Курстық жұмыстарды орындауға арналған



жүктеу 95,5 Kb.
Дата21.11.2018
өлшемі95,5 Kb.
#23021
түріНұсқаулар

Әдістемелік нұсқаулардың

титулдық парағы







Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Тарих және құқық факультеті
Әлеуметтану және саясаттану кафедрасы

«Саяси жүйелер және саяси режимдер» пәні бойынша

5В050200 «саясаттану» мамандығының

студенттеріне арналған



Курстық жұмыстарды орындауға арналған

әдістемелік нұсқаулар

Павлодар


Эдістемелік нұсқауларды бекіту парағы





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41




БЕКІТЕМІН

ОІ жоніндегі проректор

_______ Пфейфер Н.Э.

«___» _______ 2013ж.


Құрастырушы: __________ с.ғ.к., доцент Ғ.Ж. Елмұратов
Әлеуметтану және саясаттану кафедрасы
«Саяси жүйелер және саяси режимдер» пәні бойынша 5В050200 «саясаттану» мамандығының студенттеріне
Курстық жұмыстарды орындауға арналған

әдістемелік нұсқаулар
Кафедраның отырысында ұсынылды
2013ж. «____»___________, № ___Хаттама
Кафедра меңгерушісі_________И.А.Калиев 2013ж. «___» ________
Тарих және құқық факультетінің ОӘК мақұлданды
2013 ж. «___» ___________, №___ Хаттама
ОӘК төрағасы ________ Сулейменова Ш.К. 2013ж. «____»__________
Мақұлданды
ОӘБ бастығы ________ Жуманкулова Е.Н. 2013ж. «____»__________
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

2013ж. «____»___________, № ___Хаттама




  1. Жалпы ережелер

Курстық жұмыс пәннің оқу жоспарына сәйкес орындалатын жазбаша жұмысы болып табылады.

Курстық жұмысты орындаудың мақсаты:

- студенттердің оқу барысында алған теориялық және тәжірибелік, кәсіби білімдерін жүйелеу, бекіту және кеңейту;

- дербес ғылыми зерттеу және нақты сұрақтар мен мәселелерді әзірлеу және зерттеу кезінде тәжірибе жасау әдістемесін игеру;

- студенттің дайындық, оның заманауи әр түрлі салаларында өз бетінше жұмыс істеуіне көмектесетін тәжірибелік дағдыларды, кәсіби құзырлықты меңгеру деңгейін анықтау болып табылады.

Курстық жұмыс келесі талаптардың біріне жауап беруі тиіс:

- ғалымдар, сарапшылар, тәжірибелік мамандар жүргізген зерттеулер мен жобалық шешімдердің нәтижелерін зерттеу және жинақтау;

- зерттелетін нысан бойынша ғылыми-негізделген теориялық қорытындылар мен ұсыныстардың болуы;

- нақты міндеттерді, сұрақтар мен мәселелерді шешуге бағытталған ғылыми-негізделген нәтижелер болуы керек.

Осы мақсаттарға жету үшін бітіруші студент келесі міндеттер шеңберін шешуі қажет:

- таңдалған тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығын негіздеуі керек;

- қажетті мәліметтерді жинау жолымен зерттеу нысанының (пәнінің) күйіне талдау жасау;

- зерттеу барысында алынған нәтижелерді жинақтау негізінде нақты қорытындылары мен ұсыныстар жасау;

- алынған нәтижелерді жинақтау негізінде зерттеу нысандарының қызметін жетілдіру жолдарын немесе нақты мәселелерді, сұрақтар мен міндеттерді шешу жолдарын ұсыну.

Курстық жұмыста жүргізілген барлық мәліметтердің нақтылығы мен әділдігіне, қабылданған шешімдерге курстық жұмыстың авторы ретінде студент жауап береді.




  1. Курстық жұмысты орындау кезеңдері

Курстық жұмыстардың тақырыбын пәнге сәйкес кафедра әзірлейді, және бекітеді.

Курстық жұмыстардың тақырыбы ғылым дамуының жағдайы мен келешегіне сәйкес келуі керек және бүгінгі күнгі ғылымның шынайы міндеттері мен мәселелері ескерлуі қажет.

Студент бағдарламада ұсынылғаң тақырыптардан курстық жұмыстың тақырыбын таңдайды.

Ғылыми жетекшілер ретінде профессорлар, доценттер, ғылыми дәрежесі бар анағұрлым тәжірибелі оқытушылар және аталмыш жоғары оқу орнының ғылыми қызметкерлері, сонымен қатар қызметі мен ғылыми басылымдары маманды дайындау бейініне сәйкес келетін басқа ұйымдардың жоғары білікті мамандары мен ғылыми қызметкерлері тағайындалады.

Курстық жұмыстың ғылыми жетекшісі міндетті:

- курстық жұмысты орындау үшін тапсырма беруге;

- курстық жұмыстың орындалуының барлық кезеңдері көрсетілген барлық кезеңге курстық жұмыстың орындалуының күнтізбелік кестесін әзірлеуге;

- бастапқы мәліметтер көздерін және қажетті негізгі әдебиеттерді, соның ішінде монографияларды, заңнамалық-нормативтік актілерді, анықтамалық және мұрағаттық материалдарды, мерзімді ғылыми басылымдардан мақалаларды, нұсқаулықтар, ережелер, дәрістік курстар, журналдар, курстық жұмыс курстық тиісті арнайы әдебиетті терең меңгеру негізінде орындалуы қажет болғандықтан, оның ішінде шетел тілдеріндегі журналдарды ұсынуға;

- студенттің курстық жұмысты курстық орындаудың күнтізбелік кестесін сақтауы үшін ағымдық бақылауды жүзеге асыруға;



- белгіленген уақытта курстық жұмыстың көлемі мен бөлімдері бойынша консультациялар өткізуге.
3. Курстық жұмысқа тапсырма
Курстық жұмысқа тапсырмада бастапқы материалдар мен дерек көздерін сипаттау, студент әзірлейтін сұрақтар тізімі, ұсынылған әдебиеттер тізімі, графикалық материал (таблицалар, диаграммалар, сызбалар, суреттер және т.б.) тізімі, курстық жұмысты жазудың толық күнтізбелік кестесі болады.
5В050200 «Саясаттану» мамандығының студенттеріне арналған «Саяси ілімдер тарихы» пәні бойынша курстық жұмыстар тақырыбы
Аталмыш жұмыстар тақырыбы «Саяси ілімдер тарихы» бағдарламасының курсы бойынша анықталды. Студент төмендегі тақырыптарды оқытушымен келісіп немесе сынақ кітапшасының соңғы сандарына сәйкес таңдайды.
Курстық жұмыстардың тақырыптары:


  1. Саяси жүйе ұғымы. Саяси жүйенің функциялары.

  2. Саяси жүйенің құрылымы.

  3. Саяси жүйенің «кірісі» мен «шығысы».

  4. Саяси тұрақтылық пен саяси тәуекелділік.

  5. Қазіргі заманның саяси жүйе теориялары. Д.Истон, Г.Алмонд пен К.Дойч

  6. Саяси жүйе туралы теорияларының эволюциясы.

  7. М.Вебердің, Г.Аптердің, Г.Алмондтың жүйені типтеу мен топтастыруының өлшемдері (критерийлері).

  8. Дәстүрлі және қазіргі саяси жүйелер (өкілетті, модернистік, постмодернистік).

  9. Саяси жүйе және саяси режим. Халықаралық саяси жүйе.

  10. Саяси жүйелер типологиясы.

  11. Саяси режим ұғымы. Саяси ғылымдағы саяси режим түсінігінің интерпретациясы

  12. Саяси режимдердің типтері. Саяси режимнің элементтері.

  13. Қазіргі кезеңдегі саяси режим даму проблемалары.

  14. ТМД елдерінің саяси режимдерінің ерекшеліктері.

  15. Мемлекет қоғамның саяси жүйесіндегі өзегі ретінде. Мемлекеттің шығуы және мәні.

  16. Мемлекеттің белгілері, функциялары мен және мақсаттары, типтері.

  17. Қазіргі мемлекет және оның ерекшелікті белгілері.

  18. Құқықтық мемлекет ұғымы және оның белгілері. «Әлеуметтік» мемлекет және оның эволюциясы.

  19. Азаматтық қоғам. Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру проблемалары.

  20. Демократия мемлекеттік құрылыс формасы мен режим ретінде.


4.«Саяси жүйелер және саяси режимдер» пәні бойынша курстық жұмыстарды орындау графигі




Бөлімнің атауы

Орындау мерзімі

1

Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау

1 жұма

2

Материалдарды жинау, әдебиеттермен жұмыс

2-10 жұма

3

Курстық жұмыстың орындалуы жайлы оқытушыға есеп беру

10 жұма

4

Курстық жұмысты жазу

11-12 жұма

5

Компьютерде курстық жұмысты рәсімдеу

12 жұма

6

Студенттің курстық жұмысты қорғауы

13 жұма

5. Курстық жұмыстың құрылымы
Курстық жұмыс студенттің нақты мамандық бойынша өз бетінше машиналық жазба мәтінінде 30-40 бет көлеміндегі қолжазба түрінде әзірлеген ғылыми-зерттеу жұмысы. Қосымшалар көрсетілген жұмыс көлеміне енгізілмейді.

Курстық жұмыстың құрылымдық элементтері:



  • Мұқабасы

  • Бірінші беті

  • Курстық жұмысты орындауға тапсырма

  • Мазмұны

  • Кіріспе

  • Негізгі бөлім (теориялық, сараптамалық және ұсынымдық бөлімдер)

  • Қорытынды (қорытындылар мен ұсыныстар)

  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  • Қосымша (лар)

Курстық жұмыстың мазмұнына кіріспе, барлық тараулар (бөлімдер) мен параграфтардың (тараушалардың) реттік сандары мен атаулары, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымшалардың атауы кіреді.

Мазмұнында курстық жұмыстың әрбір элементінің (тарау, параграф) қарсысына ол басталатын беттің номері қойылады.

Курстық жұмыстың мазмұны келесі шарттарға жауап беруі керек:


  • Материалды баяндаудың логикалық бірізділігі;

  • Зерттеудің нақты мақсатты бағыттылығы;

  • Жұмыс нәтижелерін баяндаудың нақтылығы;

  • Қорытындылардың, нәтижелердің дәлелділігі және ұсынылатын шешімдер мен ұсыныстардың негізделгендігі

Кіріспеде курстық жұмыс тақырыбының маңыздылығына негіздеме, ғылыми жаңалығы мен тәжірибелік маңызы, шешілетін ғылыми мәселенің қазіргі жағдайын бағалау, сонымен қатар зерттеудің мақсаты, міндеттері және нысаны қалыптастырылып, жазудың теориялық және әдіснамалық негізі мен тәжірибелік базасы суреттелуі қажет. Кіріспенің көлемі 3-5 бетті құрауы мүмкін.

Курстық жұмыстың негізгі бөлімінде орындалған жұмыстың мәнін, мазмұнын, әдістемесі мен негізгі нәтижелерін бейнелейтін мәліметтер беріледі. Курстық жұмыстың негізгі бөлімі, әдетте, тараулар мен тараушаларға (бөлімдер мен параграфтар) бөлінеді. Курстық жұмысқа 2-3 тарау енуі мүмкін.



Бірінші тарау - теориялық, оған 2-3 параграф кіруі мүмкін. Аталмыш тарауда ғылыми, заңнамалық, статистикалық, тәжірибелік және басқа да әдеби деректерді шолу негізінде зерттеліп отырған мәселенің теориялық аспектілері мен мәселелері қарастырылады.

Екінші тарау – сараптамалық. Бұл тарауға 2-3 параграф енуі мүмкін, оларда арнайы ақпаратты (ғылыми, анықтамалық, нормативті-заңнамалық, техникалық, статистикалық, тәжірибелік және т.б.) меңгеру негізінде зерттеліп отырған нысанға жан-жақты кешенді талдау жасалады, зерттеу нысаны мен пәніне жіті сипаттама беріліп, зерттеліп отырған нысанның факторлары мен заңдылықтары, қолданыстағы тәжірибедегі даму тенденцтялары, кемшіліктері және оларды әрі қарай шешу жолдары анықталады.

Қорытындының көлемі 3-5 беттен тұрып, курстық зерттеу нәтижелері бойынша қысқаша қорытындыларды, қойылған міндеттерді шешу толықтығын бағалауды, талданатын зерттеу нысаны бойынша нақты ұсыныстарды қамтуы қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстарға белгіленген талаптарға сәйкес ресімделген пайдаланылған ғылыми, оқу, мерзімдік, заңнамалық-нормативтік, статистикалық, электрондық және басқа да көздердің тізімі енгізілуі қажет.

Қосымшаларға негізгі бөлімде көрініс таппаған және кестелер, суреттер, нұсқаулықтар, есептеулер және т.б. түрінде ұсыныла алатын, зерттеуді орындауға байланысты материалдар енгізіледі.

Әрбір студент курстық жұмысты ресімдеу бойынша талаптарға сәйкестігіне нормалық бақылау рәсімінен өтеді. Курстық жұмыстың талаптарға сәйкестігі нормалық бақылау парағымен ресімделеді, оған нормалық бақылаушы және студент қол қойып, жұмысқа салынады.

Нормалық бақылаушыларды кафедра меңгерушісі шығарушы кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы қатарынан тағайындайды.

Курстық жұмыс компьютер мен принтердің көмегімен А4 пішіндегі ақ қағаздың бір жағында бір интервал арқылы орындалуы қажет. Шрифт – Times New Roman, кегль – 14. Барлық жұмыс бойынша бейнелердің біркелкі тығыздығы, қарама-қарсылығы пен бірдей айқындығы сақталуы қажет.


6. Әдебиет тізімі

Негізгі:

  1. Саяси ілімдер тарихы. Ежелгі әлем. М.,Ғылым. 2010.

  2. Саяси ілімдер тарихы. Орта ғасыр және Қайта жанғырту. М., Ғылым. 2009.

  3. Саяси ілімдер тарихы ХVІІ –ХVІІІ ғ.ғ. М.,Ғылым. 2009.

  4. Саяси ілімдер тарихы. О.Э.Лейста. М.: «Зерцало», 2009.

  5. Саяси ілімдер тарихы. В.С. Нерсесянца. М.: «Норма», 2010.

Қосымша:

  1. Аристотель. Саясат. Шығармалар.Т.4.М.,2008.

  2. Макиавелли Н. Патша. М.: «Планета», 2008.

  3. Монтескье Ш.Л. Заң ұстанымдары. Шығармалар.М., 2010.

  4. Мор Т. Утопия. Ғылым. 2009.

жүктеу 95,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау