ҚОСЫМША А
162
ҚОСЫМША Ә
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Әр тҥрлі елдер мәдениетіндегі қимыл, ым-
ишара қарым-қатынасы
Сабақтың мақсаты:
1.Студенттерге
әр
тҥрлі
елдер
мәдениетіндегі
қимыл,
ым-ишара
қарым-қатынасы жӛнінде тҥсінік беру;
2. Әр тҥрлі елдер мәдениетіндегі қимыл, ым-ишара қарым-қатынасының диалектикалық
ерекшеліктеріне байланысты жҥйелеу;
3. Студенттерді топпен, пармен жҧмыс істеуге баулу, ҧжымдық жҧмыс жасауға жҧмылдыру.
Сабақ формасы:
лекция
Сабақ тҥрі:
жобалау сабағы
Кӛрнекіліктер:
интерактивті тақта, оқулық, плакаттар мен маркерлер
Лекцияда қарастырылатын сҧрақтар:
1.
Әр тҥрлі елдер мәдениетіндегі қимыл, ым-ишара қарым-қатынасы
2.
Тҥрлі елдер мәдениетіндегі қимыл, ым-ишара қарым-қатынасын диалектикалық
ерекшеліктеріне байланысты жҥйесі
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Биркенбил В. Язык интонации, мимики, жестов. – СПб., 1997. – С.15.
2. Горелов И.Н., Енгалычев В.Ф. Безмолвной мысли знак: Рассказы о невербальной
коммуникации. – М., 1991. – С.30-35.
3. Hutmacher Walo. Key competencies for Europe // Report of the Symposium Berne (Switzerland
27-30 March, 1996) Council for Cultural Co-operation (CDCC). - Secondary Education for Europe
Strasburg, 1997. P. 215.
Сабақтың барысы:
І. Ҧйымдастыру кезеңі
(Оқытушы студенттермен амандасып, келмеген студенттерді
белгілеп, сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстырады)
ІІ. Студенттерге тақырып бойынша мағлҧмат беру
Сабақтың бҧл кезеңінде оқытушы студенттерге әр тҥрлі елдер мәдениетіндегі қимыл,
ым-ишара қарым-қатынасы туралы мағлҧмат береді.
Сабақтың бірінші кезеңінің мақсаты - студенттерге «қимыл қозғалыс», «ым-ишара»
ҧғымдарына анықтама бере отырып, әр тҥрлі елдер мәдениетіндегі қимыл, ым-ишара қарым-
қатынасы туралы мағлҧмат беру.
1.
Әр тҥрлі елдер мәдениетіндегі қимыл, ым-ишара қарым-қатынасы
Болашақ мамандардың мәдениетаралық қҧзыреттілігін қалыптастырудың ӛзектілігі
мен қажеттілігі қазіргі жастардың басқа мәдениет ӛкілдерімен ғаламтор желісіндегі тҥрлі
сайтта байланысының қарқынды ӛсуімен айқындалады. Сол себепті, болашақ мамандардың
басқа халықтар ӛкілдерімен дҧрыс әрі тиімді мәдениетаралық қарым-қатынас орнату ҥшін
олардың даярлығы жоғары деңгейде болғаны абзал. Бҧл ретте, әр тҥрлі мәдениеттер
ӛкілдерінің арасында тҥсініспеушіліктің негізгі себептері лингвистикалық аспектідегі
қателердің болуынан емес, мәдениетаралық қарым-қатынастағы стратегиялық қателер мен
бӛтен елде мінез-қҧлық нормаларының ережелерін білмеу, қимыл қозғалысы мен ым-ишара
қарым-қатынасы белгілерінің мағынасын ажырата алмау салдарынан болатынын ескеру
қажет.
Әлемдегі елдердің арасындағы мәдениетаралық қарым-қатынасты жете тҥсіну
мақсатында тҥрлі елдер мәдениетінің қимыл, ым-ишара қарым-қатынасы арасындағы
ҧқсастықтар мен айырмашылықтарды ажыратып алайық.
163
"Әр елдің салты басқа" демекші ым-ишара амалдары да әртҥрлі мағына білдіреді екен.
Бҧл елдің менталитетіне, танымына байланысты. Ӛзге елге шыға қалсаңыз, ӛзімдікіне
салынып, оларға оғаш кӛрінетін ишараны кӛрсетіп алып жҥрмеген абзал.
Мысалы, бас бармақ пен сҧқ саусақ арқылы жасалған шеңбер Аустралияда, АҚШ-та,
Ресейде, Ҧлыбританияда, Канадада және біздің елде бҧл ҧғым "жарайды" деген келісу
мағынасы білдірсе, Бразилия мен кейбір азиялық мемлекеттерде дӛрекі мағына ҥстейді екен.
Сонымен қатар, бҧл белгі барлық елде «Ok» дегенді білдірмейді. Мәселен, Францияда бҧл
белгі «ештеңеге жарамайтын» немесе «назар аударуға тҧрарлық емес» деген мағынаны
береді. Ал Венесуэла мен Тҥркия елдерінде бҧл ишарат «қҧның бес тиын» деп тҥсініледі.
Әдетте, баланың басынан сипау достық пен нәзіктіктің ым-ишарасы болып табылады.
Бірақ буддалық дінде адамның басының тӛбесі адам денесінің жоғарғы нҥктесі болып
табылады, яғни олардың тҥсінігінде ол адам жанының орны болып есептеледі екен. Әсіресе,
Тайландта адамның басы ең қасиетті мҥше саналады. Бастың тӛбесін сипау ол елдерде
баланың немесе ересек адамның денесіне агрессивті басып кірумен тең. Сол себепті,
буддистік дінді ҧстанатын елдерде бҧл ым-ишарадан алыстаған дҧрыс.
Ортаңғы саусақ пен тӛртінші саусақты бҥгу белгісін алғаш рет АҚШ-та ӛткен рок
концертінде Ронни Джеймс Дио есімді рок әншісі кӛрсеткен екен. Кейін бҧл ишарат рок
әншілердің белгісіне айналғандай. Ал Италияда, Бразилияда, Колумбия, Португалия,
Испания елдерінде бҧл белгіні адам жанындағы серігінің артынан кӛрсетсе, "бҧл адам менің
тірегім" деген мағынаны білдіреді екен.
Елдер мәдениетіндегі вербальды емес қарым-қатынастың ым-ишара мен қимыл
қозғалыстары белгілерінің мәнін анықтау барысында біз адамдар арасындағы жиі кездесетін
ым-ишара белгілерін топтастырып, мағынасына қарай жҥйелеп сурет тҥрінде кӛрсетуді жӛн
кӛрдік (сурет 1).
Сурет 1- Ым-ишара қарым-қатынасының бірыңғай жҥйесі
164
Мәселен, саусақтарды жинастыру ишараты Италияда тҥсінбеген кезде "не айтқыңыз
келді?" дегендей мағына білдірсе, Конго Демократиялық Мемлекетінде мӛлшерді кӛрсетеді
екен. Тҥрік қандастарымыз бҧл ишаратты "çok güzel" деп әдемілікті білдіреді. Ал Мысырда
"бір минутта боламын" деген мағынаны білдіреді. Кӛпшіліктің танымында қҧптау немесе
ҧнау мағынасын білдіреді. Ал Латын Америкасында, Батыс Африкада, Иран, Ирак,
Ауғанстан елдерінде "табаныңды жалтырат" деген дӛрекі мағына
Екінші саусақ пен ортаңғы саусақты айқастыру Аустралияда, АҚШ-та,
Ҧлыбританияда, Канадада бҧл ишарат сәттілік тілеу мағынасын білдірсе, кейбір елдерде
ӛтірікті жасыру ҥшін қолданады екен.
Екі саусақты айқастырып Вьетнам тҧрғынына кӛрсетсеңіз сіз бір уақытта ҧятсыз
болып шыға келесіз. Себебі онда бҧл белгі әйел адамның сымбаты болып саналады. Рок
тыңдаушыларының жақсы кӛретін ишарасын итальяндықтар басқаша тҥсінеді. Испания,
Португалия, Бразилия, Колумбия, Италия елдерінде бҧл белгі әйелінің немесе кҥйеуінің бір-
бірінің кӛзіне шӛп салуын білдіреді.
Жоғары кӛтерілген бас бармақ – кӛптеген елде, тіпті Facebook пен Youtube
желілерінде де «жақсы, керемет» деген сӛзді білдірсе, кейбір елдерде кӛлікті тоқтатуда
пайдаланылады, ал Ауғанстан, Иран, Италия мен Грекия елдерінде «кетіп қал» деген
мағынаға ие. Сондықтан автостоппен саяхаттауды ойланып жҥрсеңіз, аталған елдерде бҧл
ишаратты кӛрсетпеңіз. Егер сіз Грекия елінде біреуді тоқтатқыңыз келсе алақаныңызды
кӛрсетіп, белгі бермеңіз. Бҧл ісіңіз ҥшін сӛз естуіңіз мҥмкін. Себебі бҧл ишара белгісі
гректердің намысына тиеді. Алақанын осылай жайып, Византия заманында қолға тҥскен
жаудың бетіне кҥйе жағады екен.
Мәселен, Европа мәдениеттерінде, шала таныс немесе тіпті бейтаныс адамдармен
араласқан жағдайда ҥндемеу әдепсіздік болып саналады. Ҥнсіздік жайлап алмас ҥшін
әртҥрлі, мысалы, ауа райы жайлы әңгіме қозғайтыны сондықтан. Мысалы, поездің купесінде
жолаушылардың сӛйлесіп отыратыны сол себепті.
Солтҥстік Американың ҥндістерінің Атапаск мәдениетінде таныс емес адамдармен
әңгімелесу қҧпталмайды, ол қауіпті саналады. Әбден біліп танып алмағанынша бейтаныс
адаммен тіл қатыспайды. Европа мәдениетінде қалыптасқандай әңгімелесу жақынырақ
танысудың амалы болып саналмайды.
Ҥнсіз ғана әлдебіреуді ӛзіңізге шақырғыңыз келді ме? Филиппиндер мен Оңтҥстік
Кореяда сҧқ саусақпен бҧл ишаратты жасамағаныңыз абзал. Онда бҧл белгі арқылы итті
шақырады және адамға қҧрметсіздік болып саналады және Филиппин елінде осы белгіні
қолданғаныңыз ҥшін темір торға жабылуыңыз әбден мҥмкін. Сингапур мен Жапонияда бҧл
қимыл ӛлімді білдіреді.
Ал кейбір елдердің салтында біздің қарапайым ым-ишараларымыз тҧрпайылыққа
баланады. Мәселен, Ҥндістан, Шри-Ланка және Африка елдерінде сол қолмен тамақ ішу ҥй
егесіне деген қҧрметіңіздің жоқтығын білдіреді. Бҧл елдерде сол қол ластықтың белгісі.
Оңқайларға еш қиындық тудырмаса да, солақайлар ҥшін бҧл ырым-тиымдарды біліп жҥрген
жӛн.
2.
Тҥрлі
елдер
мәдениетіндегі
қимыл,
ым-ишара
қарым-қатынасын
диалектикалық ерекшеліктеріне байланысты жҥйесі
Ым-ишара белгілерін Еуропа елдерінің, тҥркі және араб елдерінің мәдениеті, Латын
Америка, Орталық және Шығыс Азия елдерінің мәдениеті деп жекелеген тҥрде кӛрсету
мақсатында, яғни қолмен кӛрсетілетін кейбір ым-ишаралардың диалектикалық
ерекшеліктеріне байланысты топтап, кесте тҥрінде де кӛрсетуге тырыстық (кесте 2).
Мҧндағы біздің мақсатымыз елдер мәдениетіндегі ым-ишаралардың ҧқсастықтары
мен айырмашылықтарын кӛрсету, яғни диалектикалық ерекшеліктерін айқындау болды.
165
Кесте 2- Ым-ишаралардың диалектикалық ерекшеліктері
Мәдениет
Ым-ишара белгілері
1
2
3
4
5
6
7
8
Саусақта
рды
жинасты
ру
Бас бармақ
пен
сҧқ
саусақ
арқылы
жасалған
шеңбер
белгісі
Ортаңғы
саусақ пен
тӛртінші
саусақты
бҥгу
Жоғары
кӛтеріл
ген бас
бармақ
Адам
ӛзі
туралы
айтқанд
а
Тілді
шығар
у
Сҧқ
саусақпе
н біреуді
ӛзіңе
қарай
шақыру
Еуропа
елдерінің
мәдениеті
"не
айтқыңыз
келді?"
дегендей
мағына
береді
"жарайды"
деген
келісу
мағынасын
береді
"бҧл адам
менің
тірегім"
деген
мағынаны
білдіреді
«жақсы,
керемет
» деген
мағына
нбереді
Кеудесі
н
нҧсқайд
ы
Кемсіт
у
мағын
асын
береді
Дӛрекі
мағынан
ы береді
Тҥркі және
араб
елдерінің
мәдениеті
әдемілікт
і
білдіреді
«қҧның
бес тиын»
дегенді
білдіреді
«кетіп
қал»
деген
мағына
ға ие
Мазақ
ету
мағын
асын
береді
Дӛрекі
мағынан
ы береді
Латын
Америка
елдерінің
мәдениеті
"табаның
ды
жалтырат
"
деген
дӛрекі
мағына
ҥстейді
гомосексу
алды
адамдар
туралы
дӛрекі
мағынаны
білдіреді
"бҧл адам
менің
тірегім"
деген
мағынаны
білдіреді
Мазақ
ету
мағын
асыме
н тең
Дӛрекі
мағынан
ы береді
Орталық
жәнеШығ
ыс
Азия
елдерінің
мәдениеті
Жапонияд
а
бҧл
ишара
ақшаны
білдіреді
Мҧрны
н
нҧсқайд
ы
Ӛшпен
ділік,
кек
алу
итті
шақыру
және
адамға
қҧрметсі
здік
болып
саналады
Еуропа елдеріне Италия, Германия, Испания, Франция, Англия және т.с.с. елдер
кіретіні белгілі.Бас бармақ пен сҧқ саусақ арқылы жасалған шеңбер белгісі бҧл елдерде
"жарайды" деген келісу мағынасын берсе, Латын Америка елдерінде бҧл ишара
гомосексуалды адамдар туралы дӛрекі мағынаны білдіреді.
Латын Америка елдерінде саусақтарды жинастыру ишарасы «табаныңды жалтырат»
деген дӛрекі мағына ҥстейтін болса, тҥркі елдерінде әдемілікті білдіреді.
Тҥркі және араб елдерінде тілді шығару мазақ ету мағынасын беретін болса, Ҥндістан
елінің мәдениетінде бҧл ишарат ӛшпенділік, кек алу мағынасымен, Мая елінде
данышпандылық пен даналықтың белгісімен, ал Тибет елінде «саған қарсы еш нәрсем жоқ»
деген мағынасымен тең. Орталық және Шығыс Азия елдерінде адам ӛзі туралы айтқанда
Еуропа елдерінде кеудесін нҧсқайтын болса, бҧл елдерде мҧрнын нҧсқайтын ерекшелігі бар.
Осы секілді ым-ишараларды тізіп атай беретін болсақ, оның саны шексіз және ол
ҥлкен зерттеу жҧмысы болып, тҥпкілікті зерделеуді қажет етеді, сол себепті біз ым-
ишаралардың негізгілеріне ғана тоқталуды жӛн кӛрдік. Ым-ишараларға жҥргізген
166
талдауымыз бір ым-ишара белгісі Еуропа мен Латын Америка елдерінде бірдей мағынаны
ҥстейтінін кӛрсетті және ишара тек елдер мәдениетіне қарай ӛзгере бермейтініне зер салуды
қажет етеді.
Мәдениетаралық қҧзыреттілікті қалыптастыру мақсатында шет елдің мәдениетін де,
басқа елдер мәдениеттерінің арасындағы айырмашылықтарды меңгертуіміз қажет. Шетел
тілін оқу барысында, сол елдің сӛйлесу, амандасу, кӛзқарас ерекшеліктерінің бәрі сӛйлесу
кезінде ӛзінше бір мағына беретінін ескеруіміз қажет. Ағылшындықтардың жиі кҥліп,
жымиып отыруы бізге бір ерсі, шынайы емес кӛрінер, бірақ ол елдерде бҧл ӛзін ашық,
досшыл, шынайы етіп кӛрсетудің белгісі болып табылады.
Жапондықтар ӛздерінің сезімдерін жиі кӛрсете бермейді, ер адамдар кӛпшілік
алдында кҥле бермейді, ал әйелдер тіпті кҥлгенде тістерін кӛрсетпейтіні белгілі. Солтҥстік
американдықтар шыншыл сӛйлесудің белгісі ретінде кӛзге тік қарап сӛйлесуді қалайды, ал
азиялықтар кӛзге тік қарауды сыйламаудың белгісі деп тҥсінеді. Дәл осы сияқты тізбектеп
айта беретін болсақ, мысалдар ӛте кӛп.
Осы сияқты басқа да шет елдердің сӛйлесу, амандасу, қарым-қатынас жасауда
ӛздерінің ерекшеліктері, айырмашылықтары бар, осы ерекшеліктерді ескере отырып, шет
елдердің азаматтарымен еркін сӛйлесу, қарым-қатынасқа жеңіл тҥсе білу – бҥгінгі таңда
бәсекеге қабілетті тҧлғаның басты корсеткіштері болып табылады.
Сол себепті, қазіргі жаңа сапалық ӛзгерістер жағдайындағы жоғары оқу орны
студенттерінің бойында мәдениетаралық коммуникативтік қҧзыреттілікті қалыптастыру
мәселесі рухани мәдениетімізді дамытуға, ҧлттық қҧндылықтар мен мәдени
мҧраларымыздың мәнін тҥсіну, тарихты зерделей отырып, қоғамымыздың қазіргі даму
сатысының ерекшеліктерін, шет мемлекеттермен халықаралық байланысқа еркін тҥсе алатын
бәсекеге қабілетті тҧлғаны тәрбиелеуде маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |