Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің мемлекттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыруы
Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
Е-R-3 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдарының кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші сержанттар құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жарым жылдан кем емес;
5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
Е-R-4 санаты үшін: мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:
Санаты
|
Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты
|
Е-R-3
|
min
|
max
|
96 607
|
129 919
|
E-R-4
|
77452
|
104 936
|
Маңғыстау облысы «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі, 130000, Ақтау қ., 4 шағын аудан, № 72 ғимарат, 3-қабат, 315 бөлме, анықтама алу телефондары:8 (7292) 33-65-13, тел/факс: 33-65-12, e-mail: Aktau.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
1. «Ақтау қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қаржы және экономикалық мәселелер жөніндегі секторының меңгерушісі, Е-R-3 санаты, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: Жоспралы тағайындаулардың есебін жүргізеді; бюджеттік бағдарламалар орындалысы жөнінде есеп береді; бюджеттен бөлінген қаржының уақытында есебінің жүргізілуін қадағалайды; арнайы қаржының есебін жүргізеді; бережақ және алажақ қаржылардың есебін жүргізеді; барлық бағдарламалар бойынша жеке-жеке есептілікті жүргізеді; кассалық есеп айырысудың қатаң түрде сақталуын, банктен алынған қаржының өз мақсатында жұмсалуын, есеп құжаттарының дұрыс сақталуын, мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз етеді; бухгалтерлік есептілікті белгіленген уақытында басшылыққа ұсынады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім - Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит).
2. «Ақтау қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі мектепке дейінгі және орта білім секторының кадр жұмыс жөніндегі бас маман (бала күтімі демалыстағы негізігі қызметкердің орны) Е-R-4 санаты, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: Мектеп және бала бақша директорларын жұмысқа қабылдайды; аттестациядан өткізуге қажетті құжаттарды дайындайды және жүзеге асырады; бөлімнің құзырына енетін сұрақтар бойынша анықтамалар мен ұсыныстарды жинақтайды; қызмет құзырына енетін мәселелер бойынша кеңестер береді; бөлімнің қызметкерлері еңбек тәртібін сақтауына бақылау жасайды; бөлімге келіп түскен және шығыс құжаттарды бақылауға алады, сапалы орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді; осы бағытта жоғарғы органдарымен хат алмасуды жүзеге асырады; бөлімнің жоспарлы жұмыс жүргізуін, күнделікті жұмыстарды өзара келісімді түрде шешуді үйлестіреді; бөлімнің жұмыс жоспарын жасақтайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім - Білім беру (барлық мамандықтары), Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, мемлекеттік және жергілікті басқару). Гуманитарлық ғылымдар (философия, халықаралық қатынастар, тарих, аударма ісі). Құқық (құқықтану, халықаралық құқық).
Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі - Білім беру (барлық мамандықтары), Құқықтану (заңгер-кеңесші), Қызмет көрсету, экономика және басқару (қаржы, есеп және аудит, экономика, аударма ісі).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
уәкілетті орган белгіленген нысандағы өтініш;
тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім
Ақтау қаласы әкімі аппаратының және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте не электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не «e-қызмет» кіріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей береді.Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Ақтау қаласы әкімінің аппаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Ақтау қаласы әкімінің аппараты басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Шағым жасау тәртiбi:
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша
___________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені_____________________________________________________________
____________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.
Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу
және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негiзгi
талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме
аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны_________________________________
___________________________________________________________________
__________ ____________________________________
(қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
«____»_______________ 20__ ж.
ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
I. ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР
ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
_________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты
фамилия, имя, отчество)
________________________________________
(жұмыс орны, қызметi, санаты
место работы, должность, категория)
_____________________________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі/индивидуальный идентификационный номер)
Туған күні (күнi, айы, жылы)/
Дата рождения (число, месяц, год)
|
|
Туған жерi/
Место рождения
|
|
Ұлты/
Национальность
|
|
Бiлiмi/
образование
|
|
Оқу орнын бiтiрген жылы және оның
атауы/
Год окончания и наименование
учебного заведения
|
|
Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi/
Квалификация по специальности
|
|
Ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы/
Ученая степень, ученое звание
|
|
Шетел тiлдерiн бiлуi/
Владение иностранными языками
|
|
Дипломатиялық дәрежесi (болған жағдайда)/
Дипломатический ранг (при наличии(
|
|
Әскери, арнайы атақтары, сыныптық шенi, біліктілік сыныбы (беру күні) (болған жағдайда)/
Воинское, специальное звание, классный чин, квалификационный класс (дата присвоения) (при наличии)
|
|
Мемлекеттiк наградалары, құрметтi
атақтары (болған жағдайда)/
Государственные награды, почетные
звания (при наличии)
|
|
Арнайы тексеру нәтижелерi/
Результаты специальной
проверки
|
|
Мемлекеттiк қызметшiнiң ант берген күнi/
Дата принесения присяги государственным служащим
|
|
Тәртіптік жазалар туралы мәлімет/Сведения о дисциплинарных взысканиях
|
|
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
жасағаны үшiн әкімшілік жаза қолданылғаны туралы мәлімет (қолданылған және орындалған күні)/сведения о наложении административного взыскания за совершение коррупционного правонарушения (дата наложения и исполнения)
|
|
Мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жаза қолданғаны туралы мәлімет (тәртіптік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған туралы)/ Сведения о наложении дисциплинарного взыскания за совершение дисциплинарного проступка, дискредитирующего государственную службу (о совершении коррупционного дисциплинарного правонарушения)
|
|
Бағалау нәтижелері туралы мәлімет/Сведения о результатах оценки деятельности государственного служащего (дата и оценка)
|
|
Аттестацияның күнi және нәтижелерi/
Дата и результаты аттестации
|
|
Қайта даярлау курстарын, біліктілікті арттыру семинарларын өту күні
Дата прохождения курсов переподготовки и повышения квалификации
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |