|
Көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер
|
Дата | 07.12.2017 | өлшемі | 84,66 Kb. | | #3292 |
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 26 ақпандағы
№ 153 қаулысымен
бекітілген
«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге
келісімшарттар жасасу, оларды тіркеу және сақтау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, оларды тіркеу және сақтау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 10 (он) минут.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – қол қойылған және тіркелген кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған кеілісімшарт.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі осы стандартқа қосымшада көрсетілген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күту тәртібімен алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) еркін нысандағы өтініш;
2) жұмыс бағдарламасымен, бекітілген барлық жобалық құжаттармен, келісулер мен сараптамалар нәтижелерімен қоса келісімшарт жобасы – қағаз және электрондық жеткізгіштерде 3 (үш) данада.
Көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттардың бәрін тапсырған кезде көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты туралы қойылған белгі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 2117-кабинет, телефоны 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесіне пошта арқылы не қолма-қол жазбаша нысанда беріледі.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін, жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпарат мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының: 1414 телефоны арқылы беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы
көрсетілетіндердің ерекшеліктері ескерілетін өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жерлердің мекенжайы Министрліктің www.mint.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік органның қызметі» деген бөлімнің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен стандарттар» деген кіші бөлімінде орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414 арқылы қашықтан қолжетімділік режимінде алуға мүмкіндігі бар.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары министрліктің www.mint.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік органның қызметі» деген бөлімнің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен стандарттар» деген кіші бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Кең таралған пайдалы қазбаларды
барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу,
оларды тіркеу және сақтау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша
Р/с
№
|
Облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органы
|
Жұмыс режимі
|
1
|
2
|
3
|
1
|
Астана қаласының әкімдігі
|
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
|
2
|
Алматы қаласының әкімдігі
|
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
|
3
|
Ақмола облысының әкімдігі
|
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
|
4
|
Ақтөбе облысының әкімдігі Ақтөбе облысының
|
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
|
5
|
Алматы облысының әкімдігі
|
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
|
6
|
Атырау облысының әкімдігі
|
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
|
7
|
Жамбыл облысының әкімдігі
|
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
|
8
|
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
|
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
|
9
|
Қарағанды облысының әкімдігі
|
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
|
10
|
Қостанай облысының әкімдігі
|
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 8.30-дан 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 12.30-дан 14.00-ге дейін.
|
11
|
Маңғыстау облысының әкімдігі
|
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 12.30-дан 14.00-ге дейін.
|
12
|
Павлодар облысының әкімдігі
|
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
|
13
|
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
|
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
|
14
|
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
|
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
|
15
|
Қызылорда облысының әкімдігі
|
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін.
|
16
|
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі
|
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
|
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|