мұқият жуып, қайнаған сумен шаю керерк;

  • асқазан - ішек ауруларының қаупінде суды аз ішу керек;

  • дәрігер келгенге дейін аурудан шыққан бөліністерді мұқият жеке ыдысқа жинап, зерттеу үшін емдеу мекемесіне тапсыру қажет;

  • антибиотиктерді және басқа да арнайы препараттарды пайдалануға асықпау керек, керісінше бас ауруды жеңілдететін және дене қызуы жоғары болса, қызуды басатын дәрілер беру керек;

  • науқасты бақылаусыз қалдыруға болмайды;

  • науқас төсек режимінде болуы керек (тиісінше емделмеу асқынуға қауіпті);

  • науқаспен қарым – қатынаста болған тұлғаларға жұмысқа шығуға, басқа пәтерлерге баруға қатаң тыйым салынады. Егер сіз отбасы мүшесінің немен ауырғанын білмесеңіз, жұқпалы ауру кезіндегі іс – әрекетті жасаңыз;

  • науқасқа жеке төсек, сүлгі беріп, оны және ыдыс – аяқтарын үнемі жуып тұру керек;

  • кеміргіштер мен жәндіктерді, әсіресе шыбындарды жойып отыру керек, қоқысты өртеу керек;

  • науқасты ауруханаға жатқызғаннан кейін пәтерге залаласыздандыру жұмыстарын жүргізу керек: төсек жабдықтарды және ыдыстарды 2 пайыздық сода ерітіндісімен қайнату керек немесе
    2 пайыздық залалсыздандырғыш ерітіндімен 2 сағатқа жібіту керек. Одан кейін ыдысты ыстық сумен шайып, іш киімдерді үтіктеп, бөлмені желдету керек.

Инфекциялық аурудың ошағында барлық тұрғындар өздерінің пәтерлері мен үй заттарын залалсыздандыру керек. Бұл үшін түрлі залалсыздандырғыш заттардың ерітіндісін (хлорлы әк, хлорамин, сілті, формалин, лизол). Шүберекті залалсыздандырғыш ерітіндімен ылғалдап алып, қабырғаны, төбені, еденді, ағаш және металл заттарды залалсыздандыру керек.

Тұрғын жайды жеке қорғаныс құралдарын пайдалана отырып, залалсыздандыру қажет. Бұл жағдайда түрлі зарарсыздандыру ерітіндісін пайдалануда сақ болу қажет. Залалсыздандыру кезінде сүртуге пайдаланылған материал арнайы белгіленген жерге жиналып, сосын өртеледі. Бұл жұмысты жүргізу кезінде темекі шегуге, тамақ ішуге тыйым салынады.

Ғимаратты залалсыздандыру үшін көп жағдайда ашық реңкті (тұнба) 0,1 – 5 % хлорлы әк ерітіндісін пайдаланады. 5 % ерітінді дайындау үшін 10 литрлік ыдысқа 0,5 кг хлорлы әк салып араластырып, ерітіндіні тұндырып қою керек. Осыдан кейін ерітіндінің жоғарғы қабатын төгіп, қажеттілігіне қарай қажетті концентрациясына дейін сумен араластырылады.

Залалсыздандыру бойынша жұмыс аяқталғаннан кейін, осы жұмысты жүргізуге қатысқан тұлғалар толық санитарлық өңдеуден өтуі тиіс. Санитарлық өңдеу стационарлық жуу пункттерінде, баняда, душ павильондарда немесе арнайы дайындалған жуу алаңдарында жүргізіледі.


__________________
жүктеу 71,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау