Бекітемін:
“Ы. Алтынсарин атындағы
Қостанай облыстық
балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханасы”
_________ Мемлекеттік
Мекеме директоры Н.М. Теплякова
Бұйрық 2009 жылғы 08 мамыр
КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА
Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының “Ы. Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы” Мемлекеттік Мекеме ғимаратын күрделі жөндеуге мемлекеттік сатып алу жұмыстары бойынша конкурстық құжаттама.
Тапсырыс беруші/ұйымдастырушы Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының “Ы. Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы” Мемлекеттік Мекеме Қостанай қ. Қасымқанов к. 74, ЖСК № 017145126, СТН 391700057573, БСК 195301070, ҚР ҚМ Қазынашылық Комитеті Астана қ.
Тапсырыс беруші\мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі директор орынбасары Жуламанова Кульдана Махметовна, СТН 91710902908, байланыс телефоны 8 (7142) 54-84-63, электронды мекен-жайы albiblio@ya.ru.
1. Жалпы ережелер
1. Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының “Ы. Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы” Мемлекеттік Мекеме ғимаратын күрделі жөндеу өндірісі үшін өнім берушілер таңдау мақсатында конкурс жүргізіледі.
2. Мемлекеттік сатып алу жұмыстары бойынша осы конкурсқа бөлінген сома_____________ теңгені құрайды.
3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:
1)Сатып алынатын жұмыстар тізімі 1-ші қосымшаға сай осы конкурстық құжаттамада.
2) Осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 2 қосымшаға сәйкес белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық ерекшеліктерді қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаты мен талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасын;
3) осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді;
осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 5 қосымшаға сәйкес нысандар бойынша тауарларды беру (жұмыстарды орындау, көрсетілетін қызметтер көрсету) үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;
4.1. Әлеуетті өнім беруші өзінің және қосалқы мердігердің жалпы біліктілік талаптарына сай еркін төмендегідей құжаттардың бірін ұсыну арқылы дәлелдеуге құқылы
4.1.1. Әлеуетті өнім берушіге халықаралық ұйымның рейтингі тапсырылғанын айғақтайтын құжат
4.1.2. Әлеуетті өнім берушінің биржаның ресми листингіне енгізілуі туралы қор немесе тауар биржасынан
4.2. Егер әлеуеттік өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болмаған жағдайда, онда Қазақстан Республикасының резиденті тапсыратын біліктілік талаптарға сай екенін растайтын құжат немесе Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәлімет конкурстық құжаттама тіліне аударылып, нотариуспен куәландырылған құжат ұсынылады.
5) әрбір өлшемнің пайыздық мәнін көрсете отырып, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 17-бабының 4-тармағына және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесіне сәйкес неғұрлым сапалы тауар, жұмыс, қызмет көрсетуді ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурсқа қатысушыны анықтау кезінде конкурстық комиссия ескеретін міндетті өлшемдердің тізбесін;
5.1. Әлеуетті өнім беруші мен бірлесіп орындаушыда болуы керек:
-мемлекеттік сатып алуда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтер нарқында жұмыс тәжірибесі.
Әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесі болған жағдайда конкурстық комиссия осы конкурстағыдай жұмыстарды орындау нарқындағы жұмыс тәжірибесіне қарайды. Сонымен қатар конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, тәжірибесінің әр 2 жылы сайын конкурстық сұраныс бағасын 1 пайызға төмендеттеді, тек 5 пайыздан асырмайды. Жұмыс тәжірибесі 1 жылға дейін немесе тіптен болмаса ондай процент орнатылмайды. Осы өлшемдегі конкурстық сұраныстың шартты бағасына сомалық процентінің әсері 5 пайыздан аспауы тиіс.
-кәсіби біліктілік деңгейі бар және мемлекеттік сатып алу жүргізетін, әлеуетті өнім беруші қалаған, қазіргі Заңның 8 бабының 3 тармағында бекітілген талаптарды арттыратын құралы болатын жұмыс нарқында жұмыс тәжірибесі бар мамандар.
Конкурстық комиссия құны ең төмен қолдану шығыны, техникалық қызмет жөндеу жұмыстары бар конкурстық сұранысты анықтап , мұндай конкурстық сұраныстың шартты бағасын екі пайызға төмендетеді конкурстық сұраныстың шартты бағасына сомалық пайыздық әскері екі пайыздан аспауы тиіс.
Конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушінің басқа әлеуетті өнім берушілерге қарағанда кәсіби білікті, қызметкерлерді ұсынғаны үшін конкурстық сұраныстың шартты бағасын 5 пайызға төмендетеді. Әлеуетті өнім берушінің конкурс құрамы бойынша жұмыс тәжірибесі бар жұмыскерлері болғаны үшін конкурстық сұраныстың шартты бағасын да 5 пайызға түсіреді. Осы өлшем бойынша конкурстық сұраныстың шартты бағасына сомалық пайыздық әсері 10 пайыздан аспауы тиіс;
Техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес ұсынылған жұмыс , көрсетілген қызмет түрлерінің еркін сертификаттауы жүргізілгенін растайтын құжаттарды қарастырарда конкурстық сұраныстың шартты бағасына пайыздық әсері екі пайыздан аспауы тиіс;
Сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік стандарттық талаптарына сәйкес сапа менджменті жүйесін сертификаттауды растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия осындай конкурстық өтінімнің шартты түрде үш пайызға азайтады.
Әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттамадағы қызмет түрлері, орындалатын жұмыстар, әкелінетін тауарларға сәйкес қамтамасыз етіп, ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің қайта жабдықтау сипаттамасына кепілдік беретін мерзімді көрсетеді. Конкурстық комиссия егер конкурстық өтінімдегі кепілдік мерзімі конкурстық құжаттамада көрсетілген базадан артық болса, онда әр жылға конкурстық өтінімдегі шартты бағадан жарты пайыз (0,5%) алып тастайды. Бірақ осы өлшемдегі конкурстық өтінім бағасына пайыздың әсері үш пайыздан аспауы қажет.
Мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы ұсынылған тауарлар, жұмыстар, қызмет түрлерінің функционалды, техникалық және сапалық сипаттамасы үшін конкурстық өтінімнің шартты бағасына әсер ететін бір пайызды бекітеді.
Конкурстық комиссия Қазақстандық мазмұнның бар екенін қараған кезде ереженің осы тармағының үшінші абзацында көзделген жағдайларды қоспағанда, қазақстандық мазмұнның әрбір он пайызы үшін конкурстық өтінімнің бағасын бір пайызға азайтады.
5.8.1. Егер тауарлардың әлеуетті өнім берушісі сатып алынатын тауардың отандық тауар өндірушісі болып табылған жағдайда конкурстық комиссия осындай әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімнің бағасын қазақстандық мазмұн болғаны үшін он пайызға азайтады.
5.8.2. Жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің әлеуетті өнім берушісінің қазақстандық мазмұны: сатып алу туралы шарттың жалпы құнының әлеуетті өнім беруші сатып алу туралы шартты орындау үшін жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді тікелей де, сондай-ақ қосалқы мердігерлік шарттарды жасау арқылы да сатып алынатын отандық тауар өндірушілердің тауарлары құнының, жұмыстарды, қызметтерді тікелей де, сондай-ақ қосалқы мердігерлік шарттарды жасасу арқылы да сатып алу туралы шартты орындау үшін әлеуетті өнім беруші жалдаған жеке тұлғалардың — Қазақстан Республикасы резиденттерінің еңбегіне ақы төлеудің пайыздық мазмұны ретінде анықталады.
5.8.3. Конкурстық комиссия отандық тауар өндірушілердің конкурстық өтінімінің бағасын он пайызға, жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің отандық әлеуетті өнім берушісінің -бес пайызға азайтады.
2)Жұмыстың функционалдық ,техникалық, сапалық мінездемесі мен техникалық қызмет көрсету шығындары.
4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір проценті мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді төменде санамаланған нысандардың бірінде енгізеді:
1) мынадай банктік шотқа орналастырылатын ақшаның кепілдік берілген ақшалай жарнасын “Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Қостанай облыстық кітапханасы” Мемлекеттік Мекеме Қостанай қ. Қасымқанов к. 74, шот № 017145126, РНН 391700057573, БИК 195301070, ҚР ҚМ Қазыналық Комитеті Астана қ.
2) осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік кепілдік.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің өзінің мерзімінен кем болмауға тиіс.
2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық
құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін түсіндіруі
5. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші 2009 жылғы " 15__" __мамыр___ _10__ сағ._00__ мин. кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен жүгінуге тиіс. Әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу қажет: (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының почталық мекен-жайын, сұрау салуларды қабылдау жүргізілетін бөлімшені және бөлме нөмірін көрсету қажет).
6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оған жауап беруге және сұрау салу кімнен келіп түскенін көрсетусіз:
1) олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жіберуге;
2) конкурстық құжаттама ережелерін түсіндірулердің мәтінін тапсырыс берушінің веб-сайтында жариялауға міндетті.
7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 2009___жылғы "18__" мамыр 10___ сағ._00__. мин. мерзімнен кешіктірмей жеке бастамасы бойынша немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім берушінің сұрауына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге тиіс. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен ресімделеді.
Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтеусіз негізде конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге жібереді. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін кемінде он жұмыс күні мерзіміне ұзартады.
Ұйымдастырушы енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің веб-сайтында жариялайды.
8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмелері берілген әлеуетті өнім берушілермен не олардың уәкілетті өкілдерімен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін “Ы. Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханасы” Мемлекеттік Мекеме Қостанай қ. Қасымқанов к. 74, 200__ жыл сағат минутта кешіктірмей кездесу өткізеді.
9. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен кездесудің хаттамасын жасайды, онда әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы ұсынылған өтінімдер, сондай-ақ осы өтінімдерге жауаптар көрсетіледі. Хаттама әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияға және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама алған әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналында көрсетілген почталық деректемелері бойынша конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберіледі.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен болған кездесу хаттамасының мәтінін тапсырыс берушінің веб-сайтында жариялайды.
3. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілердің ұсынуы
Конкурсқа қатысуға өтінім
Конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды беруді жүзеге асыруға (жұмысты орындауға, қызметтер көрсетуге) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісім білдіру нысаны болып табылады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтуға тиіс:
1) әлеуетті өнім беруші осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 3 және 4 -қосымшаларға сәйкес нысан бойынша толтырған және қол қойылған өтінімді;
2) әлеуетті өнім беруші оның жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынатын құжаттардың тізбесін:
құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, СТН, жеке басын растайтын куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды;
заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуға тиіс. Қазақстан Республикасының резиденті еместер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аудармасымен сауда тізілімінен нотариалды куәландырылған, заңдастырылған үзінді көшірмесін ұсынуға тиіс;
әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, беруге және өткізуге, жұмыстарды орындауға және көрсетілетін қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын лицензиялардың және/немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
төлем қабілетін растайтын құжаттарды;
осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес әлеуетті берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының әлеуетті берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы банктің (банк филиалының) бірінші басшысының немесе оның орынбасарының банктің мөрі соғылған анықтамасының түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдың ішінде алынуға тиіс;
бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі. Егер конверттерді ашу ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде жүргізілсе, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылуы мүмкін;
салық органының басшы немесе орынбасары қол қойған, конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашатын күннің алдындағы бір айдан кешіктірмей алынған, үш айдан астам уақыттағы салықтық берешегінің және жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған кездегі жағдайларды қоспағанда) жоқтығы немесе бар екендігі туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын;
бар болған жағдайда, ҚҚС (қосылған құн салығы) бойынша есепке тұрғаны туралы куәліктің көшірмесін.
Конкурстық құжаттама әлеуетті өнім берішінің конкурсқа қатысуға өтініммен бірге жүргізілетін мемлекеттік сатып алу сомасының жүз процентіне тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше банк-резиденттердің банктік кепілдіктері түрінде шартты орындауды қамтамасыз ету арқылы төлем қабілеттілігі туралы жалпы біліктілік талабына сәйкестігін растау құқығы туралы ақпаратты қамтуы тиіс. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толық орындау үшін конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімге беріледі;
3) әлеуетті берушінің және (немесе) оның қосалқы мердігерлерінің (бірлесіп орындаушылардың) мемлекеттік сатып алу туралы заңнама арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 8 -қосымшаға сәйкес үлгі нысан бойынша қызметкерлердің біліктілігін, мамандығы бойынша тауарларды өндіру және/немесе беру, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау үшін мамандығы бойынша жұмыс стажын көрсете отырып, қызметкерлердің бар-жоғы және саны туралы құжаттың түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін;
әлеуетті өнім берушінің және оның қосалқы мердігерінің (бірлесіп орындаушылардың) осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды көрсете отырып, арнайы біліктілік және өзге де талаптардың толық тізбесін қамтитын осы Үлгі конкурстық құжаттамаға қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік сатып алу процесіне қатысуға арналған біліктілігі туралы мәліметтерді;
Егер әлеуетті өнім беруші жұмыстардың не қызмет көрсетулердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларды) тартуды көздеген жағдайында әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс;
осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 9-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтерді және бас мердігердің жұмыстар (құрылыстың құны), қызмет көрсетілер көлемінің үштен екісінен астам жиынтығында қосалқы мердігерлікке беруге тыйым салу шартын;
4) берілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тізбесі (қатысатын лоттарды көрсете отырып), оның ішінде:
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипатының сипаттамаларын (техникалық ерекшеліктерін);
тауарды беру (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) орнын, шарттарын және мерзімін (кезеңдерін);
тауарға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға арналған шығыстарға (қажет болған кезде) тауардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына кепілдік беру мерзімін және
(немесе) көлемін; төлеудің баламалы шарттарын;
5) банктік кепілдік не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына орналастырылатын кепілдік берілген ақшалай жарнаны растайтын төлем құжаты түрінде Заңда белгіленген мөлшерде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді;
6) тиісті мемлекеттік және салалық стандарттар мен нормативтердің тізбесін, сондай-ақ техникалық ерекшеліктерін қоса алғанда, тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) сапалық сипаттамаларын және олардың конкурстық құжаттамаға сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынғаны туралы міндеттемені;
Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар
12.Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттерімен береді және соңғы бетіне оның қолымен, ал заңды тұлға үшін - мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылады.
Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық бөлігі (тігілген түрде, нөмірленген беттерімен, соңғы беті әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылған түрде және конкурсқа қатысуға өтінімнің қамтамасыз етуін растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі.
13. Конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы, әлеуетті өнім берушінің мөрімен бекітілуі (жеке тұлға үшін ондай бар болса) тиіс.
14. Конкурстық өтінімде әлеуетті өнім берушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауы тиіс.
15. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен пошталық мекен-жайы (егер ол "кешікті" деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпаған күйінде қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекен-жайы, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың дәл атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: "САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС мемлекеттік сатып алу бойынша, ашық конкурс тәсілмен мемлекеттік сараптау қорытындысы бар “Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Қостанай облыстық кітапханасы” Мемлекеттік Мекеме ғимаратын күрделі жөндеуге арналған жобалау сметалық құжаттама. және "ДЕЙІН АШПАҢЫЗ" :2009 ж. 19 мамыр 12 сағат 00 минут
Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе мекен-жайы бойынша тапсырысты почталық байланысты пайдалана отырып: 2009 ж. 19 мамыр 10 сағат 00 минуттан бастап қоса алғанда 110000 Қостанай қ. Қасымқанов к. 74, №3 каб. (ғылыми-әдістемелік бөлім) Жуламанова Кульдана Махметовна.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткеннен кейін алған барлық конкурстық өтінімдер ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуетті өнім берушілерге не алғаны туралы қолхатпен әлеуетті өнім берушілердің тиісті уәкілетті өкілдеріне жеке өздеріне қайтарылады.
Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының жауапты адамы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тиісті журналға тіркейді.
Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптары бұзылған конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер қабылданбайды және тіркелмейді.
Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу
20. Әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзі енгізген қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуі немесе қайтарып алуы мүмкін. Өзгеріс енгізу конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуы, желімделуі және ұсынылуы тиіс.
Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама, әлеуетті өнім беруші заңды тұлға болып табылған жағдайда әлеуетті өнім беруші қол қойған және мөрімен бекітілген сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін түрде жазылған өтініш түрінде ресімделеді.
Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.
21. Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтарып алу сияқты, оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
22. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей нақты уақыт кезеңіне арналған өтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуын жасауға құқылы. Әлеуетті өнім беруші мыналарды жоғалтпастан мұндай сұрау салудан бас тартуға құқылы:
1) оның конкурсқа қатысуға өтінімінің мерзімі ішінде конкурс тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу;
2) осындай өтінімнің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алу.
23. Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға оның қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелеріне қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.
Достарыңызбен бөлісу: |