Курстық ЖҰмыс пән атауы : Геодезия (баға)



жүктеу 1,91 Mb.
Pdf просмотр
бет4/36
Дата07.09.2023
өлшемі1,91 Mb.
#43253
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Курсавой

№ 1 зертханалық жұмыс 

 Жер рельефін горизонтальдармен бейнелеу

 
Жұмыстың мақсаты: рельефтің маңызы мен негізгі пішіндерін зерттеу, оны 
жоспарлар мен вертикаль қималарда кескіндеу тәсілі
1.1 Жер беті рельефінің маңызы және пішіні
Жердің табиғи беті тегіс емес, онда терең, көтеріңкі жерлер және 
салыстырмалы түрде тегіс учаскелер болады. Табиғи түзілген тегіс емес 
жерлердің жиынтығы жер беті рельефін анықтайды, ол таулы, төбелі және 
жазықты болып бөлінеді.
Рельеф пішінінің барлық көп түрлілігі ішінен негізгілерін бөліп алады: тау 
(төбе), қазан шұңқыр, жота, қойнау және бел жер (1-сурет).
Тау (төбе) – жер бетіндегі дөңес күмбез тәріздес үстірт. Тау қоршаған 
жерден - 200 м астам, ал төбе 200 м кем көтеріледі. Таудың шыңы, еңісі және 
етегі болады. Тау (төбе) шыңы деп оның ең жоғары нүктесін атайды. Таудың 
бүйір бетін еңіс немесе құлама деп атайды. Тау еңістері жайпақ, құлама және 
тік болады. Өте тік қабырға тәріздес еңіс - тік жар, ал биік тік жар жартас деп 
аталады. Құламалардың қоршаған жерлерге ауысу сызығы тау табаны немесе 
етегі деп аталады.
Шұңқыр 
(ойпат) – тостаған тәріздес тереңдік, тауға (төбеге) қарама-қарсы 
рельеф пішіні. Шұңқырдың бүйір бетін - еңіс немесе құлама, ал ең төмен 
нүктесін түбі деп атайды. Шұңқырдың бүйір бетінің қоршаған жерге ауысу 
сызығын жиек деп атайды.
Жота
 
– бір бағытта созылған және біртіндеп төмендейтін үстірт. Оның 
еңістерінің қиылысқан сызығы су айырығы деп аталады және ол жотаның ең 
жоғары нүктелері арқылы өтеді.
Қойнау
– түбі бір жаққа жалпы көлбеу түскен жер бетінің бір бағытта 
созылған тереңдеуі. Қойнау – жотаға қарама-қарсы рельеф пішіні. Қойнау 
құламаларының қиылысуы су ағар сызығын немесе тальвег түзеді. Жайпақ 
құламалары бар кең қойнау алқап деп аталады. Тік баурайлы тар қойнау жазық 
жерлерде - сай немесе жыра, ал таулы жерлерде қапшағай немесе шатқал деп 
аталады.
Кезең
− көрші шыңдар арасында жотада орналасқан жердің төмендеген 
учаскесі. Қарама-қарсы бағыттарда таралатын екі қойнау кезеңнен бастау 
алады.

жүктеу 1,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау