Case #1
Mrs. Smith was well prepared for her culturally diverse first grade students this
school year. She was looking forward to learning more about the five different
countries and cultures represented in her classroom. She had completed all of the
required courses to successfully earn her EFL teaching endorsement. She was very
aware of how to enrich her lessons to accommodate second language learners. What
Mrs. Smith was not prepared for was the uneasiness and fear that overwhelmed the
parents of the students. One parent in particular complained to Mrs. Smith that her
child was being harassed by another student in the classroom. When Mrs. Smith
inquired about the identity of the “bully,” the parent did not know the name of the
70
student who was bothering her child. However, the parent mentioned to Mrs. Smith
that the student causing trouble was one of the “foreign” boys with the dark hair and
real dark skin. Mrs. Smith did not expect adults to react in this manner about a
classroom of typical six year old students.
Reflection Questions:
1. How can Mrs. Smith prepare herself for the challenges involved in teaching
culturally diverse students?
2. Is it possible to convey to parents the importance of being open minded in their
outlook of the culturally diverse world?
3. How can Mrs. Smith ease the tensions of the concerned parents?
Case # 2
An American university and its French partner discussed the possibilities of
exchanges for students, professors and administrators. Both sides agreed that would
be a good idea. The French negotiator spoke pretty good English, at first glance very
good English; the American spoke good French. In the discussion they used both –
French and English. In both languages they used the identical word administration
when they talked about exchanges between two institutions. The surprise came later.
For the American, administration in the university context meant department chair,
dean, provost. For the French, administration meant upper-level clerical staff
[183].
Мәдениетаралық
қарым-қатынасқа
оқыту
барысында
аталған
технологияны қолданудың маңызы зор. Студенттерге екі ҧлт ӛкілдері
арасындағы, екі тҥрлі мәдениет ӛкілдері арасындағы әңгіме мен қарым-
қатынастарында кҥнделікті ӛмірде кездесетін жағдаяттарды мысал ретінде
беруге болады.
Шетел тілін оқыту барысында студенттердің мәдениетаралық
коммуникативтік
қҧзыреттілігін
қалыптастыру
мақсатында
фрейм
технологиясын қолдану тиімділігінің жоғары екенін атап ӛтуге болады.
Фрейм сӛзі қҧрылым, қҧрылыс, каркас, қаңқа, жҥйе, жақтау, тор жҥйесі
деген мағына береді. Оқытудағы фрейм бҧл слоттарды, яғни бос терезелер мен
жолдарды (білім алушылар толтыратын), кілт сӛздерді қамтитын мәтіннің
стереотипті оқу ақпаратын кӛрсетудің қаңқалық қҧрылымы.
Фреймнің екі негізгі тҥрі қарастырылады: тілдік машықтарды оқытуға
бағытталған лингвистикалық (мысалы, сӛйлеу кезіндегі тілдік формаларды
дҧрыс таңдау) және арнайы лексиканы қолдану дағдыларын меңгеру мен бекіту
мақсатын ҧстанатын арнайы, спецификалық фреймдер.
Шетел тілін оқытуда білімді кӛрсететін фрейм теориясын қолданудың
бірқатар ерешеліктері бар және аудиторияда оқыту ҥрдісін ҧйымдастыру, яғни
сабақтарды дайындау кезінде, сонымен қатар білім алушылардың ӛзіндік
жҧмыстарын ҧйымдастыруда қосымша мҥмкіндіктер береді.
Фрейм сӛзі ағылшын тіліндегі framework (қаңқа) деген мағынаны береді,
яғни кілт сӛздер мен бос «орындар» (бірнеше рет жаңа ақпаратпен
толтырылатын слоттар) ретінде берілетін элементтерден қҧралған қҧрылымды
білдіреді. Қазіргі таңда, фреймдер бірқатар нақты біртекті жағдайларды
қамтитын стандартты, стереотипті жағдаяттармен анықталады. Фреймдік тҧғыр
материалды оқып тануға, білім беру мен білімді ҧйымдастыру, мәселелерді
71
шешуге, сӛйлеудің ғылыми стилін қалыптастыруға деген кӛзқарастың
стереотипін кӛрсетеді [184].
Шетел тілін ҥйренушілер ҥшін ҥлкен қиындықтарды тіл қҧралдарын
таңдауды қажет ететін тапсырмалар туғызады. Мысалы, белгілі және белгісіз
артикльдер, етістіктің дара және кҥрделі тҥрлері және тағы басқалар.
Осы
секілді,
студенттердің
мәдениетаралық
коммуникативтік
қҧзыреттілктерін қалыптастыру мақсатында студенттерге мәдениетаралық
қарым-қатынасты дамытуға байланысты мәтіндер беріп, сол мәтіндер соңында
тҥрлі тапсырмалар беруге болады. Тапсырмалардың негізгі мақсаты мәтінге
байланысты дҧрыс және бҧрыс тҧжырымдарды айқындау, мәтіндегі қажетті
сӛйлемдерді іріктеп алып, кейбір сӛздерін шығарып тастап, слоттар, яғни бос
«орындар» тҥрінде қалдырып беруге болады. Аталған фреймдермен жҧмыс
жасау кезінде студенттердің мәдениетаралық қарым-қатынас жӛніндегі
білімдері толықтырыла тҥседі, алдында оқытушы тҥсіндірген материалдары
естеріне тҥсіп, білімдері мен іскерліктері, дағдылары мен машықтары одан әрі
қалыптаса тҥседі.
Коммуникативтік жағдайларды кӛрсететін фреймдерді қарастыралық.
Мҧндай фреймдер білім алушыны тілдік контекстке жҧмылдыра отырып, тіл
қҧралдарын жылдам әрі дҧрыс таңдауға септігін тигізеді. Аталған фреймдермен
жҧмыс жасау барысында білім алушыларға оларды схема тҥрінде, суреттер
тҥрінде беруге болады, кейіннен студенттердің коммуникативтік жағдайларды
адекватты тҥрде нақты тҥсінгеніне кӛз жеткізгеннен кейін ары қарай бекіту
ҥшін осы секілді тапсырмаларға кӛшуге болады.
Оқытудың аталған тҧғыры, яғни «тірі» тілдік жағдаят іш пыстырарлық
теориялық ереже мен тапрсырмалардан гӛрі, білім алушыларға тіл бірліктерін
меңгерумен қатар, олардың мәдениетаралық қарым-қатынас жасай білу
қабілетін, дағдысын дамыта отырып, студенттердің мәдениетаралық
коммуникативтік қҧзыреттілігін қалыптастыруға септігін тигізеді. Бҧл
жҧмыстың негізгі кезеңдері мынадай болады:
- Білім алушыларға фреймдерді ҥлестірмелі материалдар, тақтаға ілінген
кестелер, презентация тҥрінде кӛрсету;
-
Аталған фрейммен жҧмыс барысында оларды ойын тҥрінде, беріліп
отырған материалдың мәнін жеткізу мақсатында тҥсінгенін талқылау (сҧрақ
жауап) тҥрінде студенттерді қатыстыру;
- Фреймдерді сахналық қойылым тҥрінде де ӛткізуге болады, яғни білім
алушыларды ӛздері осы ҥлгілерге қарап қҧрастыруды тапсырма ретінде беру.
Фреймдермен жҧмыс жасау оқу материалын дәстҥрлі емес формасында -
яғни оқу қҧралында беріліп отыратын грамматикалық ереженің тәжірибелік
қолданылуы мен оларды жаттығуларды орындау тҥрінде бекіту емес, керісінше
- тірі тілден алынған, яғни ҧқсас ҥлгілермен жҧмыс жасау формасын кӛздейді
[185].
Материалды меңгеруді қадағалау. Ол тағы ӛзгеруі де мҥмкін. Дҧрыс
грамматикалық форманы таңдауды білуді жауаптардың ҧсынылған нҧсқалары
бар мәтіндерді беру арқылы да тексеруге болады. Сонымен қатар, аударуға,
мысалы, қазақ тілінен ағылшын тіліне аударуға бірнеше ҥлгілер ҧсынуға
72
болады. Бірақ бҧл сӛйлемдерде алдын-ала оқытылған фреймдердің қҧрылымы
болуы тиіс. Басқаша айтқанда, бҧл сӛйлемдер білім алушыларды бҧрын
ҥйретілген схеманың ассоциациясына алып келетіндей болуы тиіс және оларға
ӛз ойларын дҧрыс жеткізуге кӛмегін тигізуі тиіс.
Оқытудың озық кезеңінде білім алушыларға бір сәйкес ой тастап,
проблема немесе жағдаят тҥрінде ҧсынып және оны фрейм тҥрінде кӛрсетуді,
яғни сабақтың бҧл бӛлімін «миға шабуыл» әдісі тҥрінде ҧймдастыруды ҧсынуға
болады. Мысалы:
Фреймдерді қолдану шетел тілін оқытудың озық кезеңіндегі білім
алушылар ғана емес, сонымен қатар, артта қалып бара жатқан студенттер
арасында тілдік қҧзыреттілікті дамытуға ӛз септігін тигізеді;
Фрейм студенттердің берілген модель бойынша тҥсініктерінің логикалық
тізбегін қҧру қабілетін дамытады, оларды талдап, шетел тілінде ӛз ойларын
жеткізуге септігін тигізеді;
Оқытудағы фреймдік тҧғыр мәтінді тҥсіну (интерпретация) және ӛз
пікірін айтуды қалыптастыруға мҥмкіндік береді;
Оқытушы фреймдерді ӛңдеуге контекстті және аталған коммуникативтік
актіге білім алушыны барынша жақындату, оқытылып отырған тілді «жанды»
ету мақсатында сӛйлеуші немесе субъектіні қабылдаушыны қамтуы, кірістіруі
тиіс [184].
Фреймнің негізгі қасиеттері болып:
- ҧйымдастыру бастамасының идеясы. Бҧл кӛзқарастан фрейм тек білімді
кӛрсетудің қҧралы ғана емес, сонымен қатар оны ҧйымдастыру мен
қҧрылымдаудың қҧралы болып табылады. Тіл білімі тҧрғысынан фреймнің
ҧйымдастыру бастамасы екі тҥрлі жолмен кӛрінеді. Біріншіден, фреймге
«кірігудің» белгісі болып лексема немес тҧрақты сӛз тіркесі болып табылады.
Екіншіден, фрейм тек терминалдар жиынтығымен (слоттар, бос орындар,
тораптар) ғана емес, олардың арасындағы ӛзара әрекеттермен айқындалады;
- стереотип және ситуациялық байланыс идеясы. Фрейм адам кҥнделікті
ӛмірде кездесуге мәжбҥр болатын білімнің стандартты стереотипті
конфигурациясын суреттейді. Ол аталған мәдениетке не тән екенін, ненің
қатысы жоқ екенін нақтылайды. Бір стереотипте білімдер компонентін табу
олардың жағдаяттық жақындығын білдіреді;
- білім идеясы. Осы идеяға сәйкес фреймдермен ассоциацияланған
білімдердің бӛлігі шынайы болып табылады. Білімнің аз ғана бӛлігін еске алу,
мысалға, фреймдердің аталуы немесе оның бір ҧяшықтарын еске алу білімнің
ҥлкен бір кӛлемін қарастыруды тартуға мҥмкіншілік береді. Басқаша айтқанда,
жеке бір сӛз ҧғымның артында фрейм тҧрғанын айтуға болады.
Фреймдік жҥйені ағаш ретінде қарастыруға болады, яғни ең жоғарғы
шыңында – фреймнің шың тҥйінінде жалпы ақпарат жиналады, ал тӛменгі
жағына оған нақтылаушы фреймдер жинақталады. Фрейм жағдайға білімнің
қандай тҥрі маңызды екенін анықтайды. «Фрейм» ҧғымы «жағдай» ҧғымымен
ауыстырыла алатын болып кӛрінуі мҥмкін. Бірақ фреймді жағдайдан
ажырататын нәрсе, ол оның психикалық санаты. Психологиялық аспектідегі
фрейм бҧрыңғы тәжірибенің жалпылама қҧрылымы, оның кӛмегімен сана ішкі
73
әлем объектілері жағдайының ӛзгеруін, оқиғаның дамуы мен мазмҧнын,
олардың ӛзара байланысын болжайды [186].
Ағылшын
және
қазақ
тілдеріндегі
шақтар
арасындағы
айырмашылықтарға ҥлкен мән берілуі қажет. Мысалы, мәдениетаралық
коммуникативтік қҧзыреттілікті қалыптастыру мақсатында ағылшын тіліндегі
шақтар жҥйесі мен іскерлік этикетінің ара қатынасы қандай болатынын кӛрсету
маңызды. Яғни, мҧнда студенттер іскерлік хат жазу кезінде басшылығына
бағынышты қызметкер басшысына хат соңында I’m looking forward to your
answer деген сӛздермен аяқтамауы тиіс екенін білуі қажет, себебі бҧл
сӛйлемдегі шақтың формасы хат жіберіліп отырған адресатқа шҧғыл тҥрде
жауап қатуы тиіс екенін білдіреді. Басшыға мҧндай сӛздер жазу тек тілдік қана
емес, сонымен қатар тактикалық қате болып табылады. Басшыға бағынышты
адам I look forward to your answer деп жазғаны абзал.
Мҧнда фреймнің ӛзгеруі – рейфрейминг негізгі әдістемелік тәсіл ретінде,
ал іскерлік қарым-қатынастың оқу жағдаяты - оқытудың негізгі бірлігі ретінде
алынуы мҥмкін.
Жоғарыдағы айтылғандарды қорытындылай келе, отандық және шет
елдік ғалымдардың еңбектеріне жасаған кішігірім талдауымыз бізге
мәдениетаралық коммуникативтік қҧзыреттілікті қалыптастыруда заманауи
технологияларды қолдану ӛз септігін белгілі бір дәрежеде тигізетіні сӛзсіз және
сол технологиялардың ішіндегі Podcast, Case Study, Framing технологиялары
тҥрлі мәдениет ӛкілдерімен ішінара араласуға, мәдениеттердің арасындағы
ҧқсастықтар мен ерекшеліктерді жете танып білуге бірден бір ҧтымды
технологиялар деп тануымызға мҥмкіндік берді.
Достарыңызбен бөлісу: |