Курмангазиева Г. Орал қ. Қазақстан Республикасының «Білім туралы»



жүктеу 214,02 Kb.
Pdf просмотр
Дата04.02.2020
өлшемі214,02 Kb.
#28223


ӘОЖ 37.2 

 

ТӘРБИЕСІ ҚИЫН ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АДАМГЕРШІЛІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ 

БЕРУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСТАРЛАРЫ 

 

Курмангазиева Г. 

Орал қ. 

 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңының  49-бабында  «ата-аналар  және  өзге  де 



заңды өкілдердің  құқықтары мен міндеттері – балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз 

жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын 

қамтамасыз етуге жауапты»,– деп көрсетілген [1]. 

Сондықтан  қазіргі  білім  беруде  жеке  тұлғаны  адамгершілік  –  құқықтық    және  дені  сау  ұрпақ 

тәрбиелеу    негізгі  міндеттердің  бірі  ретінде  саналады.  Бұл  міндеттің  нәтижелі  жүзеге  асуының  бір 

жолы  мектептегі  «мінез-құлқында  ауытқушылығы  бар»  деп  аталатын  оқушылармен  жұмыс  істеудің 

тиімді  формаларын,  әдіс-тәсілдерін  одан  әрі  жандандыру,  психикалық  дамуын  жетілдіру, 

педагогикалық көмек беру, оқушылардың тәртіп бұзушылығын болдырмау шараларын қолға алу болып 

табылады [2].  

Мінез – құлықтағы  қиындық  және  қиын балалар   ұғымы  1920 – 1930 жылдары  пайда  бола  

бастады.  Бұл  ұғымды П.П.Блонский  бастапқыда  ғылым  саласында  емес, күнделікті  өмірде  қолданды. 

Ол  1936  жылы  қиын  балалардың  жекелік  ерекшеліктерін  өмір  жағдайымен,  тәрбиемен  өзара 

әрекеттестігін  есепке  алып,  кешенді  құрама  түрінде  зерттеп,  іске  асырған.  Оның  зерттеуінің  негізгі 

мақсаты  –  қиын  балалардың  өмірін  анықтау  болды.  П.П.Блонский  қиын  балалардың  мінез  –  құлық 

тарихын мектеп пен отбасы арқылы ашып көрсетеді. Ол қиын балаларға мұғалімнің қатынасы арқылы 

қиын  оқушы  ұғымын  нақтылауды  жөн  көреді.  Бұл  балаларға  былайша  мінездеме  береді:  обьективті 

көзқараспен  қарағанда  қиын  оқушы  мынадай,  ол  мұғалімнің  жұмысының  жемісті  еместігіне 

байланысты. Субьективті көзқараспен қарағанда, қиын оқушымен мұғалімге жұмыс істеу өте қиын, ол 

мұғалімнен көп жұмыс істеуді талап ететін оқушы. Істі бүлдіруші оқушыларға толыққанды мінездеме 

бере  отырып,  П.П.Блонский  өз  жұмыстарында  мектепті,  сыныпты  ұйымдастыруға  баса  көңіл  бөледі. 

П.П.Блонскийдің  пікірі  бойынша  қайта  тәрбиелеудің  нағыз  тура  жолы,  тәртіп  бұзушыларды 

мәдениетсіз ортадан мәдениетті балалар ұжымына біртіндеп әкелу болып табылады [3].  

Қазірде  бұл  ұғымдар  ғылыми  сөздіктерде  нақты  орын  алып  отыр.  Осыған  орай,  бұл  мәселе 

әрдайым социолог, психолог, заңгер, дәрігер, әлеуметтік педагог мамандар зейінін өзіне аудартуда. 

И.А.Невский  өзінің  көп  жылдық  оқу  мен  бақылауы  негізінде  қиындықпен  тәрбиеленетін 

баланың  пайда  болуын  балалармен  отбасында,  мектепте  жүргізілетін  оқу–тәрбие  жұмыстарының 

жеткіліксіздігінен, кемеліне жетпеген педагогикалық тәжірибе нәтижесінен деп түсіндіреді. Автор бұл 

қыңыр  құбылыспен  күресу  бағытының  шешімі  мұғалімнің  тиімді  әдістерді  меңгеру  қабілетіне  қарай 

емес,  сол  әдістерді  дұрыс  пайдаланып,  дұрыс  игеруімен  негіздейді.  Ал  өз  кезегінде,  біріншіден, 

педагогтың  жеке  қасиетіне,  қабілетіне,  оқушымен  қарым  –  қатынасына,  олардың  әрекеттеріне  дұрыс 

ұйымдастыруына қарай құрылады.  

Қазақстандық  ғалымдар  Қ.Жарықбаев,  С.Қалиев,  Ж.Наурызбай,  Қ.Бөлеев,  Қ.Қожахметова, 

Ж.Намазбаева  және  т.б.  еңбектерінде  мектеп  оқушыларын  ұлттық  педагогика  арқылы  этикалық–

адамгершілік тұрғыдан әлеуметтендіру мәселелері қарастырылған [4]. 

Мәселен қиын балаларды тәрбиелеу мәселесімен айналысқан ғалым Л.К.Керімов психологиялық 

және  педагогикалық  әдебиеттерге  ғылыми  талдау  жасай  отырып,  кәмелетке  жасы  толмаған  құқық 

тәртібін бұзушылар, педагогикалық тәртібі нашар оқушылар, «қиын» балалар ұғымын анықтайды [5]. 

Ғалым Ж.Ы.Намазбаеваның пікірінше, онтогенездегі ең күрделі кезең жасөспірімдік шақ болып 

саналады, себебі индивидтің қалыптасқан психологиялық құрылымы өзгеріп қана қоймай, саналылық 

мінез  –  құлықтың  негізі,  адамгершілік  көзқарастарының  және  әлеуметтік  ұстанымдарының 

қалыптасуына жалпы бағыттылық айқындалады [6]. 

Қазіргі  әдебиеттерде  «қиын  балалар»  деп,  әдетте,  мінез  –  құлықтары  жалпы  қабылданған 

нормалардан  көп  ауытқитын  және  дұрыс  тәрбиелеуге  кедергі  жасайтын  балалар  аталады.  Сондықтан 

оларға қатысты, «тәрбиеленуі қиын балалар» деген ұғым синонимі қолданылады, осы арқылы олардың 

педагогикалық  қағидалар  бойынша  тәрбиеленуге  мүлдем  бейімсіздігі  және  дәстүрлі  педагогикалық 

ықпалдарды әсте қабылдамайтыны білдіріледі [7].  

Жалпы, баланың қиын тәрбиеленуі, қоғамда қалыптасқан нормалар мен ережелерді сақтамауын 

ғылымда девиация (латынның «deviatio» тыңдамау, ауытқу деген мағынаны береді) деп атайды. Соған 

орай  көптеген  әдебиеттерде  «қиын  бала»  түсінігінің  орнына  «девиантты»  термині  өте  жиі  кездеседі. 

«Қиын  мінез–құлық»,  «девиантты  мінез–құлық»,  «ауытқыған  мінез–құлық»  түсініктері  синонимдер 

болып  табылады  да,  қай  ұғымды  алсақ  та,  қиын  бала  мәселесі  туралы  ұғым  екенін  білеміз. 



Жасөспірімдік  кезең  алға  ұмтылудың,  жүйрік  ойдың,  ынтаның,  шамадан  тыс  белсенділіктің, 

энергияның тасып тұрған кезі. Бұл кезде жасөспірімнің бойында жігермен байланысты қасиеттер орын 

алады. Олар: мақсатқа жетудегі талап, қайсарлық, қиыншылықтар мен кедергілерден өте алу қабілеті. 

Бірақ,  әрекеттің  бір түрінде  қайсарлық  таныта  отырып, жасөспірім  ол  қасиеттің  басқа  түрлерін  онша 

көре алмауы мүмкін. 

Жасөспірімділіктің  тағы  бір  сипаты  импульсивтілік  (әсершілдік)  болып  табылады.  Эмоция  өте 

шұғыл  әрі  оның  басқарылуы  өте  қиынға  соғады.  Бұл  күшті  эмоциялар  дауласу  кезінде,  бір  нәрсені 

дәлелдеп немесе жағымсыз жағдаят туындаған кезде көрінеді. 

Баланың  мінез  –  құлқында  және  оның  тұлғалық  қалыптасуында  мектептегі  оқу  үлгерімі  үлкен 

рөл  атқарады.  Оқуда  әртүрлі  себептерден  қатарынан  артта  қалу  мектеп  оқушысында  сабаққа 

жеккөрушілікпен  қарау  және  өзін  сабақтан  басқадай  ретте  көрсету  пиғылына  негіз  болуы  мүмкін. 

Балаларды қиын балалар қатарына қосуға апарып соғатын әр алуан мінез – құлық ауытқулары, жүйке – 

психикалық  ауытқулардың  салдарынан,  немесе  тұлғалық  дамудың  қолайсыз  жағдайлары  мен 

факторларының  салдарынан  болады.  Әрбір  жеке  жағдайда  педагогтан  ауытқулардың  себептерін 

талдап, бағамдау және бұл себептерді жою жөнінде мұқият жұмыс жүргізу талап етіледі.  

Девиация  бірнеше  типтен  тұрады:  девиантты,  делинквентті  мінез  –  құлық.  Девиантты  мінез  – 

құлық  –  әлеуметтік  нормалар  мен  ережелерге  сәйкес  келмейтін  мінез  –  құлықты  айтады.  Кейбір 

әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды.  

Девиантты  мінез  –  құлықтың  көрсеткіштеріне:  агрессия,  демонстрация,  оқудан,  еңбектен  бет 

бұру,  үйден  кету,  алкоголизм,  наркомания,  қоғамға  жат  қылықтар,  жыныстық  жат  мінез  –  құлық, 

суицид  т.б.  жатады.  Девиацияның  екінші  түрі–делинквентті  мінез–құлық.  Ол  заң  бұзушылықпен 

ерекшелінеді.  Девиацияны  зерттеуші  көптеген  ғалымдар  девиантты  мінез  –  құлықтың  пайда  болу 

факторларын түрліше түсіндіреді: 

 



отбасында берекенің болмауы;  

 



ата-ананың «ерекше» қамқарлығы;  

 



тәрбие берудегі кемшіліктер;  

 



өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;  

 



өмірлік дағдының болмауы, айналасындағы адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынасқа 

түсе алмауы; 

 

сырттан  келген  қысымға  төтеп  бере  алмау,  өз  бетінше  шешім  қабылдай  алмау,  сынаушылық 



ойды дамыта алмау; 

 



психоактивті заттарды жиі пайдалануы;  

 



агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;  

 



мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;  

 



балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары.       

 

  Қиын  баланы  немесе  девианттық  мінез  –  құлықты  алдын  алу,  түзету  жолдары  мен  әдіс 



тәсілдерін бірнеше топтарға бөлуге болады [8]:  

Бірінші топ – тәрбиеленушілердің іс – әрекетіндегі, қарым-қатынасындағы, мінез – құлқындағы 

жағымды  тәжірибені  қалыптастыру  әдістері:  талап,  қоғамдық  пікір,  үйрету,  жаттықтыру,  арнайы 

тәрбиелік  ситуация.  Талап  мінез  –  құлық  нормасының  көрінісі,  балаларды  әлеуметтік  тәжірибеге 

қатыстыру.  Талаптың  ынталандыру  және  тежелу  функциялары  бар.  Ынталандыру  функциясы  –  бұл 

жұмысты бастау және аяқтау. Тежелу – басқа адамдардың жұмысына кесел келтіретін әрекетті тоқтату.  

Қоғамдық  пікір  –  бұл  ұжымдық  талаптың  бейнеленуі,  ал  талап  –  нақты  міндет,  оны  іс  –  әрекеті 

процесінде орындау қажет. Ұжым мүшелерінің байымдауы, баға беруі – бұл қоғамдық пікір, ұжымның 

еркі  және  күші.  Ұжым  тәрбие  субъектісі,  педагогтың  тірегі.  Үйрету,  жаттықтыру  –  бұл  мінез-құлық 

нормасына  сәйкес  оқушыларды  қажетті  дағдыға,  әдетке  төселдіру.  Тәрбие  үйретуден  басталады. 

Мысалы, баланың мезгілімен жатуы, өз мүліктерін, жұмыс орнын тәртіпке келтіріп ұстауы т.б. Үйрету 

әдісі  баланың  орындағыштық,  сыпайлық  (инабаттылық),  мұқияттылық,  табандылық  сияқты 

қасиеттерін қалыптастырады. Балалардың өмір тәжірибесі кеңейіп, санасы дамыған сайын, үйрету әдісі 

өзінің алғашқы маңызын жойып, басқа әдістермен бірігеді. Мысалы, бұл әдіске өте жақын жаттықтыру 

әдісі. Жаттықтыру әдісі – бұл әртүрлі ситуацияда оқушылардың моральдық тапсырмаларды орындауы. 

Жаттықтыру  әдісінің  ұжымның  мүлдесінің,  талаптарымен  қабысуы  қажет.  Мысалы,  кез  –  келген 

тәрбие  шараларды  мезгілінде  бастау  оқушыларды  тәртіптілікке,  ұйымшылдыққа  тәрбиелейді. Үйрету 

және жаттықтыру әдістерінің тәсілдері: нұсқау көрсету, машықтандыру, тапсырма.  

Екінші топ – жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері (ұғым, пайымдау, пікірін айту, баға 

беру, сендіру). Бұл топтың әдістері: саяси, этикалық әңгіме, әңгімелесу, пікір талас, лекциялар, өнеге. 

Әңгіме  –  бұл  балалардың  санасын  қалыптастыру  әдістерінің  бірі.    Балалар  әңгіме  әдісінде  саяси, 

этикалық,  эстетикалық  мәселелерді  талдауға  белсене  қатысады,  олардан  тиісті  қорытынды  шығару 

үшін ойланады, ақылға салып түсінеді. Әңгіме әдісі кез – келген мәселеде ұқыпты дайындықты талап 



етеді.  Әңгіме  әдісін  іске  асыру  үшін  мыналарды  ескеру  керек:  1)  тақырыптың  көкейтестілігі,  яғни 

өмірде  қажеттілігі  балалардың  мүлдесіне  жауап  беруі  тиіс;  2)  әңгіменің  мазмұны  балалардың  жас 

ерекшеліктеріне  сәйкес  баяндалуы  қажет;  3)  әңгіменің  тақырыбына  сәйкес  техникалық  құралдарды 

тиімді  пайдаланған  жөн;  4)  оқушылар  үшін  әңгіме    тартымды,  қызықты  болуы  керек:  жаңалық, 

оқушыларды зеріктіретін артық сөздерден аулақ болу, бір нәрсені қайталай беру наразылық  тудырады.  

Пікір  талас  –  бұл  жоғары  сынып  оқушыларының  байымдауын,  баға  беруін,  сенімін 

қалыптастыру  әдісі.  Пікір  таласта  тақырып  бойынша  өзінің  көзқарасын,  ойын  дәлелдейді.  Сонымен 

бірге басқаның пікірін тыңдауға үйренеді, келісу  немесе таласу пікірлер де пайда болады. Пікірталаста 

мұғалім  де,  оқушылар  да  дайындалады.  Оның  тақырыбы  және  сұрақтары  күні  бұрын 

хабарландырылады.  Пікірталастың  құндылығы  сонда,  ол  оқушылардың  ойлану  сезімін  оятады, 

талаптандырады,  ал  бұл  дұрыс  идеяларды  ұстауға,  қателіктерден  бас  тартуға  мүмкіншілік  береді. 

Пікірталастың  соңында  басқарушы  оқушылардың  жауабын  жинақтайды,  талдайды,  баға  береді, 

қорытады. 

Үшінші  топ  –  мадақтау  және  жазалау,  жарыс  әдісі.  Өткізілетін  тәрбиелік  шаралардың  сапасын 

және тиімділігін арттыру үшін, кейде, адамгершілік тәрбиесінің әдістері көмектесуді қажет етеді. Бұл 

жағдайда  мадақтау  және  жазалау  әдістері  пайдаланылады.  Мадақтау  тәрбиеленушіні  іс  –  әрекетінде 

және мінез – құлқында белсенділікке ынталандырады. Жазалау – баланың өзінің теріс мінездері үшін 

ұялтады, оның теріс қылықтарын тежейді.  

Жарыс  –  балалардың  ұжымда  іс-әрекетін  ұйымдастыру 

және  ынталандыру  әдісі.  Ұжым  жарыстың  барысында  өзінің  жетістігі  және  жарысушы  ұжымдардың 

табысы  үшін  әрекет  жасайды.  Жарыс  оқушылардың,  әсіресе  елжар  оқушылардың  белсенділігін 

арттырады, жауапкершілігін, үжымшылдығын дамытады.  

Жарысты  ұжымдық  және  дара  түрде  өткізуге  болады.  Ұжымдық  түрге  сыныптар  спорт 

командалары,  оқушылардың  өндірістік  бригадалары,  звенолары  арасындағы  жарыс  жатады.  Мұнда 

негізгі  мақсат  ар-намыс,  құрмет  үшін  күресу.  Жарыстың  дара  түрлері:  жауынгерлік,  еңбек  даңқы 

орындары бойынша жорық туралы жақсы әңгімелер сайысы  жақсы әндерді, билерді орындау сайысы 

т.б.  

Сонымен  жасөспірімдерді  адамгершілік  диалогқа  тарта  отырып,  сыныпта,  мектепте  әрбір 



субъектінің  еркіндігі  мен  құқығын  қорғау  ахуалын  орнатуға  бағытталып  және  оның  мұғалімдермен, 

ата-аналармен,  құрдастарымен  өзара  байланысына  құрылу  негізінде    адамгершілік  және  құқықтық 

мазмұнына жеке қатынасын қалыптастыруға қызмет етеді. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1. 


ҚР Білім беру туралы Заңы 2007 ж. 27 шілде. 

2. 


Джаманбалаева  Ш.Е.Социальные  проблемы  девиантного  поведения:  автореф.  ...  кан.  пед. 

наук: 13.00.01.- Алматы, 1996. - 23 б. 

3. 

Блонский П.П. Трудные школьники. Изд.2-е. - М.: Работник просвещения, 1930.- 131 с. 



4. 

Қалиева  Г.А.Тәрбиесі  қиын  жасөспірімдердің  адамгершілік-құқықтық  тәрбиесінің 

педагогикалық шарттары: пед. ғыл. канд. дис. автореф: - Атырау, 2009. – 26 б. 

5. 


Керімов Л. К. Қиын оқушылар мәселесі. -  Алматы, 1991. 

6. 


Намазбаева Ж.И. Что такое личность? //Вестник Научно-педагогического центра. – 1991. - 

№1. – С. 5-6. 

7. 

Иванов  В.Н.  Девиантное  поведение:  причины  и  масштабы.  Социално-политический 



журнал № 2, 1995. 

8. 


Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика.- Астана, 1998. – 378 б. 

 

жүктеу 214,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау