Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
«Экономика және аудит» жоғары мектебі
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Кәсіпкерліктің пайда болуы және әлемдік тарихы: танымал экономистер еңбегіндегі кәсіпкерлік мәселесі.
Орындаған: Махамбетова Н БЭК-11 студенті
Тексерген: Кенжин Ж.Б. доктор PhD
Орал-2020
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................................................................................................................2
1. Кәсіпкерлік қызметінің әлемдік тәжірибесінің қалыптасуының теориялық негіздері......................................................................................................................
1.1. Кәсіпкерлік қызметінің әлемдік даму концепциясы.....................................4
1.2. Кәсіпкерліктің қалыптасуындағы мектептер.................................................8
2. Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы әлемдік тәжірибе: АҚШ, Азия, Батыс Еуропа
2.1. АҚШ тәжірибесіндегі шағын және орта кәсіпкерлік..................................11
2.2. АҚШ тәжірибесіндегі кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формаларының ерекшеліктері мен Қазақстандық үлгісінің талдамасы......................................12
2.3. Кәсіпкерлік қызметінің тиімділігін бағалаудың АҚШ –тық әдістемесі................................................................................................................16
2.4. Азия елдеріндегі шағын және орта кәсіпкерлік..........................................18
2.5. Батыс Еуропа елдеріндегі шағын кәсіпкерлікті дамытудағы тәжірибесі...............................................................................................................19
3. Шетелдік тәжірибені Қазақстандық мүмкіндіктер шеңберінде пайдалану жолдары
3.1. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының дамуына шетелдік тәжірибені қолданудың әсері мен маңызы..........................................................20
3.2. Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдіру жолдары..................................................................................................................23
Қорытынды............................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................28
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының егеменді ел болып, тәуелсіздік алғанына міне биыл жиырма тоғыз жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан егеменді ел болған соң өзінің дербес құрылысын жасап, саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асырды. Қазақстанда ұлттық біртұтастыққа, әлеуметтік әділеттікке қол жеткізу, қуатты мемлекет құру үшін, әрі гүлденген экономика құру мақсатында қуатты әрі нысаналы реформалар керек.
Экономикалық реформалардың бірі – нарық қатынастарына өту. Нарықтық қатынастардың жол серігі және бәсекелестік ортаны қалыптастырып дамытудың, ғылыми-техникалық прогресті жеделдетудің және өтпелі кезеңнің әлеуметтік салдарын жұмсартудың басты факторы.
Нарықтық экономика жүйесі бұл реттегіш функцияны мемлекеттің қолында болатын экономикалық жүйенің кәсіпкерлік типіне негізделгендіктен экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті қолдап, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Жалпы өркениетті елдердің қай-қайсысын алсақ та өздерінің экономикалық-әлеуметтік мәселелерін шешуде шағын кәсіпкерлік нысандары тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп халықтың әл-ауқатын, әлеуметтік статусын жоғарлатумен қатар нарықтағы қажеттіліктің қанағаттануына, бәсекелестік нарықтық қатынастардың дамуына, товар ассортиментінің көбейіп толуына, жергілікті шикізат ресурстарының пайдалануына өз ықпалын тигізеді. Әлеуметтік тәжірибеде шағын кәсіпкерліктің теориялары мен тәжірибелік сұрақтары Ж.Беттонның, Л.Коранның, Р.Коуздың, К.Макконелдің, Ф.Хайектің, Р.Хизричтің, соңғы он жылдықта ТМД елдерінің Л.Абалкин, В.Алехин, Ю.Осипов, В.Радаев сияқты ғалымдардың еңбектерінен, ал Қазақстан Республикасында А.Есентүгелов, Р.Каренов, Ж.Кәріпжанов, Қ.Бердалиев, А.Көшербаев, А.Тоқсанова, А.Қаңтарбаевалардың еңбектерінен көре аламыз.
Кәсіпкерлік қызметтің динамикасын зерттеу, оны болжау қоғамды қалыпты дамуы үшін өте маңызды. Сондықтанда шағын кәсіпкерлік төңірегінде көптеген мәселелердің көтерілуі оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді. Қазақстан үшін шетелдік тәжірибелерді талдап, ғылыми сараптама жасап, қолдау шараларын дайындауда ұлттық мәдени ерекшеліктерімізді ескере отырып жүзеге асырудың маңызы үлкен.
Кәсіпкерлік-әлеуметтік ұғым ретінде көп уақыттан бері белгілі, бірақ бұл терминнің нақты мазмұнын әртүрлі сатыда мамандар әртүрлі талқылады. Тек ХХ ғасырдың ортасында ғана қазіргі кәсіпкерлік, кәсіпкер терминдері қалыптасқан.
Кәсіпкерлік терминнің дамуына белгілі ағылшын экономисі Ричард Калтильон (1680-1734 ж.ж) үлкен үлесін қосты. Ол кәсіпкерлік терминнің әкесі болып саналады. Өйткені Р.Калтильон кәсіпкер деп тәуекел жағдайында жұмыс істейтін адамды, яғни тауарды белгілі бағамен сатып алып, белгісіз бағамен сататын саудагер, фермер, қолөнерші және басқа да кіші меншік иелері деп түсінді. Ағылшын экономисі А.Смит (1723-1790 ж.ж) пен Д.Рикардо (1772-1823 ж.ж) экономиканы өзін-өзі реттейтін жүйе ретінде қарастырған. А.Смиттің ойы бойынша кәсіпкер дегеніміз – ол белгілі бір коммерциялық идеяны іске асыру мақсатымен тәуекелге баратын капитал иесі, ал кәсіпкердің тапқан пайдасы оның мазмұны болады. Демек, оның өзіндік өмірлік құралдары ұдайы өндіруге қажетті капитал.
Елімізде жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың бастапқы кезеңінде шағын кәсіпкерлікке жеткілікті назар аудармады немесе оған қарайлауға шама болмады. Ол экономиканы түпкілікті қайта құруға бағытталған кезек күттірмейтін міндеттерді шешудің тасасында қалып қойды. Дегенмен, біраз кешеуілдесек те соңғы жылдары, яғни 1997 жылы наурызда Президенттің Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы жарлығы шықты. Осынау маңызды құжаттың бірінші пунктінде шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту бұдан былай мемлекеттік экономикалық саясатының басым сапасы болып саналатыны айтылған. Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру қажеттігі де сонда алға тартылады. Одан бері де Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы, Жеке кәсіпкерлік туралы заңдар қабылданды. Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін мейлінше қолайлы жағдайлар жасау, қаржылай және ақпараттық қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіру мақсатында Президент Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың басымдылықтары мен аймақтық бағдарламалары туралы жарлық шығарды. Онда шағын кәсіпкерлікті дамытуды мынадай басым бағыттары белгіленді:
импортты алмастыратын халық тұтынатын тауарлар, құрылыс материалдарын, құрал-жабдықтарын шағын түрлерінің жаңа өндірістерін құру және олардың жұмыс істеп тұрғандарын дамыту;
қызмет көрсету саласын, бірінші кезекте жекеменшік пәтер иелерінің кооперативтік көрсететін қызмет саласын дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |