Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер



жүктеу 0,71 Mb.
бет2/5
Дата18.12.2017
өлшемі0,71 Mb.
#4957
түріКонкурс
1   2   3   4   5

- зымыран отыны компонеттеріне (симметриялық емес диметилгидразин және оның өзгеру өнімдері: нитрозодиметиламин және тетраметилтетразен, мұнай өнімдері) талдау жүргізуге арналған «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес аккредиттелген зертханалары бар ұйымдарға қатысуға рұқсат етіледі.


г) материалдарында шығармашылық ұрлық, бұрмалаушылық, деректерді ойдан шығару, жалған авторлық, материалдық-техникалық база туралы жалған деректері бар өтінімдер (көрсетілген деректер болған жағдайда дәлелдер, негіздемелер, оның ішінде техникалық қаражаттар қолданып және мамандануы мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектілеріне сәйкес келетін тәуелсіз мамандарды тарту арқылы келтірілуі тиіс);

ғ) бұрын мемлекеттік бюджет және (немесе) басқа да қаражат көздерінен қаржыландырылған немесе қаржыландырылып отырған бағдарлама;

д) электрондық нұсқадан баспа нұсқасы өзгеше өтінімдер;

е) өтінімдер қабылдау мерзімі аяқталған соң түскен өтінімдер.



  1. Конкурсқа қатысу үшін Конкурс қатысушылары ұсынған өтінімдер (конкурсқа қатысу өтінімі құрамына кіретін жекелеген құжаттарды қоса) Конкурс қатысушыларына қайтарылмайды.



  1. Әлеуетті орындаушыларға қойылатын біліктілік талаптары, өзге мәліметтер және ерекше талаптар




  1. Бағдарламалық-нысаналы қарыжыландыру конкурсына:

- ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу туралы куәлік;

- ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға


лицензиясы бар ұйымдар қатысуға құқылы.

«Байқоңыр» ғарыш айлағының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін қосымша:

1) қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстар орындауға және қызметтер көрсетуге мемлекеттік лицензиясы (лицензияланған қызмет түрлерінің тізбесі бойынша: табиғатты қорғау жобалары, шаруашылық және басқа да қызметтің 1-санатына арналған нормалау);

2) зымыран отыны компонеттеріне (симметриялық емес диметилгидразин және оның өзгеру өнімдері: нитрозодиметиламин және тетраметилтетразен, мұнай өнімдері) талдау жүргізуге арналған «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес аккредиттелген зертханалары бар ұйымдарға қатысуға рұқсат етіледі.


  1. Нысаналы ғылыми-техникалық бағдарлама (бұдан әрі – НҒТБ) бағдарламаның бір немесе бірнеше бағыттары бойынша ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауды көздеуі, Қазақстан Республикасы ғарыш саласының стратегиялық аса маңызды міндеттерін шешуге бағытталған болуы, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүрзудің бірнеше бағыттарынан тұруы тиіс.

Нысаналы ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама өзіне нысаналы бағдарлама аясында нақты міндеттерді орындауға бағытталған бірнеше кіші бағдарламалардан тұруы мүмкін.

Нысаналы бағдарламаны кіші бағдарламаларға бөлу шешілетін проблеманың ауқымдылығына және күрделілігіне, нақты нәтижені алу арқылы оңтайлы ұйымдастыру қажеттілігіне байланысты жүзеге асады.

Орындаушылар да ғылыми зерттеулердің нәтижелілігіне - зерттеушілердің қойылған мақсат пен міндеттерге сәйкес соңғы нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ету қабілеттілігіне кепілдік беру керек.


  1. Ғылыми жетекші:

1) тиісте ғылым бағытында ғылыми мектепті басқаруы;

2) ғарыш қызметі саласындағы ғылыми зерттеулер саласындағы тәжірибесі 5 жылдан кем емес болуы;

3)  конкурстың алдындағы 5 (бес) жылда:

- 10-нан (оннан) кем емес жарияланған ғылыми жұмыстары, оның ішінде нөльдік емес импакт-фактор журналдарда және (немесе) 3-тен (үштен) кем емес алынған патенттері болуы;



- 2-ден (екіден) кем емес жүзеге асырылған ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларға жетекшілік етуі тиіс.

  1. Жеке тұлға (зерттеу тобы құрамының қатарынан), оның ішінде ұйым басшылары іске асырылатын бірден көп емес бағдарламада ғылыми жетекші болу құқығына ие, бұл ретте, оның өзге бағдарламаларда орындаушы ретінде қатысуына рұқсат етілмейді.

  2. Ғылыми жетекші болып табылмайтын жеке тұлға (зерттеу тобы құрамының қатарынан) бірден көп емес бағдарламада орындаушы болу құқығына ие.

  3. Зерттеу тобы құрамына шет ел ғалымдары, сондай-ақ өндіріс инженерлері, коммерциализациялау мамандары жұмылдырылуы мүмкін.

  4. Конкурс нәтижелері бойынша салалық орган белгіленген тәртіппен бағдарламаны сүйемелдеуді және бағдарлама шеңберінде орындаушы-ұйымның қызметін үйлестіруді іске асыратын ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша бас ұйымды анықтауға құқығы бар. Бас ұйым өзі үйлестіріп отырған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның жүзеге асырылуына жауапкершілікті артады.

  1. Жобаны жүзеге асыру аясындағы күтілетін нәтижелер сұралған қаржыландыру көлеміне сәйкес негізделуі тиіс.

  2. Қаржыландыруға мақұлданған бағдарламалар Қазақстан Республикасында іске асырылуы тиіс.

  3. Бағдарламалық-нысаналы қарыжыландыру шеңберінде бөлінген қаражаттар өтінімде көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге бағытталуы тиіс.

  4. Бөлінетін қаржыландыру көлемі сұралатын қаржы көлеміне сәйкес қатаң белгіленеді.

Бағдарламалық-нысаналы қарыжыландырудың қаражаттары ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға қатысуға өтінімде көрсетілген ғылыми бағдарламаны жүргізумен тікелей байланысты шығындарға, өтінімнің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Шығын түрлері осы конкурстық құжаттаманың қосымшасында конкурстық өтінімде көрсетілген шығын түрлеріне сәйкестенуі тиіс (4-бөлім. Бағдарламаны жоспарлау және басқару).

  1. Бағдарламалық-нысаналы қарыжыландырудың қаражаттарын тиімсіз және негізсіз қолдану Қазақстан Республикасының заңнамасымен орнатылған жауапкершілікке ие болады.

  2. Өтінім берушінің және (немесе) автордың келісімін қажет етпей, бағдарлама аңдатпасы мен оның ғылыми есебін жариялау құқығы (баспа және (немесе) электрондық нысанда) Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығына беріледі (бұдан әрі – Орталық).

  3. Өтінім беруші заңнамада белгіленген тәрпіппен есеп жүргізуді және есептілікті қамтамасыз етеді.

  4. Бағдарламаны іске асыру барысында және (немесе) аяқталған соң зерттеу нәтижелерін, монографиялар мен басқа да ғылыми еңбектерді жариялау кезінде авторлар қаржыландыру көзіне сілтеме жасауы тиіс.

  5. Жабдықтың құны 4000 АЕК-тен көп болған жағдайда мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалар оның болмауы туралы хат жүзіндегі растауы, оны сатып алудың қажеттілігінің негіздемесі ұсынылады.

  6. Мемлекеттік ғылыми ұйымдарға теңестірілгендерден басқа мемлекеттік емес болып табылатын өтінім беруші ұйымдар бағдарламалық-нысаналы қарыжыландыру аясында сатып алынатын құны 4000 АЕК-тен көп болған жабдықты жобаны іске асыруды аяқтаған соң алты ай ішінде мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханаларлың балансына береді.

  7. Бағдарлама аясында мемлекеттік ұйымдар сатып алған жабдықтар, аспаптар және (немесе) керек-жарақтар олардың балансында бекітіледі.

  8. Базалық қаржыландыру субъектісіне кіретін бағдарламаның орындаушы ұйымдарына орындалатын ғылыми зерттеулерді үйлестіру және (немесе) әдістемелік қамтамасыз ету мақсаттарына бағдарламалық-нысаналы қарыжыландырудан қаражат ұстауына рұқсат етіледі.

  9. Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар бағдарламасының Қазақстан Республикасының ғарыш саласының стратегиялық міндеттеріне сәйкес келуі конкурстық өтінімдерді іріктеудің міндетті шарты болып табылады.

  10. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды іске асыру нәтижелері бойынша бүкіл кезеңде келесі нәтижелер алынуы тиіс:

1.1. Бағдарлама бойынша жариялануы керек:

1) нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланатын шет елдік және отандық ғылыми басылымдарда 5 (бестен) кем емес жарияланым, сондай-ақ зерттеулердің барлық кезеңінде ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған журналдарда 2 (екіден) кем емес жарияланым. Егер бағдарлама аясында патент алынған болса, ол бір ғылыми жарияланымға теңестіріледі.

1.2. Қолданбалы зерттеулер бағдарламасы аясында (патентке қабілетті жобалар бойынша) қорғау құжаттары алынуы керек.

1.3. Қолданбалы зерттеулер бойынша нәтижелер тәжірибеге енгізілуі немесе тәжірибе-өнеркәсіптік сынақтар (мүмкіндігінше) жүргізілуі керек.

1.4. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша кем дегенде бір PhD докторанттың диссертациясы орындалатын болады (мүмкін болған жағдайда).


  1. 30 %-дан кем емес орындаушылар 35 жасты қоса алғанда дейінгі жас мөлшеріндегі жас мамандар, оның ішінде PhD докторанттары, магистранттар болуы тиіс.

  2. Қазақстан Республикасы ғарыш саласының стратегиялық міндеттерін шешу мақсатында ғылыми зерттеулердің нәтижелері ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жұмыстарды орындау барысында алынған жаңа ілім мен шешімдер, эксперименттік және сынақ үлгілері ретінде ұсынылуы және кез келген ақпараттық тасымалдаушыда көрсетілуі тиіс:

- зерттеу саласындағы жаңадан әзірленген техникалық (технологиялық) қағидалар, тәсілдер, әдістер, зерттелетін саладағы алгоритмдер, сондай-ақ қолданбалы ғылыми-техникалық проблемалар мен міндеттерді шешудің түрлі техникалық, бағдарламалық, технологиялық шешімдердің эксперименттік және сынақ үлгілері;

- ғылыми-әдістемелік және нормативтік-техникалық құжаттар (зерттеулер әдістемелері, алгоритмдер, бағдарламалар, зертханалық регламенттер және т.б.);

- әзірленген ғылыми-техникалық дайындамаларды пайдалану бойынша ұсыныстар мен нұсқаулар;

- өнімдер, технологиялар және т.б. жаңа типтерін (түрлерін) жасау бойынша ТКЖ жүргізуге техникалық тапсырмалардың жобалары ретіндегі техникалық талаптарды қалыптастыру.

  1. Зерттеу тобының мүшелері іске асатын бағдарлама аясында қажет болған жағдайда халықаралық конференцияларға қатысуы немесе шет елдік жетекші ғылыми орталықтар мен ұйымдарда және шет елдік ғылыми зертханаларда шет елдік тағылымдамадан өтуі мүмкін.

  2. Өтінімде жобаны қажетті ресурстармен, оның ішінде қаржылай ішін-ара қамтамасыз ету жүзеге асыру үшін жеке серіктес тарапынан бірлесіп қаржыландыруды тарту туралы қосыша ақпарат болуы мүмкін. Тараптардың ниетін растау іске асыру мерзімдері мен салым мөлшерін көрсете отырып, бірлесіп қаржыландыру туралы келісім болып табылады.

  3. Бағдарламалық-нысаналы қарыжыландыру конкурсының жеңімпазымен ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыруға арналған шарт осы Конкурстық құжаттаманың 2-қосымшасындағы нысанға сәйкес жасалады, оған өзгерістер мен қосымшалар енгізілуі мүмкін.




  1. Конкурсқа қатысу шығындары

1. Конкурсқа қатысуға байланысты, өтінімді дайындау мен ұсынуды қоса алғандағы барлық шығындарды Конкурс қатысушысы көтереді.





  1. Конкурстық іріктеу критерийлері

1. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың оң қорытындысын алған конкурстық өтінімдер төмендегі критерийлер бойынша іріктеледі:

1.1. сараптамалық қорытындының орта және жоғары балдарын алған өтінімдер;

1.2. Қазақстан Республикасы ғарыш саласының стратегиялық міндеттеріне сәйкес келетін нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған өтінімдер.

Қосымша
2018-2020 жж. арналған ғылыми зерттеулерді

бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру

конкурсына қатысуға арналған

өтінім нысанына қойылатын талаптар
1. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсына қатысуға қажетті құжаттардың тізбесі:


  1. мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ілеспе хат;

  2. бағдарлама бойынша ұсынылған материалдардың дәйектілігі, сондай-ақ ғылыми этика қағидаттарын ұстану, атап айтқанда, ғылыми этиканы бұзу деректерін жібермеу (зерттеу деректерін бұрмалауға алып келетін ғылымы деректерді ойдан шығару, бұрмалау, плагиат және жалған авторлық, қайталану, өзге біреудің нәтижелерін алу жән т.б.), бұдан бұрын мемлекеттік бюдеттен қаржыландырудың болмауы туралы мәлімдеме. Осы бағдарламаның орындаушылары аталған конкурс аясында конкурстық бағдарламалар/өтінімдер басқа ғылыми ұйымдар мен ЖОО-лардан толық немесе жекелей бермегендігі туралы кепілдік.

Бағдарлама бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті материалдық-техникалық базаның, оның ішінде сатып алу мен жалға алынуы іске асатын бағдарлама аясында жоспарланған ғылыми жабдықтар, материадар мен лицензияларды ескере отырып болуы мен қол жетімділігінің кепілдігі.

  1. бағдарламаға қысқаша сипаттамасы;

  2. конкурсқа қатысу туралы өтінім;

  3. Өтінім берушіні аккредиттеу туралы куәліктің көшірмесі;

  4. ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға
    лицензиясының көшірмесі.

«Байқоңыр» ғарыш айлағының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін қосымша:

- қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстар орындауға және қызметтер көрсетуге мемлекеттік лицензиясының (лицензияланған қызмет түрлерінің тізбесі бойынша: табиғатты қорғау жобалары, шаруашылық және басқа да қызметтің 1-санатына арналған нормалау);

- зымыран отыны компонеттеріне (симметриялық емес диметилгидразин және оның өзгеру өнімдері: нитрозодиметиламин және тетраметилтетразен, мұнай өнімдері) талдау жүргізуге арналған «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес аккредиттелген зертханалары бойынша аккредиттеу аттестаты мен аккредиттеу саласының көшірмелері бар ұйымдарға қатысуға рұқсат етіледі.

2. Өтінімнің, ілеспе хат пен қысқаша сипаттаманың мәтіні анық етіп беріліп және келесі параметрлерді ескере отырып, бірдей қаріппен басылған болуы тиіс («MICROSOFT WORD» мәтіндік редакторын қолданумен):



сол жағындағы шеті - 2,5 см, оң жағындағы шеті - 1,5 см, колонтитулдар - 2 см;

қаріп – «TimesNewRoman» өлшемі № 12 (қосымшаларда өлшемі одан кішірек, бірақ №10 кем емес қаріпті қолдануға болады);

жоларалық интервал - бір;

абзац басындағы бос жер (бірінші жолдың басындағы бос жер) - 1,25 см;

тақырыбы мен мәтін арасындағы, мәтін мен қолтаңбаның арасындағы интервал бір жоларалық интервал;

өтінім мен оның қосымшаларының беттері нөмірленген болуы тиіс;

өтінімнің көлемі А4 форматындағы 30 (отыз) беттен аспауы тиіс;



MicrosoftWord (кеңеюі *.DOC не *.DOCX) форматындағы өтінімнің электрондық нұсқасы мен бағдарламаның қысқаша сипаттамасы мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жасалады, бұл жағдайда өтінімнің атауы бағдарлама тақырыбының алғашқы бес сөзін қолдана отырып көрсетіледі.

3. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы өтінімнің (диск-тасымалдаушыда, сондай-ақ, «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның ақпараттық орталығына енгізілген тіркеу барысында ЖТН алу үшін), ілеспе хат пен бағдарламаның қысқаша сипаттамасының электрондық нұсқасының мазмұны оның қағаз түріндегі нұсқасымен бірдей болуы тиіс. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы өтінімнің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі мәтінінің мазмұны бірдей болуы тиіс.

4. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы өтінімнің, ілеспе хат пен бағдарламаның қысқаша сипаттамасының электрондық версияларының жалпы көлемі бес мегабайттан аспауы тиіс.

Құжаттардың барлығын 2 данада ұсынуы қажет. Электрондық тасымалдағыштар конверттерге салынады, олар тезтікпелердің іш жағынан бекітіледі.

ІЛЕСПЕ ХАТ

(Тіркеу нөмірімен, ұйым басшысының немесе жеке тұлға атынан өтінім берген жағдайда өтінім берушінің қолымен бірге фирмалық бланкте)


1. Конкурстың атауы.

2. Ғылымды дамыту басымдығы мен мамандандырылған ғылыми бағыттардың атауы.

3. Бағдарлама тақырыбының атауы (3 тілде).

4. Мемлекетаралық ҒТА рубрикатор коды (xx.xx.xx; xx.xx.xx;…).

5. ҒТА Ғылыми зерттеу саласының атауы (мысалы: токсикология, оптика, робототехника және т.б.).


жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау