Курстық жұмыс Тақырыбы



жүктеу 70,25 Kb.
бет2/4
Дата03.02.2022
өлшемі70,25 Kb.
#35262
1   2   3   4
Махамбетова Нэлля econom

Курстық жұмыстың мақсаты:

Курстық жұмыстың міндеттері:

Курстық жұмыстың құрылымы

І. Кәсіпкерлік қызметінің әлемдік тәжірибесінің қалыптасуының теориялық негіздері
1.1. Кәсіпкерлік қызметінің әлемдік даму концепциясы

Кез-келген адам кәсіпкер бола алмайды. Біреулер кәсіпкерлік процеске белсенді араласып сіңісіп кетсе, ал кейбіреулердің қолынан ондай іс-әрекет келмейді. Неліктен? Кәсіпкер болу үшін бейімділік қажет пе, әлде кең ой-өріс, жолы болғыштық па? Әлде керекті жерде, нақты уақытта , нақты жағдайда белгілі істі бастау ма? Дәлірек айтқанда кәсіпкерлік үшін осы барлық қасиеттердің әсерлі қиылысуы маңызды болып табылады. Кәсіпкер ретінде қалыптасу бағытында кәсіпкердің өзі, оның жеке қасиеттері, сипатты ерекшеліктері өте үлкен роль атқарады. Көпшілік кәсіпкерлер атақты жоғарғы оқу-орнын аяқтағанымен олардың барлығы табысты кәсіпкерлік немесе кәсіпкерлікпен бола алмайды. Кәсіпкер деген кім? Кәсіпкер дегеніміз не? Неліктен адамдар кәсіпкер болуға ұмтылады және кәсіпкер болу оңай ма деген сқрақтарға жауап бермес бұрын «кәсіп» деген сөздің этимологиясы мен даму эволюциясын зерттеуден бастаған дұрыс болар. «Кәсіп» біріншіден, тіршілік әрекетінің белгілі бір кәсіппен айналысатын адам, қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде (редакторы Қалиев.А 1997) көрсетілген. Кәсіпкерлік тәуекел ету ұғымы өз дамуын ХVІІ ғасырдан бастады. Осы уақыттан бастап жұмысты орындау немесе белгілі бір бұйымды жеткізіп тұру үшін мемлекет пен шарт жасасқан адамдарды кәсіпкерлер деп атай бастайды. Келісім шарттың құны неғұрлым алдын-ала кесілген болса, пайда мен шығынның мөлшері кәсіпкерлердің сәтті істерімен анықталды. Дәл осы кезеңге Джон Лонның әс-әрекетін жатқызуымызға болады. Джон Лонның қателігін ХVІІІ ғасырдың басында өмір сүрген белгілі ағылшын экономисі Ричард Контильон (1725-1730) түсінді. Кәсіпкер дене терминді француз экономисі Р. Кантильонның есімімен байланыстырды. Ол кәсіпкерліктің алғашқы концепцияларының бірін жете зерттеді және оны кейбір зерттеушілер терминнің атасы деп есептейді. Контильон Ирландияда 1967 жылы туылып, 37 жасында Лондонда қаза тапқан. Бай тәжірибесі бар кәсіпкер 20 жасында ақ Парижде атақты баркир болған. Оның көптеген еңбектерінен бізге жеткені біреу ғана. Ол 1755 жылы қайтыс болған соң жарияланған «Сауда табиғаты туралы очергі» деген еңбегінде алтындай ақшалай ағымның механизмдік теориясын жасай отырып арзанға ал да қымбатқа сат формуласын паш етті және осы формуланы жетекшілік ететңн адамдарды кәсіпкер деп атады.


Кейінірек оның идеясын неміс экономисі орналастыру теориясының негізін қалушысы және шекті өнімділікті зерттеуші Тюнен дамытты. Ол кәсіпкерді өз саласындағы өнім өндірісін ұйымдастыруда жаңа әдістер енгізіп, жаңа өткізу нарықтарын іздестіретін тұлға деп есептеді.

1976 жылы Адам Смит «табиғат туралы зерттеулер мен халықтардың бай болуының себептері» деген еңбегінде жер, еңбек, капиталды өңдірістің негізгі факторлары деп көрсетіп, кәсіпкерлік туралы ештеңе айтпаған болатын. Тек 1810 жылы Жан Батис Сэй кәсіпкерліктің ролі мен маңызын негізгі өндіріс факторларына дейін көтерді. Сэй «ағылшын кәсіпкерлерінің дарыны» англия өндірісінің табысты дамуының басты факторларының бірі деді. Сэйдің ойынша «өндіріс шеберлері» келесі қасиеттері мен қабілеттері: төлеуге қабілетті, адал, алды артын ойлайтын, сақ, мұқият, байсалды болу;

олар капиталды тарта біліп, несиелерді өз уақытында қайтара білуі;

олар тауарлардың маңыздылығын, ерекшелігін өндіріс тәсілдеріне болжанып отырған сұранысты дәлдікпен бағалай алуы; олар алға қойған мақсатқа сай экономикалық көрсеткіштерді бақылай отырып, жұмысшыларды тарта білуі, тұтынушыларды таба білуі;

тауарды тұтынушыларға сатпас бұрын оның құнын бағасын дұрыс анықтай білу қажет деп есептеді.

Келтірілген сипаттамалардан Жан Батис Сэй кәсіпкерді ерекше талантты мен жүр деп байқауға болады.

Кәсіпкерлік термин одан ары танымал еткен ағылшын экономисі Д. Миль (1806-1873) «Саяси экономияның принциптері» деген белгілі еңбектің авторы.

Афстриялық субьективті экономикалық мектептің негізін салушы Карл Менеджер кәсіпкердің қызметінде онша үлкен рол ойнамайды. Тәуелділік кездейсоқ сипатта болатын, көп кездеспейтін құбылыс дейді. К.Менеджер қасиетті ресурстарды табу мен қандай өнім түрін таңдау қажеттігі туралы шешім қабылдау процесінің келесідей 4 негізі сатысын жасады;


-экономикалық жағдай туралы ақпаратты жинау;

-экономикалық есеп (ең тиімді өндіріс тәсілін анықтау);

-кәсіпорын мақсатыны сай келетін өнімдерді таңдау;

-1890 жылы Альфред Маршал ең бірінші болып менеджер мен кәсіпкер арасындағы айырмашылықты көрсетті.

Кәсіпкерлік принципті ғылыми әзірлеуде Афстриялық экономист ұзақ уақыт бойы АҚШ-тағы Гарвард Цниверситетінің профессоры болған И. Шумпетердің (1883-1950 ж.ж) еңбектері өте маңызды. Менеджменттің орта ғасырлық тарихын зерттеуші маман И.Шумпетерді қазіргі кәсіпкерліктің әкесі деп атайды. И.Шумпетер кәсіпкерлікті тек кәсіпкерлікті басқаратын менеджер ретінде сипаттамайды. Оның ойынша кәсіпкер қызыметінің басты мәні жаңа өндіргіш күштерді ұйымдастырып, қиыстырудың нәтижесінде жалпы экономика өсімді немесе өндіріс циклін жылдамдату болып табылады. Шумпетердің көзқарасы бойынша жаңа комбинациялар орындау үшін (кәсіпкердің бас қызметі):

-жаңа тауар рыногі үшін тауар дайындау:

-ұйымдастырып жатқан ондіріс процесіне жаңа технологияны енгізу;

-жаңа сауда рыногын жаулап алу;

-жаіа шикізат түрлерін енгізі;

-ұйымдастырудың жаңа формаларын табу қажет деді.


Франк Найт (1921) кәсіпкерлік қызметінің ерекше белгісі бұл бейсәлім жағдайда жұмыс істеу деп оған ерекше көңіл бөлді. Ф. Найттың айтуы бойынша кәсіпкер бұл әр уақытта өз пікірін қорғайды, мүмкін болатын кедергілерді қайсарлықпен жеңе білу керек деп есептеді.
1940 жылы Харбин қаласында К. Гинстің 1887 жылы – 1971 жылы «кәсіпкер» деген кітабы орыс тілінде шықты. Гинс кәсіпкерді фабрикалар мен зауыттарды қозғалыстарды инженер деп белгіледі. Ол « 1937 жылы біздің елде сауатсыздар басым кезде, қызметкерлер мен жұмысшыларға олардың еңбектерінің арқасында сияқты болып көрінеді». Бқл жалған идея қызметкерлер мен бар ойын, олардың жан дүниесін тынымсыз қатыгездікпен уландырды. Еңбекпен қанау туралы жалған ғылыми Маркстік-теория қатыгездікті жандандыра түсті.

Ал Давид Маклейт (1961ж) кәсіпкерлерге келесідей сипаттама береді:

-аяқталатын тәуелділікке бара білі;

-жігерлілік пен құрастырушылық;

-жеке тұлғаның жауапкершілігі;

-қабылданған шешімнің себеп салдарын білу;

-қабылданатын шешімнің нәтижесінің көрсеткіші пайда;

-қоршаған ортада болатын һзгерістерді алдын ала көре білу;

-ұйымдастырушылық шеберлігі.

Ол кәсіпкер белгілі бір тәуелділік жағдайында іс әрекет істейтін жігерлі адам деп сипаттама берді.


1.2. Кәсіпкерліктің қалыптасуындағы мектептер
Қазіргі кәсіпкерлік теориясында кәсіпкерліктің 6 концепциясы анықталған. Бұл концепцияларының әр қайсысы жекелеген мектеп ретінде кәсіпкерлік пен кәсіпкерлеу процесті өздігінше түсіндіруге тырысады. Оларға:

-жеке қасиеттерді бағалау тұрғысындағы кәсіпкерлік мектеп;

-классикалық кәсіпкерлік мектеп;

-психологиялық кәсіпкерлік мектеп;

-менеджмент тұрғысынан қарағандағы кәсіпкерлік мектеп;

-лидерлік тұрғыдан қарағандағы мектеп;

-ішкі кәсіпкерлік мектеп.
Жеке қасиеттерді бағалау тұрғысындаы кәсіпкерлік мектеп-атақты кәсіпкер болу үшін белгілі бір жекелеген қасиеттерді иелену керек дейді. Алға қойған мақсатқа жету үшін кәсіпкер өзінің идеясының өмір шеңдігін дәлелдеп ғана қоймай өзгелердің, ынтасын оятып, арттыруы қажет. Бұл мектептің кәсіпкері тәуелсізі мен табысқа ұмтылып, өте еңбек қор, қайратты, айтқанынан қайтпайтын табандылығымен ерекшеленеді. Олар тек қана өзінің қабілетіне сенеді. Жағдайлық ыңғай қазіргі менеджмент теориясында берік бағытқа ие болса, жеке қасиеттер тұрғысындағы мектеп басқа концепцияларға қарағанда қарапайымдылығымен ерекшеленіп, кең таралып отыр.
Кәсіпкерліктің мінез-құлық мектебі кәсіпкерлердің өмірге деген көзқарастарында ерекше құндылықтар жүйесі бар деп есептейді. Мінез-құлық мектебінің үш тобы бар:

