Курсы және оқу семестрі: курс, семестр



жүктеу 1,51 Mb.
бет4/15
Дата25.11.2017
өлшемі1,51 Mb.
#1311
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Студент білуге тиіс:


Студент істей алуға тиіс:

  • Жұмысшы сұйықтың тығыздығын анықтай алу;

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Тығыздықты анықтау

  2. Тығыздық өлшемі.

Білім берудің және оқытудың әдістері:

Студенттер тығыздық өлшеуге арналған аспабтардың жұмыс істеу принциптерімен және түрлерімен танысуы керек. Судың, спирттің және глицериннің тығыздықтарын өлшеу керек және оларды салыстыр.

Құрал – жабдықтар: ареометр, су, спирт, глицерин

Теориялық мәліметтер.

Біртекті дененің тығыздығын немесе біртексіз дененің орташа тығыздығын мына теңдеумен анықтайды:




[ кг/м3]

Мұнда m — дененің массасы, V — дененің көлемі.

Заттың көлем бірлігінің массасын тығыздық деп атайды.

Температура өскенде тығыздық азаяды, алайда тығыздығы басқаша өзгеретін заттарда бар. Мысалы, су, бронза және шойын. Судың ең үлкен тығыздығы 4 °C температурада, температура осы мәннен өскенде де, кішірейгенде де судың тығыздығы азаяды.

Агрегаттық күй өзгергенде заттың тығыздығы секіре өзгереді: газ күйден сұйық күйге, сұйық қатқанда тығыздық өседі. Су, кремний, германий және кейбір заттар бұл ережеге бағынбайды. Олардың тығыздығы қатқанда кемиді.



Тығыздықты өлшеуге қолданылатын аспабтар:

  • Пикнометр — нақты тығыздықты өлшеуге арналған аспаб;

  • Ареометр (денсиметр) — сұйық тығыздығын өлшейді:

  • Качинский бұрғысы және Зайдельман бұрғысы — топырақтың тығыздығын өлшейді.

  • Вибрациялық әдіспен тығыздық өлшегіш — сұйықтың және газдың тығыздығын қысыммен өлшейді.

Ареометр — сұйық тығыздығын өлшейтін аспаб. Жұмыс істеу принципі Архимед заңына негізделген. Ареометр әдетте шыны түтікше түрінде жасалады, оның төменгі жағын, белгілі массаға жеткізу үшін, бытырамен немесе сынаппен толтырады. Түтікшенің жоғарғы жағында ерітінді тығыздығына немесе еріген заттың концентрациясына градуирленген шкала бар. Ерітінді тығыздығы ареометр массасының сұйыққа батырылған ареометр көлемінің қатынасына тең. Осыған сәйкес тұрақты көлемді ареометр және тұрақты массалы ареометрді ажыратады.

  1. Тұрақты массалы ареометрмен сұйық тығыздығын өлшеу үшін құрғақ және таза ареометрді осы сұйық құйылған ыдысқа салады. Бұл кезде ареометр еркін жүзіп жүруі керек. Тығыздық мәнін ареометр шкаласынан, менискінің төменгі шеті бойынша, өлшейді.

  2. Тұрақты көлемді ареометрмен өлшеу үшін оның массасын, ареометр белгіленген межеге дейін батырылғанша, өзгертеді. Тығыздық жүктің массасымен және ығыстырылған сұйық көлемімен анықталады.

Практикалық қолдану үшін ареометрдің шкаласын еріген заттың концентрациясы бойынша градуирлейді, мысалы:

  • Спиртомер — ішімдік күштілігін өлшеу үшін алкаголь пайызымен градуирленеді;

  • Лактометр — сүт сапасын анықтау үшін май пайызымен градуирленеді;

  • Солемер — ерітіндінің тұздылығын өлшеу үшін;

  • Сахаромер — ерітілген қант концентрациясын өлшеу үшін;

Сұйық тығыздығы температураға тәуелді болғандықтан, концентрацияны немесе тығыздықты белгіленген температурада өлшеу керек. Сондықтан ареометрлер кейде термометрлермен жабдықталады.

Әдебиет:

негізгі:

  1. Павлов К.Ф., Романков П.Г., Носков А.А. Примеры и задачи по курсу процессов и аппаратов химической технологии - Л.: Химия, 1987

  2. Промышленная технология лекарств, Том 1. Под ред. Чуешова В.И. – Х.: МТК-Книга, Издательства НФАУ, 2002 – 560 с.

  3. Касаткин А.Г. Основные процессы и аппараты химической технологии.9-е изд. - М.: Химия, 1973

  4. Плаксин Ю.М., Малахов Н.Н., Ларин В.А. Процессы и аппараты пищевых производств. – М.: КолосС, 2008. – 760 с.

  5. Ақбердиев Ә.С. Тамақ өндірісінің процестері және аппараттары, Алматы; 1998 ж.

  6. Кавецкий Г.Д. Процессы и аппараты пищевой технологии. - М.: Колос, 2000.

қосымша:

  1. Романков П.Г., Курочкина М.И. Гидромеханические процессы химической технологии.3-е изд. - Л.: Химия,.

  2. Фармацевтическая технология. Под ред. И.И. Краснюка и Г.В. Михайловой–Москва, Академия – 2006 г.

  3. Баскаков. Теплотехника – М.: Высшая школа 1986

Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.)

  1. Тығыздық дегеніміз не?

  2. Ареометрдің жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз.

Тапсырма:

  1. Әртүрлі сұйықтардың тығыздықтарын өлшеудің тәжірибелік нәтижелерін кестеге енгізіңіз, және оларды кестелік мәндерімен салыстырыңыз.



Сұйық

Сұйық тығыздығы, кг/м3


Тәжірибеден

Кестеден





































Тестік тапсырмалар

1. Сұйықтың тығыздығы.

а) ρ=V/M в) ρ=m/V

б) ρ =V/P г) ρ=M/G

2. Берілген жағдайдағы газдың тығыздығы.

а) ρ=ρ0P0T0/(PT) в) ρ=ρ0P0T/(PT0)

б) ρ= MPT0/(22,4∙P0 T) г) ρ= M/22,4 +PT0/(P0 T)

4-тақырып: Сұйықтың тұтқырлығын өлшеу.

Мақсаты:


  • Вискозиметрдің көмегімен әртүрлі сұйықтардың тұтқырлығын өлшеу.

Оқыту мақсаты:


жүктеу 1,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау