Ағу уақытын анықтау үшін бұру түтікшесіне (3) резина түтікше кигіземіз. Сонан кейін, (2) иінді басып тұрып вискозиметрді төңкереміз және (1) иінді ыдыстағы сұйыққа батырамыз. Сұйықты М2 белгіге дейін соғызамыз (грушаның немесе сораптың көмегімен), бұл кезде сұйықта ауа көпіршігі болмауы керек.
Сұйық М2 белгіге жеткен сәтте, вискозиметрді ыдыстан шығарып, жоғары қаратамыз. (1) иіннен артық сұйықты алып тастаймыз және оған резина түтікше кигіземіз. Сонан кейін вискозиметр термостатқа қойылады. Термостатта (5) кеңейген бөлік термостат сұйығы деңгейінен сәл төмен тұруы керек. Термостатта 15 минут ұстаймыз. Сонан кейін иіндегі сұйық деңгейін кеңейген бөліктің үштен бір бөлігіне дейін жеткізіп, (1) иінді атмосферамен жалғаймыз. М1 белгіден М2 белгіге дейін сұйық деңгейінің төмендеу уақытын өлшейміз.
Тұтқырлықты сұйық ағуының орташа уақыты бойынша (бірнеше өлщеулердің орташасы) мына теңдеумен анықтайды.
μ = К*t*d,
Мұнда K=0,2964 – вискозиметр тұрақтысы, мм2/с; t – сұйықтың ағу уақыты, с; d=0,53 мм – капиллярдың диаметрі; μ – сұйықтың тұтқырлығы Па•с.
Әдебиет:
негізгі:
Павлов К.Ф., Романков П.Г., Носков А.А. Примеры и задачи по курсу процессов и аппаратов химической технологии - Л.: Химия, 1987
Промышленная технология лекарств, Том 1. Под ред. Чуешова В.И. – Х.: МТК-Книга, Издательства НФАУ, 2002 – 560 с.
Касаткин А.Г. Основные процессы и аппараты химической технологии.9-е изд. - М.: Химия, 1973
Плаксин Ю.М., Малахов Н.Н., Ларин В.А. Процессы и аппараты пищевых производств. – М.: КолосС, 2008. – 760 с.
Ақбердиев Ә.С. Тамақ өндірісінің процестері және аппараттары, Алматы; 1998 ж.
Кавецкий Г.Д. Процессы и аппараты пищевой технологии. - М.: Колос, 2000.
қосымша:
Романков П.Г., Курочкина М.И. Гидромеханические процессы химической технологии.3-е изд. - Л.: Химия,.
Фармацевтическая технология. Под ред. И.И. Краснюка и Г.В. Михайловой–Москва, Академия – 2006 г.
Баскаков. Теплотехника – М.: Высшая школа 1986
Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.)
Тұтқырлық дегеніміз не?
Вискозиметрдің жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз.
Тапсырма:
Сұйықтардың тұтқырлықтарын өлшеудің тәжірибелік нәтижелерін кестеге енгізіңіз, және оларды кесиелік мәндерімен салыстырыңыз.
-
№
|
Сұйық
|
Сұйық тұтқырлығы, Па∙с
|
Тәжірибеден
|
Кестеден
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Тестік тапсырмалар
1. Тұтқырлықтың динамикалық коэффициентінің өлшем бірлігі:
A) Па.с B) м2/с C) Па D) кг/м3 E) м3/кг
2. Тұтқырлықтың кинематикалық коэффициенті:
A) B) C) D) E)
5-тақырып: Гидравликалық престегі сығу күшін анықтау.
Мақсаты: Гидравликалық престің құрылысымен және жұмысымен танысу.
Оқыту мақсаты:
Достарыңызбен бөлісу: |