-құндылықтар мен дүниеге көзқарастардың жеке жүйесі, оларға адалдық, жауапкершілік, этикалық тәртіп жатады;

-тәуелсізділікке бейімділігі;

-жетістікке жету қабілеті;
Кәсіпкерлердің классикалық мектебі-бқл мектептің ілімі Шумпетердің ілімімен тығыз байланысты. Ол кәсіпкерлік процестің негізі инновациялық құрастырушылық қызмет кәсіпкерлік қызметтің басты фактор болғандықтан мұндағы басқару стилі тнновациялық сипаттағы жаңа кәсіпорындарды құруға бағытталуы керек дейді.

Менеджмент тұрғысындағы кәсіпкерлік мектеп – бұл мектептің іліміне сәйкес кәсіпкерлік басқару іліміне негізделгендіктен оның анықтамалары менеджменттің дәстүрлі анықтамаларымен тығых байланысып жатыр Джен Старт Миль кәсіпкерді тіуелділікке бейім, жетекшілік, бақылау жасайтын адам деп сипаттама берсе, ал кейбір зерттеулерде кәсіпкерлерді кәсіпорынды құруға қажетті кәсіпорын стратегиясымен кәсіпкерлік жоспарын жасау, кәсіорынды құру мен оның дамуын, өсуін басқару қызметін байланыстырады. Бұл мектептің басқа мектептерден айырмашылығы оқыту мен дайындау арқылы кәсіпкерлерді дайындауға болады деуінде. Бұл мектептің пікірінше кәсіорынды басқару негізгі функцияларын оқыту, үйрету болашақта болу мүмкін сәтсіздітердің санын азайтады.
Лидерлік тұрғысындағы кәсіпкерлік мектеп- бұл мектептің ілімі бойынша белгілі мақсаттарға жетуде қызметкерлердің іс әрекетіне әсер етіп еңбекке жұмылдыратын адамды лидер дейді. Лидер тұрғысында кәсіпкерлік мектептің негізгі ілімі менеджмент тұрғысындағы кәсіпкерлік мектеп іліміне жақын, бірақ олар кәсіпкерлердің, ерте білу сияқты лидерлік қасиеттеріне басым жасайды.
Ішкі кәсіпкерлік мектебі-ірі кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі мен бәсекеге қабілеттілігі төмендеген жағдайда пайда болды. Ішкі кәсіпкерлер ұйымның ішінде еркін іс әрекет , кәсіорынның иесі болмаса да өз идеяларын жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болу, кәсіпкерлер исияқты іс әрекет етеді. Ішкі кәсіпкерлік мектебі жекелеген қызметкерлерге автономдық, құрылымдық бірліктерде кәсіпкер ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік берген жағдайда ғана кәсіпорынға жаңалықтар енгізеді деп болжам жасайды.
Жоғары да айтып өткендерден кәсіпкерлік жаңа кәсіпорынды құруды жауапкершілікпен тәуелділікті мойына алуды тудыратын (классикалық мектеп) жеке қасиеттерді бағалаудың интеративті процесін жүзеге асыру барысында (жеке қасиеттері мен психологиялық мектеп) кәсіпорынды басқару үшін кәсіпкерлік менеджменттің негізгі тәсілдері мен әдістерін білуді (менеджмент тұрғысындағы мектеп), өсім процесінің барысында кәсіпкерлік қызметті жандандыру үшін жекелеген тәуелсіз құрылымдарды анықтауды қажет ететін қызмет (ішкі кәсіпкерлік мектебі) деп қорытынды жасай аламыз.
Ал бүгінгі таңда кәсіпкерлік түсінігінде «жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңында азаматтардың өз меншігінің немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаның меншігіне негізделген азаматтардың өзінің немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаның заңдылық негіздегі жауапкершілігі мен тіәуекелділігі өз мойнына алып, табыс табуға бағытталған азаматтардың немесе заңды тұлғалардың бастамалық қызметі деген анықтама берген.
Кәсіпкерлік қолданып жүрген заңдар шеңберінде, азаматтардың өз меншігінің немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаның меншігіне негізделген азаматтардың өзінің немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаның заңдылық негіздегі жауапкершілігі мен тәуекелділігін өз мойнына алып, өзінің жеке пайдасы мен қоғамдық пайданың қажетті үйлесімін қамтамасыз етуге бағытталған азаматтардың немесе заңды тұлғалардың бастамалық қызметі деген анықтама берген дұрыс деп ойлаймыз.
Кәсіпкерліктің бұл анықтамасы кәсіпкерліктің тек қана белгілі бір қызметпен айналыса алу қабілеттілігін қана сипаттамай белгілі бір қызмет түрі екендігін анықтайды.

ІІ. Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы әлемдік тәжірибе:

АҚШ, Азия, Батыс Еуропа
2.1. АҚШ тәжірибесіндегі шағын және орта кәсіпкерлік
Кейінгі 10 жылдықтарда экономикасы дамыған батыс елдерінде бәсекенің дамуы әсерінен шағын және орта кәсіпкерлік ролі арта түсті. Мұның басты себебі-экономикалық сектордың кәсіпорындарына тән артықшылықтары. Дамыған елдердің көпшілігінде экономикалық өсудің шешуші факторы шағын кәсіпкерлікті жан жақты дамыту болып табылады. Олардағы кәсіпорындардың, жалпы санының ішінде шағын және орта фирмалардың үлесі 80-нен 99-пайызға дейінгі мөлшерді қамтып, елдің ЖҰӨ-ң 50 пайызға жуығын өндіруді қамтамасыз етіп отыр.
Дамыған елдерде шағын кәсіпорындар мынадай салаларда басым рол атқарады сауда, автосервис, құрылыс, қызмет көрсету салалары, қазір шағын кәсіпорындар жоғарғы технологиялық, сфераларға машина құрылысы, энергетика, химиялық өнеркәсіп, транспорттық қызмет, информатика, микроэлектроника, телекомуникация салаларына әр тараптандырылып жатыр.
Шағын және орта кәсіпорындардың ірі кәсіпорындармен қатар қызмет етуі дамыған елдер экономикасына тән белгі.
Әсіресе соңғы кезеңдерде АҚШ-та дағын бизнес кеіінен дамып отыр. Ол жұмыскерлер саны 50 адамға дейінгі шағын және орта фирмалардың жиынтығы болып табылады. Бқл фирмалар американдық барлық фирмалардың пайызын құрайды. Бұлардың негізгі бөлігі ұсақ, көбінесе жанұялық немесе жек кәсіпорындарү Мұндай фирмалардың 8,7 пайызында саны 20-дан аспайтын, ал 80 пайызында 10-нан аспайтын адам жұмыс істейді. 80-жылдардың аяғында АҚШ-та шағын фирмалардың өсуі сандық және сапалық жағынан да ерекше байқалды. Мысалы тек 1988 жылдың өзінде ғана 1млн шағын кәсіпорын пайда болса, 1989 жылы 1,3 млн шағын фирмалар құрылды. Мұның алдындағы жыл сайын  600 мыңға жуық жаңа кәсіпорын өмірге келіп отырған. АҚШ-та тіркелген кәсіпорындардың  711пайызға жуығы шағын кәсіпорындар. Бұл шағын кәсіпорындар ЖҰӨң 53пайызын, көтерме сауданың 64 пайызын, бөлшек сауданың 72 пайызын, қызмет саласының 57 пайызына ие болып отыр. АҚШ-та шағын кәсіпорындар тұрақты түрде қолдауға ие. Әр түрлі мемлекеттік ретеулер мен олдау шаралары құқықтық базаға негізделеді. Солардың бірі «Шағын кәсіпкерлік туралы» заң. АҚШ конгресінде шағын кәсіпкерлік проблемаларымен екі комитет айналысады.

АҚШ шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік жүйесі:

-бюджеттен тікелей датациялау;

-мемлекеттік тапсырыстардың бір үлесін шағын кәсіпорындарда орналастыру;

-шағын кәсіпкерлікке несие беру кезінде мемлекеттік кепілді қолдану;

-шағын кәсіпкерлікке салықтық жеңілдіктер беру;
АҚШ-та шағын кәсіпорындар жетекші орын алады. Сондықтан да федералдық, штаттық басқару органдары шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына үлкен мән беріп отыр, оның дамуына барлық жағдай жасап жатыр.
2.2. АҚШ тәжірибесіндегі кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формаларының ерекшеліктері мен Қазақстандық үлгісінің талдамасы
Біздің еліміздегі, нарықтық экономикасы дамыған елдердің кәсіпкерлікті ұйымдық формаларының дамуын талдай отырып біздегі кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ұйымдық-құқықтық формалары шетелдік кәсіпкерлікті ұйымдастыруға ұқсас қалыптасып жатқанын байқаймыз. Экономикамыздың өтпелі жағдайына сәйкес бір қатар ерекшеліктері бар.

Шетелдік тәжірибеде кәсіпкерлікті негіздеудің 4 формасы бар:

-жеке кәсіпкерліп;

-серіктестіп;

-коорпорация;

-S коорпорация;
Жеке кәсіпкерлік-тіркеу және негіздеу жағынан әлде қайда жеңіл болып табылатын кәсіпкерлікті ұйымдастыру формасы. Жеке кәсіпкердің артықшылығына кәсіпкерлікті толығымен бақылай алу мүмкіндігінің бар болуы жатады. Мұндай кәсіпорын кез келген уақытта сатылуы мүмкін. Кәсіпорынды бағалау құнына негізгі активтер мен бірге бірге активтер емес те кіреді. Серіктестік бұл екі немесе одан да көп қатысушылар пайда алу мақсатында кәсіпорынды ұйымдастырады.
Серіктестершектелген жауапкершілікті, жауапкершілігі шектелмеген болып құрылуы мүмкін. Сонымен бірге әрбір серіктес кез-келген қатысушы серіктестің қарызымен міндеттемелеріне жауап береді.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік бұл әрбір мүшенің салған капиталының көлемінде ғана жауапкершілікті иеленетін серіктестіктердің түрі. Оның басты артықшылықтарына капиталды тарту мүмкіндігі, қатысушыларының жауапкершілігінің шектеуіне сәйкес тәуекелділіктіің төмендетілуі, серіктестер құру барысында жарғылық қордың 25 пайызын төлеп, қалғанын кейінірек салуға мүмкіндік береді.
Толық серіктестік бұл екі немесе одан да көп тұлғалардың ортақ мақсатқа жетуі үшін кәсіпкерлік жігерлердің мүліктердің жұмылдыруға келісуі.

Серіктестің бір немесе бірнеше мүшесі басқа мүшелерінің атынан келісім шарт жасай береді.
Командитті серіктестік деп ортақ мақсатқа жету үшін барлық қатысушылардың кәсіпкерлік жігері мен мүлкін жұмылдыру арқылы кем дегенде бір қатысушының шектеулі жауапкершілікте және бір қатысушының шектеулі жауапкершілікте болуын айтамыз.
Корпоративтер деп өндіріс пен, тасымалдау мен бірге тауарларды сату мен, қызмет көрсетумен айналысатын бірікке еліктегі кәсіпорын саналады.

Коперативтік қана жеке тұлғалар мүше бола алады. Оның құрамы кем дегенде екі адамнан тұру керек. Коперативтердің мүшелері шығып кетіп, бір адам қалған жағдай оның алты ай ішінде коперативтің жаңа мүшелерін таңдап алуына немесе коперативті кәсіпкерліктің басқа формаларына айналдыруға құқы бар, өтпеген жағдайда коператив жойылып кетеді.


2.3. Кәсіпкерлік қызметінің тиімділігін бағалаудың АҚШ –тық әдістемесі

Кәсіпкерді ең алдымен өзінің қызметінен қандай материалдық пайда алатындығы қызықтырады. Кәсіпкерлік идея кез келген бастаманың негізі. Бүгінгі таңда идеяның тиімділігін арттыру мақсатында шешім қабылдаудың ақыл-ой шабуылы әдісі жиі пайдаланылады. Бүгінгі таңда жоғары тиімділікті иелену үшін кәсіпорын қандай критерийлерге сай болу қажеттігін американ ғылымы Джефри Тиммонсомның ұсынған талдау ыңғайын негізге алуға болады.
Сала мен парық саңылауы. Нарық мінездемесі. Егер де кәсіпкер тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыратын немесе бар қажеттілікті сапалы деңгейде қанағаттандыратын өнім өндіріп немесе қызмет көрсету саласын тапса, онда кәсіпорынның қызметі тиімді деп есептеледі.
Тұтынушылар. Нарықтағы тұтынушылардың төлем қабілеттілігінің жоғары деңгейі, қарыздардың болмауы, алынған тауарлар мен көрсетілген қызыметтердің төлем ақшасының өз уақытлы болуы кәсіпорын қызметінің тиімділігіне әсер ететін маңызды көрсеткіш.
Нарық өлшемі. Бизнес тиімді болу үшін тез өсетін сыйымды, минимальды сатылу көлемі 100 млн теңге болатын нарыққа ұмтылу керек. Мұндай көлемді нарыққа ену бәсекелестердің үстемдігінен қорықпай нарықтың 5% үлесін иеленудің өзі сатылу көлемінің едәуір бөлігін иеленуге мүмкіндік береді. Мысалы: 100 миллионды нарықтың 3% пайызы 3 млн теігені құрайды.
Нарық потенциялы. Нарықтың өсуі жағдайында тауар өндірушілердің, қажеттіліктерін қанағаттандыра алу қабілеттілігі маңызды мәселе болып табылады. Басқа тауар өндірушілер өндірісті кеңейту немесе өзінің қуатын дамыту мәселесін шешіп жатқанда, кәсіпкер белгілі уақыт ішінде нарықтағы өзінің үлесін жаулап алу жөніндегі мәселені шешу керек.
Нарық үлесі. Шет елдік тәжірибеде 20 және оданда жоғары пайызды иеленетін кәсіпорын тиімді деп есептеледі. Нарықтағы үлестің жоғарлылығы сатылу көлемінің өсімін өамтамасыз етіп, фирманың өзіндік капиталынан да жоғары сатылу бағасына ие болады.
Инвестициялар рентабельділігі. Инвестициялардың тиімділігінің көрсеткіші таза табысты инвестиция көлеміне бөлу арқылы анықталады. Инвестиция рентабельділігі жылына 25% немесе оданда көп болған жағдайда кәсіпорын қызметін тиімді деп атай аламыз.
Жалпы пайда. Сатылу көлемі мен өнімнің өзіндік құнының арасындағы айырма. Жалпы пайданың жоғарғы және тұрақты болуы кәсіпорынның зиянсыздық нүктесіне бірінші 2-жылдың ішінде жетуін қамтамасыз етеді. Бұл кәсіпорының жоғарғы тиімділікті иемденгенін көрсетеді.

Таза табыс. Салық төлегеннен кейін қалған пайданы айтамыз. Бизнестен сатылу көлемінің 10-15% деңгейінде таза табыс қалмаса онда кәсіпорын төмен тиімділікті деп есептелінеді.
Бәсекелестік деңгейі. Бағаны, шығындарды, тарату тараптарын бақылау, өндіріс пен маркетинг шығындарын төмендеткен фирма жоғары тиімділікке қол жеткізу мүмкіндігіне ие болады. Бағаны, шығындарды, тарату тараптарын бақылау деңгейі бәсекелестік күрес сипатына байланысты анықталады. Негізгі бәсекелестің нарықтың 40-50% үлесін иеленуі жаңа фирмалардың бқл салаға енуінде үлкен тәуекелдікке ие болатынын көрсетеді. Сондықтан кез-келген кәсіпкер бір салаа енбес бұрын ең алдымен негізгі бәсекелестердің жағдайымен танысу керек.
Бизнеске енудегі кедергілер. Тауарды таратуда патенттік құқық пен лицензиялық немесе ерекше құқықты иеленген фирма басқа бәсекелестердің нарыққа енуіне кедергі бола алады.
Технология деңгейі. Жоғарғы тиімділікті технологияны иелену бәсекеге төзімділік деңгейін жоғарлатады. Бизнес әр уақытта жаңалықты жылдам қабылдай алатындай болып құрылуы қажет.
Келешекке бағытталу. Бизнес әр уақытта жаңалықты іздеу және оны өндіру жолдарын қарастыру үстінде болуы қажет, қол жеткізген табыстармен шектелу кәсіпорынды міндетті түрде тоқырауға алып келеді. Қарастырып өткен критерийлердің негізінде келесідей қорытынды жасай аламыз:

