69
жағдаят талдауға беріледі. Берілген жағдаят тек практикалық мәселені
бейнелеп қана қоймай, сонымен қатар сол мәселе шешімінде қолданылатын
білім кешенін анықтайды.
Кейстің зияткерлік ӛнім ретінде шығатын қайнар кӛзі бар. Бірінші қайнар
кӛзі ӛмір болып табылады. Кейстің негізі ретінде екіншіден білім беру жҥйесі
қарастырылады. Ол кейс стади тәсіліне интегралданған басқа әдістердің
мақсаттары мен міндеттерін айқындайды. Ал кейстің ҥшінші негізі – ғылым.
Тӛменде кейспен жҧмыс жасауға ҧйымдастырылған тҥрлі әдістерді
интегралдаудың мҥмкін жолдары кӛрсетіледі.
Кейс стади тәсілімен біріктіре қолданылған әдістер: ҥлгілеу, жҥйелік
талдау, «Миға шабуыл», пікір–талас,ойын әдісі, мәселелік әдіс,бейнелеу әдісі
Кейс стади тәсіліндегі сипаты: жағдаят ҥлгісін қҧрастыру, Жағдаятты
жҥйелі ҧсыну және талдау, Жағдаятқа байланысты ойларды жалпылау,
Мәселені шешу жолдары туралы ойлармен алмасу, жағдаяттағы
кейіпкерлердің тҥрлі мінез–қҧлық нҧсқаларын бейнелеу, жағдаяттың тҥп
негізінде жатқан мәселені айқындау, жағдаятты сипаттау
Қандайда болмасын жаңа технологияларды білім беру саласында қолдану
кӛптеген факторларға тәуелді. Сол себепті кейс технологиясын шетел тіліне
оқыту ҥрдісінде тиімді қолдану, біріншіден, шетел тілі пәні мҧғалімінің кәсіби
қҧзыреттілігіне байланысты. Екіншіден, бҧл технологияға арналған дайын
оқыту материалының аздығы немесе жоққа тән болуы. Американ бизнес және
экономика институтының оқытушысы П.Экман: «In working with cases I worth
an independence of thinking» –деген, яғни танымның, ойлаудың тәуелсіздігі
басты назарда болатынын айтады. Сондықтан кейс стади тәсілінде басты назар
студенттердің ҧсынылған реальды немесе қиялдық (алдын-ала қҧрастырылған)
жағдаяттарды талдауы және осы жағдаятқа ӛзіндік баға беріп, ӛзінің ой-пікірін
нақты әрі толық айтып беруі. Шәкірттің жекетҧлғалық қабілеттерін жетілдіруге
аударылады. Бҥгінгі шеттілдік білім берудің мақсаты мен нәтижесі
«мәдениетаралық
коммуникативтік
қҧзыреттілігін»
қалыптастыру
болғандықтан, кейсте қолданылатын материалдар оқылып жатқан тілдің ҧлттық
бейнесінде, мәдениеттер арасындағы айырмашылық пен ҧқсастықтарын
кӛрсететін контекстте болғаны жӛн, себебі шетел тілі жаңа парадигмаға сәйкес
когнитивтік–лингвомәдени біліктілік деңгейінде оқытылуы тиіс [178].
Тӛмендегі кейсті ағылшын тілі сабақтарында мәдениетаралық
коммуникация тақырыбы аясында ӛтілетін сабақ барысында қолдануға болады:
Достарыңызбен бөлісу: