«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына
орналасуға жалпы конкурсқа хабарлама
«Катонқарағай ауданы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі, 070900,
Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы,
Үлкен Нарын ауылы,
Абылайхан көшесі 102,
тел. 8 (72341) 2-13-54, факс 8 (72341) 2-95-75,
e-mail:g.sainuldinova@akimvko.gov.kz
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
1) «ШҚО Катонқарағай ауданы Ақсу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы (санаты Е-G-3)-1 бірлік. Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты 69 957 теңгеден 94 100 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:Мемлекеттік жастар саясатын, мәдени- спорттық іс шараларды жүргізуді ұйымдастыру. Жастар ұйымының жұмысын қадағалап ұйымдастыру. Әскери міндеттілердің, әскерге шақырушылардың алғашқы есебін жүргізу және әскери-патриоттық іс шараларды жүзеге асыру.Шаруашылық және шаруақожалықтарының шаруашылық кітаптарын және электрондық кітабын жүргізу. Кіріс және шығыс құжаттардың уақытында орындалуына бақылау жасау, істердің мемлекеттік тілде жүргізілуін қамтамасыз ету.Ақпарат насихат тобының жұмысын ұйымдастыру.Адамдардың келуі,кету қозғалысының есебін жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Жоғары, ортадан кейінгі немесе техникалық және кәсіби білімі болған жағдайда кемінде бір жыл мемлекеттік қызмет өтілі, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес салалардағы жұмыс өтілі бар болған жағдайда рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
2) «ШҚО Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы (санаты Е-R-5)-1 бірлік. Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты 64 959теңгеден 88277 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:Мүгедектерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуді, олардың тіршілік –тынысы мен қоғаммен етене араласу үшін тең мүмкіндіктер жасау үшін ұйымдастырушылық шарттарын айқындау. Жекеленген санаттағы азаматтарға атаулы мереке күндеріне арналған бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету, аудан әкімінің қаулысының жобасын дайындау (ҰОС ардагерлеріне, интернационалист -жауынгерлерге, Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлердің отбасыларына, Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысқандарға, «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр-Ана», I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға, төрт және одан көп кәмелетке толмаған бірге тұратын балаларымен көпбалалы аналарға, әлеуметтік мәні бар және айналасындағыларына қауіп төндіретін аурулары бар адамдарға тоқсан сайын ағымдағы жылы төртінші балаға босанған көп балалы аналарға жәрдем ақы төлеу. Мүгедектерге кедергісіз жағдай туғызу бойынша шараларды жүзеге асыру мен орындау. Оңалтудың жеке бағдарламалары бойынша мүгедектерді гигиеналық, протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдарымен қамтамасыз ету, олар бойынша есебін жүргізу. Соғыс және еңбек ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, көп балалы жанұяларға, аз қамтылған отбасыларға, мүгедектерге, мүгедек балаларға, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру (атаулы және мереке күндеріне байланысты мейірімділік акциясын өткізу, барлық қызмет демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету), көрсетілген көмектің есебін жүргізу. «ЦБДИ», «Е-Собес» деректер жүйесін жүргізу. Ардагерлерді және мүгедектерді шипажай-курорттық емдеумен қамтамасыз ету. Семей ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерге мәртебесімен, бір жолғы әлеуметтік көмек алуға жүгінген азаматтардың құжаттарын арнайы комиссияға ресімдеуге дайындау және куәліктерін беру. Тыл еңбеккері мәртебесін алуға жүгінген азаматтардың құжаттарын аудандық комиссияға дайындап ұсыну. Оралмандарға қатысы бар (аудан аумағында тұратын этникалық қазақтардың жұмыспен қамтылуы, баспана беру, жер төлімін алу және т.б) сауалдарға толыққанды жауап беру үшін жергілікті деңгейде ақпаратты жинау. Халық арасында бөлімнің құзырына кіретін мәселелер жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:
1) нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті құзыреттер бойынша талаптарды;
2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Министрлігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;
3) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;
4) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Катонқарағай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне қолма-қол тәртіпте, почта арқылы, g.sainuldinova@akimvko.gov.kzэлектрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы келесі құжаттарды тапсырады:
1) нысан бойынша өтініш (Қазақстан РеспубликасыМемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының
2017 жылғы 21 ақпандағы №40бұйрығына 2-қосымша);
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қазақстан РеспубликасыМемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40бұйрығына 3-қосымшаға
сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттыңкөшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
10)Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар уәкілетті органның интернет-ресурсында жалпы конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен кейін 7 жұмыс күннің ішінде Шығыс Қазақстан облысы,Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылы, Абылайхан көшесі 102 мекенжайы бойынша тапсырылуы тиіс.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 1 жұмыс күннен кешіктірмей «Катонқарағай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Егер конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссия шешімімен келіспеген жағдайда олар Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне 5 жұмыс күн ішінде шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешіміне шағымды келесі мекен-жайға жолдауға болады: ШҚО, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік (Независимости) даңғылы, 4.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.
Жалпы конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуконкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттікәкімшілік лауазымынаорналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, оларменкелісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
Достарыңызбен бөлісу: |