-Таңдалынып алынатын әрбір ой жоғары тиімділік критерийіне сәйкес келуі қажет;

-Пайда болған идея жоғары тиімділік критерийіне сәйкес келмесе ондай идеядан кәсіпкер бас тарту қажет.

2.4. Азия елдеріндегі шағын және орта кәсіпкерлік
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөнінде Жапония мемлекеті деп үлкен тәжірибеге ие болып отыр.
Жапондық мамандардың есептеуінше екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде бұл елдің әлемдегі ең бай елдердің қатарына қосылуына бірден-бір себепші болған нәрсе-шағын кәсіпкерлікті дамыту. 1980 жылдардың екінші жартысында Жапонияның тек қндіруші қнеркәсібінде ғана 6,5 млн шағын және орта кәсіпорын қызмет еткен немесе бұл олардың жалпы санының 99 пайызға дейінгі бөлігін қамтиды деген сөз. Оларда 40млн адам жұмыс істеді, яғни бұл осы сала жұмыскерлерінің пайызы болып табылады.Жапоничда, бірқатар салаларда атап айтқанда, аяқ киім, тігін және галантерад өндірісінде, дәрі-дәрмек, құрастырушы бұйымдар менконструкциялар өндіруде, бөлшек саудада, қызмет көрсету саласында өндірістік және тұрмыстық техникаларды жөндеп қалпына келтіруде шағын кәсіпкерлік басым орын алады.
Жапонияда шағын кәсіпкерлікке ерекше назар аударады. Себебі шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы Жапония соғыстан қираған елден жоғары технологиялық дамыған елге айналды. Жапонияның халық шаруашылығында шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны, жұмысшылар саны, тауар айналымы басқа секторлармен салвстырғанда алдыңғы қатарда тұр. Дәстүр бойынша әрбір ірі коорпорация өзі жанынан бірнеше кәсіпорын құрады. Бұл кәсіпорындар бас кәсіпорынға тәуелсіз болады және өздерінің ұйымдық құрылымын жасайды, жаңа өнімдерді шығара бастайды.
Жапонияда шағын кәсіпорындар үлесіне: өндірістік өнімнің 55% көтерме сауданың 60% бөлшек сауданың 80% тиеді. Еркін нарықты бәсеке шағын кәсіпорындарға сыртқы ортаға шығуына көмектеседі. Мемлекет шағын кәсіпорындарға мемлекеттік тапсырыстарды алуға көмектеседі. Жапонияда шағын кәсіпкерлікті мақсатты түрде бюджеттен қаржыландырады. Әрбір министрлік, әр ведомство өз шығындар бюджетіне шағын кәсіпкерлікке жұмсалатын қаржыны кіргізеді. Шағын және орта кәсіпорындарға жеңілдетілген салық мөлшерлемесі қолданылады. Жапонияда шағын және орта кәсіпорындар ЖҰӨ-ң 73% ие болып отыр.
2.5. Батыс Еуропа елдеріндегі шағын кәсіпкерлікті дамытудағы тәжірибесі
Ұлыбританияда шағын кәсіпкерлік субьектілеріне: жылдық тауар айнымалы 2 млн фунт стерлингтен аспайтын активтер соммасы 1 млн фунт стерлингтен және жыл бойы 50 адамды жұмыспен қамтитын кәсіпорындар жатады. Ұлыбритания мемлекеттік консультатциялық қызметті бастаушы кәсіпкерлерге қажетті кеңестер береді. Мысалы, коммерциялық мәселелерді қалай шешу керек екені, бухгалтерлік есепті қалай жүргізу керек екені, нарықты қалай зерттеу керектігі туралы кеңестер. Шағын кәсіпкерлік жөніндегі Үкіметтік қызмет кәсіпкерлер үшін әр түрлі семинарлар мен курстар ұйымдастырып отырады. Сонымен қатар Үкімет банктер алдында кәсіпкерлер үшін қарыздық кепілдеме береді. Шағын кәсіпорындар салықты табысқа жеткеннен соң ғана төлейді.

Қазақстанда шағын кәсіпорындарды ашу үшін жұмсалатын күш жігерді шет елде шағын кәсіпорын ашуға жұмсалатын уақытпен салыстыру мақсатында Франция Үкіметінің шағын кәсіпорындар үшін жасап жатқан шараларын атап өткен жөн. Францияда шағын кәсіпкерлік жоғарғы қарқынмен дамуда. Францияда шағын кәсіпорындардағы жұмысшылар саны 500-аспайтын кәсіпорындар жатады. Ресми деректер бойынша Францияда шағын және орта кәсіпорындарда – 16 500 000 адам жұмыспен қамтылған. Орташа есеппен бір кәсіпорында 7 адам жұмыс істейді. Францияда шағын кәсіпкерлікті несиелеу кезінде пайыздық өсімді мемлекет бонификациялайды. Бонификация- бұл жеңілдету, қаржылық механизм арқылы мемлекет шағын кәсіпкерлікке несие ұсынысын арттырады. Францияда жұмыссыздар өз кәсіпорнын ашу үшін мемлекет көмегіне сүйене алады.

Германияда шағын және орта кәсіпкерліктің басты сипаттамасы ең алдымен меншік құқы мен кәсіпорынды тікелей басқарудың бірлігі болып табылады. Германияда шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жүйесінің негізінде жатқан басты принцип өздігінен, мүмкіндігінше, өз бетінше дамуды барынша ынталандыратын 5 көмек беру болып табылады.

Германияның федералды үкіметі құрылымдық саяси шараларды іс жүзіне асырып отыр. Олар-шағын фирмалар үшін қалыпты бәсеке жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған.

Салық салудағы жеңілдіктері. Германияның жаңа аймақтарында қазіргі кезде кеңінен пайдаланылып жүрген бұл жұмыстың үш түрі бар:

1) амортизациялық аударымдардың;

2) пайданың салық салынбайтын резервтерін жасау;

3) салық ведомстволары төлейтін инвестициялық үстемелер.

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында иновацияны мемлекеттік қолдау олардың ғылыми мекемелермен бірлесіп жұмыс істеуіне көмектесу, технологияны алуды жеңілдету, ғылыми қызметкерлерді даярлауға көмектесу жұмыстары арқылы іс жүзіне асырылады.
ІІІ. Шетелдік тәжірибені Қазақстандық мүмкіндіктер шеңберінде пайдалану жолдары
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының дамуына шетелдік тәжірибені қолданудың әсері мен маңызы.

Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен қалыптасуы макроэкономикалық тоқырау, адамдардың өмір сүру деңгейінің төмендеуі сияқты өтпелі кезеңнің қолайсыз әлеуметтік-экономикалық, күрделі саяси жағдайларында жүзеге асырылды.

Шағын кәсіпкерлік-бұл тиімсіз өндірістері жабылып, орнына жаңа өндіріс орындары қалыптасып, әрдайым қайта құрылу процестері жүзеге асырылып отыратын, шаруашылық қызметтің ең динамикалы формасы.

Бүгінде облысымызда кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуының негіздері мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды жүзеге асырудың нәстижесінде оң нәтижелер беріп отыр.

2004 жылы шағын бизнестің кәсіпкерлік құрылымдарының санын 100 мың бірлікке дейін, өндіріс көлемін 80 млрд. Теңгеге дейін, салықтық түсімдерді 5,0 млрд. Теңгеге дейін, кәсіпкерлік саласындағы жұмысшылар санын 300 мың адамға дейін жеткізу, қосымша 2900 жаңа жұмыс орындарын құру және 1960 жаңа кәсіпорындарды ашу жоспарланған.

Бүгінгі таңда облыс экономикасында жұмыс істейтін халықтың 34 пайызы шағын бизнесте жұмыс атқаруда.

Жылдың 1 желтоқсанында облыстық бюджетке шағын кәсіпкерлік субьектілерінен салықтық түсімдер ретінде 4,3 млрд. Теңге кіріс болды. Облыста жұмыс істеп тұрған және жаңадан қосылған кәсіпорындар негізінде инновациялық технологиялар енгізілуде. Ордабасы ауданында «Нұр» шаруа қожалығы томат пастасын шығаруды бастады. Сайрам ауданында «Хасантаева және К» ЖШС дәрі шөптер шығаруды игерсе, «ЮНЕКС» ЖШС ауыз суды тазарту үшін озонатор қолдануда, «Оңтүстік құс» ААҚ-ы балапан өсіретін цехтарда клеткалық неміс құрал жабдықтарын орнатты.

Мемлекеттік органдарымен кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі өткізілетін іс шараларды және шағын және орта бизнесті қолдау бойынша жұмыс механизмдерін жүзеге асыру жөніндегі Республика Президентінің саясатын насихаттап халыққа жеткізу мақсатында шетел инвестицияларын тарту туралы семинар-мәжіліс, «Шағын бизнес кәсіпорны тиімді басқару» тақырыбына семинар, облыстық бюджеттен кредиттік қаражаттарды ұсыну бойынша обылысысмыздың 9 ауданында жиын өткізілді.

Әкімшілік жанындағы шағын орта және орта бизнес мәселелері бойынша коммисия жұмысы барысында «Әкімшілік кедергілерді төмендету, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды жақсарту» жөнінде мәжіліс өткізіліп, халқыаралық «Прагма» корпорация, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, «Оңтүстік кәсіакерлер лигасы» қоғамдық бірлестігі және «Фармацептикалық қызметті дамыту мен қолдау асоциациясы» Оңтүстік Қазақстан филалы арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

2004 жылдың 1қарашадағы жағдай бойынша шағын бизнес субьектілерінің қатысуымен тауарлар мен қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алудың 305 тендері өткізілген, оның 254 тендерін шағын бизнес субьектілері жеңіп алған. Мемлекеттік сатып алу жалпы көлемнің 18555,4 млн теңгесі шағын кәсіпкерліктің үлесінде немесе 77,3 пайызды құрайды.

Шағын кәсіпкерлікті қолду саясатының маңызды аспектілерінің бірі қаржылық көмек көрсету мәселесі. Оңтүстік Қазақстсан облысындағы шағын және орта субьектілерінен алынған анкеталық зерттеудің нәтижесі көптеген шағын және орта кәсіпорындардың жеке қаражаттары негізгі қаржы көзі екендігін көрсетіп отыр.
1991 ж – 2003 ж облыс бойынша шағын кәсіпкерлік нысандарын қаржыландыру.


Қаржыландыру көздері

1998ж

1999ж

2000ж

2001ж.

2002ж

2003ж

Барлық бюджет қаражаттары

405.2

396.4

382.7

147.3

146.5

147.9

ҚР-ң ұлттық Банкі

690.9

714.5

777.3

1376.3

2064.0

2066.2

Барлығы

1096.1

1110.9

1160.0

1523.6

2210.5

2213.4

Шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыру мәселесі облысымызда екі бағытта: облстық бюджеттен қаржы бөлу мен екінші деңгейдегі банктердің несие арқылы жүзеге 2004 жылы нақты қндіріспен айналысушыларды несиелеудіңүлесі өссе, ауыл-шаруашылық өнімдерін несиелеу басымдылыққа ие болып, жалпы берілген несиенің 38 пайызын құрап отыр.

Шағын кәсіпкерлікке арналған кепілденген несиелер бағдарламасы кәсіпкерлерге қажетті қаржы құралдарын алу мүмкіндігін барынша жоғарылатады. Департамент кепілденген несиені 20 күн ішінде береді.

Бағдарламада:

-Жаңа есеп шоттарды ашуға көмектесу;

-Ликвидтілікке жетуде жылдамдатуын оңайлату;

-Салық жеңілдігі;

-Түрлі кәсіпкерлік салада жұмыс істейтін кәсіпкерлік құрылымдарды несиелеу сомасын анықтаудағы дифференциялы ыңғай.
3.2. Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдіру жолдары
Елімізде мемлекет басшысының қолдауымен шағын кәсіпкерлікті өркендетуде көптеген кедергілер жойылып, кәсіпкерлікті дамытуға қажетті экономикалық және заңдылық базаны қалыптастыруға 10 жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан әлі де бұл салада шұғыл түрде шешімді қажет ететін күрделі мәселелер аз емес. Атап айтар болсақ оларға: Шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы, қолданып жүрген заңдарды жергілікті деңгейде орындау тәртібінің әлсіздігі, салық салу және салықтық тексеру жүйелерінің тым күрделілігі, негізгі қаражатты алуға және айналым қаражатын молықтыру үшін несиелік қорларға қол жеткізудің шектеулілігі, мамандарды даярлау және шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қолдаудың тұтас жүйесінің жоқтығы, шағын кәсіпкерліктің мемлекеттік құрылымдар мен өзара іс қимыл жасаудың ұйымдық мәселелері, шағын кәсіпкерліктің даму жолындағы әкімшілік тосқауылдар және т.б.

Шағын кәсіпкерлікті дамуын тежеп отырған бұл мәселелерді шешу мақсатында Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2006 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы 2001 ж. 7 мамырда ҚР-ң Президентінің №597 жарлығымен бекітілді. Бұл бағдарламаның басты мақсаты шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласының серпінді дамуын қамтамасыз ететін, мемлекеттік қолдау саясатын жетілдіру.

Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлердің алдында кездесетін қиыншылықтары мен кедергілерді зерттей келе келесідей етіп топтап, олардан шығу жолдарын ұсынып отырмыз.
Кәсіпкерліктің дамуында кездесетін проблемалар мен оларды шешу жолдары.




Шағын кәсіпкерлік нысандарының алдында кездесетін кедергілер

Кедергілер мен қиындықтарды жеңу тәсілдері

1

2

3

1

Институциональды: нарықтық инфра құрылымның дамымауы,кәсіпкерлік институттарының жеткіліксіз дамуы

Муниципалды кәсіпкерлік институттарды енгізу; Қазақстан кәсіпкерлік Кодексін жетілдіру; Заңдылық, кеңестік және аудиториялық фирма тораптарының көбеюіне жағдай жасау;

Аймақта кәсіпкерлік орталықтар мен кәсіпкерлік инкубаторларды, ақпараттық талдау, ғылыми зерттеулік орталықтарды ұйымдастыру және қолдау.



2

Қаржылық негізгі капиталдың, айналым құралдарының жоқ болуы, жетіспеуі

Аймақтағы мемлекеттік меншікті жекешелендіруге қатыстыру; Қазақстанда лизингті дамытудың институтционалдық негіздерін жетілдіру

1

2

3

3

Мемлекеттік: бюрократия,сандалту, коррупция

Меншікті және кәсіпкерлікті қорғайтын құрылым құру;

4

Ақпараттық; Кәсіпкерліктің мәселелерінің бейнеленуі мен жақсы тәжірибелерді ақпараттық құрылымдарда тарату деңгейінің төмен болуы

Аймақтық радио және телидидар бойынша арнайы бағдарламалар дайындау;

Шағын кәсіпкерлік мәселелерін басымдылық, арнайы газет, журналдарда жариялап тұру.



5

Білімділік: нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлікті ұйымдастыру мен басқару бейімділігінің,тәжірибенің, жүйелі білімнің жетіспеуі

Әрбір аймақтық,қалалық әкімшілікте кәсіпкерлерге кеңес беретін кезекшілік пунктер ашу Ү Бизнесті ұйымдастыру мен басқару жөнінде білім беретін инкубациялық орталықтарды құру.

Шағын және орта кәсіпкерлік мемлекеттік қолдаудың арнайы саясатын зәру. Дамыған елдерде қолдау көрсетумен ұйымдардың біртұтас жүйесі айналысады.




жүктеу 70,25 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау