«Б» корпусының бос әкімшілік
мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
Е-R-2 санатына: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда мемлекетік қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;*
5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
6) ғылыми дәрежесінің болуы.*
E-R-4*** санатына: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары
Санат
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
|
E-R-2
|
127422
|
172394
|
І. Сайрам ауданы әкімінің аппараты, 160800, Ақсукент ауылы, Жібек-жолы көшесі 95 үй, 311 бөлмеге. Анықтама үшін телефон: 8 (725-31) 20-138, тел/факс 8 (725-31) 20-332, эл. пошта Personal_Sairam@mail.ru
1.Сайрам аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары
E-R-2 санаты (№01-2) 1 бірлік:
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің ҚР Үкіметі мен министрліктердің, облыс әкімдігінің актілер мен тапсырмаларының орындалуына, облыстың коммуналдық шаруашылық, көгалдандыру, көріктендіру, тозығы жеткен және апатты жағдайдағы тұрғын үйлердің су, электр, газ саласындағы мекемелердің қызметіне сараптама жасау және олардың жұмысының жақсаруына үлес қосу. Бөлімнің негізгі функционалдық қызметтері бойынша аудан әкімдігінің қаулылары мен шешімдерінің жобасын жасауға қатысу. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының орта кезендік және үш жылға арналған жоспарларын кұруға ұсыныстар дайындау. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласындағы іс шараларға және пәтер иелерінің кооперативтеріне, кондоминиум объектілеріне жәрдем беру жұмыстарын жасау және оны бақылау. Мемлекеттік сатып алулар бойынша өткізілген конкурстарға қойылған талап-арыздар мен ұсынымдар бойынша жұмыс жасау, экономикалық сот процесстеріне қатысу. Құқықтық маңызы бар құжаттарды дайындауға қатысу. Лауызымды тұлғалар мен бөлім қызметкерлерінің қызметтеріне қарасты қолданыстағы заң актілерімен оларға енгізілген өзгерістер туралы таныстырып, хабардар ету. Жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерінде электрондық нысандағы құжаттарға қол жетімділікті қамтамасыз ету және «электрондық үкімет» бағдарламасы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Бөлімнің қызметін құқықтық, ақпаратты – талдамалық және консультативтік жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыру, аудан әкімиятының актілерін Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестігіне талдау жасау, нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуден өткізу, құқықтық оқуды және насихаттауды ұйымдастыру. Азаматтардың арыз, өтініштері бойынша жұмыс істеуді ұйымдастыру. Бөлімнің сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, іс-шаралары және мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстарды жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономикалық, құқық, техникалық ғылымдар және технологиялар, құрылыс немесе мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары:.
2.Сайрам аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маман-бас есепшісі (негізгі қызметші бала күтіміндегі ақысыз демалыстан шыққанға дейінгі мерзімге) (Е-R-4*** санаты) (№07-2) 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: Аудан көлемінде агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтардың тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамуына үлес қосу. Бөлімнің есеп-қисап жұмыстарын жүргізу, оның ішінде: аудандық қаржы бөліміне айлық, тоқсандық, жылдық есептерді уақытылы дайындау, аудандық қазынашылық басқармасына төлем құжаттарын дайындау, тапсыру. Веб-портал жүйесіне электронды түрде мемлекеттік сатып алулар туралы есеп беру. Аудандық статистика бөліміне ай сайынғы тоқсан және жылдық есеп дайындау, тапсыру. Аудандық салық басқармасына тоқсандық, жылдық есептерді дайындау, тапсыру. Бөлім балансындағы мүліктердің сақталуын қадағалау. ҚР Үкіметінің 18.02.2009 жылғы №183 қаулысына сәйкес, 099 бағдарламасын жүзеге асыру. Әлеуметтік сала мамандарының құжаттарын дайындаудан бастап, қаржысын аударуға дейінгі барлық рәсімдерді жүзеге асыру. Бөлімнің фирмалық бланкілерінің есебін жүргізу. Бөлімнің арыз-шағымдарды жинау жәшігіне азаматтардан келіп түсетін өтініш-арыздарын тіркеу. Заң талаптарына сәйкес бұрықтар дайындау. Өзіне жүктелген міндеттердің өз уақытында және толық орындалуына жауап береді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика, есеп және аудит немесе қаржы, экономика және менеджмент мамандықтары бойынша.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшасына (Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметістері министрінің 19.05.2016 жылғы №104 бұйрығымен өзгерістер енгізілген) сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Құжаттарды қабылдау мерзiмi (жалпы конкурс үшін – жалпы конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні);
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар- оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде өтеді.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.
Байқаушылар конкурс комиссиясы отырыстарының хаттамаларымен танысады және тиісті мемлекеттік органның басшылығына және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www. kyzmet.gov.kz
Достарыңызбен бөлісу: |