Курстық жұмыс


Аудан (қала) бюджетiнің жобасын мақұлдау



жүктеу 0,89 Mb.
бет2/2
Дата17.11.2017
өлшемі0,89 Mb.
#814
1   2

Аудан (қала) бюджетiнің жобасын мақұлдау

      1. Ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкілеттi органы ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы анықтаған аудан (қала) бюджетiнің болжамды көрсеткiштерi негiзiнде алдағы қаржы жылына арналған аудан (қала) бюджетi жобасының түпкi нұсқасын жасайды және оны ағымдағы жылдың 10 шiлдесiне дейiнгі мерзiмде ауданның (қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.


      Алдағы қаржы жылына арналған аудан (қала) бюджетi жобасының түпкi нұсқасын ағымдағы жылдың 15 шiлдесiне дейiн ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы анықтайды.
      2. Ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органы ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы анықтаған алдағы қаржы жылына арналған аудан (қала) бюджетi жобасының түпкi нұсқасының негiзiнде алдағы қаржы жылына арналған ауданның (қаланың) бюджетi туралы мәслихат шешiмiнiң жобасын жасайды және ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органына ұсынады.
      Аудан (қала) бюджетiнiң жобасымен бiр уақытта ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлетті органы алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудан (қала) бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерiн ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органына ұсынады.
      3. Ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органы аудан (қала) бюджетiнiң жобасын мақұлдағаннан кейiн ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органы ағымдағы жылдың 25 шiлдесiнен кешiктiрмей аудан (қала) бюджетiнiң болжамын облыстың жергiлiктi уәкiлетті органына ұсынады.
      4. Аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары облыстық бюджет бекiтiлгеннен кейiн екi апта мерзiмде аудан (қала) бюджеттерiнiң бұрын жасалған болжамды көрсеткiштерiн нақтылайды және аудан (қала) бюджетiнiң жобасын тиiстi мәслихаттың бекiтуiне енгiзедi, ол екi апта мерзiмнен кешiктiрмей бюджеттi бекiту туралы шешiм қабылдайды.
      5. Облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары аудандық мәслихаттар бюджетті бекiту туралы шешiм қабылдағаннан кейiн бiр апта мерзiмде Қазақстан Республикасының бюджеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органы бекiтiлген жергiлiктi бюджеттердiң негiзiнде облыстық (қалалық) бюджет және облыс бюджетi туралы жинақталған деректердi ұсынады.
Республикалық және жергілікті    
бюджеттердің жобаларын       
әзiрлеу ережесiне         
1-қосымша              

Алдағы қаржы жылында секвестрлеуге жатпайтын ____________


бюджеттiк (респ. жерг.) бағдарламалар тiзбесi жөнiнде ұсыныстар

Р/с !Әкім.!Бағ.!Бюджеттік     !Бағдарламаның!өткен!Ағымдағы!    Жылдар
 N ші N !дар.!бағдарламаның !(кіші бағдар.!жыл. !жылдың  ! бойынша алдағы!     !ла. !(кiшi бағдар. !ламаның)     !дың  !жоспары !   үш жылдық
   !     !ма. !ламаның) атауы!міндеттері   !кас. !        !кезеңге арналған
   !     !лар !              !             !салық!        !    болжам
   !     ! N  !              !             !шығы.!        !----------------
   !     !    !              !             !стары!        ! ... ! ... ! ...
---------------------------------------------------------------------------
      1       !       2      !       3     !  4  !    5   !  6  !  7  ! 8

І.             Жалғастырылатын бюджеттік
               бағдарламалар:

           1


           2
ІІ             Жаңа (бұрын бюджеттен
               қаржыландырылмаған) бюджеттiк
               бағдарламалар:

           1


           2

               Жиыны:                х


---------------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
--------------------------
Р/с! Негіздеме* ! Ескерту
 N !            !    
--------------------------
 1 !      9     !   10
--------------------------
І.

ІІ
 


Жиыны     х          х
--------------------------

     * Осы бағанда бағдарламаны (кiші бағдарламаны) толық көлемде қаржыландыру қажеттiлiгін анықтайтын нормативтiк құқықтық кесiмнiң атауын, нөмiрiн және күнiн көрсету қажет.


     Заңнамалық кесiмге сiлтеме жасалған кезде баптардың нөмірлерiн көрсету қажет.
     Осы нысанға әкiмшiлік шығыстар енгiзiлмейдi.

     Бюджеттiк бағдарламалар


     әкiмшiсiнiң басшысы     ____________      _________________
                                (қолы)          (аты-жөнi, тегi)


Республикалық және жергілікті               


бюджеттердің жобаларын                  
әзiрлеу ережесiне                     
2-қосымша                         

__________________________________

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
__________________________ жылдарға арналған
____________________________________________
(бюджеттік бағдарламаның атауы)
ПАСПОРТЫ

1. Құны
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi


3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
---------------------------------------------------------------------------
Р/с!Бағдарлама!Кiшi       !Кiшi бағдар.!Бағдарламаны!Iске   !Жауапты
 N !   коды   !бағдарлама !ламалардың  !iске асыру  !асыру  !орындаушылар
   !          !коды       !атауы       !жөнiндегi   !мерзiмi!
   !          !           !            !iс-шаралар  !       !
---------------------------------------------------------------------------
 1 !    2     !      3    !      4     !      5     !   6   !      7
---------------------------------------------------------------------------
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер

     

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары (бұдан әрі – Республиканың орта мерзімді жоспары), жергілікті өкілді орган бекітетін Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары (бұдан әрі - Өңірдің орта мерзімді жоспары), жергілікті атқарушы орган бекітетін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің алдағы үш жылдық кезеңге арналған Орта мерзімді фискалдық саясаты (бұдан әрі - Орта мерзімді фискалдық саясат), мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік бағдарламалар, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына елдегі ахуал және Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайынғы жолдауы, өткен және ағымдағы қаржы жылдарында жергілікті бюджеттерді атқарудың нәтижелері, жергілікті бюджеттік бағдарламаларды атқару тиімділігін бағалаулар алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеудің негізі болып табылады.

2. Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:

1) алдағы қаржы жылына арналған түсімдердің болжамды көрсеткіштерін айқындау;

2) ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстардың лимиттерін айқындау;

3) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерді жасауы;

4) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарау;

5) мәслихаттың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімінің жобасын әзірлеу.

3. Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар үшін бюджет шығыстарының лимиттерін есептеу кезінде:

1) үш жылдық кезеңге белгіленген облыстық бюджеттен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі мен республикалық бюджетке алынатын бюджеттік алулардың көлемдерін қоса алғанда, облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті кірістерінің көлемінен аспауы тиіс ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға арналған шығындардың жалпы көлемі;

2) бекітілген заттай нормалар;

3) ағымдағы қаржы жылының ағымдағы бюджеттік бағдарламаларының көлемі;

4) бюджеттік шығыстарды ұлғайту немесе азайту жөнінде Орта мерзімді фискалдық саясатта көрсетілген бағыттар;

5) ағымдағы қаржы жылында аяқталатын ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды алып тастау қажеттігі;

6) өзге де қажетті жағдайлар ескеріледі.

4. Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар үшін бюджет шығыстарының лимиттері облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламаларының әрбір әкімшісі (бұдан әрі – бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері) үшін айқындалады. Жалпы лимиттерден шығыстардың жекелеген түрлерін бөліп көрсетуге болады.

5. Бюджеттік даму бағдарламалары үшін шығыстардың лимиттері бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері арасында ажыратылмай, тұтас айқындалады. Бюджеттік даму бағдарламалары үшін шығыстар лимиттерінің көлемі облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті шығыстарының жалпы болжамды көлемі мен ағымдағы бюджеттік бағдарламалар үшін шығыстар лимиттерінің жалпы көлемі арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.

6. Бюджет комиссиясы ағымдағы қаржы жылының 5 шілдесіне дейінгі мерзімде ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға және бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстардың лимиттерін қарайды және мақұлдайды.

7. Бюджет комиссиясы мақұлдаған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар үшін облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті шығыстарының лимиттерін бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган 3 жұмыс күні ішінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне, ал бюджеттік даму бағдарламалары үшін бюджет шығыстардың лимиттерін бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іріктеу үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың экономикалық жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына жеткізеді.

8. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың экономикалық жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) жөніндегі өтінімдерін қарау нәтижелері, заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемелері негізінде және бюджет комиссиясы мақұлдаған бюджеттік даму бағдарламаларына арналған бюджет шығыстардың лимиттері шегінде:

1) ағымдағы жылы мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік бағдарламалар бөлінісінде іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) ескеріле отыра, басымды бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тізбесін;

2) заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялар жөніндегі ұсыныстарды қалыптастырады және ағымдағы жылдың 15 шілдесіне дейін бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

9. Бюджет комиссиясы осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген тізбе мен ұсыныстарды қарайды, оларды қаржыландыру көзі мен тетігін және оларды іске асыруға жауапты болатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін айқындайды.

10.Бюджет комиссиясы мақұлдаған басымды бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) мен заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялар тізбесін бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган үш күн ішінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жеткізеді.

11. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілеттік органға республикалық бюджеттен берілетін мақсатты трансферттер мен бюджеттік кредиттердің болжамды көлемдері мен мақсатын жеткізеді. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган оларды бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша бөледі және оларға үш жұмыс күні ішінде жеткізеді.

12. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға республикалық бюджеттен бөлінетін мақсатты трансферттер мен бюджеттік кредиттер бойынша қосымша өтінім береді.

1. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган:

1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерінің осы Ережеде және Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін қарайды;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен ұсынылып отырған бюджеттік бағдарламалардың тиімділігіне бағалау жүргізеді;

3) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері бойынша қорытынды дайындайды;

4) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне облыстық бюджеттен берілетін мақсатты трансферттер мен бюджеттік кредиттердің көлемдері жөнінде ұсыныс дайындайды.

2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері жөніндегі қорытындының нысанын бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган айқындайды.

3. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері және бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның олар жөніндегі қорытындысы, сондай-ақ бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның облыстық бюджеттен берілетін мақсатты трансферттер мен бюджеттік кредиттердің көлемдері жөніндегі ұсынысы ағымдағы жылдың 25 тамызынан бастап бюджет комиссиясының қарауына енгізіледі.

4. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның олар жөніндегі қорытындысы бюджет комиссиясының қарауына екі кезеңде енгізілуі мүмкін.

Бірінші кезеңде ағымдағы бюджеттік бағдарламалар енгізіледі. Бұл ретте бюджет комиссиясы жаңа әрі қосымша бюджет қаражатын талап ететін, жеке қаралатын бюджеттік бағдарламаларды қоспағанда, ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды бюджеттік бағдарламалардың барлық әкімшілері бойынша тұтастай қарайды.

Екінші кезеңде бюджеттік даму бағдарламалары енгізіледі. Бюджет комиссиясы бюджеттік өтінімдерді тақырыптық блоктар бойынша қарау тәртібін белгілей алады.

5. Бюджет комиссиясының бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарау кестесін бюджет комиссиясының жұмыс органы жасайды.

6. Бюджет комиссиясы енгізілген бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін, бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның қорытындысын, сондай-ақ аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне облыстық бюджеттен берілетін мақсатты трансферттер мен бюджеттік кредиттердің көлемдері жөніндегі ұсынысты қарайды және ағымдағы жылдың 5 қыркүйегіне дейінгі мерзімде олар жөнінде шешім қабылдайды.

7. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган мен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері арасындағы келіспеушіліктерді бюджет комиссиясы қарайды.

8. Бюджет комиссиясы облыстық бюджеттік бағдарламалар, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламалары жөнінде түпкілікті шешім қабылдағаннан кейін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қосымша өтінімдер бере алмайды.

9. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне облыстық бюджеттен берілетін мақсатты трансферттер мен бюджеттік кредиттердің көлемдерін бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына жеткізеді.

10. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері үш күндік мерзімде облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламаларының паспорттары жобаларын және шығыстардың есептерін бюджет комиссиясының шешімдеріне сәйкес келтіреді және оларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінің жобасын әзірлеу

Алдағы қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне түсетін түсімдердің болжамды көрсеткіштерін айқындау

1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы үш жылдық кезеңге белгіленген облыстық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенциялардың, облыстық бюджет пен аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің арасында кірістерді бөлу нормативтерін ескере отырып, бюджет құрылымына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне түсетін түсімдердің болжамды көрсеткіштерін айқындайды және оларды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының (бұдан әрі - бюджет комиссиясы) қарауына жібереді.

2. Бюджет комиссиясы ағымдағы қаржы жылының 1 тамызына дейінгі мерзімде алдағы қаржы жылына аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің ұсынылған болжамды көрсеткіштерін қарайды және мақұлдайды.
Ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға және бюджеттік даму бағдарламаларына ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет шығыстарының лимиттерін айқындау

3. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет шығыстарының лимиттерін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінің болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, теріс операциялық сальдоның жол берілетін шектегі мөлшері, Орта мерзімді фискалдық саясатта айқындалған өзге де көрсеткіштер, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті тапшылығының жол берілетін шектегі мөлшері және Өңірдің орта мерзімді жоспарында айқындалған өзге де макроэкономикалық көрсеткіштер, үш жылдық кезеңге белгіленген бюджеттік алулар мен субвенциялардың көлемдері, сондай-ақ алдағы қаржы жылына арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті түсімдерінің бюджет комиссиясы мақұлдаған болжамды көрсеткіштері негізінде қалыптастырады.

4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы:

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінің ағымдағы бюджеттік бағдарламалары үшін бюджет шығыстарының лимиттерін;

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінің бюджеттік даму бағдарламалары үшін бюджет шығыстарының лимиттерін бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

5. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы бюджеттік бағдарламалары үшін бюджет шығыстарының лимиттерін есептеу кезінде:

1) облыстық бюджетке алынатын бюджеттік алулардың бекіткен көлемдерін қоса алғанда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы бюджеттік бағдарламаларына, қаладағы ауданның, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламаларына арналған шығындардың жалпы көлемі аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті кірістерінен аспауы тиіс;

2) бекітілген заттай нормалар;

3) ағымдағы қаржы жылының ағымдағы бюджеттік бағдарламаларының көлемі;

4) бюджеттік шығыстарды ұлғайту немесе азайту жөнінде орта мерзімді фискалдық саясатта көрсетілген бағыттар;

5) ағымдағы қаржы жылында аяқталатын ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды алып тастау қажеттігі;

6) өзге де қажетті жағдайлар ескеріледі.

6. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы бюджеттік бағдарламалары, қаладағы ауданның, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламалары үшін шығыстардың лимиттері ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және қаладағы аудан, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі аппаратының (бұдан әрі - әкім аппараты) бюджеттік бағдарламаларының әрбір әкімшісі үшін айқындалады. Жалпы лимиттерден шығыстардың жекелеген түрлерін бөліп көрсетуге болады.

7. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік даму бағдарламалары үшін шығыстардың лимиттері ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері мен әкімдер аппараты арасында ажыратылмай, тұтас айқындалады. Бюджеттік даму бағдарламалары үшін бюджет шығыстары лимиттерінің көлемі аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті шығыстарының жалпы болжамды көлемі мен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы бюджеттік бағдарламаларын бюджет шығыстары лимиттерінің жалпы көлемі арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.

8. Бюджет комиссиясы ағымдағы қаржы жылының 5 тамызына дейінгі мерзімде ауданның ағымдағы бюджеттік бағдарламаларына және (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстардың лимиттерін қарайды және мақұлдайды.

9. Бюджет комиссиясы мақұлдаған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы бюджеттік бағдарламалары үшін шығыстардың лимиттерін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы үш жұмыс күні ішінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламаларының әкімшілеріне және әкімдердің аппараттарына, ал бюджеттік даму бағдарламалары үшін шығыстардың лимиттерін бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іріктеу үшін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына жеткізеді.

10. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) жөніндегі өтінімдерін қарау нәтижелері, заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемелері негізінде және бюджет комиссиясы мақұлдаған, бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстардың лимиттері шегінде:

1) ағымдағы қаржы жылында мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік бағдарламалар бөлінісінде іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) ескере отырып, басымды бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тізбесін;

2) заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялар жөніндегі ұсыныстарды қалыптастырады және ағымдағы қаржы жылының 15 тамызына дейін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

11. Бюджет комиссиясы осы Ереженің 10-тармағында көрсетілген тізбе мен ұсыныстарды қарайды, оларды қаржыландыру көзі мен тетігін және оларды іске асыруға жауапты болатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін айқындайды.

12. Бюджет комиссиясы мақұлдаған басымды бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) мен заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялар тізбесін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы үш күн ішінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері мен әкімдердің аппараттарына жеткізеді.

13. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы облыстық бюджеттен берілетін мақсатты трансферттер мен бюджеттік кредиттердің болжамды көлемдері мен мақсатын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері, әкімдердің аппараттары бойынша бөледі және оларға үш жұмыс күні ішінде жеткізеді.

14. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына облыстық бюджеттен бөлінетін мақсатты трансферттер мен бюджеттік кредиттер бойынша қосымша өтінім береді.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламалары әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерді жасауы

1. Осы Ереженің 8-тармағына сәйкес жасалған, алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтінімдерді ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері мен әкімдердің аппараттары ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы белгілеген кестеге сәйкес ағымдағы жылдың 25 тамызынан кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына ұсынады.



Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарау.

1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және әкімдер аппараттарының бюджеттік өтінімдерін осы Ереженің 15-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген тәртіппен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы қарайды.

2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және әкімдер аппараттарының бюджеттік өтінімдері жөніндегі қорытындының нысанын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы айқындайды.

3. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, әкімдер аппараттарының бюджеттік өтінімдері және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органының олар жөніндегі қорытындысы осы Ереженің 18-тармағында көзделген тәртіппен ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінен бастап бюджет комиссиясының қарауына енгізіледі.

4. Бюджет комиссиясының ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және әкімдер аппараттарының бюджеттік өтінімдерін қарау кестесін бюджет комиссиясының жұмыс органы жасайды.

5. Бюджет комиссиясы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, әкімдер аппараттарының енгізілген бюджеттік өтінімдерін, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органының қорытындысын қарайды және ағымдағы жылдың 20 қыркүйегіне дейінгі мерзімде олар жөнінде шешім қабылдайды.

6. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), әкімдердің аппараттарының бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері мен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы арасындағы келіспеушіліктерді бюджет комиссиясы қарайды.

7. Бюджет комиссиясы бюджеттік бағдарламалар жөнінде түпкілікті шешім қабылдағаннан кейін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері және әкімдер аппараттары қосымша өтінімдер бере алмайды.

8. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері, әкімдер аппараттары үш күндік мерзімде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламаларының паспорттары жобаларын, шығыстардың есептерін бюджет комиссиясының шешімдеріне сәйкес келтіреді және оларды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына ұсынады.
Тиісті қаржы жылына арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу

1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы бюджет комиссиясы қабылдаған шешімдер негізінде алдағы қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті жобасының түпкілікті нұсқасын жасайды және оны бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

Алдағы қаржы жылына арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет жобасын қарау және оның түпкілікті нұсқасын айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 1 қазанынан кешікпей аяқталады.

2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы алдағы қаржы жылына арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет жобасының түпкілікті нұсқасы негізінде алдағы қаржы жылына арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті туралы мәслихат шешімінің жобасын жасайды және ағымдағы жылдың 15 қазанынан кеш емес мерзімде оны ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының қарауына ұсынады.

3. Алдағы қаржы жылына арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті туралы мәслихат шешімінің жобасын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы ағымдағы жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей мәслихатқа енгізеді.

1.2.Қазынашылықтың негізгі есептері, қызметтері, операциялары және құқықтары.

– Ұйымның және республикалық бюджеттің кассалық атқарылуын бақылауды жақсарту;


  • Қазынашылықты мемлекеттік ақпараттық жүйемен қызмет етуін қамтамасыздандыру;

  • Жергілікті бюджеттердің республикалық құралдармен бақылауды қамтамасыздандыру;

– Республикалық бюджеттің шығыстарын іске асыру;
Қазынашылық заңды түрде мынадай негiзгi қызметтердi атқарады:

  • Мемлекеттік бюджеттің орындалуына қызмет жасау;

  • Қаржы жылында республикалық бюджеттің шығыстарын қаржыландыру;

  • Республикалық бюджеттің ағынының нақтылығын болжау;

  • Мемлекеттік салықтардың және республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы төлеулердің бөлінуін қамтамасыз ету;

  • Оперативті, айлық, кварталды және жылдық республикалық бюджеттердің орындалуына есеп беруді дайындау;

  • Қысқа мерзімді қаржылық жоспарлау;

  • Мемлекеттік қарыздарды басқару;

  • Қаржылық активтерді басқару;

  • Бюджеттерді кірістер бойынша орындау;

  • Бюджеттерді шығыстар бойынша орындау;

  • Бухгалтерлік есеп;

  • Аудит және ішкі бақылау;

  • ҚР үкiметiнiң мемлекеттiк қағаздарына қызмет етуге қатынасады;

  • Қазақстан аумағында банктердiң, еншiлес банктердiң ашылуына және филиалдары мен өкiлеттiлiктiң ашылуына, сол сияқты банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға рұқсат бередi;

  • Банктердiң қызметiн бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады және пруденциалдық нормативтер белгiлейдi;

  • ҚР-да несиелер бойынша сыйақы (мүдделендiру) пайыз мөлшерлемесiн реттеудi жүзеге асырады.


Қазынашылық мынадай операцияларды жүргiзедi:

  • Бiрiншi кластық эмитенттермен шығарылатын алты айлық қайтару мерзiмiндегi мiндеттемелердi қайта есепке алады;

  • Мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;

  • Депозиттiк сертификаттармен қайтару мерзiмi бiр жылға жататын борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;

  • Бюджеттің кірісін бақылайды.

  • Депозиттiк және есеп-айырысу операцияларын жүргiзе отырып, бағалы қағаздарды, басқа да құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;

  • Қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;

  • Қажет кезiнде банктерде және қаржы ұйымдарында шоттар ашады;

  • Чектердi жазып, векселъдердi бередi;

  • Жарғыға қайшы келмейтiн өз мiндеттемелерiне сай келетiн басқа да банктiк операцияларды жүзеге асырады;

1.3.Қазынашылықтың ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар

1.3.1.Ақпараттық жүйенiң құрылымы


Ақпараттық жүйенiң құрылымы – бұл бағыныңқы жүйенiң функционалды маңызы мен олардың сыртқы сыртқы ортамен өзара әрекеттесуiн анықтайтын iшкi кеңiстiктiктi-уақыттық iшкi байланыстар және оның жекелеген бағыныңқы жүйелерi мен элементтерi арасындағы салыстырмалы тұрақты тәртiп.

Тапсырмалар тiзiмi 1-кестеде келтiрiлген.





Тапсырмалардың аталуы

Кiретiн көрсеткiштер

Шығатын көрсеткiштер

Пайдаланушылар

Бюджет кірістері есебі

Өтiнiм

Кірістер есебі

ШКО

ККО


Аванстық есеп

Банктер есебі

Шығыстар есебі


Мiндеттеме


Бухгалтерия

Касса


Банктер

Кіретін салық түрлері бойынша есеп айырысу есебi

Акциздер

ҚҚС


Әлеуметтік салық

Мiндеттеме


Бухгалтерия

Касса


Банктер

Салықтық емес түсімдермен есеп айырысулар

Капитал операциясының кірістері

Трансферттерден түсетін кіріс



Мiндеттеме

Банктер

Бухгалтерия

Касса


Берiлген қарыздар бойынша есеп айырысулар

Аванстық есеп

Мiндеттеме

Бухгалтерия

Банктер


Касса

1-кесте. Ақпараттық жүйенiң есептер тiзiмi

1.4 Ақпараттық жүйенiң ресурстарына қойылатын талаптар


Ақпараттық ресурс – бұл ақпараттың әр түрлi формаларының (деректердiң, мәлiметтердiң, фактiлердiң, құжаттардың, есеп берулердiң және т.с.с.), қоймаларының, жабдықтаушыларының, ақпарат сферасы мамандарының, сонымен қатар, бәсекелестерi алдында маңызды басымдылық беретiн ақпараттық техникалар жиынтығы.
1.4.1. Математикалық жабдықтауға қойылатын талаптар
Математикалық жабдықтау – бұл есептеуiш техникаларын қолданылатын есептердi шешу мен ақпараттарды өңдеуге арналған математикалық әдiстердiң, моделъдердiң және алгоритмдердiң жиынтығы.

Қазiргi таңда әрбiр дербес компъютердiң өзiнiң математикалық жабдықтау жүйесi бар. Оның құрамына машинаның ақауларын тексеруге және туындаған ақауларды iздеу арналған тестер мен бақылау есептерiнен; қарапайым функцияларды есептеуге арналған стандартты программалар жинағынан және математикалық есептеудiң әр түрлi әдiстерiн жүзеге асыруға арналған программалардан; пайдаланушы интерфейсiн жасауға арналған қызметтiк программалар мен программалық- қоршамдар жинағынан тұрады.


1.4.2.Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар
Ақпараттық жабдықтау – бұл ақпараттық жүйенiң мақсаттары мен алға қойылған тапсырмаларын жүзеге асыруға арналған техникалық құралдар кешенiнiң дұрыс жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн бағдарламалар жиынтығы.

Ақпараттық жабдықтауды жобалау оның құрамына кiретiн әр түрлi жүйеастыларды өзара байланыстыруы қажет, және де төмендегiдей қасиеттердi қанағаттандыруы тиiс:

Бiртұтастылық қасиетi элементтердiң өзара байланысын бiлдiредi, мұнда егер де бiр элементте өзгерiс болса, онда ол басқа элементтердiң де өзгерiсiне әкеледi.

Алшақтатылғандық қасиетi жүйенiң ортадан шектетiлу мүмкiндiгiн және бiр жүйеастына кiретiн жүйеастыларының автономиясын қарастырады.

Адаптивтiлiк – бұл жүйенiң өзгермелi құбылыстарға бейiмделе бiлу қасиетi.

Үйлесiмдiлiк жүйенiң методикалық, ұйымдастырушылық, техникалық және т.б. аспектiлердiң басқа жүйелермен байланысуын қамтамасыз етедi.

Дұрыс шешiм алу үшiн ақпараттық жабдықтау кешенiн ұйымдастыру негiзiне келiп түсетiн ақпараттың толықтылығы, дәлдiлiгi және туралығы, басқарушы ортаға деректердi жiберудiң мерзiмдiлiгi қойылуы қажет.

Ақпаратты енгiзудiң күрделiлiгiн қысқарту үшiн енгiзiлетiн ақпаратты жiктеу және кодтау жүйелерiн қолдану арқылы қысу қажет.

Ақпаратты жабдықтауды ұйымдастырудың қағидалары:


  1. барлық функционалды бағыныңқы жүйелер үшiн ақпараттық жабдықтаудың әдiстемелiк бiрлiгi;

  2. ақпаратты жинаудың, тiркеудiң және жiберудiң бiр рет орындалуы;

  3. келiп түсетiн ақпараттың толықтылығы;

  4. енгшiзiлетiн ақпараттың дәлдiлiгi және туралылығы;

  5. ауытқу әдiсi бойынша ақпаратты енгiзу;

  6. шығарылатын ақпаратты басқару жүйесiне жiберудiң мерзiмдiлiгi;

  7. ақпаратты сығу;

  8. ақпараттық жабдықтаудың қызмет ету шығындарын минимизациялау.

Ақпаратты жабдықтауды жобалау мен құру жүйелi түрде келесiдей талаптарды есепке ала отырып жасалуы қажет:

Нәтижелер туралы ақпарат келесiдей талаптарға сай болуы тиiс:



  • аяқталғандылық, анализ жүргiзуге қажеттi есеп беру ақпаратын алудың толықтылығы;

  • алынған ақпараттың туралылығы, құжаттардың дұрыс дайындалуы;

  • бекiтiлген стандарттарға сәйкестiгi;

  • анықтылық, ақпарат кез келген пайдаланушыға түсiнiктi болуы қажет;

  • қырағылық, анықталмағандық жағдайында шешiм қабылдау кезiнде активтер мен кiрiстер асырыла бағаланбауы үшiн, ал мiндеттемелер мен шығыстар жеткiлiктi бағаланбай қалмауы үшiн абай болушылық деңгейiн сақтау;

  • қарама-қарсы қоюшылық, ақпарат пайдалы және мазмұнды болуы үшiн бiр кезеңнен екiншi кезеңге қарама-қарсы қойылуы тиiс; пайдаланушылар ондағы барлық өзгерiстер жөнiнде, сонымен қатар, сол өзгерiстер нәтижелерi жөнiнде ақпараттандырылуы қажет;

  • кезектiлiк, шаруашылық операциялар есебiнiң әдiстерi есептi бiр кезеңнен екiншi кезеңге кезектестiрiлу арқылы қолданылады.

Енгiзiлетiн және шығарылатын ақпарат келесiдей түрде анықталуы қажет:

  • басу құралдарында алынған құжаттар түрiнде;

  • өңдеудiң басқа циклдерiнде пайдалану үшiн машина iшiндегi ақпараттық база файлдары түрiнде.



1.4.3.Лингвистикалық жабдықтауға қойылатын талаптар
Лингвистикалық жабдықтау – бұл тiл құралдарынң, ғылыми-техникалық терминдердiң және ақпаратты автоматтандырылан өңдеудiң тиiмдiлiгiн арттыру мен адамның ақпараттың техникалық құралдарымен тiлдесуiн жеңiлдетету үшiн пайдаланылатын табиғи тiлдi формалъдау ережелернiң жиынтығы.

Бухгалтерлiк есептегi лингвистiк жабдықтаудың тiл құралдары екiге бөлiмге бөлiнедi. Бiрiншi бөлiмге жататындар: математикалық және табиғи тiлдер, алгоритмдiк тiлдер және алгоритмдер мен блок-сызба тiлдерi. Екiншi бөлiмге ақпараттық тiлдер, деректер базасының тiлдерi, ақпаратты iздеу тiлдерi және т.б. жатады.

Программалау тiлiн таңдаудың мақсаттылығы сервистiк программа құралдарының болуымен, осындай программалар пакетiнiң басқа да қолданбалы программалар пакетiмен оңай байланыстырылуы және программаларды құру мен жөндеудiң қарапайымдылығымен қамтамасыз етiлуi қажет.

Лингвистикалық жабдықтауға қойылған талаптарды есепке ала отырып, деректер базасының құрылымын сипаттауды жүйенiң көмегiмен iске асырған жөн. Бұл жүйе деректер орналасуын, ұйымдастырылуын және көрсетiлуiн қамтамасыз ететiн анықтамалардың пайдаланылуы қажет.


1.4.4.Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар
Программалық жабдықтау – ақпараттық жүйенiң функцияларын iске асыратын және техникалық құралдар кешенiнiң қызмет етуiн қамтамасыз ететiн программалар жиынтығы.

Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар пайдаланушылардың нақты программалық өнiмге деген өзiнiң қажеттiлiктерiн жасауына мүмкiндiк бередi. Осындай көзқарас бойынша, пайдаланушымен бақыланатын жоба неғұрлым тартымды болып келедi.

Есептер кешенiне жасалынып жатқан программалық жабдықтау бөлiмше функцияларын iске асыруға жеткiлiктi болуы және тiкелей автоматтандырылған жұмысшы орындарында есептi шешуге мүмкiндiк беретiн ақпаратты өңдеудi ұйымдастырудың барлық қажеттi құралдының болуы қажет.

Программалық жабдықтауды құру кезiнде модулъдiлiк, өзiндiк және пайдалану икемдiлiгi қағидалары қарастырылуы тиiс.

Пайдалану икемдiлiгiн арттыру мақсатында келесiдей мүмкiндiктердi қарастыру қажет:


  • жұмыстың диалогтiк режимi (меню);

  • модулъдi автоматты түрде шақыру;

  • үзiлiстен кейiн жұмысты жалғастыру;

  • ақпараттық массивтер жағдайы туралы анықтамалар беру.

Жүйелiк жабдықтаудың құрамына кiретiн операциялық жүйе пайдалануда қарапайым болуы, деректер базасын басқаруды қамтамасыз етуi, стандартты программаларды жүктеуi мен орындауы, пайдаланушыға нұсқаулар беруi керек.

Программалық жабдықтау қамтамасыз етуi қажет:



  • пайдаланушыларды регламенттiк және сұранысты-жауап беру режимдерiнде қызмет көрсету;

  • функционалдық есептердi шешу;

  • өзара байланысқан есептердi шешудiң кезектiлiгiн басқару;

  • ақпараттың сақталуын және оның жаңылысудан кейiн қалпына келтiрiлуiн;

  • деректермен жұмыс iстеу мен жеткiзiлудiң қарапайымдылығын және сенiмдiлiгiн;

  • пайдаланушыдан келiп түсетiн ақпаратты бақылауды;

  • ақпаратты қорғауды, ЭЕМ-ге тек автоматтандырылған жұмысшыларға ғана қатынауға рұқсат берудi;

  • қажет болған жағдайда кешеннiң жекелеген есептерiн шешуге мүмкiндiк берудi.

1.4.5.Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар


Есептер кешенiнiң техникалық жабдықтауы деректердi өңдеудiң технологиялық процестерiн iске асыруға жеткiлiктi болуы қажет.

Жүйенiң қызмет етуiнде қолданылатын техникалық құралдар кешенiне мыналар кiредi:



    • басқару құралы;

    • ақпаратты енгiзуге мүмкiндiк беретiн клавиатура;

    • текстiк және графиктiк ақпаратты кескiндеуге арналған монитор;

    • басып шығару құралы;

    • жұмсақ дискеталар дисководы.

Компъютер типiн таңдау ақпаратты сақтау және жаңылысу болған жағдайда орнына келтiру, жүйелiк блокқа регламентпен бекiтiлмеген қатынауды талап етуiмен және көптеген сыналған программалық жабдықтардың болуымен тығыз баланысты.

Ақпараттық жүйенiң қызмет етуi үшiн ETHERNET типтес, секундына 100 Мбит өткiзу қабiлетi бар, локалъдi есептеуiш желiсi пайдаланылады.


1.4.6.Ұйымдастырушылық жабдықтауға қойылатын талаптар
Ұйымдастырушылық жабдықтау ақпараттық жүйенi құру мен оның жұмыс iстеуiне арналған шаралардың, әдiстер мен жабдықтардың жиынтығы. ұйымдастырушылық жабдықтау ақпараттық жүйенi құру мен оны қолдануға қатысты ең көлемдi мәселелердi қарастырады, және де элементтерiнiң құрамын, олардың өзара байланысын, әрекетiн, ұйымдастырушылық құрылымын, сондай-ақ, жүйе қызметiн реттейтiн құқықтық актiлердi қамтиды.

Бухгалтерлiк есептегi ақпараттық жүйенi жобалау – бұл ақпараттық процестердi зерттеудi, жобалық шешiмдер мен жобалық құжаттар құруды, жүйе элементтерiнiң қызметiне енгiзулердi кезектестiрудi анықтауды қамтитын өте қиын және күрделi процесс.

Шешiлетiн есептер кешенiн ұйымдастырушылық жабдықтау шешiм қабылдаудау процессi кезiнде пайдаланушылардың техникалық жабдықтармен және өзара толық әрекеттестiгiн қамтамасыз етуi қажет. Есептер кешенiнiң нәтижелi қызмет етуi үшiн келесiдей шешiмдердiң жүзеге асуын қарастыру қажет:


  • персоналды оқытуды (үйретудi) ұйымдастыру;

  • технологиялық сипаттаманың талаптарын орындау;

  • жобада көрсетiлген барлық программалық жабдықтауды ұйымдастыруды шеклеулердi орындау;

  • тек автоматтандырылған жұмысшыларға ғана қатынауды қамтамасыз ету.



ΙΙ-тарау. “Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың” ақпараттық жүйесін талдау
2.1.“Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың” ақпараттық жүйесiндегi тапсырманың қойылымы
Ақпараттық жүйе – бұл экономикалық объекттi басқаруға қажеттi ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, қайта өңдеу және беру жүйесi.

Барлық ақпараттық жүйелер құрайтын элементтерiнiң рөлi бойынша екi бөлiмнен тұрады: функционалдық және қамтамасыз ететiн.

Функционалдық жүйе – бұл ақпараттық жүйенiң белгiлi бiр функциялармен шектелген бөлiмi. Өз кезегiнде әрбiр функционалдық жүйе есептер кешендерi мен есептерге жiктелуi мүмкiн.

Тапсырмалар кешенi – бұл анықталған белгiлерi бойынша топтастырылған тапсырмалар жиынтығы. Ақпараттық жүйенiң тапсырмалар құрамы келесiдей факторлармен анықталады:



  • басқарудың сол бiр немесе басқа функциясының маңызыы;

  • басқару процедураларын құру мүмкiндiгi;

  • басқару персоналының компътерлердi пайдалану деңгейi;

  • ақпараттық база мен техникалық құралдардың болуымен.

2.2. «Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың» ақпараттық жүйесiнiң концептуалды схемасы


Ақпараттық жүйенiң концептуалды схемасы ақпараттық жүйенi құру мен оның қызмет етуiндегi нiгiзгi әдiстемелiк қатынастарды көрсетедi. Концептуалды схема ақпараттық жүйенiң құрылымы мен оған кiретiн бағыныңқы жүйелердiң өзара байланысын графиктiк түрде кескiндейдi.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердiң жобалық құжаттарын дайындауда жүйенiң әртүрлi элементтерiнiң графиктiк интерпретациясы маңызды орын алады, мысалы, ақпараттық моделъдерде, блок-схемалық алгоритмдерде, деректердi өңдеудiң технологиялық процестерiнде, құжат айналысында, ақпараттық ағындарда және т.б. Бiртұтас ақпараттық жүйенiң концептуалды схемасы жалпы жүйенi құрудағы әдiстемелiк аспектiлердi кескiндейдi және негiзгi құрал-жабдықтарды, сонымен қатар, оған кiретiн бағыныңқы жүйелердiң пәндiк облысын анықтайды. Сонымен бiрге, функционалды бағыныңқы жүйе рөлiн локалъдi есептеуiш желiлерi (ЛЕЖ) және локалъдi немесе желiлi автоматтандырылған жұмыс орындары атқаруы мүмкiн.

Кез келген ақпараттық жүйе екi бөлiмнен тұратын жүйе ретiнде қарастырылады: қамтамасыз ететiн және ұйымдастырушы.

Схеманың қызмет ететiн бөлiмi ақпаратты өңдеу мен жылжу деңгейлерi арасындағы ақпараттық және технологиялық байланысты график түрiнде көрсетедi.

Ақпараттық жүйенiң қамтамасыз ететiн бөлiмi келесiдей элементтерден тұрады: компъютерлiк техникалық құралдар, программалық жабдықтау және ақпараттық жабдықтау.

Ақпараттық жүйенiң концептуалды схемасы 1-суретте көрсетiлген.



1-сурет. Концептуалды схема

Жүйе

Сипаттамасы

Тип

АИС

ААЖ

Желiлiк

Желi

Локалъдi

Локалъдi желi

Жұлдызшалық

Жалпы жүйелiк құжаттар

құжаттық




Obligations,

TD,

ACW,

RCW,

AR

2.3. Ақпараттық жүйедегi тапсырманың сипаттамасы


Тапсырмалар кешенi Бюджет кірісінің тапсырмасы бойынша деректердi өңдеуге арналған және келесiдей функцияларды атқарады:

  • анықтама жүргiзу;

  • деректердi енгiзу, өңдеу және түзету;

  • деректердi жинау және шығарылатын ведомостердi алу, деректердi балансқа дайындау.

Тапсырмалар кешенiнiң маңызы қажеттi нәтижелi ақпараттарды – есеп беретiн тұлғалармен есеп айырысулардың анализiн жасауға мүмкiндiк беретiн кіріс формаларын алу мен сәйкесiнше тиiстi шешiм қабылдауда.

Тапсырманың мақсаты – дұрыс, жедел мәлiметтер алу, сонымен қатар, кiретiн және шығатын соммалардың сәйкестiгi.

Тапсырмалар кешенi бюджетте есеп жүргiзу үшiн орындалады.

Берiлген тапсырма ақпараттық жүйе құрылымының бiр бөлiгi болып табылады және басқа да тапсырмалармен өте жақын байланыста болады.

Берiлген тапсырманы орындаудың жиiлiгi мен ұзақтығы уақыт пен бюджет кірістеріне өтiнiштердiң түсу жиiлiгiне байланысты.

Берiлген тапсырмалар кешенiн орындауды автоматтандыру тапсырманы орындау мерзiмiн қысқартуға, есептеулердiң қиындықтарын жеңiлдетуге, мәлiметтердiң дұрыстығы мен дәлдiгiн жоғарылатуға және есептеулердiң жеделдетiлуiне мүмкiндiк бередi.

Аналитикалық есеп бойынша құрама деректер жылына бiр берiлсе, синтетикалық есеп бойынша деректер ай сайын берiледi. Кез келген датаға жедел ақпараттардың алынуы қарастырылған.

Тапсырманың шешiмi болып балансты жасауда және тапсырманы одан әрi жүргiзу мен бюджеттік кірістерді бақылауда қолданылатын мiндеттемелер табылады.

Тапсырманы орындаудың уақытша сипаттамаларын бас бухгалтер анықтайды. Осы Қазынашылыққа түскен кірістер Ұлттық банкке келіп түседі. Заңды тұлғалардан келіп түскен төлем карточкалары жүйе арқылы екі данасымен қабылданады. Бірінші дана екінші деңгейдегі банктің күндік құжатында қалады, ал екіншісі банк белгілеп болғаннан кейін төлеушіге қайтарылады.

2.3.1.Кiретiн ақпарат


Кiретiн ақпарат ақпараттық жүйенiң кез келген тапсырмасын орындауда маңызды орын алады. Кiретiн ақпараттың тасығыштары болып, алғашқы құжаттар, магниттiк дисктер және магниттiк ленталар табылады.

Кiретiн ақпараттың есептерiне мыналар жатады:



  • Бюджет қорытындысы;

  • Шығыстық кассалық ордер;

  • Кiрiстiк кассалық ордер;

  • Аванстық есеп.

Кiретiн ақпараттардың тiзiмi мен құрылымының сипаттамасы 2-кестеде көрсетiлген. Бюджет қорытындысының, шығыстық кассалық ордердiң, кiрiстiк кассалық ордердiң және аванстық есептiң құрамы мен құрылымы 3 – 6 кестелерде келтiрiлген.

2-кесте. Кiретiн ақпараттардың тiзiмi мен құрылымының сипаттамасы


Аталуы

Идентифика-торы

Көрсетiлу формасы

Түсу жиiлiгi

Ақпарат көзi

1

2

3

4

5

Бюджет қорытындысы

TD

құжат

Операцияның орындалуына байланысты

Бас бухгалтер

Шығыстық кассалық ордер

ACW

құжат

Операцияның орындалуына байланысты

Бас бухгалтер Кассир

Кiрiстiк кассалық ордер

RCW

құжат

Операцияның орындалуына байланысты

Бас бухгалтер Кассир

Аванстық есеп

AR

құжат

Операцияның орындалуына байланысты

Бас бухгалтер Аға эконо-мист

2.3.2.Шығатын ақпарат


Шығатын ақпарат – бұл ақпараттық жүйенiң функцияларын орындау нәтижесiнде алынып, басқару объектiсiне, персоналға және т.б. басқару жүйелерiне құжаттар, мәлiметтер және сигналдар түрiнде берiлетiн ақпарат.

Шығатын ақпараттың құрамы пен құрылымы 7-кестеде көрсетiлген.



7-кесте. Шығатын мiндеттемелер құжатының құрамы мен құрылымы


Реквизиттiң аталуы

Реквизит типi

Реквизит ұзындығы

құжат нөмiрi

i4

4

Толтырылу датасы

date

8

Бекiтiлу датасы

date

8

Жабдықтау

string

15

Санкциялар

string

15

Есеп беретiн тұлға коды

i4

5

Есеп беретiн тұлғаның ТАӘ

string

50

қала

string

50

Валютаның белгiленуi

string

3

Валюта

string

50

Валютаның курсы

r8

8

Сомма

r8

8

Ұлттық валютадағы сомма

r8 (money)

8

Бюджет лимитi

r8 (money)

8

Банк коды

i4

8

2.3.3 Ақпараттық база


Ақпараттық база дегенiмiз бұл – сыртқы тасығыштарда сақталатып, программалармен және пайданушылармен қолданылатын мәлiметтер жиынтығы.

Ақпараттық базаға мыналар кiредi:



  • ақпараттық массивтер, яғни ақпараттық базаның мазмұнын құрайтын мәлiметтер массивi;

  • ақпаратты кодтау жүйесi және ақпараттық базаның құрылуы мен қызмет етуiн қамтамасыз ететiн программалық-алгоритмдiк құралдар.

Ақпараттық база екiге бөлiнедi: машинадан тыс ақпараттық база және машина iшiндегi ақпараттық база.
2.3.4. Машинадан тыс ақпараттық база

Машинадан тыс ақпараттық база – бұл ақпараттық жүйенiң қызмет ету кезеңiнде қолданылатын хабарлар, сигналдар және құжаттар жиынтығы түрiндегi ақпараттық жүйенiң адаммен есептеуiш техника құралдарының көмегiнсiз қабылданатын формасындағы ақпаратық базаның бiр бөлiгi.

Машинадан тыс ақпараттық базаға жiктеу және кодтау жүйелерi, нормативтi-анықтамалық құжаттар және оперативтi ақпарат кiредi. Жiктеу және кодтау жүйелерi мәлiметтердiң бiртектi жазылуын, оларды тиiмдi iздеу

мен олардың ақпараттық-есептеу жүйесiнiң жадысында қайталанбауын қамтамасыз етедi. Нормативтi-анықтамалық құжаттар шартты-тұрақты ақпараттар категориясына жатады, және де есеп айырысуларда ұзақ уақыт бойы өзгерiссiз қолданылатын әр түрлi регламент бойынша бекiтiлген нормативтер, нормалар және т. б. мәлiметтерден тұрады. Оперативтi ақпарат объектiнiң нақты уақыттағы күйiн көрсетедi, демек, бұл алғашқы, өңделмеген ақпарат.

Экономикалық ақпараттың жiктегiштерi мен кодтарын жобалау – ақпараттық жабдықтау мен ақпараттық жүйелер құрудағы ең маңызды мәселелерiнiң бiрi.
2.3.5.Ақпараттық моделъ
Ақпараттық моделъ өзара ақпараттық байланыстарды қарастырады, берiлген тапсырма кешенi бойынша мәлiметтердi графиктiк түрде суреттейдi және барлық негiзгi семантикалық байланыстарды толығырақ көрсетедi.

Кiретiн ақпарат базаға алғашқы құжаттардан енгiзiледi. Автоматтандыру үшiн келесiдей алғашқы құжаттар қолданылады:



  • Бюджет қорытындысы;

  • Шығыстық кассалық ордер (ШКО);

  • Кiрiстiк кассалық ордер (ККО);

  • Аванстық есеп.

Алғашқы құжаттар негiзiнде сәйкес анықтамалықтамалықтардан ақпараттар автоматты түрде жазылып отыратын жедел ақпарат файлдары қалыптасады. Анықтамалықтар:

  • Есеп беретiн тұлғалар анықтамалығы (Persons);

  • Бөлiмшелер анықтамалығы (Departments);

  • Банктер анықтамалығы (Cities);

  • Валюталар анықтамалығы (Currencies).

Мұндай анықтамалықтардың пайдаланылуы мәлiметтер базасына ақпараттарды енгiзудi жеңiлдетедi және олардың дәлдiгi мен дұрыстығын жоғоғарылатады.

“Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың ” ақпараттық жүйесiнде мәлiметтер базасының он кестесi құрылған.

Бiрiншi кесте Obligations деп аталады. Оған “өтiнiм” алғашқы құжатынан мәлiметтер енгiзiледi.

Екiншi кесте Persons деп аталады. Оған есеп беретiн тұлғалар туралы мәлiметтер енгiзiледi.

Үшiншi кесте Departments деп аталады. Оған қазынашылық бөлiмшелерi туралы мәлiметтер енгiзiледi.

Төртiншi кесте Cities деп аталады. Оған банктер туралы мәлiметтер енгiзiледi.

Бесiншi кесте Currencies деп аталады. Оған валюталар туралы мәлiметтер енгiзiледi.

Алтыншы кесте Documents деп аталады. Оған есеп беретiн тұлғалардың құжаттары туралы мәлiметтер енгiзiледi.

Жетiншi кесте TD (the traveling document) деп аталады. Оған “бюджет кірістерінің ” алғашқы құжатынан мәлiметтер енгiзiледi.

Сегiзiншi кесте ACW (the account cash warrant) деп аталады. Оған “шығыстық кассалық ордер” алғашқы құжатынан мәлiметтер енгiзiледi.

Тоғызыншы кесте RCW (the receipt cash warrant) деп аталады. Оған “кiрiстiк кассалық ордер” алғашқы құжатынан мәлiметтер енгiзiледi.

Оныншы кесте AR (the advance report) деп аталады. Оған “аванстық есеп” алғашқы құжатынан мәлiметтер енгiзiледi.


2.3.6.Қолданылатын жiктегiштер
Экономикалық ақпаратты жiктеудiң ең кең қолданылатын жiктеу жүйелерi: иерархиялық және фасеттiк. Оларға төмендегiдей талаптар қойылады:

  • жiктеудiң барлық объектiлерiн есепке алуға мүмкiндiк беретiн жеткiлiктi сыйымдылық;

  • экономикалық тұрғыдан ақтайтын тереңдiк (яғни жiктеме деңгейлерiнiң саны);

  • көптеген жiктелетiн объектiлердi кеңейтуге мүмкiндiк беретiн, сонымен қатар, жiктеменiң құрылымын бұзбай, қажеттi өзгерiстердi енгiзуге мүмкiндiк беретiн икемдiлiк;

  • жiктеу жүргiзудiң қарапайымдылығы.

Жiктегiш – бұл жiктелетiн топтамалардың аттарының және кодтық белгiленулерiнiң жүйеленген жинағы. Автоматтандырылған экономикалық ақпаратты өңдеу ұйымы техникалық-экономикалық ақпаратты жiктеу жұмысының жүргiзiлуiн және мәлiметтердi сақтау мен iздеудi тиiмдi жүргiзу үшiн, сонымен қатар, мәлiметтердi кешендi өңдеу үшiн оның элементтерiнiң кодталуын талап етедi.

Жiктеу ұғымымен қарастырылып отырған пәндер мен құбылыстардың класс бойынша ортақ белгiсi немесе белгiлер тобы негiзiнде элементтердiң үлестiрiмi қорытылатын логикалақ операция түсiндiрiледi.

Жiктеу жүйесi өзара байланыстары мен белгiлерi арасындағы тәуелдiлiктерi негiзiнде жiктелетiн элементтердiң реттелiп, бiркелкi орналасуын көрсетедi. Бұл жүйе әр жiктегiшке оның қызмет аясын белгiлейтiн жiктегiштер кешенiн анықтайды. Жiктеудiң иерархиялық және фасеттiк жүйелерi бар.

Жiктеудiң иерархиялық жүйесi жiктелетiн топтамалар арасында бағыну (иерархиялық) қатынасын орнатуды болжайды. Ең алдымен, бiр белгi бойынша iрiрек топтарды бөлiп алып, содан соң олардың iшiне басқа белгiлерi бойынша кiшiректерi топтастырылады және т.с.с. Иерархиялық жүйеге қатаң құрылым, бекiтiлген құрам мен жiктелетiн белгiлердiң ретi тән.

Жiктеудiң фасеттiк жүйесi жiктелетiн көптiк жүргiзiлген жiктеудiң нәтижесiнде әртүрлi аспектiлер бойынша тәуелсiз топтамалар құруымен сипатталады.

Жiктелетiн топтамалар әртүрлi фасеттерден объекттердi кез келген белгiлердiң үйлесiмi бойынша бөлуге мүмкiндiк бередi.

Жiктегiш көптеген объекттердi кластарға, классастыларға, топтамаларға, бiруақытта жiктелетiн топтардың жүйеленген атаулар жинағы мен олардың кодтық таңбаларына және т.б. бөлу заңдылықтарынан құралатын құжат болып табылады.

Кодтық белгiлеудегi таңбалардың саны кодтың ұзындығы деп аталады.

Кодтарды жобалау кезiнде келесiдей талаптарды ескеру қажет:


  • кодтарды минималды ұзындықпен жобалау;

  • кодтардың логикалылығы және ауыстырымдылығы;

  • шешiлетiн есептердiң ерекшелiктерiн ескеру;

  • кодтаудың қолданылатын жүйесi мен жалпыға ортақ белгiлердi ескеру;

  • дамудың перспективаларын ескеру.

Кодтаудың мақсаты деректердi құжаттарға жазуда, оларды машиналық тасығыштарда тасуда, өңдеу жүргiзуде, жеткiзуде және т.б. операцияларға қажеттi ақпаратты өте компактiлi және ыңғайлы түрде көрсету болып табылады.

Кодтау – символдық белгiлердi жiктелетiн объектiлердiң өте компактiлi түрде көрсету мақсатында оларды символдық меншiктеу процессi.

Жекелеген объекттерге кодтарды меншiктеудiң ережелер жиынтығы кодтау жүйесiн көрсетедi.

Кодтаудың реттiк жүйесi бiр белгiлi, тұрақты және қарапайым номенклатураларды кодтауда қолданылады. Оның негiзiнде объекттерге номенклатурада орналасу ретi бойынша сандық нөмiрлердi меншiктеу қарастырылады. Мұндай жүйенiң артықшылығы – кодтарды құрудың қарапайымдылығы, олардың аз мағыналылығы және жазбалардың толықтылығы. Сонымен қатар, реттiк кодтарда объекттердi белгiлерi бойынша топтастыру қарастылмайды, ал номенклатураға жаңа объектiлердiң келуi қабылданған жiктеменiң бұзылуына алып келедi.

Кодтаудың тiзбектi жүйесi жiктеудiң иерархиялық жүйесiне сәйкес келедi. Төмен тұрған топтаманың кодын жоғарыда тұрғанының кодына элементтер қосу арқылы алады. Мұндай жүйе жоғары ақпараттылыққа ие болып табылады.

Аралас жүйе бiруақытта басқа жiктеу белгiлерiнен тәуелдiлiгiмен де, тәуелсiздiгiмен де сипатталатын үлкен көп белгiлi номенклатураларды кодтауда қолданылады. Бұл жүйе кодтаудың әртүрлi қағидаларының үйлесiмдiлiне сүйенедi.

Берiлген тапсырмалар кешенiн шешуде үшiн келесi код пайдаланылады:

– Код немесе есеп беретiн тұлғаның реттiк нөмiрi.

Есеп беретiн тұлғаны кодтауда екi таңбалы код қолданылады және реттiк жүйе бойынша құрылады.

2.3.7.Машина iшiндегi ақпараттық база


Машина iшiндегi ақпараттық база ақпараттық жүйеде қолданылатын мәлiметтер жиынтығын жүйенiң машиналық тасығыштарында көрсететiн ақпараттық базаның бiр бөлiгi.

Машина iшiндегi ақпараттық база машиналық тасығыштарда сақталады. Машиналық тасығыштар – бұлар автоматты түрде ақпаратты ЭЕМ-ге енгiзуге арналған материалдық объекттер. Оларға жататындар: қатқыл магниттiк дискiлер (винчестерлер), жұмсақ магниттiк дискiлер (дискеталар), флэшкарталар, компакт-дискiлер, магниттiк барабандар, магниттiк карталар, фотохромдық тасығыштар, микрофилъмдер, перфокарталар, перфоленталар және т.б. тасығыш түрлерi. қазiргi кезде жұмсақ магниттiк дискiлер (дискеталар), флэшкарталар және компакт-дискiлер кеңiнен қолданылуда.

Ақпараттық массив – бұл белгiлi бiр тәсiл бойынша ат берiлген және ұйымдастырылған, өзара семантикалық байланысқан деректер жиынтығы. Ақпараттық массивтi ұйымдастыру дегенiмiз оның құрамы мен құрылымын анықтау, яғни әрбiр ақпараттық массивтер үшiн реквизиттер саны, әр реквизиттiң ұзындығы және олардың ақпараттық массивте орналасу ретi анықталады. Ақпараттық массивтер маңызы бойынша кiретiн, шығатын және iшкi болып бөлiнедi. Кiретiн массивтерге басуға (принтерге), дисплейге шығару үшiн енгiзiлетiн деректерден тұрады. Осы ақпарат негiзiнде пайдаланушылар шешiм қабылдайды, яғни осы ақпаратты пайдаланады.

Машина iшiндегi ақпараттық массивтер тұрақты, сақталатын, жедел және қызметтiк болып жiктеледi. Тұрақты ақпараттық массивтер (нормативтi-анықтамалық ақпарат массивтерi) нормативтiк құжаттар мен анықтамалардан алынады да, ақпаратты өңдеу алдында қалыптастырылады және ақпараттық жүйелердiң есептерiн шешуде қолданылады. Нормативтi-анықтамалық ақпарат массивтерiне жiктегiштер, анықтамалар және шартты-тұрақты ақпараттар жатқызылады.

Сақталатын массивтер басқа да өзара байланысқан есептердi шешу үшiн қажеттi, немесе деректердi осыдан кейiн шешiлетiн есептерде пайдаланатын ақпаратты жазады.

Жедел массивтер жедел құжаттар негiзiнде жасалады, яғни айнымалы аздап жиналып тұратын айнымалы ақпараттан тұрады, сондықтан оперативтi массивтердiң мазмұны өңдеу циклы бойында өзгерiп отырады.

Қызметтiк массивтер массивтердi автоматтандырылған өңдеуге қажеттi қызметтiк ақпараттардан тұрады.

Машина iшiндегi ақпараттық база келесiдей тәсiлдер арқылы ұйымдастырылуы мүмкiн: локалъдiк есепке немесе тапсырмалар кешенiне бағдарланған локалъдiк массивтер түрiнде, массивтердi деректер базасына енгiзу арқылы.

Деректер базасы есте сақтаудың тiкелей қатынау құралдарында (магниттiк дискiлерде) сақталатын өзара тәуелдi ақпараттық массивтер жиынтығынан құралады және ақпараттық жүйемен басқару функциясының iске асырылуын қамтамасыз етедi. Деректер базасын құрудың мақсаты – деректердi өңдеу уақытын үнемдеу, сақаталатын деректердiң қайталанбауын

қамтамасыз ету, деректердiң қарама-қайшылығы мен үйлеспеушiлiгiн жою, есептi шешу үшiн деректердi көптеген пайдаланушылардың ортақ пайдалануы, есептi шешу программаларынан деректердiң тәуелсiздiгi, деректер базасында деректердi сақтаудың сенiмдiлiгi және т.б.

Деректер базасын пайдалану деректердi басқаратын деректер базасында орналасқан программалық құралдарды талап етедi, мұндай құралдарды деректер базасын басқару жүйесi деп атайды. Деректер базасын басқару жүйесi – бұл деректерге пайдаланушылардың қолданбалы ақпараттық жүйелерiнен қатынауды қамтамасыз ететiн енгiзу-шығарудың, жүктеудiң, ақпараттық массивтерге өзгертулер енгiзудiң жалпы жүйелiк программалар кешенi. Деректер базасын деректер базасын басқару жүйесiмен қоса деректер банкi деп атайды, яғни деректер банкiнiң құрылымы екi бөлiмнен тұрады: деректер базасы және деректер базасын басқару жүйесi.

Машина iшiндегi ақпараттық база берiлген тапсырманың деректер базасы қатқыл және жұмсақ магниттiк дискiлерде, компакт-дискiлерде орналасқан ақпараттар массивiнен (файлдардан) тұрады.

Машина iшiндегi ақпараттық база Windows операциондық жүйесiндегi FAT32, NTFS файлдық жүйелерiнiң көмегiмен ұйымдастырылады. Файлдық жүйе – бұл ақпараттық жүйенiң файлдардан, каталогтардан және оларды табуға және қатынауға қажеттi ақпараттардан тұратын белгiлi бiр бөлiгi.

Файлдық жүйе машина iшiндегi ақпараттық базаны пайдаланушы мен программист арасында ыңғайлы әдiспен ұйымдастыруға мүмкiндiк бердi.

Жолдарға тiкелей қатынау программалық түрде жасалғандықтан, массивтердi өңдеуде уақытты үнемдеуге мүмкiндiк бередi.

Массивтердiң суреттемесi 8-кестеде көрсетiлген.



8-кесте. Деректер базасы кестелерiнiң атаулары мен сипаттамалары

Аталуы

Идентификатор

Маңызы

Мiндеттемелер кестесi

Obligations

Мiндеттемелердiң реквизитерiн құру

Есеп беретiн тұлғалар анықтамалығы

Persons

Есеп беретiн тұлғалардың реквизиттерiн сақтау

Бөлiмшелер анықтамалығы

Departments

Бөлiмшелердiң реквизиттерiн сақтау

Банктер туралы анықтамалар

Cities

Банктер туралы реквизиттерді сақтау

Валюталар анықтамалығы

Currencies

Валюталардың реквизиттерiн сақтау

Есеп беретiн тұлғалардың құжаттарының кестесi

Documents

Есеп беретiн тұлғалардың құжаттарының реквизиттерiн сақтау

Бюджет кірістері

TD

Бюджет кірістерінің реквизитерiн құру

Шығыстық кассалық ордер кестесi

ACW

Шығыстық кассалық ордердiң реквизитерiн құру

Кiрiстiк кассалық ордер кестесi

RCW

Кiрiстiк кассалық ордердiң реквизитерiн құру

Аванстық есеп кестесі

AR

Аванстық есептің реквизиттерін құру

2.4.Программалық жабдықтау

2.4.1. Қолданылатын программалық жабдықтарға сипаттама
Программалық жабдықтау ақпараттық жүйенiң мақсаттары мен программалар жиынтығын, сонымен қатар, техникалық құралдар кешенiнiң қызметiн жабдықтауын көрсетедi. Программалық жабдықтау жалпыжүйелiк және арнайы болып бөлiнедi.

Программалық жабдықтаудың құрамына әмбебап құралдармен қоса, әртүрлi жеке мәселелiк облыстарға негiзделген пакеттер мен программалар да кiредi.

Программалық жабдықтаудың негiзгi үш классын бөлiп көрсетуге болады:


  • қолданбалы программалық жабдықтаулар – тiкелей пайдаланушылардың жұмыстарын (ақпараттық массивтердi өңдеу, текстерге өзгертулер енгiзу және т.б. ) жеңiлдетуге қажеттi программалар мен қолданбалы пакеттер;

  • жүйелiк программалық жабдықтар - әртүрлi көмекшi функцияларды (операциялық жүйе, драйверлер, операциялық қабықшалар және көмекшi программалар) орындайтын жүйелiк программалар;

  • құралдық жүйелер – бұл жаңа программалар жасауды қамтамасыз ететiн программалау жүйесi.

Программаны орындау ортасын таңдау кезiнде мынадай бiрнеше факторды ескерген жөн:

  • нақты ортаға программалық жабдықтауды жобалау процессiнiң қиындығы мен күрделiлiгi;

  • программалық жабдықтауды жобалау құрал-жабдықтарының болуы;

  • пайдалану кезiнде программаға өзгерту енгiзу мүмкiндiгi;

  • пайдаланушы интерфейсiн жасау құралдарының болуы;

  • программаның орындалу жылдамдығы;

  • программаның жұмыс iстеудегi сенiмдiлiгi және қателiктерден қорғалуы.

2.4.2.Программалық жабдықтаудың құрылымы


Операциялық жүйе компъютердiң барлық құрылғыларының жұмысын және программалық жасауды басқару үшiн қажет екендiгiн бiлемiз. Ол компъютер мен адам арасындағы байланысты қамтамасыз етедi, бұл дегенiмiз операциялық жүйе – компъютердi iске қосқан кезде жүктелетiн және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа.

Операциялық жүйе қолданушымен диалог ұйымдастырады, орындауға басқа программаларды iске қосады, компъютердiң ресурстарын (оперативтi жад, дискiдегi орынды, т.б.) бөледi.

Адамның көзқарасынша, операциялық жүйе компъютердiң электрондық құрауыштары, қолданбалы программалар және адам арасында келiстiрушi болып қызмет етедi. Ол адамға программаларды iске қосуға, барлық мүмкiн деректердi оларға беруге және олардан алуға, программаның жұмысын басқаруға, компъютердiң параметрлерiн және оған қосылған құрылғыларды өзгертуге, ресурстарды қайта бөлуге мүмкiндiк бередi. Дербес компъютерде жұмыс iстеу, шынында да, оның операциялық жүйесiмен жұмыс iстеу болып табылады.

Дербес компъютердi, яғни олардың операциялық жүйесiн дүние жүзi бойынша жүздеген миллион адамдар қолданады. Дербес компъютердiң операциялық жүйесiмен танысу да телефон арқылы звондау және теледидарды қосу, банкiнi және почтаны, сөздiктердi және анықтамаларды қолдана бiлу сияқты қазiргi қоғамда соншалықты қажеттi болып келедi.

Қазiргi операциялық жүйе – бұл бiрнеше жыл iшiнде жүздеген және мыңдаған құрастырушылар құратын күрделi программалық комплекстер. Операциялық жүйенiң сипаттамасы қалың томды алады, ал толық үйрену талай жылдарға созылуы мүмкiн. қуанышқа орай, операциялық жүйенi жақсы қолдану үшiн көп бiлудiң қажетi жоқ – жұмыс iстеудiң жалпы принципiн және негiзгi операцияларды орындаудың әдiстерiн бiлсе болғаны. Нақты операциялық жүйемен жұмыс iстеудiң практикалық дағдыларын меңгермейiнше, онымен жұмыс iстеу мүмкiн емес; жалпы принциптерiн бiлмейiнше, жүйенi тиiмдi қолдануды үйрене алмайсыз және қазiргi дербес компъютердiң кез келген қолданушысында ерте ме, кеш пе пайда болатын проблемаларды шеше алмайсыз.

Көптеген операцияларды орындаған кезде ОЖ бiзден бiздi қызықтырмайтын мынадай әрекеттердi: мысалы, белгiлi секторда оқитын бастиектi қалай орнатуды, нақты жолшықтан информацияны оқуды, дискiден бос жердi тауып және сонда фалды жазуды және т.б. жасырады. Бiз үшiн компъютермен қатынасудың ыңғайлы әдiсi – операциялық жүйе қамтамасыз ететiн интерфейс маңызды.



Жалпы жүйелiк программалық жабдықтау

Қазiргi уақытта дербес компъютерде операциялық жүйенiң екi типi кең етек алды. Бiрiншi типке Microsoft компаниясының жеткiлiктi ұқсас екi жүйесi жатады: WindowsXP және Windows 2000 Server.

Өз тарихында Microsoft компаниясы ең алдымен Windows NT жүйесiн құрастырды. Бiрақ сол кездегi дербес компъютерлердiң қуаттылығы бұл жүйенi тиiмдi қолдану үшiн жеткiлiксiз болып шықты. Компъютердiң қуаттылығына неғұрлым қарапайым талаптары бар жүйенiң қысқартылған нұсқасы Windows’95 деген атпен жарыққа шығарылды және бiрден кең таралды. Бұл операциялық жүйе ЭЕМ қолданушыларының алдыңғы интерфейстерiмен салыстырғанда елеулi iлгерi қадам болып саналады.

Windows жүйесiмен UNIX типтi операциялық жүйе бәсекелеседi.



UNIX – бұл командалық интерфейсi бар көп есептi көп қолданушылы ОЖ.

Ол 20 жылдан астам бұрын сол кездегi жоғарғы сенiмдiлiктi талап етушi есептердi шешетiн ең қуатты компъютерлер үшiн құрастырылған болатын.

UNIX және Windows типтi жүйелермен барлық операциялық жүйелердiң әртүрлiлiгi тамамдалмайды. Көпшiлiкке арналған алғашқы дербес компъютер американдық Apple компаниясында шығарылған. Rank Xerox компаниясының жаңалығы – қазiр барлық жерлерде қолданылып жүрген графикалық көп терезелi интерфейстi алғашқы болып өмiрге енгiзген де осы компания болатын.

Деректер базасын басқару жүйесi. қазiргi таңда ақпараттардың ағымы үнемi ұлғаюда және бүгiнгi күнде ешқандай анықтамалар ақпаратты үнемi және өз уақытында жаңартып отырмақ түгiл, оны сыйғыза да алмайды.

Бұл проблеманы шешу үшiн көмекке компъютерлiк технологиялар келедi. Компъютерде есептеудi жүргiзетiн, графикалық бейнелердi, мәтiндердi құруға мүмкiндiк беретiн программалардан басқа, үлкен көлемдi ақпараттарды сақтау, өңдеу және iздеу үшiн арнайы программалар бар. Мұндай программалар деректер базасын басқару жүйесi (ДББЖ) деп аталады.

Қазiргi уақытта дербес компъютерлер үшiн реляциялық типтегi ДББЖ екiге бөлiнедi: локалъдiк және өндiрiстiк. Локалъдiк ДББЖ шағын мекемелерде пайдаланылса, өндiрiстiк ДББЖ iрi кәсiпорындарда серверлiк жүйелерде қолданылады. Локалъдiк ДББЖ мынадай түрлерi бар: dBASE, FoxPro, Paradox, Access және т.б. Ал өндiрiстiк ДББЖ мынадай түрлерi қолданылады: Oracle, MS SQL Server, Informix, InterBase және т.с.с.

Деректер базасы негiзiнде үш белгiсi бойынша жiктеледi:

Бiрiншi белгiсi – сақталынған ақпараттың сипатына қарай деректер базасы фотографиялық және құжаттық болып бөлiнедi. Фотографиялық деректер базасы қатаң анықталған пiшiмде ұсынылған, жазылған объектiлер туралы қысқаша мәлiметтерден түрады. құжаттық деректер базасы әр түрлi типтегi: мәтiндiк, графикалық, дыбыстық, мулътимедиялық кең көлемдегi ақпараттардан тұрады. құжаттық деректер базасы – бұл архив.

Екiншi белгiсi – ақпараттарды сақтау әдiсi бойынша деректер базасы орталықтандырылан және бөлектелiнген болып бөлiнедi. Орталықтандырылған деректер базасында барлық ақпараттар бiр компъютерде сақталады. Бөлектелiнген деректер базасы компъютердiң жергiлiктi және ауқымды желiлерiнде қолданылады және ақпараттың әр түрлi бөлiктерi бөлек компъютерлерде сақталуы мүмкiн.

Үшiншi белгiсi – ақпаратты ұйымдастыру құрылымы бойынша деректер базасы реляциялық, иерархиялық және желiлiк болып бөлiнедi.

Реляциялық деректер базасының құрылымы. Реляциялық деректер базасы деп өзiнiң құрамды бөлiктерiнiң өзара байланысынан құрастырылған деректер базасын атайды. қарапайым жағдайда ол бiр тiк бұрышты кесте құрайды. Күрделi реляциялық деректер базасы көптеген тiкбұрышты кестеден тұрады. Бұдан деректер базасының екiншi аты туындайды – кестелiк деректер базасы.

Кестелердегi деректердiң арқасында қатынастың өте кең тарағаны және әсiресе жиi қолданылатыны – қатарларында объектiлер туралы ақпараттан, ал бағаналарында объектiнiң жеке қасиеттерiнен (сипаттамасынан) тұратын қатынасы бар “объект-қасиет” типi болып табылады.

Кестенiң келесi тараған типi – бұл әртүрлi объектiлер арасындағы қатынасты бейнелейтiн “объект-объект” типi болып табылады.

Реляциялық деректер базасында қатарлар жазбалар деп, ал бағаналар өрiстер деп аталады. Бiр жазба деректер базасының бiр ғана объектiсi туралы ақпараттардан тұрады. Өрiстердiң әрқайсысының жеке өзiне тән аттары болады және олар осымен бiр-бiрiнен ерекшеленедi. Ал жазбалар бiр-бiрiнен өрiстердiң кiлтiнiң мәнiмен ерекшеленедi. Деректер базасының кiлтi дегенiмiз басқа жазбаларда қайталанбайтын мәндерi бар өрiс.



Арнайы программалық жабдықтау

Арнайы программалық жабдықтау – бұл нақты ақпараттық жүйенi жобалауда оның функцияларын iске асыру үшiн қолданылатын программалар жиынтығы және ақпараттық жүйенiң программалық жабдықтауының бiр бөлiгi.

Программалық кешеннiң құрылымдық схемасы жобаланатын жүйенiң негiзгi қырлары мен сыртқы көрiнiсiн және пайдаланушылармен өзара әрекеттесу қағидаларын анықтайды. Жобаланатын жүйенiң схемасы иерархиялық ағаш құрылымын, енгiзудiң суреттеу процедурасын, өңдеудi және деректердi шығаруды көрсетедi. Программаларды ақпараттық-анықтамалық классы қағидасымен құру оларға болашақта оңай өзгертулер мен толықтырулар енгiзуге және жалпы программаның жұмыс iстеу қағидасын өте жеңiл түсiнуге мүмкiндiк бередi. Диалог ағашын құру үшiн жоғарыда келтiрiлген деректердi өңдеу процедураларының иерархиясын және байланысын анықтау қажет. “Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың” программасының диалог ағашы (басты менюi) мына суретте көрсетiлген.

Басты меню





Міндеттемелер


Іссапар куәлігі


Анықтамалықтар


ШКО


Құжаттар

ККО


Есеп беретін тұлғалар

Аванстық есеп


Көмек

Программа туралы



Бөлімшелер



Қалалар

Шығу

Валюта

Қорытынды

Бұл курстық жұмыста “ Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың” есептер кешенiн шешу кезiнде объектіге (банкке), оның қызметiне және қолданылатын басқару жүйесiне талдау жасалған. Программалық-техникалық құралдар, ақпараттық технологиялар қарастырылып, олардың жабдықтау түрлерiне талаптар қойылған. Сонымен қатар, оның бухгалтерлiк жүйеде алатын орны да анықталған.

“ Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың ” ақпараттық жүйесi икемдi және кез келген өзгерiстерге, толықтыруларға ыңғайлы болып келедi. Есептер кешенiн жобалау нәтижесiнде пайдаланушыға қажеттi құжаттарын ешқандай қиындықсыз алуына мүмкiндiктер жасалған. Қазынашылықтың экономикалық қызметiнде оптималды жағдай жасайтын, көптеген мүмкiн шешiмдер жиынынан ең тиiмдiсiн таңдау кезiнде тиiмдi формалар мен басқару әдiстерiн iздеу ең маңызды факторлардың бiрi болып табылады.

Жұмыс нәтижесiнде ақпараттық жабдықтау жасалып, шешiмдер алгоритмi жобаланған. Есептер тiзiмi құрылып, олардың иерархиясы жасалған, басқару жүйесi элементтерiнiң қызмет ету моделi жобаланған, осы элементтерге өнiмдiлiк, сенiмдiлiк, қайта қалпына келтiрушiлiк, ұзақтылық, жұмысқа бейiмдiлiк және құндылық талаптары негiзделген.



Қолданылған әдебиеттер:

  1. Бабичева Ю.А. Банковское дело: Учебное пособие. – Москва: Экономика, 1996.

  2. Бралиева Н.Б., Байшоланова К.С., Гагарина Н.Л. Бизнестегі ақпараттық жүйелер: Учебное пособие для студентов экономических специалъностей. - Алматы: Ратопринт, 1994.

  3. Бухгалтерские информационные системы: Учебное пособие/ Тулегенов Э.Т., Бралиева Н.Б., Л.А. Стороженко, И.А. Матвеева. – Алматы: Экономика,1999. – 120 с.

  4. Диго С.М. Проектирование баз данных: Учебник. – М.:Финансы и статистика, 1998. – 216 с.

  5. Жуков Е.Ф. Банки и банковские операции. – Москва: Банки и биржи, 1997.

  6. Жуков Е.Ф. Денъги. Кредит. Банки. - Москва: Банки и биржи, 1999.

  7. Инструкция о служебных командировках работников государственных объединений, предприятий и организаций РК на основе кабинета Министров РК от 24 августа 1993, № 20.

  8. Камаев В.Д. Учебник по основам экономической теории. – Москва: Владос, 1995.

  9. Лаврушин О.И. Банковское дело. – Москва: Финансы и статистика, 1996.

  10. Неверова Е.Г. Технология проектирования баз данных и знаний. - Алматы: Экономика, 2000.

  11. Ремеев В.П. FOX PRO 2,5 для MS DOS. Описание команд и функций. М.: Фирма “Мистралъ”, 1994.

  12. Родостовец В.К. Совершенствование бухгалтерского учета в РК. 1994.

  13. Родостовец В.К, Надеева Н.В. Учет расчетов по командировкам. //Бюллетенъ бухгалтера, 1996, июлъ (№ 26), с. 4-14.

  14. Сван Т. Delphi 3.0. – Киев: Диалектика, 1997.

  15. Сейткасимов Г.С. Денъги. Кредит. Банки. – Алматы: Экономика, 1996.

  16. Уткин Э.А. База данных банкира.– Москва: ЭКМОС, 1998.

  17. Фаронов В.В. Delphi 7. Учебный курс. - Москва: Нолидж, 2003.

  18. Фаронов В.В., Шумаков П.В. Delphi 4. Руководство разработ÷ика баз данных. - Москва: Нолидж, 1999.

  19. Шафрин Ю. Основы компъютерной технологии. – Москва: ABF, 1996.

  20. Настолъная книга валютного дилера. – Москва: Верба, 1992.

  21. Положение о Националъном банке РК.

  22. Положения о структурных подразделениях НБРК.

  23. Проблемы правового обеспечения репо в Казахстане. - Журнал “Экономическое обозрение”, октябръ, 1998.

  24. Сайт “О Националъном банке Республики Казахстан” в Internet, адрес: www.nationalbank.kz.

  25. Учет и анализ дебиторской задолженности: анализ счетов. Примеры проводок. Зарубежный опыт. Алматы: БИКО. Библиотечка бухгалтера.

  26. Сайт « О Казначействе Республики Казахстан» .





жүктеу 0,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау