Курстық жұмыс Тақырыбы: Алғашқы қазақ баспасөзінің сипаты мен бағыт бағдарлары



жүктеу 62,39 Kb.
бет1/3
Дата21.01.2022
өлшемі62,39 Kb.
#34131
  1   2   3
курсовой


Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті

Гуманитарлық ғылымдар жоғарғы мектебі

5В013000 – ТД31 тобы

Оштан Руслан Бақытұлы



Курстық жұмыс



Тақырыбы: Алғашқы қазақ баспасөзінің сипаты мен бағыт бағдарлары

Павлодар, 2020
Мазмұны:


  1. Кіріспе

  2. Қазақ баспасөзінің тарихының басталуы

  3. Қазақ баспасөзінде жарық көоген басылымдар

  4. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі қазақ баспасөзі

  5. Қазақ баспасөзінің зерттелуі

  6.  Қазақ баспасөзін дамытудағы Ресей баспасөзінің әсері.

  7. Қорытынды


1. Курс жұмысының өзектілігі. Біз қазақ баспасөзінің дәлірек айтсақ, ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың І жартысындағы қазақ баспасөзінің сипатына тарихи тұрғыдан тоқталып өттік. Бұл кезең қазақ баспасөзінің енді-енді ғана дүниеге келіп, халықтың арасына тарай бастаған кезеңі, әрі халықтың тар жол тайғақты кезеңі. Осындай аласапыран кезеңде халық тағдыры мен қоғам өмірінің шындығын бүкпесіз батыл жариялаған қазақ баспасөзінің қызметі орасан зор болды.
Бітіру жұмысының өзектілігі сол – ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың І жартысындағы қазақ баспасөзінің атқарған қызметтері, міндеттері, көздеген мақсаттарының қандай болғандығы жөнінде тарихи тұрғыда қаралып, мәлімет беруінде.

Ұлтымыздың кейінгі жүз жылдан аса тарихының сырлы шежіресі – қазақ баспасөзі 19 - ғасырдың екінші жартысында «Түркістан уалаятының газеті», «Дала уалаятының газеті» болып патшалы Ресей үкіметінің үкімімен дүниеге келді. Бұл басылымдар отарлаушы елдің жыртысын жыртып, жырын жырлау мақсатында шығарылғанымен, шын мәнінде, сол шеңбермен тұйықталып қалмай, ұлтымыздың жоғын түгендеу бағытын да едәуір көп еңбек сіңірді.  Баспасөз – халықтың қоғамдық - әлеуметтік ой-пікірін оятуға, мәдени - әдеби дүниетанымын қалыптастыруға, кеңейтуге әсер ететін бірден – бір құрал.
.45,б.98Қазақ баспасөзінің де халықтың саяси ой – пікірін оятып, дүниетанымын байытуға едәуір әсері болды. Газеттің ақпарат жеткізуші, үгіт –насихат саласындағы қызметі жөніндегі А. Байтұрсыновтың: “Газет –халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мақау, көзі жоқ соқыр сықылды” (Қазақ, 1898, №10) –деуі, газеттің әлеуметтік – қоғамдық өмір саласындағы алатын орнын, қызметін нақты бағалаудан туындаған. Азаттық жолындағы қозғалыста орыстың алдыңғы қатарлы жазушылары мен аса көрнекті публицистері баспасөзді күрес құралы етті. Мысалы, 1836 жылы А.С.Пушкин ұйымдастырған «Современник» журналын алпысыншы жылдары А.Г.Чернышевский мен Н.Л.Добролюбов басқарып, оны шаруалар революциясы идеясын насихаттайтын айбынды органға айналдырды. Қазақ ағартушылары қатарлы орыс баспасөзінің тамаша дәстүрлерінен үлгі өнеге ала отырып, қазақтың бұқарашыл публицистикасы мен журналистикасының негізін қалады
Қазақстанның қалаларында патшаның жергілікті әкімшілік орындарының ресми органдары болып табылатын газеттер шыға бастады. «Облыстық ведомстволармен» қатар қазақ тіліне аударылып, Орынборда «Торғай» газеті, Омбыда «Дала уалаяты» газеті, сондай-ақ Оралда, Астраханьда және басқа кейбір қалаларда шығарылған газеттер де Қазақстан өмірімен байланысты болды.

2. Мерзімді басылымдардың тарихи дерек ретіндегі қызметі айқындалып, олардың тарихтағы орны көрсетілді. Қазақ баспасөзінің тарихы ХІХ ғ. аяғында басталып, бүгінгі күнге дейін жеткендігі жəне тарихи дамудың əр кезеңдерінінен өткен отандық газет-журналдардың жалпы жағдайы туралы баяндалады. ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ.басында, кеңес кезеңінде жəне тəуелсіздік жылдарындағы Қазақстанда басып шығарылған газеттер мен журналдарға салыстырмалы талдау жасалды. Мерзімді басылымдарды зерттеу барысында қосымша дерек ретінде цензура мен цензура құжаттарының рөлі талданды.

Тарихи деректердің бір түрі мезгіл-мезгіл шығып тұратын ұзақ мерзімді басылымдар болып табылады. Оның атқаратын қызметтері — қоғамдық ой-пікірді ұйымдастыру, мемлекетке идеологиялық тұрғыдан ықпал ету, экономикалық, саяси жəне мəдени ахуал бойынша ақпарат беру, басқару жүйесінде кері байланыс орнату.

Мерзімді басылымдар үш түрге бөлінеді: газеттер, журналдар жəне ғылыми қауымдастықтың мерзімді басылымдары. Түрлерін белгілеуге байланысты қолданатын терминдер қазіргі кездегі өз атауларына сəйкес келеді. Мерзімді басылымдарды олардың атқаратын қызметтеріне қарай жіктеуге болады. Мерзімді басылымдардың негізгі мақсаты — қоғамдық пікірді қалыптастыру.

Мерзімді басылымдардың маңызды сипаты олардың бір мезгілде шығатын санына байланысты, əсіресе олардың қалыптасуының бастапқы жəне қоғамдық күйзеліс кезеңдерінде жарық көрген басылымдардың көп бөлігі ұзақ уақытқа жетпеді. Сондықтан жиі қолданатын мерзімді басылымдардың жалпы саны газет жəне журналдардың жағдайына тең болмады. Келесі бір мерзімді басылымдардың сипаты оның таралымына байланысты болуында. Аталған сипаттар бір-бірімен тікелей байланысты. Мерзімді басылымдардың жеке немесе ресми екендігін ескеру қажет жəне оны қаржыландыру көзін де нақты білген дұрыс.

Мерзімді басылымдарды дерек ретінде қолдануда цензура мəселесіне де ден қою керек. Цензура тек газеттер мен журналдарға ғана емес, барлық басылымдарға ықпал етеді. Бірақ мерзімді басылымдарды қарастыруға байланысты цензура тарихына қатысты үш жағдай өзіне назар аудартады. Біріншіден, басылымдардың публицистикамен байланысы цензураның назарында болады. Екіншіден, мерзімді басылымдардың мезгіл-мезгіл шығып тұруы, олардың таралуы, оларға жазылу жəне жеке сатылымға түсу бағасы қаржылай тəуелділікке əкелетіндіктен де қатаң цензураға бағынады. Үшіншіден, мерзімді басылымдардың өзіне тəн маңыздылығы олардың кумулятивті эффектіге ие болуы, цензуралық қызметке қатысты қажетті есепті жүргізуде қиындық келтіреді.

Міне, осыларды айта отырып, мерзімді басылымдардың маңызды құрамдас бөлігі болып отырған газет пен журналдардың тарихи дерек көзі ретіндегі қызметіне жеке тоқталғанды дұрыс деп есептедік.

Газеттердің пайда болуын қарастыратын болсақ, оның үш себебін бөліп көрсетуге болады: көбінесе экономикалық сұранысқа қызмет ете алады, қоғамдық топтардың қызығушылық танытқан көпшілік пікірін қалыптастырады жəне мемлекетік идеологияны жүргізеді. Сол себепті өткен ХХ ғ. басында мерзімді басылым ретінде газеттің негізгі қызметі түбегейлі айқындалды — қоғамдық пікірмен бөлісу жəне қоғамды жүйелеу бүгінгі күнге дейін сақталып отыр.

Журнал — мерзімділігі жағынан аптасына, 10 күнде, 2 аптада, айына, 2 айда, тоқсан сайын, жарты жылда 1 рет шығатын басылым. Мазмұны жағынан журнал, қоғамдық-саяси, əдеби-көркем, спорттық, сатиралық, өндірістік-техникалық, ғылыми-көпшілік, ғылыми-ақпараттық, библиографиялық журнал болып, оқырмандарына қарай бұқаралық жəне оқырмандардың белгілі бір категорияларына (балаларға, жасөспірімдерге) арналған болып бөлінеді. Бұқаралық, қоғамдық-саяси жəне əдеби көркем журналдарда ақпараттық, публицистикалық, көркем шығармалар, танымдық, сəндік, көркем өнер туындылары сипатындағы материалдар, фотосурет түрлері мен бейнелеу өнерінің туындылары; ғылыми-көпшілік, ғылыми-ақпараттық журналдарда ғылыми-зерттеулерде мақалалары, аннотациялар, ғылыми хабарлар, спорттық жəне өндірістік-техникалық журналдарда өзі арналған салаларға қатысты материалдар, ал сатиралық журналдарда сын-сықақтар, фельетондар, тағы басқалар басылады [1].

Мерзімді басылымдар тарихын, оның ішінде ұлттық баспасөз тарихын, бүгінгі күн талабына сай, ұлттық мүдде тұрғысынан қайта қарау, төл тарихымызды толықтыра түсері сөзсіз. Оларды тарихи дерек көзі ретінде пайдалану өткен ғасырлардағы қазақ тарихын тереңірек зерттеуге мүмкіндік беретіні анық. Өйткені бүгінгі отандық тарихтың жазба деректерінің бір тобын мерзімді басылымдар құрайды.

3. Белгілі деректанушы-ғалым Қ.Атабаев мерзімді басылымдарды дереккөз ретінде зерттей отырып, қазақ баспасөз тарихын мынадай кезеңдерге бөліп қарастыруды ұсынады:


  1. «1870–1917 ж. наурызы, «Түркістан уалаяты газетінің» шыққан күнінен патша өкіметінің құлатылған күніне дейінгі қазақ баспасөзінің тарихы.

  2. 1917 ж. наурызы — 1918 ж. ортасы. Уақытша үкімет тұсындағы демократиялық бастамалар кезіндегі ұлттық баспасөз.

  3. 1918 ж. ортасы — 1920 ж. аяғы. Демократиялық күштердің большевиктік авантюраға қарсы жанталасқан күресі кезеңіндегі баспасөз.

  4. 1921 ж. — 1991 ж. аяғы. Кеңес өкіметі немесе большевиктік диктатураның толық орнауы, тоталитарлық жүйенің қалыптасуы жəне коммунистік партияның шексіз үстемдік етуі жылдарындағы мерзімді басылым.

  5. 1991 жылдың соңынан бүгінгі күнге дейінгі, тəуелсіз Қазақстан тұсындағы ұлттық баспасөз» [2; 58, 59]. Ғалым бұдан басқа кеңестік дəуірдегі баспасөз тарихының өзін шартты түрде кезеңдерге бөліп көрсете отырып [2; 59, 60], «ұлттық баспасөздің пайда болу, қалыптасу жəне даму тарихын еліміздің тəуелсіздік алуына байланысты қайта зерттеу, оның жүріп өткен жолын, қилы кезеңдерін айқын бейнелеу мерзімді басылымды халқымыздың ХХ ғ. тарихының дерегі ретінде пайдаланудың басты алғышарттарының бірі болып табылады» [2; 61], — деп жазғаны орынды.

Расында, Қазақстан тарихына байланысты мол əрі тың деректер жинақталған газет-журналдар ХІХ ғ. бастап пайда болды. Сол себепті ХІХ ғ. аяғы — ХХ ғ. басында жарық көрген газет-журналдар өзінің маңыздылығы бойынша мұрағат қорларымен теңесе алады, яғни мерзімді басылымдарға жарияланған мəліметтер мен мұрағат қорларында сақталып келген деректердің құндылық деңгейі бірдей.

Қазақ баспасөзінің тарихы 1870 ж. шыққан «Түркістан уалаяты газетінен» басталады. Газет сол кездегі Түркістан генерал-губернаторлығының орталығы болған Ташкент қаласында 1870 жылдың 28 сəуірінен бастап, орыс тілінде шығатын «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде айына төрт рет (екі саны өзбекше, екі саны қазақша) шығып отырған. Бұл газеттен басқа да мерзімді басылымдардың бар екені баршаға аян. Олар ұзақ жылдар бойы ұлттық мерзімді басылымдардың тарихын зерттеуші, олардың мазмұндалған библиографиялық көрсеткішін жасап, мəтіндерін қайта бастыру арқылы бүгінгі оқырманға жеткізуші ғалым Ү. Субханбердинаның еңбектері арқылы мəлім. Ғалымның «Айқап» энциклопедиясындағы «Қазақ баспасөзінің тарихынан» атты кіріспесін оқи отырып [2; 6–9], алғашқы басылымдарды жарық көрген мерзімдеріне байланысты былайша көрсетуге болады:

ХІХ ғасырда жарық көрген басылымдар — «Түркістан уалаятының газеті» (1870–1882), «Дала уалаятының газеті» (1888–1902); ХХ ғ. басындағы газет-журналдар — «Серке» (1907), «Бірлік туы» (1917), «Қазақ газеті» (1907), «Дала» (жылы белгісіз), «Қазақстан» (1911–1913), «Ешім даласы» (1913), «Қазақ» (1913– 1918), «Айқап» (1911–1915), «Алаш» (1916–1917), «Сарыарқа» (1917), «Ұран» (1917), «Үш жүз» (1917), «Тіршілік» (1917).

Бұл басылымдарды ұстанған бағыттарына байланысты ресми жəне бейресми газет-журналдар деп жіктеуге де болады. Ресми бағытты ұстанған газет-журналдарға «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты» басылымдары жатады. Өйткені бұл газеттер патша үкіметінің ресми органы еді. Оған дəлел бұл басылымдарда барлық патшалық губерниялық газеттердегідей ресми жəне ресми емес бөлімдері болды. Ресми бөлімінде үкімет жəне əкімшілік органдардың жаңалықтарымен қатар, олардың жарлықтары, түрлі нұсқаулары мен бұйрықтары басылып отырған. Сонымен бірге «ақ патшаға» арналған немесе оған деген адал берілгендікті білдіретін мақалалар да жарияланған.

Бейресми бағыт ұстанған мерзімді басылымдар «Үш жүз», «Тіршілік» тəрізді газеттер болды. Бұл басылымдардың барлығы да жалпы халыққа өз заманының саяси ахуалы, əлеуметтік- экономикалық дамуы, оқу-ағарту жайлы мағлұматтар беріп отырды. Сонымен бірге қазақтың жазба əдеби тілінің дамуына үлкен ықпалын тигізді.

Аттары аталған мерзімді басылымдардың беттерінде жарияланған материалдар əр түрлі тақырыптарды қамтыған. Ендеше газет беттеріне жарияланған мақалалардың авторлары кім болды екен? деген сұрақ туындайды. Оған жауап беру үшін осы мерзімді басылымдарды қарастырып шығу керек.

Отандық ғалымдардың ерен еңбектерінің арқасында «Дала уалаятының газеті» (1994), «Қазақ» газеті (1998) жəне «Айқап» журналы (1995) жеке-жеке жинақ болып құрастырылып шыққан болатын. Ал 2014 ж. Орал қаласында «Ұран газеті. 1917–1918 жыл» жинағы бысылып шықты. Осы жинақтармен танысу барысында мерзімді баспасөз беттеріне жарияланған мақалалар авторларының басым бөлігі қазақ зиялыларының өкілдері екені бірден байқалады.

ХХ ғ. басында қаулап өсіп жетілген ұлттың зиялы тобының арасынан бөлініп шыққан шоғыры өз халқының келешегі мен алдағы даму бағдарын айқындауда үлкен еңбек сіңірді. Өкінішке орай, кейбір басылымдарда əр жылдары редакторлық қызмет атқарған адамдар жайлы материалдар өте аз немесе мүлдем кездеспейді. Айталық «Дала уалаятының газетінің» қазақ тілінде жарық көруіне себепші болған Ешмұхамед Аблайханов, Дінмұхамет Сұлтанғазин, Рахымжан Дүйсенбаев екенін көпшілік біле бермейді. Ешмұхамед Аблайханов туралы қандайда бір болмасын мағлұматтар жоқтың қасы. Ал Дінмұхамет Сұлтанғазин туралы шағын мəліметті «Творцы и свидетели истории Каркаралинска» деген монографияда жəне «Арыстары алаштың: тарихи очерктер» деген кітаптардан кездестіруге болады. Мұнда авторлар мұрағат құжаттарына сүйене отырып, Д. Сұлтанғазиннің ағартушы, ғалым адам ретінде қалыптасу жолдары туралы шағын бейнелерді қалпына келтіруге тырысқан [3; 235–243, 33–47]. Ол Санкт-Петербург университетінің шығыстану жəне заң факультеттерін бітірген, өз заманында екі мамандық бойынша қос университеттік білім алған бірінші қазақ. Бірнеше тілде еркін сөйлеп, кітап жəне мерзімді басылымдарды сол тілдерде еркін оқыған білімді азамат болған. «Дала уалаятының газетінің» редакторы жəне осы газетте аудармашы болып жұмыс істеген ол, сонымен бірге бірқатар мақалалардың авторы да болды. «Кейінгінің қамын ойлап жазылған ақыл» (1894, № 12), «Бұрынғы замандағы қазақтардың билік қылуы» (1888, № 51) мақалалары арқылы қазақ елінде демократиялық институттары жетілген мемлекет құру үшін ел арасында білім мен ғылымды жан-жақты дамыту қажеттігін, сонда ғана қазақ халқы қанау мен ұлттық езгіге қарсы тұра алатындығын айтқан. Қазақтың билер сотындағы демократиялық принциптердің көшпелі қоғамның ұлттық ерекшеліктеріне сай келетіні жайлы өзінің ойларын заңгер ретінде «Дала уалаяты» газеті арқылы ұсынады. Ал Рақымжан Дүйсенбаев туралы айтып кетсек, ол 1917 ж. жарық көрген «Тіршілік» газетінің редакторы болған адам. Өкінішке орай, Р. Дүйсенбаевқа қатысты деректер мұрағат қорларында да өте жұтаң.

Газет алғашқыда Ревкомның, кейіннен Совдептің органы болған. Біраз уақыттан соң «Тіршілік» революцияшыл демократиялық бағыт ұстанған газетке айналады. Оған Сəкен Сейфуллин ықпал ет- кен. С. Сейфуллин «Тіршілік» газеті арқылы қарапайым халықты Совет өкіметі жолындағы күреске жұмылдарды, яғни газеттің бетіне саяси бостандық, ұлт мүддесіне байланысты жəне сол кездегі басқа да өзекті мəселелерге арналған материалдар жарияланып отырған.


жүктеу 62,39 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау