М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Физика кафедрасы
5В011000 «Физика» мамандығына арналған
«МОЛЕКУЛАЛЫҚ ФИЗИКА» пәнінен
SYLLABUS
Құрастырушы: аға оқытушы Кадырова Г.М
Орал, 2018 ж.
SYLLABUS 3.08.260-2006 ҚР мемлекеттік білім стандарты және типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды.
Физика кафедрасының «___» ____________ 201_ ж. мәжілісінің № ___ хаттамасымен қаралды.
.
Кафедра меңгерушісі ___________ Искалиева А.У.
(қолы) (аты-жөні)
Пікір беруші: доцент, п.ғ.к. Сырым Ж.С.
1. Пәннің оқыту бағдарламасы – SYLLABUS
Семестр 15 оқу аптасынан және 3 сессия аптасынан тұрады.
Пәннің көлемі 5 кредитті құрайды:
Кредит саны
|
Дәрісханалық сабақтар
|
Дәрісханадан тыс сабақтар
|
Барлық сағат
|
Бақылау түрі
|
Дәріс
|
Практикалық/
семинар сабақтары
|
Зертханалық сабақтар
|
СОӨЖ
|
СӨЖ
|
|
|
5
|
30
|
45
|
15
|
90
|
90
|
270
|
Аралас емтихан
|
Аралық бақылау - семестрдің 8 және 15 аптасы
2. Пән бойынша мағлұмат:
Курстың мақсаты. Молекулалық физиканы оқып үйренуге қатысты негізгі тәжірибелік фактілерді студенттерге хабарлау, сонымен бірге бақыланатын физикалық заңдар мен заңдылықтарды жалпылау және оларды ашуға үйрету.
Курстың міндеті: Жалпы физика курсы, нақтырақ молекулалық физика, тәжірибеге сүйенеді.Сондықтан курстың басты міндеті – бақылаудың, тәжірибенің, ой қорыту және тәжірибені жалпылау болып табылады.
Курстың келесі міндеті – молекулалық физикадағы моделдік мағлұматтарды студенттердің пайдалануына үйрету. Бірақ теориялық білім практикалық есептерді шығарусыз пайдасыз. Сондықтан курстың негізгі міндеті – есептерді шығару.
Пререквизиттер: Молекулалық физика курсын үшін студенттерден мектеп физика курсынан, жоғары математиканың негіздерінен, яғни туындыларды, интегралдарды есептей алу, дифференциалдық теңдеулерді шешу, векторлық талдаудың негізін меңгеру: векторлардың үстінен әрекет істеу, векторлардың скалярлық және векторлық көбейтінділері жөнінде білу, квадрат және куб теңдеулерді шешу.
Постреквизиттер: Молекулалық физика курсын меңгерген кезде алынған білім заттың элементар бөлшектерін, кванттық физиканы, атом және ядро физикасын, математикалық физиканың әдістерін оқыған кезде пайдаланады.
3. Студенттерге қойылатын талаптар
Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша)
Достарыңызбен бөлісу: |