Конвертерлік болат өндіру тәсілі



жүктеу 6,83 Mb.
бет16/40
Дата14.05.2018
өлшемі6,83 Mb.
#12513
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   40
Сутегі. Сұйық темірде протон (Н+) түрінде болады. Сутегі атомдары (иондары) темірмен ену қатты ерітіндісін түзеді. Сутегінің темірдегі ерігіштігі Сивертс заңы бойынша
[H]=KH (2.75)
Газдың металда ерігіштігіне көптеген факторлар әсер етеді:

1) металдың агрегаттық күйі;

2) температура;

3) қысым;

4) кристалл торының түрі;

5) газ бөлшектерінің мөлшері.



Температура көтерілгенде сутегінің темірдегі ерігіштігі жоғарылайды (2.5–сурет). Сутегінің сұйық темірдегі ерігіштігі, оның қатты күйдегі темірдегі ерігіштігіне қарағанда, жоғары. Темірдің балқу температурасында және α–темірдің γ–темірге аллотроптік түрленісінде сутегінің ерігіштігі секірмелі жоғарылайды. Ғеγ – дің Ғеδ –ге полиморфтік түрлену температурасында газдың ерігіштігі аздап төмендейді.

2.5–сурет – Сутегінің темірде ерігіштігіне температураның әсері


Сутегінің темірдегі ерігіштігіне басқа элементтер әсер етеді. Мысалы, Ti, V және т.б. элементтер сутегінің ерігіштігін арттырса, С, Si, Al – төмендетеді.

Болат қорытудың соңында балқымадағы сутегі мөлшері, үрдіс түріне қарамай, 3–6 см3/100г металға болады. Бұл оның α–темірдегі ерігіштігінен жоғары. Сондықтан кристалдану үрдісінен кейін, сутегі атомдары металл ерітіндісінен құйылманың қуыстарына, тордың ақаулы жерлеріне бөлініп шығып, молекула түзіп, газ күйіне көшеді. Сутегінің осылай бөлініп шығуынан, илемделген металда флокендер деп аталатын, болат қасиетін төмендететін, ішкі жарықшақтар пайда болады. Флокендер құруға негізінен қосындылы болаттар бейім келеді.

Болат қорытудың барысында балқымадағы сутегі мөлшері газ фазасының құрамына, балқыма материалдарындағы сутегі мөлшеріне, көміртегінің тотығу қарқындылығына және т.б. факторларға байланысты. Болаттағы сутегі мөлшерін төмендету шаралары:

1) балқыманы таза оттегімен үрлеу;

2) ылғалсыз төмен материалдарды қолдану;

3) балқыманың қайнауын ұйымдастыру (СО көпіршіктері арқылы металдағы сутегі мөлшерін төмендету);

4) ылғалы төмен ферроқорытпаларды қолдану;

5) балқыманы сирек жерлік элементтермен қосындылау;

6) балқыманы инертті газбен үрлеу;

7) балқыманы вакууммен өңдеу.




жүктеу 6,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау