«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
Д-3 санаты үшін: Жоғары білім.
Келесі құзыреттер болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;*
4) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
5) ғылыми дәрежесінің болуы.*
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері және «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Д-О-3 санаты үшін: Жоғары білім.
Келесі құзыреттер болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;*
4) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
5) ғылыми дәрежесінің болуы.*
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары
-
Санат
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
|
D-3
|
123 257
|
166 564
|
D-О-3
|
109 932
|
148 242
|
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты 160023, Шымкент қ., Нұрсәт ш/а, Астана даңғылы, ӘІО ғимараты «В» корпусы, 302 бөлме. Анықтама үшін сымтетік: 24-71-72, 24-71-74, эл. почта a.shoketaeva@ontustik.gov.kz
1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты жалпы бөлімнің басшысы, Д-3 санаты, 1 бірлік:
Функционалдық міндеттері: Бөлімнің қызметіне басшылық жасайды және құжаттаманы жүргізу мәселелерінде алға қойылған міндеттердің орындалуына жауапты болады, құжаттарды дайындау мен оларға қол қоюдың, азаматтардың ұсыныстарын, арыздары мен өтініштерін қараудың белгіленген тәртібін қатаң сақтауды қамтамасыз етеді. Бөлім жұмысын ұйымдастырады, оның барлық құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне басшылық жасауды жүзеге асырады, бөлімнің жұмыс жоспарын қарайды және бекітеді. Бөлім қызметкерлерін іріктеуді, орналастыруды және оқытуды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің нормативтік актілерінің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі шешімдері мен өкімдерінің, тапсырмаларының облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелеріне, қала және аудан әкімдеріне, кәсіпорындарға, ұйымдарға және мекемелерге дер кезінде жеткізілуіне бақылау жасауды жүзеге асырады. Облыс әкімі аппаратының барлық құрылымдық бөлімшелерінде іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықтардың сақталуына бақылау жасайды. Белгіленген мерзім ішінде облыс әкімдігінің қаулылары, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдері, облыс әкімі аппараты басшысының бұйрықтары жинағының, басқа да құжаттардың ресімделуін, есепке алынуын және қолданыстағы ережелерге сәйкес олардың мемлекеттік сақтауға тапсырылуын қамтамасыз етеді. Азаматтардың ұсыныстары мен арыз-шағымдарын қарау және шешу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. Облыс әкімі аппараты басшылығына құжаттарды және келіп түскен құжаттардың, сондай-ақ басқа да құжаттардың орындалуын бақылауға алу жөніндегі жұмысты әрі қарай жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды енгізеді. Облыс әкімі аппараты істерінің жиынтық номенклатурасын бекітуге ұсынады. Басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерi, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен нұсқауларын орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, техникалық ғылымдар және технологиялар, кітапхана ісі.
2. Оңтүстік Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы заң қызметі бөлімінің басшысы, Д-О-3 санаты, 1 бірлік:
Функционалдық міндеттері: Жүктелген міндеттері мен функцияларына сәйкес бөлімнің жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлау. Құқықтық анализ және басқармада өңделетін құжаттардың жобаларын келісу. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру мен өткізу. Мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сот органдарында және басқа да мекемелерде басқарманың құқықтық қатынастарын жүргізу. Басқарманың бұйрықтары және басқа да ұйымдастырушылық – басқарушылық құжаттарының құқықтық негізін қалыптастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқықтану.
3. Облыс әкімі хатшылығының бас инспекторы, Д-3 санаты, 1 бірлік:
Функционалдық міндеттері: Облыс әкімінің шет елдік іс сапарларын және еліміздің өңірлеріне жұмыс сапарларын және басқа да облыстық, мемлекетішілік және халықаралық іс шараларын дайындайды және жүргізеді. Облыс әкімінің қатысуымен өткізілетін шет елдік іс-сапарларды, облыс аймақтарындағы, ел аймақтарындығы жұмыс сапарларын және өзге де іс-шаралардың бағдарламасын әзірлейді. Облыс әкімінің қатысуымен өткізілетін облыстық, мемлекетішілік және халықаралық іс-шараларды, жергілікті атқарушы органдарының хаттамалық-ұйымдастырушылық мәселелері бойынша жұмысын дайындау және үйлестіру. Мемлекет басшыларының қызметін хаттамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық тәжірибелерді талдау негізінде хаттамалық және ұйымдастырушылық жұмыстарды жетілдіру. Облыс әкімінің атынан мемлекет басшыларына және шет елдердің өкіметтеріне, белгілі саяси және қоғам қайраткерлеріне түрлі сипаттағы жолдауларды дайындау және бағыттау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Халықаралық қатынастар, экономика, әлемдік экономика, құқық, мемлекеттік және жергілікті басқару.
4. Облыс әкімі аппараты ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің бас инспекторы, Д-3 санаты, 1 бірлік:
Функционалдық міндеттері: Жергілікті атқарушы және өзге қызметті берушілердің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ақпаратына мониторинг жасау және жинау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты ақпараттық жүйелерге талдау жасайды және мониторинг жүргізеді. «Бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыратын, сондай-ақ ақпараттық жүйелерден мәліметтер алу арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін заңды тұлғалармен қарым-қатынас орнату және олардың мемлекеттік органдармен қарым-қатынасына мониторинг жасау. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау бойынша есепті дайындайды;Облыстың атқарушы органдарының (мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерінің жобасын әзірлеушілердің) дайындаған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерінің жобасын қарайды және келіседі. Барлық кіріс құжаттарына, оның ішінде азаматтық хал актілері саласы бойынша да жауап дайындайды. Бөлімнің жұмыстарын жетілдіру бойынша ұсыныстар ендіреді. Өзінің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіреді.Бөлімнің құзіретіне кіретін өзге де міндеттерді орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық, экономика, техникалық ғылымдар және технологиялар, информатика, мемлекеттік және жергілікті басқару.
5. Облыс әкімі аппараты ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің бас инспекторы, Д-3 санаты, 1 бірлік:
Функционалдық міндеттері: Келісім-шарт талаптарына сәйкес бюджет есебінен тартылған сыртқы ұйымдар жұмысының көлеміне, сапасына баға беру және қадағалау. Инвестициялық жобаларды талдап және құрастырып жоспарлау бойынша уәкілетті органға бюджеттік өтінімді тапсыру. Келісімнің орындалуын, экономияның есебін, есепті жасау және өткізуді қадағалау. Мемлекеттік сатып алулар үшін техникалық ерекшеліктерді дайындау, техникалық құжаттарды бекіту үдерісін қадағалау. Бюджетті нақтылау үшін ай сайынғы, тоқсан сайынғы есептерді дайындау. Байланыс және коммуникация бағыттары бойынша есепті дайындау. Жергілікті атқарушы органдардың электрондық ақпараттық ресурстарын өзектілеу және шынайылығын қамтамасыз ету, толтыру. Ақпараттық жүйелерді тіркеу, ақпараттандыру нысандары туралы мәліметті есепке алу, ақпараттандыру нысандары техникалық құжаттарының электрондық көшірмесін орналастыру, сондай ақ «Электрондық үкіметтің» сәулеттік порталында облыс бойынша ақпараттандыру нысандары туралы ақпараттарды өзектілеу. Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру нәтижесі және жоспары туралы жалпыға қолжетімді ақпаратты орналастыру, интернет ресурстарда ақпараттық жүйені құру және дамыту. «Электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына әзірленген бағдарламалық қамтамасыз етуді, шығыс бағдарламалық кодтарды (болған жағдайда) және ақпараттық жүйелерді қамтамасыз етудің лицензиялық бағдарламасын жасау кешенін есепке алу және сақтау үшін жолдайды. Қағаз жүзіндегі техникалық құжаттардың түпнұсқаларын сақтауды қамтамасыз етіп, оларды «Электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына сұранымы бойынша ұсынады. Ашық мәліметтердің интернет-порталында қазақ және орыс тілдерінде ашық мәліметтерді орналастырады. Жергілікті атқарушы органдардың функцияларын автоматтандыру бойынша шараларды ұйымдастырады. Бөлімнің құзіретіне кіретін өзге де міндеттерді орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Техникалық ғылымдар және технологиялар, информатика, мемлекеттік және жергілікті басқару.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі суретпен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi (жалпы конкурс үшін – жалпы конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні);
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.
Байқаушылар конкурс комиссиясы отырыстарының хаттамаларымен танысады және тиісті мемлекеттік органның басшылығына және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www. kyzmet.gov.kz
Достарыңызбен бөлісу: |