Реквизитке дейінгі және реквизиттен кейінгі:
Реквизитке дейінгі: патологиялық физиология, медициналық биофизика, ішкі аурулар пропедевтикасы, ішкі аурулар.
Реквизиттен кейінгі: резидентура пәндері.
Пәннің қысқаша мазмұны
Клиникалық электрокардиография пәні жүрек-қан тамыр аурулары мен басқа мүшелер патологиясы бойынша электрокардиографиялық диагнозды клиникалық көріністерімен бірге анықтауды оқытады. Айғақты медицина тұрғысынан тиімді емдеу принциптерін үйретеді. Клиникалық ЭКГ ырғақ, өткізгіштік бұзылыстарын, жүрек бөлімдерінің гипертрофиясын, миокардтың ишемиялық зақымдануларын, миокардиттерді, кардиомиопатияларды, миокардиодистрофияларды т.б. анықтайды.
«Клиникалық электрокардиография» пәні бойынша интерндерге арналған тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары мен мазмұны
№
|
Тақырып аты
|
Мазмұны
|
Өткізу үлгісі
|
Кредит/сағ
|
1.
|
Жүрек ауруларының диагностикасында ЭКГ әдісінің орны. ЭКГ түсіру тәсілі. Қалыпты ЭКГ, тісшелер мен интервалдар анализі.
|
Жүректің өткізгіштік жүйесі, миокард функциялары. Әрекет потенциалы. ЭКГ тіркеу әдісі.Қалыпты жағдайда ЭКГ талдау.
|
Оқытушымен бірге теория талдау, тесттер жазу. ЭКГ бөлмеде жұмыс істеу.
Формативті бағалау:
интерндердің өзін-өзі бағалауы,интерндерден кері байланыс (feedbeak), АОС.
Суммативті бағалау:
MСQ, SAS (ЭКГ интерпретациясы).
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |