«Б» корпусының бос әкімшілік
мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
Д-О-4 санаты үшін: Жоғары білім.
Келесі құзыреттер болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жарым жылдан кем емес;*
4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
5) ғылыми дәрежесінің болуы.*
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары
-
Санат
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
|
D-О-4
|
83 282
|
112 431
|
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты 160023, Шымкент қ., Нұрсәт ш/а, Астана даңғылы, ӘІО ғимараты «В» корпусы, 302 бөлме. Анықтама үшін сымтетік: 24-71-72, 24-71-74, эл. почта a.shoketaeva@ontustik.gov.kz
1. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының дәрілік заттармен қамтамасыз ету және лицензиялау бөлімінің бас маманы, Д-О-4 санаты, 1 бірлік:
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен ҚР Үкіметінің Қаулылары, облыс әкімдігі қаулылары мен облыс әкімінің шешімдері және өкімдері, басқарма бастығының бұйрықтары, бөлімге айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстардың орындалуын ұйымдастыру. Бас маман бақылау жұмысының орындалуын бақылауды, жоспарлауды және талдауды іске асырады, атқару органнының алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыруға қарастырылған бюджет қаражатын тиімді және негізді пайдалану мәселелері бойынша басшының қарауына ұсыныстар беру. Дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдарды қабылдау, есепке алу, беру, сақтау және тасымалдау бойынша бас маманы республикалық бюджеттен сатып алынған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету және тапсырыстарды жинақтау бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру. Бұйрықтарды, хаттарды, ақпараттарды дайындау бойынша жұмыс жасау. Алынған және пайдаланған препараттардың ай сайынғы және кварталды есебін жүргізу. Медициналық ұйымдарға фармацевтикалық тәртіп мәселелері жөнінде кеңестік- әдістемелік көмек көрсету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: фармацевтикалық, медициналық білім.
2. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің бас маманы, Д-О-4 санаты, 1 бірлік:
Функционалдық міндеттері: Балаларға амбулаториялық – емханалық және стационарлық көмек көрсетуін ұйымдастыру және бақылау. Педиатриялық қызметтің денсаулық сақтау жүйесінің басқа қызметтерімен өзара іс-қимыл жасауын бақылау. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін дамытудың «Денсаулық» 2016-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және салалық бағдарламалар бойынша ай сайынғы есеп беруді дайындауға және оларды кейінгі жылдарға әзірлеуге қатысу. Ұлттық бағдарламаларды және халықаралық бағдарламаларды үйлестіру және орындау: емшекпен қоректендіруді қорғау, куаттау және көтермелеу; иммунопрофилактика; мүгедектерді оңалту; мектеп жасындағы балаларды сауықтыру және оңалту; бала жасындағы ауруларды емдеуді бірлесіп жүргізу бағдарламасы; Балаларды тексерудің және емдеудің жаңа технологияларын енгізуді ұйымдастыру. Балалар өлім-жітімін азайту жөніндегі өңірлік штабқа материал дайындау және қатысу. Денсаулық сақтау басқармасының оперативтік ақпараттарын жинау және талдау. Балалар медициналық мекемелері мен перзентханалардың қызметін аккредиттеуге және сараптауға қатысу. Педиатрия жөніндегі бас штаттан тыс мамандардың ұйымдастыру - әдістемелік, консультативтік жұмыстарына басшылық ету және бақылау. Денсаулық сақтау басқармасының алқасына қатысу және материал дайындау. Ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелері бойынша қалалық және республикалық конференциялар, семинарлар, онкүндіктер және айлықтар өтқізуді ұйымдастыру. Ана мен бала мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың жүгінулерін қарау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: медициналық білім, педиатр.
3. Оңтүстік Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы заң қызметі бөлімінің бас маманы, Д-О-4 санаты, 1 бірлік:
Функционалдық міндеттері: Жүктелген міндеттері мен функцияларына сәйкес бөлімнің жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлау. Құқықтық анализ және басқармада өңделетін құжаттардың жобаларын келісу. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру мен өткізу. Мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сот органдарында және басқа да мекемелерде басқарманың құқықтық қатынастарын жүргізу. Басқарманың бұйрықтары және басқа да ұйымдастырушылық – басқарушылық құжаттарының құқықтық негізін қалыптастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқықтану.
4. Оңтүстік Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы заң қызметі бөлімінің бас маманы лауазымына (персонал бойынша), Д-О-4 санаты, 1 бірлік:
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік органдағы мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметті өткеруі және тоқтатуы рәсімдерінің сақталуын, қызметтік тергеп-тексеру жүргізуді, оның ішінде персоналды басқарудың ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінде орындауды қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарын рәсімдеу, жеке деректерінің есебін жүргізу, қызметін бағалауды, аттестациядан өткізуді ұйымдастыру. Мемлекеттік қызметшілердің белгіленген мерзімде тағылымдамадан, қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өтуін ұйымдастыру. Мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулерді қабылдауын ұйымдастыру. Мемлекеттік органда еңбек және мемлекеттік қызмет туралы заңнамалардың орындалуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға ұсыныстарды және тиісті құжаттарды дайындау. Мемлекеттік қызмет жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысандағы есептерді мерзімінде тапсыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқықтану, заңгерлік, экономика, білім саласындағы мамандықтар, мемлекеттік және жергілікті басқару.
5. Оңтүстік Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы газбен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, Д-О-4 санаты, 1 бірлік:
Функционалдық міндеттері: Газ құбырлары жүйесін құру, қолданыстағы газ құбырлары жүйесін қайта құру жұмыстарын ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау, тиісті орындарға әр айдағы, тоқсандағы және жылдық есеп беру, баяндамалар мен мәліметтер дайындау. Стратегиялық, индикативтік жоспарлар мен бағдарламалар дайындау және жүзеге асыруды ұйымдастыру, үйлестіру. Электрондық қызметтерді атқару және электрондық жүйе кестесі бойынша жұмыс істеуді ұйымдастыру. Техника-экономикалық негіздемелер мен жоба-сметалық құжаттарды дайындау жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру және заң талаптарына сәйкес, орындалуын қамтамасыз ету. Облыс көлемінде табиғи газ құбырлары жүйесінің эксплуатация жұмыстарын ұйымдастыруды жүргізу, үйлестіру және бақылау. Құрылыс нысандарында техникалық және авторлық бақылау жұмыстарын ұйымдастыру арқылы құрылыс сапасын арттыру, қатаң бақылау. 2016-2020 жылдарға арналған Даму бағдарламасының орындалуы жөнінде жұмыс жүргізу нәтижесін облыс әкімдігі мен министерліктерге есеп беруді ұйымдастыру және түзілген келісімдер бойынша түпкілікті нәтижеге қол жеткізу үшін тиісті жұмыстар жүргізіп тұрақты мәлімет дайындап жолдап отыру. Құрылысы аяқталған нысандарды заңға сәйкес пайдалануға тапсыру құжаттарын дайындау арқылы іске қосуды ұйымдастыру, үйлестіру. Облыс көлемінде табиғи газбен жабдықтау бойынша стратегиялық және оперативтік жоспарларды дайындауды ұйымдастыру, үйлестіру және қысымдалған газдың таратылуына мониторинг жүргізу. Алдағы жылдарға орта мерзімді және индикативтік жоспарлар дайындауды ұйымдастыру және үйлестіру. Бюджеттік жобаларды сапалы іріктеп, талдап мерзімінде ұсынылуын қамтамасыз ету. Электронды құжат айналыммен жұмыс істеу және қызметтерді атқару. Ауылдық елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша мониторинг жүргізу, жүйелі жоспарлар түзіп ұсыныстар енгізу. Облыс елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету жағдайы туралы ҚР Мұнай және газ министрлігіне тоқсандық, жарты жылдық және жылдық ақпараттарды сұранысына қарай ұсынуды орындау. Дебиторлық және кредиторлық қарыздардың мониторингін жүргізу және алдын – ала тиісті шараларды қабылдап отыру. Облыс елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету жағдайы туралы әр айда мониторинг жүргізу, облыс әкімдігі мен министерліктерге мәлімет беруді ұйымдастыру. Жоғары органдардан, облыс әкімінің, орынбасарларының, басқарма басшысының берген хамтамалық тапсырмаларын тұрақты орындап отыру. Азаматтардан түскен арыздар, хаттар, ұсыныстармен жұмыс жасап мерзімінде заңға сәйкес жауаптарын жолдау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: мұнай және газ ісі және құрылыс саласындағы мамандықтар, экономикалық, мемлекеттік және жергілікті басқару.
6. Оңтүстік Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы электр қуатымен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, Д-О-4 санаты, 1 бірлік:
Функционалдық міндеттері: Қала, аудан әкімдіктерінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдері мен мердігерлердің мерзімінде келісім-шартқа тұруын, құрылысқа рұқсат алу, құрылыс жұмыстарының мерзімінде басталуы, аяқталуын қадағалайды, өндірістік кестелер түзуді ұйымдастырады. Электр қуатымен қамтамасыз ету, энергия үнемдеу және тиімділігін арттыру бойынша аудан, қалаларға жетекшілік жасайды. Электр қуатымен қамтамасыз ету, энергия үнемдеу және тиімділігін арттыру салаларына мониторинг жүргізу, облыс әкімдігі мен министерліктерге есеп беруді ұйымдастырады. Электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға бюджеттік өтінім әзірлейді. Дебиторлық қарыздар бойынша ай сайын рейтинг әзірлейді және дебиторлық қарыздарды төмендетуге бір қатар іс-шараларды жүзеге асырады. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды дамытуда мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмін ендіруді іске асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: электр энергетикасы саласындағы мамандықтар, экономика, менеджмент, жергілікті мемлекеттік басқару және құрылыс саласындағы мамандықтар.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі суретпен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi (жалпы конкурс үшін – жалпы конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні);
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.
Байқаушылар конкурс комиссиясы отырыстарының хаттамаларымен танысады және тиісті мемлекеттік органның басшылығына және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Сайт Министрества Республики Казахстан по делам государственной службы: www.kyzmet.gov.kz
Достарыңызбен бөлісу: |