«БЕКІТЕМІН»
Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы
__________________ Е.Шохаев
2015 жыл «15» шілдедегі №39 бұйрығы
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша «Атырау облысындағы діндар жамағаттар арасында Қазақстан халқының дәстүріне және мәдени мұрасына сәйкес сананы қалыптастыруға, діни экстремизм және терроризмнің алдын-алуға бағытталған жұмыстарды жүргізу» қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша
КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМАСЫ
Тапсырыс беруші – Атырау облысы Дін істері басқармасы мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би 77, индекс 060010, БСН 130740012173, ИЖК KZ63 0701 02 KS N150 1000, код 2691253, БЖК KKMFKZA, ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті.
Атырау облысы Дін істері басқармасының интернет-ресурсы – www.atyrau.gov.kz
Тапсырыс берушінің өкілі – бас маман – Бисенғалиева Набира Разиховна, байланыс телефоны: 8 (7122) 32-16-40, электронды пошта – ddratr@list.ru
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы – Атырау облысы Дін істері басқармасы Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би 77, индекс 060010, БСН 130740012173, ИЖК KZ63 0701 02 KS N150 1000, код 2691253, БЖК KKMFKZA, ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті.
Сатып алуды ұйымдастырушының өкілі – Атырау облысы Дін істері басқармасының есепшісі – Бисенгалиева Набира Разиховна, байланыс телефоны: 8 (7122) 32-16-40, электронды пошта - ddratr@list.ru
Конкурстық құжаттама тегін ұсынылады.
1. Жалпы ережелер
1. Конкурс Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша «Атырау облысындағы діндар жамағаттар арасында Қазақстан халқының дәстүріне және мәдени мұрасына сәйкес сананы қалыптастыруға, діни экстремизм және терроризмнің алдын-алуға бағытталған жұмыстарды жүргізу» (бұдан әрі – қызмет) өнім берушісін таңдау мақсатында өткізіледі.
2. Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі осы конкурс үшін бөлінген сома 44 642 857 (қырық төрт миллион алты жүз қырық екі мың сегіз жүз елу жеті) теңге 00 тиын құрайды, соның ішінде мынадай лоттар бойынша:
Лоттың
№
|
Көрсетілетін қызметтердің атауы
|
Бөлінген сома,
теңге
|
1
|
«Атырау облысындағы діндар жамағаттар арасында Қазақстан халқының дәстүріне және мәдени мұрасына сәйкес сананы қалыптастыруға, діни экстремизм және терроризмнің алдын-алуға бағытталған жұмыстарды жүргізу»
|
44 642 857,00
|
3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:
1) сатып алынатын қызметтердің тізбесін (Конкурстық құжаттамаға 1-қосымша);
2) техникалық ерекшеліктерді қоса алғанда, сатып алынатын қызметтердің сипаты мен талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасын (Конкурстық құжаттамаға 2-қосымша);
3) заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді (Конкурстық құжаттамаға 3 және 4-қосымша);
4) қызметтерді орындау үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді (Конкурстық құжаттамаға 5-қосымша);
5) әрбір өлшемнің проценттік мәнін көрсете отырып, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 17-бабының 4-тармағына және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесіне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсанындағы қаулысымен бекітілген №1301 Мемлекеттік сатып алуды іске асыру Ережелеріне сәйкес неғұрлым сапалы көрсетілетін қызметтер көрсетуді ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурсқа қатысушыны анықтау кезінде конкурстық комиссия ескеретін міндетті өлшемдердің тізбесін;
6) Көрсетілетін қызметтер көрсету кезіндегі қоса орындаушылар туралы мәліметтер нысаны (Конкурстық құжаттамаға 6-қосымша);
7) Шарттың орындалуын қамтамасыз ету нысаны (Конкурстық құжаттамаға 7-қосымша);
8) маңызды жағдайлар көзделген мемлекеттік сатып алу туралы үлгі Шарттың нысаны (Конкурстық құжаттамаға 8-қосымша);
9) баға кестесінің нысаны (Конкурстық құжаттамаға 9-қосымша).
2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық
құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін түсіндіруі
4. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші 2015 жылғы «4» тамыз сағ. 10:00 мин. кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен жүгінуге құқылы. Әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу қажет: Атырау облысы Дін істері басқармасы мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би 77, 1-қатар, 109 бөлме.
5. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап беруге және сұрау салу кімнен келіп түскенін көрсетусіз:
1) олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жіберуге;
2) конкурстық құжаттама ережелерін түсіндірулердің мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялауға міндетті.
6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 2015 жылғы «4» тамыз сағ. 10:00 мин. мерзімнен кешіктірмей жеке бастамашылығы бойынша немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім берушінің сұрауына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен рәсімделеді.
Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтеусіз негізде конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге жібереді. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін кемінде он күнтізбелік күн мерзімге ұзартады.
Ұйымдастырушы енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялайды.
7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмелері берілген әлеуетті өнім берушілермен не олардың уәкілетті өкілдерімен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін 2015 жылғы «4» тамыз сағ. 10:00 мин. Атырау облысы Дін істері басқармасы мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би 77, 1-қатар, 109 бөлмесінде кездесу өткізеді.
8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен кездесудің хаттамасын жасайды, онда әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы олардың көздерін көрсетпестен, ұсынылған сұратулары, сондай-ақ осы сұратуларға жауаптар көрсетіледі. Хаттама әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияға және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама алған әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналында көрсетілген пошталық деректемелері бойынша конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберіледі.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен болған кездесу хаттамасының мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялайды.
3. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілердің ұсынуы
Конкурсқа қатысуға өтінім
9. Конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес жұмыстарды орындауға конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісім білдіру нысаны болып табылады.
10. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінімі мыналарды қамтуға тиіс:
1) әлеуетті өнім беруші осы конкурстық құжаттамаға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес толтырған және қол қойылған өтінімді;
2) әлеуетті өнім беруші оның жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынатын құжаттардың тізбесін:
құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, СТН, жеке басын растайтын куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды;
заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуға тиіс. Қазақстан Республикасының резиденті еместер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аудармасымен сауда тізілімінен нотариалды куәландырылған, заңдастырылған үзінді көшірмесін ұсынуға тиіс;
әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын қызметтерді орындауға көрсетуге құқығын растайтын лицензиялардың және/немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесі. Егер заңды тұлға қызметін заңнамада белгіленген тәртіппен Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын болса, онда мемлекеттік тіркелгені туралы өтінімнің нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
құрылтайшы туралы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтайшы құжаттардың (егер жарғыда құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтер қамтылмаған жағдайда) нотариалдық куәландырылған үзіндісі не конверттерді ашу күні алдындағы бір айдан бұрын берілген акцияларды ұстаушылардың тізілімінен нотариалдық куәландырылған үзінді;
3) әлеуетті берушінің және (немесе) оның бірлесіп орындаушылардың арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды:
әлеуетті өнім берушінің және оның бірлесіп орындаушылардың осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды көрсете отырып, арнайы біліктілік және өзге де талаптардың толық тізбесін қамтитын осы конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алу процесіне қатысуға арналған біліктілігі туралы мәліметтерді;
Егер әлеуетті өнім беруші жұмыстардың бірлесіп орындаушыларды тартуды көздеген жағдайында әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын бірлесіп орындаушылардың жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс;
осы конкурстық құжаттамаға 6-қосымша сәйкес конкурста сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау кезінде бірлесіп орындаушылар туралы мәліметтерді және әлеуетті өнім берушінің, қызмет көрсету көлемінің үштен екісінен астам жиынтығында бірлесіп орындаушыларға беруге тыйым салу шартын;
4) Көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын сипаттай отырып, көрсетілетін қызметтердің мерзімдерін және (немесе) көлемдерін, сапа кепілдігі көрсетілетін қызметтердің кестесі (әдістері) және шартттары туралы мәліметтерді қамтылған техникалық ерекшелік.
5) әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүдделерін білдіретін адамға (адамдарға) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат.
11. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі – конкурстық өтінімдер ашылатын күннен бастап кемінде 45 күн.
12. Конкурстық құжаттамада көрсетілгеннен қолданылу мерзімі неғұрлым қысқа конкурстық өтінім кейінге қалдырылады.
13. Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді жасау және ұсыну тіліне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес орындалады.
14. Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерінің бағасы теңгемен көрсетілуі керек.
Конкурсқа қатысуға өтінімді рәсімдеуге қойылатын талаптар
15. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттерімен береді және соңғы бетіне оның қолымен, ал заңды тұлға үшін - мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылады.
Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық бөлігі (тігілген түрде, нөмірленген беттерімен, соңғы беті әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылған түрде және конкурсқа қатысуға өтінімнің қамтамасыз етуін растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі.
16. Конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы, әлеуетті өнім берушінің мөрімен бекітілуі (жеке тұлға үшін ондай бар болса) тиіс.
17. Конкурстық өтінімде әлеуетті өнім берушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауы тиіс.
18. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен почталық мекен-жайы (егер ол «кешікті» деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпаған күйінде қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекен-жайы, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың дәл атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша «АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ДІНДАР ЖАМАҒАТТАР АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРІНЕ ЖӘНЕ МӘДЕНИ МҰРАСЫНА СӘЙКЕС САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА, ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ ЖӘНЕ ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН-АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮРГІЗУ» бойынша конкурс» және «2015 жылғы «4» тамыз сағат 10:00-ге ДЕЙІН АШПАҢЫЗ».
Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі
19. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе мекен-жайы бойынша тапсырысты почталық байланысты пайдалана отырып: Атырау облысы Дін істері басқармасы мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би 77, 1 қатар, 109 бөлме мекен жайы бойынша Бисенгалиева Набира Разиховна 2015 жылғы «3» тамыз сағат 18:00-ге дейін береді.
20. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткеннен кейін алған барлық конкурстық өтінімдер ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуетті өнім берушілерге не алғаны туралы қолхатпен әлеуетті өнім берушілердің тиісті уәкілетті өкілдеріне жеке өздеріне қайтарылады.
21. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының жауапты адамы ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тиісті журналға тіркейді.
22. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптары бұзылған конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер қабылданбайды және тіркелмейді.
Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу
23. Әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзі енгізген қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуі немесе қайтарып алуы мүмкін. Өзгеріс енгізу конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуы, желімделуі және ұсынылуы тиіс.
Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама, әлеуетті өнім беруші заңды тұлға болып табылған жағдайда әлеуетті өнім беруші қол қойған және мөрімен бекітілген сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін түрде жазылған өтініш түрінде ресімделеді.
Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.
24. Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтарып алу сияқты, оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
25. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей нақты уақыт кезеңіне арналған өтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуын жасауға құқылы. Әлеуетті өнім беруші мыналарды жоғалтпастан мұндай сұрау салудан бас тартуға құқылы:
1) оның конкурсқа қатысуға өтінімінің мерзімі ішінде конкурс тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу;
2) осындай өтінімнің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алу.
26. Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға оның қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелеріне қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.
4. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссияның ашуы
27. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды келген барлық әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссия Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77-үй мекен-жайы бойынша 1-ші қатар, 109-бөлмеде 2015 жылғы «4» тамыз сағат 10:00-де жүргізеді. Конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі мен конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу арасындағы кезең екі сағаттан аспауға тиіс.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында (хабарламасында) және осы конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдер салынған конверттер ашылуға жатады.
Егер конкурсқа (лотқа) конкурсқа қатысуға арналған бір ғана өтінім ұсынылса, онда конкурсқа қатысуға арналған осы өтінім де ашылады.
28. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдері өздерінің қатысуын растай отырып, олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көрсетуге және әлеуетті өнім берушілерді Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77-үй мекен-жайы бойынша 1-ші қатар 109-бөлмеде 2015 жылғы «3» тамыз сағат 17:30-ден 18:00-ге дейін тіркеу журналына тіркелуге тиіс.
Әлеуетті өнім берушілер мен олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияға конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жазу үшін пайдалануға ниет етіп отырған аудио және бейне жазбаның техникалық құралдары туралы хабардар етуге тиіс.
29. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің және оның уәкілетті өкілдерінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметіне араласуына жол берілмейді.
30. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:
1) осы конкурстық құжаттамада ол туралы мәліметтер көрсетілген мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы қатысушыларды мыналар туралы хабардар етеді:
конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы туралы;
конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілердің саны;
әлеуетті өнім берушілердің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөніндегі әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізгені;
конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ себептері;
тиісті тіркеу журналына тіркелген конкурсқа қатысуға өтінімдерді белгіленген мерзімде ұсынған әлеуетті өнім берушілер;
2) конкурстық комиссияның өкілі не конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан төраға белгілеген тұлға:
конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;
3) конкурстық комиссияның хатшысы:
тиісті конверттерді ашу хаттамасын ресімдейді;
әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілдерін конкурстық комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін ала алатын мерзім туралы хабардар етеді.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасына конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері, оның төрағасы, оның орынбасары, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әр бетіне қол қояды.
Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы хаттамасының көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысқан әлеуетті өнім берушіге немесе уәкілетті өкіліне конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы өткізілген күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей, ал қатыспағандарға - олардың жазбаша сұрауы бойынша сұрау алынған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады.
5. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі мәніне конкурстық комиссияның қарауы және әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға жіберу
31. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілердің арасынан біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.
32. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия:
1) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда сұратуға;
2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратуға құқылы.
Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұратулары мен өзге де әрекеттеріне жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі.
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін деп қарайды.
33. Конкурстық комиссия мынадай жағдайларда әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп таниды:
1) әлеуетті өнім берушінің және ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) біліктілік талаптарына сәйкестігін растауға арналған құжатты (құжаттарды) ұсынбаған не тиісті түрде ресімделмеген күйде ұсынған;
2) оның сәйкестігін растауға арналған құжаттарда қамтылған ақпарат негізінде біліктілік талаптарына сәйкессіздік, сондай-ақ ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) біліктілік талаптарына сәйкессіздік фактісі анықталған;
3) біліктілік талаптары жөнінде жалған ақпарат ұсынған.
Әлеуетті өнім берушіні Заңның 9-бабының 1-тармағына көзделмеген негіздемелер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берілмейді.
34. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші, егер:
1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушы біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;
2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;
3) конкурсқа қатысуға арналған оның өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп айқындалса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы болып танылмайды).
Егер әлеуетті өнім беруші осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негіздемелер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмесе, онда:
конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада осындай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін кейінге қалдыру негіздемесі көрсетіледі;
Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізілуге жатады.
35. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия:
1) біліктілік талаптарына және конкурсқа қатысуға жіберілетін (конкурсқа қатысушылар) конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;
2) Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес конкурстық құжаттамада көзделген өлшемдердің проценттік мәнін қолданады;
3) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді және конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің (конкурсқа қатысушылардың) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық баға ұсыныстарын беру күнін, уақытын, орнын белгілейді.
36. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде көрсетілген хаттаманың көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерге береді немесе жібереді, сондай-ақ қол қойылған хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің веб-сайтына орналастырады. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешімі Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен шағымдалуы мүмкін.
6. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарын ресімдеуі
37. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер (конкурсқа қатысушылар) ұсынатын конкурстық баға ұсыныстары мынадай түрде ресімделеді:
1) конкурстық баға ұсынысының нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы және оның мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) бекітілуі тиіс;
2) конкурстық баға ұсынысында әлеуетті өнім берушінің грамматикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауға тиіс;
3) отандық әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстары теңгемен берілуге тиіс.
38. Әлеуетті өнім беруші конкурстық баға ұсынысын конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша «АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ДІНДАР ЖАМАҒАТТАР АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРІНЕ ЖӘНЕ МӘДЕНИ МҰРАСЫНА СӘЙКЕС САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА, ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ ЖӘНЕ ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН-АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮРГІЗУ» бойынша конкурс» - конкурстық баға ұсынысы - 2015 жылғы «12» тамыз сағат 10:00-ге ДЕЙІН АШУҒА БОЛМАЙДЫ». (конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді ұсыну мерзімі конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілетін болады).
Конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын қайтарып алу не өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуі сияқты, бірден артық конкурстық баға ұсынысын беруіне жол берілмейді.
7. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын конкурстық комиссияның бағалауы мен салыстыруы және конкурс жеңімпазын анықтау
39. Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген күні, уақытта және орында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру бойынша отырыс өткізеді.
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген мерзім аяқталғанға дейін конкурстық баға ұсыныстары бар конверттер ұсынған конкурсқа қатысушылар туралы мәліметтерді конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына хронологиялық тәртіппен енгізеді.
Конкурстық комиссия отырысында конкурстық комиссия төрағасы не төраға конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан белгілеген тұлға:
конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді оларды тіркеудің хронология тәртібімен ашады;
конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын хронологиялық тәртібімен жария етеді;
конкурстық комиссияның хатшысына ашылған конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді береді.
40. Конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық баға ұсыныстары бар конверттердің мазмұнымен танысуға құқылы.
41. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысына конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері аудио және бейне түсірілімдер жүргізу құқығымен қатысуға құқылы. Бұл ретте конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияны көрсетілген техникалық құралдарды қолдану туралы хабардар етуге тиіс.
42. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімін жеңілдету үшін конкурстық комиссия әр түрлі валютада берілген конкурстық баға ұсыныстарының барлық бағаларын Қазақстан Республикасының валютасына - конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы болатын күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгеге аударады.
43. Конкурстық комиссия:
1) конкурсқа қатысушылардың конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асатын конкурстық баға ұсыныстарын кері қайтарады;
2) егер оның бағасы демпингтік болып табылса, конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын кері қайтарады;
3) егер осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер бойынша конкурстық баға ұсыныстары кері қайтарылғаннан кейін конкурсқа қатысушылардың екі және одан көп конкурстық баға ұсыныстары конкурсқа қатысатын болса, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген өлшемдердің проценттік мәнінің олардың конкурстық баға ұсыныстарына қатысты қолдану арқылы осы конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын айқындайды;
Неғұрлым сапалы тауар, жұмыс, қызмет көрсетудi ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурсқа қатысушыны анықтау кезiнде конкурстық комиссия ескеретiн мiндеттi өлшемдердiң тiзбесi:
1) әлеуеттi өнiм берушiде:
а) өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың мәнi болып табылатын көрсетiлетiн қызметтер нарығында жұмыс тәжiрибесi;
Көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурсқа қатысатын әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыс тәжiрибесiнiң болуы мәселесiн қараған кезде конкурстық комиссия осы конкурста сатып алынатын тауарларды беру, жұмыстарды орындау және қызметтердi көрсету нарығында ғана жұмыс тәжiрибесiн қарайды. Бұл ретте конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмнiң бағасын шартты түрде әлеуеттi өнiм берушiнiң бiр жылдан бастап, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң нарықтағы жұмыс тәжiрибесiнiң болған әрбiр жылға жарты пайызға (0,5%), бiрақ бес проценттен аспай азайтады. Бiр жылға дейiн жұмыс тәжiрибесi болған немесе ол болмаған жағдайда осындай процент белгiленбейдi. Осы өлшемнiң конкурстық өтiнiмiнiң шартты бағасына жиынтық пайыздық әсер бес пайыздан аспауға тиiс.
Конкурстық комиссия пайдалану шығыстарының, техникалық қызмет көрсету мен жөндеудiң ең аз құны бар конкурстық өтiнiмдi айқындайды және осындай конкурстық өтiнiмнiң шартты бағасын екi пайызға азайтады. Осы өлшемнiң конкурстық өтiнiмнiң бағасына жиынтық пайыздық әсерi екi пайыздан аспауға тиiс.
б) өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың мәнi болып табылатын көрсетiлетiн қызметтердiң нарығында кәсiби бiлiктiлiк деңгейдегi мен жұмыс тәжiрибесi бар мамандар.
Конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмнiң шартты бағасын әлеуеттi өнiм берушiнiң бiршама басқа әлеуеттi өнiм берушiлерге қарағанда тиiстi бейiндi неғұрлым бiлiктi қызметкерлердi бергенi үшiн бес пайызға азайтады.
в) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес ұсынылатын тауарларды отандық тауар өндiрушiлер үшiн ерiктi сертификаттауды жүргiзуiн растайтын құжат
Сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджментi жүйесiн сертификаттауды растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия осындай конкурстық өтiнiмнiң бағасын шартты түрде үш пайызға азайтады.
Техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес отандық тауарөндiрушi үшiн ұсынылған тауарларды ерiктi сертификаттауды жүргiзудi растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия шартты түрде осындай конкурстық өтiнiмнiң бағасын екi пайызға азайтады.
2) көрсетiлетiн қызметтердiң функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамалары.
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң функционалдық, техникалық және сапалық сипаттамалары үшiн конкурстық өтiнiмдердiң шартты бағасына әсер ететiн бiр пайызды белгiлейдi. Осы өлшемдердiң конкурстық өтiнiмнiң бағасына жиынтық пайыздық әсерi бiр пайыздан аспауға тиiс.
Әлеуеттi өнiм берушi жеткiзiлетiн тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, ұсынылатын қызметтердiң конкурстық құжаттамаға сәйкестiгiн қамтамасыз ете отырып, ұсынылатын тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң пайдалану сипаттамаларына кепiлдiк берiлетiн кезеңдi көрсетедi. Конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмнiң шартты бағасынан, егер конкурстық өтiнiмде ұсынылатын кепiлдiк кезеңi конкурстық құжаттамада көрсетiлген базалықтан артық болған жағдайда, әрбiр жыл үшiн жарты пайызды (0,5%) алып тастайды. Бұл ретте осы өлшемнiң конкурстық өтiнiмнiң шартты бағасына пайыздық әсерi үш пайыздан аспауға тиiс.
Конкурстық комиссия пайдалану шығыстарының, техникалық қызмет көрсету мен жөндеудiң ең аз құны бар конкурстық өтiнiмдi айқындайды және осындай конкурстық өтiнiмнiң шартты бағасын екi пайызға азайтады. Осы өлшемнiң конкурстық өтiнiмнiң бағасына жиынтық пайыздық әсерi екi пайыздан аспауға тиiс.
3) қазақстандық мазмұн.
Қазақстандық мазмұнның болуын қарастыру кезiнде конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмнiң шартты бағасын қазақстандық мазмұнның әрбiр пайызы үшiн нөл бүтiн оннан бiр (0,1) пайызға азайтады.
Тауарда қазақстандық мазмұнның болуы CT-KZ нысанды тауардың шығуы туралы сертификатпен расталады.
Тауарларды әлеуеттi өнiм берушi сатып алынатын тауардың отандық тауар өндiрушiсi болған жағдайда, конкурстық комиссия мұндай әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурстық өтiнiмiнiң бағасын қазақстандық мазмұн болғаны үшiн он пайызға шартты түрде азайтады.
Тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi әлеуеттi өнім берушiнiң қазақстандық мазмұны жалпы еңбекақы төлеу қорынан мемлекеттік сатып алу
туралы шартты орындауға жұмылдырылған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекақы төлеу құнының және осы конкурс (лот) бойынша жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтерді сатып алу үшін көзделген жалпы сомадан тікелей де, қосалқы мердігер шарттарын жасасу арқылы да тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындау үшін әлеуеттi өнiм берушi сатып алатын тауардың (тауарлардың) жалпы құнынан Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң жеткiлiктi қайта өңдеу немесе толық өндіру өлшемдеріне сәйкес тауарда (тауарларда) белгiленген қазақстандық мазмұнның үлесі (үлестері) құнының пайыздық мазмұны ретiнде анықталады.
4) Конкурстық комиссия конкурстық көрсетiлетiн қызметтердің отандық әлеуетті өнім берушiсiнiң өтiнiмiнiң бағасын бес пайызға азайтады.
1) жобаның тапсырыс беруші қойған мақсаттар мен тақырыпқа сәйкестігі;
2) ұсынылған жобаның ұйымның миссиясына (жарғылық мақсаттарына) сәйкестігі;
3) ұйым миссиясының тапсырыс берушінің салалық мамандануына сәйкестігі;
4) тапсырыс беруші қойған мақсаттарға қол жеткізуге арналған егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспарының (іс-шараның атауы мен нысаны, нысаналы топ, өткізілетін мерзімі, елді мекенді, халықтың қамтылуын көрсете отырып, өткізілетін жері) болуы;
5) жобаны іске асыру шеңберінде көрсетілетін қызметтерді әлеуетті алушылардың саны;
6) әрбір іс-шара бойынша, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін шығыстар сметасының болуы;
7) жобаны іске асыру нәтижелерінің тиімділігін бағалау бойынша өлшемді критерийлердің болуы;
8) жобаны іске асыруға бюджеттен тыс көздерден қосымша қаражат тарту мүмкіндігі;
9) жобаны іске асыруға жоғары білікті мамандарды тарту мүмкіндігі;
10) әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтердің «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс өнім берушілерінің тізілімінде» болуы.
1) – 9) тармақшаларда көзделген критерийлерді конкурстық комиссия 0-ден бастап 1 балға дейін бағалайды;
10) тармақшаларда көзделген критерийлерді конкурстық комиссия 0-ден бастап 5 балға дейін бағалайды;
5) ең төмен шартты төмен шартты баға негізінде конкурстың жеңімпазын анықтайды.
44. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру және конкурс жеңімпазын анықтау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттама ресімдейді. Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың әрбір бетіне конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ хатшысы қол қояды.
45. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген әлеуетті өнім берушінің жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін қайтарусыз негізде ұсынуға міндетті.
8. Конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу
туралы шарт
46. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Заңның талаптарына сәйкес көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт негізінде көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалады.
47. Тапсырыс беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.
48. Заңның 37-бабының 5, 6 және 7 - тармақтарында көзделген жағдайларда шарт бір қаржы жылынан артық мерзімге оны жасасу туралы ережелерді қамтуы тиіс.
49. Шарт мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы жағдайларды қамтуы тиіс.
50. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт өнім берушінің кепілдік міндеттемеге сәйкес Өтінімде көрсетілген қызметтердің қазақстандық қамту үлесін және қазақстандық қамту үлесі бойынша міндеттемені орындамағаны үшін 5%, сондай-ақ әрбір 1% қазақстандық қамту үлесін орындамағаны үшін шарттың жалпы құнынан 0,15% мөлшерде айыппұл ретінде оның жауапкершілігін қамтуы тиіс.
51. Отандық тауар өндірушілермен және отандық жұмыстарды орындаушылармен, қызметтерді көрсетушілермен шарт алдын ала ақы төлеу және тауарларды жеткізгені, жұмыстарды орындағаны, қызметтерді көрсеткені үшін толық ақы төлеу шартын қамтуы тиіс. Бұл ретте толық ақы төлеу мерзімі осы шарт бойынша міндеттемелерді орындаған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
52. Егер әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс берушіге ұсынбаса немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған болып саналады.
53. Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда тапсырыс беруші мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруымен келтірілген шығындарды өтеу туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
Конкурстық құжаттамаға
2-қосымша
«БЕКІТЕМІН»
Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы
__________________ Е.Шохаев
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша 2015 жылы Атырау облысында діни және қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру бағытында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша
Достарыңызбен бөлісу: |