Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №18 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілген ішкі талдау нәтижесі
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» №410 Заңының 6 бабына сәйкес Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл шаралараның жүйесінің бірі болып табылады.Аталған заң талаптары барлық мемлекеттік органдарға жеткізілді, таныстырылды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 18 бұйрығымен бекітілген (әрмен қарай мәтін бойынша бұйрық) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Күршім ауданы әкімінің 2016 жылғы 1 наурызындағы «Жұмыс тобын құру туралы» № 13 – ө өкімімен жұмыс тобы құрылып, құрылымдық бөлімшелер қызметі бойынша дербес түрде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарын жүргізді. Талдау нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Бұйрықтың 8 тармағына сәйкес Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актірлерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) бөлімшенің ұыймдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
3) персаналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
4) мүделер қақтығысын реттеу;
5) мемлекеттік қызмет көрсету;
1.Мемлекеттік қызметшілер лауазымдық нұсқаулықтарымен таныстырылған. Мемлекеттік қызметте болумен байланысты шектеуге қол қойған. Мемлекеттік қызметшінің арнайы тексеруінен өтіп, ант қабылдаған. Барлық мемлекеттік қызметшілер біліктілік талаптарға сәйкес келеді. Барлық санаттағы мемлекеттік қызметшілер уақытында қайта даярлықтан өтіп, біліктіліктерін арттырған. Мемлекеттік орган басшылары мен мемлекеттік қызметшілер арасында туыстық байланыс жоқ. Мүдделер қақтығысы болған жоқ.
Ішкі және жалпы конкурстар Бірыңғай конкурстық комиссия арқылы өткізіліп, конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында оның отырысына байқаушы, сарапшы қатысуда.
Әдеп Кодексі нормаларын бұзудың фактісі тіркелмеген. Тәртіптік шаралар заң талаптарына сәйкес қолданылған. Мемлекеттік қызметшілер «Өзіңнен баста» акциясына қатысып, өздерінің кірістерін аудан әкімінің веб-сайтына жариялаған.
«Персоналды басқару» бойынша сыбайлас жемқорлық қатерлері анықталған жоқ.
2.Мемлекеттік қызмет көрсетудің регламентттері және стандарттары, Күршім ауданы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізімі, электрондық мемлекеттік қызметті қалай алуға болатындығы туралы ақпарат Күршім ауданы әкімінің ресми сайтында (www.kurchum.vko.gov.kz) орналасқан. 2016 жылдың 5 айында жеке және заңды тұлғаларға 32661 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде 1692 мемлекеттік қызмет Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, 100 мемлекеттік қызмет электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілді. 2016 жылдың 5 айында көрсетілген мемлекеттік қызмет түрлері бойынша арыз-шағымдар тіркелген жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету түрлері бойынша Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
3.Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініш саны (27 маусымға дейінгі мәлімет) жалпы саны 250 оның ішінде; Күршім ауданы әкімі аппаратына -160 өтініш , дербес бөлімдерге-73 өтініш, ауылдық округ әкімі аппараттарына-17 өтініш. Барлық өтініштерге жауаптар Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» N 221 Заңы негізінде берілді.
4.Жалпы қабылданған құқықтық актілер саны- 715. Құқықтық актілер қабылдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Қорытынды :
Күршім ауданы әкімі аппараты тарапынан заңдылық сараптама жасау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдігі мүмкін деген жәйт анықталды.
Ұсыныс:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы «Мемлекеттік қызмет өткеру туралы ережені бекіту туралы» №357 Жарлығының 2-бөлімінің 8 бөлігінде мемлекеттік қызмет өтілі белгіленген болатын. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет өтілін есептеу арнайы нормативтік-құқықтық актімен регламенттелмегендіктен, сыбайлас жемқорлық қатерлерін туғызуы мүмкін. Сол себепті нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгеріс енгізуге ұсыныс беріледі.
Аппарат басшысы А.Абилмажинов
Орын: Ж.Мәжібаев
Тел:22-196
Достарыңызбен бөлісу: |