Білім (когнитивті) домені: Анализ: Қажетті клиникалық-зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін таңдауды және алынған нәтижелерді талдауды біледі.
Дағдылар (психомоторлы) домені:
Дәлділік: жүйелер бойынша сұрастыру, қарау, пальпация, перкуссия және аускультация жүргізуді, диагноз құрастыруды, науқастың емдеу жоспарын және реабилитациясын құруды және т.б. дағдыларды дәлділікпен жасайды.
Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіреді және ұйымдастырады: жасаған іс-әрекетінің құндылыктарын үйлестіре отырып, дұрыс ұйымдастырады.
И 2.3.
|
МЕДИЦИНАЛЫҚ ПРОЦЕДУРАЛАР
|
Дағдылар (психомоторлы) домені:
Дәлділік: бакалавр дәрежесіне сәйкес қан қысымын өлшеуді және пульсті санауды, ЭКГ жазуды, оның нәтижесін талдауды дәлділікпен жасайды.
Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені:
Құндылықтарды үйлестіреді және ұйымдастырады: жасаған іс-әрекетінің құндылыктарын үйлестіре отырып, дұрыс ұйымдастырады.
|
Оқудың соңғы нәтижесін талдау:
Интерн білуі тиіс:
-
Қалыпты жағдайда және жүрек гипертрофиясы кезіндегі ЭКГ өзгерістерін;
-
Экстрасистолия және ұстамалы тахикардиялар кезіндегі клиникасын, ЭКГ өзгерістерін;
-
Жүрек фибрилляциясы, жүрек асистолиясы, жүрек блокадалары кезіндегі клиникасын,ЭКГ өзгерістерін.
-
Қозуалдындағы синдром кезінде және синустық түйіннің дисфункциясы клиникасын, кезіндегі ЭКГ өзгерістерін.
-
Стенокардия кезіндегі клиникасын, ЭКГ өзгерістерін жетілдіру.
-
Миокард инфаркты кезіндегі клиникасын, ЭКГ өзгерістерін.
-
Жүрек-тамыр жүйесінің жеке аурулары кезіндегі клиникасын, ЭКГ өзгерістерін. Перикардит, жүректің жүре пайда болған ақаулары кезіндегі ЭКГ өзгерістерін.
-
Өкпе артериясының тромбоэмболиясы, созылмалы өкпе-жүрек, тиреотоксикоз, ми қан айналымының бұзылуы кезіндегі ЭКГ өзгерістерін.
-
QT аралығының ұзару синдромы, Бругад синдромы, ерте реполяризация синдромы, кардиостимуляторлар қойылған кездегі ЭКГ өзгерістерін.
Интерн жасай алуы тиіс:
-
Қалыпты жағдайда және жүрек гипертрофиясы кезіндегі ЭКГ талдау дағдысын;
-
Экстрасистолия және ұстамалы мен ұстамасыз тахикардиялар кезіндегі ЭКГ талдау дағдысын;
-
Жүрек фибрилляциясы, жүрек асистолиясы, жүрек блокадалары кезіндегі ЭКГ талдау іскерлігін;
-
Қозуалдындағы синдром кезінде және синустық түйіннің дисфункциясы кезіндегі ЭКГ талдау іскерлігін;
-
Жүректің ишемиялық ауруы кезіндегі ЭКГ (ЖИА). Стенокардия кезіндегі ЭКГ талдау іскерлігін;
-
Жүректің ишемиялық ауруы кезіндегі ЭКГ (ЖИА). Миокард кезіндегі ЭКГ талдау іскерлігін;
-
Жүрек-тамыр жүйесінің жеке аурулары кезіндегі ЭКГ талдау іскерлігін жетілдіру. Перикардит, жүркетің жүре пайда болған ақаулары кезіндегі ЭКГ талдау дағдысын.
-
Жүрек-тамыр жүйесінің жеке аурулары кезіндегі ЭКГ талдау іскерлігін жетілдіру. Өкпе артериясының тромбоэмболиясы, созылмалы өкпе-жүрек, тиреотоксикоз, ми қан айналымының бұзылуы кезіндегі ЭКГ талдау іскерлігін;
-
Жүрек-тамыр жүйесінің жеке аурулары, QT аралығының ұзару синдромы, Бругад және ерте реполяризация синдромы кезіндегі, кардиостимуляторлар қойылған кездегі ЭКГ талдау іскерлігін.
Интерн игеруі тиіс:
-
ЭКГ жазу және қалыпты жағдайдағы ЭКГ-ны талдауды;
-
Миокард инфарктындағы, адам өміріне қауіпті жүрек ырғағы бұзылыстарындағы және басқа да ауыр жағдайларда дер кезінде ЭКГ-ны талдауды;
-
ЭКГ дұрыс талдай отырып диагнозды ажыратуды;
Достарыңызбен бөлісу: |