Конкурсқа қатысушыларға жалпы қойылатын талаптар



жүктеу 100 Kb.
Дата15.04.2020
өлшемі100 Kb.
#29635
түріКонкурс

«Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурсқа хабарлама
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ, 070004, Өскемен қ., Протозанов к., 97/1, анықтама телефоны: 8-(7232)-57-03-28, e-mail: Info@vkogps.kz, «Б» корпусының бос және уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
Конкурсқа қатысушыларға жалпы қойылатын талаптар:

С-О-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

      жоғары білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

      жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.


1. Штабтың (бөлімше құқығымен) бас маманы, С-О-5 санаты, 09-00-01 (1 бірлік, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша еңбек ақысы сақталмайтын демалыста болу кезеңіне) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83353 теңгеден 112376 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Жедел қызмет әрекетін ұйымдастыру. Департамент жұмысын жоспарлауды үйлестіру. Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс жоспарларын тексеріп, келісімдеме беру. Департамент қызметкерлерінің бақылау-тексеру іс-шараларына, қызметтік іссапарларға шығуын үйлестіруді жүзеге асыру. Департаменттің бұйрықтары бойынша іссапарға жіберілген қызметкерлердің қызметтік іссапаралар қорытындысы бойынша материалдарды (есептерді) уақытында ұсынуды бақылау. Министрлік және Комитет басшылығының төрағалығымен өтетін жедел және қорытынды кеңестерге, сонымен қатар Департамент басшылығының төрағалығымен өтетін қорытынды кеңестерге департамент құрылымдық бөлімшелерінің материалдарды уақытында әзірлеуін бақылау. Кешендік, тақырыптық және бақылау тексеру барысында анықталған Қызметтік тергеулерді өткізуге қатысу. Департаменттің қарамағындағы құрылымдық бөлімшелердің, мемлекеттік мекемелердің және ұйымдардың қызметтік жұмысындағы кемшіліктерді және бұзушылықтарды жою сапасына және дәрежесіне бақылауды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: «Техникалық ғылым және технологиялар» бөлімнің мамандықтары бойынша (құрылыс, электр энергетикасы, жылу энергетикасы, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, мұнайгаз ісі, автоматтандыру және басқару); «Әскери ісі және қауіпсіздік» бөлімнің мамандықтары бойынша (өрт қауіпсіздігі); «Құқық» бөлімнің мамандықтары бойынша (юриспруденция, халықаралық құқық); «Білім» бөлімнің мамандықтары бойынша (құқық негіздері және экономика)

2. Тылды қамтамасыз ету тобының бас маманы, C-О-5 санаты, 17-00-03 (1 бірлік, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша еңбек ақысы сақталмайтын демалыста болу кезеңіне) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83353 теңгеден 112376 теңгеге дейін.

Функционалды міндеттері: Мемлекеттік сатып алу, материалды-техникалық қамтамасыз ету бойынша қызметтік жағдайды талдау, болжау және мониторинг жасау. ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің экономикалық жұмысы бойынша жоспарын құруға және оны орындауды ұйымдастыруға қатысу. Ақпараттық қажеттілікті анықтау және лауазымдық міндеттерді тиімді қолдану үшін мәселелер тізімін дайындау. Автомобиль техникаларын, техникалық құралдар мен қаруларын сақтау, қолдану және жөндеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруды бақылау. Автомобиль техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жасау кестелерін жоспарлап, сол жұмыстарды бақылау. Сметалық құжаттарды әзірлеу. Іс-шараларды жоспарлау және есептік құжаттарды жасау. Автокөліктің есебін жүргізу, ЖЖМ, қосалқы бөлшектер, авторезина шығындарын бақылау.Техниканы есептен шығару жөніндегі ұсыныстарды қарау. Мемлекеттік сатып алуларды жүргізуге құжаттар дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» бөлімнің мамандықтары бойынша (экономика, есеп және аудит, қаржы, әлемдік экономика, менеджмент); «Құқық» бөлімнің мамандықтары бойынша (юриспруденция).
C-R-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

      жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

      жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.


3. Өскемен қ. Төтенше жағдайлар басқармасы төтенше жағдайлардың алдын алу тобының бас маманы, C-R-4 санаты, 19-02-03 (1 бірлік) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73266 теңгеден 99103 теңгеге дейін.

Функционалды міндеттері: Техногенді және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан қала аумағын және халықты қорғау жағдайы туралы баяндама үшін ақпарат дайындау. Қаланы электр тоғымен қамтамасыз етудің дербес көздеріне есеп жүргізу. Төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-әрекет жоспарын, қаланың азаматтық қорғау жоспарын, қауіпсіздік паспортын, қауіп-қатер каталогын, акваторий паспортын жасауға қатысу. Қала объектілеріне жұмысшыларды, қызметкерлерді және халықты қорғау іс-шаралары жоспарларын жасауда тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету. Белгіленген тәртіпте аумақтық санақ органдарынан, жергілікті атқарушы органдарынан, кәсіпорындар мен ұйымдардан бөлімге жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті мәліметтер мен ақпараттарды сұрап, алу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: «Техникалық ғылым және технологиялар» бөлімнің мамандықтары бойынша (құрылыс, құрылыс материалдар мен құрылымдарды өндіру, электр энергетикасы, жылу энергетикасы, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, мұнайгаз ісі, биотехнология, геодезия және картография, ғарыш техникасы және технологиясы, транспорт, транспорт техникасы және технологиясы); «Әскери ісі және қауіпсіздік» бөлімнің мамандықтары бойынша (өрт қауіпсіздігі); «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» бөлімнің мамандықтары бойынша (психология); «Табиғи ғылымдар» бөлімнің мамандықтары бойынша (экология); «Құқық» бөлімнің мамандықтары бойынша (юриспруденция).

4. Семей қ. Төтенше жағдайлар басқармасы азаматтық қорғаныс бөлімінің бас маманы, C-R-4 санаты, 20-01-02 (1 бірлік) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73266 теңгеден 99103 теңгеге дейін.

Функционалды міндеттері: Азаматтық қорғау басшыларын, басқару органдарының және азаматтық қорғау күштерді, тұрғындарды төтенше жағдайлар туындағанда және әскери қақтығыстар немесе қақтығыстардың әсерінен туындаған төтенше жағдайлар туындаған жағдайда қорғаныс тәсілдеріне және іс-қимылдарына оқытуға қатысу. Тұрғындарды насихаттандыруға және оқытуға, тіршілік әрекеті қауіпсіздігі жөнінде буклеттер мен жадынама дайындау. Азаматтық қорғанысты насихаттауда БАҚ өкілдерін тарту, Комитеттің Веб-сайтын, Департаменттің, қала Әкімінің және басқа да қаланың сайттарын ақпаратпен қамтамасыз ету. «Жас құтқарушылар» сыныбы жұмысын жүргізу. Азаматтық қорғаныс жөнінде ақпараттық-сараптама жұмысын жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың үндеуін қарастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: «Техникалық ғылым және технологиялар» бөлімнің мамандықтары бойынша (ақпараттық жүйелер, құрылыс, құрылыс материалдар мен құрылымдарды өндіру, электр энергетикасы, жылу энергетикасы, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, мұнайгаз ісі, биотехнология, геодезия және картография, транспорт, транспорт техникасы және технологиясы); «Әскери ісі және қауіпсіздік» бөлімнің мамандықтары бойынша (өрт қауіпсіздігі); «Құқық» бөлімнің мамандықтары бойынша (юриспруденция); «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» бөлімнің мамандықтары бойынша (қаржы).

5. Семей қ. Төтенше жағдайлар басқармасы төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бас маманы, C-R-4 санаты, 20-02-02 (1 бірлік, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша еңбек ақысы сақталмайтын демалыста болу кезеңіне) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73266 теңгеден 99103 теңгеге дейін.

Функционалды міндеттері: Жергілікті атқару органдарына, мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне, кәсіпорындар мен ұйымдарға төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар туралы ақпарат беру. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен оқиғаларды есепке алуды жүргізу. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен оқиғалардың ақпараттық-анықтамалық карточкасын толтыру. Қаланың ұйымдарымен және кәсіпорындарымен ТЖ фактісі бойынша тоқсан сайын салыстыруды жүзеге асыру. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссиясының отырысын дайындауға және өткізуге қатысу. Қаланың тірішілік қамтамасыз ету нысандарымен апатсыз жұмыс маниторингін жүзеге асыру. Республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар жол бөліктеріне мониторинг жүргізу. Төтенше жағдайлардың алдын алу мәселесі бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Мұрағатқа сақтау үшін бекітілген талаптарға сай құжаттарды ресімдеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: «Техникалық ғылым және технологиялар» бөлімнің мамандықтары бойынша (ақпараттық жүйелер, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, құрылыс, құрылыс материалдар мен құрылымдарды өндіру, электр энергетикасы, жылу энергетикасы, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, мұнайгаз ісі, биотехнология, геодезия және картография, кен орындарын байыту, тау ісі); «Әскери ісі және қауіпсіздік» бөлімнің мамандықтары бойынша (өрт қауіпсіздігі); «Ауылшаруашылық ғылымдары» бөлімнің мамандықтары бойынша (мал шаруашылығы өнімдерін шығару технологиясы); «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» бөлімнің мамандықтары бойынша (есеп және аудит); «Гуманитарлық ғылымдар» бөлімнің мамандықтары бойынша (филология); «Құқық» бөлімнің мамандықтары бойынша жоғары білім (юриспруденция).

6. Зырян ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы төтенше жағдайлардың алдын алу тобының бас маманы, C-R-4 санаты, 21-02-03 (1 бірлік) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73266 теңгеден 99103 теңгеге дейін.

Функционалды міндеттері: Химиялық қауіпті нысандардың есебін жүргізу, химиялық қауіпті нысандар бойынша түскен мәліметтерді жинау. Ауданның шаруашылық нысандарында өткізілетін оқулар мен жаттығуларды жоспарлау және бақылау жасау. Азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар саласындағы білімді насихаттауды жүзеге асыру. Азаматтық қорғаныс саласындағы ақпараттық-сараптамалық қызметтерді жүзеге асыру. Әр түрлі ТЖ алдын алу сұрақтары бойынша республикалық, облыстық оқу-жаттығуларға қатысу. Төтенше жағдайлардың қауіпінің туындауы туралы болжам болған кезде немесе төтенше жағдайлар кезінде тұрғындарды, азаматтық қорғаудың басқару органдарын ақпараттандыруды және құлақтандыруды дер кезінде қамтамасыз ету. Зырян ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының хаттамасын жүргізу. Зырян ауданының табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар қауіпі каталогына, Зырян ауданының қауіпсіздік паспортына түзетулер енгізу үшін ақпараттар жинау және сараптау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: «Техникалық ғылым және технологиялар» бөлімнің мамандықтары бойынша (ақпараттық жүйелер, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, құрылыс, құрылыс материалдар мен құрылымдарды өндіру, электр энергетикасы, жылу энергетикасы, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, мұнайгаз ісі, биотехнология, геодезия және картография, кен орындарын байыту, тау ісі); «Әскери ісі және қауіпсіздік» бөлімнің мамандықтары бойынша (өрт қауіпсіздігі); «Құқық» бөлімнің мамандықтары бойынша (юриспруденция).
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарын «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тез тігілетін мұқабаға салып, мынадай құжаттарды ұсынады:

1) "Б" корпусындағы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс жүргізу 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы және мемлекеттік қызмет істері Агенттігі төрағасымен бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі – Ереже) Ережесіне 2- қосымшадағы нысан бойынша өтініш;

2) Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша 3х4 түрлі түсті суреті бар «Б» корпусына әкімшілік мемлекеттік лауазымға кандидаттың қызметтік тізімі;

3) білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері, ноториалды түрде куәландырылған;

Шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген Қазақстан Республикасының азаматтарына –"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілеріне, сондай-ақ, өзара тану және баламалдылық туралы халықаралық шартқа (келісім) аясына түскендердің білімі туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттар көшірмесіне білім беру саласындағы уәкілетті органмен берілген білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау куәліктері көшірмелері;

"Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмесіне Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бағдарламасы бойынша оқытудың аяқталғаны туралы «Халықаралық бағдарламалар Орталығы» акционерлік қоғамымен берілген анықтамалары;

Өзара тану және баламалдылық туралы халықаралық шартқа (келісім) аясына түскендердің білімі туралы құжаттар көшірмесіне білім саласындағы уәкілетті органмен берілген білім туралы осы құжаттардың танылуы туралы анықтамалар көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық немесе жұмыс орнындағы кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы құжаттама нысанына сәйкес, құжаттарды ұсыну күнінен бұрын алты айдан ұзақ емес берілген № 086/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультативті қорытынды) (немесе нотарилды куәландырылған көшірмесі) ;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру кезінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру кезінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 тіркелген) «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес нысандағы құжаттарды ұсыну күнінен бұрын 1 жылдан ұзақ емес берілген Психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотарилды куәландырылған көшірмесі);

10) «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес наркологиялық ұйымнан анықтама,

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар (уәкілетті органның интернет ресурсына) Өскемен қ., Протозанов к-сі 97/1 мекен-жайы бойынша жалпы конкурсты өткізу туралы хабарламаның соңғы жариялануынан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жеті жұмыс күні аралығында ұсынылуы керек.

Құжаттардың толық емес пакетте ұсынылуы оларды конкурстық комиссиямен қарастырылуынан бас тартылуына негіз болады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат ішінде берілуі тиіс. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ-нде әңгімелесуден өтеді.

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін, оның отырысына байқаушылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредитациялаудан өткен Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне 5 жұмыс күн ішінде шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

«Б» корпусының мемлекеттік


әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан
__________________________


(мемлекеттік орган)

Өтініш
     

Мені__________________________________________________________________


____________________________________________________________________________
бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:


____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

     


Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________
________                         ____________________________________
  (қолы)                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
«___»_______________ 20 __ ж.

«Б» корпусының мемлекеттік


әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы
Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)




ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения




2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)




3.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения




4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)




5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками




6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)




7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)




8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)




9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)




ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения












_____________________


Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

_______________


күні/дата

жүктеу 100 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау